Қалыптасқан азулары бар тұрақты тістердің созылмалы қарапайым пульпиті (педиатрия)

Версия: ҚР ДСМ клиникалық хаттамалар - 2014 (Қазақстан)

Пульпит (K04.0)
Педиатрия, Стоматология детская

Анықтамасы

Анықтамасы

Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау және әлеуметтік
даму министрлігінің
«Денсаулық сақтауды дамыту
республикалық орталығы» ШЖҚ РМК
Сараптама кеңесі ұсынған
2014 жылғы 12 желтоқсандағы
№ 9 хаттама
 

Пульпит – пульпаның қабынуы. Пульпит тісжегінің аяқталуы болып табылады; пульпада қабынудың дамуы микрофлораның сипатына қарай болады [1,4].
Созылмалы қарапайым пульпит – бұл жіті пульпиттің аяқталуы болып табылатын пульпиттің жиі кездесетін нысаны. Ағзасының төменгі реактивтілігі бар адамдарда кейде созылмалы фиброзды пульпит қабынудың алдын ала клиникалық айқын жіті сатысынсыз туындауы мүмкін. [5].

Атауы:     Қалыптасқан азулары бар тұрақты тістердің созылмалы қарапайым пульпиті.

Хаттама коды:

АХЖ-10 кодтары:

К04.0 Пульпит

Хаттамада пайдаланылатын қысқартулар:

Хаттаманың әзірленген күні: 2014 жыл

Пациенттер санаты: балалар

Хаттаманы пайдаланушылар: балалар стоматологтері.

Жіктемесі


Клиникалық жіктемесі [1]:


I. Сүт тістерінің жіті пульпиттері:
• жіті сірнелі пульпит
• жіті іріңді пульпит
• процеске периодонтты немесе жергілікті лимфа түйіндерін тартатын
жіті пульпит

II. Тұрақты тістердің жіті пульпиттері:
• жіті сірнелі ішінара пульпит (азуларымен қалыптасқан тістерде
болуы мүмкін)
• жіті сірнелі жалпы пульпит
• жіті іріңді ішінара пульпит
• жіті іріңді жалпы пульпит

III. Сүт және тұрақты тістердің созылмалы пульпиттері:
• қарапайым созылмалы пульпит
• созылмалы пролиферативті пульпит
• созылмалы пролиферативті гипертрофиялық
• созылмалы гангреналы пульпит

IV. Сүт және тұрақты тістердің созылмалы асқынған пульпиттері:

Диагностикасы


Негізгі және қосымша диагностикалық іс-шаралардың тізбесі:


Амбулаториялық деңгейде жүргізілетін негізгі (міндетті) диагностикалық тексеріп-қарау:
шағымдар мен анамнездерді жинау;
физикалық тексеріп-қарау.

Амбулаториялық деңгейде жүргізілетін қосымша диагностикалық тексеріп-қарау:
рентгенологиялық зерттеулер;
электроодонтометрия;
тісті зондтау.
 
Жоспарлы емдеуге жатқызуға жолдау кезінде жүргізілуі қажет тексеріп-қараудың ең аз тізбесі: Жүргізілмейді.
 

Диагностикалық критерийлер:
 
Шағымдар: қатты тамақ түскен кезде не салқыннан, ыстықтан болатын тіс ауруына. Тітіркендіргіштерді жойған кезде ауру біртіндеп басылады.
Анамнез:  бұдан бұрын өздігінен ауыратын немесе қақсайтын аурулар байқалды.
 
Физикалық тексеріп-қарау. Жұлған кезде тіс қуысының ашылғаны табылатын жұмсартылған дентині бар жегілі қуыстың созылмалы қарапайым пульпиті.  Перкуссия ауырмайды, тіс түбінің проекциясын пальпациялау кезінде патология анықталмаған. Зерттеу кезінде суыққа, ыстыққа ауырсыну реакциясы.

Зертханалық зерттеулер. Жоқ

Аспаптық зерттеулер:
Рентгенологиялық зерттеу: пульпиттің созылмалы нысандары кезінде периодонт тіндерінде өзгерістер болуы мүмкін – бифуркация айналасында сүйек суретінің әлсіреуі, периодонтты тесіктердің болар-болмас кеңеюі, альвеоланың кортикалды пластиналарының бұзылуы.
Зондтау: ауыртып, әсңресе тістің ашылған қуысының айналасында ауыртып зондтау.
Электроодонтометрия: электрооднометрия көрсеткіштерінің деңгейі 20-40 мкА.
 
Мамандардың консультациясы үшін көрсетімдер. Жүргізілмейді.

Дифференциалды диагноз


Сараланған диагноз:

№1-кесте. Тұрақты тістердің жіті пульпиті, созылмалы перодонтиті, созылмалы гангреналы пульпиті, созылмалы гипертрофикалық пульпиті бар сараланған диагноз.
 

Диагноз Шағымдар Анамнез Объективті дәрежесі
Созылмалы қарапайым пульпит Қатты тамақ түскен кезде не суықтан, ыстықтан болатын тіс ауруына. Тітіркендіргіштерді жойған кезде ауру біртіндеп басылады. Бұдан бұрын өздігінен ауыратын немесе қақсайтын аурулар байқалды.
 
