Үстіңгі жақсүйектің жіті синуситі

H-P-033

Версия: Архив - Аурулардың диагностикасы және емдеу хаттамалары (Приказ №764, 2007, №165, 2012)

Острый верхнечелюстной синусит (J01.0)

Анықтамасы

Анықтамасы


Анықтамасы 

Үстіңгі жақсүйектің жіті синуситі-жоғарғы қойнауының қабынып ауруы, синуситтің бір формасы, клиникалық білінуі мұрынмен демалудағы қиындауы, мұрыннан патологиялық шығарылымдар, бас ауруы жəне симптом интоксикациясы (уыттанудың əйгіленуі), рентгенологиялық көрініс сипатында сіңбеліс өзгерістер немесе кеңсірік (гайморовые) қойнауындағы сұйықтық деңгейі.
 
Хаттама коды: H-P-033 "Үстіңгі жақсүйектің жіті синуситі"
Педиатрия саладағы стационарлар үшін
АХЖ-10 бойынша коды (кодтары):
J 01.0 Үстіңгі жақсүйектің жіті синуситі
J 01.8 Басқа да жіті синусит
J 01.9 Анықталмаған жіті синусит

Жіктемесі


Жіктемесі

1. Аурудың түрі:
- катаральді (шырышты қабықтың қабынуы);
- іріңді;
- аллергиялық;
- одонтогенді (тістен тараған).

2. Орналасуына қарай (локализация):
- оң жағында;
- сол жағында;
- екі жағында.

3. Асқынуы [4]:

3.1. Көз ішіндегі асқыну:
- көз шарасы (торшасында) жəне қабағында қайта əсерленген (реактивті);
- клетчатка торшасында біркелкі жайылған іріңді емес қабынуы;
- қабақтың іріңдігі;
- шеткі остеопериостит;
- суперпериостальді іріңдік;
- көз шарасының флегмонасы;
- бет венасының тромбозы.

3.2. Бас сүйек ішіндегі асқыну:
- риногенді гидроцефалия;
- риногенді арахноидит;
- серозды менингит;
- іріңді менингит;
- менингоэнцефалит;
- экстродуральді іріңдік;
- ми іріңдігі;
- қуыстық синус (қойнау) тромбозы.

3.3. Сепсис (микробтардың қанға шабуы):
- үстіңгі жақсүйектік қойнаудың остеомиелиті;
- жіті орташа ісік, жіті евстахеит;
- жоғарғы жақ қойнауының сүйек кемігінің қабынуы.

3.4. Төменгі тыныс алу жолдарының қабыну процесі:
- трахеит;
- бронхит;
- бронхопневмония;
- бронхиальді астма (бронхтық демікпе).

Отоларингологтар ІV съезі 1978 ж. қабылданған жіктемесі (Д.И. Турасов) [7]                                                                                                                                                                                                                                                       
                                                       
Жіті Созылмалы
  Нормэргиялық Гиперергиялық
Серозды Серозды Серозды
Катаральді Катаральді Катаральді
Іріңді Іріңді  Жалған іріңді (эозинофильді катар)
Фибринозды-іріңді  Қабырғалық-гиперпластиялық Қабырғалық-гиперпластиялық 
Геморрагиялық Полипозды Полипозды
  Фибринозды  
  Атрофиялы  
                                                                      

Диагностикасы

 
Диагностикалық критерийлер

Шағымдар мен анамнез:
- мұрыннан дерттік бөліністер шығуы;
- мұрынмен тыныс алудың қиындауы;
- бас ауруы, жоғарғы жақ сүйегінің қуысындағы кескінінің ауруы;
- иіс сезімінің бұзылуы;
- қызба;
- бір немесе одан да көп күн бойы ауыруы.

Физикалық тексеру: пальпация кезінде - аурулық, көз ұшының ішкі бұрышында немесе ит тіс ұяшығында білінуі.

Лабораторлық зерттеу:
- қандағы лейкоциттер деңгейінің жоғарылауы;
- СОЭ жоғарылауы.

