Ювенильді идиопатиялық артрит (педиатрия)

Версия: ҚР ДСМ клиникалық хаттамалар - 2014 (Қазақстан)

Юношеский артрит неуточненный (M08.9)
Ревматология детская

Анықтамасы

Анықтамасы


Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау министрлігі
Денсаулық сақтауды дамыту
мәселелері жөніндегі
сараптау комиссиясында
2014 жылғы «4» шілдедегі
 № 10 хаттамасымен
бекітілген

Анықтама
Ювенильді идиопатиялық артрит  басқа аурулар болмаған кезде 16 жасқа дейінгілерде 6 апта барысында болатын анықталмаған артрит белгілері сияқты анықталады [1]

Хаттаманың атауы: Ювенильді идиопатиялық артрит
 
Хаттама коды:
 
ХАЖ-10 бойынша кодтар:
Жасөспірімдер  (ювенильді) артриті М08 тақрыптамасына қосылған:
М08.0 Жасөспірімдер (ювенильді) ревматоидты артрит (РФ+ и РФ-)
М08.1 Жасөспірімдердің шорбуынды спондилиті
М08.2 Жүйелік бастамамен жасөспірімдер (ювенильді) артриті
М08.3 Жасөспірімдік (ювенильді) полиартрит (серонегативті)
М08.4 Пауциартикулярлы жасөспірімдер (ювенильді) артриті
М08.8 Басқа ювенильді артриттер
М08.9 Анықталмаған жасөспірімдер артриті
 
Хаттаманың  дайындау күні: 2014 жыл.
 
Хаттамада қолданылған қысқартулар:
АЛТ - аланинаминотраснфераза
АНА - антинуклеарлы  антиденелер
ІН анти-Ф – ісіктер некрозының  анти-Факторы
АСЛО - антистрептолизин-0
АСТ - аспаратаминотрансфераза
КЦПА – кезеңдік цитруллинирленген пептидке антиденелер
БІТУ - белсендірілген ішінара тромбопластитинді уақыт
АӨРҚД - ауруды өзгертетін ревматизмге қарсы дәрілер
БД – биологиялық дәрілер
қан БХ – қанның биохимиясы
ГК – глюкокортикоидтар
ДНҚ – дезоксирибонуклеинді қышқыл
КТ – компьютерлік томография
КФК - креатинфосфокиназа
ЛДГ - лактатдегидрогеназа
ЕДШ – емдік дене шынықтыру
ХАЖ – халықаралық аурулар жүйесі
ХҚҚ- халықаралық қалыптандырылған қатынастар
МРТ – магниттік-резонансты  томография
СҚТҚ – - сарысудың қанықпаған темірбайланыстырушы қасиеті
БСҚҚД - бейстероидты қабынуға қарсы дәрілер
ЖКТ – жалпы қан талдау
ЖНТ – жалпы несеп талдау
ПУ – протромбиндік  уақыт
ПТИ – протромбиндік индекс
ПТР - полимераздық-тізбекті реакция
ПГАР - пассивті гемагглютинацияның реакциясы
РФ - ревматоидты фактор
МБС - макрофагтар белсендену синдромы
ЭШЖ - эритроциттердің шөгу жылдамдығы
СРА - С-реактивті ақуыз
ТУ – тромбинді уақыт
ТТГ- тиреотропты гормон
Т3- трийодтиронин
Т4 - бос тироксин
ТПО – тиреопероксидаза
УДЗ - ультрадыбыстық зерттеу
ЭКГ – электрокардиограмма
Эхо КГ – эхокардиограмма
ЮИА - ювенильді идиопатиялық артрит
ANA – антинуклеарлы  антиденелер
FDA  -  FoodandDrugAdministration (БАШ дәрілер мен тамақтық өнімдерінің сапасын санитариялық қадағалау басқармасы)
HLA B-27-  HumanLeukocyteAntigen (HLA) B27 (В 27 адамның лейкоцитті антигені)
IgG, IgM, IgA- G, М, А иммуноглобулиндері
ILAR – Халықаралық ревматологиялық ассоцияциялар лигасы
Scl-70 - (ядорлы топоизомераза)
 
Пациенттер санаты: балалар.
 
Хаттаманы қолданушылар: педиатрлар, ревматологтар, жалпы тәжірибе дәрігерлері,  жедел жәрдем дәрігерлері
 

Жіктемесі


Клиникалық жіктелуі
1-кесте. ILAR бойынша ювенильді идиопатиялық артриттің клиникалық жіктелуі [1].
  
  I. Жүйелік нұсқа
Төменде көрсетілген екі немесе одан көп белгілермен қосарласқан ең азы 2 апта барысында құжаттандырылған қызбамен  кейін  немесе  оның алдында болған қызбамен бірге болатын  артрит:
- кезектес, ұшқынды, эритематозды бөртпе;
- серозит;
- жалпыланған лимфоаденопатия;
- гепатомегалия;
- және/немесе спленомегалия
 II. Полиартикулярлы нұсқа
Ревматоидтік факторы бар субтүрі
Ревматоидтік  факторынсыз субтүрі
Басқы 6 ай ішінде 5 немесе одан көп буындарды зақымдалған артрит
 III. Олигоартикулярлы нұсқа
1. Олигоартикулярлы персистелетелетін
2. Олигоартикулярлы таралған
- Ауру барысында 1-4 буын зақымдалған артрит
- 6 ай ішінде 5 немесе одан көп буындарды зақымдалған артрит
  IV. Псориатикалық артрит
Артритпен және псориазбен немесе  артритпен және төменде көрсетілген белгілерлің екеуімен сипатталатын зақымдалу:
- Дактилит
- Тырнақтың өзгеруі (оймақ синдромы, онихолизис)
- Бірінші сатыдағы туыстықты тұлғаларда дерматологпен расталған отбасылық псориаз
 V. Энтезитпен қауымдасқан артрит
Негізгі клиникалық белгілері артрит пен энтезит болып табылады; келесі белгілердің екеуімен энтезит немесе артрит:
Саусақпен сезу кезінде илеосакралды буындалу ауруы және/немесе арқанын қабыну ауыруы;
HLA-B27 болуымен;
Ұлдарда 6 жастан кейін артриттің басталуы;
Дәрігерлермен расталған HLA-B27 қауымдасқан ауруларының (анкилозделетін спондилит; энтезитпен қауымдасқан артрит; ішектердің қабыну аурулары болғандағы сакроилеит; Рейтер синдромы) немесе бірінші сатыдағы туыстықты тұлғаларда алдыңғы жіті увеитінің болуына сай отбасылық артрит
 VI. Сараланбаған артрит
Көрсетілген белгілердің  біреуінен артық белгілеріне сай келетін немесе қандай болса да белгілердің толық белгілеріне сай келмейтін белгісіз себептерімен балалар артриті

Диагностикасы


Диагоностикалық іс-шаралардың негізгі және қосымша тізімі:

Амбулаториялық деңгейде өткізілетін негізгі (міндетті) диагностикалық зерттеулер:
•           Анализаторда жалпы қан талдау (6 параметрде);
•           Биохимиялық қан талдау (СРА, РФ, глюкоза, жалпы ақуыз, несепнәр, креатинин, АЛТ, АСТ анықтау);
•           ЖНТ
•           ЭКГ.

