Войти

Цереброваскулярлы аурулар (педиатрия)

РЦРЗ (Республиканский центр развития здравоохранения МЗ РК)
Версия: ҚР ДСӘДМ клиникалық хаттамалар - 2014

Другие сосудистые синдромы головного мозга при цереброваскулярных болезнях (I60-I67+)(G46.8*)
Неврология детская, Педиатрия

Анықтамасы

Анықтамасы


Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау министрлігі
Денсаулық сақтауды дамыту
мәселелері жөніндегі
сараптау комиссиясында
2014 жылғы «4» шілдедегі
№ 10 хаттамасымен
бекітілген


Цереброваскулярлы аурулар - ми қанайналымын бұзуды тудыратын, церебралды тамырлардың (жүрек немесе қан тамырларының зақымдануымен байланысты, ми қанайналымының төмендеуі, тромбозы немесе эмболиялар) патологиялық өзгерстермен шартталған бас миы ауруларының тобы [1-3]. 

Хаттама атауы: Цереброваскулярлы аурулар
 
Хаттама коды:
 
Код (тар) ХАЖ-10:
Цереброваскулярлы аурулар
• G45 Өтпелі транзиторлы церебралды ишемиялық ұстамаға (шабуыл) айналатын және туыстас синдромдар
• G45.0 Вертебробазилярлы артерия жүйесінің синдромы
• G 45.1 Ұйқы артериясының синдромы (жартышарлы )
• G45.2 Церебралды артерияның көпреттік және екі жақты синдромдары
• G 45.3 Өтпелі соқырлық
• G 45.4 Транзиторлы жаһанды ұмытшақтық
• G45.8 Басқа да транзиторлы церебралды ишемиялық шабуылдар және олармен байланысты синдромдар
• G45.9 Анықталмаған транзиторлы церебралды ишемиялық шабуыл
• G46 Цереброваскулярлы ауру кезінде ми тамырларының синдромы (I60-I67+)
• G 46.0 Орташа ми артериясының синдромы
• G 46.1 Алдыңғы ми артериясының синдромы
• G 46.2 Артқы ми артериясының синдромы
• G46.3 Бас миының бағанасындағы инсульт синдромы
• G46.4 Мишықтың инсульт синдромы
• G46.5 Таза қозғалмалы қуыстық синдромы
• G46.6 Таза сезімтал қуыстық синдромы
• G 46.7 Басқа да қуыстық синдромдар
• G46.8 Цереброваскулярлы ауру кезінде бас миы тамырларының басқа да синдромдары
 
Хаттамада пайдаланылатын қысқартулар
AЛT – аланинаминотрансфераза
AСT – аспартатаминотрансфераза
АҚ – артериялық қысым
ААФ – ангиотензин-айналдырушы фермент
МІҚК – ми ішіне қан кету
ІБСГ – ішкі бас сүйек гипертензиясы
БЭМ – бейнеэлектроэнцефалографикалық мониторінгілеу
КЖД – көз жүйесінің дискісі
КЖД – көз жүйесінің дискісі
ДНҚ – дезоксирибонуклеинді қышқыл
АБШ – артқы бассүйек шұңқыры
ПМДК –психомоторлы дамудың кедергісі
ӨЖВ – өкпені жасанды вентиляциялау
КТ – компьютерлік томография
КФК – креатинфосфокиназа
ҚСК – қышқылды-сілтілік күй
ЛДГ– лактатдегидрогеназа
ЕДШ – емдік дене шынықтыру
МР - ангиография
МРТ – магнитті-резонанстық томография
НСГ – нейросонография
ЖҚТ – жалпы қан талдауы
ЖНТ – жалпы несеп талдауы
МҚЖБ–ми қанайналымының жіті бұзылуы
МСАК – медициналық-санитариялық алғашқы көмек
МҚӨБ – ми қанайналымының өтпелі бұзылуы
ПСГ– полисомнография
САҚҚ – субарахноидты қан құйылу
ЭШЖ – эротроциттердің  шөгу жылдамдығы
УДДГ – ультрадыбыстық допплерография
УДЗ – ультрадыбыстық зерттеу
Холтер-ЭКГ – тәуліктік электрокардиография
БМЖ – бассүйек-ми жүйесі
ҚБ – қалқанша без
ЭКГ – электрокардиография
ЭхоЭГ – эхоэнцефалография
ЭЭГ – электроэнцефалография
 
Хаттаманы  дайындау күні: 2014 жыл.
 
