Войти

Церебралды атеросклероз

P-T-020

РЦРЗ (Республиканский центр развития здравоохранения МЗ РК)
Версия: Архив - Аурулардың диагностикасы және емдеу хаттамалары (Приказ №764, 2007, №165, 2012)

Церебральный атеросклероз (I67.2)

Анықтамасы

Анықтамасы


Анықтамасы

Атеросклероз
үлкен жəне орта калибрдегі артериялар интимінде бляшка 
түрінде липидтердің жиналуымен мінезделеді; фиброз жəне кальцинациямен қатар жүреді. Церебралды термині процесстің орналасуын көрсетеді.
 
Церебралды атеросклероз экстра жəне/немесе инкракраниалды артериялар, яғни бас миын қанмен қамсыздандыратын артерияларды окклюзирлейтін, стеноздайтын зақымданулар салдарынан дамиды. Ми қанайналымының бұзылыстарын, миокард инфарктына немесе аралық ақсаңдауға алып келетін, қантамырлардағы сондай өзгерістер туындатады.
Ми 
қанайналысы бұзылыстары созылмалы формасының жұмыстық жіктемесі ретінде Е.В.Шмидт (1985) жіктемесі пайдаланылуы мүмкін. Бұл жіктемеге сəйкес ДЭ термині созылмалы цереброваскулярлық бұзылыстар көріністерінің барлық спектрін көрсетеді – минималды айқын бұзылыстардан қантамырлық деменцияға дейін, ангионеврологиялық бұзылыстардың барлық преддементті формалары кіреді.

Дисциркуляторлық 
энцефалопатия (ДЭ) – біртіндеп мидың үдемелі құрылымдық өзгерістері мен функцияларының бұзылыстарына алып келетін, бас ми қанайналымының баяу үдемелі бұзылуы. ДЭ негізгі патогенетикалық механизмдеріне жəне интракраниальді ми қантамырларының зақымдануы жатады.
 
Хаттама коды: Р-Т-020 "Церебралды атеросклероз"
Терапевтикалық саладағы поликлиникалар үшін
АХЖ-10 бойынша коды (кодтары):
I65    Ми инфарктіне алып келмейтін, прецеребралды артериялырдың бітелуі жəне тарылуы
I66    Ми инфарктіне алып келмейтін, церебралды артериялардың бітелуі жəне тарылуы
I67.4 Гипертензивтік энцефалопатия
I67.2 Церебралды атеросклероз
I67.3 Үдемелі қантамырлық лейкоэнцефалопатия
I67.8 Ми ишемиясы (созылмалы)
I69    Цереброваскулярлық аурулардың салдары
I70    Атеросклероз
I67    Басқа цереброваскулярлық аурулар
Мобильное приложение "MedElement"

- Профессиональные медицинские справочники. Стандарты лечения 

- Коммуникация с пациентами: вопросы, отзывы, запись на прием

Скачать приложение для ANDROID / для iOS

Мобильное приложение "MedElement"

- Профессиональные медицинские справочники

- Коммуникация с пациентами: вопросы, отзывы, запись на прием

Скачать приложение для ANDROID / для iOS

Жіктемесі


Жіктемесі

Дисциркулятор энцефалопатиясы:

 
I стадия – шашыранды ошақты неврологиялық симптоматика.
 
II стадия мнестикалық функцияның үдемелі нашарлауымен, жұмысқа қабілеттіліктік төмендеуімен мінезделеді, тұлғаның өзгеруі байқалады, ошақтық симптомдар анық.
 
III стадия мидың қандай да бір облысының зақымдалуына, мнестикалық жəне психикалық бұзылулардың деменцияға дейін ауырлауы байланысты, ошақтық синдромдардың дамуына алып келетін, ми тіндерінің диффузды өзгерістерімен мінезделеді.

Қауіп-қатерлі факторлар


Қауіп-қатерлі факторлар:
1. Темекі тарту.
2. Холестериннің жоғары деңгейі.
3. Триглицеридтердің жоғары деңгейі.
4. Гипергомоцистеинемия.
5. Тұқымқуалаушылық бейімділік.
6. Ауыз арқылы ішетін контрацептивтерді қабылдау.
7. Артериалдық гипертензия.
8. Транзиторлық ишемиялық шабуылдар.
9. Қантты диабет.
10. Семіздік.

Диагностика


Диагностика критерилері
 
Шағымдар мен анамнез:
Ошақтық неврологиялық симптоматикалармен бірлескен, субъективтік шағымдар (бас ауыруы, бас айналу, бастағы шу, ұйқының бұзылуы, тітіркенгіштік, жұмыс қабілетінің төмендеуі, мнестикалық бұзылыстар, когнитивтік бұзылыстар, түрлі парестезиялар).
 
Негізгі жəне қосымша диагностикалық шаралар тізімі
 
Негізгі диагностикалық шаралар тізімі:
1. Бас ми қантамырларын ультрадыбыстық зерттеу.
2. Магниторезонанстық томография (қантамырлық режимде).
3. Холестерин, глюкоза, триглицеридтерді анықтау.
 
