Войти

Құрсақ қолқасының окклюзиясы

H-S-035

РЦРЗ (Республиканский центр развития здравоохранения МЗ РК)
Версия: Архив - Аурулардың диагностикасы және емдеу хаттамалары (Приказ №764, 2007, №165, 2012)

Эмболия и тромбоз неуточненных артерий (I74.9)

Анықтамасы

Анықтамасы

 
Анықтамасы:

Лериш синдромы - қолқа айырығы мен мықын артерияларының окклюзиялық зақымдалуы, ол аяқтар жəне кіші жамбасастауы ағзаларының созылмалы ишемиясымен сипатталады.

Хаттама коды: H-S-035 "Құрсақ қолқасының окклюзиясы"
Хирургиялық саладағы стационарлар үшін
АХЖ-10 бойынша коды:
I74 Артериялардың эмболиясы мен тромбозы
Оның ішінде:
инфаркт:
- тромбоздық
- эмболиялық
окклюзия:
- тромбоздық
- эмболиялық
 
Облачная МИС "МедЭлемент"

Автоматизация клиники: быстро и недорого!

        - Подключено 290 клиник из 4 стран 

        - 1 место - 800 руб / 4 500 тг в мес.

        - Регистратура + Касса - 15 800 руб / 79 000 тг в год

        Узнать больше 

        +7 938 489 44 83 / +7 707 707 07 16 

        office@medelement.com

        Облачная МИС "МедЭлемент"

        Автоматизация клиники: быстро и недорого!

              - С нами работают 250 клиник из 4 стран 

              - Подключение 1 рабочего места - 800 руб / 4500 тг в месяц

              - Регистратура + Касса - 15 800 руб / 79 000 тг в год

              Узнать больше / +7 938 489 44 83+7 707 707 07 16 / office@medelement.com 

              Как удобнее связаться с вами?

              Жіктемесі

               
              Жіктемесі 
              Аурудың клиникалық көрінісі ишемиялық бұзылыстар дəрежесіне байланысты. Ишемиялық бұзылыстар өз кезегінде зақымдалудың орналасуына, ұзындығына, аурудың ұзақтығына, дисталдық артериялық арнаның жағдайына байланысты болады.

              Іш қолқасы окклюзиясының келесі түрлерін ажыратады:
              - төменгі окклюзия (іш қолқасы айырығының төменгі шажырқайлық артериядан дисталды зақымдалуы);
              - ортаңғы окклюзия (іш қолқасының төменгі шажырқайлық артериядан проксималды зақымдалуы);
              - жоғарғы окклюзия (бүйректік артериялардан төмен жəне 2 см дисталды зақымдалуы).

              Аяқтардың созылмалы ишемиясы кезінде емдік тактиканы анықтау үшін қазіргі кезде Фонтен-Покровскийдің жіктемесі (1979) кең қолданады. Аяқтардың созылмалы ишемиясының негізгі симптомы балтырлық бұлшықеттердегі түрлі қашықтықтарға жүргендегі ауыру сезімі.

              Өтпелі ақсаудың айқындылығы созылмалы ишемияның J.Fonteine жіктемесінің (1968) негізіне алынды, ол ишемияның 4 сатысын қарастырады:
              - I саты - клиникаға дейін;
              - II саты - өтпелі ақсау;
              - III саты - тыныштықтағы жəне «түнгі» ауырсынулар;
              - IV саты - трофикалық бұзылыстар жəне аяқтардың гангренасы.

              А.В. Покровскийдің жіктемесі де аурудың 4 сатысын қарастырады, бірақ клиникалық көріністерді мұқият зерттеу нəтижелерінің негізінде құрылған:

              I саты - компенсацияланған ишемия (тоңғыштық, аяқтардың мұздау сезімі, парестезиялар, терілік жабындының бозғылттығы, тырнақтардың сынғыштығы, аяқтар түгінің түсуі, терлегіштік, «планетарлық» ишемия симптомының оң болуы).

              II саты екіге бөлінеді:
              - IIA саты - өтпелі ақсау 500 м жүргеннен кейін дамиды;
              - IIБ саты - өтпелі ақсау 200 м жүргеннен кейін дамиды.

              III саты - тыныштықтағы жəне «түнгі» ауырсынулар.

