Хламидиялық инфекция

Версия: ҚР ДСМ клиникалық хаттамалар - 2014 (Қазақстан)

Хламидийные инфекции органов малого таза и других (A56.1+)

Анықтамасы

Анықтамасы


Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау министрлiгi
Денсаулық сақтауды дамыту
мәселелері жөніндегі
сараптау комиссиясында
2014 жылғы «4» шілдедегі
№ 10 хаттамасымен
бекітілген

 
Хламидиялық инфекция – қоздырғышы Chlamydia trachomatis болып табылатын, жыныстық жолмен берілетін жұқпалы ауру [1,2,3].
Әлемнің көптеген елдерінде Chlamydia trachomatis (серотиптер D-K) болған урогениталдық инфекция, еркектерде де, сол сияқты әйелдерде де жыныстық жолмен берілетін аса кең таралған инфекция болып табылады.

Хаттаманың атауы: Хламидиялық инфекция
 
Хаттаманың коды:
 
Код (кодтар) ХАЖ Х
А 56.0 Несеп-жыныстық жолының төменгі бөлімдерінің хламидиялық инфекциялары.
Хламидиялық: цервицит, цистит, несеп жолы, вульвовагинит.
А 56.1 Кіші жамбас мүшелерінің және өзге несеп-жыныстық мүшелердің хламидиялық инфекциялары.
Хламидиялық (-тар):
- эпидидимит (N 51.1*);
- әйелдерде кіші жамбас мүшелерінің ісіп қызару аурулары (N 74.4*);
- орхит (N 51.1*).
А 56.2 Несеп-жыныстық жолының анықталмаған хламидиялық инфекциясы.
А 56.3 Аноректальдық тұстың хламидиялық инфекциясы.
А 56.4 Хламидиялық фарингит.
А 56.8 Жыныстық жолмен берілетін өзгеше оқшауланған хламидиялық инфекциялары.
А 74.0+ Хламидиялық конъюнктивит (Н13.1*).
 
Хаттамада қолданылатын қысқартулар:
МҚП - микробқа қарсы препарат
АсАТ - аспартатаминотрансфераза
АлАТ - аланинаминотрансфераза
АИТВ - адамның иммун тапшылығы вирусы
б/е – бұлшықет іші
г - грамм
ДНҚ - дезоксирибонуклеин қышқылы
ЖЖБИ - жыныстық жолымен берiлетiн инфекциялар
ИФТ - иммуноферментті талдау
ХПЕА - халықаралық патенттелмеген аталымы
мл - миллилитр
мг - миллиграмм
МР - микропреципитация реакциясы
ТИФ - тікелей иммунофлюоресценция
ПТР - полимеразды тізбекті реакция
РНҚ – рибонуклеин қышқылы
RW - Вассерман реакциясы
РБЗ – рандомизирленген бақыланатын зерттеулер
е-і – ерітінді
УДЗ - ультрадыбыстық зерттеу
 
Хаттаманы дайындау күні: 2014 жыл
 
Пациенттердің санаты: ересектер, балалар.
 
Хаттаманы пайдаланушылар: дерматовенерологтар, гинекологтар, урологтар, жалпы тәжірибие дәрігерлері, терапевтер, педиатрлар.
 

Жіктемесі


Урогениталдық хламидиоздың клиникалық жіктелуі[1,2,3]:

Ағымның ауырлығы бойынша:
·        асқынбаған;
·        асқынған [4, 5, 6, 7, 8, 9, 10, 1, 12, 13, 14, 15].

 

Диагностикасы


Диагностикалық іс-шаралардың негізгі және қосымша тізімі

Амбулаториялық деңгейде жүргізілетін негізгі (міндетті) диагностикалық тексерулер:
·        Chlamydia trachomatis сәйкестендіру үшін нақты уақыт тәртібінде ПТР;
·        Терапия басталғанға дейін өзге ЖЖБИ (бірінші кезекте Mycoplasma genitalium сәйкестендіру) ПТР (деңгей II) [16];
·        Иммунофлюоресценция реакциясында биологиялық материалда Chlamydia trachomatis анықтау [17,18,19];
·        Қан сарысуында кардиолипинді антигені бар микропреципитация реакциясы;
·        Урогениталдық сүртіндіні өзге ЖЖБИ (терапия басталғанға дейін және емделгеннен кейін 2 рет) жалпы клиникалық зерттеу (метиленді көкпен және/немесе Грам бойынша бояу).
 
