Қатерлі түсік

Версия: ҚР ДСМ клиникалық хаттамалар - 2014 (Қазақстан)

Угрожающий аборт (O20.0)

Анықтамасы

Анықтамасы


Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау министрлігі
Денсаулық сақтауды дамыту
мәселелері жөніндегі
сараптау комиссиясында
2014 жылғы «4» шілдедегі
№ 10 хаттамасымен бекітілген

ҚТ - гестациялық мерзімдегі немесе белгісіз гестациялық мерзімдегі толық 22 аптадан ерте орын алған клиникалық жүктіліктің кездейсоқ түсік, салмағы 500 грамнан аз эмбрионның/ұрықтың түсуі [1,2].

Хаттама атауы: Қатерлі түсік

ХАЖ-10 коды(-тары):
О20.0 Қатерлі түсік

Хаттамада пайдаланылатын қысқартулар:
ҚЖТ –  қанды жалпы талдау
ӨБТ – өздігінен болған түсік
УДЗ – ультра дыбыстық зерттеу

Хаттаманы дайындау күні: 2014 жыл

Пациенттер санаты: жүктілер

Хаттаманы пайдаланушылар: акушер-гинекологтар, жедел жәрдем дәрігерлері, акушерлер, фельдшерлер.
 

Жіктемесі


Клиникалық жіктелу

ҚТ  сатысы бойынша
[1,2]:
-қатерлі ҚТ – әр түрлі қарқындағы ауырлық синдромның пайда болуы, жатыр мойнағында ешқандай өзгерусіз жыныс жолдарынан шамалы  қан аралас шығындылар болуы мүмкін, жатыр көлемі жүктілік мерзіміне сәйкес келеді; жүктілік белгілері: жүрек айнуы мен құсу, әлсіздік, сүт бездерінің қаттылануы, несеп -жіберудің жиілеуі – кейде пәсеюі байқалады;
-белсенді түсік – қарынның асты жағындағы толғақ тәрізді ауру, жатыр мойнағы дилитациясы көрінісіндегі жыныс жолдарындағы айқын қан аралас шығындылардың болуы;
-толық емес ҚТ – жатыр қуысынан ұрықтық анабез элементтерінің жекелеген пассажымен қосақталады;
-толық ҚТ – жатыр қуысынан ұрықтық анабезінің толық шығуымен қосақталады.

Жүктілік мерзімдері бойынша:
-ерте (12 аптаға дейін);
-кеш (жүктіліктің 13-22 апталары).

Диагностикасы


Диагностикалық іс-шаралардың негізгі және қосымша тізімі:

Амбулаториялық деңгейде жүргізілетін негізгі (міндетті) диагностикалық зерттеулер:
-кіші жамбас ағзаларынынң УДЗ жасау.

Амбулаториялық деңгейде жүргізілетін қосымша диагностикалық зерттеулер:
-қан сарысуындағы адамның хориондық гонадотропинін (АХГ) анықтау;
-қатты қан кеткенде (таза төсем немесе іш киім 5 минуттан кем уақытта толып қалуы):
-қанды жалпы талдау;
-қан сарысуындағы белсендендірілген ішінара тромбопластинді уақытты (БІТУ) анықтау;
-қанның кету уақытын анықтау;
-қан сарысуындағы ПТИ-ді және халықаралық қалыпты қатынасы (ХҚҚ) есептеу арқылы протромбиндік уақытты анықтау (ТУ-ПТИ-ХҚҚ);
-қан сарысуындағы тромбиндік уақытты (ТУ) анықтау.
 