Қосымша диагностикалық шаралар тізімі:
1. Офтальмолог консультациясы (көз түбі).
2. Кардиолог консультациясы.
3. Электрокардиография.
4. Компьютерлік томография.

Емдеу тактикасы


Емдеу тактикасы

Ем мақсаты:
1. Атерогенез процессінің қауіп қатер факторларын түзету.
2. Перфузияны жақсарту.
3. Нейропротекторлық терапия.
 
Дəрі-дəрмексіз ем:
- қауіп қатерлі факторларды түзетудің мəні артериалдық 
қысым деңгейін бақылауда;
- холестерин деңгейін төмендетуде;
- емделушінің темекіден бас 
тартуында.
 
Дəрі-дəрмектік ем
Артериалдық гипертензияны емдеу диуретиктер, β-блокаторлар, АПФ инибиторларын немесе кальций каналдарын бөгегіштердің аз дозасын қолдануымен жүргізіледі.
 
Цереброваскулярлық аурулардың маңызды қауіп қатерлі факторлары болып гиперхолестеринемия табылады.

Дислипопротеидемияны емдеуді диета көмегімен липидтік метаболизм бұзылуын түзетуден бастайды. Өмір салтын өзгерту қажет: физикалық белсенділікті арттыру, темекіден бас тарту, салмақты азайты жəне басқалар. 

Жүргізілген шаралардың тиімсіздігі кезінде диетаны əрі қарай қатаңдандыру қажет, сонан соң стантиндер жəне фибраттармен дəрілік терапия тағайындалады:
- ловастатиннің 
бастапқы дозасы ұйықтар алдында 20 мг құрайды. Дозаны 80 мг/тəулігіне дейін жоғарылатуға болады (1 немесе 2 рет тағайындалады);
- правастатин: 20-40 мг/тəулігіне;
- симвастин: бастапқы доза 10-20 мг, 80 мг/тəулігіне дейін жоғарылатуға болады;
- флувастатин: 20-40 мг (80 мг дейін).

Қосымша жүрек қантамыр аурулары бар 
емделушілерге (ЖИА, инсульт) жалпы холестерин деңгейі 6,0 ммоль/л аз болғанда, статиндерді қабылдау ұсынылған.

Ми созылмалы ишемисымен науқастарды емдеу кешенді болуы жəне негізгі қантамырлық ауруларды түзетуге, қайталамалы церебралды дигемия профилактикасына, миға қан келу көрсеткіштерін сандық жəне сапалық қалпына келтіруге жəне бас ми функцияларының бұзылуларын қалыпқа келтіруге, цереброваскулярлық аурулар қауіп факторларына əсер етуге бағытталған шараларды қосу қажет:
-  антиагреганттарды қолдану қажет, жүрек қантамырлық асқынулар жоғарғы қаупі бар емделушілерге;
- қарсы көрсетімдер болмаған кезде 50 жастан үлкен АГ бар, 10 жылдық қаупі бар 20% емделушілерге жүрек қантамыр ауруларының профилактикасы үшін ацетилсалицил қышқылының төмен дозасы (75 мг/тəулігіне) ұсынылады (жоғары немесе өте жоғары), ал АҚ 150/90 мм.с.б. төмен деңгейде бақыланады.
- 75 мг/тəулігіне дозадағы аспирин қарт адамдарға ұсынылады:
А) ацетилсалицил қышқылын қабылдауға қарсы көрсетімдер жоқ болса;
Б) АҚ 150/90 мм.с.б. төмен деңгейде бақыланады, сонымен қатар келесі тізімдегі бір пункт болса: жүрек қантамыр асқынулары, нысана ағзаларының зақымдануы, жүрек қантамыр асқынуларының 10-жылдық қаупі бар 20%.

Жіті ми қанайналымы бұзылыстарының (ЖКАБ), транзиторлық ишемиялық шабуылдар (ТИШ) профилактикасы үшін 75 мг күнделікті ацетилсалицил қышқылын тағайындайды. Ацетилсалицил қышқылын көтере алмау кезінде, сонымен қатар ТИШ, ЖКАБ болса, күнделікті 75 мг клопидогрель тағайындайды.

Нейропротекторлық терапия:
- пиритинол 1 таблеткадан күніне 3 рет;
- емдеу курсы 1 ай, 
винпоцетин 5;
- 10 мг 1 таблеткадан тəулігіне 2-3 рет.

Доңыз миынан алынған пептидтер 
кешенін ұсынуға болады, 50,0 ден 100,0 мл ға дейін, емдеу курсына 5 тен 10 инъекцияға дейін, көктамыр ішіне.

Гинко-билоба 40-80 мг – тамақтану уақытында күніне 3 рет. Емдеу курсы 1-3 ай. Препарат микроциркуляцияны, ми қанайналымын, жақсартады, клеткалық метаболизмді стимулдейді, антиагрегациялық əсерге ие.