Амбулаториялық деңгейде жүргізілетін қосымша диагностикалық тексерулер:
·        Өзге ЖЖБИ сәйкестендіру үшін биологиялық материалды бактериологиялық зерттеу;
·        Кіші жамбас мүшелерінің УДЗ
·        Цистоуретроскопия (емдеу-диагностикалық);
·        Кольпоскопия.
 
Жоспарлы госпитальдауға жіберудегі жүргізуге қажетті тексерулердің минимальды тізімі: жүргізілмейді.
 

Стационарлық деңгейде жүргізілетін негізгі (міндетті) диагностикалық тексерулер: жүргізілмейді.

Стационарлық деңгейде жүргізілетін қосымша диагностикалық тексерулер: жүргізілмейді.

Жедел шұғыл жәрдем көрсетудегі жүргізілетін диагностикалық іс-шаралар: жүргізілмейді.


Диагностикалық критерийлер

Шағымдар мен анамнез:

Шағымдар:

Әйелдерде [20,21]:
·        жыныстық жолдардан шырышты-іріңді шығындылар;
·        жыныстық қатынастан кейін немесе етеккір арасында қансырау;
·        жыныстық қатынастар уақытында аурушаңдығы (диспареуния);
·        несеп шығару кезінде қышу, күйдіру, аурушаңдығы (дизурия), іштің төменгі бөлігі тұсында жайсыздық немесе ауыру;
·        циклдің ортасында шығындылар;
·        іште немесе іштің төменгі бөлігінде нашар сараланатын ауыру.

Еркектерде [22,23]:
·        үрпіден шырышты-іріңді немесе шырышты орташа шығындылар;
·        несеп шығару кезінде қышу, күйдіру, аурушаңдығы (дизурия);
·        несеп жолы тұсында жайсыздық, қышу, күйдіру;
·        жыныстық қатынастар уақытында аурушаңдығы (диспареуния);
·        жиіленген несеп шығару және несеп шығаруға ургентті шақырыстар (ісіп қызару процесінің проксимальды таралуы кезінде);
·        «еркек жыныс мүшесінің бас терісінің тітіркенуі»;
·        тікішекке берілетін бұтта аурушаңдығы.

Балаларда (нәрестелерде):
·        жыныстық жолдардан шырышты-іріңді шығындылар;
·        сыртқы жыныстық мүшелердің тұсында қышу және/немесе күйдіру;
·        несеп шығару кезінде қышу, күйдіру, аурушаңдығы.
 
Анамнез:
·        пациентті жұқтыру көзі;
·        жұқтырудың болжалды көзімен сексуалды қатынастын сәтінен бастап субъективті симптомдардың пайда болуына дейінгі өткен уақыт;
·        жыныстық серіктесту маман тексерді ме және хламидиялық инфекция немесе өзге урогениталдық инфекция диагнозы қойылды ма;
·        сонымен қатар, аллергологиялық анамнездің мәліметтері және соматикалық аурулардың бар болуы айқындалады.
 
Физикалды тексеру:

Терілік зақымдануларды оқшаулау:
Мұнда әйелдерде сыртқы жыныс мүшелері (жыныстық ернеулері, шүртекей) қынаптың және жатыр мойынның шырышы, жатыр қуысы, аналық безі, жатыр түтікшелері зақымдалады.
Еркектерде несеп жолы, қуық қалбыршағы, қуық безі, ұрық безі, еркек жыныс мүшесінің терісі, күпектің ішкі және сыртқы жапырақшасы, ұма, қасаға, бұтара зақымдалады.
 Жыныс тұлғаларының екеуінде де гонорея кезінде бадамша бездері, ауыз қуысының шырыштары, анус тұсы, тік ішек жұқтырылады.
 
