Шыбық буынының, білек сүйегінің жабық жарақаттары

E-007

Версия: Архив - Аурулардың диагностикасы және емдеу хаттамалары (Приказ №764, 2007, №165, 2012)

Перелом неуточненной части костей предплечья (S52.9)

Анықтамасы

Анықтамасы


Анықтамасы

Шынтақ буынының жабық жарақаты – жаншылу, білек сүйегінің 
орнынан шынтақ буындарын құрайтын сүйектің сынуы (иық сүйектің айдаршық үсті сынуы, айдаршығының сынуы, шынтақ өсіндісінің, шынтақ тəж өсіндісінің сынуы, шыбық сүйегі басының сынуы).

Білек сүйектің сынуы – жарақат немесе патологиялық үрдіс нəтижесінде шыбық немесе шынтақ сүйек тінінің зақымдануы. Олардың бүтіндігінің бұзылуы.

 
Хаттама коды: Е-007 "Шыбық буынының, білек сүйегінің жабық жарақаттары."
Жедел медициналық көмек
Кезеңдік ем мақсаты: ауру сезімінің азаюы, зақымданудың төмендеуі. Науқасты арнайы медициналық мекемедегі тасымалдауға дайындау..
АХЖ -10 бойынша коды (кодтары):
S50.0 Шынтақ жаншылуы.
S52    Білек сүйегінің сынуы.
S52.0 Шынтақ сүйектің жоғарғы бөлігінің сынуы.
S52.1 Шыбық сүйектің жоғарғы бөлігінің сынуы.
S52.2 Шынтақ сүйектің диафизінің сынуы.
S52.3 Шыбық сүйегінің диафизінің сынуы.
S52.4 Шынтақ жəне шыбық сүйегі диафизінің сынуы.
S52.5 Шыбық сүйектің төменгі бөлігінің сынуы.
S52.6 Шынтақ жəне шыбық сүйегінің төменгі бөлігінің бірлескен сынуы.
S52.7 Білек сүйегінің көптік сынуы.
S52.8 Білек сүйегінің басқа бөлімдерінің сынуы.
S52.9 Білек сүйегінің анықталмаған бөлігінің сынуы.
S53    Шынтақ буыны аппаратының, капсула байламының шығуы, зақымдануы, созылуы.
S53.0 Шыбық сүйегі басының орнынан таюы.
S53.1 Шынтақ буынының анықталмаған шығуы.

Жіктемесі


Жіктелуі

Жұмсақ тіндердің зақымдану ерекшелігіне қарай:
1. жабық.
2. ашық.

Қауіп-қатерлі факторлар


Қауіп-қатерлі факторлар:   детренирленеген абайсыз кенеттен болған қозғалыстар.
Түсуі:   жедел.

Диагностикасы


Диагностическа критерилері
 
Травмогенез есепке алынады. Авто жəне мото тарвмалар кезінде тікелей соққылар. Əр түрлі қайғылы оқиғалар кезінде биіктіктен құлау. Əсер еткен күштің көлемі, əсер ету бағыты, күш түсу аймағы бағаланады.
 
Орнынан таю белгілері:
- шынтақ буынында қатты ауру сезімі;
қол буын ұштарының ығысу дəрежесіне сондай-ақ гемартрозбен жұмсақ тіндердің ісінуіне байланысты;
қолдың мəжбүрлік қалпы – білек ішке жəне сəл бүгілген;
- білектің проксимальды ұшының, осінің бағыты, буыннан шалғай;
- белсенді жəне пассивті қозғалыстарының шектелуі;
- білекті пассивті түрде қозғалтуға мүмкіндік жасаған кезде «бұралмалы қарсыласу» байқалады;
- білектің қысқаруы, буынның артқа таюы кезінде жəне ұзаруы буынның алдыға таюы кезінде байқалады;
əдеттегіге қарағанда шынтақ өсіндісі артқа қарай орналасады. Иық үйектің айдаршықтарын қосатын сызықтан жоғары жəне артқа қарай орналасады;
- шынтақ бүккен кезде иық сүйектің эпифизі пальпацияланады;
 
Сынықтың абсолютті (тікелей) белгілері:
- сүйектің деформациясы;
- сүйектің крепитациясы;
- патологиялық қозғалуы;
- жарадан сүйек сынықтарының шығып тұруы;
- қол ұзындығының қысқаруы.
 
