Эбола вирусынан туындаған ауру

Версия: ҚР ДСМ клиникалық хаттамалар - 2014 (Қазақстан)

Болезнь, вызванная вирусом Эбола (A98.4)
Инфекционные и паразитарные болезни

Анықтамасы

Анықтамасы


Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау және әлеуметтік
даму министрлігінің
«Денсаулық сақтауды дамыту
республикалық орталығы» ШЖҚ РМК
Сараптама кеңесі ұсынған
2014 жылғы 12 желтоқсандағы
№ 9 хаттама

Эбола вирусынан туындаған ауру (ЭВТА) немесе Эбола қызбасы – бұл, ауыр ағымымен, айқын геморрагиялық синдроммен, (90%-ға дейінгі) қайтыс болудың жоғары деңгейімен сипатталатын әртүрлі механизмдері мен қоздырғыштың берілу жолдары бар жіті зоонозы жоғары контагиозды аса қауіпті вирусты инфекциялық ауру (2)

Хаттама атауы: Эбола вирусынан туындаған ауру
 
Хаттама коды:
 
АХЖ-10 коды:
А98.4. Эбола вирусынан туындаған ауру
 
Хаттамада пайдаланылатын қысқартулар:

АҚ-артериялық қысым
ВГҚ-вирусты геморрагиялық қызба
СТБ-су-тұзды баланс
ҚҰУ-Ли-Уайт бойынша қанның ұю уақыты
ГС-геморрагиялық синдром
ГШ-геморрагиялық шок
ДҚҰ-синдромыы-диссеминацияланған қантамырішілік ұю синдромы
ИФА-иммуноферментті анализ
ЭВТА-Эбола вирусынан туындаған ауру
КП-Криопреципитат
КТ-тромбоциттер концентраты
КТ-ПТР-кері транскрипциясы бар полимеразды тізбекті реакция
АҚК-айналатын қан көлемі
ПУ-протромбин уақыты
ПОЖ-полиорганды жеткіліксздік
ПТИ-протромбин индексі
ЖМП-жаңадан мұздатылған плазма
ЖҚЗ-жеке қорғану заты
Тр УДЗ-Тромбоциттер ультрадыбыстық зерттеу
Фг-Фибриноген
ОВҚ-орталық веналық қысым
ЭКГ-Электрокардиография
ЭМ-эритроциттік масса
 
Хаттаманың әзірленген күні: 2014 жыл.
 
Пациенттер санаты: ересектер.
 
Хаттаманы пайдаланушылар: инфекционистер, анестезиологтер-реаниматологтер.

Жіктемесі


ЭВТА клиникалық жіктемесі: әзірленбеген

Диагностикасы


Негізгі және қосымша диагностикалық іс-шаралардың тізбесі:

Амбулаториялық деңгейде жүргізілетін негізгі (міндетті) диагностикалық тексеріп-қарау: жүргізілмейді
 
Амбулаториялық деңгейде жүргізілетін қосымша диагностикалық тексеріп-қарау: жүргізілмейді
 
Жоспарлы емдеуге жатқызуға жолдау кезінде жүргізілуі қажет тексеріп-қараудың ең аз тізбесі: жүргізілмейді.
 
Стационарлық деңгейде жүргізілетін негізгі (міндетті) диагностикалық тексеріп-қарау [3]:
·  қан тобын анықтау;
·  резус-факторды анықтау;
·  жалпы қан анализі;
·  жалпы несеп анализі;
·  коагулограмма;
·  биохимиялық қан анализі (жалпы нәруыз, альбумин, билирубин, АлТ, АсТ).
 
Арнайы зертханалық диагностика [1,3]:
·  сарысудың бейтараптану реакциясы;
·  кері транскриптазасы бар полимеразды тізбекті реакция (КТ-ПТР).
 
Стационарлық деңгейде жүргізілетін қосымша диагностикалық зерттеп-қарау:
·  ішперде ағзалары, кіші жамбас УДЗ;
·  ЭКГ;
·  көкірек қуысы ағзаларының рентгенографиясы (гемотораксты, пневмонияны диагностикалау мақсатында).
 
Жедел кезек күттірмейтін көмек кезеңінде жүргізілетін диагностикалық іс-шаралар:
·  шағымдар мен анамнезді жинау.
 