Өзгерулердің патоморфологиялық көрінісі:

Әйелдерде:
·        несеп шығару каналының сыртқы шығару шырышты қабықшасының гиперемиясы мен іскендігі, несеп жолы қабырғаларының инфильтрациясы, шырышты немесе шырышты-іріңді уретральды бөлектену;
·        сарпайдың, қынаптың шырышты қабықшасының гиперемиясы мен іскендігі, қынаптың артқы және бүйірлі дөңесінде шырышты-іріңді немесе іріңді шығындылар;
·        эндоцервикальды жаралар, жатыр мойынның борпылдақтығы мен ісінуі, цервикальды каналдан шырышты-іріңді немесе іріңді шығындылар;
·        вестибулярлы бездердің жолдары тұсында гиперемия, іскендік және аурушаңдығы.

Еркектерде:
·        несеп шығару каналының сыртқы шығару шырышты қабықшасының гиперемиясы мен іскендігі, несеп жолы қабырғаларының инфильтрациясы;
·        саусақпен басып көру кезінде аталық без қосалқысының және аталық бездің ұлғаюы мен ауруы;
·        саусақпен басып көру кезінде қосалқы бездің ұлғаюы мен ауруы.

Нәрестелерде:
·        несеп шығару каналының сыртқы шығару шырышты қабықшасының гиперемиясы мен іскендігі, несеп жолы қабырғаларының инфильтрациясы, шырышты немесе шырышты-іріңді уретральды шығындылары;
·        сарпайдың, қынаптың шырышты қабықшасының гиперемиясы;
·        көздердің конъюнктив шырышының гиперемиясы мен іскендігі.
 
Зертханалық диагностика [24,25,26,27]:

Иммунофлюоресценция реакциясында биологиялық материалда Chlamydia trachomatis анықтау: препаратта 5-тен аса қарапайым денешіктерді табу.
Антигенді (антиденелерді) анықтау үшін (ИФТ) иммуноферментті талдау: Chlamydia trachomatis - ке Jg M, Jg G, Jg А табу.

Биологиялық материалда ПТР: Chlamydia trachomatis геномын табу [26,27].
 
Аспаптық зерттеулер:

Цистоуретроскопия: несеп жолы шырышының ісіп қызару реакциясын – эрозияны, жараны, инфильтрация, стриктураны табу;

Кольпоскопия: эрозияны, жаралы зақымдануларды, сарысулы ісікті, көлемді пайда болуларды табу.
 
Мамандардың кеңесі үшін көрсетімдер:
·        гинекологтың кеңесі – мүмкін болатын асқынуларды диагностикалау мақсатында;
·        урологтың кеңесі – мүмкін болатын асқынуларды диагностикалау мақсатында;
·        психотерапевтің кеңесі – психологиялық бейімделу мақсатында.
 

Дифференциалды диагноз


Несеп-жыныстық жолының төменгі бөлімдерінің хламидиялық инфекциясының (уретрит және цервицит) симптомдары ерекше болмағандықтан, 2-кестеде көрсетілген клиникалық-зертханалық белгілердің негізінде патогенді (N. gonorrhoeae, T. vaginalis, M. genitallium) және шартты-патогенді микроағзалармен (Candida тұқымды саңырауқұлақтармен, бактериальды вагинозбен байланыстырылған гениталдық микоплазмалармен және микроағзалармен) және вирустармен (қарапайым ұшық вирусымен) шартталған өзге урогенитальды инфекцияны жоққа шығару үшін зертханалық зерттеулер жүргізу қажет.
Хламидиялық эпидидимоорхиттің сараланған диагнозын шеменмен, туберкулезді немесе мерездік эпидидимоорхитпен, ұма мүшелерінің ісігімен, аналық бездің аяқшаларын ширатумен және т. б. жүргізеді.
Әйелдердің жыныс жүйесінің үстіңгі бөлімдерінің хламидиялық инфекциясының сараланған диагнозын жатырдан тыс жүктілікпен, эндометриозбен, аналық безінің асқынған сарысулы ісігімен, құрсақ қуысы мүшелерінің сырқаттарымен (панкреатитпен, холециститпен және т. б.) жүргізеді.
 