Жұлған кезде тіс қуысының ашылғаны табылатын жұмсартылған дентині бар жегілі қуыс
Тұрақты тістердің жіті пульпиті Жіті ауру бір күн ішінде алғаш рет пайда болды. Острая Өзінен-өзі басталатын ұстамалы аурулар;                     тітіркендіргіштерден және түнде күшейеді
 
 
Жегілі қуыста жұмсартылған дентиннің көп көлемі, тісті қоршап тұрған сілемейлі қабық өзгеріссіз, тістің перкуссиясы ауырмайды, жегілі (кариозды) ауыз қуысының түбін бір нүктеде ауыртып зондтау.
Созылмалы гангреналы пульпит Ыстық температуралық тітіркендіргішке, әсіресе суық пен ыстықты кезектестіргенде ақырын үдейтін қақсайтын ауру. Тіс бұрын қатты ауырған, бірақ артынан ауыру біртіндеп басылды.
 
Тістің түсі сұр, ауқымды ашылған тіс қуысы бар терең жегілі қуыс
Созылмалы перодонтит Тістеген кезде қолайсыздық сезімі болмауы немесе болуы мүмкін. Бұрын қызыл етте ісіну және ушығу кезінде ауырып тұрған тісті тістеген кездегі ауруға
 
Тамақ қалдықтары толып қалған терең жегілі қуыс, тістің қуысы ашылған, ауыртпай зондтау
Созылмалы гипертрофикалық пульпит. Шайнаған кезде тістің қанауына, тіске қатты тамақ түскен кезде болатын ауруға Жақын арада болған өзінен-өзі басталатын қатты аурулар Жұқарған қабырғалары бар, өскен пульпамен толған ауқымды жегілі қуыс,   гипертрофикалық пульпа тіс қуысы қақпағының перфарациялық саңылауынан өседі;
 

Емдеу тактикасы


Емдеу мақсаттары:

ауырсыну синдромын жою;
қабыну ошағын жою;
тістің анатомиялық пішіні мен функциясын қалпына келтіру.


Емдеу тактикасы:

Қайта жасалған ГКС пульс-терапиясы жіті ажыратылуды емдеуде нәтижелі болуы мүмкін, бірақ антиденелерді қолдану алдында пульс-терапияны екі курстан артық тағайындамаған жөн. Көптеген хаттамалар қайталанған бүкіл ажыратылулар кезінде ағымы қолайлы немесе кем дегенде бірінші эпизодтан кейін бірнеше апта өткен соң дами бастағандарды есептемегенде, антиденелермен емдеуді ұсынады.

Егер пульс-терапияға тез арада жауап болмаса, антиденелермен емдеуді бірден бастап кеткен жақсы, басқа хаттамалар бірнеше күн тосуды жөн көреді. Пульс-терапияға қарамастан, бүйрек функциясы жылдам нашарлай бастаса, тез арада антитимоцитті иммуноглобулинмен емдеуді бастау керек.

Ажыратылуды емдеуде антитимоцитарлы иммуноглобулиннің дозасы индукциялықпен салыстырғанда жоғары болуы мүмкін, ал емдеу ұзақтығы 5-7 күннен кем болмауы тиіс. Емдеу курсы бойы гематологиялық көрсеткіштерді бақылап, профилактика үшін 2-3 апта ганцикловирді қолдану қажет. Сондай-ақ циклоспориннен такролимусқа ауысу немесе микофенолаттарды қосу, бұған дейін оларды алып көрмеген пациенттерге ажыратылудың қайталанған эпизодтарында да көрсетілуі мүмкін.

Дәрі-дәрмексіз емдеу:
балансталған және ұтымды тамақтану;
гигиеналық тәрбие, ауыз қуысы гигиенасына оқыту


Дәрі-дәрмекпен емдеу:

Виталды пульпоэктомия – бұл, тіссауытты және азу пульпасын кейіннен азу каналдарын пломбалай отырып, ауырсынуды басумен жұлуды көздейтін әдіс.
ауырсынуды басу (инфильтрациялық, өткізгіштік);
жегілі қуысты ашу, некротомия;
тіс қуысын ашу және жазу;
пульпоэктомия (тссауытты және азу пульпасын жұлу);
азу каналдарын эндодонттық және антисептиктік тазалау;
азу каналдарын пломбалау.
тісті пломбалау

Амбулаториялық деңгейде көрсетілетін дәрі-дәрмектік ем:
негізгі дәрілік заттар тізбесі (100% қолданылу мүмкіндігі бар):

Анестезиялайтын заттар:
-лидокаин ерітіндісі 2%- 2мл.
-мепивакаин
-лидокаин 10% - аэрозоль;
-анестезиялайтын гелдер -20%.