Диагностикалық критерийлер (1,2,4,5):
 
Шағымдар:
·  дене қызуының 38-39ͦ С дейін көтерілуі;
·  бастың қатты ауыруы;
·  босаңдық, әлсіздік, дімкәстік;
·  жүрек айну, басылмайтын құсу;
·  тамақтың ауыруы;
·  диарея;
·  артралгия, миалгия;
·  құрғақ жөтел;
·  терінің бөртуі;
·  мұрыннан, қынаптан қан кету, қан құсу;
 
Анамнез (2,5):
·   жіті басталуы;
·   ауру басталғанға дейін бір апта бойы эндемиялық аймақта (Африка елдері) болуы;
·   науқастарды күтіп-қарау кезіндегі медициналық персонал;
·   науқаспен бұрын тығыз байланыста болған адамдар;
·   науқасты жерлеуге немесе жерлеу рәсімдеріне қатысу;
·   науқастың қанын немесе биологиялық сұйықтықтарын (нәжісін, құсық массаларын, несебін, сілекейін, емшек сүтін, сүртіндісін) ұстау;
·   маймылдарды аулаумен, тасымалдаумен оларды карантин кезеңінде күтіп-қараумен айналысатын персонал.
 
Физикалық тексеріп-қарау:
Бастапқы кезең
·   39-40 дейінгі қызба;
·   бастың ауыруы;
·   артралгиялар;
·   айқын әлсіздік;
·   анорексия;
·   іштің ауыруы;
·   тамақтың сілемейлі қабықтарының құрғауы, «(тамақтың қысылуын)» сезіну;
·   жүрек айну, құсу.

Аурудың ушыға бастауы:
·   басылмайтын құсу;
·   диарея;
·   іштің ауыруы;
·   құрғақ жөтел;
·   бөртпе;
·   бүйрек, бауыр және басқа да ағзалар функцияларының бұзылуы;
·   мұрыннан, қынаптан, қызылиектен қан кету, нәжісте қан болу, қан құсу;
·   петехиялар, экхимозалар;
·   дегидратация белгілері;
·   шок, ДҚҰ синдромы белгілері.
 
Реконвалесценция кезеңі: 2-3 айға дейін
·   дене массасының төмендеуі;
·   астенизация;
·   анорексия.
 
Ауру болжамы - өлім 50%-дан 90%-ға дейін жетеді.
 
Өлімнің негізгі себептері:
·    қан кету;
·    уыттану;
·    гиповолемиялық шок;
·    инфекциялық-уытты шок.

Зертханалық зерттеулер [1,2,4]:

Жалпы қан анализі: лимфоцитоз, айқын тромбоцитопения, гемоглобиннің және эритроциттерді төмендету;
Жалпы несеп анализі: 
 ·    бастапқы кезең: орташа альбуминурия, микрогематурия, цилиндруя;
·     ушыға бастаған кезең: гематурия.
 
Коагулограмма:
·             гиперкоагуляция кезінде: тромбин уақытының 10-15 секундқа және қан ұю уақытының қысқаруы; қан плазмасында фибриноген құрамының 4,5–8 г/л дейін жоғарылауы, протромбин индексінің 100–120%-ға дейін артуы;
гипокоагуляция кезінде: тромбин уақытының 25–50 секундқа және қан ұю уақытының ұзаруы; қан плазмасында фибриноген құрамының 1–2 г/л дейін төмендеуі, протромбин индексінің 30–60%-ға төмендеуі;

Биохимиялық қан анализі: қан сарысуындағы жалпы нәруыз құрамының (профузды қан кетулер кезінде), гипоальбуминемияның, гипербилилирубинемияның азаюы, АлТ және АсТ белсенділігінің артуы.

Жасырын қанға нәжіс анализі: оң (ішекішілік қан кету кезінде).

Диагностиканың серологиялық әдісі (ИФА әдісімен қан сарысуында ерекше Ig M анықтау):
қан сарысуында IgM класының ерекше антиденелерін айқындау

Кері транскриптазасы бар (КТ-ПТР ) ПТР әдісімен қандағы РНК анықтау: нәтижесі оң.

Үлгілер төтенше жоғары биологиялық қауіп төндіретін пациенттерден алынды; инактивацияланбаған үлгілерді зертханалық тестілеу барынша жоғары биологиялық оқшаулау жағдайларында, барынша жоғары қорғаныш деңгейі бар зертханаларда ғана жүргізу қажет.