Инструменталдық зерттеу:
1. Риноскопиялық зерттеу - мұрынның ортаңғы жолдарындағы ірің жолақтығының болуы.
2. Rg-көрсеткіші - ауа жүруінің немесе жоғарғы жақ сүйек қуысының сұйықтық деңгейінің бұзылуы.
3. Диагностикалық пункция кезінде, жасау кезінде - жуынды суда патологиялық қоспалардың болуы.
4. Компьютерлік томография - мұрын қуысының көлеңкелі сіңбенің болуы.

Мамандар консультациясы үшін көрсетімдер:
- төменгі тыныс алу жолдарының қабыну процестерінің барлығын педиатр немесе пульмонологтарға;
- көз алмасының ішкі дамуындағы асқыну офтльмологтарға;
- бас сүйегінің ішкі дамуындағы асқынуды нейрохирургтерге көрсету.

Негізгі диагностикалық шаралар тізімі:
1. Жалпы қан анализі (6 параметр).
2. Жалпы зəр анализі.
3. Мұрын қуысының риноскопиясы.

Қосымша диагностикалық шаралар тізімі:
1. Мұрынның қосалқы қуыстарын рентгенологиялық зерттеу.
2. Бастың компьютерлік томографиясы.

Дифференциалды диагноз


Белгілері 
 
Негізгі жоғарғы жақ
синуситі (іріңді)
Аллергиялық синусит
1. Жасы 
 
Жиірек ересек балалар
Маңызды емес
2. Маусымдық 
Жылдың салқын уақыттарында
Жиірек белгілі маусымда (жаз, күз, көктем)
3. Арандатушы факторлар 
ЖРВИ 
Өсімдік тозаңдары, басқа аллергенді шаң-тозаң
4. Температура 
 
Субфебральды немесе фебралды
Қалыпты
5. Бөліністер 
 
Мұрыннан сары жасыл бөліністер шығуы
Түшкіру кезінде түссіз бөліністер
6. Status localis 
 
Мұрын шырышында қандық кернеу, ісіктік ірің жолағының мұрынның жолында болуы
Мұрын шырышы бозғылт, ісіктің мұрын
жолдарындағы
7. Rg  Бір жақты болуы мүмкін
Зақымданудың симметриалы болуы
8. ҚЖА 
 
Лейкоцитоз, ЭТЖ жоғарғы болуы
Эозинофеллез
9. Емдеудегі оң тиімділік
 
Антибиотиктермен
Антигистаминді препараттар

Емдеу тактикасы

 
Емдеу тактикасы

Ем мақсаты:
- жоғарғы жақ сүйегі қойнауының қабыну процесін тоқтату;
- мұрын қуысының зақымдану ағытын жақсарту;
- жалпы уыттық белгілерді жою;
- мұрынның дем алуын қалпына келтіру;
- мұрындағы аурулық ағымын жою;
- өзін-өзі жақсы сезіну жəне тəбетті болу.

Дəрі-дəрмексіз ем: жалпы режим, №15 диета.

Дəрі-дəрмектік ем: қызбаны тоқтату (≥ 38,5) –парацетомолды күніне 4 рет 10-15 мг/кг. Қан тамырларын тарылтатын мұрын тамшылары - нафозолин нитрат 0,05- ертінді, 0,01 - оксиметазолин гидрохлорид ертіндісі, 0,05 оксиметазолиннің ертіндісін тəулігіне 4 рет, 5 реттен кем емес тағайындалуы керек.

Катаральды гайморит кезінде антибактериялды препараттарды қолданбайды, жергілікті ингаляциялық антибактериялды препараттар қолдану (мысалы 7-10 күн ішінде күніне 4 рет биопорокс).

Аллергиялық компоненттер бар болса, антигистаминді препараттар (мысалы, лоратадин, цитеризин, клемастин дозасы жасына қарай, 10 күн ішінде).
 