2-кесте. C. trachomatis негізгі клиникалық-зертханалық дифференцияланған -диагностикалық белгілері

Бағалан атын параметр лер Хламидиялық
инфекция
Гонокок тік инфекция Урогени тальды трихомон иаз Бактери альды вагиноз Урогени тальды кандидоз
Жыныстық жолдардан шығынды лар Иіссіз шырышты бұлыңғыр
немесе шырышты-іріңді
Иіссіз шырышты-іріңді немесе іріңді Сұрғылт-сары түсті, көбікті жағымсыз иіспен Гомогенді ақшыл-сұр, жағымсыз иіспен Ақ, ірімшік
тенген, қілегей тәрізді, қышқыл
ды иіспен
Несеп-жыныстық жолдың шырышты қабықша ларының гипере
миясы
Көбінесе жатыр мойынның шырышты қабықшасы Жиі Жиі Сирек Жиі
Сыртқы жыныстық мүшелер дің тұсында қышу/күйдіру Сирек Жиі Жиі Сирек Жиі
Дизурия Жиі Жиі Жиі Сирек Сирек
Диспареу ния Жиі Жиі Жиі Сирек Жиі
Сарпай экссудат тың pH 3,8 – 4,5 3,8 – 4,5 Мүмкін
> 4,5
> 4,5 3,0 – 3,8
Микроскопия Диагнозды анықтау үшін жүргізіл
мейді
Типті морфоло
гиялық және тинктори алдық қасиеттер мен Грамтеріс диплококтар
T. Vaginalis бар болуы «Негізгі жасушалардың» болуы Жіпшу мақтың және бүршіктенетін ашытқыш жасуша
лардың басымдылығымен Candida саңырау құлақ
тары
Культурал дық зерттеу C. Trachoma tis N. Gonorrhoe
ae
T.
Vaginalis
T.
Vaginalis және облигатты-анаэробты түрлердің басымды лығы
10³ КОЕ/мл аса титрда
Candida мекенінің өсуі
 

Емдеу тактикасы


Емдеу мақсаттары:
1) эрадикация (микробиологиялық сауығу) C. trachomatis;
2) клиникалық жазылуы (тиісті клиникалық симптомдарды оқшаулау);
3) асқынуларды болдырмау;
4) өзге тұлғаларды жұқтырудан алдын алу.
 
Емдеу тәсілі

Дәрі-дәрмексіз емдеу:
2 режим.
№15 үстел (жалпы).
 
Дәрі-дәрмекпен емдеу
Аурудың үлгісіне байланысты дәрі-дәрмекті емдеу әдісін таңдау (3, 4, 5-кестелер).
 
3-кесте. Хламидиялық инфекцияның асқынбаған үлгілермен (несеп-жыныстық жолдарының төменгі бөлімдерінің хламидиялық инфекциясы, конъюнктивит, фарингит) ауыратын, дене массасы > 45 кг ересектерді жасөспірімдерді және балаларды емдеу

 
Фарма-коло-гиялық топ Препар-аттың ХПЕА Шы-ғару фор-масы Мөл шерлеу Қол-дану еселігі Ескерту
Бактерияға қарсы препараттар Азитро мицин
(деңгейі I, сыныбы А).
/16,28/
(таңдау препара ты)
250, 500 мг дәрі
лер
1000 мг бір еселі Пациенттің емдеу тәртібіне қатысты дәрігердің ұсынымдарын сақтамау мүмкінідігіне күдігі кезінде қолайлы.
  Доксиц
иклин
(деңгейі I, сыныбы А).
/16,28/
(таңдау препара ты)
100 мг капсу лалар,дәрі
лер
100 мг 7 күн ішінде күніне екі рет
100 мг-нан
Қолданудың аса ұзақ тарихы бар және оның артықшылығы төмен бағасы болып табылады.
  Джозамицин
(деңгейі I, сыныбы А).
/16,28/
(таңдау препара ты)
500, 100 мг дәрі лер 500 мг 7 күн ішінде күніне үш рет
500 мг-нан
Макролидтер тобының жаңа препараттарының бірі. M. Genitallium жұқтыру күдігі немесе оны дәлелдеген кезде біржолғы терапия ұсынылмайды, ең жақсысы тиісті антибиотиктерді қолданумен терапияның аса ұзақ сұлбаларын ұстану (деңгейі III, сыныбы C) [29].
  Топтан өзге антиби отиктер (азитро мицин нен және джозамициннен басқа). Кларит ромицин(деңгейі II, сыныбы B).
(балама лы препа
рат)
500 мг дәрі лер 250 мг 7 күн ішінде күніне 2 рет
перо ральды 250 мг-нан
 