 Аспаптық зерттеулер:
Инфекцияның төтенше контагиоздығына байланысты ішперде қуысы ағзаларының УДЗ көрсетімдері бойынша қатаң жүргізу: гепатомегалия, бос сұйықтық (гемоперитонеум кезде) болған кезде болуы мүмкін;

ЭКГ: миокарда ишемиясы белгілері (қатты ішкі қан кетулер кезінде);

Кеуде қуысы ағзаларының рентгенографиясы: өтқабы қуысында сұйықтықтың немесе ұйыған қандардың (гемоторакс кезінде) болуы;

Мидың КТ: қанағым ошақтарының болуы (миға қан құйылған кезде).
 
Мамандардың консультациясы үшін көрсетімдер:
·     неврологтің консультациясы (менингоэнцефалит, МҚЖБ құбылыстары қосылған кезде);
·     анестезиолог-реаниматологтің консультациясы (жүрек-қантамыр функцияларының жеткіліксіздігі, шок кезінде);
·     кардиологтің консультациясы (миокард симптомдары қосылған кезде);
·     хирургтің консультациясы (перитонитке, гемоторакске, гемоперитонеумге күдік болған кезде);
·     гинекологтің консультациясы (жүктілік, метроррагиялар кезінде).
 


Емдеу тактикасы


Емдеу мақсаттары:
·                    ЭВТА қоздырғыш элиминациясы;
·                    геморрагиялық синдромды басу:
·                    уыттануды басу.
 
Емдеу тактикасы:
 
Дәрі-дәрмексіз емдеу [1]:
Емдәм: №4 үстел
Аялаушы тағам:
·                    қан кету кезінде сұйық салқын тамақ (пюре-сорпа, киселдер) ішу;
·                    ет қайнатпалары, шырындар болмайды (қан кету тоқтағаннан кейін рационға енгізіледі);
·                    реконвалесценция кезінде нәруыздарға бай өнімдерді тұтыну көрсетілген.
 
Режим: қатаң төсектік (ауру ушыға бастаған кезеңде).
 
Дәрі-дәрмекпен емдеу [2,3,4]:

Стероидрезистентті жасушалық ауыр ажыратылу терапиясы кезінде таңдалған әдіс – антитимоциттік антиденелерді тағайындау. Жіті ажыратылудың қайталанған эпизоды – поликлоналды  антиденелер препараттарын тағайындауды талап ететін ауыр стероидрезистентті жіті жасушалық ажыратылу. Шамамен 50% жағдайда жіті гуморальды ажыратылу белгілері анықталады. Қайталанған ажыратылудың дамуы трансплантаттың келешекте тірі қалу болжамымен қатар жүреді.
Қайта жасалған ГКС пульс-терапиясы жіті ажыратылуды емдеуде нәтижелі болуы мүмкін, бірақ антиденелерді қолдану алдында пульс-терапияны екі курстан артық тағайындамаған жөн. Көптеген хаттамалар қайталанған бүкіл ажыратылулар кезінде ағымы қолайлы немесе кем дегенде бірінші эпизодтан кейін бірнеше апта өткен соң дами бастағандарды есептемегенде, антиденелермен емдеуді ұсынады.
Егер пульс-терапияға тез арада жауап болмаса, антиденелермен емдеуді бірден бастап кеткен жақсы, басқа хаттамалар бірнеше күн тосуды жөн көреді. Пульс-терапияға қарамастан, бүйрек функциясы жылдам нашарлай бастаса, тез арада антитимоцитті иммуноглобулинмен емдеуді бастау керек.
Ажыратылуды емдеуде антитимоцитарлы иммуноглобулиннің дозасы индукциялықпен салыстырғанда жоғары болуы мүмкін, ал емдеу ұзақтығы 5-7 күннен кем болмауы тиіс. Емдеу курсы бойы гематологиялық көрсеткіштерді бақылап, профилактика үшін 2-3 апта ганцикловирді қолдану қажет. Сондай-ақ циклоспориннен такролимусқа ауысу немесе микофенолаттарды қосу, бұған дейін оларды алып көрмеген пациенттерге ажыратылудың қайталанған эпизодтарында да көрсетілуі мүмкін.
 