Амбулаториялық деңгейде өткізілетін қосымша диагностикалық зерттеулер:
•           Биохимиялық қан талдау (жалпы билирубинді (тікелей  фракция),  ЛДГ, КФК, калий, натрий, кальций, сілтілі фосфатазаны, несептік қышқылды анықтау);
•           Коагулограмма (жүйелік нұсқауда): БІТУ, ПУ, ПТИ; ХҚҚ; ТУ, фибриноген;
•           Иммунологиялық қан талдау (А, М, G иммуноглобулиндерін, комплемент компонентін анықтау)
•           ИФТ әдісімен қос шиыршықты ДНҚ антиденелерін, АНА, РФ, КЦПА анықтау;
•           ИФТ (ТГ, Т4, Т3, анти-ТПО анықтау );
•           ПГАЭ
•           Ішектік диагностикуммен КҚЖР: иерсиниоз, жалған туберкулез, дизентерия, сальмонеллез, бруцеллез;
•           Жұтқыншақ пен мұрын шығындыларын бактериологиялық зерттеу (таза өсіріндіні айқындау) антибиотиктерге сезімталдылықты анықтаумен;
•           3 еселік қақырық пен несеп туберкулездің микробактериясына микроскопия (ерекше рентгенологиялық өзгерістер кезінде);
•           Іш қуысы ағзаларының УДЗ;
•           қалканша бездің УДЗ;
•           ЭХО КГ
•           Кеуде қуысы ағзаларының рентгенографиясы;
•           Буындар рентгенографиясы;
•           Рентгеноденситометрия (глюкокортикоидті терапия алған емделушілерге);
•           Буындардың компьютерлік КТ (ерекшеленген рентгенологиялық өзгерістерде);
•           Буындар МРТ;
•           Көкірек буындарының КТ (ерекшеленген рентгенологиялық өзгерістерде);
•           Туберкулинді байқау – Манту байқауы
 
Жоспарлы госпитальдауға жіберудегі жүргізуге қажетті тексерулердің минимальды тізімі:
•           ЖҚТ, ЭТЖ;
•           БХ қан тапсыру (СРА, РФ , креатинин, АЛТ, АСТ, билирубин)
•           ЖНТ
•           ЭКГ.
 
Стационарлық деңгейде жүргізілетін негізгі (міндетті) диагностикалық тексерулер (шұғыл госпитальдауда амбулаториялық деңгейде жүргізілмейтін диагностикалық тексерулер жүргізіледі): жүргізілмейді.
•           Анализаторда жалпы қан тексеру (6 параметрде);
•           Биохимиялық қан талдау (СРА, РФ, глюкоза, жалпы ақуыз, несепнәр, креатинин, АЛТ, АСТ анықтау);
•           Биохимиялық қан талдау (креатинин, жалпы ақуыз, К+, Na+, АЛТ, АСТ, жалпы және нақты билирубин, глюкоза, СРА, РФ, АСЛО)
•           Анализаторда жалпы қан талдау (несеп тұнбасындағы тіндік элементтер мөлшерін өлшеумен физико-химиялық қасиеті);
•           Антинуклеарлы аутоантиденелерді анықтау (ANA)
•           ЭКГ;
•           ЭХО-КГ
•           Құрсақ арты аймақтың және құрсақ қуысы ағзаларының УДЗ;
•           Аяқ-қолдың бір буынын ультрадыбыстық зертттеу;
•           Кеуде қуысы ағзаларының шолу рентгенографиясы;
•           Жамбас буындары сүйектерінің рентгенографиясы;
•           2 кескінде майтабандық буынның рентгенографиясы;
•           Білекпен қоса білезік буындарының рентгенографиясы;
•           Офтальмоскопия
 
Стационарлық деңгейде өткізілетін қосымша  диагностикалық зерттеулер (шұғыл госпитальдауда амбулаториялық деңгейде өткізілмеген диагностикалық зерттеу өткізіледі):
•                Анализаторда қан сарысуында биохимиялық қан талдау (тікелей  фракциялы), несеп қышқылының, ЛДГ, лактаттың, АСЛО, темірдің, СҚТТ, ферритиннің, КФК, амилазаның, калий, натрий, кальций, жалпы холестериннің, триглицеридтердің, жоғары және төмен тығыздықты липопротеиды);
•                Иммунохемилюминисценция тәсілімен қан сарысуында прокальцитонинді анықтау (жүйелік пайда болу бар кезінде);
•                Коагулограмма (жүйелік нұсқада): МАС күдіктеген кезде - анализаторда қан плазмасында мөлшерлік D - димерді анықтау, анализаторда қан плазмасында қызыл жегі антикоагулянтін (LA1/LA2) анықтау, анализаторда қан плазмасында С протеин белсенділігін анықтау;
•                ИФТ әдісімен иммуноглобулиндерді (IgG, IgM, IgA) анықтау;
•                ИФТ әдісімен қан сарысуында C-пептидті анықтау;
•                ИФТ әдісімен қан сарысуында инсулинді анықтау;
•                Анализаторда глюкозаға төзімділігіне тест;
•                ИФТ әдісімен қан сарысуында ТГ, ТТГ, Т4, Т3-ға анти-ТПО, АТ анықтау;
•                ИФТ әдісімен қан сарысуында кортизолды анықтау;
•                ИФТ әдісімен қан сарысуында HBsAg анықтау (дәлелдейтін);
•                ИФТ әдісімен қан сарысуында C гепатит вирусына мөлшерлік антиденелерді анықтау;
•                ИФТ әдісімен қан сарысуында қос серіппелі (денатурирленбеген) ДНҚ антиденелерді анықтау;
•                ИФТ әдісімен қан сарысуында кезеңдік цитруллинді пептидке антиденелерді (КЦПА) анықтау (егер РФ+ );
•                ИФТ әдісімен қан сарысуында сомалық анти-фосфолипидантты антиденелерді анықтау;
•                Анализаторда қан сарысуында C3, С4 комплементінің компоненттерін анықтау;
•                ИФТ әдісімен қан сарысуында 1 жіне 2 тұріндегі жай герпес вирусына (ВПГ-I, II), Эпштейн Барр вирусының ядролы антиденелеріне (ВПГ-IV),  цитомегаловируске (ВПГ-V) Ig G, Ig M анықтау;
•                Сапалы ПТР әдісімен биологиялық материалда 1 жіне 2 тұріндегі жай герпес вирусын, Эпштейн Барр вирусын (ВПГ-IV),  цитомегаловирусын (ВПГ-V) табу;
•                ИФТ әдісімен қан сарысуында Chlamydiatrachomatisте Ig G, М анықтау;
•                ИФТ әдісімен қан сарысуында Mycoplasmahominis, Mycoplasmahominis мөлшерлік антиденелерді  анықтау;
•                ПТӘ әдісімен биологиялық материалда Chlamydiaspp табу;
•                ИФТ әдісімен қан сарысуында антинейтрофильды цитоплазматикалық Ig G (ANCA combi)  анықтау (жүйелік нұсқауда);
•                Иммунохемилюминисценция әдісімен қан сарысуында АИТВ–ға сомалы антиденелерді анықтау;
•                HLAB-27 анықтау (ЮИА полиартикулярлы нұсқауына, энтезитпен қауымдасқан артритке, сакроилеитке күдіктеген кезде );
•                Бруцеллезге қан сарысуында Райт реакциясын жасау;
•                Бруцеллезге қан сарысуында Хеддельсон реакциясын жасау;
•                Иерсиниозге, жалған туберкулезге, сальмонеллезге  қан сарысуында ПГАӘ қою;
•                Анализаторда зарарсыздыққа қанды бактериологиялық тексеру;
•                Қол әдісімен жұтқыншақтан, жарадан, көзден, құлақтардан шығындыларды, несепті, өтті және т.б. бактериологиялық тексеру (таза өсіріндіні айқындау);
•                Қол әдісімен микробқа қарсы дәрілердің өсірінділердің сезімталдығын анықтау;
•                Жүйелі көріністерде – кальпротектинге үлкен дәретті тексеру;
•                Экспресс-әдіспен үлкен дәреттегі жасырын қанды табу (гемокульт-тест);
•                Анализаторда Candida түріндегі зеңге биологиялық материалды   бактериологиялық тексеру;
•                Анализаторда несептегі күнделікті протеинурияны анықтау;
•                Буындар пункциясы;
•                Қол әдісімен жалпы клиникалық синовиаль сұйықтығын тексеру;
•                Анализаторда зарарсыздыққа транссудатты, экссудатты  бактериологиялық талдау;
•                Стернальды пункция - диагностикалау;
•                Қол әдісімен  миелограммдарды есептеу және сүйек милық қан жарату сипаттамасы (жүйелі көріністері жоқ пациенттерге, жүйелік пайда болусыз – буындық синдром ауырлығына сай келмейтін ауыр жағдайда);
•                Трепанобиопсия – диагностикалау (ЮИА-ға қалыпты емес буындармен және қаңқа сүйектерінің бұзылуы болғанда);
•                Лимфотүйіннің ашық биопсиясы (айқын лимфоаденопатиямен жүйелік нұсқауда немесе жалпы қалыпты емес ауыр жағдайда);
•                Фиброэзофагогастродуоденоскопия;
•                ПТР әдісімен биологиялық материалда Helicobacterpylori табу;
•                Жаппай бейнеколоноскопия (жүйелік нұсқауда ішек ауруының асқындауын болдырмау мақсатында);
•                Қалканша безі УДЗ;
•                Плевральлы қуыстар УДЗ;
•                Электрокардиограмманы Холтерлік мониторингілеу (24 сағат);
•                Кеуде қуысы ағзаларының және кудеортаның компьютерлік томографиясы;
•                Құрсақ арты аймақты және құрсақ қуысы мүшелерінің контрастілеумен компьютерлік томографиясы (қатерлі және қатерлі жаңа өспелерге күдіктеген кезде жүйелік нұсқауда);
•                Рентгенологиялық ерекше өзгерістер кезде сүйек-буындық жүйенің компьютерлік томографиясы (1 анатомиялық аймақта);
•                Бас миының магниттік-резонансты томографиясы;
•                Құрсақ арты аймақты және құрсақ қуысы ағзаларының контрастілеумен
•                магниттік-резонансты томографиясы (қатерлі жаңа туғанды күдіктенген кезде жүйелік нұсқауда);
•                Омыртқа магниттік-резонансты томографиясы (1 анатомиялық аймақта);
•                Спондилит; энтезитпен қауымдасқан артрит кезде омыртқа контрастілеумен магниттік-резонансты томографиясы (1 анатомиялық жерде);
•                Сүйектер/буындар магниттік-резонансты томографиясы;
•                Иық буының рентгенографиясы;
•                Білек буының рентгенографиясы;
•                Омыртқаның бел-кіндік бөлімінің функциялық байқаулармен рентгенографиясы;
•                Табан рентгенографиясы;
•                Бүйір кескінді табан рентгенографиясы;
•                Омыртқаның бел бөлігіндегі денситометрия рентгенографиясы (глюкокортикоидты терапия алған емделушілерге);
•                Артроскопия емделу-диагностикалық (қайталамалы  гемартроз кезінде  диагностика қиындаған жағдайда синовиальды қабықша биопсиясымен);
•                Электроэнцелография;
•                Инелі электроэнцелография;
•                Туберкулинді сынама - Манту сынамасы (дәрі бағасынсыз вакциналау)
•                офтальмологпен, ортопед – травматологпен, невропатологпен, иммунологпен, гастроэнтерологпен, нефрологпен, фтизиатрмен, инфекционистпен, онкологпен, нейрохирургпен, пульмонологпен, генетикпен, оториноларингологпен, стоматологпен-терапевтпен, психологпен, эндокринологпен, хирургпен, клиникалық фармакологпен кеңесу.
 