              IV саты - трофикалық бұзылыстар жəне аяқтардың гангренасы.

              Ишемияның І дəрежесінде өтпелі ақсау симптомдары тек 1 км қашықтыққа жүргеннен кейін ған дамиды.
              ІІ дəрежеде ауырсыну аз қашықтыққа жүргенде дамиды. 200 м қашықтығы шартты критерий ретінде белгіленді. Егер науқас əдеттегі жүріспен (шамамен 3 км/сағ.) 200 м көп қашықтыққа жүре алса, бұл ІІа дəреже болып табылады, ал егер бұл қашықтық 200 м аз болса, онда ишемияның ІІб дəрежесі деген сөз.
              Ишемияның ІІІ дəрежесінде тыныштықтағы ауырсынулар пайда болып, өтпелі ақсау 25 м кем қашықтыққа жүргенде дамиды.
              IV дəрежелік ишемия кезінде тіндерде ойық жаралық-өліеттену өзгерістері көрініс табады.
               

              Диагностика

               
              Диагностикалық критерилері

              Шағымдары мен анамнез
              Іш қолқасының, аяқ артерияларының тарылуының клиникалық көріністері тарылудың орналасуына, ұзақтығына, коллатералдық қанайналымның даму дəрежесіне, аурудың ұзақтығына, дисталдық артериялық арнаның жағдайына байланысты. Қан айналымның декомпенсацияның нəтижесінде ауырсынусыз жүретін қашықтықтың қысқаруы ауру басталуынан түрлі мерзімдерде дамып, атеросклероздың үдеуіне, дисталдық арнадағы эмболизацияға, қан ағып кетуінің коллатералдық жолдарының тромбозына байланысты болуы мүмкін.

              Аурудың бастапқы сатысында науқастар тоңғыштыққа, аяқтардың мұздау сезіміне, парестезияларға, терілік жабындының бозғылттығына шағымданады. Осы сатыда ең маңызды симптом - өтпелі ақсақтық дамиды. Бұл симптом аяқтардың созылмалы ишемиясы дəрежесін жіктелудің негізіне алынды. Қолқаның окклюзиясы кезінде ишемиялық ауырсыну жəне өтпелі ақсау бөксе бұлшықеттерінде, бел аймағында жəне санда басым көрініс табады. Іш қолқасының окклюзиялық зақымдалуының екінші классикалық симптомына импотенция жатады. Науқастарды қарағанда 85% аяқ бұлшықеттерінің гипотрофиясы анықталады. Науқастардың жартысында аяқ терісінің түсі өзгерген, əсіресе табан аймағында (цианоз, ал ишемияның IV дəрежесінде - ісіну жəне гиперемия).

              Физикалық зерттеу науқастардың 90% тамырлардық окклюзиялық зақымдалуы диагнозын физикалық қарап-тексеру негізінде қойылады. Пальпация кезінде шаптық қатпар астында жəне аяқтың барлық сегменттерінде пульсацияның болмауы немесе əлсіреуі анықталады. Қолқа-мықын-сандық сегменттің тарылуында тамыр үстінен систолалық шу естіледі.
               
              Негізгі диагностикалық шаралардың тізімі:
              1. Қанды жалпы талдау.
              2. Несепті жалпы талдау.
              3. ЭКГ.
              4. Глюкоза мөлшерін анықтау.
              5. Билирубиннің мөлшерін анықтау.
              6. Калий/натрий анықтау.
              7. Бета-липопротеидтерді анықтау.
              8. Холестерин жəне ЖТЛП анықтау.
              9. Триглицеридтерді анықтау.
              10. АЛТ анықтау.
              11. АСТ анықтау.
              12. Мочевинаны анықтау.
              13. Креатининді анықтау.
              14. Қанның коагулограммасы.
              15. С-реактивті белокты анықтау.
              16. Кеуделік тор ағзаларының рентгенографиясы.
              17. Эхокардиография.
              18. Аяқ тамырларының доплерографиясы.
              19. Рентгеноконтрастты ангиографиялық зерттеу.