Сынықтың салыстырмалы (жанама) белгілері:
- ауру сезімі (пальпация кезінде локальды 
ауру сезімімен сəйкес келуі);
- остік күштеме симптомы – қолға салмақ түсіргенде осі бойынша локальды ауру сезімінің күшеюі;
- сыну аймағында ісінудің (гематома) болуы;
- қол қызметінің бұзылуы (болмауы).
 
Бір абсолютті белгінің болуы сынық диагнозын қоюға негіз бола алады.
 
Сүйектік крепитация жəне патологиялық қозғалыс симптомдарын тексеруді абайлап жасау керек.  Айқын сынуларды тексерудің қажеті жоқ.

Сүйектің ығысуы, гематома жəне ісінулер, жүйке жəне қан тамырлар шоғырларын зақымдауы мүмкін. Сол себепті қол саусақтарының қозғалысын, сезімталдығын қан тамырлар пульсациясын тексеру қажет.

Негізгі жəне қосымша диагностикалық шаралар тізімі: жоқ.

Емдеу тактикасы


Медициналық көмек көрсету тактикасы

Дəрі-дəрмексіз ем:
1. Зақымдалған қолды, зақымдалған аймақты жоғарғы жəне төменгі жағынан сүйемелдеу жəне қолмен фиксациялау.
2. Ашық сынулар кезінде – қан ағуды тоқтату (қысып тұратын таңғыш салу, қан тамырды басып тұру, жгут салу), стерильді таңғыш салу. Жарадан шығып тұрған сүйек сынықтарының орнына салуға болмайды.
3. Жарақат аймағына суық қою.
4. Транспорттық иммобилизация: пневматикалық, вакумдық шиналар, Крамер шинасы, қолды асып қою қолданады. Қолға ыңғайлы физиологиялық ыңғайлы қалып береді. Білектің сынуы кезінде шина иық сүйектің орта деңгейінен саусақ ұшына дейін, алақанға үлкен мақта түйінін салады. Шынтақ буынынң зақымдануында шина иықтан білезік,фаланг буындарына дейін жету қажет.
 
Дəрі-дəрмектік ем:  ауру сезімін басу.
- наркотикалық емес анальгетиктер – кеторолак 1 мл/30 мг бұлшық етке;
қатты ауру сезімі кезінде наркотикалық анальгетиктер – трамадол 50 - 100 мг к\т немесе морфин гидрохлориді 1% - 1,0 мл к/т немесе промедол 2% - 1,0 мл к/т.
 
Негізгі жəне қосымша дəрі-дəрмектер тізімі:
1. *Кеторолак инъекция үшін ертінді 30 мг/1 мл
2. *Морфин гидрохлориді 1% – 1,0
3. *Тримепиридин гидрохлориді (промедол) 2% – 1,0
4. *Трамадол 50 мг/1 мл

* – Негізгі (өмірге маңызды) дəрілік заттар тізіміне кіретін препараттар

Ауруханаға жатқызу


Жедел госпитализацияға көрсеткіштер

Травмопунктке мына науқастар жеткізіледі:
- жалпы бұзылыстар жəне тіндерге шамалы қан құйылулар, жаншылулар;
- байламдардың зақымдануы айқын гемартрозсыз;
- білек сүйектің асқынусыз орнынан таюы;
- шынтақ өсіндісінің сынықтары оперативті ем қажет етпейтін;
- балалардағы білек сүйектерінің сүйек қабы астылық шектелген сынықтар;
- шыбық сүйектің əдеттегі жерден сынуы.
 