Жедел шұғыл жәрдем кезеңіндегі жүргізілетін диагностикалық зерттеулер:
•                ЖКТ, ЭТЖ;
•                ЭКГ
 
•           Диагностикалық белгілер
 
Шағымдар мен анамнез [3]
Шағымдар:
•           буындардың ісінуі мен ауыруы
•           таңертеңгі бөгеліп қалушылық
•           жүрістің бұзылуы:
•           қызба, бөртпе, серозиттер, спленомегалия немесе жалпылама лимфоаденопатия
•           көздің зақымдануы (увеит, иридоциклит)
•           салмақ жоғалту;
Анамнез: Артрит 6 ай және одан ұзаққа созылады. Екінші буын артриті 3 айдан кейін және кейінірек туындайды. Қызба, тері бөртпесі 2 апта және одан көп жалғасады.
 
Физикальды зерттеулер:
•      Майда буындардың симметриялық зақымдануы.
•      Буындар контрактуралары.
•      Тендосиновит немесе бурсит.
•      Бұлшықеттің семуі.
•      Таңертеңгі бөгеліп қалушылық.
•      Көздің ревматоидты зақымдалуы.
•      Буын қуысындағы жалқық.
Әр буынды осыған симметриялымен салыстырып қарайды. Басында қараудың өзін, сосын саусақпен басып тексереді, соңында пассивті және белсенді қозғалыстар көлемін салыстырылады. Ісікті табу үшін сантиметрлік жолақты (пішінін өлшеу), ал буын қозғалысы көлемін өткізу үшін  гониометр қолданған дұрыс (угломер) [10];
 
Зертханалық тексерулер [2,3,4]
ЖҚТ – ЭТЖ көтерілуі. Моноартикулярлы ЮИА кезде қан көрсеткіштері өзгермейді [2,3].
Қан БХ - СРА деңгейінің көтерілуі. Моноартикулярлы ЮИА кезде қан биохимиясының  көрсеткіштері өзгермейді.
РФ. РФ жағымды тесті  серопозитивті ЮИА-ға сілтейді, 2-3 % барлық ЮИА, әдетте прогностикалық мәні бар [2].
ANA - олигоартикулярлы зақымдануы бар 40-75% балаларда болады [4]. Ерекше болып табылмайды, бірақ жиі белгісіз өтетін увеит дамуы қатері жоғары болатын ерекше бөлімшені диагностикалауда көмек береді,
 
Аспаптық зерттеу:
Буындарды рентгенологиялық зерттеу - остеопороз, эпифиз сүйек жүйесінің ұсақ сарысулы ісікті қайта құрылуы, буын тесіктерінің тарылуы, сүйек эрозиясы, буындар анкилозы.
Буындар УДТ: буындардың синовиальды қабығының енуі мен жуандауы болғанда
Буындар МРТ: буындардың синовиалды қабығының енуі мен жуандауы болғанда
Синовиальды сұйықты зерттеу – ЮИА кезде нейтрофилдер үшін синовиальды сұйықтықта лейкоциттер көлемі 1 микролитрде 25 000–ға дейін көтеріледі (25-90%), ақуыз құрамы 40-60 грамм/литр жетеді. Жүзім тармағы тәрізді вакуоли лейкоцит цитоплазмасында қосылады (рагоциттер). Бұл жасушалар фагоцитирленген материалдан тұрады – липидті және ақуызды заттар, РФ, иммунды кешендер, комплемент. Рагоциттер басқа да ауруларда да – ревматизмдік, псориазды арттирде, жүйелі қызылжегіде, бактериялық артриттерде, подаграда да, алайда рематоидті артриттегедей санда емес,  табылады.
 
Бейінді мамандардың кеңесі үшін көрсетімдер [3]
 
•           Офтальмологтың кеңесі – көз түбі офтальмоскопиясын, көз биомикроскопиясын жарықты шаммен өткізу мақсатында;
•            ортопед–травматологтың кеңесі – жарақаттануды болдырмау, туа біткен сүйек–буын жүйесінің патологиясын, асептикалық некрозды, жаңа өспелерді жоққа шығару, ортопедиялық түзеу мақсатында;
•           Невропатологтың кеңесі – неврологиялық белгілерді жоққа шығару мақсатында;
•           Иммунологтың кеңесі – ИДС жоққа шығару мақсатында;
•           Нефрологтың кеңесі – бүйрек патологиясын жоққа шығару (жүйелік нұсқада);
•           Фтизиатрмен – Манту сынамасы оң болған туберкулезді жоққа шығару мақсатында;
•                    инфекционистпен – зоонозды және басқада инфекциялар, вирусты гепатитті жоққа шығару мақсатында;
•           онкологпен – жаңа өсінділерді жоққа шығару мақсатында  (лимфаденопатия, оссалгия және/немесе табанды  артралгия және/немесе қалыпты емес ауыр жағдайда  және/немесе гематологиялық бұзушылықта);
•                    нейрохируртың кеңесі – бас миының көлемді үдерісін жоққа шығару мақсатында;
•           пульмонологпен – жүйелік нұсқауда өкпе патологиясын жоққа шығару мақсатында;
•           генетикпен – сүйек–буын жүйесі зақымдалғанда болатын генетикалық синдромдарды жоққа шығару мақсатында;
•            оториноларингологпен – ауыз қуысы, мұрын жұтқыншақты түзеу, инфекцияны жоққа шығару мақсатында;
•                    стоматолог-терапевтің кеңесі - ауыз қуысы, мұрын жұтқыншақты түзеу, инфекцияны жоққа шығару мақсатында;
•           психологпен – психикалық бұзушылықтарды түзеу мен диагностикалау мақсатында;
•           эндокринологпен – өсу бұзылғанда, Кушинг синдромында;
•           хирургпен – жіті хирургиялық патологияларды жоққа шығару мақсатында;
•           клиникалық фармакологпен – бейінді терапиялық индекссімен дәрілік заттар тағайындалған кезде;
•           спорт пен емдік дене шынықтыру бойынша дәрігермен – сауықтыру емді тағайындау алдында;
•           физиотерапевтпен – физиотерапевтикалық рәсімдерін тағайындау мақсатында.
 

