Войти

Қышыма

РЦРЗ (Республиканский центр развития здравоохранения МЗ РК)
Версия: ҚР ДСӘДМ клиникалық хаттамалар - 2014

Чесотка (B86)
Дерматовенерология
Медицинская выставка в Астане

Выставочный центр "Көрме"

31 октября-2 ноября 2018

Ваш промокодAZD18MEDE 

Бесплатный билет по промокоду!

Медицинская выставка Astana Zdorovie 2018

Астана, выставочный центр "Көрме"

31 октября - 2 ноября

Ваш промокодAZD18MEDE 

Получить бесплатный билет по промокоду!

Анықтамасы

Анықтамасы


Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау және
әлеуметтік даму министрлігінің
«Денсаулық сақтауды дамыту
республикалық орталығы» ШЖҚ РМК
Сараптамалық кеңесінің
2014 жылғы «12» желтоқсандағы
№ 9 хаттамасымен ұсынылған


Қышыма – терінің мүйізгек қабатында паразиттік тіршілік ететін Sarcoptes scabiei homonis қышыма кенесі тудыратын терінің паразиттік ауруы [1,2,11].

Хаттама атауы: Қышыма
 
Хаттама коды:
 
АХЖ Х коды (кодтары)
В 86 Қышыма
 
Хаттамада пайдаланылатын қысқартулар:
ХПА – халықаралық патенттелмеген атауы
мл – миллилитр
мг – миллиграмм
 
Хаттаманың әзірленген күні: 2014 жыл.
 
Пациенттер санаты: ересектер, балалар.
 
Хаттаманы пайдаланушылар: дерматовенерологтар, жалпы тәжірибе дәрігерлері, педиатрлар, терапевттер.
 

Жіктемесі


Қышыманың клиникалық жіктемесі [1,2,11]:

Ағымы бойынша:
·                        Қарапайым
·                        Бейқалыптық (атипиялық):
жүріссіз;
«тазайындар» қышымасы («инкогнито» қышымасы);
норвег қышымасы;
скабиозадан кейінгі лимфоплазия;
жалған саркоптоз.

Ағымының ауырлығы бойынша:
·                        асқынбаған;
·                        асқынған (пиодермия, аллергиялық жанасу дерматиті, лимфаденит).

Диагностика


Негізгі және қосымша диагностикалық іс-шаралардың тізбесі
 
Амбулаториялық деңгейде жүргізілетін негізгі (міндетті) диагностикалық зерттеп-қарау:
·                        биологиялық материалдағы (тері қырындысы, қышыма жүрістерінің ішіндегі зат) микроскопиялық зерттеу (ем басталғанға дейін).
 
Амбулаториялық деңгейде жүргізілетін қосымша диагностикалық зерттеп-қарау: жүргізілмейді.
 
Жоспарлы емдеуге жатқызуға жолдау кезінде жүргізілуі қажет зерттеп-қараулардың ең аз тізбесі: жүргізілмейді.
 
Стационарлық деңгейде жүргізілетін негізгі (міндетті) диагностикалық зерттеп-қарау: жүргізілмейді.
 
Стационарлық деңгейде жүргізілетін қосымша диагностикалық зерттеп-қарау: жүргізілмейді.
 
Жедел кезек күттірмейтін көмек кезеңінде жүргізілетін диагностикалық іс-шаралар: жүргізілмейді.
 
Диагностикалық критерийлер:
 
Шағымдар және анамнез:
Шағымдар:
·                        терінің түнгі уақытта күшейетін қышуы;
·                        қолдар мен кеуде терісінде бөртпелердің шығуы.
 
Анамнез:
·                        қышымамен ауыратын науқаспен немесе қышымамен ауырғандар тұтынған заттармен тұрмыстық байланыс;
·                        болжалды жұғу көзімен немесе қышымамен ауырған адамның тұрмыстық заттарымен жанасқан сәттен бастап өткен уақыт (1 тәуліктен 14 күнге дейін).
 
Физикалық зерттеп-қарау:

Тері зақымдарының орналасуы:
·                        қол басы және буындары, шынтақ, аяқ басы, (өзіндік орналасу);
·                        бөксе;
·                        қарын;
·                        аксилярлық аймақтар;
·                        жыныс мүшелері (еркектерде);
·                        сүт бездері (әйелдерде).
Балалар үшін - бұл үдерістің бет терісі мен бастың түкті (шашты) бөлігіне таралуы тән болады.
Инфекция жұқтырған аналардан туылған нәрестелерде тырнақ пластинкасына таралуы мүмкін.
Теріде байқалуы:

Қышыманың асқынбаған нысанында:
·                        қышыма жүрістері;
·                        жүрістерден тыс орналасқан көптұрпатты (полиморфтық) бөртпелер;
·                        скабиозалық лимфоплазия;
·                        қабынбайтын көпіршіктер;
·                        фолликулдық түйіншелер;
·                        сызықтық тырнаулар;
·                        геморрагиялық қабыршақтар;

Қышыманың асқынған нысанында:
·                        остиофолликулиттер;
·                        фолликулит;
·                        шиқан;
·                        регионарлы лимфаденит.
 