              Қосымша диагностикалық шаралардың тізімі:
              1. Іш қуысы ағзаларын УДЗ.
              2. Холтерлік ЭКГ - мониториярлау.
              3. КТ.
              4. Спирогарфия.
              5. Бронхоскопия.
              6. Ішастарарты кеңістікті УДЗ.
              7. Қанның қышқыл-сілтілік құрамын анықтау.
              8. Реберг сынамасы.
              9. Несепті Нечипоренко бойынша талдау.
              10. Қанды стерильдікке талдау.
              11. Қанды антибиотиктерге сезімталдыққа талдау.
              12. МРТ.
              Онлайн-консультация врача

              Посоветоваться с опытным специалистом, не выходя из дома!

                    Консультация по вопросам здоровья от 2500 тг / 430 руб

                    Интерпретация результатов анализов, исследований

                    Второе мнение относительно диагноза, лечения

                    Выбрать врача

                    Емдеу тактикасы

                     
                    Емдеу тактикасы

                    Емдеу мақсаты: ишемияның I-IIА дəр. науқастарға консервативтік ем тағайындалады. Ишемияның IIБ-III-IV дəрежесінде оперативтік ем жүргізу қажет.

                    Оперативтік емге қарсы көрсеткіштер: жақында болған миокард инфаркты немесе инсульт (3 ай аралығында), жүректік, бүйректік жəне бауырлық жетіспеушіліктің соңғы (терминалдық) сатысы. Жас пен қатар жүретін аурулар қарсы көрсеткіштер болып табылмайды.

                    Дəрі-дəрмексіз ем: тəртіп, диета жəне т.б.

                    Дəрі-дəрмектік ем
                    Аортоартериография жəне допплерография мəліметтерінің негізінде науқасқа операция жүргізуге көрсеткіштерді бағалайды. Қолқамықындық сегментті қалпына келтірудің тиімді шарты сан тамырларының, оның ішінде санның терең артериясының өткізгіштігін сақтау болып табылады. Мықын артерияларының 10 см кем шектелген тарылуларында мықын артериясының эндоваскулярлық дилатациясы орындалады.
                     
                    Әрі қарай жүргізу: амбулаторлық жағдайда операциядан кейінгі реабилитация.
                     
                    Негізгі дəрілік заттардың тізімі:
                    1. Промедол 2% - премедикация жəне операциядан кейінгі анестезия
                    2. Дифенгидрамин - премедикация жəне операциядан кейінгі анестезия
                    3. Метамизол натрия - операциядан кейінгі анальгезия
                    4. Цефтазидим - операциядан кейінгі антибиотикотерапия
                    5. Левофлоксацин - операциядан кейінгі антибиотикотерапия
                    6. Метронидазол - антибактериалдық терапия
                    7. Индапамид - гипотензивтік терапия
                    8. Эноксапарин - антикоагулянттік терапия
                    9. Варфарин - антикоагулянттік терапия
                    10. Пентоксифиллин - дезагреганттік терапия
                    11. Гидроксиэтилкрахмал - АҚМ түзету
                    12. Гидроксиэтилкрахмал - АҚМ түзету
                    13. Инфезол 40 - белоктық алмасуды түзету
                    14. Калия, магния аспарагинат - кардиометаболиттік терапия
                    15. Актовегин - ишемияға қарсы терапия
                    16. Декстроза - кардиометаболиттік терапия
                    17. Натрия хлорид - инфузиялық терапия
                    18. Преднизолон - гормондық терапия
                    19. Маннитол - диурезді ынталандыру
                    20. Ацесоль - электролиттік алмасуды түзету
                    21. Аминофиллин - бронхтық ағаштың лаважы
                    22. Триметазидин - кардиометаболиттік терапия
                    23. Фуросемид - диурезді ынталандыру
                    24. Повидон-Йод - таңу үшін
                    25. Бриллиант көгі - таңу үшін
                    26. Спирт 70% - таңу жəне инъекциялар үшін
                    27. Фурацилин ерітінді 1:5000 - антисептика
                    28. Глицерол - қызметкерлер қолын өңдеу
                    29. Хлоргексидин - асептика
                    30. Перекись водорода - антисептик
                    31. Муравьиный спирт - асептика
                    32. Хлорамин Б - асептика
                    33. Марля - операциялық материал
                    34. Коллаген, фибриноген, тромбин - гемостаз
                    35. Диазепам - наркоз кезінде премедикация жəне седация
                    36. Преднизолон - гормондық терапия
                    37. Натрия бикарбонат - ацидозды түзету
                    38. Гидроксиэтилкрахмал - АҚМ түзету
                    39. Калия, магния аспарагинат - кардиометаболикалық терапия
                    40. Гидроксиэтилкрахмал - АҚМ түзету
                    41. Декстроза - кардиометаболиттік терапия
                    42. Натрий хлориді - еріткіш
                     
