Войти

Іншек пен сарпайдың өзге қабынбалы аурулары

P-O-023

РЦРЗ (Республиканский центр развития здравоохранения МЗ РК)
Версия: Архив - Аурулардың диагностикасы және емдеу хаттамалары (Приказ №764, 2007, №165, 2012)

Другие уточненные воспалительные болезни влагалища и вульвы (N76.8)

Анықтамасы

Анықтамасы


Анықтамасы:  Вульвовагинит - бұл сарпай немесе іншектің қабынуы жəне жарылуы.


Хаттама коды: P-O-023  "Іншек пен сарпайдың өзге қабынбалы аурулары"
Акушерлік-гинекологиялық саладағы поликлиникалар үшін.
АХЖ - 10 бойынша коды (кодтары):
N 76.     Іншек пен сарпайдың өзге қабынбалы аурулары.
N 76.0. Жіті вагинит.
N 76.1. Жіті жəне созылмалы вагинит.
N 76.2. Жіті вульвит.
N 76.3. Жіті жəне созылмалы вульвит.
N 76.4. Сарпайдың іріңдеуі (абсцесс вульвы).
N 76.5. Іншектің жараға айналуы.
N 76.6. Сарпайдың жараға айналуы.
N 76.7. Іншек пен сарпайдың өзге анықталған қабынбалы аурулары.
Мобильное приложение "MedElement"

- Профессиональные медицинские справочники. Стандарты лечения 

- Коммуникация с пациентами: вопросы, отзывы, запись на прием

Скачать приложение для ANDROID 

Мобильное приложение "MedElement"

- Профессиональные медицинские справочники

- Коммуникация с пациентами: вопросы, отзывы, запись на прием

Скачать приложение для ANDROID 

Жіктемесі


Жіктемесі
 
Вульвовагиниттер:
 
1. Клиникалық саты бойнша:
- жіті (1 айдан аса емемс);
- жітілеу (3айға дейін);
- созылмалы (3 айдан жоғары).
 
2. Этимология бойынша:
- тəн (трихомоноз, соз);
- тəн емес:
а) Алғашқы (бостапқы) тəн еместер – (генатомий) жыныс мүшелеріне физикалық (механикалық) химиялық немесе жұқпалы факторлардың тікелей əсер беруі.
б) Туынды тəн еместер - алғашқы, жалпы немесе жергілікті аурулардың салдарынан болады.

Қауіп-қатерлі факторлар


Қауіп-қатерлі факторлар:
- жыныстық жұптарының көп болуы;
- жыныстық жұбын жақында ауыстыруы;
- үдеме душты жиі пайдалануы;
- антибиотиктер қабылдау;
- оральдық контрацептиверді қабылдау;
- коррегирленбеген қантты диабеті;
- иммунитеттің бұзылуы;
- жеке гигиена ережелерін дұрыс сақтау бақылауының төмендеуі;
- зиянды əдеттер (темекі тарту, ішімдік ішу);
- алиментарлық бұзушылық (тамақты артық ішу, экстрактивтік заттарға байтағамдар, шоколад, тəттілер, аллергендерді мөлшерінен көп пайдалану).

Диагностика


Диагностикалық критерилер
 
Шағымдар жəне анамнез
 
Вульвовагинит:
Вульвовагиниттердің пайда болуына əсер ететін анамнестикалық белгілер осы немесе басқа факторларға мүмкіндік туғызады: түрлі гигиена құралдары, дəрі–дəрмектер қабылдау, бірнеше жыныс жұптарының болуы, қантты диабет экзема, псориоздық бұзылыстар, тік ішек аурулары, күю жəне т.б.

Шағымдар:
Вульвогинит:
1. Жедел кезеңі: ауырсыну, ашыту, іншекті жəне сыртқы жыныс мүше маңайларының қышуы оның кіші дəрет жəне жүру кезіндегі үдеуі, сұйытың көп бөлінуі, жалпы мазасы болмау, ұйқының бұзылуы, температураның көтерілуі.
2. Созылмалы кезеңі: көрсетілген белгілер аз байқалады, негізінен жыныс жолдарынан сірілі жəне іріңді түрдегі сұйықтықтың бөлінуі жайсыздық тудырады.