Жоспарлы госпитальдауға жіберу кезінде жүргізуге қажетті тексерудің минимальді тізімі:

Стационарлық деңгейде жүргізілетін негізгі (міндетті) диагностикалық зерттеулер:
-қан кету уақытын анықтау;
-қан сарысуындағы ПТИ-ді және халықаралық қалыпты қатынасы (ХҚҚ) есептеу арқылы протромбиндік уақытты анықтау (ТУ-ПТИ-ХҚҚ);
-қан плазмасындағы белсендендірілген ішінара тромбопластинді уақытты (БІТУ) анықтау;
-қан сарысуындағы тромбиндік уақытты (ТУ) анықтау;
-қанды жалпы талдау;
-несепті жалпы талдау (НЖТ);
-қанның тобын анықтау;
-қанның резус-факторын анықтау;
-гинекологиялық сүртінділердің тазалық деңгейін анықтау;
-кіші жамбас ағзаларының УДЗ-ы.
 
Стационарлық деңгейде жүргізілетін қосымша диагностикалық зерттеулер:
-қан сарысуындағы адамның хориондық гонадотропинін (АХГ) анықтау.

Жедел шұғыл жәрдем көрсету кезінде жүргізілетін  диагностикалық іс-шаралар:
Қатты қан кету кезінде ҚР ДСМ Денсаулық сақтауды дамыту мәселелері жөніндегі сараптау комиссиясы отырысының 2013 жылғы 19 қыркүйектегі №18 хаттамасында бекітілген «Жүктіліктің ерте мерзіміндегі өздігінен пайда болған түсіктен туындаған қан кету» клиникалық хаттамасы басшылыққа алу ұсынылады.
 
Диагностикалық критерийлер:

Шағымдар мен анамнез:
етеккірдің кешігуі, әр түрлі қарқындағы ауырлық синдромның пайда болуы, жатыр мойнағында ешқандай өзгерусіз жыныс жолдарынан шамалы қан аралас шығындылардың болуы; жүрек айнуы мен құсу, әлсіздік,  несеп жіберудің жиілеуі;

Физикалды тексеру: әр түрлі қарқындағы қанның кетуі, жатыр мойыншығы жабық, жатыр жүктілік мерзіміне сәйкес келеді, сүт бездерінің қаттылануы;

Зертханалық зерттеулер:

Аспаптық зерттеулер:

Кіші жатыр ағзаларының
УДЗ: жүктіліктің болуы, гестация мерзіміне сәйкес келуі.

Бейінді маманның кеңесін алудың көрсетімдер: мамандардың кеңесі жүргізілмейді.

Дифференциалды диагноз


Сараланған диагноз [3]