Пациенттер санаты: балалар.
 
Хаттаманы пайдаланушылар:балалар невропатологтары, педиатрлар, жалпы тәжірибе дәрігерлері, жедел және шұғыл медициналық көмек көрсету дәрігерлері, фельдшерлер.

Мобильное приложение "MedElement"

- Профессиональные медицинские справочники. Стандарты лечения 

- Коммуникация с пациентами: вопросы, отзывы, запись на прием

Скачать приложение для ANDROID / для iOS

Мобильное приложение "MedElement"

- Профессиональные медицинские справочники

- Коммуникация с пациентами: вопросы, отзывы, запись на прием

Скачать приложение для ANDROID / для iOS

Жіктемесі


Клиникалық жіктелуі:

Ми қанайналымының бұзылу жіктелуі [1-3]
А. Мидың қанмен жеткіліксіз қамтамасыз етілуінің бастапқы  көріністері.
1. Мидың қанмен жеткіліксіз қамтамасыз етілуінің бастапқы  көріністері.
2. Жұлын миының қанмен жеткіліксіз қамтамасыз етілуінің бастапқы  көріністері.
 
Б. Мидағы қанайналымының өтпелі бұзылысы.
1. Транзиторлы ишемиялық шабуылдар.
2. Гипертониялық церебралды криздер.    
 
В. Мидағы қанайналымның жіті бұзылуы
1. Субарахноидалды бейжарақаттық қан құйылу.
2. Геморрагиялық инсульт – бейжарақаттық қан құйылу
3. Ишемиялық инсульт (инфаркт).
 
Г. Созылмалы (ілгерілеуші) ми қанайналымының бұзылуы.
1. Созылмалы субдуралды гематома.
2. МҚЖБ салдары
3. Дисциркуляторлы энцефалопатия.
 
Қан кетудің үш нұсқасын айқындайды
• жіті;
жасырын жіті;
• созылмалы.

Диагностика


Диагностикалық іс-шаралардың негізгі және қосымша тізімі:
Амбулаториялық деңгейде жүргізілетін негізгі (міндетті) диагностикалық тексерулер:
• ЖҚТ (6 параметр)
• қанның биохимиялық талдауыи (жалпы ақуыз, КФК, ЛДГ, лактат, глюкоза)
• офтальмоскопия
• ЭхоЭГ
• 1 жасқа дейінгі балаларда бас миының УДЗ;
• Бас миының торапты тамырларының допплерографиясы;
• ЭКГ
 
Амбулаториялық деңгейде жүргізілетін қосымша диагностикалық тексерулер:
• бас миының МРТ/КТ (түсініктеме: ошақты неврологиялық симптоматика бар болуында, бас ауыру кезінде айқын жалпымилық симптоматикасымен құсу, бас айналу симптоматикасы бар болуы).
•  брахиоцефалды тамырлардың допплерографиясы
•  ЭЭГ
• бейнемониторингімен ЭЭГ.
•  торапты тамырларды дуплексті сканерлеу.
 
Жоспарлы госпитальдауға жіберудегі қажетті ең қысқа тексерулер тізімі:
•  офтальмоскопия;
•  ЭхоЭГ;
•  бастың торапты тамырларының УДДГ.
 
Стационарлық деңгейде жүргізілетін негізгі (міндетті) диагностикалық тексерулер:
• офтальмоскопия;
• бас немесе жұлын миының МРТ/КТ (мидың ішіндегі қан құйылуды анықтау үшін).
• 1 жасқа дейінгі балаларда бас миының УДЗ;
• бас миының торапты тамырларының допплерографиясы.
• ЭКГ
• коагулология  (қан плазмасында белсенді ішінара тромбопластинді уақытты (БІТУ) анықтау, плазмадағы фибриногенді анықтау, қан плазмасының фибринолитикалық белсенділігін анықтау, адгезия және агрегация (ГАТ) реакцияларын өткізу, плазманың гепаринге төзімділігін зерттеу, плазмадағы антиплазминның белсенділігін анықтау, қан кету уақытын анықтау, қан плазмасындағы тромбинді уақытты (ТУ) анықтау, ерітілетін фибромономер кешенің анықтау (ЕФМК), плазмадағы VIII факторын анықтау, плазмадағы XI факторын анықтау);
• жалпы қан талдауы (6 параметр);
• қанның биохимиялық талдауы (калий, натрий, магний, кальций, глюкоза, креатинин, нәсепнәрді анықтау);
 
