Этил спиртінің уытты əсері

H-Т-025

Версия: Архив - Аурулардың диагностикасы және емдеу хаттамалары (Приказ №764, 2007, №165, 2012)

Токсическое действие алкоголя. Этанола (T51.0)

Анықтамасы

Анықтамасы


Анықтамасы

Этанолдың потенциалды уытты дозасын бірнеше рет қабылдау немесе 
ұзақ уақыт бойы қабылдау нəтижесінде, этанолдың ағзаларға, жүйелер мен жалпы организмге уытты əсерімен шартталған патологиялық жағдай.

 
Хаттама коды: H-Т-025 "Этил спиртінің уытты əсері"
Терапевтикалық саладағы стационарлар үшін
АХЖ-10 бойынша коды (кодтары): T51.0 Этанолдың уытты əсері

Жіктемесі


Жіктемесі:
- жіті;
- созылмалы.

Диагностикасы


Диагностика критерилері

Этанол наркотиктік əсермен байланысты, орталық нерв 
жүйесінің тежеу процессін əлсіздендіріп, психотропты əсер көрсетеді. Уытты əсердегі маңызды рольді метаболиялық ацидоздың дамуы ойнайды, оның себебі болып биотрансформациясының ұышұылда өнімдер болып табылады (ацетальдегид, уксус қышқылы).

Шағымдар мен анамнез
Этанолмен жіті улану диагнозы анамнездік деректер 
негізінде қойылады: көп мөлшерде алкоголь пайдаланудан кейінгі жағдайдың нашарлауы.
 
Физикалық тексеру:
Улану клиникасы: жүрек айну, құсу, бас ауыру, тахикардия, тынышсыздық, естің тежелуі, кома, тырысулар.
Объективті тексеру деректері: ауыздан алкоголь иісінің шығуы, тері жабындыларының гиперемиясы, бүгу бұлшықеттерінің гипертонусы, гипертензия болу мүмкін, бауыр көлемінің ұлғаюы жəне басқа.
 
Негізгі диагностикалық шаралар тізімі:
1. Қанда алкогольдің болуына тест.
2. Зəрде алкогольдің болуына тест (Карандаев бойынша).
3. Қанның жалпы анализі (6 параметр).
4. Зəрдің жалпы анализі.
5. Мочевинаны анықтау.
6. Креатининді анықтау.
7. Жалпы ақуызды анықтау.
8. АЛТ анықтау.
9. Билирубинді анықтау.
10. Микрореакция.
11. Электрокардиограмма.
12. Глюкозаны анықтау.
13. Сілтілік-негіздік жағдайды зерттеу.
14. АСТ, АЛТ анықтау.
 
Қосымша диагностикалық шаралар тізімі:
1. Диастазаны анықтау.
2. Құрсақ қуысы ағзаларын УДЗ (көрсетімдер бойынша).
3. Зəрдегі ацетонды анықтау.
4. Бас сүйегінің, кеуде клеткалары ағзаларының, құрсақ қуысы ағзаларының рентгенографиясы.
5. Қандағы ацетонды анықтау.
6. Қандағы техникалық спирттерді анықтау.
7. Эзофагогастродуоденоскопия.

Лабораторлық зерттеулер


Лабораторлық зерттеулер

Қанда жəне зəрде алкоголь деңгейін сандық анықтау, 
трансаминазаның жоғарылауы, зəрде ацетонның болуы, электролиттік бұзылыстар.
Мүмкін болатын асқынулар орталық нерв жүйесінің, бауыр, жүрек, бүйректің, перифериялық нерв жүйесінің этанол уытты дозасымен, сонымен қатар оның метоболизм өнімдерімен уытты зақымдануымен шартталған.

Емдеу тактикасы


Емдеу тактикасы

Ем мақсаты:
1. Уытты заттардың əсерін тоқтату жəне шығуын күшейту.
2. Асқынулардың алдын алу жəне емдеу.
3. Уыттану симптомдарын басу.
4. Зақымданған ағзалар мен жүйелер функциясын қалпына келтіру.
5. Абстиненттік синдромды басу.
 