Ауру Шағымдар Жатыр мойнағын айнамен қарау, бимануальды зерттеу Хориондық гонадотропин Ультра
дыбыстық
зерттеу
Жатыр мойнағының немесе қынаптың қатерсіз және қатерлі аурулары Жыныс жолдарындағы қан аралас шығындылардың болуы Жатыр мойнағының өзгерістері, жыныс жолдарынан қан аралас шығындылардың болуы Тест теріс Жатыр қуысында анабез анықталмады
Қатерлі түсік Етеккірдің кешігуі, іштің төменгі жағындағы тартатын аурулар, жыныс жолдарынан шамалы қан аралас шығындылар Шамалы қан аралас шығындылар, жатыр мойнағы жабық, жатыр жүктілік мерзіміне сәйкес келеді. Жүктілік мерзіміне сәйкес келеді немесе біршама кем Жатыр қуысында ұрықтық анабез анықталады, қанды ісік түзілген ажираған  учаскелер болуы мүмкін
Жатырдан тыс жүктілік Етеккірдің кешігуі, іштің ауруы, есінен танатын ахуал, шамалы әлсіз қанның кетуі, қуық қалбыршағының немесе тік ішектегі тысыраюды сезіну, иықтың ауруы (құрсақтың ішінде қан кетуі себепті диафрагмальды жүйкенің тітіркенуі) Цервикальды каналдан шамалы қан аралас шығындылар, жатыр мойнағының жабықтығы, жатыр қалыптыдан гөрі үлкенірек, жатыр қалыптыдан гөрі жұмсақтау, қосалқылардағы ауырлық, жатыр мойнағының қозғалысы кезінде ауырлық, қынаптың артқы жағының дүрдиюі (қан жиналғаны әсерінен) Жүктіліктің аталған мерзіміне қабылданған қалыптан аз, бірақ қалып шегінде болуы мүмкін Жатыр қуысында ұрықтық анабез анықталмады, қосалқыларда түзілу анықталады. Эмбрионның және жатыр қуысынан тыс оның жүрек жиырылуының көрінуі мүмкін.Құрсақ қуысында бос сұйық анықталуы мүмкін.
Кірме Қан аралас шығындылар, етеккірдің кешігуі, іштің төменгі жағында тартатын аурулар болуы мүмкін. Тоқтамайтын құсумен, преэлампсиямен, тиреотоксикозбен қатар жүруі мүмкін. Болжамалы жүктілік мерзіміне сәйкес келетін қалыптан жатырдың үлкен болуы, жатыр мойнағы ашық, шоқ жүзім тәріздес ұрық фрагментінің ішінара бөлінуі Аталған жүктілік мерзіміне арналған қалыптан үлкен Жатырда бөртпеден өзгертілген хорион анықталады, эмбрион жоқ
Етеккір циклының бұзылуы Етеккірдің кешігуі, қан аралас шығындылардың болуы. Әдетте бұл осы тәрізді бұзылулардың біріншісі емес Жатыр мойнағы жабық, жатыр қалыпты көлемде Тест теріс Жатыр қуысында ұрықтық анабез анықталмады
Толық түсік Етеккірдің кешігуі, іштің төменгі жағының шамалы тартылуы/ауыру, анамнезде ұрық фрагментінің бөлінуі Шамалы қан кету, жатыр мойнағының жабықтығы, жатыр жүктілік мерзіміне сәйкес келетін қалыптан кіші, жатыр қалыптан жұмсақ
 
Жүктіліктің аталған мерзіміне қабылданған қалыптан аз, бірақ қалыптың шегінде Жатыр қуысында ұрықтық анабез анықталмады
Белсенді түсік Етеккірдің кешігуі, іштің төменгі жағының әлсіз тартылуы/ауыру, ұрық фрагменттерінің бөлінуі Қатты қан кету, жатыр мойнағы ашық, жатыр жүктілік мерзіміне сәйкес келеді Жүктіліктің аталған мерзіміне сәйкес келеді және біршама аз
 
Жатыр қуысында ұрықтық жұмыртқаның қалдықтары анықталады.
Толық емес жүктілік
 
 
 
 
 
 
Етеккірдің кешігуі, іштің төменгі жағының әлсіз тартылуы/ауыру, ұрық фрагментінің ішінара бөлінуі Қатты қан кету, жатыр мойыншығы ашық, жатыр жүктілік мерзіміне сәйкес келеді Жүктіліктің аталған мерзіміне сәйкес келеді және біршама аз
 
Жатыр қуысында ұрықтық анабезінің қалдықтары анықталады.ІІ триместрде – ұрық жолдасы қабығының қалдықтары анықталады.
 
 
 
Орын алмаған түсік Етеккірдің кешігуі, іштің төменгі жағындағы тартатын аурулар, орын алмаған түсікті тоқтатқан кезде жыныс жолдарынан қанның бөлінуі.
 
 
Жатыр мойнағының жабықтығы, жатыр жүктілік мерзіміне сәйкес келеді немесе кейде әлсіз қан бөліну Төмендетілген Жатырда ұрықтық анабезі 3 аптаға кіші немесе болжанатын жүктіліктің мерзімінен артық, ұрықтың жүрек сжиырылуы жоқ.
- Әлсіз қан кету: төсемнің немесе іш киімнің толық толуына 5 минуттан артық уақыт кетеді.
- Қатты қан кету: төсемнің немесе іш киімнің толық толуына 5 минуттан аз уақыт кетеді.
       
