Войти

Урогениталдық трихомоноз

РЦРЗ (Республиканский центр развития здравоохранения МЗ РК)
Версия: ҚР ДСӘДМ клиникалық хаттамалар - 2014

Урогенитальный трихомониаз (A59.0)
Дерматовенерология

Анықтамасы

Анықтамасы


Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау министрлiгi
Денсаулық сақтауды дамыту
мәселелері жөніндегі
сараптау комиссиясында
2014 жылғы «4» шілдедегі
№ 10 хаттамасымен
бекітілген


Урогениталдық трихомоноз – қоздырушысы қарапайым дара жасушалы паразит Trichomonas vaginalis болып табылатын, жыныстық жолмен берілетін жұқпалы ауру [1,2,3].

Хаттаманың атауы: Урогениталдық трихомоноз
 
Хаттаманың коды:
 
Код (кодтар) ХАЖ Х
АХЖ коды:
А59.0 Урогениталдық трихомоноз
А59.8 Өзге оқшаулаулардың трихомонозы
А59.9 Анықталмаған трихомоноз
 
Хаттамада қолданылатын қысқартулар:
МҚП - микробқа қарсы препарат
АсАТ - аспартатаминотрансфераза
АлАТ - аланинаминотрансфераза
АИТВ - адамның иммун тапшылығы вирусы
б/е – бұлшықет іші
г - грамм
ДНҚ - дезоксирибонуклеин қышқылы
ИФТ - иммуноферментті талдау
ЖЖБИ - жыныстық жолымен берiлетiн инфекциялар
ХПЕА - халықаралық патенттелмеген аталымы
мл - миллилитр
мг - миллиграмм
МР - микропреципитацияның реакциясы
ТИФ - тікелей иммунофлюоресценция
ПТР - полимеразды тізбекті реакция
РНҚ – рибонуклеин қышқылы
RW - Вассерман реакциясы
РБЗ – рандомизирленген бақыланатын зерттеулер
е-і – ерітінді
УДЗ - ультрадыбыстық зерттеу
 
Хаттаманы дайындау күні: 2014 жыл
 
Пациенттердің санаты: ересектер, балалар.
 
Хаттаманы пайдаланушылар: дерматовенерологтар, гинекологтар, урологтар, жалпы тәжірибе дәрігерлері, терапевтер, педиатрлар.
Мобильное приложение "MedElement"

- Профессиональные медицинские справочники. Стандарты лечения 

- Коммуникация с пациентами: вопросы, отзывы, запись на прием

Скачать приложение для ANDROID 

Мобильное приложение "MedElement"

- Профессиональные медицинские справочники

- Коммуникация с пациентами: вопросы, отзывы, запись на прием

Скачать приложение для ANDROID 

Жіктемесі


Урогениталдық трихомоноздың клиникалық жіктелуі:
Ағым бойынша:
·        жаңа;
·        созылмалы;
·        латентті.
Фаза бойынша:
·        жіті;
·        жітілеу;
·        торпидті.
Ағымның ауырлығы бойынша:
·        асқынбаған;
·        асқынған.
 

Диагностика


Диагностикалық іс-шаралардың негізгі және қосымша тізімі:

Амбулаториялық деңгейде жүргізілетін негізгі (міндетті) диагностикалық тексерулер:
·        Урогениталдық сүртіндіні T. vaginalis және өзге ЖЖБИ (терапия басталғанға дейін және емделгеннен кейін 2 рет) жалпы клиникалық зерттеу (метиленді көкпен және/немесе Грам бойынша бояу);
·        Биологиялық материалды T. vaginalis бактериологиялық зерттеу (таза дақылды бөлу) (терапия басталғанға дейін және емделгеннен кейін 2 рет);
·        T. Vaginalis табу үшін ПТР-зерттеу – емделуге дейін;
·        Қан сарысуында кардиолипинді антигені бар микропреципитация реакциясы;
·        Иммунофлюоресценция реакциясында биологиялық материалда T. vaginalis анықтау;
·        Томпсонның 2 стақанды сынауы - еркектерде.
 
Амбулаториялық деңгейде жүргізілетін қосымша диагностикалық тексерулер:
·        кіші жамбас мүшелерінің УДЗ
·        кольпоскопия;
·        цистоуретроскопия (емдеу-диагностикалық).
 
Жоспарлы госпитальдауға жіберудегі жүргізуге қажетті тексерудің минимальді тізімі: жүргізілмейді.
 