Дəрі-дəрмексіз ем: жоқ.
 
Дəрі-дəрмектік ем:
1. Өмірге маңызды ағзалар функциясын тұрақтандыру (тыныс алулық, жүрек-қантамырлық, нерв жүйесі).
2. Дезинтоксикациялық терапия:
- зонд арқылы асқазанды жуу;
- форсирленген диурез;

- қандағы этанол концентрациясы 3 г/л жоғары болса - гемодиализ.
3.Симптоматиялық терапия:
- метаболиттік бұзылыстарды түзету (метаболиттік, сүт-
қышқылдық ацидоз, алкогольді кетоацидоз) - тиамин 100 мг венаға, декстроза 50%-50 мл венаға, инфузионды терапия (3-5 л), натрий гидрокарбонаты 1 мэкв/кг дене салмағына;
су-элекролиттік бұзылыстарды түзету - препараттар: калий хлориді, магний сульфаты, - венаішілік ерітінді түрінде натрий хлориді (натрий ацетаты, натрий лактаты, физиологиялық ерітінді, кальций хлориді, магний хлориді) - 3-5 литр/тəулігіне, диурезді бақылаумен;
- бауыр қазымдалған кезде – С, В1 витаминдері (50 мг), В6 (50 мг), Е (300 мың. БІРЛІК), В 12 (50 мг), гепатопротекторлар (эссенциальды фосфолипидтер, силимарин, адеметионин –1200 мг/тəулігіне);
- орталық нерв жүйесінің алкогольдік 
зақымдануын емдеу – нейротропты заттар (Гинкго Билоба, пирацетам, ГБО), ненаркотикалық анальгетиктер мен стероидтық емес қабынуға қарсы препараттар, миокардтың алкогольдік зақымдануы (вит Е, эналаприл, калий хлорид, KMg аспарагинат, милдронат, рибоксин жəне басқалар);
- алкогольдік гастритті емдеу (Н2 гистаминдік 
рецепторларын бөгегіштер, жергілікті əсердегі антацидтер, метоклопрамид, домперидон, ранитидин);
- седативті терапия (диазепам, натрий оксибутираты);
- абстинентті 
жағдайды басу (клофелин 0,01 %, нейролептиктер, бензодиазепиндер, транквилизаторлар).
 
Профилактикалық шаралр: жоқ.

Әрі қарай жүргізу: жоқ.
 
Негізгі дəрі дəрмектер тізімі:
1. *Натрий гидрокарбонаты, 10 г пакеттегі ұнтақ.
2. *Натрия ацетат, ерітінді инфуз. үшін мешп/проп 500 мл.
3. *Декстроза, инъекция үшін ерітінді 5%,10% фл, 500 мл.
4. *Калия хлорид, ұнтақ инфузия үшін.
5. *Ерігіш инсулин, инъекция үшін ерітінді 100 МЕ/мл.
6. *Магний сульфаты 25%, 20 мл, амп.
7. *Натрий хлориді, 0.9% инфузия үшін ерітінді фл 40 0мл.
8. *Тиамин 1 мл, амп.
9. *Пиридоксин 1 мл, амп.
10. *Токоферола ацетат 1 мл, амп.
11. *Аскорбин қышқылы 2 мл, амп.
12. *Дифенгидрамин 1 мл, амп.
13. *Платифиллин 0,2% р-р, амп.
14. * Глюкоза ерітіндісі 40% 10мл, амп.
15. * Пирацетам 5 мл, амп.
16. *Натрий тиосульфаты 30% 10 мл, амп.
17. *Диазепам 10 мг, амп.
18. *Натрий оксибаты 10 мл, амп.
19. *Метоклопрамид 2 мл, амп.
20. *Фуросемид 20 мг, амп.
21. *Хлорпромазин 2,5% 2 мл, амп.
22. *Адеметионин сульфаты, инъекция үшін ұнтақ 400м.
23. *Дроперидол 10 мл, фл.
24. * Кетолорак 1 мл, амп.
25. *Кальций глюконаты 10 мл, амп.
26.  KMg аспарагинаты инфузия үшін ерітінді, көктамырға енгізу үшін ерітінді, табл.
27.  Цианокоболамин амп.
 