  Топтан өзге антиби отиктер (азитро мицин нен және джозамициннен басқа). Эритро мицин (деңгейі II, сыныбы B).
(балама лы препа
рат)
100, 250, 500 мг дәрі лер 500 мг 7 күн ішінде күніне 4 рет
перо ральды 500 мг-нан
 
  Топтан өзге антиби отиктер (азитро мицин нен және джозамициннен басқа). Роксит ромицин (деңгейі II, сыныбы B).
(балама лы препа
рат)
150 мг дәрі лер 150 мг 7 күн ішінде күніне 2 рет
перо ральды 150 мг-нан
 
  Левофл оксацин (деңгейі II, сыныбы B).
(балама лы препа
рат)
250, 500 мг дәрі лер 500 мг 7 күн ішінде күніне 1 рет
перо ральды 500 мг-нан
 
  Офлоксацин (деңгейі II, сыныбы B).
(балама лы препа
рат)
250, 500 мг дәрі лер 400 мг 7 күн ішінде күніне 2 рет
перо
ральды 400 мг-нан
 
 
4-кесте. Хламидиялық инфекцияның асқынған түрлерімен (несеп-жыныстық жолдарының үстіңгі бөлімдерінің, кіші жамбас мүшелерінің және өзге мүшелердің хламидиялық инфекциясы) ауыратын, дене массасы > 45 кг ересектерді жасөспірімдерді және балаларды емдеу

 
Фарма-коло-гиялық топ Препар-аттың ХПА Шы-ғару фор-масы Мөл шер
леу
Қол-дану еселігі Ескерту
Бактерияға қарсы препараттар Доксиц
иклин
(деңгейі I, сыныбы А).
(таңдау препара ты)
100 мг капсу лалар, дәрі лер 100 мг 10-21 күн ішінде күніне екі рет
100 мг-нан
Ресейлік клиникалық хаттамаларда антибиотиктермен (доксициклинмен, джозамицинмен, офлоксацинмен және левофлоксацинмен) терапияның ұзақтығы 14-тен бастап 21 күнге дейін түрлендіріле алады.
Еуропалық клиникалық ұсынымдарда CDC (АҚШ, Атланта) доксициклинмен немесе өзге макролидты антибиотикпен терапия ның ұзақтығы 10-нан бастап 14 күнге дейін түрлендіріле алады.
  Джозамицин
(деңгейі I, сыныбы А).
(таңдау препара ты)
500, 100 мг дәрі лер 500 мг 10-21 күн ішінде күніне үш рет
500 мг-нан
 
  Левофл оксацин  (деңгейі II, сыныбы B).
(балама лы препа
рат)
250, 500 мг дәрі лер 250, 500 мг 10-21 күн ішінде күніне 1 рет
перо ральды 500 мг-нан
 
  Офлоксацин (деңгейі II, сыныбы B).
(балама лы препа
рат)
250, 500 мг дәрі лер 400 мг 10-21 күн ішінде күніне 2 рет
перо
ральды 400 мг-нан
 
Өзге қосал
қы препа
раттар
 
Флуконазол 50, 100, 150 мг капсулалар 50, 100,
150 мг
терапияның әр түрлі сұлбалары МҚП ұзақ қолдану кезінде урогенитальды кандидоздан сақтандыру үшін ұсынылады
 

Ерекше жағдайлар

Жүкті әйелдерді емдеу

Хламидиялық инфекциямен мерзімінен бұрын босану, нәрестелердің конъюнктивиті және пневмониясы сияқты күйлері байланыстырылады. Ұрықтың дамуына және жүктіліктің нәтижесіне мүмкін болатын жағымсыз әсер етуінен препараттарды таңдау маңызды мәнге ие. Аурудың жоғарғы жиілігімен популяцияда (мысалы, >5%) жүкті әйелдердің C. trachomatis скрининг жүргізу, және оң реакция жағдайында, тиісті емдеу (деңгейі II, сыныбы B) жүргізу қажет. 5-кестеде C. trachomatis жұқтырған жүкті әйелдерді емдеудің ұсынымды сұлбалары көрсетілген.
5-кесте. C. trachomatis жұқтырған жүкті әйелдерді емдеудің ұсынымды сұлбалары (әр түрлі клиникалық ұсынымдардың мәліметтері)

