Шарананың бой қысқалығы

H-O-007

Версия: Архив - Аурулардың диагностикасы және емдеу хаттамалары (Приказ №764, 2007, №165, 2012)

Недостаточный рост плода,требующий предоставления медицинской помощи матери (O36.5)

Анықтамасы

Анықтамасы


Анықтамасы:
1. Пайда болу мерзімі бойынша: ерте формасы, кеш формасы.
2. Даму түрлері бойынша: симметриялық форма, ассимметриялық форма.


Хаттама коды: H-O-007  "Шарананың бой қысқалығы"
Акушерлік-гинекологиялық саладағы стационарлар үшін
АХЖ-10 бойынша коды (кодтары):
О36 Анасына медициналық көмек көрсетуді талап ететін іштегі нәрестенің өсуінің жетімсіздігі
Р05 Іштегі нәрестенің бая өсу мен қоректің жетімсіздігі
Р05.0 Іштегі нәрестенің гестациялық кезең үшін "азсалмақтылық"
Р05.1 Іштегі нәрестенің гестациялық кезең үшін көлемінің кіші болуы
Р05."Азсалмақтылық" немесе гестациялық кезең үшін көлемінің кіші болуын есептемегенде іштегі нәрестеге қоректің жетіспеуі

Жіктемесі


Жіктемесі:
1. Пайда болу уақыты бойынша: ерте форма, кеш форма.
2. Даму типі бойынша: симметриялық форма, ассимметриялық форма. 

Диагностикасы


Диагностика критерилері:
1. Іштегі нәрестенің фетометрия көрсеткіштері жүктіліктің етеккір келген соңғы күнінен бастағандағымен және жүктіліктің 12 аптасында жасалған биомануалдық зертеудің нәтижесімен (дәлдігі 7 күнге дейін) немесе іштегі нәрестеге бірінші УД-сканер нәтижесімен салыстырғанда төмен.
2. Жүкті әйелдің салмақ қосуы күткендегіден төмен.
3. ЖТТБ жүктіліктің осы мезгіліне тән салмақтан аз (3 см немесе одан көп).
ЖТТБ жүктіліктің осы мезгіліне тән салмақтан жүктіліктің 20-36 апталары аралығындағыдан 1см-ге үлкеюі де күдік туғызады. ЖТТБ  мезгілдегіден 3-4см артық болуы клиникалық мәліметтерді ойдағыдай етіп толықтыратын УДЗ жүргізуге негіз болуы тиіс.

Негізгі диагностикалық шаралар тізімі:
1. Жатыр түбінің бірқалыптағы биіктігіне динамикалық өлшеу жүргізу.
2. НҚДЖ даму қапі бар жүкті әйелдер тобына мына параметрлер бойынша ультрасонографиясы:
- іштегі нәрестеге әрбір 4 аптасында, III триместрінде әрбір 2-3 аптасында фитометрия жасау;
- іштегі нәрестегенің бірінші УДЗ-мен салыстырғандағы өсуі;
- аминоттық сұйық көлемін бағалау (суаздық - іштегі нәрестенің ауруы мен өлімінің қауіп факторы, суаздық кезінде дәрігерге аптасына 1-2рет, көрсеткіштеріне байланысты одан да жиі көрініп түру керек);
- іштегі нәрестенің қозғалу белсенділігін бағалау;
- биофизикалық сала.
3. Жатыр-бала жолдасы - іштегі нәрестенің қан айналысына мына парамерлер бойынша доплерометриялық зерттеу жүргізу:
- кіндік артериясының қан ағысы;
- жатыр артериясының қан ағысы;
- іштегі нәрестенің ми артериясының қан ағысы;
- іштегі нәрестенің ми артериясы мен жатыр артериясының қан ағысы көлемінің қатынасы.
4. Стрестік тест.
5. Дәстүрлі және жетілдірілген биофизикалық профиль.
6. Стрестік емес тест.

Қосымша диагностикалық шаралар тізімі: жоқ.

Емдеу тактикасы


Емдеу тактикасы:
1. ВЗРП алып келетін жүкті әйелдердің қосымша ауруларын емдеу.
2. Ана және ұрық ахуалын динамикалық бақылау.
3. Акушерлік тактиканы уақытылы өзгерту және көрсетімдер бойынша мезгілінен бұрын босандыру.
4. Көрсетімдер бойынша метаболиттік терапия.

Ем мақсаты
Нәрестенің құрсақішілік дамуы жетілмеген (НҚДЖ) қатер тобындағы жүкті әйелдерді бөліп алу, бұл топтағы әйелдерді үдіксіз бақылап тұру, патологияға дер кезінде диагноз қою, жүктілікті жүргізудің бұдан кейінгі әдіс-тәсілін анықтау (оның  ішінде ауруханаға жатқызу мен мезгілінен босандыру көрсеткіштері).