Физикалық белгілер:
Вульвовагинит:
Тексеру кезінде қасағаның жағдайына, іншекке, уретерға, анальдық тесік аймағына, жатыр мойнына назар аударылады. Бимануальдық зерттеулерде – жатыр жəне ана безінің жағдайына қарайды.
Жедел кезенінде іншектің жəне қасағаның шырышты қабаты гиперемиясымен ісінуі сипатталады.
Бөліну сипаты қоздырушыға байланысты.
1. Бактериялық вагинозда жыныс қатынасынан кейін үдейтін балық исіне ұқсас ақ етеккір келеді.
2. Кандидоздық вульвовагинитте – ақ түсті қою құрамды бөлінулер бөлінеді (ірімтікті).
3. Трихомонозда – жасыл-сарғылтым түсті жағымсыз иісті бөлінулер болады көпіршікті сипатта да болуы мүмкін.
 
Созылмалы кезеңі: жыныс жолдарынан тек қана бөлінулер болуы мүмкін.

Инструменталдық зерттеулер:
Вульвовагинит:
- кольпоскопиямен тексерген уақытта іншектің жəне шырышты қасағаның ісінуі мен гиперемия анықталады сондай-ақ инфильтрат көрсеткіштерімен қызғылтым түйінді болуы мүмкін, эпителиальдық қабығынан бөлектелген жəне түйінді нүктелі қан кету  құйылу;
-  трихомониазда – құлпынай белсенділігі 20℅ жағдайлар анықталады. Нүктелік қан құюларымен көмкерілген жатыр мойынын еске түсіреді.
-  қыздарға вагиноскопия жүргізгенде қабынудың ағымдағы қайталануы жəне полипоз қаупі, жаңа ісіктер бөгде дене көруге болады.
-  УДЗ
 
Мамандар консультиациясы үшін көрсетімдер:
- аллергиялық вульвовагинитке аллерголог консультациясы;
- қантты диабет қаупіне эндокринолог консультациясы;
- алғашқы ауру белгілеріне онколог консультациясы;
- негізгі жұқпалы ауруларға инфекционист консультациясы.

Негізігі диагностикалық шаралар тізімі:
- анамнез;
- шағымдар;
- айнамен гинекалогиялық бақылау жəне бимануальдық тексеру;
- қасаға қабаты мен іншектен бөлек бактериоскопиялық жəне - бактериологиялық зерттеу;
- хламидиялық жəне соз жұқпалы ауруларына жағынды зерттеу жүргізу.
 
Қосымша диагностикалық шаралар тізімі:
- кольпоскопия;
- жалпы қан анализі;
- жалпы зəр анализі;
- зəрді бактериологиялық зерттеу;
- вагионоскопия;
- УДЗ.

Лабораторлық зерттеулер


Лабороторлық зерттеулер:
Вульвовагинит:
- қасаға айналасымен іншектен бөлек бактериологиялық жəне бактериоскопиялық зерттеулер;
- хламидия жəне соз инфекциясына байланысты зерттеу;
- жалпы қан талдауы (анализі);
- жалпы кіші дəрет талдауы (зəр);
- кіші дəретті бактериологиялық зерттеу.

Дифференциалды диагноз


Дифференциалды диагнстика:
Вульвовагинит:
- қалыпты ақ етеккір;
- іншектің жұқпалы аурулары;
- цирвицит (хламидиялық, создық);
- герпетикалық инфекция (əсіресе жара жабылғанда);
- атрофикалық вагинит;
- аллергиялық, химиялық немесе қатынасты вагинит.

Емдеу тактикасы


Емдеу тактикасы
 
Ем мақсаты:
1. Вульвовагинит тутырушысының себебін жою.
2. Негізгі вульвовагинитті емдеу.
 
Дəрі-дəрмексіз ем:  жоқ.

Дəрі-дəрмектік ем:
Инфекцияны анықтау жəне оған сезімдікті есептеу түріндегі антибактериалдық терапия (амоксициллин+клавулан қышқылы, метронидазол).
1. Бактериальдық вагиноз;
- метронидазолды ішке қабылдау (бір рет немесе жеті күндік курс немесе метронидаздік гелін іншекке салу 5 күн)
2. Кандидозды вульвовагинит:
- саңырауқұлаққа қарсы препараттарда жергілікті форма түрінде рецепсіз қабылдайды (тиімділігі 85-90℅) - итраконазол, фулконазол ішке.
3. Трихомониаз:
- метронидазольді ішке қабылдау (бір рет немесе жеті күндік курспен) жыныстық  жұптарын бірге емдеу қажет.