           
 

Емдеу тактикасы


Емдеу мақсаттары:

-жүктілікті жалғастыру

Емдеу тәсілі ***:
дәрісіз емдеу:
-денеге күш түсіруді тоқтату;
-жыныстық қатынасты тоқтату;
-төсекке тартылып жатудың қажеттілігі жоқ [4, 5];
-психологиялық қолдау. 

Дәрімен емдеу қарастырылмаған [6, 7].

Амбулаториялық деңгейде дәрі-дәрмекпен емдеу: қарастырылмаған.

Стационарлық деңгейде дәрімен емдеу:

Қатты қан кету кезінде ҚР ДСМ Денсаулық сақтауды дамыту мәселелері жөніндегі сараптау комиссиясы отырысының 2013 жылғы 19 қыркүйектегі №18 хаттамасында бекітілген «Жүктіліктің ерте мерзіміндегі өздігінен пайда болған түсіктен туындаған қан кету» клиникалық хаттамасы басшылыққа алу ұсынылады.


Жедел шұғыл жәрдем көрсету кезіндегі дәрі-дәрмекпен емдеу:
Қатты қан кету кезінде ҚР ДСМ Денсаулық сақтауды дамыту мәселелері жөніндегі сараптау комиссиясы отырысының 2013 жылғы 19 қыркүйектегі №18 хаттамасында бекітілген «Жүктіліктің ерте мерзіміндегі өздігінен пайда болған түсіктен туындаған қан кету» клиникалық хаттамасы басшылыққа алу ұсынылады.

Емдеудің басқа түрлері: жүргізілмейді


Амбулаториялық деңгейдегі емдеудің басқа түрлері:

Истмико-цервикальды жеткіліксіздік бар болғанда жатыр мойнағына пессария кою.

Стационарлық деңгейде көрсетілетін басқа түрлер:

Истмикалық-цервикальды жеткіліксіздік бар болғанда жатыр мойынағына пессария кою.

Жедел шұғыл жәрдем көрсетуде  дәрі-дәрмекпен емдеу: жүргізілмейді.
 
Хирургиялық араласу:
амбулаториялық жағдайларда хирургиялық араласу:
жүргізілмейді.
стационарлық жағдайларда хирургиялық араласу: жүргізілмейді.
Истмико-цервикальды жеткілісіздік бар болғанда жатыр мойнағын тігу.
 
Әрі қарай жүргізу:
-жүктілік сақталған жағдайда емханада диспансерлік қадағалауда тұру
-жүктілікті тоқтатқан кезде контрацепция, көтере алмауды диагностикалау, жүктілікке кешенді дайындық жүргізу.


Емдеу және диагностика әдістерінің қауіпсіздігі және тиімді емдеу индикаторлары:
-жүктілікті жалғастыру.

 

Ауруханаға жатқызу


Госпитальдау үлгісін көрсетумен госпитальдау үшін көрсетімдер*** (жоспарлы, шұғыл):

Шұғыл госпитальдау 22 аптаға дейінгі жүктілік мерзімінде түсікпен байланысты жыныс жолдарынан қанның кету байқалғанда.

Жоспарлы госпитальдау  жүргізілмейді.

Алдын алуы


Профилактикалық іс-шаралар: жүктілік өздігінен қайта үзілген кезінде көтере алмау себебіне диагностика жасау, жүктілікке кешенді дайындықты жүргізу.
 