Дифференциалды диагноз


2-кесте. Ювинельді артриттің сараланған диагностикасы
 
Нозология Ұқсастығы Айырмашылы
ғы
Ұзақ диагностикалық әдістері
Жіті рематикалық қызба Қызба, кардит, ревматиздік түйіндер, серозиттер, артрит. Буындық синдром: буындарда көрінбейтін өзгерістерсіз  полиартралгия, ревматикалық артрит – өзгерусіз  аяқтардың ірі буындарының симметриялы зақымдалуы, көшпелі сипатты, АӨРҚД асқынуға қарсы терапиясында және глюкокортикоидтермен тез басылады. Жіті стрептококкті инфекциядан кейін 1,5-2 аптадан соң дамиды. Хорей, сақина тәрізді эритема, абдоминальды синдром, гломерулонефрит байқалуы мүмкін. Қанды клиникалық талдау, несепті клиникалық талдау, жұтқыншақ сүртіндісін бактериологиялық зерттеу, стрептококқа қарсы антиденелерді анықтау үшін қанды серологиялық зерттеу, ЭКГ, ЭхоКГ.
Реактивті артрит Иерсиниоз қызбамен, бөртпе
мен, артритпен, ЮИА жүйелік нұсқасының «бет пердесі» мен белсенділіктің жоғары тәжірибелік  көрсеткіштермен өтуі мүмкін. Буынның ассиметриялық зақымдануы, жиі аяқтарда: тізелік, майтабан, табанның ұсақ буындары; бір жақты сакроилеиттің, өкше сіңірінің тендовагинитінің, табан фасцииттің, өкше төмпешіктерінің периоститтерінің дамуы.
иерсиниялармен,
сальмонеллалармен,
шигеллалармен және басқа шақырылған несеп жыныстық мүшелерінің инфекциялық аурулары өткеннен кейін 1,5-2 аптадан соң дамиды. Өкше мен алақан терілерінің қабыршақтану иерсиниоз ерекше сипаты болады. Рейтер ауруы деп аталған симптомдар кешеніне уретрит,  конъюнктивит,
артрит, тері мен қабық шырышының  зақымдануы енеді (тырнақтың кератозды дистрофиясы, алақан және табанда кератодермиясы) HLA-B27 болуы жатады. 
Ішек тобы бактерияларына антиденелерді анықтау мақсатында гемагглютинация реакциясы және комплементті байланыстыру әдісімен серологиялық зерттеу  (тиф, паратиф, сальмонеллёз, бруцеллёз, Флекснер дизентериясы, Зоне, Ньюкасл, иерсиниоз, жалғантуберкулёз), ИФТ әдісімен Chlamidiatrachomatic,
C.psittaci,
C.pneumoniae,
Mycoplasmapneumonia –ға антиденелерді, анти тұқымға гельминттерді анықтау: Echinococcusgranulosu
s, Opisthorchisfelineus,
Trichinellaspiralis,Tox
ocara; жай: ToxoplasmagondiiIgM,
IgG. Патогенді флораны анықтау үшін үлкен дәретті бактериологиялық зерттеу. Несеп жолының
Эпителиальды жасушаларын, синовиальды сұйықтықты,  конъюнктивтерді хламидия анти гендерін анықтау үшін тікелей иммунофлюоресценция әдісімен зерттеу.
Септикалық 
артрит
Жіті басталады. Жиі моноартрит сияқты өтеді. Артрит ерте басталған олигоартрит үшін қалыпты емес айқын уланумен, температураның көтерілуімен, асқындаудың жіті фазалық көрсеткіштерімен қоса болады. Қанды клиникалық талдау (лейкоцитарлы
формуланың солға жылжуымен лейкоцитоз, ЭТЖ айқын көтерілуі). Синовиальды сұйықтықты микробиологиялық зерттеу, буынды ренгенологиялық  зерттеу, компьютерлік және магниттік– резонансты томография.
Псориатикалық 
артрит
Білезіктің және өкшенің   дистальды саусақаралық буындары немесе табандық, тізелік үлкен буындардың ассиметриялық олтго- немесе полиартриты.
Анкилозалармен,  сүйек тінінің резорбциясымен ауыр деструктивті (мутилирленетін) деструкциялық ауыр артрит; перифериялық тамылдардың зақымдануымен қоса
 сакроилеит және спондилоартрит дамиды. 
 
Тырнақ пен тері жамылғысының қалыпты псориатиялық өзгерістері болды. Омыртқа, жамбас, өкше, білезіктің рентгенологиялық зерттеу. Дерматологпен кеңесу.
Ювенильды
анкилозирленетін
спондиллит
Аяқ буындарының зақымдалуы (жамбас және тізе буындары) Энтезопатияның болуы. Сегізкөзді–бүйірлік буындасудың және омыртқаның зақымдалу белгілері бірнеше күн өткеннен жылдан пайда болады. Анкилозирленетін
леосакральды буындасудың  үдемелі деструкциясы.
HLA-B27 анықтау, омыртқа мен илеосакральды буындасудың рентгенографиясы немесе компьютерлі томографиясы.
Жүйелі қызыл жегі Аурудың алғашқы кезеңінде - ұшпалы сипатты полиартралгия мен буындардың симметриялы емес зақымдалуы. Аурудың қызған кезінде - буындардың симметриялы зақымдалуы Таңғы тоқтап қалушылықпен, эрозиямен және тұрақты өзгерулермен қоса болмайтын буындардың зақымдануы. Клиникалық көріністе беттің қалыпты эритемасы, полисерозит
(жиі плеврит),
нефрит, ОЖЖ зақымдалуы жиі анықталады.
Қанды клиникалық тексеру (лейкопении,
тромбоцитопении), антифосфолипидті
антиденелерді, ДНҚ анти денелерді, антинуклеарлы
факторды, қызыл жегі антикоагулянтын анықтау.
Жүйелі склеродермия Жіті немесе созылмалы артритке өтетін артралгия, буындар симметриялы зақымдалады. Үдеріске білезіктің ұсақ буындары мен минималды экссудативті көрсеткіштермен, бірақ жұмсақ тіндердің айқын тығыздалуымен, бүгілетін түйістіргінің дамуымен, білек буындары, буын шығулар енгізіледі. Оң РФ. Ерекше терілік және рентгенологиялық өзгерістермен үйлеседі. Иммунологиялық
маркерлер (Scl-70,
ANA), бариймен  өңеш рентгенографиясы, эзофагогастродуодено
скопия,
капилляроскопия
Геморагиялық васкулит (Шенлейн-Генох ауруы) Артралгия немесе артрит,
Полиморфлы бөртпе 
Буындық тұрақсыздық синдромы. бөкседе, үлкен буындарда, аяқтарда геморрагиялық бөртпемен көрінеді. Абдоминальды  және  бүйректік
синдроммен үйлеседі.
Гематологтың
 кеңесі.
Созылмалы
бейспецификалық жара  колиті мен
Крон ауруы.
Буындық синдром: перифериялық
ассиметриялық артрит, аяқ буындарының айқын зақымдалуымен.
Спондиллит,
сакроилеит, негізгі сырқаттанудың белсенділігімен байланысқан.
HLA-B27 анықталудың жиілігі жоғары. эзофагогастродуоденоскопия, бейнекапсульды
эндоскопия,
ішектік шырышты қабығының морфологиялық зерттеулерімен және  биопсиямен колоноскопия өткізу көрсетілген.
Туберкулёз Буындық синдром: айқын артралгия, омыртқаның зақымдалуы, біржақты гонит, коксит. Сонымен қатар висцеральды
туберкулёз кездегі реактивті полиартрит  бөледі. Ұсақ буындардың зақымдалуымен ерекшеленеді.
Араласқан остеопороз, сүйектің жиектік ақаулары, секвестры бар сирек - шектелген сүйек қуысы дамиды; сүйек шығулар мен аралас сүйектің буындық ұштарының бұзылуы. Жағымды туберкулездық байқаулармен үйлескен зақымдалған буындар мен көкірек жасушасы мүшелеріне компьютерлік томография өткізу қажет.
Лайм ауруы (жүйелік кенелік боррелиоз) Буындық синдром: моно-, олиго-,
симметриялық
полиартрит. Сүйек пен сіңір эрозиясының дамуы мүмкін.
Жүрек, жүйке жүйесі зақымдалумен, кенелік эритемамен үйлеседі. Қан сарысуында боррелияға антиденелерді анықтау,
Вирусты
артриттер
Буындық синдром: қысқа уақытты, толық қайтымды. Жіті вирусты
гепатитте, қызамықта,
эпидемиялық
паротитте, шешекте,
арбовирусты
инфекциияда,
инфекционды
мононуклеозда және басқадарда кездеседі.
Қанды клиникалық тексеру. Қоздырғыш сәйкестендіру:
микробиологиялық
және иммунологиялық
әдістер
Гипертро
фиялық
остеоартро
патия (Мари
Бамбергер синдромы)
Аяқ-қолдардың дистальды буындарының симметриялы зақымдалуы «барабан таяқшалары» тәрізді саусақтар пішінінің өзгеруі, үзын түтіктік сүйектердің гипертрофикалық
приоститтері, ойшықтармен буын қуысы артралгиясы
немесе артриттері
Сүйек пен буындардың компьютерлік
томографиясы мен  рентгенографиясы. туберкулёзде,
фиброздалған  мальвеолитте, өкпенің қатерлі ісігінде,
саркоидозде кездеседі.
Гемофилия Тізе буындары сирек – білек және табан, иық және жамбас буындары ақымдалады. Омыртқааралық өкше мен білезік буындары салыстырмалы сирек. Жалқық және артынан  асқындау әсерімен буындарда қан құйылумен қоса болады. Ерте бала жасында басталады.  Клиникалық суретте, тәжірибе зерттеулер мәліметінде отбасы анамнезде негізделген гемофилия диагностикасы, капиллярлық және күретамыр қанының ұю ұзаруы, рекальцификация уақытының баялауы тромбопластиннің құрылуының бұзылуы, протромбиннің өолдануының төмендеуі, антигемофильды
фактордың біреуінің шоғырлануының азаюы -8,9
Лейкоздар Оссалгия, ұшпалы
артралгия, буындағы үнемі жіті аурулармен симметриясы жоқ артрит, экссудативті компонентімен және аурулық контрактуралармен, көкбауыр мен бүйрек көлемінің елеулі өзгеруі,
перифериялық және
медиастенальды
лимфотүйіндері айқындалған гиперплазиясы
ЮИА жүйелік нұсқауын міндетті жоққа шығару. Қанды клиникалық тексеру. Сүйек миының пунктатын зерттеу, трепанобиопсия. Гематологтың кеңесі.
Пластикасыз үдерістер: необластома
ның,  саркоманың,
остеоидті
остеоманың,
лейкоздардағы метастаздар
Миалгиялармен, оссалгиялармен,
артралгиялармен,
моноартритпен қоса болуы мүмкін.
Периартикулярлы жерлерде айқын ауррулық синдроммен ерекшеленеді.
 