Негізінен вульвовагинитті емдеу:
1.  Жыныстық қатынасты тоқтату.
2.  Жеке гигиенаны сақтау.
3.  Ащы тағамдар мен тұзды азайтып, өсімдік диетасын тиімді пайдалану;
4.  Сыртқы жыныс органдарын жуу немесе күніне іншекті 2-3 рет шаю 3-5 күн аралығында:
- фурациллин ерітіндісімен (1:1000);
- перекис водорода (3℅ ерітінді);
- риванолмен (0,5-0,1℅ ерітінді);
- 3 ℅ ас содасы ерітіндісімен;
- түймедақ тұнбасымен (10г 1 литрге);
- жалбыз жапырақтарымен (14 г 1 литрге);
- бадам тұнбасымен (5г 1 литрге).
5. Жуынғаннан кейін фурациллиндік, цигоральдық май (мазь) жағылады.
6.  Ұйқы бұзылғанда – ұйқы келтіретін препараттар.
7.  Қатты қышу кезінде – антигистаминдік препараттар.
8.  Вирусты вульвовагинит кезінде қасаба жəне іншектің шырышты іншекке жəне теріге жағу жолымен лейкоцитарлық интерферон ерітінді түрінде жəне оксолин (0,25℅-ті) май пайдаланады,  емдеу 15-16 күн.
9.  Вульвовагиниттің ауыр емдеу түріне:
- физиоемдеу УФО;
- жергілікті жерге антибиотиктер пайдалану (микрофлора идентификациясынан кейін жəне оған сезімталдықты анықтау);
- жергілікті гормональдық препараттарды пайдалану (эстрогендер) түрінде шырағдан енгізу;
- зақымдалған эпителияны қалпына келтіру үшін цитраль ерітіндісі (1:20000), балық майы пайдаланылады. Қалыпты жас мөлшеріне немесе төмендетілген доза түрінде А витамині ішке қабылдауға ұсынылады;
- іншек микрофлорасының қалыпты жағдайға келуі ішек дисбактериозын жою жəне іншекке Дедарлейн таяқшасымен қалыптас,  əдейі өсірілген бактерияларды жіберу.
 
Емдеу тактикасы:
Ем мақсаты: Клиникалық сауығу.

Негізгі дəрі-дəрмектер тізімі:
1. Амоксициллин + клавулан қышқылы, 500 мг/125 мг қабықпен қапталған таблеткалар, 875 мг/125 мг, тамыр ішіне енгізу үшін дайындалған флакондағы ұнтақ ерітіндісі 500 мг/100 мг, 1000 мг/ 200 мг.
2. Фурациллин ерітіндісі (1:1000).
3. Сутегі тотығы (перекись) (3℅-ты ерітінді).
4. Риванол (0,5-0,1℅- ерітінді).
5. 3℅-ті ас сода ерітіндісі.
6. Түймедақ тұнбасы (10г 1 литрге).
7. Жалбыз жапырақтарымен (14 г 1 литрге).
8. Бадам тұнбасымен (5г 1 литрге).
9. Эквалипт жапырағының қайнатпасы.
10. Фурациллин мазі.
11. Цигурлық (10℅) мазі.
12. Цитраль ерітіндісі (1:20000).
13. Балық майы.
14. А витамині (таблеткалар).
 
Қосымша дəрі-дəрмектер тізімі:
1. Метронидазоль (вагинальдық гель, таблеткалар).
2. Клиндамицина (вагинальдық крем, таблеткалар).
3. Флуконазол.
4. Итраконазол оральдік ерітіндісі 150 мл-10 мг/мл.
5. Ерітінді түріндегі лейкоциторлық интерферон.
6. Оксолиндік май (мазь) (0,25 ℅-ті).

Ем тиімділігінің индикаторлары:
Жалпы жағдайдың жақсаруы, патологиялық бөлінулердің жоғалуы, іншек микрофлорасының қалпына келуі.

Госпитализация


Шұғыл жəне жоспарлы госпитализациялауға көрсетімдер:
Қыздарға созылыңқы ұзақ ағымдағы вульвовагинитті қалпына келтіру – жоспарлы тəртіпке госпитализациялау.

Профилактика


Біріншілік профилактика:
- жеке гигиенаны сақтау;
- углеводтарды тежеу диетасы, ащы жəне тұзды тағамдар, құнарлы жеміс жəне көкөністер;
- негізгі ауруларды емдеу;
- ағзаның қорғаныс күштерінің жоғарлату;
- кедергі (тосқауыл) контрацепсия əдістерін пайдалану (презерватив).