ЭВТА базисті терапия
 
Патогендік терапия
Детоксикациялық инфузиялық терапия:
 
·                   NaCl 0,9% -400 ерітіндісі
·                   сорбитол 20.00 г, натрий лактаты 1,90 г (100% затқа есептегенде), натрий хлориді 0,60г, кальций хлориді 0,01г (кальций хлориді гексагидраты, құрғақ затқа есептегенде), калий хлориді 0.03г, магний хлориді 0.02 г (магний хлориді гексагидраты, құрғақ затқа есептегенде) 400,0;
·                   сорбитол 6.00 г, натрий лактаты 1,90 г (100% затқа есептегенде), натрий хлориді 0,60г, кальций хлориді 0,01г (кальций хлориді гексагидраты, құрғақ затқа есептегенде), калий хлориді 0.03г, магний хлориді 0.02г (магний хлориді гексагидраты, құрғақ затқа есептегенде) 400,0;
·       декстроз ерітіндісі 5% - 500,0;
·       декстран ерітіндісі – 400
 
Алмастырушы терапия:
гипопротеинемия кезінде:
·                   альбумин 20% - 200-300 мл, венаішілік.
гипокоагуляция кезінде:
·                     жаңадан мұздатылған плазма (ЖМП) в дозе 15 мл/кг, венаішілік, тамшылатып.
Гемостаздық терапия:
·                    12,5% этамзилат 10-20 мг/кг дозадағы ерітінді әрбір 6 сағат сайын венаға, күніне 4 рет.
Инфузиялық терапияның көлемі физиологиялық және патологиялық шығындарды ескере отырып, бастапқы емдеуге жатқызылған күні сағатына 4-8 мл/кг жылдамдықпен орташа алғанда тәулігіне дене массасына 30-50 мл/кг  құрайды.
 
Патогенетикалық терапия тиімділігінің критерийлері:
·                   гематокритті 36-38%-ға дейін төмендету;
·                   гемодинамикалық көрсеткіштердің (пульс, АҚ, ОВҚ) және сағат Сайынға диурездің қалыпты болуы;
 
Ангиопротективті мақсатта:
·                   аскорбин қышқылы 200мг күніне 3 рет 1 таблеткадан, курс 10 күн;
·                   кальций глюконаты 500 мг күніне 3 рет 1 таблеткадан, курс 10 күн, немесе этамзилат 250 мг күніне 2-3 рет 1 таблеткадан, 10 күн.
Симптомдық терапия:
Қызба кезінде:
·                   диклофенак 75 мг/2 мл ампулда б/і,
немесе парацетамол 500 мг арасына кемінде 4 сағат салып 1 таблеткадан.
Бактериялық асқынулар кезіндегі антибактериялық заттар:
·                   амоксициллин 500 мг күніне 3 рет 1 капсуладан, курс 7-10 күн;
·                   цефалоспорины (цефазолин 1,0 х тәулігіне 3 рет б/і; цефтриаксон тәулігіне 1,0 х 2-3  рет б/і, в/і, курс 7-10 күн).
Орталық нерв жүйесі жағынан асқынулар болған кезде:
·                   глюкокортикостероидтар (преднизолон, дексаметазон) бір кг салмаққа 2-3/мг есебінен (венаға/бұлшық етке);
·                   диуретиктер (фуросемид 10мг/мл ампулада  2 мл б/і, в/і).
 
 Амбулаториялық деңгейде көрсетілетін дәрі-дәрмектік ем: жүргізілмейді.
 
Стационарлық деңгейде көрсетілетін дәрі-дәрмектік ем:
100% қолданылу мүмкіндігі бар негізгі дәрілік заттар тізбесі:
·                   0,9% NaCl ерітіндісі 100, 200, 250 және 400 мл;
·                   5% декстроза ерітіндісі, құтылар 500 мл-ден;
·                    сорбитол 20.00 г, натрий лактаты 1,90 г (100% затқа есептегенде), натрий хлориді 0,60г, кальций хлориді 0,01г (кальций хлориді гексагидраты, құрғақ затқа есептегенде), калий хлориді 0.03г, магний хлориді 0.02 г (магний хлориді гексагидраты, құрғақ затқа есептегенде) 400,0;
·                   сорбитол 6.00 г, натрий лактат 1,90 г (100% затқа есептегенде), натрий хлориді 0,60г, кальций хлориді 0,01г (кальций хлориді гексагидраты, құрғақ затқа есептегенде), калий хлориді 0.03г, магний хлориді 0.02г (магний хлориді гексагидраты, құрғақ затқа есептегенде) 400,0;
·        декстроза ертіндісі 5% - 500,0;
·        декстран ертіндісі – 400;
·     альбумин 20%- 200 мл;
·     жаңадан мұздатылған плазма (ЖМП);
·     аскорбин қышқылы, таблеткалар 200 мг;
·     кальций глюконаты, таблеткалар 500 мг;
·     диклофенак, ампулалар 75 мг/2 мл, 75мг/3 мл;
·     парацетамол, таблеткалар 500 мг;
·     инъекцияға арналған 5% этамзилат  ерітіндісі, ампулаларда 1 мл-ден және 12,5% 2мл-ден;
 