Белсенді артритпен арақатынасы жоқ жалпы ауыр жағдай Қалыпты
гематологиялық және
рентгенологиялық өзгерістермен үйлеседі.
Жұмсақ тіндердің қатерсіз ісіктері
 
Қатерсіз ісіктердің әр формасының  клиникалық көрсеткіштері оның оқшаулануына байланысты.
Буындық және буын маңайлық жүйелердің қатерсіз ісіктері клиникалық белгілері бойынша артритті елестетеді. Буын қуысына жалқық шығуды жоққа шығаруға болмайды.
Көптеген жағдайларда тек қана бір буынды зақымдайды. Үнемі жиі – тізе, бірақ жамбас, табан, білек  және басқа буындарда кездеседі. Крепитациямен (сықырлаумен) буын қозғалысы көлемінің азаюы, жиі – кездейсоқ сыналумен клиникалық көрініс табады. Рентгенограммада  немесе
компьютерлік
томографиясында диагнозды қою жиі емес. Диагноз қоюда биопсияның болуы көрсетіледі.
Гипотиреоз Буын қуысының асқындамаған жалқықпен және жұмсақ тіннің шамалы ісіктерімен артралгиясы. Тізе, табан буындары мен білезік буындары зақымдалады, білек каналы синдромы дамуы мүмкін. Қаңқа құрылымының бұзылуы, сүйектену мен ұзын түтік тәрізді сүйек өсуінің бәсеңдеуі. Миалгия, бұлшық еттік әлсіздік айқындалған. Қан сарысуында қалқанша безі гормондар деңгейін анықтау. Қалқанша безі УДЗ. Эндокринологпен кеңесу.
Үдемелі
жалған ревма
тизмдік артропатия
Негізгі көрсеткіштер:
әрең қозғалудың дамуы, омыртқаны қоса барлық буындар тобындағы өзгерістер мен контрактуралар
Буындарда асқындау белгілерінің (ауырулар, қалыпты температураның көтерілуі, экссудативті өгерістер, таңертең қозғалыстың қиындауы) мен қандағы қабыну өзгерістерінің болмауы. Ерекше рентгенологиялық сурет негізінде диагноз қойылады.
Үнемі ауру Буындық зақымдалу артралгиялармен, моно-  және полиартритпен туындайды. Буындық шабуылдар қалыпты температура кезінде өтеді. Артрит негізі жіті, бірақ созылмалы болуы мүмкін: бір немесе бірнеше буындардың зақымдалуы мүмкін. Тізе  және табан буындары жиі зақымдалады. Ерекшеліксіз клиникалық көріністер буын жүйесінде үнемі ауруы пациентте ювенильді ревматоидты артритті, ревматизмді, жүйелік қызыл жегіні диагностикалаумен аяқталады. Ерекше клиникалық көрініс – үнемі туындайтын қысқа шабуылдар. (абдоминальды,
Торакальды, жүйелік, қалтырама)
Келесі белгілер бойынша диагноз қойылады:
баланың ұлты, туа біткендік, ерекше клиникалық сурет, генетикалық зерттеулер (M680I,M694V,V26A өзгерулері болғанда)
Хондродис
плазия
(көп
эпифизарлы)
Аурулар тез шаршауға, жүргенде аяқ буындарының ауыруы, ақсаудың болуы, жүріс өзгеруіне (теңселмелі) және аяқтардың, кейінрек қолдардың түрлі өзгерістеріне шағымданады.
(контрактурлар,
буындар көлемінің өсуі,
аяқ-қолдардың қысқаруы, варусты және вальгусты өзгеріс), буындардың сықырлауы, омыртқа өзгерісі.
Сырқанттану отбасылық туа бітетіндікпен ерекшеленеді. Диагноз клиникалық қойылады. Сүйектер мен буындардың рентгенографиясы,
компьютерлік немесе
магниттік-резонансті
томографиясы диагностикада көмектеседі.
Созылмалы
қайталамалы мультифокаль
ды остеомиелит
Аурулар қызба қоса болатын сүйек ауыруларына шағымданады. Клиникалық көріністе толқын тәрізді ағымы болуы. Ортаң жілік жиі зақымдалады, сирек - қабырға, омыртқа мен бұғана. Рентгенологиялық зерттеулер негізінде диагноз қойылады.
 

Емдеу тактикасы


. Емдеу мақсаты:
•           Аурудың  беті толық қайтқанда:
•           үдеріс белсенділігінің төмендеуі/басылуы;
•           дене температурасының қалыптасуы;
•           висцеральды өзгерістердің, буынның жіті асқынушы өзгерістерінің қайтуы;
•           СРАғ ЭТЖ төмендеуі;
•           буындардың функциялық  белсенділігің жақсаруы, тоқталып қалушылықтың азайуы; [3]
 
Емдеу тәсілі:
Дәрі-дәрмексіз емделу:
•           Теңгерімделген құрамында қанықпаған майлы қышқылы жоғары құрамды тамақтар (балық майы, зәйтүн майы және басқ.), жеміс-жидектер  (D деңгейі) бар диета.
 