Қосымша дəрі-дəрмектер тізімі.
1. *Фенобарбитал 100 мг, таб
2. *Декстран 400 мл, фл.
3. *Допамин 5 мл, амп.
4. *Цефазолин 1 г фл.
5. *Маннитол, фл. 500 мл
6. *Эпинефрин 0,18 1 мл, амп.
7. *Преднизолон 30 мг, амп.
8. *Эналаприл 1 мл, амп.
9. *Аденозина фосфат 1 мл, амп.
10. Домперидон таб.
11. Фамотидин таб., амп.
 
Ем тиімділігінің индикаторлары:
1. Уыттану симптомдарын басу.
2. Зақымдалған ағзалар мен жүйелердің функциясын қалпына келтіру.
3. Абстиненттік синдромды басу.

* – Негізгі (өмірге маңызды) дəрілік заттар тізіміне кіретін препараттар

Ауруханаға жатқызу


Госпитализациялау үшін көрсетімдер:
1. Орташа жəне орташа ауырлық дəрежесіндегі уланулар.
2. Өмірге қатер төндіретін асқынулардың болуы.

Ақпарат

Пайдаланған әдебиеттің тізбесі

  1. Аурулардың диагностикасы және емдеу хаттамалары (Приказы №764 - 2007, №165 - 2012)
    1. Хаттаманы дайындауға пайдаланылған əдебиеттер: 1. Acute care for alcohol intoxication www.postgradmed.com; 2. Alcohol Intoxication www.emedicinehealth.com.

Ақпарат


Əзірлеушілер тізімі:
1. Г.М. Тойбаева, Республикалық токсикологиялық орталықтың дəрігер - токсикологы, токсикологтар қауымдастығының мүшесі, АМДБЖИ токсикология курсының ассистенті.
2. Р.Б. Сулейменов, Республикалық токсикологиялық орталықтың дəрігер - реаниматологы, токсикологтар қауымдастығының мүшесі.
3. Р.В. Салов, дəрігер,  токсиколог, токсикологтар қауымдастығының мүшесі, АМДБЖИ токсикология курсының ассистенті.
4. Б.Н. Бажинова, Республикалық токсикологиялық орталықтың дəрігер - реаниматологы, токсикологтар қауымдастығының мүшесі

Қазықтаулы файлдар

Назар аударыңыз!

  • Занимаясь самолечением, вы можете нанести непоправимый вред своему здоровью.  
  • Информация, размещенная на сайте MedElement и в мобильных приложениях "MedElement (МедЭлемент)", "Lekar Pro", "Dariger Pro", "Заболевания: справочник терапевта", не может и не должна заменять очную консультацию врача. Обязательно обращайтесь в медицинские учреждения при наличии каких-либо заболеваний или беспокоящих вас симптомов.  
  • Выбор лекарственных средств и их дозировки, должен быть оговорен со специалистом. Только врач может назначить нужное лекарство и его дозировку с учетом заболевания и состояния организма больного.  
  • Сайт MedElement и мобильные приложения "MedElement (МедЭлемент)", "Lekar Pro", "Dariger Pro", "Заболевания: справочник терапевта" являются исключительно информационно-справочными ресурсами. Информация, размещенная на данном сайте, не должна использоваться для самовольного изменения предписаний врача.  
  • Редакция MedElement не несет ответственности за какой-либо ущерб здоровью или материальный ущерб, возникший в результате использования данного сайта.
На главную
Наверх