Уақытша тістердің жіті пульпиті (педиатрия)
Версия: ҚР ДСМ клиникалық хаттамалар - 2014 (Қазақстан)
Анықтамасы
Анықтамасы
Денсаулық сақтау және әлеуметтік
даму министрлігінің
«Денсаулық сақтауды дамыту
республикалық орталығы» ШЖҚ РМК
Сараптамалық кеңесі ұсынған
2014 жылғы 12 желтоқсандағы
№9 хаттама
Пульпит – пульпаның қабынуы. Пульпит тіс жегінің аяқталуы болып табылады; пульпада қабынудың дамуы микрофлораның сипатына қарай болады [1,4].
Уақытша тістердің жіті пульпиті - уақытша тіс пульпасының жіті қабынуы.[1,4].
Атауы: Уақытша тістердің жіті пульпиті.
Хаттама коды:
АХЖ-10 кодтары:
К04.0.- Жіті пульпит
Хаттамада пайдаланылатын қысқартулар: мкА
Хаттаманың әзірленген күні: 2014 жыл
Пациенттер санаты: балалар
Хаттаманы пайдаланушылар: балалар стоматологтері.
Жіктемесі
Клиникалық жіктеме [1]:
I.Сүт тістерінің жіті пульпиті.
жіті сірнелі пульпит
жіті іріңді пульпит
процеске периодонтты немесе жергілікті лимфа түйіндерін тартатын жіті пульпит.
II. Тұрақты тістердің жіті пульпиттері
жіті сірнелі ішінара пульпит
жіті сірнелі жалпы пульпит
жіті іріңді ішінара пульпит
жіті іріңді жалпы пульпит
III. Сүт және тұрақты тістердің созылмалы пульпиттері:
қарапайым созылмалы пульпит
созылмалы пролиферативті пульпит
созылмалы пролиферативті гипертрофиялық пульпит
созылмалы гангреналы пульпит
IV. Сүт және тұрақты тістердің созылмалы ушыққан пульпиті.
Диагностикасы
Негізгі және қосымша диагностикалық іс-шаралардың тізбесі:
Амбулаториялық деңгейде жүргізілетін негізгі (міндетті) диагностикалық тексеріп-қарау:
шағымдар мен анамнездерді жинау;
физикалық тексеріп-қарау.
Амбулаториялық деңгейде жүргізілетін қосымша диагностикалық тексеріп-қарау:
рентгенологиялық зерттеулер (азу тістің қалыптасуы дәрежесін айқындау және созылмалы периодониттің ушығуын саралап диагностикалау мақсатында жүргізіледі);
электроодонтометрия;
тісті зондтау.
Диагностикалық критерийлер:
Шағымдар: ұйықтар алдында немесе түнде туындайтын (жіті сірнелі пульпит) ауру, екінші тәулікке қарай солқылдап ауырғаны байқалатын, одан кейін жақтың жартысына таралатын ауру (жіті іріңді пульпит). Екінші тәулікте баланың дене қызуының көтерілуіне, ұйқының бұзылуына, тәбеттің төмендеуіне, лимфадениттің дамуына (процеске периодонитті тартатын жіті пульпит) шағымдар болуы мүмкін.
Анамнез: 2-3 жастағы балалар арнаулы мамандардың есебінде жоқ, бұрын бұл тіс ауруы болмаған.
Физикалық тексеріп-қарау: Кішігірім/орташа өлшемдегі жегі қуысы. Тіс қуысы ашылмаған. Жіті іріңді пульпит кезінде көп ұсақталған дентиннің жегі қуысындағы ауырмайтын перкуссиялар, айналасындағы жұмсақ тіндердің гипермиясы.
Зертханалық зерттеулер.
Аспаптық зерттеулер.
Тісті зондтау: пульпа мүйізінің проекциясында анағұрлым ауыртып зондтау.
Электроодонтометрия: электрооднометрия көрсеткіштерінің деңгейі 15-40 мкА.
Арнаулы мамандардың консультациясы үшін көрсетімдер. Жүргізілмейді.
Дифференциалды диагноз
Сараланған диагноз:
№1-кесте. Созылмалы пульпиттің және периодонтиттің ушығуы және жіті периодонтиті бар сараланған диагноз.