Қолданылу мүмкіндігі 100%-дан төмен қосымша дәрілік заттар тізбесі:
·                    амоксициллин, таблеткалар 500 мг; 250 мг;
·                    цефалоспориндер:
·                    цефазолин, құты 1,0 г;
·                    цефтриаксон, құты 1,0 г;
·                    преднизолон, ампулалар 30 мг/мл, 25 мг/мл;
·                    фуросемид, ампулалар 10мг/мл по 2,0 мл.
 
Емдеудің басқа түрлері: жүргізілмейді.
 
Хирургиялық араласу: жүргізілмейді.

Алдын алуы


Профилактикалық (эпидемияға қарсы)іс-шаралар.
·                   науқасты ауырған сәтінен бастап 21 күнге дейін оқшаулау;
·                   байланыста болған адамдар үшін 21 күнге дейін шектеу және карантиндік іс-шаралар;
·                   халықтың эндемиялық өңірлерге келу кезінде ЭВТА жұқтыру қауіпінің алдын алу мақсатында гигиеналық мінез-құлық дағдыларын қалыптастыру;
 
Ауруханаішілік инфекция жұқтыруды профилактикалау және бақылау
·                   ЭВТА болжамды, ықтималды расталған жағдайлары бар науқасты боксқа оқшаулау және ауруханаішілік бақылау шараларын күшейту;
·                   боксқа кіруге рұқсаты бар және пациенттермен байланысатын медициналық және медициналық емес персоналдың санын қысқарту;
·                   науқастан бөлінетін сұйықтықтарды, науқас пайдаланған төсек жабдықтарын, киімдерді, бір рет қолданылатын медициналық аспаптарды кәдеге жарату алдында (Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 17 қаңтардағы № 87 Қаулысымен бекітілген «Денсаулық сақтау объектілеріне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидаларына сәйкес) зарарсыздандыру және автоклавирлеу.
·                      палатадағы заттардың беттерін құрамында хлор бар ерітінділермен дезинфекциялау.
·                      науқаспен байланыста болатын персоналдың жеке қорғану заттарын пайдалануы.
 
Жеке қорғану заттарына (ЖҚЗ) ұсынымдар [3]
ЖҚЗ пайдалануы тиіс адамдардың санаты:
·     дәрігерлер, ЭВТА-ға күдігі бар (ықтимал және расталған жағдайлар) пациенттерді күтіп-қарауды қамтамасыз ететін орта және кіші медициналық персонал;
·        оқшауланған бөлмені тазалауға, зарарлы заттарды және жабдықтарды тазартуға, заттарды жууға, сондай-ақ инфекция жұқтырылған қалдықтарды жинауға және кәдеге жаратуға тартылған барлық қосалқы персонал;
·        пациенттердің анализдерін зерттеуге және зертханалық жабдықтарды дезинфекциялауға тартылған барлық зертхана персоналы;
·        жерлеу тобы;
·        ЭВТА-мен ауырған пациентпен тікелей байланыста болған отбасы мүшелері.
 
Медициналық ұйымның оқшауланған бөлігінде кию қажет ЖҚЗ тізбесі:
·       хирургиялық қорғаныш костюмі немесе пижама, жұқа қолғаптар (киімнің ішкі қабаты);
·       халат (ұзын жеңі және манжеталары бар су жұқпайтын, бір рет киюге арналған халат), резеңке аяқ киім емесе пластик бахилалар, беті екі қабатты киімнен тұратын пластик фартук, жұқа немесе қалың қолғаптардың екінші жұбы (киімнің ішкі қабаты);
·       биологиялық қауіпсіз бетперде (маска), мақта-матадан жасалған бас киім, таза көзілдірік немесе терлегенде буланбайтын көзілдірік;
·       бетке арналған қорғаныш қалқаны (зертханада манипуляция жүргізу кезінде, сондай-ақ геморрагиялық сырқаттану кезеңінде науқаспен байланыста болған кезде клиницистерге ЖҚЗ) [8,9].