 
Фарма-коло-гиялық топ Препар-аттың ХПА Шы-ғару фор-масы Мөл шер
леу
Қол-дану еселігі Ескерту
Бактерияға қарсы препараттар Азитро мицин 250, 500 мг дәрі
лер
1,0 г бір еселі Жүктілік кезінде C. trachomatis терапиясында доксициклин және хинолонды қатардың препараттарына (офлоксацинге және т. б.) тыйым салынады.
 
  Джозамицин 500, 100 мг дәрі лер 500 мг 7 күн ішінде күніне үш рет
500 мг-нан
 
  Эритромицин 100, 250, 500 мг 500 мг 7 күн ішінде күніне 4 рет
перо
ральды 800 мг-нан
(неме
се)
14 күн ішінде күніне 4 рет
перо
ральды 400 мг-нан
 
 
Нәрестелерде хламидиялық инфекция
Нәрестелерде хламидиялық инфекция ананың жатыр мойының жұқтырған C. trachomatis босанған кезде беру нәтижесі болып табылады. Хламидиялық инфекциядан ем алмаған аналары бар нәрестелерде жұқтыру қатері жоғары. Мұндай нәрестелер бақылауда болу керек және инфекцияның дамуы кезінде тиісті ем алу керек. Хламидияға жүкті әйелдердің босануға дейінгі скринингі нәрестелерде хламидиялық инфекцияның дамуынан сақтандыра алады. Нәрестелерде ауыз қуысының және жұтқыншақтың, гениталдық жолдың және тік ішектің симптомсыз инфекциясы байқалуы мүмкін.
Емдеу
Конъюнктивитті және пневмонияны емдеуге ұсынылған сұлбалар:

1) эритромицин дене массасының кг-на 50 мг есебі негізінен 10-14 күн ішінде күніне пероральды (тәуліктік мөлшері 4 қабылдауға бөлінеді);

Хламидиялық инфекцияны емдеу үшін тек қана жергілікті әсер ету антибиотиктерін қолдануға болмайды, ал жүйелік терапия кезінде жергілікті антибиотиктерді қолдану міндетті емес.

Балаларда хламидиялық инфекция

Жасөспірім алды жастағы балаларда хламидиялық инфекцияны айқындау кезінде сексуалдық зорлау мүмкіндігін ескеру қажет, алайда, C. trachomatis босанған уақытта беру кезінде мұрын-жұтқыншақта, урогенитальды жол мен тікішекте және жұқтырғаннан кейін бір жыл өткен соң да айқындалуы мүмкін.

Емдеу
Ұсынылған сұлбалар
Дене массасы < 45 кг балалар: эритромицин дене массасының кг-на 50 мг есебі негізінен 10-14 күн ішінде күніне пероральды (тәуліктік мөлшері 4 қабылдауға бөлінеді);
8 жасқа толған балалар, немесе 8 жастан жас балалар, бірақ дене массасы > 45 кг: ересектерді емдеу кезінде сияқты қолданылатын азитромицинмен емдеу сұлбалары қолданылады.

Амбулаториялық деңгейде дәрі-дәрмекті емдеу:

Негізі (100 % қолдану мүмкіншілігі бар) емдік дәрі-дәрмектердің тізімі:

Азитромицин 250, 500 мг дәрілер
Доксициклин 100 мг капсулалар, дәрілер
Джозамицин 500, 1000 мг дәрілер
Кларитромицин 500 мг дәрілер
Эритромицин 100, 250, 500 мг дәрілер
Рокситромицин 150 мг дәрілер
Левофлоксацин 250, 500 мг дәрілер
Офлоксацин 250, 500 мг дәрілер
 
Қосымша (қолдану мүмкіншілігі 100 % кем) емдік дәрі-дәрмектердің тізімі:
 
