Войти

Қотыр

P-T-021

РЦРЗ (Республиканский центр развития здравоохранения МЗ РК)
Версия: Архив - Аурулардың диагностикасы және емдеу хаттамалары (Приказ №764, 2007, №165, 2012)

Чесотка (B86)

Анықтамасы

Анықтамасы


Анықтамасы

Қотыр – адамның теріішілк паразиті болып табылатын Sarcoptes scabiei hominis қышымалық кене туындатқан терінің паразитарлық ауруы.


Хаттама коды: Р-Т-021 "Қотыр"
Терапевтикалық саладағы поликлиникалар үшін
АХЖ коды (кодтары):  В86 Қотыр
Мобильное приложение "MedElement"

- Профессиональные медицинские справочники. Стандарты лечения 

- Коммуникация с пациентами: вопросы, отзывы, запись на прием

Скачать приложение для ANDROID 

Мобильное приложение "MedElement"

- Профессиональные медицинские справочники

- Коммуникация с пациентами: вопросы, отзывы, запись на прием

Скачать приложение для ANDROID 

Жіктемесі


Жіктемесі (клиникалық):
1. Қарапайым.
2. Норвегиялық (əлсізденген адамдарда).
3. Жалған қотыр (жануарлар мен құстардың қотыры).
4. Дəндік (матрастық, ячмендік).
5. «Тазалардың» қотыры – азсимптомды.

Қауіп-қатерлі факторлар


Қауіп-қатерлі факторлар: сау адамның ауру адаммен тікелей жанасуы (науқас пайдаланған тұрмыстық заттар арқылы; жыныстық қатынастар), тұрғындардың топтануы, қанағаттанарлықсыз санитарлық-гигиеналық жағдайлар, тұрғындардың жеткіліксіз гигиеналық дағдылары, тұрғындардың жоғары миграциясы.

Диагностика


Диагностика критерилері
 
Шағымдар мен анамнез
1. Тиянақты жиналған жанұялық эпидемиологиялық анамнез.
2. Əсіресе кешке жəне түнде өршитін айқын терінің қышуы.

Физикалық тексеру:
 
1. Қотырлық жолдар – аздап көтерілген тура жəне иілген, лас-сұр 1мм ден бірнеше сантиметрге дейін тізбектер. Алдыңғы соңда (соқыр) жиі жағдайда көпіршіктер көрінеді (бұл жерде қара нүкте түрінде көрінетін кененің ұрғашысы бар). Қотырлық жолдар білезік қол буындарының шеткі беттерінде, ерлердің сыртқы жыныс мүшелерінде, əйелдерде емшекте орналасады.
 
2. Аяқ пен қолдың бүгу беттеріндегі саусақ ұштарында, денеде (көп жағдайда кеуде клеткасының алдыңғы бетінде), іш, белде байқалатын, ұсақ папулалар, везикулалар, нүктелік жəне тізбектік экскориациялар.
 
3. Қотырлық кенелер мен олардың личинкаларын қырындыны микроскоптық зерттеу кезінде табу.
 
Атипиялық формасы:
1. Қышудың болмауы, чешуй-қыртыстық қабаттардың болуы, суланған жалақ жаралар, алақан мен өкше кератодермиясы (норвегиялық қотыр кезінде).
2. Уртикарлық элементтердің везикуламен ортада болуы, мойын мен денеде орналасу (дəнді қотырда).
3. Қотырлық жолдарсыз аса ашық папула-везикулдардың болуы (қышыма қотыр).

Негізгі жəне қосымша диагностикалық шаралар тізімі
 
Негізгі диагностикалық шаралар тізімі:
1. Микрореакция.
2. Қанның жалпы анализі.
3. Зəрдің жалпы анализі.
 
Қосымша диагностикалық шаралар тізімі: қотырлық кенені лабораторлық табу.

Емдеу тактикасы


Емдеу тактикасы

Ем мақсаты: науқасты қышынудан құтқару, аурудың қайта қайталануының жəне таралуын алдын алу, тері бөртпелерінің регрессі, тығыз тұрмыстық жанасуды профилактикалық емдеу.
 
Дəрі-дəрмектік ем:
Ыстық ваннадан соң, «перметрин» кремімен өңдеу жүргізуге болмайды. Əр мəжбүрлі қол жуудан кейін, қайта өңдеу қажет.
 
1. Бүкіл денені, бас, бет, мойын жəне құлақ терілерін 5% «Перметрин» кремімен өңдеу. Перметриннің көз, мұрын, ауыз қуысы сілемейлі қабығына түсуінен аулақ болу қажет. Заттың сілемейлі қабыққа түскен жағдайында оларды ағынды сумен шаю қажет. 8-12 сағаттан кейін препаратты шайып тастау керек. 7 күннен кейін қайталау (жиірек педикулезді емдеу кезінде қолданылады).
 
2. Бензилбензоаттың су-сабынды эмульсиясы (20%-ересектер үшін жəне 10%-балалар үшін) жақсылап шайқағаннан соң, теріге мақта дəкелі тампонмен емнің 1-ші жəне 4-күндері 10 минуттан күніне 2 рет сүртеді. 2-ші жəне 3-ші спецификалық ем жүргізілмейді.
Төсек жамылғыларын ауыстыру екі рет жүргізіледі: препаратты бірінші 
жəне екінші сүрткеннен кейін. Науқас келесі үш күн ішінде жуынбайды, бірақ қол ұштарына препаратты əр қол жуғаннан кейін жағады. Науқас 3 күннен кейін ыстық сумен жуынады жəне төсекті тағы ауыстырады. Емшек жасындағы балаларға тері жамылғысын түртпей, аталған ерітіндімен сулайды, ем курсын 3-4 күннен кейін қайталайды.
Бензилбензоатпен емдеу жүктілік пен сүттену кезінде қарсы көрсетілген.
 