Дәрі-дәрмекпен емделу:

Ревматизмге қарсы  дәрілік заттар;
•           бейстероидты асқынуға қарсы дәрілер БСАҚД [7,8];
•           глюкокортикоидты гормондар (ГК) [7,8];
•           ревматизмге қарсы дәрілерді өзгертетін – ауру  АӨРҚД - метотрексат, сульфасалазин, лефлуномид; [7,8];
•           биологиялық дәрілер (БД): 6-интерлейкин рецепторлар блокаторы (тоцилизумаб), анти-ФНО (этанерцепт, адалимумаб) [7,8];
БД тағайындамас бұрын жасырын туберкулездың болуына, Манту реакциясына, КТ мен кеуде қуысы ағзаларының рентгенографиясына толық зерттеулер өткізу. Егер туберкулин сынамалары (папула > 5 мм) оң болса және/немесе өкпе ошақтары болғанда, фтизиатрмен кеңесу; туберкулез үдерісің белсенділігін анықтау үшін қажетті суйықтықты араластырып туберкулин сынамасын жасау.
6 айда бір рет туберкулезді жоққа шығару мақсатында кеуде қуысы ағзаларының компьютерлік зерттеулері мен туберкулин сынамасын өткізу (егер емделуші стационарға жоспарлы жатқызуды жіберіп қойса).
(«Инфекциялық аурулардың алдын алу бойынша індетке қарсы-санитариялық (алдын алу) шараларын ұйымдастыру мен өткізуге қойылатын санитарилық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық ережелер,  12.01.2012 ж. №33 бүйрық, 80-тармақ)
 
I. Жүйелік бастамалы ЮИА-ны емдеу [7, 8]:
•           БСАҚД (D деңгейі).
3-кесте БСАҚД

Дәрілер Мөлшерлеме Қабылдау жасы
Ибупрофен 10-15 мг/кг/тәу 6 айдан бастап
Напроксен 7,5-10мг/кг/тәу 6 айдан бастап
Диклофенак 2-3  мг/кг/тәу 6 айдан бастап
Индометацин 0,5-1,0мг/кг/тәу 14 жастан бастап
Мелоксикам 0,25-0,375мг/кг/тәу 15 жастан бастап
•           Метилпреднизолонмен пульс терапиясы (С деңгейі): мөлшерде 10-30 мг/кг дене салмағы 3 ретті  күн ішінде өткізуге. Әрі қарай терапияны пероральды глюкокортикоидпен жалғастыру [7,8];

•           Глюкокортикоидты буынішілік енгізу: Триамцинолонаацетонид (B деңгейі): 0,2-0,3мл ұсақ буындарға, 0,5-1мл ірі буындарға [7,8];

•           БД: Тоцилизумаб (B деңгейі): БСАҚД үйлестірілген немесе монотерапия түрінде. Қабылдау тәсілдері мен мөлшерлері: 30 кг дейінгі, 30 кг-нан асқан балаларға 8 мг/кг. Өткізу аралығы 14 күн бірінші 12 күн терапия басынан, сосын аралық 21-28 күн [7,8];
•           Метотрексат (B деңгейі): аптасына 1 рет (пероральды немесе парентеральды).
Пероральды 10мг/м2/апт, парентеральды тері астына  15 мг/м2/апт[7,8];

Белсенді марофттар синдромы дамыған кезде келесі емдеу өткізіледі [7,8]:
•           Метилпреднизолонмен тамыр соғыснының терапиясы 10—30 мг/кг-3-5 күн, сосын преднизолон немесе метилпреднизолон 1 -1,5 мг/кг дене салмағы мөлшерінде [7,8];
•           Тамырішілік иммуноглобулин: қабылдау тәсілдері мен мөлшерлері: (0,5-2,0 г/кг курстық мөлшер [7];
•           Бактерияға қарсы дәрілер: (аминогликозидтер: амикацин 10-15мг/кг/тәу,
•           цефалоспориндер 3 немесе 4 тармағы: цефтриаксон 75-100мг/кг/стәу,
•           карбапенемдер: меронем 40-50мг/кг/тәу[7];
•           симптоматикалық терапия (уыттанудан босататын, кардиотропты және басқа) көрсетімдер бойынша [7,8];
 
II. Полиартритпен ЮИА емдеу [7,8]
•           3-кесте. БСАҚД
•           ГК буынішілік енгізу: триамцинолонацетонидацетонид (амбулаторлы деңгейде ревмотология болғанда)
•           БСАҚД Метотрексат 15 мг/м2/  мөлшерімен апта тері астылық. Лефлуномид 20мг/тәу ( B деңгейі): 3 ай ішінде метотрексат  тиімсіз болса және/немесе жанама әсерлер дамығанда [7,8];
•           БД: АӨРҚД әсерсіз терапиясы кезінде 3-6 ай барысында.

Этанерцепт ( B деңгейі) 2 жастан бастап - 0,4 мг/кг (максималды бір реттік мөлшері 25 мг ). Аптасына 2 рет.

8 жастағы және одан үлкен балалар - 0,8 мг/кг(максималды бір реттік мөлшері 25 мг) .Дәрі аптасына бір рет енгізіледі. 12 апта ішінде тиімсіз болғанда алып тасталынады. АӨРҚД-мен бірге тағайындалады.

Адалимумаб ( B деңгейі) 4 жастан бастап 15кг нан <30кг дейін  –20мг-нан қабылданады 2 аптада  1 рет, ≥30кг—  40мг салмақта 2 аптада  1 рет, п/к. АӨРҚД-мен бірге тағайындалады.

Тоцилизумаб (B деңгейі) ЮИА 6 айдан артық болғанда, жоғары белсенділікті, анти-ФНО  терапиясын өткізе алмаған кезде (туберкулезді інфекция жұқтырғанда) [7,8].
 
III. Олигоартритпен ЮИА емдеу [7,8]
Төмен белсенділік кезде: БСАҚД монотерапиясы ( B деңгейі): (3- кесте);
Жоғары, орташа, және төмен белсенділік кезде:
•           ГК буын ішілік енгізу;

Жоғары белсенділік кезде: АӨРҚД  тағайылданғанмен бірге ГК буынішілік енгізу.
АӨРҚД–сыз емделушілер АӨРҚД тағайындылып, жыл барысында бір буынға 3 буынішілік енгізуді қажет етеді.
АӨРҚД  тиімсіз болғанда 3-6 ай барысында БД: анти-ФНО тағайындалады.
•           IV. Энтезит және сакроилеитпен ЮИА емдеу [7,8]
•           3-кесте БСАҚД
•           ГК буынішілік енгізу – 3 айда 1 реттен жиі емес;
•           АӨРҚД:
•           сульфасалазин (С деңгейі) төмен белсенділікте пероральды монотерапия сияқты  50мг/кгмөлшерде;
•           перифериялық артритте метотрексат (С деңгейі);
•           АӨРҚД терапиясы тиімсіз болғанда 3-6 ай барысында АӨРҚД тағайындылған анти- ФНО;
•           Емделушіерде жоғары белсенділік кезде анти-ФНО алғашқы терапиясы [7,8];
•           V. Увеитпен ЮИА емдеу [9]
•           Увеиті бар пациент офтальмолог пен ревматологта емделуі тиіс.
•           3-кесте БСАҚД
•           ГК буынішілік енгізу
•           Метотрексат АӨРҚД (B деңгейі): тиімсіз болғанда 3 айдан соң БД
•           БД: АӨРҚД үйлестірілген адалимумаб ( B деңгейі)
•           Увеитті жергілікті емдеу: глюкокортикоидтар (дексаметазон,  бетаметазон) (А деңгейі);
•           БСАҚД тамшылар құрамымен (диклофенак, индометацин) (B деңгейі);
•           Қысқа әсер ететін мидриатикалы құралдар (С деңгейі): иридо-көзбұршақ синехиясынын алдын алу үшін;
•           Дистрофиялық өзгерістер кезде көздің мүйізгек қабығы тропикасын жақсарту үшін қолданылатын дәрілер: таурин, декспантенол [9].