Емдеудің өзге түрлері: жоқ

Амбулаториялық деңгейдегі емдеудің өзге түрлері: жоқ

Стационарлық деңгейдегі емдеудің өзге түрлері: жоқ

Жедел шұғыл жәрдем көрсету кезеңінде жүргізілетін диагностикалық іс-шаралар: жоқ
 
Хирургиялық араласу: жоқ

Амбулаториялық жағдайларда хирирургиялық араласу

Стационарлық жағдайларда көрсетілетін хирургиялық араласу
 

Алдын алуы


·        Жыныстық серіктестерді уақтылы айқындау, тексеру мен емдеу;
·        Отбасы мүшелерін тексеру;
·        Соңында ретсіз жыныстық қатынастарды жою;
·        Бұқаралық ақпарат құралдары, жаднамалар мен мультимедиялық бағдарламалар арқылы ЖЖБИ жеке басты және қоғамдық профилактикасы жөнінде жаппай профилактикалық насихаттау;
·        Жеке тұлғалық қарым-қатынастар, сексуалды қарым-қатынастар туралы толық ақпарат, жыныстық өмірді ерте бастау зардабы, қаламаған жүктілік мәселелері бойынша ата-аналармен және жоғарғы сынып оқушыларымен жеке кеңестермен мен профилактикалық әңгімелер, қауіпсіз секс (мүшеқапты қолдану) ережелерін түсіндіру;
·        Дерматовенеролог, акушер-гинеколог, уролог дәрігерлерінің қабылдау кабинеттерінде, профилактикалық тексеру кабинеттерінде хламидиялық инфекциясын және өзге ЖЖБИ жұқтыру қатерін болдырмау мен төмендету тәсілдері бойынша кеңес беру;
·        ЖЖБИ сақтандыру мәселелері бойынша қауіпсіз жүріс-тұрыс туралы әңгімелерді жүргізу мен ақпараттық-білім беретін әдебиеттерді тарату үшін еріктілерді, білім беретін мекемелердің оқушыларын дайындау.

Ақпарат

Пайдаланған әдебиеттің тізбесі

  1. Протоколы заседаний Экспертной комиссии по вопросам развития здравоохранения МЗ РК, 2014
    1. Қолданылған әдебиеттердің тізімі (хаттаманың мәтінінде аталған қайнар көздеріне сілтемелер, шындық зерттеулер қажет) 1. Европейское руководство по ведению больных по ЗППП.-2001 г.- Журнал 12.-№3ю- 111 с. 2. Клинические рекомендации по ведению больных инфекциями, передаваемыми половым путем и урогенитальными инфекциями.-2011 г.- с.- 109 3. Sexually Transmitted Diseases Treatment Guidelines, 2010 // Department of health and human services Centers for Disease Control and Prevention. Recommendations and Reports December 17, 2010 / Vol. 59 / No. RR-12./ p. 114./. 4. Cates W, Jr., Wasserheit JN. Genital chlamydial infections: epidemiology and reproductive sequelae. // Am J Obstet Gynecol 1991;164:1771-81. 5. Hillis SD, Wasserheit JN. Screening for chlamydia-a key to the prevention of pelvic inflammatory disease. // N Engl J Med 1996;334:1399-401. 6. Hillis SD, Owens LM, Marchbanks PA, Amsterdam LF, Mac Kenzie WR. Recurrent chlamydial infections increase the risks of hospitalization for ectopic pregnancy and pelvic inflammatory disease. Am J Obstet Gynecol 1997;176:103-7. 7. World Health Organization Task Force on the Prevention and Management of Infertility. Tubal infertility: serologic relationship to past chlamydial and gonococcal infection. // World Health Organization Task Force on the Prevention and Management of Infertility. Sex Transm Dis 1995;22:71-7. 8. Ross J, Judlin P, Nilas L. European guideline for the management of pelvic inflammatory disease. // Int J STD AIDS 2007;18:662-6. 9. Bezold G, Politch JA, Kiviat NB, Kuypers JM, Wolff H, Anderson DJ. Prevalence of sexually transmissible pathogens in semen from asymptomatic male infertility patients with and without leukocytospermia. Fertil Steril 2007;87:1087-97. 10. Greendale GA, Haas ST, Holbrook K, Walsh B, Schachter J, Phillips RS. The relationship of Chlamydia trachomatis infection and male infertility. // Am J Public Health 1993;83:996-1001. 11. Joki-Korpela P, Sahrakorpi N, Halttunen M, Surcel HM, Paavonen J, Tiitinen A.The role of Chlamydia trachomatis infection in male infertility. // Fertil Steril2009;91:1448-50. 12. Pearson RC, Baumber CD, McGhie D, Thambar IV. The relevance of Chlamydia trachomatis in acute epididymitis in young men. // Br. J Urol 1988;62:72-5. 13. Kaneti J, Sarov B, Sarov I. IgG and IgA antibodies specific for Chlamydia trachomatis in acute epididymitis. // Eur Urol 1988;14:323-7. 14. Eley A, Oxley KM, Spencer RC, Kinghorn GR, Ben-Ahmeida ET, Potter CW. Detection of Chlamydia trachomatis by the polymerase chain reaction in young patients with acute epididymitis. // Eur J Clin Microbiol Infect Dis 1992;11:620-3. 15. De JZ, Pontonnier F, Plante P, Gautier JR, Ioualalen A, Archambaud M, et al. The frequency of Chlamydia trachomatis in acute epididymitis. // Br J Urol 1988;62:76-8. 16. Haggerty CL. Evidence for a role of Mycoplasma genitalium in pelvic inflammatory disease. Curr Opin Infect Dis 2008;21:65-9. Ross JD. Is Mycoplasma genitalium a cause of pelvic inflammatory disease? // Infect Dis Clin North Am 2005;19:407-13. 17. Handsfield H.H. Stamm W.E. Treating chlamydial infection: Compliance versus cost [Editorial]. Sex. Transm Dis 1998:25:12-13. 18. Colombo U, Pifarotti G, Amidani M, Viezzoli T, Pifarotti P. [Rokitamycin in the

