Тұрақты тістердің жіті пульпиті (педиатрия)

Версия: ҚР ДСМ клиникалық хаттамалар - 2014 (Қазақстан)

Пульпит (K04.0)

Анықтамасы

Анықтамасы

Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау және әлеуметтік
даму министрлігінің
«Денсаулық сақтауды дамыту
республикалық орталығы» ШЖҚ РМК
Сараптама кеңесі ұсынған
2014 жылғы 12 желтоқсандағы
№ 9 хаттама
 
Пульпит – пульпаның қабынуы. Пульпит тіс жегінің аяқталуы болып табылады; пульпада қабынудың дамуы микрофлораның сипатына қарай болады [1].
Тұрақты тістердің жіті пульпиті – бұл дентиннің кедергілі функциясы бұзылған кезде және организмнің қорғаныш күштерінің жұмылдырылуы аясында жегілі (кариозды) ауыз қуысынан пульпаға келіп түсетін төтенше тітіркендіргішке пульпа тіндерінің белсенді реакциясы [6].

Хаттама атауы: Тұрақты тістердің жіті пульпиті
 
Хаттама коды:
 
АХЖ-10 кодтары:
К04.0 Жіті пульпит
 
Хаттамада пайдаланылатын қысқартулар: мкА
 
Хаттаманың әзірленген күні: 2014 жыл
 
Пациенттер санаты: балалар
 
Хаттаманы пайдаланушылар: балалар стоматологтері.

Жіктемесі


Жіктеме [1]:

I. Сүт тістерінің жіті пульпиттері:
• жіті сірнелі пульпит
• жіті іріңді пульпит
• процеске периодонтты немесе регионарлы лимфа түйіндерін тартатын жіті пульпит

II. Тұрақты тістердің жіті пульпиттері:
• жіті сірнелі ішінара пульпит (азуларымен қалыптасқан тістерде болуы мүмкін)
• жіті сірнелі жалпы пульпит
• жіті іріңді ішінара пульпит
• жіті іріңді жалпы пульпит

III. Сүт және тұрақты тістердің созылмалы пульпиттері:
• қарапайым созылмалы пульпит
• созылмалы пролиферативті пульпит
• созылмалы пролиферативті гипертрофиялық
• созылмалы гангреналы пульпит
 
IV. Сүт және тұрақты тістердің созылмалы ушыққан пульпиті:

Диагностикасы


Негізгі және қосымша диагностикалық іс-шаралардың тізбесі:
Амбулаториялық деңгейде жүргізілетін негізгі (міндетті) диагностикалық тексеріп-қарау:
• шағымдар мен анамнездерді жинау;
• физикалық тексеріп-қарау.
 
Амбулаториялық деңгейде жүргізілетін қосымша диагностикалық тексеріп-қарау:
• рентгенологиялық зерттеулер (азу тістің қалыптасуы дәрежесін айқындау және созылмалы периодониттің ушығуын саралап диагностикалау мақсатында жүргізіледі);
• электроодонтометрия;
• тісті зондтау.
 
Жоспарлы емдеуге жатқызуға жолдау кезінде жүргізілуі қажет тексеріп-қараудың ең аз тізбесі: Жүргізілмейді.
  
Диагностикалық критерийлер:

Шағымдар: Тітіркендіргіштерден және түнде күшейетін жіті, өзінен-өзі басталатын ұстамалы ауруларға. Бұдан бұрын ауырсыну ауырып тұрған тісте байқалмаған.
 
Анамнез: Жіті ауру алғаш рет пайда болды
 
Физикалық тексеріп-қарау: Жегілі (кариозды) ауыз қуысында ұсақталған дентиннің көлемі көп, бірақ ауыз қуысынан белгі жоқ. Тісті қоршап тұрған шырышты қабық өзгеріссіз, тістің тістүйісі ауырмайды.
 
Зертханалық зерттеулер.
 
Аспаптық зерттеулер.
Тісті зондтау: жегілі (кариозды) ауыз қуыстың түбін бір нүктеде ауыртып зондтау.
Электроодонтометрия: электрооднометрия көрсеткіштерінің деңгейі 8-17 мкА.
 
Арнаулы мамандардың консультациясы үшін көрсетімдер. Жүргізілмейді.

Дифференциалды диагноз

Сараланған диагноз:
 
1-кесте. Созылмалы пульпиттің ушығуына, созылмалы периодонтиттің ушығуына, үш жақты нервтің невралгиясына сараланған диагноз.

Диагноз Шағымдар Анамнез Объективті дәрежесі
Тұрақты тістердің жіті пульпиті Зақымдалған тіс айналасында ұзақтығы 1-2 минут болатын жіті, өзінен-өзі басталатын ауру, ашық аралықтар 3-24 сағат, ұстамалар түнде күшейеді, ауру барлық тітіркендіргіштерден туындайды, оларды жойғаннан кейін 1-2 минут созылады.
Ауруды иррадиациялау жоқ.
• жіті ауру алғаш рет пайда болды
 
жегілі (кариозды) ауыз қуысында ұсақталған дентиннің көлемі көп, бірақ ауыз қуысынан белгі жоқ. тісті қоршап тұрған шырышты қабық өзгеріссіз, тістің тістүйісі ауырмайды. жегілі (кариозды) ауыз қуыстың түбін бір нүктеде ауыртып зондтау.
 