Ақпарат

Пайдаланған әдебиеттің тізбесі

  1. Протоколы заседаний Экспертного совета РЦРЗ МЗСР РК, 2014
    1. Пайдаланылған әдебиеттер тізімі: 1) Сайт, посвященный лихорадке Эбола (портал Всемирной организации здравоохранения, анг) 2) С. Амиреев, Т.Муминов, В.Сергиев, К.Оспанов «Стандарты и алгоритмы мероприятий при инфекционных и празитарных болезней», Алматы-2008г, 2 том,-с.-60-66. 3) Эпидемия болезни, вызываемой вирусами Эбола и марбургской лихорадки: обеспечение готовности, предупреждение, контроль и оценка - на английском языке 4) Инфекционные болезни. Национальное руководство. Главные редакторы: акад. РАМН Н.Д. Ющук акад. РАЕН Ю.Я. Венгеров, Москва 2009 год 5) Кулкаева Г.У., Кошерова Б.Н., Доскажаева С.Т. «Клиника, диагностика и лечение БВВЭ» Методические рекомендации, Караганда, 2014 г. 6) Методические рекомендации по диагностике, лечению и профилактике БВВЭ. Москва, 2014 г 7) http://medpharmconnect.com/News/Pharma_RD_News/18608.htm 8) WHO Model Formulary 2008/Editors, Mark C. Stuart, Maria Kouimtzi, Suzanne R. Hill, 176-178 9) «Санитарно-эпидемиологические требования к организации и проведению санитарно-противоэпидемических (профилактических) мероприятий по предупреждению особо опасных инфекционных заболеваний» утвержденной Постановлением Правительства РК от 06.12.2011года № 1476

Ақпарат


Әзірлеушілердің тізімі:
1)       Көшерова Бахыт Нұрғалиқызы – медицина ғылымдарының докторы, профессор, «Қарағанды мемлекеттік медицина университеті» ШЖҚ РМК, клиникалық жұмыс және үздіксіз кәсіптік даму жөніндегі проректор, ҚР ДСӘМ штаттан тыс инфекционисі.
2)             Оспанова Күләш Сабырқызы – медицина ғылымдарының кандидаты, «Қарағанды мемлекеттік медицина университеті» ШЖҚ РМК үздіксіз кәсіптік білім беру факультеті, жалпы дәрігерлік практика кафедрасының доценті.
3)       Ихамбаева Айнұр Нығыманқызы – «Астана медицина университеті» АҚ жалпы фармакология және клиникалық фармакология кафедрасының клиникалық фармакологі
 
Мүдделер қақтығысының жоқтығын көрсету: жоқ.
 
Рецензенттер:
Баешева Динагүл Аяпбекқызы – медицина ғылымдарының докторы,  профессор, «Астана медицина университеті» АҚ» балалар жұқпалы аурулар кафедрасының меңгерушісі
 
Хаттаманы қайта қарау шарттарын көрсету: хаттаманы 3 жылдан кейін және/немесе дәлелділіктің неғұрлым жоғары деңгейі бар диагностикалаудың және/немесе емдеудің жаңа әдістері пайда болған кезде қайта қарау.

Қазықтаулы файлдар

Назар аударыңыз!

  • Занимаясь самолечением, вы можете нанести непоправимый вред своему здоровью.  
  • Информация, размещенная на сайте MedElement и в мобильных приложениях "MedElement (МедЭлемент)", "Lekar Pro", "Dariger Pro", "Заболевания: справочник терапевта", не может и не должна заменять очную консультацию врача. Обязательно обращайтесь в медицинские учреждения при наличии каких-либо заболеваний или беспокоящих вас симптомов.  
  • Выбор лекарственных средств и их дозировки, должен быть оговорен со специалистом. Только врач может назначить нужное лекарство и его дозировку с учетом заболевания и состояния организма больного.  
  • Сайт MedElement и мобильные приложения "MedElement (МедЭлемент)", "Lekar Pro", "Dariger Pro", "Заболевания: справочник терапевта" являются исключительно информационно-справочными ресурсами. Информация, размещенная на данном сайте, не должна использоваться для самовольного изменения предписаний врача.  
  • Редакция MedElement не несет ответственности за какой-либо ущерб здоровью или материальный ущерб, возникший в результате использования данного сайта.
На главную
Наверх