                    Операцияны анестезиологиялық қамтамасыз ету үшін

                    Негізгі тізім:

                    Премедикация
                    Диазепам табл. 5 мг
                    Диазепам 10 мг/2 мл
                    Тримеперидин 2% -1,0 мл
                    Тримеперидин 1% -1,0 мл
                    Дифенгидрамин 1% - 1,0 мл
                    Дифенгидрамин табл. 50 мг
                    Атропин сульфаты 0,1% -1 мл

                    Қосымша тізім

                    Анестетиктер
                    Негізгі тізім:
                    Диазепам 10 мг/2 мл
                    Фентанил 0,005% -2 мл
                    Кетамин 500 мг - 10 мл
                    Фторотан ерітінді флаконда 250 мл
                    Лидокаин 2% - 2 мл
                    Суксаметоний хлориді 10 мг/5 мл
                    Пипекуроний бромиді 4 мг/2 мл
                    Дегидробензперидол 2,5 мг 10 мл

                    Қосымша тізім:
                    Мидозолам 15 мг/3 мл
                    Натрий тиопенталы инъекцияға арналған ұнтақ 1,0 г
                    Натрий оксибутират 20% -10,0 мл
                    Пропофол 10 мг/1 мл
                    Азот тотығы баллон

                    Басқа да заттар
                    Негізгі тізім:
                    Цефазолин 1 г
                    Гепарин 5000 ЕД/мл
                    Протамин сульфаты 50 мг/5 мл
                    Декстроза 5% 500 мл
                    Натрий хлориді 0,9% 500 мл
                    Реополиглюкин 400 мл
                    Альбумин 10%- 200 мл
                    Пентакрахмал 6% 500 мл
                    Натрий бикарбонаты 4%-200 мл
                    Аминокапрон қышқылы 200 мл
                    Глюкоза 40%- 5,0
                    Жаңамұздатылған плазма
                    Калий хлориді 4% -200 мл
                    Инсулин-актропид 100 ед./мл 10 мл
                    Изосорбид динитраты 0,1% - 10 мл
                    Допамин 0,5% -5 мл
                    Фенилэфрин 1мл
                    Норэпинефрин 0,2% -1 мл
                    Эпинефрин 0,18% -1 мл
                    Кальций хлориді 10% -5 мл
                    Верапамил гидрохлориді 5 мг/2 мл
                    Апротинин 10 000 ЕД
                    Фуросемид 1% -2 мл
                    Преднизолон 30 мг/1 мл

                    Қосымша тізім:
                    Нитроглицерин 0,1% - 10 мл
                    Полиглюкин (декстран 60) 400 мл
                    Пентоксифиллин 5 мл
                    Панангин 10 мл
                    Маннитол 10% 500 мл
                    Аминофиллин 2,4% - 10,0
                    Фамотидин (квамател) 20 мг/5 мл
                    Полиглюкин (декстран 60) 400 мл
                    Этамзилат 2 мл
                    Нитроглицерин 0,1% - 10 мл
                     
                    Анестезиология жəне реаниматология бөлімінде

                    Негізгі тізім:
                    Кеторолак 30 мг 1 мл
                    Тримеперидин 2% -1,0 мл
                    Цефазолин 1 г
                    Декстроза 5% 500 мл
                    Натрий хлориді 0,9% 500 мл
                    Калий хлориді 4% -200 мл
                    Глюкоза 40% - 5,0
                    Инсулин-актропид 100 ед./мл 10 мл
                    Изосорбид динитраты 0,1% - 10 мл
                    Пентакрахмал 6% 500 мл
                    Реополиглюкин 400 мл
                    Натрий бикарбонат 4%-200 мл
                    Аминокапрон қышқылы 200 мл
                    Аминқышқылдарының кешені 500 мл
                    Апротинин 10 000 бірл.
                    Фуросемид 1% -2 мл
                    Преднизолон 30 мг/1 мл
                    Пентоксифиллин 5 мл
                    Аминофиллин 2,4% - 10 мл