Басқа дәрі-дәрмектер:
•           Протонды помпалар блокаторлары (омепразол 0,5-1,0мг/кг/тәу) кортикостероидтармен терапия барысында  гастроинтестинальды пайда болған кезде (B деңгейі);
•           Кальций карбонаты (250-500мг/тәу) кортикостероидтармен терапия барысында  остеопороздың алдын алу мақсатында (С деңгейі);
•           Ацикловир (15-30мг/кг/тәу), тамырішілік  иммуноглобулин (0,2-0,5мг/кг/курс) вирусқа қарсы мақсатта (С деңгейі);
•           Филграстим (5-10мг/кг/тәу) нейропения кезде (С деңгейі).
 
Амбулаториялық деңгейдегі дәрі-дәрмекпен емдеу:

Негізгі дәрілер:
•      Адалимумаб (мл), реттік қолдануға арналған пісек  0,4мг-0,8мл ,08мл (№2)
•      Натрий диклофенагы, таблеткалар 25мг, 50мг
•      Ибупрофен, суспензия  ішуге 200мг/5,0
•      Лефлюномид, таблеткалар 10 мг
•      Метилпреднизолон, таблеткалар 4мг, 16мг
•      Метотрексат (мл) пісек 0,75мг, 15мг, 20мг, таблеткалар 2,5 мг
•      Напроксен, таблеткалар 275мг, 550мг
•      Преднизолон, таблеткалар 5мг
•      Сульфасалазин, таблеткалар 500мг
•      Триамциналон, енгізуге арналған суспензия 40 мг №5
•      Фолий қышқылы, таблеткалар 1мг
•      ЭМЛА, крем 5 г
•      Этанерцепт (мл) тері астына енгізуген арналған ерітінді дайындау үшін  лиофилизат 25мг,50мг №4.

Қосымша дәрі-дәрмектер  тізімі:
•      Адеметионин, таблеткалар 400 мг
•      Азитромицин, таблеткалар, үлпек қабыршағымен қапталған 125 мг, 250мг, 500мг
•      Альфакальцидол, капсулалар 0,25, 0,5г
•      Алюминий гидроксиді, магний гидроксиді, симетикон, лакрица деглициррленген, ішке қабылдауға арналған  суспензия 180мл
•      Ацикловир, таблеткалар 200мг
•      Тірі бифидумбактериялар 5 мөл, флакон
•      Варфарин, 2,5мг тб
•      Висмут трикалийдицитраты, таблетка, 120 мг
•      Дексаметазон, көз тамшылары, суспензия 0,1%-5,0
•      Диклофенак, көз тамшылары 0,1%-5,0
•      Домперидон, таблеткалар 10 мг
•      Каптоприл, таблетка 25 мг
•      Тірі лактобациллалар, кептіру аясының  компоненттері  5 мөл, флакон
•      Лактулоза, ішуге арналған  шәрбат 500 мл
•      Лорноксикам, таблеткалар 4мг, 8мг
•      Омепразол, капсулалар 10 мг
•      Панкреатин, ішекте еритін қабықшамен таблетка 10000 БІРЛ
•      Спирамицин, таблетка 1,5 млн ЕД, 3 млн БІРЛ
•      Тропикамид, көз тамшылары 1%-15,0
•      Таурин, көз тамшылары 4%-5,0
•      Урсодезоксихолды қышқыл, капсула 250 мг
•      Флуконазол, капсула 50 мг, 150 мг
•      Фозиноприл, таблеткалар 10мг
•      Цефтриаксон, енгізуге арналған ерітінді дайындау үшін ұнтақ 0,5 г, 1г
•      Эналаприл, таблеткалар 2,5мг
•      Этанол, ерітінді 70% 100мл
 
Стационарлық деңгейде дәрі-дәрмекпен емделу:
Негізгі дәрі-дәрмектер:
•      Адалимумаб (мл), реттік қолдануға арналған пісек  - 0,4мг-0,8мл, 08мл (№2)
•      Натрий диклофенагы натрия, таблеткалар 25мг, 50мг
•      Ибупрофен, ішуге арналған суспензия 200мг/5,0
•      Лефлюномид, таблеткалар 10 мг
•      Метилпреднизолон, тамырішілік енгізуге арналған ерітінді дайындау үшін ұнтақ 250мг, 500мг
•      Метилпреднизолон, таблеткалар 4мг, 16мг
•      Метотрексат (мл) пісек 0,75мг, 15мг, 20мг, таблеткалар 2,5 мг
•      Напроксен, таблеткалар 275мг, 550мг
•      Преднизолон, ампулалардағы бұлшықетке және тамырішілік  енгізуге арналған  ерітінді 30 мг/мл
•      Преднизолон, таблеткалар 5мг
•      Сульфасалазин, таблеткалар 500мг
•      Тоцилизумаб, концентрат  инфузияға арналған дайындау үшін ерітінді, флакондар
•      80 мг, 200мг, 400мг
•      Триамциналон, енгізуге арналған суспензия 40 мг №5
•      Фолий қышқылы, таблеткалар 1мг
•      ЭМЛА, крем 5 г.
•      Этанерцепт (мл) тері астына енгізуге арналған ерітіндіні дайын үшін лиофилизат, 25мг, 50мг №4.
Қосымша дәрі-дәрмектер 
•      Адеметионин, таблеткалар 400 мг, 400 мг құрамында ерітінді бар флаконда бұлшықетке және тамырішілік  енгізуге арналған ерітіндіні дайындау үшін лиофилизияланған ұнтақ  (5мл ампулада)
•      Азитромицин, таблеткалар, үлпек қабыршағымен қапталған 125 мг, 250мг, 500мг
•      Альфакальцидол, капсулалар 0,25, 0,5г
•      Алюминий гидроксиді, магний гидроксиді, симетикон,
•      Деглицирленген лакрица, ішуге арналған суспензия 180мл
•      Ацикловир, таблеткалар 200мг
•      Тірі бифидумбактериялыр 5 мөл, флакон
•      Варфарин, 2,5мг таб
•      Висмут трикалийдицитраты, таблетка, 120 мг
•      Гепарин 5000МЕ/мл
•      Дексаметазон, көз тамшылары, суспензия 0,1%-5,0
•      Декстроза, енгізуге арналған ерітінді 5% 200мл
•      Диклофенак, көз тамшылары 0,1%-5,0
•      Домперидон, таблеткалар 10 мг
•      Иммуноглобулин G адамдық қалыпты, тамырішілік енгізуге арналған ерітінді
•      10%: фл. 50 мл 1шт.
•      Каптоприл, таблетка 25 мг
•      Тромбоциттер концетрат , 200мл
•      Тірі лактобациллдер, кептіру аясының  компоненттері  5 мөл, флакон
•      Лактулоза, ішуге арналған  шәрбат 500 мл
•      Лорноксикам, таблеткалар 4мг,8мг
•      Меропенем, енгізуге арналған ерітінді дайындау үшін ұнтақ 1г
•      Метоклопрамид, ампулалардағы енгізуге арналған ерітінді 0,5% 2 мл
•      Кальций надропарині, пісек 3800МЕ
•      Натрий хлориді, инфузияға арналған ерітінді 0,9% 200мл
•      Омепразол, капсулалар 10 мг
•      Панкреатин, ішекте еритін қабықшамен таблетка 10000 ЕД
•      Повидон-Йод ерітіндісі  1% флаконда - 1 л
•      Таза мұздалған плазма, 200мл
•      Спирамицин, таблетка 1,5 млн ЕД, 3 млн ЕД
•      Тропикамид, көз тамшылары 1%-15,0
•      Таурин, көз тамшылары 4%-5,0
•      Урсодезоксихолды қышқыл, капсула 250 мг
•      Фамотидин, енгізуге арналған ертіндіні дайындау үшін  лиофилизирленген ұнтақ, 20 мг
•      Филграстим, енгізуге арналған ерітінді  1,0мл(0,3г)
•      Флуконазол, капсула 50 мг, 150 мг енгізуге арналған ерітінді 200 мг/100 мл
•      Фозиноприл, таблеткалар 10мг
•      Цефтриаксон, енгізуге арналған ертіндіні дайындау үшін  ұнтақ 0,5 г, 1г
•      Эналаприл, таблеткалар 2,5мг
•      Эритроцитарлы жүзгін, лейкосүзілген, 200мл
•      Эссенциальды фосфолипидтер енгізуге арналған ертінді
•      250мг/5мл 5мл
•      Этанол ерітіндісы 70% 100мл
 