Үдемелі ДЭ кезінде – бұзау қанынан жасалған 
депротеинизирленген гемодериват ұсынылады (драже 200 нан 600 мг дейін немесе 40 мг бұлшықет ішіне) ұсынылады; этамиван гексобендин кешені + дигидрохлорид + этофиллин 6 апта бойы тəулігіне 3 реттен 1-2 таб. немесе 1 таб. тəулігіне 3 рет форте тағайындалады (максималды 5 таб.). 2 мл бұлшықет ішіне немесе 200 мл венаға 5% глюкоза ерітіндісін тамшылатып парентералды тағайындайды. Енгізу реттілігі - 1-2 рет/тəулігіне. Емдеу курсы - 7-10 күн.
 
Негізгі жəне қосымша дəрі дəрмектер тізімі
 
Негізгі дəрі дəрмектер тізімі:
1.   Правастатин 20 мг, табл.
2.   Симвастин 20 мг, табл.
3.  *Ловастатин 10 мг, 20 мг, 40 мг, табл.
4.   Флувастатин 20 мг, табл.
5.  *Ацетилсалицил қышқылы 100 мг, табл.
6.   Пиритинол.
7.  *Винпоцетин 5, 10 мг, табл.
8.  *Гинко-билоба, стандартталған экстрат 40 мг.
9.   Этамиван гексобендині кешені + дигидрохлориді + этофиллині.
10. *Шошқаның бас миынан алынған пептидтер кешені, инъекция үшін ерітінді 5, 10 и 20 мл.

Қосымша дəрі-дəрмектер тізімі:  Клопидогрель 75 мг, табл.
 
Ем тиімділігінің индикаторлары:
1. Перфузияны жақсарту.
2. Нейропротекторлы терапия.

* – Негізгі (өмірге маңызды) дəрілік заттар тізіміне кіретін препараттар

Госпитализация


Госпитализациялау үшін көрсетімдер: артериалдық гипертензияның кризді ағымы, ми қанайналымының жіті бұзылуы, ми қанайналымының перифериялық бұзылуы, прогредиенттік ағым, амбулаторлық емнің тиімсіздігі.

Ақпарат

Пайдаланған әдебиеттің тізбесі

  1. Аурулардың диагностикасы және емдеу хаттамалары (Приказы №764 - 2007, №165 - 2012)
    1. Хаттаманы дайындау барысында пайдаланылған əдебиеттер: 1. Drug treatment for hyperlipidaemias EBM Guidelines 22.4.2004 2.Cerebrovascular disease. American College of Radiology. ACR Appropriateness Criteria. Radiology 2000 3. Aspirin for the primary prevention of cardiovascular events: recommendations and rationale/ Ann Intern Med 2002. 4. Cerebral arteriosclerosis. National institute of Neurological disorders and stroke (NINDS) 5. AHA|ACC guidelines for preventing heart attack and death in patients with atherosclerotic cardiovascular disease: 2001 update. 6.Комплексная терапия хронической ишемии мозга //Под ред. В.Я. Неретина.-М.: “ЗАО РКИ Соверо пресс”, 2001.-96с. 7.Topographic mapping of cognitive event-related potentials in a double-blind, placebocontrolled study with the hemoderivative aktovegin in age-associated memory impairment. Semlitsch Heribert V., Anderer Peter, Saletu Bernd, Hochmayer Ingrid. Neuropsychobiology 1990-91; 24:49-56; Sections of Clinical Psychophysiology Pharmacopsychatry. 8.Clinical Neurology. /D.Greenberg, M.Aminoff, R.Simon Lange Medical Book. 2002

Ақпарат


Əзірлеушілер тізімі:
Каменова С.У.,  АМДБЖИ неврология кафедрасының меңгерушісі
Кужибаева К.К., АМДБЖИ неврология кафедрасының доценті

Қазықтаулы файлдар

Назар аударыңыз!

  • Занимаясь самолечением, вы можете нанести непоправимый вред своему здоровью.  
  • Информация, размещенная на сайте MedElement и в мобильных приложениях "MedElement (МедЭлемент)", "Lekar Pro", "Dariger Pro", "Заболевания: справочник терапевта", не может и не должна заменять очную консультацию врача. Обязательно обращайтесь в медицинские учреждения при наличии каких-либо заболеваний или беспокоящих вас симптомов.  
  • Выбор лекарственных средств и их дозировки, должен быть оговорен со специалистом. Только врач может назначить нужное лекарство и его дозировку с учетом заболевания и состояния организма больного.  
  • Сайт MedElement и мобильные приложения "MedElement (МедЭлемент)", "Lekar Pro", "Dariger Pro", "Заболевания: справочник терапевта" являются исключительно информационно-справочными ресурсами. Информация, размещенная на данном сайте, не должна использоваться для самовольного изменения предписаний врача.  
  • Редакция MedElement не несет ответственности за какой-либо ущерб здоровью или материальный ущерб, возникший в результате использования данного сайта.
На главную
Наверх