Стационарлық деңгейде жүргізілетін негізгі (міндетті) диагностикалық тексерулер: (жедел госпитальдау кезінде амбулаториялық деңгейде жүргізілмеген диагностикалық тексерулер жүргізіледі): жүргізілмейді.

Стационарлық деңгейде жүргізілетін қосымша диагностикалық зерттеулер: жүргізілмейді.

Жедел шұғыл жәрдем көрсетудегі жүргізілетін  диагностикалық іс-шаралар: жүргізілмейді
 
Диагностикалық критерийлер:
Шағымдар мен анамнез:
Шағымдар:

Еркектерде:
·        Несеп шығару каналында жайсыз сезіну (қышу, күйдіру);
·        үрпіден жұтаң шығындылар;
·        несеп шығару кезінде аурушаңдықғы (дизурия);
·        жыныстық қатынастар уақытында аурушаңдық (диспареуния);
·        жиіленген несеп шығару және несеп шығаруға ургентті шақырыстар (ісіп қызару процесінің проксимальды таралуы кезінде);
·        еркектің жыныстық мүше басының эрозиялы-жаралы зақымдануы;
·        тікішекке берілетін бұтарадағы аурушаңдық;
·        гематоспермия (сирек).
Әйелдерде:
·        сұрғылт-сары түсті, жағымсыз иіспен вагинальды шығындылар;
·        сыртқы жыныстық мүшелердің тұсында қышу/күйдіру;
·        жыныстық қатынастар уақытында жайсыздық (диспареуния);
·        несеп шығару кезінде аурушаңдық (дизурия);
·        сарпай, гименальды сақина, қынап және несеп шығару каналының сыртқы тесігі тұсында эрозиялар мен жаралар.
 
Анамнез:
·        пациентті жұқтыру көзі;
·        трихомониазбен ауыратынмен жыныстық қатынас немесе 3 күннен бастап 3-4 аптаға дейін кездейсоқ жыныстық байланыс.
 
Физикальды тексеру:
Терілік зақымдануларды оқшаулау:
Мұнда әйелдерде сыртқы жыныс мүшелері (жыныстық ернеулері, шүртекей) қынаптың және жатыр мойынның шырышы, жатыр қуысы, аналық безі, жатыр түтіктері зақымдалады.
Еркектерде жыныс жолы, қуық қалбыршағы, қуықбезі, ұрық безі, еркек жыныс мүшесінің терісі, күпектің ішкі және сыртқы жапырақшасы, ұма, қасаға, бұтара зақымдалады.
Жыныс тұлғаларының екеуінде де соз ауруы кезінде бадамша бездері, ауыз қуысының шырыштары, анустық тесік тұсы, тікішек жұқтырылады.
Мұнда қыздарда сыртқы жыныс мүшелері (жыныстық ернеулері, шүртекей) қынаптың шырышы зақымдалады.
 
Өзгерулердің патоморфологиялық көрінісі:
Әйелдерде:
·        несеп шығару каналының анустық тесігінің шырышты қабықшасының гиперемиясы мен іскендігі, жыныс жолы қабырғаларының инфильтрациясы, шырышты-іріңді немесе іріңді уретральды бөлектену;
·        сарпайдың, қынаптың шырышты қабықшасының гиперемиясы мен іскендігі, қынаптың артқы және бүйірлі дөңесінде шырышты-іріңді немесе іріңді шығындылар;
·        эндоцервикальды жаралар, жатыр мойынның борпылдақтығы мен ісінуі, цервикальды каналдан шырышты-іріңді немесе іріңді шығындылар;
·        вестибулярлы бездердің жолдары тұсында гиперемия, іскендік және аурушаңдығы.
Еркектерде:
·        несеп шығару каналының сыртқы тесігінің шырышты қабықшасының гиперемиясы мен іскендігі, жыныс жолы қабырғаларының инфильтрациясы;
·        саусақпен басып көру кезінде аталық без қосалқысының және аталық бездің ұлғаюы мен ауруы;
·        саусақпен басып көру кезінде қосалқы бездің ұлғаюы мен ауруы.
Қыздарда:
·        несеп шығару каналының сыртқы тесігінің шырышты қабықшасының гиперемиясы мен іскендігі, жыныс жолы қабырғаларының инфильтрациясы, шырышты-іріңді немесе іріңді уретральды бөлектену;
·        сарпайдың, қынаптың шырышты қабықшасының гиперемиясы мен іскендігі, қынаптың артқы және бүйірлі дөңесінде шырышты-іріңді немесе іріңді шығындылар.
 