Стационарлық деңгейде жүргізілетін қосымша диагностикалық тексерулер:
• ЭЭГ/бейнемониторинг ЭЭГ;
• контрастілеумен МРТ;
• екі кескіндегі бас сүйектің рентгенографиясы;
• торапты тамырларды дуплексті сканерлеу;
• ЭКГ Холтер мониторингі;
• ЭхоКГ;
• кеуде қуысы ағзаларының рентгенографиясы;
• ЖНТ;
• қанды  зарарсыздыққа бактериологиялық зерттеу.
 
Жедел шұғыл көмек деңгейінде жүргізілетін диагностикалық іс-шаралар:
• шағымдарды жинау және анамнез;
• физикальды зерттеу;
• қанның биохимиялық талдауы (глюкоза).
 
Диагностическалық критерийлер***
Шағымдар және анамнез:
Шағымдар тамыр бассейніне, инсульт түріне байланысты.
• кенет бас ауыру;
• жүрек айну;
• құсу;
• бас айналу;
• тілдің жансыздануы;
• аяқ-қол қозғалыстарының әлсіреуі немесе мүмкін болмауы;
• көрудің жіті бұзылуы;
• құрысу.
 
Физикальды зерттеу:
Физикальды зерттеу ошақты зақымдану анықтаудан, мұқият неврологиялық тексеруден тұрады. Неврологиялық мәртебе де зақымданған бассейндерге тәуелді.
 
Алдыңғы ми артериясы қанайналымының бұзылу симптомдары:
•  Ошақтың қарама–қарсы жағында аяқ кескінінің басым зақымдануымен біркелкі емес гемипарез және гемигипестезия. Қолдың парездері тез жазылады;
•  бас сүйек – ми жүйесінің VII және XII жұбының орталықты парезі (тілдің ауытқуы, бет бұлшықетінің асимметриясы;
•  сол жақты апраксия (мақсатты бағытталған қозғалыстың бұзылуы);
•  несепті ұстай алмау;
•  маңдай гемиатаксиясы (бір жаққа қарай ауытқу);
•  психиканың өзгеруі – “маңдай психикасы”;
•  беттің және қолдың гиперкинездері;
•  иіс сезу бұзылуы.    
 
Орташа ми артериясындағы қанайналымының бұзылу симптомдары:
•  ошаққа қарама-қарсы жағында гемипарез (бұлшық ет әлсіздігі);
•  гемигипестезия немесе гемианестезия (сезімталдықтың бұзылуы);
•  ошақ жаққа басты және көзқарасын бұру;
•  моторлы афазия (түсіну, бірақ сөз айта алмау);
•  сенсорлы афазия;
•  екі жақты апраксия;
•  астереогноз, анозогнозия, дене сұлбасының бұзылуы;
•  контралатеральді гемианопсия;
•  таламиялық синдром.
 
Артқы ми артериясындағы  қанайналымының бұзылу симптомдары:
•  оратлықтандырылған гомонимді гемианопсия, ошаққа қарама-қарсы жаққа төрт бұрышты
•  көру агнозиясы
•  ошаққа қарама-қарсы жақтағы таламиялық синдром
•  амнестикалық афазия, алексия
•  атетоидты хореоформды гиперкинездер
•  орта мидың зақымданудың альтернациялы синдромдары
•  перифериялық гемианопсия
 
Негізгі артерияның бітелу клиникасы:
•  аяқ-қолдың сал болуы;
•  бір немесе екі жақтың сезімталдығының бұзылуы;
•  бас сүйек-ми жүйесінің зақымдануы - альтернациялы синдромдар;
•  бұлшықет тонусының өзгеруі – гипотония, гипертония, децеребрационды
ригидтеу, горметония.
 
Омыртқа артериясы бассейнінде қанайналымның бұзылу симптомдары:
•  ошаққа қарама-қарсы жағында гемиплегия және гемианестезия;
•  беттің үстіңгі сезімталдығының бұзылуы және ошақ жағындағы бульбарлы ЧМН зақымдану симптомдары;
•  Валленберг-Захарченко альтернациялы синдромы;
•  вестибулярлы бұзылу, статика және үйлесімдіктің бұзылуы.
 