Зертханалық диагностика [1, 2, 3, 4, 11]:

Биологиялық материалдағы (тері қырындысы, қышыма жүрістерінің ішіндегі зат) микроскопиялық зерттеу:
·                        қышыма жүрісінің тура немесе иілген сызығын табу;
·                        ұрғашы қышыма кенесін табу.
 
Аспаптық зерттеулер:
             
Арнаулы мамандардың консультациясы үшін көрсетімдер:
 

Дифференциалды диагноз


1-кесте. Қышыманың негізгі клиникалық-зертханалық сараланған-диагностикалық белгілері
Критерийлер Қышыма Аллергиялық дерматит Атопиялық дерматит Стрептодермия
Инкубациялық кезең 1-ден 14 күнге дейін Жоқ Жоқ Жоқ
Бөртпелердің орналасуы Қол буындары мен қол басы, шынтақ, бөксе, қарын, аксилярлық аймақтар, еркектерде жыныс мүшелері, әйелдерде сүт бездері Тітіркендіргіштің әрекет ету орнында орналасу Тізе асты және шынтақ бүгілістері, мойын, ерін. Тері жабынының кез келген жері, көбіне түкті фолликулдар, тер бездері, тері қатпарлары, тырнақмаңы буылтықтары.
Клиникалық-
морфологиялық белгілері
Қышыма жүрісі, скабиозалы лимфоплазия, қабынбайтын көпіршіктер, фолликулдық түйіншелер, сызықтық тырнаулар, геморрагиялық қабыршақтар. Қызару, терінің ісігі, сулану, қабынулық, везикулездық, папулездық, көпіршіктік элементтер, сірнелі қабыршақтар.  Қызару, везикулалар, қабынулық, фолликулдық, пруригиноздық, лихеноидтық және полигоналдық іріңсіз бөртпелердің шығуы, экскориациялар, геморрагиялық қабыршақтар, салдарлы лихенделу, дисхромиялар. Бастапқы элемент – мөлдір сөлі бар және шеткері өсуге бейім сылбыр күлдіреуік (фликтена).
Айрықша белгілері Қышыма кенесінің табылуы Тітіркендіргіштің әрекетін тоқтатқаннан кейін жылдам жазылуы Ақ дермографизм Басым көпшілігінде іріңді бөртпенің біртұрпатты (мономорфтық) сипатқа ие болуы 

Медицинский туризм

Пройти лечение, проверить здоровье в Корее, Турции, Израиле, Германии, Испании, США

Лечение за границей

Заявка на медицинский туризм

Как удобнее связаться с вами?

Медицинский туризм

Пройти лечение, проверить здоровье за границей: Корея, Турция, Израиль, Германия, Испания, США, Китай и другие страны

Выбрать иностранную клинику

Бесплатная консультация по лечению за рубежом! Оставьте заявку ниже

Лечение за границей

Заявка на медицинский туризм

Как удобнее связаться с вами?

Емдеу тактикасы


Емдеу мақсаттары:
·  
клиникалық симптомдарды тоқтату;
·  асқынудың дамуын болдырмау;
·  жұқпаның таралу қаупін төмендету.
 
Емдеу тактикасы
 
Дәрі-дәрмексіз емдеу:
№ 1 режим (жалпы).
№ 15 үстел (жалпы).
 
Дәрі-дәрмекпен емдеу
 
Скобиозаға қарсы препараттармен жергілікті терапия [6,7,8,9,10,11,]:
·                        перметрин (дәлелділік деңгейі – А-С) жақпамай 5%, бір рет.
·                        күкірт жақпамайы (дәлелділік деңгейі – С) (күніне 1 рет 6 күн):
ересектерге: жақпамай 33%;
балаларға: жақпамай 10-15%.
·                        бензилбензоат (дәлелділік деңгейі – С) емдеудің бірінші және төртінші күні жағады:
ересектерге: суспензия/лосьон 20%, 25%
балаларға: суспензия/лосьон 10%.
·                        эсдепаллетрин: беті мен бастың түкті (шашты) бөлігінен басқа барлық тері жабыны аэрозольмен бір мәрте өңделеді.