Зертханалық диагностика [4, 5, 6, 7, 8, 9]:
Урогениталдық сүртіндіні жалпы клиникалық зерттеу (метиленді көкпен және/немесе Грам бойынша бояу): биологиялық материалда T. Vaginalis табу;
T. Vaginalis қол әдісімен (таза культуралдық айыру) биологиялық материалды бактериологиялық зерттеу: биологиялық материалда T. Vaginalis табу;
T. Vaginalis талдағышта биологиялық материалды бактериологиялық зерттеу: биологиялық материалда T. Vaginalis табу;
Биологиялық материалда ПТР : T. Vaginalis ДНҚ табу;
Иммунофлюоресценция реакциясында биологиялық материалда трихомонды анықтау: T. Vaginalis антигендерді және антиденелерді табу.
 
Аспаптық зерттеулер:
Цистоуретроскопия: несеп жылы шырышының ісіп қызару реакциясын – эрозияны, жараны, инфильтрация, стриктураны табу;
Кольпоскопия: эрозияны, жаралы зақымдануларды, сарысулы ісікті, көлемді пайда болуларды табу.
 
Мамандар кеңесіне арналған көрсетімдер:
·        гинеколог (мүмкін болатын асқынуларды диагностикалау);
·        уролог (мүмкін болатын асқынуларды диагностикалау);
·        психотерапевт (психологиялық бейімдеу).
 

Дифференциалды диагноз


Несеп-жыныстық жолының төменгі бөлімдерінің трихомондық инфекциясының (уретрит және цервицит) симптомдары ерекше болмағандықтан, 1-кестеде көрсетілген клиникалық-зертханалық белгілердің негізінде патогенді (C. trachomatis, N. gonorrhoeae, M. genitallium) және шартты-патогенді микроағзалармен (Candida тұқымды саңырауқұлақтармен, бактериальды вагинозбен байланыстырылған гениталдық микоплазмалармен және микроағзалармен) және вирустармен (қарапайым ұшық вирусымен) шартталған өзге урогенитальды инфекцияны жою үшін зертханалық зерттеулер жүргізу қажет.
Одан басқа, аллергиялық вульвовагиниттермен және баланопоститтермен сараланған диагностика жүргізіледі.
1-кесте. T. Vaginalis негізгі клиникалық-зертханалық сараланған-диагностикалық белгілері
Бағалан атын параметр лер Урогени тальды трихомон иаз Хламидиялық
инфекция
Гонокок калық инфекция Бактери альды вагиноз Урогени тальды кандидоз
Жыныстық жолдардан шығынды лар Сұрғылт-сары түсті, көбікті жағымсыз иіспен Иіссіз шырышты бұлыңғыр
немесе шырышты-іріңді
Иіссіз шырышты-іріңді немесе іріңді Гомогенді ақшыл-сұр, жағымсыз иіспен Ақ, ірімшік
тенген, қілегей тәрізді, қышқыл
ды иіспен
Несеп-жыныстық жолдың шырышты қабықша ларының гиперемия сы Жиі Көбінесе жатыр мойынның шырышты қабықшасы Жиі Сирек Жиі
Сыртқы жыныстық мүшелер дің тұсында қышу/күйдіру Жиі Сирек Жиі Сирек Жиі
Дизурия Жиі Жиі Жиі Сирек Сирек
Диспареу ния Жиі Жиі Жиі Сирек Жиі
Қынап экссудат тының pH Мүмкін
> 4,5
3,8 – 4,5 3,8 – 4,5 > 4,5 3,0 – 3,8
Микроскопия T. Vaginalis бар болуы Диагнозды анықтау үшін жүргізіл
мейді
Типті морфоло
гиялық және тинктори алдық қасиеттер мен Грамтеріс диплококтар
«Негізгі жасушалардың» болуы Жіпшу мақтың және бүршіктенетін ашытқыш жасуша
лардың басымдылығымен Candida саңырау құлақ
тары
Культурал дық зерттеу T. Vaginalis
 
C. Trachoma tis N. Gonorrhoe
ae
T.  Vaginalis және облигатты-анаэробты түрлердің басымды лығы 10³ КОЕ/мл аса титрда
Candida мекенінің өсуі
 

Емдеу тактикасы


Емдеу мақсаттары:
·        эрадикация (микробиологиялық сауығу) T. Vaginalis;
·        клиникалық жазылуы (тиісті клиникалық симптомдарды оқшаулау);
·        асқынуларды болдырмау;
·        өзге тұлғаларды жұқтырудан сақтандыру.

Емдеу тәсілі
Дәрі-дәрмексіз емдеу:
2 режим.
№15 үстел (ортақ).
 