3. 33% (ересектер үшін) жəне 20% (балалар үшін) күкірт мазі. Ем алдында науқас сабынмен жуынады. Мазьді күн сайын 5-7 күн бойы жағады, əсіресе қотыр кенесінің орналасу аумағына. Науқас 6-8 күннен кейін сабынмен жуынады жəне төсек жамылғыларын ауыстырады.
 
4. Эсдепалетрин аэрозолін бет пен бастың түкті бөлігінен басқа жердің тері жамылғыларына жағады. Теріге дене бетінен 20-30 см қашықтықта шашады, препаратты теріде 12 сағатқа қалдырады (қол жуған кезде препаратпен қайта өңдейді, жаялықты ауыстыру кезінде балалардың құйрығына шашады). 5 жасқа дейінгі балалар терісін өңдеу кезінде, олардың аузы мен мұрнын салфеткамен жабу қажет. Егер қотыр белгілері көрініп тұрса, ерітіндіге батырылған мақтамен өңдеу қажет.
 
Негізгі жəне қосымша дəрі-дəрмектер тізімі
 
Негізгі дəрі дəрмектер тізімі:
1. *Су-сабындық эмульсия, бензилбензоат жақпамайы (20% - ересектер үшін жəне 10% - балалар үшін).
2. *Күкірт жақпамайы 33% (ересектер үшін) жəне 20% (балалар үшін) 50-100 г.
 
Қосымша дəрі-дəрмектер тізімі:
1. Эсдепалетрин аэрозолі, 152 г.
2. Перметрин 5% кремі.
 
Ем тиімділігінің индикаторлары
Тиімді ем кезінде: емнен кейін 3 күн ішінде жəне 1,5 ай бойы əр 10 күнде науқасты бақылаулық қадағалау (ҚР ДСМ 26.01.2004 жылғы бұйрығы).

* – Негізгі (өмірге маңызды) дəрілік заттар тізіміне кіретін препараттар

Госпитализация


Госпитализациялауға көрсетімдер:
-  
айқын қабынулық құбылыстар (таралған экзематоздық процесс, аллергизация);
-  екіншілік 
инфекцияның қосылуы;
-  жүргізіліп жатқан терапия тиімсіздігі.

Профилактика


Әрі қарай жүргізу, диспансерлеу принциптері:
Жиһаздарды, сыртқы киім, кілем, матрас, балалар ойыншықтарын дезинфекциялау үшін аэрозольді қораптағы инсектицидті (А-ПАР) пайдаланады, оларды өңдегеннен кейін қосымша жумауға да болады. Төсек жабдықтарын залалсыздандыру жай кір жуғыш ұнтақпен 10 минут бойы қайнату жолымен жүргізіледі.

Ақпарат

Пайдаланған әдебиеттің тізбесі

  1. Аурулардың диагностикасы және емдеу хаттамалары (Приказы №764 - 2007, №165 - 2012)
    1. Хаттаманы дайындау барысында пайдаланылған əдебиеттер: 1. Walker G.A., Johnstone P.W. Interventions for treating scabies. In: The Cochrane Library, Issue 3, 2001. 2. Association for Genitourinary Medicine (AGUM), Medical Society for the Study of Veneral Disease (MSSVD). 2002 national guideline on the management of scabies. London:Association for Genitourinary Medicine (AGUM), Medical Society for the Study of Veneral Disease (MSSVD); 2002. 3. Кожные и венерические болезни. Руководство для врачей. В двух томах. Под редакцией Ю.К.Скрипкина, В.Н.Мордовцева.- М., Медицина, 1999. 4. Справочник Видаль-2005. Лекарственные препараты в Казахстане. 5. Кожные и венерические болезни. Руководство для врачей. Под редакцией Ю.С. Бутова. 6. «Комплексная терапия чесотки». Московская Медицинская Академия им. Сеченова, Е.Б.Марьева.

Ақпарат


Əзірлеушілер тізімі: Альменова Л.Т.,  ҚР ДСМ ТВ ҒЗИ

Қазықтаулы файлдар

Назар аударыңыз!

  • Занимаясь самолечением, вы можете нанести непоправимый вред своему здоровью.  
  • Информация, размещенная на сайте MedElement и в мобильных приложениях "MedElement (МедЭлемент)", "Lekar Pro", "Dariger Pro", "Заболевания: справочник терапевта", не может и не должна заменять очную консультацию врача. Обязательно обращайтесь в медицинские учреждения при наличии каких-либо заболеваний или беспокоящих вас симптомов.  
  • Выбор лекарственных средств и их дозировки, должен быть оговорен со специалистом. Только врач может назначить нужное лекарство и его дозировку с учетом заболевания и состояния организма больного.  
  • Сайт MedElement и мобильные приложения "MedElement (МедЭлемент)", "Lekar Pro", "Dariger Pro", "Заболевания: справочник терапевта" являются исключительно информационно-справочными ресурсами. Информация, размещенная на данном сайте, не должна использоваться для самовольного изменения предписаний врача.  
  • Редакция MedElement не несет ответственности за какой-либо ущерб здоровью или материальный ущерб, возникший в результате использования данного сайта.
На главную
Наверх