Іріңді жоғарғы жақ сүйек синуситінде ауруды басқаннан (анестезия ) кейін лидокаиннің 2 % ертіндісін инемен тескен кеңсірік қуысына жіберу, одан соң антисептикалық препараттармен қуысты шаю (мысалы фурацилин, эвкалиптің 1% ертіндісімен) таза су шыққанша жəне кеңістікке микробтарға қарсы препараттар енгізу (мысалы диоксидиннің 1% - ертіндісі).

Антибактериялық терапия
Антибиотиктерге көз жеткізе отырып ауыз арқылы берілу түрлерін пайдалану. Флора сезгіштігіне қарай in vitro мен антибактериялық дəрілік заттарды таңдау, онда да
емдеуге тəсілінің тиімді болуына көз жеткізу.

Препараттарды іріктеп алу, олар жартылай синтетикалық - пенициллин, макролидтер; альтернативті - цефалоспориннің 2,3 ұрпақтары.
Амоксициллин - 15 мг/кг күніне 3 рет, 5 күн ішінде, немесе қорғалған пенициллин (амоксициллин + клавуланды қышқыл **20-40 мг/кг күніне 3 рет).
Азитромицин күнде *10 мг/кг əр күнде, тағы 4 күн 5 мг/кг ауыз арқылы немесе кларитромицин* - 15 мг/кг бөлшектеп 10-14 күн бойы беру.
Цефуроксим* тəулігне 40 мг/кг, бөлшектеп 2 рет қабылдауға , ауыз арқылы 10-14 күн бойы қабылдау тағайындалады.
Цефуроксим ацетил - түйіршіктер, суспензия үшін дайындап ішке 125 мг/5 мл флоканда, сыртқы қабығы бар таблетканы 125 мг, 250 мг қабылдау.
Цефуроксиманың балаларға максималды дозасы 1,5 г.
Цефтазидим - ұнтақ ертінді дайындалып флаконда инъекциялық 500 мг 1 гр, 2 гр.
Көлемді антибактериалды микоз пайда болғанда терапиялық емдеуде жəне алдын алуда - интраконазол қолданады.

Профилактикалық шаралар:
- вирустық аурулардың алдын алу;
- мұрынға кір судың жəне лас суға түсуден сақтану;
- гипоаллергендік тұрмыс жəне диета;
- мұрынды тұрақты таза ұстау.

Асқынулардың алдын алу:
-уақытында инемен тесу диагностикасын жүргізу;
-уақытында ауруханаға салу.

Əрі қарай жүргізу: витаминдер, иммуномодуляторлар.

Негізгі дəрі-дəрмектер тізімі:
1.**Парацетамол 200 мг, 500 мг таб., флаконда 2,4% сироп, 80 мг суппозиториялар
2.**Амосициллин 500 мг,1000 мг таб.; 250 мг, 500 мг капс., 250 мг/5 мл перерольды сузпензия
3.**Амоксициллин + клaвулон қышқылы 625 мг табл., 600 мг флаконда, инъeкция үшін ертінді
4.**Цефуроксим 250 мг, 500 мг табл., 750 мг флаконда, иньекциялық ертінді үшін ұнтақ
5.**Интракoназол ауыз арқылы 150 мл - 10 мг/мл
6. Итраканазол 100 мг капсулада 

Қосымша дəрі-дəрмектер тізімі:
1. Диоксидин 1% ертінді 
2. Мұрынға, қан тамырын тарылтатын (0,05 ертінді нафтизин, 0,05 ертінді галазолин)
3.**Азитромицин 125 мг, 500 мг табл., 250 мг капсулада, 200 мг/100 мл флаконда сұйық енгізу ертіндісі
4.**Кларитромоцин 250 мг ,500 мг табл.
5.**Цефуроксим аксетил флаконда ішу үшін түйіршік сузпензия дайындау 125 мг/5 мл, 125 мг, 250 мг қабықты табл.
6.**Цефтазидим - флаконда ертінді дайындалатын ұнтақ инъекция үшін 500 мг, 1 г, 2 г
7.**Эритромицин - 250 мг, 500 мг табл., 250 мг/5 мл ауыз арқылы енетін суспензия

Ем тиімділігінің индикаторлары:
- мұрынмен тыныс алуды жақсарту;
- мұрын бөліністерінен арылу;
- уытты белгілерді тию;
- риноскопиялық зерттеулер белгісі: мұрын шырышын бөлінудің тоқтауы жəне мұрын қуысының аурулық бөліністердің болмауы;
- таза сумен шаю.