Жедел жәрдем кезеңінде дәрі-дәрмекпен емделу:
•           Бейстероидты  қабынуға қарсы заттар: диклофенак 50мг табл;
•           Стероидты қабынуға қарсы заттар: преднизолон, ампулалардағы бұлшықетке және тамырішілік  енгізуге арналған ерітінді, 30 мг/мл
•           Омепразол, капсулалар 10 мг
 
Емдеудің басқа түрлері.
Амбулаториялық деңгейде емдеудің басқа түрлері
•      Емделушілерді оқыту  (қозғалыс белсенділігі стереотипінің өзгеруі және басқа) [5] (С деңгейі);
•      Емдік дене шынықтыру  (күнде) [5] (С деңгейі);
•      Эрготерапия [5] (С деңгейі);
•      Физиотерапия: ультрадыбыс, лазеротерапия, магнитотерапия, парафинотерапия, электрофорез (ЮИА біркелкі белсенділігінде) (С деңгейі);
•      Ұқалау
•      Гидрокинезотерапия, бассейнде жаттығулар [6] (С деңгейі);
•      Ортопедиялық құралдар (омыртқаның мойын бөлігінің қалыпты болмауын және буынның қалыпты өзгерісінің алдын алу мен түзету, білек үшін шиналар, мойынға корсет, төсеніштер, ортопедиялық аяқ киім) [5] ( D  деңгейі);
 
Стационарлық деңгейде емдеудің басқа түрлері: 14.3.1 т. қараңыз.
 
Жедел шұғыл жәрдем кезеңіндегі емдеудің өзге түрлері: жоқ.
 
Хирургиялық араласу
Жедел емделудің негізгі түрлері – қайта коксартроз мен ЮИА–мен емделушілердің жамбас буындарын  эндопротездеу (10 хаттаманы қараңыз) [10];

Амбулаториялық деңгейде хирургиялық араласу: жоқ.
 
Стационарлық деңгейде хирургиялық араласу: 14.4 т. қараңыз.

Алдын алуы


Профилактикалық іс-шаралар: жоқ

Ақпарат

Пайдаланған әдебиеттің тізбесі

  1. Протоколы заседаний Экспертной комиссии по вопросам развития здравоохранения МЗ РК, 2014
    1. Қолданылған кітаптар тізімі: • Petty RE, Southwood TR, Manners P, Baum J, Glass DN, Goldenberg J, et al. International League of Associations for Rheumatology classification of juvenile idiopathic arthritis: second revision, Edmonton, 2001. J Rheumatol2004;31: 390–2 • Ravelli A, Martini A. Juvenile idiopathic arthritis. Lancet 2007;369:767–78. • Cassidy J., Petty R., Laxer R. M., Lindsley C. B. Texbook of paediatric rheumatology, 6th еd. Philadelphia: Elsevier Saunders. 2010. 794 р. • Wallace C. Juvenile idiopathic arthritis: Critical elements of care. 4th edn. Seattle, WA, USA: The Centre for Children with Special Needs, 2006. • Singh-Grewal I, Schneiderman-Walker J, Wright V, et al. The effects of vigorous exercise training on physical function in children with arthritis: A randomized, controlled, single-blinded trial. Arthritis Rheum (Arthritis Care & Research) 2007;57(7): 1202–10. • Takken T, van der Net J, Kuis W, Helders P. Aquatic fitness training for children with juvenile idiopathic arthritis. Rheumatology 2003;42:1408–14. • Timothy Beukelman, et al.2011 American College of Rheumatology Recommendations for the Treatment of Juvenile Idiopathic Arthritis: Initiation and Safety Monitoring of Therapeutic Agents for the Treatment of Arthritis and Systemic Features. 26 • Sarah Ringold. et al. 2013 Update of the 2011 American College ofRheumatology Recommendations for the Treatment of Juvenile Idiopathic Arthritis: Recommendations for the Medical Therapy of Children With Systemic Juvenile Idiopathic Arthritis and Tuberculosis Screening Among Children Receiving Biologic Medications, Arthritis & Rheumatism. Volume 65, Issue 10, pages 2499–2512, October 2013 • Ramanan AV, Dick AD, Benton D, Compeyrot-Lacassagne S, Dawoud D, Hardwick B, Hickey H, Hughes D, Jones A, Woo P, Edelsten C, Beresford MW; SYCAMORE Trial Management Group. A randomised controlled trial of the clinical effectiveness, safety and cost-effectiveness of adalimumab in combination with methotrexate for the treatment of juvenile idiopathic arthritis associated uveitis (SYCAMORE Trial). • Wallace C. A.Current management of juvenile idiopathic arthritis // Best Practice & Research Clinical Rheumatology. 2006. P. 279–300. • Wallace C. A., Giannini E. H., Huang В., Itert L., Ruperto N. Childhood Arthritis Rheumatology Research Alliance (CARRA), Pediatric Rheumatology Collaborative Study Group (PRCSG) and Paediatric Rheumatology International Trials Organisation (PRINTO) (2011), American College of Rheumatology provisional criteria for defining clinical inactive disease in select categories of juvenile idiopathic arthritis. Arthritis Care Res 2011; 63: 929–936. Doi: 10.1002/acr.20497.С

Ақпарат


Біліктілік деректерді көрсете отырып хаттаманы әзірлеушілердің тізімі:
1. Отарбаев Нұржан Кұрмангалиұлы - медицина ғылымдарының докторы «Республикалық диагностикалық орталығы» АҚ басқарма төрағасы.
2.  Асылбекова Майкеш Қуантайқызы - «Ұлттық ана мен бала ғылыми  орталығы» АҚ  "Ревматология" бөлімінің меңгерушісі, жоғары біліктілік санаты бар дәрігер.
3.  Мұқышева Зәуре Серікпайқызы - «Ұлттық ана мен бала ғылыми орталығы» АҚ  "Ревматология" бөлімінің жоғары біліктілік санаты бар дәрігері.
4. Худайбергенова Махира Сейдуалықызы - «Ұлттық ана мен бала ғылыми орталығы» АҚ клиникалық фармакологы.
 
 Мүдделер қақтығысының жоқтығын көрсету: жоқ.
 
Пікір иелері:
1. Панавене  Виолетта, медицина ғылымдарының докторы, Вильнюс  университетінің балалар аурулары клиникасы, ВУ Балалар ауруханасының ревматология бойынша бас ординаторы, Литва Денсаулық сақтау министрлігің кеңесші-маманы.
2. Әбдірахманова Сағира Тоқсанбайқызы - медицина ғылымдарының докторы, «Астана медицина университеті» АҚ  "№2 балалар аурулары" кафедрасының меңгерушісі.
 
Хаттаманы қайта қарау шарты: хаттаманы қайта қарау 3 жылдан кейін және/немесе диагностиканың жаңа әдістері пайда болғанда және/ немесе дәлелділіктің жоғарлығы артық деңгеймен емделуде.

Қазықтаулы файлдар

Назар аударыңыз!

  • Занимаясь самолечением, вы можете нанести непоправимый вред своему здоровью.  
  • Информация, размещенная на сайте MedElement и в мобильных приложениях "MedElement (МедЭлемент)", "Lekar Pro", "Dariger Pro", "Заболевания: справочник терапевта", не может и не должна заменять очную консультацию врача. Обязательно обращайтесь в медицинские учреждения при наличии каких-либо заболеваний или беспокоящих вас симптомов.  
  • Выбор лекарственных средств и их дозировки, должен быть оговорен со специалистом. Только врач может назначить нужное лекарство и его дозировку с учетом заболевания и состояния организма больного.  
  • Сайт MedElement и мобильные приложения "MedElement (МедЭлемент)", "Lekar Pro", "Dariger Pro", "Заболевания: справочник терапевта" являются исключительно информационно-справочными ресурсами. Информация, размещенная на данном сайте, не должна использоваться для самовольного изменения предписаний врача.  
  • Редакция MedElement не несет ответственности за какой-либо ущерб здоровью или материальный ущерб, возникший в результате использования данного сайта.
На главную
Наверх