Артқы ми артериясының окклюзиясы (АМА):
•  гомонимді гемианопсияның амнезия, дислексиямен сәйкестенуі (дисграфиясыз)
•  жеңіл контрлатеральды гемипарез гемианестезиямен
• немесе ипсилатеральді көз қозғалысы жүйесінің контрлатеральды тәуелді емес қозғалыстармен және контрлатеральді гемиплегия немесе атаксиямен сәйкестеніп зақымдану.
 
Зертханалық зерттеулер:
•  жалпы қан талдауы: гемоглобиннің төмендеуі ( 80г/л аз);
•  коагулология: қанның ұю жүйесінінің бұзылуын тежеу
•  қанның биохимиялық талдауы: электролитті балансының бұзылуы
•  жұлын ми сұйықтығында: эритроциттер санының көтерілуі, субарахноидальді қан кетуде ақуыздың көтерілуі
 
Аспаптық зерттеулер (рентгенологиялық себептер, ЭГДС
– сурет):
•  Эхоэнцефалография (ЭхоЭГ): орта құрылымның жылжуының бар болуы;
•  Офтальмоскопия: көру жүйесі дискісінің іркілу құбылыстары;
•  бас немесе жұлын миының МРТ/КТ: ми ішілік қан кету, ишемия учаскелері;
•  1 жасқа дейінгі балаларда бас миының УДЗ: ми ішілік қан кету, ишемия учаскелері бар болуы.
•  Бас миының торапты тамырларының допплерографиясы: ишемия учаскелері бар болуы;
•  ЭЭГ/бейнемониторинг ЭЭГ: фокалды болуы;
•  торапты тамырларды дуплексті  сканерлеу: ишемия учаскелері бар болуы.
 
Арнайы мамандардың кеңесі үшін көрсетімдер (мысалы: кеңес мақсаты көсретілген онкологтың):
•Нейрохирург кеңесі: бас миындағы ісіктер мен инсультты болдырмау мақсатында;
• Офтальмолог кеңесі: офтальмоскопия өткізу мақсатында;
• Психолог кеңесі– психопаталогиялық күйді диагностикалау, түзету және профилактикасы мақсатында;
• Оториноларинголог кеңесі – жоғары тыныс жолдарының патологиясын болдырмау мақсатында (гаймориттер, синуситтер).

Дифференциалды диагноз


Инсульттардың сараланған-диагностикалық сипаттамасы:
Симптомдар Субарахноидальді қан кету Миға қан құйылу Мидың ишемиялық инфаркті
Алдындағы өтпелі ишемиялық шабуылдар Жоқ Өте қатты Жиі
Басталуы Кенеттен (1-2 мин.) Тез (минуттар немесе сағаттар) Баяулау
Бас ауру Өте қатты Өте қатты Баяу немесе жоқ
Құсу жиі жиі Ми бағанасының зақымдануынан басқа, болмайды
Гипертония Жиі емес Ұдайы болуы мүмкін Жиі
Ес Тез арада жоғалуы мүмкін Әдетте жоғалған Жоғалуы мүмкін
Мойын бұлшық еттерінің ебдейсіздігі Ылғи Жиі Жоқ
Гемипарез Сирек, аурудың басынан емес Жиі, аурудың басынан бастап Жиі, аурудың басынан бастап
Дисфазия Өте сирек Жиі Жиі
Ликвор (ерте талдау) Ылғи қанды Жиі қанды Әдетте түссіз
Торқабыққа қан құйылу Мүмкін Сирек Жоқ

Емдеу тактикасы


Емдеу мақсаты:
• жалпы ми симптоматикасын тоқтату;
• ошақты бұзылуларды қалпына келтіру;
•демалу және жүрек қызметінің бұзылысын тоқтату
 
Емдеу тәсілі***:
Дәрі-дәрмексіз емдеу:
• палаталы тәртіп;
• тұз және сұйықтық шектелген диета,16 үстел, езілген;
• Сыртқы тыныс алу функциясын реттеу – гипервентиляция, ӨЖВ, оксигенотерапия, оттекті ингалятор.
 