Антисептикалық заттар:
-хлоргексидин 0,05%-100мл,
-су тегі тотығы 3%-100мл. Пломбалау материалдары:

Азу каналдарын пломбалауға арналған материал:

-Эндофил – 15г ұнтақ, 15 мл сұйықтық. Оқшаулайтын төсеме:
-Висцин - ұнтақ 50 г, сұйықтық 30 мл. Шыныиономерлі цементтер:
-Кетак Моляр - 12,5г ұнтақ, 8,5 мл сұйықтық,
-Глассин Рест - 10 г ұнтақ 8 мл сұйықтық,
-Цемион – ұнтақ 20г, сұйықтық 10мл, кондиционер 10мл, лак 10мл. Азу каналдарын пломбалауға арналған материал:

Химиялық қатайту композиттері:
-КомпоЛайф Плюс: 
базалық паста -14г,
катализациялайтын паста -14г,
бонд-6 мл,
-катализациялайтын гель -7 мл. Харизма ППФ:
базалық паста -12г
катализациялайтын паста 12г,
бонд-6 мл,
дәрілейтін гель -2,5 мл.
 
Стационарлық деңгейде көрсетілетін дәрі-дәрмектік ем: Жүргізілмейді.
Медициналық жәрдем кезеңінде көрсетілетін дәрі-дәрмектік ем:
 

Хирургиялық араласу: жоқ.

 
Диспансерлік бақылау: тіс жегісінің белсенділігі дәрежесіне қарай жылына 1,2,3 рет тексеріп-қарау..


Ем тиімділігінің индикаторлары.

патологиялық процесті басу,
тістің анатомиялық түрі мен функциясын қалпына келтіру,
асқынулардың дамуының алдын алу.

Алдын алуы


Профилактикалық іс-шаралар:
Ұтымды тамақтану – құрамында жеңіл ферменттелетін көміртегілер, бірінші кезекте қант бар өнімдерді рационда азайту;
ауыз қуысының өз бетінше тазаруына ықпал ететін шикі көкөністер мен жемістерді күн сайын тұтыну.
Гигиеналық тәрбие және ауыз қуысы гигиенасына оқыту
Құрамында фтор бар тіс пасталарын (суда фтор тапшы болған кезде) қолдану;
 

Ақпарат

Пайдаланған әдебиеттің тізбесі

  1. Протоколы заседаний Экспертной комиссии по вопросам развития здравоохранения МЗ РК, 2014
    1. Хаттаманың дайындау кезінде пайдалынылған әдебиеттер: 1) Лекции по стоматологии детского возраста. авт. проф.Т.К. Супиев г Алматы 2013г 2) Терапевтическая стоматология детского возраста Л.А.Хомченко.г.Москва,2007 г 3) Терапевтическая стоматология детского возраста Н.В.Курякина Новгород, 2004 г 4) Стоматология детского возраста. Л.С.Персин, В.М.Елизарова, С.В.Дьякова, Москва, 2003 г. 5) Терапевтическая стоматология. Е.В. Боровский, Ю.Д. Барышева, Ю.М. Максимовский и др. Москва 1997 г. 6) Профилактика стоматологических заболеваний. Т.К.Супиев, С.Б.Улитковский, О.М.Мирзабеков, Э.Т.Супиева.гАлматы, 2009г

Ақпарат

Әзірлеушілердің тізімі:
1) Негаметзянов Нурислам Гарифзянович – м.ғ.д., ҚР ДСӘМ штаттан тыс бас балалар стоматологі. Алматы қаласы ДСБ «Балалар стоматологиялық емханасы» ШЖҚ МҚК бас дәрігері.
2) Сұршанов Ертай Қызырұлы - Алматы қаласы ДСБ «Балалар стоматологиялық емханасы» ШЖҚ МҚК бас дәрігерінің емдеу жұмысы жөніндегі орынбасары

Мүдделер қақтығысының жоқтығын көрсету: жоқ.

Рецензенттер:
Супиев Тұрған Құрбанұлы - м.ғ.д., «С.Ж.Асфендияров атындағы ҚазҰМУ»   
ШЖҚ РМК, ДБИ стоматология және ЖБХ кафедрасының профессоры.

Қазықтаулы файлдар

Назар аударыңыз!

  • Занимаясь самолечением, вы можете нанести непоправимый вред своему здоровью.  
  • Информация, размещенная на сайте MedElement и в мобильных приложениях "MedElement (МедЭлемент)", "Lekar Pro", "Dariger Pro", "Заболевания: справочник терапевта", не может и не должна заменять очную консультацию врача. Обязательно обращайтесь в медицинские учреждения при наличии каких-либо заболеваний или беспокоящих вас симптомов.  
  • Выбор лекарственных средств и их дозировки, должен быть оговорен со специалистом. Только врач может назначить нужное лекарство и его дозировку с учетом заболевания и состояния организма больного.  
  • Сайт MedElement и мобильные приложения "MedElement (МедЭлемент)", "Lekar Pro", "Dariger Pro", "Заболевания: справочник терапевта" являются исключительно информационно-справочными ресурсами. Информация, размещенная на данном сайте, не должна использоваться для самовольного изменения предписаний врача.  
  • Редакция MedElement не несет ответственности за какой-либо ущерб здоровью или материальный ущерб, возникший в результате использования данного сайта.
На главную
Наверх