Қалған жағдайда травматалогиялық бөлімшеге госпитализация.

Ақпарат

Пайдаланған әдебиеттің тізбесі

  1. Аурулардың диагностикасы және емдеу хаттамалары (Приказы №764 - 2007, №165 - 2012)
    1. Хаттаманы дайындау барысында пайдаланылған əдебиеттер: 1. Травматология и ортопедия. Под ред. Юмашева Г.С. Москва «Медицина 1990 г. 2. Рекомендации по оказанию скорой медицинской помощи в Российской Федерации. Под ред. А.Г. Мирошниченко, В.В. Руксина. Санкт-Петербург 2006 г. 3. Курс по неотложной медицине для Учебных центров в Евразии. АМСЗ 2003 г. 4. Биртанов Е.А., Новиков С.В., Акшалова Д.З. Разработка клинических руководств и протоколов диагностики и лечения с учетом современных требования. Методические рекомендации. Алматы, 2006, 44 с. 5. Приказ Министра Здравоохранения Республики Казахстан от 22 декабря 2004 года № 883 «Об утверждении Списка основных (жизненно важных) лекарственных средств». 6. Приказ Министра Здравоохранения Республики Казахстан от 30 ноября 2005 года №542 «О внесении изменений и дополнений в приказ МЗ РК от 7 декабря 2004 года № 854 «Об утверждении Инструкции по формированию Списка основных (жизненно важных) лекарственных средств».

Ақпарат


Əзірлеушілер тізімі:
С.Ж. Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университеті «Жедел жəне шұғыл медициналық жəрдем, №2 ішкі аурулар кафедрасының меңгерушісі - м.ғ.д., профессор Тұрланов Қ.М.
С.Ж. Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университеті «Жедел жəне шұғыл медициналық жəрдем, №2 ішкі аурулар кафедрасының қызметкерлері: м.ғ.к, доцент Воднев В.П.; м.ғ.к., доцент Дюсембаев Б.К.; м.ғ.к., доцент Ахметова Г.Д.; м.ғ.к., доцент Бедельбаева Г.Г.; Альмухамбетов М.К.; Ложкин А.А.; Маденов Н.Н.
Алматы мемлекеттік дəрігерлер біліміг жетілдіру институтыеың «Шұғыл медицина» кафедрасының меңгерушісі – м.ғ.к., доцент Рахымбаев Р.С.
Алматы мемлекеттік дəрігерлер біліміг жетілдіру институтыеың «Шұғыл медицина» кафедрасының қызметкерлері: м.ғ.к., доцент Силачев Ю.Я.; Волкова Н.В.; Хайрулин Р.З.; Седенко В.А.
 

Қазықтаулы файлдар

Назар аударыңыз!

  • Занимаясь самолечением, вы можете нанести непоправимый вред своему здоровью.  
  • Информация, размещенная на сайте MedElement и в мобильных приложениях "MedElement (МедЭлемент)", "Lekar Pro", "Dariger Pro", "Заболевания: справочник терапевта", не может и не должна заменять очную консультацию врача. Обязательно обращайтесь в медицинские учреждения при наличии каких-либо заболеваний или беспокоящих вас симптомов.  
  • Выбор лекарственных средств и их дозировки, должен быть оговорен со специалистом. Только врач может назначить нужное лекарство и его дозировку с учетом заболевания и состояния организма больного.  
  • Сайт MedElement и мобильные приложения "MedElement (МедЭлемент)", "Lekar Pro", "Dariger Pro", "Заболевания: справочник терапевта" являются исключительно информационно-справочными ресурсами. Информация, размещенная на данном сайте, не должна использоваться для самовольного изменения предписаний врача.  
  • Редакция MedElement не несет ответственности за какой-либо ущерб здоровью или материальный ущерб, возникший в результате использования данного сайта.
На главную
Наверх