Дәрі-дәрмекпен емдеу:
Цереброваскулярлы ауру типіне тәуелсіз:
• Нейропротекторлар:
цитиколин 500-1000 мг/тәулік, күніне 2 рет, курс 28 күн; цитиколин ерітіндісін б/і енгізу үшін 500 мг/4 мл, 1000 мг/тәулік, күніне 1 рет б/і, курс 10 күн;
• Тамырлы дәрі-дәрмектер:
винпоцетин 0.5%-2 мл көк тамыр ішіне,
ксантинол никотинаты 15%-нан 2 мл көк тамыр ішіне,бұлшықет ішіне,
ницерголин, көк тамыр ішіне тамшылы 4-8 мг-нан тәулігіне, бұлшықет ішіне - 2-4 мг-нан күніне екі рет, ішке - 5-10 мг-нан күніне үш рет,
нимодипин 30 мг-нан күніне 4 рет 1 ай ішінде, көктамыр ішіне 1-2 мг/с (5-10 мл/с) 2 сағат ішінде;
этилметилгидроксипирилин сукцинат 5%-нан 1,0мл көк тамыр ішіне күніне 1 рет, 1 дәріден 125мг
гинко билоба 1 табл., 40 мг-нан күніне 3 рет немесе 1,0мл-нан күніне 3 рет,
бетагистидин - 1 табл. 8мг-нан күніне 3 рет
ксантиноланикотинат - 1 табл. 3 рет және 15%-нан 2 мл ерітінді
көктамыр ішіне және бұлышықет ішіне;
• Ноотропты терапия:
• фенотропил100–200 мг-нан бір рет таңертең тамақтан кейін, 2 апта ішінде.
Ишемиялық инсульт кезінде:
Антикоагулянттар:
•  Төмен молекулярлы гепариндар натрий эноксапарині 1-1,5 мг/кг/күніне
•  Варфарин – 2,5 мг, бастапқы мөлшер әдетте бауыр функциясының қалыпты кезінде 0,2 мг/кг/тәулік және 0,1 мг/кг/тәулік бауыр функциясының бұзылуы кезінде құрайды.
• гепарин 5000-10000 ЕД мөлшерінде күніне 4-6 р., 3-5 күн;
Антиагреганттар: ацетилсалицил қышқылы 5 мг/кг/күн
Геморрагиялық инсульт кезінде
Гипотензивті дәрі-дәрмек
Ингибиторлар АПФ
каптоприл - жаңа туған нәрестелерге 0,05-0,1 мг/кг/ пероральды (максималды 2 мг/кг/тәулік), балалар – 0,1 -0,5 мг/кг/тәулік, (максималды 6 мг/кг/тәулік), жасөспірімдер 5-10 мграмиприл 0,01 мг/кг тәулік,
эналаприл – жаңа туған нәрестелерге 0,05 – 0,1 мг/кг/тәулік, балалар 0,1 – 0,2 мг/кг/тәулік.
Диуретиктер –
Фуросемид – 1-2 мг/кг/тәулік
Прессорлы аминдер (АҚ кенеттен түсуінде)
• эпинефрин 0,1% 1мл
Тыныс алу аналептигі
кордиамин 1-2 мл нан бұлшықет ішіне
Жүрек гликозиді
• 0,06% коргликон еірітіндісі 1,0 мл
• 0,5% строфантин ерітіндісі 1,0 мл
Бас миының ісінуімен күресу:
• маннитол 0,25-0,5 г/кг
• фуросемид 1-2 мг/кг,
• 0,9% натрий хлоридінің ерітіндісі 20-30 мл/кг
• дексаметазон 0,4%, 4,0 мг/мл бұлшықет ішіне 2 мг/кг/тәулік
• преднизолон 3-5 мг/кг /тәулік.
Коматозды күйдегі науқастардың сулы-электролитті балансын және қышқылды-сілтілі күйін қалыпқа келтіру:
• парентеральді енгізу 2000-2500 мл сұйықтық (0,9% натрий хлоридінің ерітіндісі, гидрокарбонат ерітіндісі);
Гипертермиямен күресу:
парацетамол - 3 ай-3 жыл: 80-100 мг, 3 жыл – 6 жас: 125-150 мг, 6 жастан жоғары:
250-300 мг 3 айдан жоғары:
ибупрофен 80-300 мг
 
психикалық қозуды жою: диазепам 5 мг/мл . 0,2 – 0,5 мг/кг.
 