Шағымдар | Анамнез | Объективті дәрежесі | |
Уақытша тістердің жіті пульпиті | ұйықтар алдында немесе түнде туындайтын ауру, екінші тәулікке қарай солқылдап ауырғаны байқалатын, одан кейін жақтың жартысына таралатын ауру . Екінші тәулікте баланың дене қызуының көтерілуіне, ұйқының бұзылуына, тәбеттің төмендеуіне шағымдар болуы мүмкін | 2-3 жастағы балалар арнаулы мамандардың есебінде жоқ, бұрын бұл тіс ауруы болмаған |
Кішігірім/орта ша өлшемдегі жегі қуысы. Тіс қуысы ашылмаған. Жіті іріңді пульпит кезінде көп ұсақталған дентиннің жегі қуысындағы ауырмайтын перкуссиялар, айналасындағы жұмсақ тіндердің гипермиясы |
Созылмалы пульпиттің ушығуы | термиялық тітіркендіргіштерден күшейетін ұстамалы, иррадиациялайтын ауру |
Анамнез де – 6-12 ай бұрынғы жіті пульпит |
жегілі (кариозды) қуысты барлық түбі бойынша ауыртып, ашық пульпа мүйізінің айналасында кенеттен ауыртып зондтау. Қызылиектің сілемейлі қабықшасы өзгермеген. Электр қозғыштығы 60-80мка. рентген суретінде периодонталды тесіктің болар-болмас ұлғаюы |
Созылмалы периодонтиттің ушығуы |
үнемі, қақсайтын, тісті қатты тістеп қалған кезде күшейетін ауру |
анамнез де – 1-2 жыл бұрынғы жіті ауру |
жегілі (кариозды) ауыз қуысын ауыртпай зондтау, қызылиектің шырышты қабықшасы гипермирленген, ісінген, пальпациялау кезінде ауырады. пульпаның электр қозғыштығы 100-150 мка. рентген суретінде деформация /азу тіс бетінің айналасындағы сүйек кемігінің деструкциясы |
Жіті периодонтит | үнемі, қақсайтын, тісті қатты тістеп қалған кезде күшейетін ауру |
Анамнез де – бірнеше күн бұрынғы жіті гангреналы пульпит |
жегілі (кариозды) ауыз қуысын ауыртпай зондтау, қызылиектің шырышты қабықшасы гипермияланған, тіс сәл қозғалған. пульпаның электр қозғыштығы 90-100 мка. рентген суретінде периодонталды тесіктің болар-болмас ұлғаюы |
Емдеу тактикасы
Емдеу мақсаттары:
-ауырсыну синдромын жою;
-қабыну ошағын жою;
-анатомиялық пішінін және тіс функциясын қалпына келтіру.
Емдеу тактикасы:
Дәрі-дәрмексіз емдеу:
-балансталған және ұтымды тамақтану.
-гигиеналық тәрбие, ауыз қуысы гигиенасына оқыту.
Дәрі-дәрмекпен емдеу:
Стероидрезистентті жасушалық ауыр ажыратылу терапиясы кезінде таңдалған әдіс – антитимоциттік антиденелерді тағайындау. Жіті ажыратылудың қайталанған эпизоды – поликлоналды антиденелер препараттарын тағайындауды талап ететін ауыр стероидрезистентті жіті жасушалық ажыратылу. Шамамен 50% жағдайда жіті гуморальды ажыратылу белгілері анықталады. Қайталанған ажыратылудың дамуы трансплантаттың келешекте тірі қалу болжамымен қатар жүреді.
Қайта жасалған ГКС пульс-терапиясы жіті ажыратылуды емдеуде нәтижелі болуы мүмкін, бірақ антиденелерді қолдану алдында пульс-терапияны екі курстан артық тағайындамаған жөн. Көптеген хаттамалар қайталанған бүкіл ажыратылулар кезінде ағымы қолайлы немесе кем дегенде бірінші эпизодтан кейін бірнеше апта өткен соң дами бастағандарды есептемегенде, антиденелермен емдеуді ұсынады.
Егер пульс-терапияға тез арада жауап болмаса, антиденелермен емдеуді бірден бастап кеткен жақсы, басқа хаттамалар бірнеше күн тосуды жөн көреді. Пульс-терапияға қарамастан, бүйрек функциясы жылдам нашарлай бастаса, тез арада антитимоцитті иммуноглобулинмен емдеуді бастау керек.