Ауруханаға жатқызу

 
Госпитализациялау үшін көрсетімдер (шұғыл):
- мұрын қуысы оның қосалқы қуысының іріңді - қабыну процесінің болуы;
- көз алмасының ішкі жəне бас сүйегінің ішкі асқыну белгілерінің болуы;
- Rд-да көлеңкелі сіңбелуінің жəне мұрын қуысындағы сұйықтықтың деңгейі;
- амбулаториялық емнің тиімсіздігі.

Ақпарат

Пайдаланған әдебиеттің тізбесі

  1. Аурулардың диагностикасы және емдеу хаттамалары (Приказы №764 - 2007, №165 - 2012)
    1. 1. Occult feverin surgical intensive care unit patients is seldom caused by sinusitis. Am J Surg 164: 412-416, 1992 2. Diagnosis and management of sinusitis in the allergic patient. Otolaryngol Head Nesk Surg 107: 850-854, 1992 3. Current approaches to sinusitis. Practitioner 238: 467 – 472, 1994 4. Секреты отоларингологии: Пер с англ./ Под ред. Ю.М. Овчинникова.- С-П.: Невский диалект, 2001. – 624с. 5. Болезни уха, горла, носа. /В.Т. Пальчун, Н.А. Прелбраженский. М,1978 6. Детская оториноларингология./ Ю.Б Исхаки, Л.И Кальштейн. Душанбе, 1985 7. Воспаление придаточных пазух у детей./ М.Я. Козлов. М, 1985 8. Неотложная помощь в оториноларингологии./ М.А. Шустер, В.О. Калина, Ф.И. Чумаков. М, 1989 9. Клинические рекомендации для практикующих врачей, основанные на доказательной медицине: Пер с англ./ Под ред. Ю.Л. Шевченко, И.Н. Денисова, В.И. Кулакова, Р.М. Хаитова.- 2-е изд., испр. – М.: ГЭОТАР-МЕД, 2003. – 1248с.

Ақпарат

 
Əзірлеушілер тізімі:
Алданьярова Бахыт Жалауовна, Педиатрия жəне балалар хирургиясы ҒО лор-дəрігері.
Чекмезова О.Б., м.ғ.к.
Умарова Р.А., бірінші санаттағы дəрігер.

Қазықтаулы файлдар

Назар аударыңыз!

  • Занимаясь самолечением, вы можете нанести непоправимый вред своему здоровью.  
  • Информация, размещенная на сайте MedElement и в мобильных приложениях "MedElement (МедЭлемент)", "Lekar Pro", "Dariger Pro", "Заболевания: справочник терапевта", не может и не должна заменять очную консультацию врача. Обязательно обращайтесь в медицинские учреждения при наличии каких-либо заболеваний или беспокоящих вас симптомов.  
  • Выбор лекарственных средств и их дозировки, должен быть оговорен со специалистом. Только врач может назначить нужное лекарство и его дозировку с учетом заболевания и состояния организма больного.  
  • Сайт MedElement и мобильные приложения "MedElement (МедЭлемент)", "Lekar Pro", "Dariger Pro", "Заболевания: справочник терапевта" являются исключительно информационно-справочными ресурсами. Информация, размещенная на данном сайте, не должна использоваться для самовольного изменения предписаний врача.  
  • Редакция MedElement не несет ответственности за какой-либо ущерб здоровью или материальный ущерб, возникший в результате использования данного сайта.
На главную
Наверх