Амбулаториялық деңгейде дәрі-дәрмекпен емдеу:
Негізгі дәрі–дәрмек құралдарының тізімі (100% қолдану мүмкіндігіне ие);
• 5 мл 5000ЕД/ мл-нан гепарин флакондары
• цитиколин табл. 500, 1000 мг, 500, 1000 мг ерітінді 4 мл ампулада;
• холин альфосцераты капсулалары 400, 800 мг; ампуллар 500-1000 мг в 40,мл
• винпоцетин табл. 0,005-тен, 0,01-ден, ампулалар 0.5%  2 млда ;
• никотинол гамма-аминомайлы қышқыл, таблеткалар 10; 20; 50 мг №30, инъекция үшін ерітінді 10 % - 2 мл
• парацетамол табл. 500 мг,  ректалды суппозиторийлер 80 мг, 100 мг, 125
мг, 150 мг, 250 мг, 300 мг, ішке қабылдау үшін суспензия 2,4 % - 120 мг/5 мл
• ибуфен табл. 200 мг, 400 мг, ректалды суппозиторийлер 80 мг, 150 мг, 300
мг, ішке қабылдау үшін суспензия 100 мг/5 мл
Қосымша дәрі-дәрмек құралдарының тізімі (қолдану мүмкіндігі 100%-н аз):
• мексидол , инъекция үшін ерітінді 5% - 2, 5 мл № 5, 10 ампулада, табл.
125 мг. № 30, 50.
•  гинко билоба табл. 40 мг-нан № 30, 90 және ішке қабылдау үшін ерітінді 30 мл.
• бетагистин - табл. 8, 16, 24 мг. № 30
•  ксантиноланикотинат– табл. 0,15 және ампулалар 15% нан 2 мл
•  гопантенді қышқыл, табл. 250 мг. № 50, сироп 10% - 100 мл.
•  фенотропил, табл. 100 мг. № 10, 30.

Стационарлық деңгейде дәрі-дәрмекпен емдеу:
• дексаметазон - инъекция үшін ерітінді 4 мг/мл
• Варфарин – 2,5 мг
• натрий эноксапарины инъекция үшін қышқыл 2000 антиХа МЕ/0,2 мл
• винпоцетин ампуларлар .5%-2 мл  № 10;
• ксантинол никотинаты ампулалар 15% по 2 мл (б/і, к/і)
• ацетилсалицил қышқылы табл. 500мг
• гепарин флакон 5 мл эноксапарин 1 мл 5000; 10 000 және 20 000 ЕД  белсенділігімен.
• аминокапронды қышқыл — ұнтақ; флакондар 10 мл нан 5 %-дық ерітінді;
• каптоприл 12,5 мг
• рамиприл 1,25 мг, 2,5 мг, 5 мг, 10 мг
• эналаприл 5 мг, 10 мг, 20 мг
• маннитол инфузия үшін ерітінді 10%, 15%
• диазепам  инъекция үшін ерітінді 0,5%;  инъекция үшін ерітінді 10 мг/2 мл;
инъекция үшін ерітінді 5 мг/1 мл
 
Жедел шұғыл көмек көрсету деңгейінде дәрі-дәрмекпен емдеу:
•  дексаметазон ерітінді 0,4%, 4,0 мг  1 мл;
•  преднизолон 1,0 мл да 30 мг ампулалар;
•  фуросемид 10 мг/мл
•  декстроза флакондары 5% ерітінді 200, 500 мл 
•  дифенгидрамин 10 мг/мл
•  нимодипин табл. 0,03  г-нан қорапта 20; 50 немесе 100 дана;  0,02%
Флакондардағы ерітінді  50 мл-нан инфузия үшін.
•  диазепам инъекция үшін ерітінді 0,5%; инъекция үшін ерітінді10 мг/2 мл;
инъекция үшін ерітінді 5 мг/1 мл
 
Емдеудің басқа түрлері:
Амбулаториялық деңгейдегі басқа да емдеу түрлері:
• Физиоемдеу;
• Массаж;
• ЕДШ.
 
стационарлы деңгейде басқа да емдеу түрлері:
•  Физиоемдеу;             
•  Ұқалау;
•  ЕДШ.
 