Амбулаториялық деңгейде көрсетілетін дәрі-дәрмектік ем:

Негізгі дәрілік заттар тізбесі (100% тағайындау мүмкіндігі бар)
·  сыртқа қолдануға арналған күкірт жақпамайы 33%;
·  бензилбензоат (сыртқа қолдануға арналған жақпамай, сыртқа қолдануға арналған эмульсия);
·  эсдепаллетрин пиперонилбутоксид (сыртқа қолдануға арналған аэрозоль);
·  перметрин (сірне (гель), сыртқа қолдануға арналған ерітінді 0,5%).
 
Қосымша дәрілік заттар тізбесі (қолданылу мүмкіндігі 100%-дан төмен):
 
Емдеудің басқа түрлері: жүргізілмейді.
Емдеудің амбулаториялық деңгейде көрсетілетін басқа түрлері:
Емдеудің стационарлық деңгейде көрсетілетін басқа түрлері:
Емдеудің жедел кезек күттірмейтін көмек кезеңінде көрсетілетін басқа түрлері:
 
Хирургиялық араласу: жүргізілмейді.
Амбулаториялық жағдайда көрсетілетін хирургиялық араласу: жоқ.
Стационар жағдайында көрсетілетін хирургиялық араласу: жоқ.

Профилактика


· Отбасында, ұйымдасқан ұжымда қышыма ауырған адам анықталғанда, науқастың отбасы мүшелері мұқият тексеріп-қаралады және бір күндік профилактикалық ем алады.
·  Ұйымдасқан ұжымда қышыма оқиғасы анықталған кезінде байланысқандарды тексеріп-қарау қырық бес күн ішінде жүргізіледі (алғашқы он күнде күнделікті, одан әрі – әр он күнде бір рет).
·   Бұқаралық ақпарат құралдары, жадынамалар мен мультимедиялық бағдарламалар арқылы халықты инфекциялық және жұқпалы дерматоздардың жеке бас және қоғамдық профилактикасы туралы ақпараттандыру.

Ақпарат

Пайдаланған әдебиеттің тізбесі

  1. Протоколы заседаний Экспертной комиссии по вопросам развития здравоохранения МЗ РК, 2014
    1. Пайдаланылған әдебиеттер тізімі (хаттама мәтінінде аталған көздерге шынайы зерттеулердің сілтемелері қажет): 1) Рациональная фармакотерапия заболеваний кожи и инфекций, передаваемых половым путем. Руководство для практикующих врачей под ред. А.А. Кубановой. – Москва, изд-во «Литтерра». – 2005.- С. 248-265. 2) Кожные и венерические болезни: Рук-во для врачей / Под ред. Ю.К.Скрипкина, В.Н.Мордовцева. – М.: Медицина, 1999. – Т.2.- 878 с. 3) Клинические рекомендации. Дерматовенерология // Под ред. А.Кубановой.- М.: ДЭКС-Пресс.- 2007.- С.21-35. 4) Лечение кожных и венерических болезней: И.М. Романенко, В.В.Кучага, С.Л. Афонин - Мединформ агенство 2006. Т.2-885 с. 5) Терапевтический справочник по дерматологии и аллергологии: П.Альтмайер – изд. дом. ГЭОТАР-МЕД, 2003 год, 1246 с. 6) Treatment of scabies using 8% and 10% topical sulfur ointment in different regimens of application. Sharquie KE, Al-Rawi JR, Noaimi AA, Al-Hassany HM. // Source. Scientific Council of Dermatology and Venereology, Baghdad, Iraq. ksharquie@yahoo.co.uk. http://www.ncbi.nlm.nih.gov/pubmed/22395587. 7) Ivermectin versus benzyl benzoate applied once or twice to treat human scabies in Dakar, Senegal: a randomized controlled trial. Ly F, Caumes E, Ndaw CA, Ndiaye B, Mahé A. // Source Service de Dermatologie/Infections SexuellementTransmissibles, Institutd'HygièneSociale, Dakar, Senegal. lyfaty@yahoo.fr. http://www.ncbi.nlm.nih.gov/pubmed/19565120. 8) Treatment of scabies: Comparison of permethrin 5% versus ivermectin. Goldust M, Rezaee E, Hemayat S. // Source Tabriz University of Medical Sciences, Tabriz, Iran. drmgoldust@yahoo.com. http://www.ncbi.nlm.nih.gov/pubmed/22385121. 9) Topical permethrin and oral ivermectin in the management of scabies: a prospective, randomized, double blind, controlled study. Sharma R, Singal A. // Source. Department of Dermatology and STD, University College of Medical Sciences and GTB Hospital, University of Delhi, Delhi, India. http://www.ncbi.nlm.nih.gov/pubmed/21860157. 10) United Kingdom national guideline on the management of scabies infestation. Clinical Effectiveness Group, British Association for Sexual Health and HIV (BASHH). United Kingdom national guideline on the management of scabies infestation. London (UK): British Association for Sexual Health and HIV (BASHH); 2008 Feb 15. 6 p. http://guideline.gov/content.aspx?id=12287&search=scabies. 11) Дерматовенерология. Национальное руководство / под ред. Ю.К. Скрипкина, Ю.С. Бутова, О.Л. Иванова. М.: Гоэтар-Медиа, 2013. – 1024 с 12) Постановление Правительства Республики Казахстан № 89 от 17.01.2012 г. Санитарные правила «Санитарно-эпидемиологические требования к организации и проведению санитарно-противоэпидемических (профилактических) мероприятий по предупреждению паразитарных заболеваний».