Ақпарат

Пайдаланған әдебиеттің тізбесі

  1. Протоколы заседаний Экспертной комиссии по вопросам развития здравоохранения МЗ РК, 2014
    1. 1) Интегрированное ведение беременности и родов. Оказание помощи при осложненном течении беременности и родов: руководство для акушерок и врачей. ВОЗ. 2006 жылы қаралды. 2) Оказание помощи при осложненном течении беременности и родов. Руководство для врачей и акушерок. ВОЗ, 2003 жыл. 3) Оказание помощи при осложненном течении беременности и родов. Руководство для врачей и акушерок. ВОЗ, 2003 жыл. 4) Aleman A, Althabe F, Belizan J, Bergel E. Bed rest during pregnancy for preventing miscarriage. Cochrane Database of Systematic Reviews 2005; 2: Art. No. CD003576. 5) Haritha Sagili, Mike Divers. Review Modern management of miscarriage. The Obstetrician & Gynaecologist 2007;9:102-108. 6) Pain and bleeding in early pregnancy: assessment and initial management of ectopic pregnancy and miscarriage in the first trimester Draft for stakeholder consultation - June 2012/ RCOG Press at the Royal College of Obstetricians and Gynaecologists, 27 Sussex Place, Regent's Park, London NW1 4RG. 7) Ectopic pregnancy and miscarriage: diagnosis and initial management in early pregnancy of ectopic pregnancy and miscarriage. 2012 Dec. NGC: 009519 National Collaborating Centre for Women's and Children's Health - National Government Agency [Non-U.S.]. View all guidelines by the developer(s). 8) Royal College of Obstetricians and Gynaecologists. The care of women requesting induced abortion. London: RCOG Press; 2004. 9) Pandian R.U. 2009. Dydrogesterone in threatened miscarriage: A Malaysian experience. Maturitas; 16 1:S47-S50. 10) Palagiano A., Bulletti С, Pace M.C., Ziegler D., Cicinelli E., Izzo A. 2004. Effects of vaginal progesterone on pain and uterine contractility in patients with threatened abortion before 14 weeks of pregnancy. Annals of the New York Academy of Sciences; 200-210. 11) Omar M.H., Mashita M.K., Lim P.S., Jamil M.A. 2005. Dydrogesterone in threatened abortion: 9 pregnancy outcome. Journal of Steroid Biochemistry and Molecular Biology; 5:421-425. 12) Wahabi H.F., Fayed A.A.JEsmaeil S.A., Al Zeidan R.A. 2011. Progestogen for treating threatened miscarriage. The Cochrane Library, 2011, Issue 12.

Ақпарат

Біліктілік деректері көрсетілген хаттаманы әзірлеушілер тізімі:
  1. Т.А.Патсаев – м.ғ.д., «Акушерия, гинекология және перинатология» ғылыми орталығының операциялық блогының меңгерушісі.
  2. Ф.Н.Тілеубердиева – м.ғ.к., Астана қаласы Денсаулық сақтау басқармасының бас маманы.
  3. Бақыбаев Дидар Ержомартович – «Республикалық нейрохирургия ғылыми орталығы» АҚ клиникалық фармакологы.
 Мүдделер  қақтығысының жоқтығын көрсету: жоқ. 
 Пікір иесі:
Г.Б. Бапаева -  медицина ғылымдарының докторы, «Ұлттық ана мен бала ғылыми орталығы» АҚ ғылым және ғылыми зерттеулер менеджменті бөлімінің бастығы.

Қазықтаулы файлдар

Назар аударыңыз!

  • Занимаясь самолечением, вы можете нанести непоправимый вред своему здоровью.  
  • Информация, размещенная на сайте MedElement и в мобильных приложениях "MedElement (МедЭлемент)", "Lekar Pro", "Dariger Pro", "Заболевания: справочник терапевта", не может и не должна заменять очную консультацию врача. Обязательно обращайтесь в медицинские учреждения при наличии каких-либо заболеваний или беспокоящих вас симптомов.  
  • Выбор лекарственных средств и их дозировки, должен быть оговорен со специалистом. Только врач может назначить нужное лекарство и его дозировку с учетом заболевания и состояния организма больного.  
  • Сайт MedElement и мобильные приложения "MedElement (МедЭлемент)", "Lekar Pro", "Dariger Pro", "Заболевания: справочник терапевта" являются исключительно информационно-справочными ресурсами. Информация, размещенная на данном сайте, не должна использоваться для самовольного изменения предписаний врача.  
  • Редакция MedElement не несет ответственности за какой-либо ущерб здоровью или материальный ущерб, возникший в результате использования данного сайта.
На главную
Наверх