Жедел шұғыл көмек деңгейінде көрсетілетін басқа да емдеу түрлері: жүргізілмейді.
 
Хирургиялық араласу:
Амбулаториялық жағдайда хирургиялық араласу: жүргізілмейді.
 
Стационарлық жағдайда хирургиялық араласу: гематоманы алу, вентрикулярлы дренаждау, декомпрессия: консервативті емдеу тиімсіз болғанда, клиникалық симптоматиканың ауырлығы және тұрақтылығы, асқынудың дамуы.

Профилактика


Профилактикалық іс-шаралар:
Цереброваскулярлы аурудың қауіп факторлары:
•  Дәнекерлеуші тіннің ауыруы;
•  Артериялық қысымның тұрақсызыдығы;
•  Полихимиотерапия алу.

Профилактикалық емдеу үшін дәрілер:
• ацетилсалицил қышқылы 500мг табл.;
• гинко билоба 1 табл. 40 мг-нан күніне 3 рет немесе 1,0 мл-нан күніне 3 рет.

Ақпарат

Пайдаланған әдебиеттің тізбесі

  1. Протоколы заседаний Экспертной комиссии по вопросам развития здравоохранения МЗ РК, 2014
    1. Пайдаланылған әдебиеттер тізімі: 1. Джеральд Феничел М. Педиатрическая неврология: Основы клинической диагностики, 2004. 2. Инсульт (приложение к Журн. неврол. и психиатр. им. С.С. Корсакова) 2003. – 8. – С. 4-9.. 3. Бассети К., Дээтвайлер К., Мументалер Марко Дифференциальный диагноз в неврологии. М.: Медицина, 2004. 4. Barners C., DeBerg G. Prothrombotic abnormalities in childhood ischaemic stroke.Thromb Res.2006. 5. DeSchryver E.L., Kappelle L.J. Prognousis of ischemic stroke in childhood. Med Child neurology 2000. 6. DeBergG.Canadian Pediatric Ischemic Stroke Registry. Pediatr Child health.2000. 7. Rob Forsyth, Richard Newton. Pediatric Neurology/Oxford specialist handbooks in pediatrics/2012. 8. Management of Stroke in infants and Children. A Scientific Statement; 9. From a Special Writing Group of the American Heart Association Stroke Council and the Council on Cardiovascular Disease in the Young // Stroke. — 2008. —Vol. 39. — P. 2644—2774. 10. Воронкова В.В. Центральная гемодинамика и органный кровоток при геморрагических поражениях ЦНС у новорожденных //Визуализация в клинике.-2000.-№16 С.6-10. 11. .Зубарева Е.А., .Зубарев А.Р., Патрушева Е.Н. Нейросонография: итоги и перспективы развития // Ультразвуковая диагностика.- 2000. №2- С. 99-112. 12. Коновалов А.Н., Корниенко В.Н., Озерова В.И.,Пронин И.Н. Нейрорадиология детского возраста. М.: Антидор, 2001.- 436 с. 13. Верещагин Н.В., Пирадов М.А., Суслина З.А. Принципы диагностики и лечения больных в остром периоде инсульта // Consiliummedicum 2001. - 5. – С. 221-225. 14. Гусев Е.И., Мартынов М.Ю., Ковалева М.В. Методы нейровизуализации в диагностике инсультов // Рос. мед. журн. – 2003. – 2. – С. 42-48. 15. Гусев Е.И., Скворцова В.И. Нейропротективная терапия ишемического инсульта. II. Вторичная нейропротекция // Там же. – 2002. – 6. – С. 3-17. 16. Скворцова В.И., Чазова И.Е., Стаховская Л.В. Вторичная профилактика инсульта. – М., 2002. 17. Суслина З.А., Гераскина Л.А., Фонякин А.В. Актуальные вопросы и рациональные подходы к лечению артериальной гипертонии при сосудистой патологии мозга. // Кардиоваскулярная терапия и профилактика. – 2005. - 3(1). –С. 82-87. 18. Суслина З.А., Танашян М.М. Антиагрегантная терапия при ишемических цереброваскулярных заболеваниях: Пособие для практикующих врачей. – М., 2003. 19. Суслина З.А., Танашян М.М. Антитромботическая терапия при ишемических цереброваскулярных заболеваниях: Пособие для практикующих врачей. – М., 2004. 20. Суслина З.А., Танашян М.М., Ионова В.Г. Ишемический инсульт: кровь, сосудистая стенка, антитромботическая терапия. - М.: Мед. книга, 2005. 21. Adams H.P., Adams R.J., Brott T. et al. Guidelines for the early management of patients with ischemic stroke. A Scientific statement from the stroke council of the American Stroke Association // Stroke. – 2003. – 34. – P. 1056-1083. 22. Adams H.P., Adams R.J., G. delZoppo T. et Goldstein L.B. Guidelines for the early management of patients with ischemic stroke. 2005 Guidelines Update. A Scientific statement from the stroke council of the American Heart Association/ American Stroke Association // Ibid. – 2005. – 36. – P. 916-921. 23. Castillo J., Leira R., Garcia M. et al. Blood pressure decrease during the acute phase of ischemic stroke is associated with brain injury and poor stroke outcome // Stroke. – 2004. – 35. – P. 520-527. 24. Guidelines for Prevention of Stroke in Patients with ischemic stroke or Transient ischemic attack. A Statement for healthcare professionals from the American Heart Association/American Stroke Association Council on Stroke // Ibid. – 2006. – 37. – P. 577-617 25. Patel A., Knapp M., Perez I. et al. Alternative strategies for stroke care: cost-effectiveness analysis from a prospective randomized controlled trial // Cerebrovasc. Dis. – 2003. – 16 (Suppl.4). – P. 101.