Ажыратылуды емдеуде антитимоцитарлы иммуноглобулиннің дозасы индукциялықпен салыстырғанда жоғары болуы мүмкін, ал емдеу ұзақтығы 5-7 күннен кем болмауы тиіс. Емдеу курсы бойы гематологиялық көрсеткіштерді бақылап, профилактика үшін 2-3 апта ганцикловирді қолдану қажет. Сондай-ақ циклоспориннен такролимусқа ауысу немесе микофенолаттарды қосу, бұған дейін оларды алып көрмеген пациенттерге ажыратылудың қайталанған эпизодтарында да көрсетілуі мүмкін.
Уақытша тістердің жіті пульпитін емдеу [1,2, 3]:
Виталды пульпотомия –ауырсынуды басумен коронкалы және ұртты пульпаны жұлу:
-жергілікті ауырсынуды басу (инфильтрациялық, өткізгіштік, пульпаішілік);
-жегілік (кариозды) ауыз қуысын препарациялау;
-пульпотомия – коронкалы және ұртты пульпаларды жұлу;
-дәрі-дәрмекпен өңдеу;
-азу пульпасына мумифициялайтын пастаны салу;
-оқшаулайтын төсеме;
-тұрақты пломба.
Девиталды пульпотомия – оны алдын ала девитализациялағаннан кейін коронкалы пульпаны жұлу (2 рет келу):
Бірінші келуі:
-жегілік (кариозды) ауыз қуысын аямай препарациялау;
-тіс қуысын ашу;
-девитализациялайтын пастаны салу;
-уақытша пломба.
Екінші келуі:
-уақытша пломбаны жұлу;
-жегілі (кариозды) қуысты қалыптастыру;
-тіс қуысын ашу, пульпотомия (коронкалы және ұртты пульпаларды жұлу);
-тіс қуысын дәрі-дәрмекпен өңдеу:
-азу пульпасына мумифициялайтын пастаны салу;
-оқшаулайтын төсеме;
-тұрақты пломба.
Амбулаториялық деңгейде көрсетілетін дәрі-дәрмектік ем:
негізгі дәрілік заттар тізбесі (100% қолданылу мүмкіндігі бар):
Анестезиялайтын заттар:
• лидокаин ерітіндісі 2%- 2мл.
• мепивакаин
• лидокаин 10% - аэрозоль;
• анестезиялайтын гельдер-20%.
Антисептикалық заттар:
• хлоргексидин 0,05%-100мл,
• сутегі тотығы 3%-100мл.
Мумифициялайтын әсер ететін заттар:
Пульпотек: (ұнтақ 15г, сұйықтық 15 мл)
Девитализациялайтын заттар:
• Девитек – паста 6 г.
Пломбалайтын материалдар:
Оқшаулайтын төсеме –Висцин:
• ұнтақ 50 г, сұйықтық 30 мл.
Шыныиономерлі цементтер:
• Кетак Моляр - 12,5г ұнтақ, 8,5 мл сұйықтық,
• Глассин Рест - 10 г ұнтақ, 8 мл сұйықтық,
• Цемион – ұнтақ 20г, сұйықтық 10мл, кондиционер 10мл, лак 10мл.
Химиялық қатайту композиттері:
КомпоЛайф Плюс:
• базалық паста-14г,
• катализациялайтын паста-14г,
• бонд-6 мл,
• дәрілейтін гель-7 мл.
Харизма ППФ:
• базалық паста-12г
• катализациялайтын паста12г,
• бонд-6 мл,
• дәрілейтін гель-2,5 мл.
Стационарлық деңгейде көрсетілетін дәрі-дәрмектік ем: Жүргізілмейді
Жедел медициналық жәрдем кезеңінде көрсетілетін дәрі-дәрмектік ем:
Емдеудің басқа түрлері: Жүргізілмейді
Емдеудің амбулаториялық деңгейде көрсетілетін басқа түрлері.
Стационарлық деңгейде көрсетілетін басқа түрлері.
Емдеудің жедел кезек күттірмейтін көмек кезеңінде көрсетілетін басқа түрлері.