                    Қосымша тізім:
                    Метранидазол 0,5% 100 мл
                    Нитроглицерин 0,1% - 10 мл

                    Қосымша дəрілік заттардың тізімі:
                    1. Атенолол - аритмияға қарсы терапия.
                    2. Ацетилсалицил қышқылы - дезагреганттық терапия.
                    3. Алпростадил - ишемияға қарсы терапия.
                    4. Периндоприл - гипотензивтік терапия.

                    Ем тиімділігінің индикаторлары: шунттардың өтімділігі,қол-аяқтардың жылуы, жараның алғашқы тартылумен жазылуы (біріншілік тартумен жараның жазылуы), жара қабынуының болмауы.

                    Госпитализация

                     
                    Ауруханаға жатқызуға көрсеткіштер
                    Стационарлық консервативтік емді жылына екі рет 6 ай сайын жүргізген тиімді. Бұл ем іш қолқасы мен аяқ артериялары ишемиясының I жəне IIА дəрежелерінде көрсеткілген. Ал IIБ, III и IV дəрежесіне сəйкес ишемия емдеу үшін тек оперативтік ем ұсынылады.

                    Ақпарат

                    Пайдаланған әдебиеттің тізбесі

                    1. Аурулардың диагностикасы және емдеу хаттамалары (Приказы №764 - 2007, №165 - 2012)
                      1. 1. Клиническая ангиология под редакцией академика РАМН А.В. Покровского, 2 тома.- 2004. 2. Руководство по сосудистой хирургии с атласом оперативной техники Ю.В. Белов.

                    Ақпарат

                     
                    Əзірлеушілер тізімі:
                    Алиев Мұхтар Алиевич – академик, А.Н Сызғанов атындағы ХҒО құрметті директоры.
                    Баймаханов Болатбек Беимендиевич – м.ғ.д., профессор, А.Н Сызғанов атындағы ХҒО директоры.
                    Наржанов Бауыржан Анарбекович – м.ғ.к., А.Н Сызғанов атындағы ХҒО клиникалық істер жөніндегі директор орынбасары.
                    Самратов Тимур Уралович – м.ғ.к. А.Н Сызғанов атындағы ХҒО бөлімше меңгерушісі.
                    Тоқсанбаев Данияр Сапарович – м.ғ.к., А.Н Сызғанов атындағы ХҒО аға ғылыми қызметкері.

                    Қазықтаулы файлдар

                    Мобильное приложение "MedElement"

                    - Профессиональные медицинские справочники. Стандарты лечения 

                    - Коммуникация с пациентами: онлайн-консультация, отзывы, запись на прием

                    Скачать приложение для ANDROID / для iOS

                    Мобильное приложение "MedElement"

                    - Профессиональные медицинские справочники

                    - Коммуникация с пациентами: онлайн-консультация, отзывы, запись на прием

                    Скачать приложение для ANDROID / для iOS

                    Назар аударыңыз!

                    • Занимаясь самолечением, вы можете нанести непоправимый вред своему здоровью.  
                    • Информация, размещенная на сайте MedElement и в мобильных приложениях "MedElement (МедЭлемент)", "Lekar Pro", "Dariger Pro", "Заболевания: справочник терапевта", не может и не должна заменять очную консультацию врача. Обязательно обращайтесь в медицинские учреждения при наличии каких-либо заболеваний или беспокоящих вас симптомов.  
                    • Выбор лекарственных средств и их дозировки, должен быть оговорен со специалистом. Только врач может назначить нужное лекарство и его дозировку с учетом заболевания и состояния организма больного.  
                    • Сайт MedElement и мобильные приложения "MedElement (МедЭлемент)", "Lekar Pro", "Dariger Pro", "Заболевания: справочник терапевта" являются исключительно информационно-справочными ресурсами. Информация, размещенная на данном сайте, не должна использоваться для самовольного изменения предписаний врача.  
                    • Редакция MedElement не несет ответственности за какой-либо ущерб здоровью или материальный ущерб, возникший в результате использования данного сайта.
                    На главную
                    Наверх