Ақпарат


Біліктілік деректері көрсетілген, хаттаманы әзірлеушілер тізімі:
1. Жақсыбаева Алтыншаш Хайруллақызы - м.ғ.д., жоғары біліктілік санаты бар невропатолог-дәрігер, «Ұлттық ана мен бала ғылыми орталығы» АҚ стратегиялық жоспарлау директоры, ҚР ДСӘДМ шаттан тыс бас балалар невропатологы;
2. Лепесова Маржан Махмұдқызы - м.ғ.д., жоғары білікті категориялы дәрігер невропатолог, профессор, «Қазақ үздіксіз білім беру медициналық университеті»АҚ «Балалар неврологиясы» кафедрасының меңгерушісі;
3. Кенжеқұлова Раушан Базарғалиқызы -м.ғ.к., «Ұлттық ана мен бала ғылыми орталығы» АҚ жоғары біліктілік санаты бар невропатолог-дәрігері;
4. Бақыбаев Дидар Ержомартұлы – «Ұлттық ана мен бала ғылыми орталығы» АҚ клиникалық фармаколог-дәрігері.
 
Мүдделер  қақтығысының  жоқтығын көрсету:жоқ
 
Пікір иесі: Бүлекбаева Шолпан Әділжанқызы –  м.ғ.д., «Республикалық балаларды оңалту орталығы» АҚ басқарма төрайымы.

Хаттаманы қайта қарау шарттары: Хаттаманы 3 жылдан кейін қайта қарау және/немесе одан да жоғары дәлелділік деңгейінде диагностика/емдеудің жаңа әдістері шыққан кезде.

Қазықтаулы файлдар

Назар аударыңыз!

  • Занимаясь самолечением, вы можете нанести непоправимый вред своему здоровью.  
  • Информация, размещенная на сайте MedElement и в мобильных приложениях "MedElement (МедЭлемент)", "Lekar Pro", "Dariger Pro", "Заболевания: справочник терапевта", не может и не должна заменять очную консультацию врача. Обязательно обращайтесь в медицинские учреждения при наличии каких-либо заболеваний или беспокоящих вас симптомов.  
  • Выбор лекарственных средств и их дозировки, должен быть оговорен со специалистом. Только врач может назначить нужное лекарство и его дозировку с учетом заболевания и состояния организма больного.  
  • Сайт MedElement и мобильные приложения "MedElement (МедЭлемент)", "Lekar Pro", "Dariger Pro", "Заболевания: справочник терапевта" являются исключительно информационно-справочными ресурсами. Информация, размещенная на данном сайте, не должна использоваться для самовольного изменения предписаний врача.  
  • Редакция MedElement не несет ответственности за какой-либо ущерб здоровью или материальный ущерб, возникший в результате использования данного сайта.
На главную
Наверх