Хирургиялық араласу: Жүргізілмейді
Амбулаториялық жағдайда көрсетілетін хирургиялық араласу:
Стационар жағдайында көрсетілетін хирургиялық араласу:
Диспансерлік бақылау: тіс жегісінің белсенділігі дәрежесіне қарай жылына 1-3 рет тексеріп-қарау.
Ем тиімділігінің индикаторлары.
-патологиялық процесті тоқтату;
-тістің анатомиялық пішіні мен функциясын қалпына келтіру;
-асқынулардың дамуының алдын алу.
Алдын алуы
Профилактикалық іс-шаралар:
-ұтымды тамақтану – құрамында жеңіл ферменттелетін көміртегілер, бірінші кезекте қанты бар тағамды рационда азайту;
-ауыз қуысының өз бетінше тазаруына ықпал ететін шикі көкөністер мен жемістерді күн сайын тұтыну;
-гигиеналық тәрбие және ауыз қуысының гигиенасын оқыту;
-құрамында фтор бар тіс пасталарын (суда фтор тапшы болғанда) қолдану;
Ақпарат
Пайдаланған әдебиеттің тізбесі
-
Протоколы заседаний Экспертной комиссии по вопросам развития здравоохранения МЗ РК, 2014
- Хаттаманың дайындау кезінде пайдаланылған әдебиеттер: 1.Лекции по стоматологии детского возраста. авт. проф.Т.К. Супиев г Алматы 2013г. 2.Терапевтическая стоматология детского возраста Л.А.Хомченко.г.Москва,2007г . 3.Терапевтическая стоматология детского возраста Н.В.Курякина Новгород,2004г. 4.Стоматология детского возраста. Л.С.Персин, В.М.Елизарова, С.В.Дьякова, Москва, 2003 г. 5.Терапевтическая стоматология. Е.В. Боровский, Ю.Д. Барышева, Ю.М. Максимовский и др. Москва 1997 г. 6.Профилактика стоматологических заболеваний. Т.К.Супиев, С.Б.Улитковский, О.М.Мирзабеков, Э.Т.Супиева.гАлматы, 2009 г.
Ақпарат
1. Негаметзянов Нурислам Гарифзянович – м.ғ.д., ҚР ДСӘМ штаттан тыс бас балалар стоматологі. Алматы қаласы ДСБ «Балалар стоматологиялық емханасы» ШЖҚ МҚК бас дәрігері.
2. Сұршанов Ертай Қызырұлы - Алматы қаласы ДСБ «Балалар стоматологиялық емханасы» ШЖҚ МҚК бас дәрігерінің емдеу жұмысы жөніндегі орынбасары.
3. Ахмадьяр Нұржамал Садырқызы - м.ғ.д. «Ана мен бала ұлттық ғылыми орталығы» АҚ клиникалық фармаколог-дәрігер.
Мүдделер қақтығысының жоқтығын көрсету: жоқ
Рецензенттер:
1. Супиев Тұрған Құрбанұлы - м.ғ.д., «С.Ж.Асфендияров атындағы ҚазҰМУ» ШЖҚ РМК, ДБИ стоматология және ЖБХ кафедрасының профессоры.
Қазықтаулы файлдар
Назар аударыңыз!
- Занимаясь самолечением, вы можете нанести непоправимый вред своему здоровью.
- Информация, размещенная на сайте MedElement и в мобильных приложениях "MedElement (МедЭлемент)", "Lekar Pro", "Dariger Pro", "Заболевания: справочник терапевта", не может и не должна заменять очную консультацию врача. Обязательно обращайтесь в медицинские учреждения при наличии каких-либо заболеваний или беспокоящих вас симптомов.
- Выбор лекарственных средств и их дозировки, должен быть оговорен со специалистом. Только врач может назначить нужное лекарство и его дозировку с учетом заболевания и состояния организма больного.
- Сайт MedElement и мобильные приложения "MedElement (МедЭлемент)", "Lekar Pro", "Dariger Pro", "Заболевания: справочник терапевта" являются исключительно информационно-справочными ресурсами. Информация, размещенная на данном сайте, не должна использоваться для самовольного изменения предписаний врача.
- Редакция MedElement не несет ответственности за какой-либо ущерб здоровью или материальный ущерб, возникший в результате использования данного сайта.