Дәрі-дәрмекпен емдеу
Емдеу әдісін таңдау үдерісі ағымының ауырлығына байланысты (2, 3-кесте) [10,11] .
 
2-кесте. Асқынбаған урогениталдық трихомониазды емдеу
Фарма-кологиялық топ Препар-аттың ХПА Шы-ғару фор-масы Мөл шерлеу Қол-дану еселігі Ескерту
Бактерияларға қарсы препараттар
(терапия таңдау дың ұсыныл ған сұлбала ры)
Метронидазол 250, 500 мг дәрі
лер
500 мг 5-7 күн ішінде күніне 2 рет
перо ральды 500 мг-нан
Трихомониазбен ауыратын дарда 5'-нитроимидазолмен тиімді баламасы жоқ. T. Vaginalis көптеген штаммдарың метронида золға, метронидазолғатектес препараттарға сезімталдығы жоғары. Бір еселік мөлшердің артықшылығы қабылдаудың қарапайымдылығы мен арзандылығы. Алайда, бір еселі қабылдау кезінде тиімсіз емдеудің жиілігі жоғары екендігін мәлімдейтін бір қатар дәлелдер бар, әсіресе, егер жыныстық серіктестер де қатар емделмесе. Бұл жағдайларда терапияның қайталанған курсы ұсынылады.
  Метронидазол 250, 500 мг дәрі
лер
2000 мг бір еселі  
  Тинида
зол
500 мг дәрі лер 2000 мг бір еселі  
Өзге қосалқы препараттар
 
Флуконазол 50, 100, 150 мг капсулалар 50, 100, 150 мг терапияның әр түрлі сұлба лары МҚП ұзақ қолдану кезінде урогенитальды кандидоздан сақтандыру үшін ұсынылады
 
3-кесте. Асқынған немесе қайталамалы урогениталдық трихомониазды емдеу
Фарма-кологиялық топ Препар-аттың ХПА Шы-ғару фор-масы Мөл шерлеу Қол-дану еселігі Ескерту
Бактерияларға қарсы препараттар
(терапия таңдау дың ұсыныл ған сұлбала ры)
Метронидазол 250, 500 мг дәрі
лер
2000 мг 3-5 күн ішінде бір еселі  
  Метронидазол 250, 500 мг дәрі
лер
500 мг 7 күн ішінде тәулігіне 3 рет  
  Тинида
зол
500 мг дәрі лер 2000 мг 3-5 күн ішінде бір еселі  
Өзге қосалқы препараттар
 
Флуконазол 50, 100, 150 мг капсулалар 50, 100, 150 мг терапияның әр түрлі сұлба лары МҚП ұзақ қолдану кезінде урогенитальды кандидоздан сақтандыру үшін ұсынылады
 

Ерекше жағдайлар

Жүктілік кезінде урогениталдық трихомонозды емдеу [13,14].

Урогениталдық трихомоноз жағымсыз нәтижелермен (мерзімінен бұрын босану, ұрық қалбыршағының уақыттан бұрын жарылуы және т. б.) байланыстырылатыны көрсетілген.
Жүктіліктің екінші триместерінен метронидазол ішке 2,0 г бір еселі мөлшерде немесе 7 күн ішінде тәулігіне 2 рет 500 мг-нан ұсынылады.
Метронидазол жүктіліктің барлық мерзімдерінде және емшекпен қоректендіру кезеңінде қолданыла алады, алайда, бұл жағдайларда препараттардың жоғары мөлшерлері пайдаланылатын сұлбалардан қашқақтаған жөн.
 
Амбулаториялық деңгейдегі дәрі-дәрмекпен емдеу:

Негізі (100 % қолдану мүмкіндігі бар) емдік дәрі-дәрмектердің тізімі:

·        метронидазол (250, 500 мг таблеткалар);
·        метронидазол (250, 500 мг таблеткалар);
·        тинидазол (500 мг таблеткалар);
·        флуконазол (50, 100, 150 мг капсулалар).
 