Дәрі-дәрмектік ем
Мезгілінен бұрын босандыру құрсақішілік нәрестенің жағдайы анық қатерлі болғанда жүзеге асады. Іштегі нәрестесінің ауыр гипоксия белгісі бар жүкті әйелдерді мезгілінен бұрын босандыру қолайсыз жағдайлар жиілігін азайтады деген пікір дәледенген жоқ.
Доплерометриялық зерттеу барысында диастолық қан ағысы байқалғанда босануды 37 аптаға дейін кейін қалдыру іштегі нәресте үшін қолайлы жағдай ұлғайта қоймайды.
Қан ағысының болмауы немесе артқа қарай диастолық қан ағысы бар екені байқалса, іштегі нәрестенің респираторлық дистрес жиілігі мен неротикалық энтероколиті ұлғаймайды, бірақ миға қан құйылу, қаназдық пен гипергликемия қатері ұлғайады.
НҚДЖ кезінде жүктіліктің 34 аптасынан көбірек болса, мезгілінен бұрын босандыруға кері диастолық қан ағысы мен БФП-нің патологиялық көрсеткіштері себеп болады.
Бірінші кері диастолық қан ағысы және кардитокографиялық (КТГ) мен БФП-нің патологиялық көрсеткіштері аралығы 1-26 күнді құрайды. Мұндай жағдайда жүктілікті бақылаудың оңтайландырған тактикасы жоқ: күн сайын КТГ/БПФ-лық және Доплер әдісімен веналық зертеулер жүргізу қажеттігі көрсетілген.
Кесар тілігі операциясы жолымен мезгілінен бұрын босандыру КТГ патологиялары белгісі байқалғанда (ЖЖЖ-нің вариабелділігі азайған децелерация), БФП (4 балдан төмен) және вена өзегінде диастола кезінде кері қан ағу немесе кіндік тамырының соғысы кезінде жүзеге асады.
Жүктілік мерзімі 36 аптаға дейінгілерге мезгілінен бұрын босандырар алдында кортикостероид тағайындап, іштегі нәрестеге дистрессиндром профилактикасын тағайындау керек.
Іштегі нәрестеге кардиомониторинг жасау жоғарғы қатер тобындағы перинатальдық өлім-жітім көрсеткішін азайтады.

Негізгі дәрі-дәрмектер тізімі: көрсетімдер бойынша.
Қосымша дәрі-дәрмектер тізімі: жоқ.

Ем тиімділігінің индикаторлары:
- жатыр түбінің бірқалыптағы биіктігінің өсуі;
- фетметрикалық параметрлердің жүктілік мерзіміне сәйкес келуі;
- доплометрия көрсеткіштері қалыпты;
- КТГ мен БФП көрсеткіштері қалыпты;
- жүктіліктің ілгерлеуі.

Ауруханаға жатқызу


Госпитализациялау үшін көрсетімдер:
- құрсақішілік нәрестенің фетометриялық параметрлерінің едәуір қалып қоюы;
- аминоттық сұйықтардың көлемінің азаюы;
- іштегі нәрестенің дем алу белсенділігі мен жүрек қызметінің реактивтілігінің азаюы;
- іштегі нәрестені доплемерилық зерттеу кезінде ауытқу белгілерінің байқалуы;
- НҚДЖ-ның жүктіліктің ауыр асқынуларымен қосылуы;
- экстрогенитальдық патологияның НҚДЖ-мен қосылып дамуы;
- баланың қозғалуына жасалған тестінің теріс нәтиже беруі.
 
Госпитализациялау алдындағы қажетті зерттеулер:
 -аймақтық қандардағы гемоглобиннің құрамы;
- мерезге сергологилық тексеру;
 қан тобы, Rh - фактор;
- HbsAg-ге скрининг;
- АҚТҚ -ға (ВИЧ)-ге скрининг;
- іштегі нәрестенің фетометриясымен УДЗ;
- доплерометриялық зерттеу;
- АҚ мониторингтерінің нәтижесі.

Алдын алуы


- жүктілік кезде темікі тартудың алдын алу;
- созылмалы инфекция ошақтарын табу;
- аспириннің аз мөлшерін ішу.

Ақпарат

Пайдаланған әдебиеттің тізбесі

  1. Аурулардың диагностикасы және емдеу хаттамалары (Приказы №764 - 2007, №165 - 2012)
    1. Хаттаманы дайындау барысында пайдаланылған әдебиеттер: 1. National Guideline Clearinghouse: Intrauterine Growth Restriction.- www.guideline.gov 2. National Guideline Clearinghouse: ACR Appropriateness Criteria for Growth Disturbances: Risk of Intrauterine Growth Restriction.- www.guideline.gov 3. Royal College of Obstetricians and Gynecologists. Setting Standart to Improve Women’s Health - The Investigation and Managment of the Small-For-Gestational-Age Fetus.- Guideline #31, 2002, p.16 4. National Collaborating Center for Women’s and Children’s Health. Antenatal Care: Rutine Care for the Healthy Pregnant Women. Clinical Guideline, 2003, p.286 5. Institute for Clinical Systems Improvement. Health Care Guideline. Rutine Prenatal Care, 2005, p.80 6. Внутриутробная задержка роста плода. - Ярославль.- 2001.- с.21

Ақпарат

Әзірлеушілер тізімі: Сапарбекова А.З., м.ғ.к., Ана мен баланы қорғау Республикалық Ғылыми-зерттеу институтының аға ғылыми қызметкері.

Қазықтаулы файлдар

Назар аударыңыз!

  • Занимаясь самолечением, вы можете нанести непоправимый вред своему здоровью.  
  • Информация, размещенная на сайте MedElement и в мобильных приложениях "MedElement (МедЭлемент)", "Lekar Pro", "Dariger Pro", "Заболевания: справочник терапевта", не может и не должна заменять очную консультацию врача. Обязательно обращайтесь в медицинские учреждения при наличии каких-либо заболеваний или беспокоящих вас симптомов.  
  • Выбор лекарственных средств и их дозировки, должен быть оговорен со специалистом. Только врач может назначить нужное лекарство и его дозировку с учетом заболевания и состояния организма больного.  
  • Сайт MedElement и мобильные приложения "MedElement (МедЭлемент)", "Lekar Pro", "Dariger Pro", "Заболевания: справочник терапевта" являются исключительно информационно-справочными ресурсами. Информация, размещенная на данном сайте, не должна использоваться для самовольного изменения предписаний врача.  
  • Редакция MedElement не несет ответственности за какой-либо ущерб здоровью или материальный ущерб, возникший в результате использования данного сайта.
На главную
Наверх