Сауықтыру шаралары:
- жеке гигиенаны сақтау;
- көмірсуларды шектеу диетасы, ащы жəне тұзды тағамдар, көкөніс жəне жемістерге бай;
- негізгі ауруларды емдеу;
- ағзаның қорғаныс күшін көтеру;
- қорғаныс контрацепция əдістерін пайдалану (презерватив).

Әрі қарай жүргізу, диспансерлеу принциптері:  жоқ.

Ақпарат

Пайдаланған әдебиеттің тізбесі

  1. Аурулардың диагностикасы және емдеу хаттамалары (Приказы №764 - 2007, №165 - 2012)
    1. Хаттаманы дайындау барысында пайдаланылған əдебиеттер: 1. Ectopic pregnancy Search date April 2003 Salpingostomy (open or laparoscopic). Clinical Evidence is a website owned by BMJ Publishing Group Limited, company registration number 3012371. Their registered office is situated at BMA House, Tavistock Square, London WC1H 9JP. VAT Number 674738491. 2. American College of Obstetricians and Gynecologists (ACOG). Medical management of tubal pregnancy. Washington (DC): American College of Obstetricians and Gynecologists (ACOG); 1998 Dec. 7 p. (ACOG practice bulletin; no. 3). 3. Клинические рекомендации, основанные на доказательной медицине: Пер. с англ. /Под ред. Ю.Л. Шевченко, И.Н. Денисова, В.И. Кулакова, Р.М. Хаитова. — 2-е изд., испр. — М.: ГЭОТАР-МЕД, 2002. — 1248 с.: ил. 4. Ectopic pregnancy Search date April 2003 Salpingostomy (open or laparoscopic). Clinical Evidence is a website owned by BMJ Publishing Group Limited, company registration number 3012371. Their registered office is situated at BMA House, Tavistock Square, London WC1H 9JP. VAT Number 674738491. 5. American College of Obstetricians and Gynecologists (ACOG). Medical management of tubal pregnancy. Washington (DC): American College of Obstetricians and Gynecologists (ACOG); 1998 Dec. 7 p. (ACOG practice bulletin; no. 3). 6. Клинические рекомендации, основанные на доказательной медицине: Пер. с англ. / Под ред. Ю.Л. Шевченко, И.Н. Денисова, В.И. Кулакова, Р.М. Хаитова. — 2-е изд., испр. — М.: ГЭОТАР-МЕД, 2002. —1248 с.: ил. 7. Клиническая гинекология, И.В. Дуда, В.И.Дуда, 1999 год. 8. Гинекология подростков, Ю.А. Гуркин, 2000 год. 9. Неоперативная гинекология, В.П. Сметник, 2003 год. 10. Acute Vulvovaginitis. Linda O E. NE Journal of Medicine. Vol 355:1244-52, Sept 2006.

Ақпарат


Əзірлеушілер тізімі:
Мырзабекова Г.Т.    Алматы қаласы адам репродукциясы қалалық орталығының бас дəрігері.
Шакаралиева Э.М . Алматы қаласы адам репродукциясы қалалық орталығы бас дəрігерінің орынбасары.
Гребенникова Г.А.  Алматы қаласы адам репродукциясы қалалық орталығының дəрігері.
Баймурзаева Л.Г.   Алматы қаласы адам репродукциясы қалалық орталығының дəрігері.
Рослякова А.Г.        Алматы қаласы адам репродукциясы қалалық орталығының дəрігері.

Қазықтаулы файлдар

Назар аударыңыз!

  • Занимаясь самолечением, вы можете нанести непоправимый вред своему здоровью.  
  • Информация, размещенная на сайте MedElement и в мобильных приложениях "MedElement (МедЭлемент)", "Lekar Pro", "Dariger Pro", "Заболевания: справочник терапевта", не может и не должна заменять очную консультацию врача. Обязательно обращайтесь в медицинские учреждения при наличии каких-либо заболеваний или беспокоящих вас симптомов.  
  • Выбор лекарственных средств и их дозировки, должен быть оговорен со специалистом. Только врач может назначить нужное лекарство и его дозировку с учетом заболевания и состояния организма больного.  
  • Сайт MedElement и мобильные приложения "MedElement (МедЭлемент)", "Lekar Pro", "Dariger Pro", "Заболевания: справочник терапевта" являются исключительно информационно-справочными ресурсами. Информация, размещенная на данном сайте, не должна использоваться для самовольного изменения предписаний врача.  
  • Редакция MedElement не несет ответственности за какой-либо ущерб здоровью или материальный ущерб, возникший в результате использования данного сайта.
На главную
Наверх