Қосымша (қолдану мүмкіндігі 100 % кем)  дәрі-дәрмектердің тізімі: жоқ
 
Стационарлық деңгейдегі дәрі-дәрмекпен емдеу: жоқ
Жедел шұғыл жәрдем көрсету кезеңіндегі дәрі-дәрмекпен емдеу: жоқ
 
Емдеудің өзге түрлері: жоқ.
Амбулаториялық деңгейдегі емдеудің өзге түрлері:
Стационарлық деңгейдегі емдеудің өзге түрлері:
 
Хирургиялық араласу: жоқ.
Амбулаториялық жағдайларда хирургиялық араласу: жоқ
Стационарлық жағдайларда хирургиялық араласу: жоқ
 

Профилактика


·        Жыныстық байланыстарды уақтылы айқындау және тексерілу мен емделуге тарту;
·        Отбасы мүшелерін тексеру;
·        Соңында ретсіз жыныстық қатынастарды жою;
·        Бұқаралық ақпарат құралдары, жаднамалар мен мультимедиялық бағдарламалар арқылы ЖЖБИ жеке басты және қоғамдық профилактика түсінігін қарастыратын жаппай профилактикалық насихаттау;
·        Жеке тұлғалық қарым-қатынастар, сексуалды қарым-қатынастар туралы толық ақпарат, жыныстық өмірді ерте бастау зардабы, қаламаған жүктілік мәселелері бойынша ата-аналармен және жоғарғы сынып оқушыларымен жеке консультациялар мен профилактикалық әңгімелер, қауіпсіз секс (мүшеқапты қолдану) ережелерін түсіндіру;
·        Дерматовенеролог, акушер-гинеколог, уролог дәрігерлерінің қабылдау кабинеттерінде, кәсіпорындарда, оқу ұйымдарында профилактикалық тексеру кабинеттерінде гонококтік инфекцияны және өзге ЖЖБИ жұқтыру қатерін болдырмау мен төмендету тәсілдері бойынша кеңес беру;
·        ЖЖБИ профилактикасының мәселелері бойынша қауіпсіз жүріс-тұрыс туралы әңгімелерді жүргізу мен ақпараттық-білім беретін әдебиеттерді тарату үшін еріктілерді, білім беретін мекемелердің оқушыларын дайындау.

Ақпарат

Пайдаланған әдебиеттің тізбесі

  1. Протоколы заседаний Экспертной комиссии по вопросам развития здравоохранения МЗ РК, 2014

Ақпарат


Әзірлеушілер тізімі.
1. Бәтпенова Г. Р. - м.ғ.д., ҚР ДСМ бас штаттан тыс дерматовенерологы, профессор, «Астана медицина университеті» АҚ «Дерматовенерология» кафедрасының меңгерушісі.
2. Баев А. И. - м.ғ.к., ҚР ДСМ «Тері-венерология ғылыми-зерттеу институты» ШЖҚ РМК а.ғ.қ.
3. Жетпіспаева З. С. - м.ғ.к., «Астана медицина университеті» АҚ «Дерматовенерология» кафедрасының доценты.
4. Джулфаева М. Г. - ҚР ДСМ «Тері-венерология ғылыми-зерттеу институты» ШЖҚ РМК бас дәрігері.
5. Ахмадьяр Н. С. - м.ғ.д., «Ұлттық ана мен бала ғылыми орталығы» АҚ клиникалық фармакологы.
 
Мүдделер қақтығысының жоқтығын көрсету: жоқ.

Пікір иесі: Нұрышева С. М. - м.ғ.д., «С.Ж. Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университеті» ШЖҚ РМК «Тері және мерез аурулар» кафердрасының меңгерушісі.
 
Хаттаманы қайта қарастырудың шарттарын көрсету: әрбір 3 жылда немесе диагностика мен емдеудің жаңа дәлелденген мәліметтері пайда болған кезде. 

Қазықтаулы файлдар

Назар аударыңыз!

  • Занимаясь самолечением, вы можете нанести непоправимый вред своему здоровью.  
  • Информация, размещенная на сайте MedElement и в мобильных приложениях "MedElement (МедЭлемент)", "Lekar Pro", "Dariger Pro", "Заболевания: справочник терапевта", не может и не должна заменять очную консультацию врача. Обязательно обращайтесь в медицинские учреждения при наличии каких-либо заболеваний или беспокоящих вас симптомов.  
  • Выбор лекарственных средств и их дозировки, должен быть оговорен со специалистом. Только врач может назначить нужное лекарство и его дозировку с учетом заболевания и состояния организма больного.  
  • Сайт MedElement и мобильные приложения "MedElement (МедЭлемент)", "Lekar Pro", "Dariger Pro", "Заболевания: справочник терапевта" являются исключительно информационно-справочными ресурсами. Информация, размещенная на данном сайте, не должна использоваться для самовольного изменения предписаний врача.  
  • Редакция MedElement не несет ответственности за какой-либо ущерб здоровью или материальный ущерб, возникший в результате использования данного сайта.
На главную
Наверх