Ақпарат


Хаттаманы әзірлеушілердің біліктілік деректері көрсетілген тізім:

1) Батпенова Г.Р. м.ғ.д., профессор, ҚР ДСӘДМ бас штаттан тыс дерматовенерологы, «Астана медицина университеті» АҚ, дерматовенерология кафедрасының меңгерушісі;
2) Котлярова Т.В. – м.ғ.д., «Астана медицина университеті» АҚ, дерматовенерология кафедрасының доценті;
3)Жетпісбаева З.С. – м.ғ.к., «Астана медицина университеті» АҚ, дерматовенерология кафедрасының доценті;
4) Баев А.И. – м.ғ.к., «ҚазТВҒЗИ» РМК, аға ғылыми қызметкер;
5) Ахмадияр Н.С. – м.ғ.д., «АБҰҒО» АҚ, клиникалық фармаколог.
 
Мүдделер қақтығысының жоқтығын көрсету: жоқ.
 
Рецензент: Уәлиева Сәуле Арынбайқызы – медицина ғылымдарының докторы, «Қазақ медициналық үздіксіз білім беру университеті» АҚ Астана қаласындағы филиалы директорының орынбасары.
 
Хаттаманы қайта қарау шарттарын көрсету: хаттаманы 3 жылдан кейін  және/немесе дәлелділіктің неғұрлым жоғары деңгейі бар диагностикалаудың/емдеудің жаңа әдістері пайда болған кезде қайта қарау.
 
Мобильное приложение "Doctor.kz"

Ищете врача или клинику? "Doctor.kz" поможет!

Бесплатное мобильное приложение "Doctor.kz" поможет вам найти: где принимает нужный врач, где пройти обследование, где сдать анализы, где купить лекарства. Самая полная база клиник, специалистов и аптек по всем городам Казахстана.


Запишитесь на прием через приложение! Быстро и удобно в любое время дня.


Скачать: Google Play Market | AppStore

Қазықтаулы файлдар

Паллиативная помощь в Казахстане

Анкетирование РЦРЗ МЗ РК

Приглашаем специалистов, оказывающих паллиативную помощь, принять участие в опросе с 10 октября по 10 ноября 2018 года

Заполнить анкету

Анкетирование "Паллиативная помощь в РК"

РЦРЗ МЗ РК приглашает специалистов, оказывающих паллиативную помощь, принять участие в опросе с 10 октября по 10 ноября 2018 года

Цель опроса: определение условий работы и возможностей для развития врачей паллиативной помощи в Казахстане. Выскажите свое мнение, замечания и предложения!

Заполнить анкету

Назар аударыңыз!

  • Занимаясь самолечением, вы можете нанести непоправимый вред своему здоровью.  
  • Информация, размещенная на сайте MedElement, не может и не должна заменять очную консультацию врача. Обязательно обращайтесь в медицинские учреждения при наличии каких-либо заболеваний или беспокоящих вас симптомов.  
  • Выбор лекарственных средств и их дозировки, должен быть оговорен со специалистом. Только врач может назначить нужное лекарство и его дозировку с учетом заболевания и состояния организма больного.  
  • Сайт MedElement является исключительно информационно-справочным ресурсом. Информация, размещенная на данном сайте, не должна использоваться для самовольного изменения предписаний врача.  
  • Редакция MedElement не несет ответственности за какой-либо ущерб здоровью или материальный ущерб, возникший в результате использования данного сайта.
На главную
Наверх