Ақпарат


Әзірлеушілердің тізімі
1. Бәтпенова Г. Р. - м.ғ.д., ҚР ДСМ бас штаттан тыс дерматовенерологы, профессор, «Астана медицина университеті» АҚ «Дерматовенерология» кафедрасының меңгерушісі.
2. Баев А. И. - м.ғ.к., ҚР ДСМ «Тері-венерология ғылыми-зерттеу институты» ШЖҚ РМК а.ғ.қ.
3. Жетпісбаева З. С. - м.ғ.к., «Астана медицина университеті» АҚ «Дерматовенерология» кафедрасының доценты.
4. Жұлфаева М. Г. - ҚР ДСМ «Тері-венерология ғылыми-зерттеу институты» ШЖҚ РМК бас дәрігері.
5. Ахмадьяр Н. С. - м.ғ.д., «Ұлттық ана мен бала ғылыми орталығы» АҚ клиникалық фармакологы.
 
Мүдделер қақтығысының жоқтығын көрсету: жоқ.
 
Пікір иесі: Нұрышева С. М. - м.ғ.д., «С.Ж. Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университеті» ШЖҚ РМК тері және мерез аурулар кафердрасының меңгерушісі.
 
Хаттаманы қайта қарастырудың шарттарын көрсету: әрбір 3 жылда немесе диагностика мен емдеудің жаңа дәлелденген мәліметтері пайда болған кезде. 

Қазықтаулы файлдар

Назар аударыңыз!

  • Занимаясь самолечением, вы можете нанести непоправимый вред своему здоровью.  
  • Информация, размещенная на сайте MedElement и в мобильных приложениях "MedElement (МедЭлемент)", "Lekar Pro", "Dariger Pro", "Заболевания: справочник терапевта", не может и не должна заменять очную консультацию врача. Обязательно обращайтесь в медицинские учреждения при наличии каких-либо заболеваний или беспокоящих вас симптомов.  
  • Выбор лекарственных средств и их дозировки, должен быть оговорен со специалистом. Только врач может назначить нужное лекарство и его дозировку с учетом заболевания и состояния организма больного.  
  • Сайт MedElement и мобильные приложения "MedElement (МедЭлемент)", "Lekar Pro", "Dariger Pro", "Заболевания: справочник терапевта" являются исключительно информационно-справочными ресурсами. Информация, размещенная на данном сайте, не должна использоваться для самовольного изменения предписаний врача.  
  • Редакция MedElement не несет ответственности за какой-либо ущерб здоровью или материальный ущерб, возникший в результате использования данного сайта.
На главную
Наверх