Созылмалы пульпиттің ушығуы термиялық тітіркендіргіштерден күшейетін ұстамалы, иррадиациялайтын ауру.
 
• анамнезде – 6-12 ай бұрынғы жіті пульпит.
 
жегілі (кариозды) ауыз қуысты барлық түбі бойынша ауыртып, ашық пульпа мүйізінің айналасында кенеттен ауыртып зондтау. қызылиектің шырышты қабықшасы өзгермеген.
Созылмалы периодонтиттің ушығуы үнемі, қақсайтын, тісті қатты тістеп қалған кезде күшейетін.
 
 
• анамнезде – 1-2 жыл бұрынғы жіті ауру.
 
 
жегілі (кариозды) ауыз қуысын ауыртпай зондтау,  қызылиектің шырышты қабықшасы гипермирленген, ісінген, пальпациялау кезінде ауырады. пульпаның электр қозғыштығы 100-150 мка. рентген суретінде деформация немесе периодонталды қуыстағы деструкция. 
Үш жақты нервтің невралгиясы аяқ астынан туындайтын қысқа мерзімді иррадиациялайтын өзінен-өзі басталатын ауру, кенеттен, көбіне тәуліктің белгілі бір сағаттарында болатын ауру. Ауру бет терісіне, ауыз қуысының шырышты қабықшасына жанасқан кезде, сөйлеген кезде туындайды. • анамнезінде психологиялық жүктемелер, жел соғатын үй-жайларға келуі.
 
ауыз қуысында тістер интакталы немесе бұдан бұрын сканерленген. шырышты өзгеріссіз, тістүйісі, ауыртпай зондтау.
 

Емдеу тактикасы


Емдеу мақсаттары:
• ауырсыну синдромын жою;
• қабыну ошағын жою;
• анатомиялық қалыпты қалпына келтіру және тістің функциясы.
 
Емдеу тактикасы:

Дәрі-дәрмексіз емдеу:
• балансталған және ұтымды тамақтану;
• гигиеналық тәрбие, ауыз қуысы гигиенасына оқыту.
 
Дәрі-дәрмекпен емдеу:
Стероидрезистентті жасушалық ауыр ажыратылу терапиясы кезінде таңдалған әдіс – антитимоциттік антиденелерді тағайындау. Жіті ажыратылудың қайталанған эпизоды – поликлоналды антиденелер препараттарын тағайындауды талап ететін ауыр стероидрезистентті жіті жасушалық ажыратылу. Шамамен 50% жағдайда жіті гуморальды ажыратылу белгілері анықталады. Қайталанған ажыратылудың дамуы трансплантаттың келешекте тірі қалу болжамымен қатар жүреді.
Қайта жасалған ГКС пульс-терапиясы жіті ажыратылуды емдеуде нәтижелі болуы мүмкін, бірақ антиденелерді қолдану алдында пульс-терапияны екі курстан артық тағайындамаған жөн. Көптеген хаттамалар қайталанған бүкіл ажыратылулар кезінде ағымы қолайлы немесе кем дегенде бірінші эпизодтан кейін бірнеше апта өткен соң дами бастағандарды есептемегенде, антиденелермен емдеуді ұсынады.
Егер пульс-терапияға тез арада жауап болмаса, антиденелермен емдеуді бірден бастап кеткен жақсы, басқа хаттамалар бірнеше күн тосуды жөн көреді. Пульс-терапияға қарамастан, бүйрек функциясы жылдам нашарлай бастаса, тез арада антитимоцитті иммуноглобулинмен емдеуді бастау керек.
Ажыратылуды емдеуде антитимоцитарлы иммуноглобулиннің дозасы индукциялықпен салыстырғанда жоғары болуы мүмкін, ал емдеу ұзақтығы 5-7 күннен кем болмауы тиіс. Емдеу курсы бойы гематологиялық көрсеткіштерді бақылап, профилактика үшін 2-3 апта ганцикловирді қолдану қажет. Сондай-ақ циклоспориннен такролимусқа ауысу немесе микофенолаттарды қосу, бұған дейін оларды алып көрмеген пациенттерге ажыратылудың қайталанған эпизодтарында да көрсетілуі мүмкін.

Тұрақты тістердің жіті пульпитін емдеу:
Тіс жегісінің компенсацияланған түрі кезінде тұрақты тістердің жіті пульпиттерін емдеу үшін пульпаның бүкіл өміршеңдігін сақтай отырып, консервативті (биологиялық) емдеу әдісін қолданады.
• жергілікті ауырсынуды басу (инфильтрациялық, өткізгіштік, пульпаішілік);
• жегілік (кариозды) ауыз қуысын препараттау
• дәрі-дәрмекпен өңдеу
• кальций гидрооксиді негізіндегі емдік төсеме
• оқшаулайтын төсеме
• тұрақты пломба
 
Қалыптаспаған азулары бар тұрақты тістердің жіті пульпиттерін емдеу үшін пульпаны виталды ампутациялау әдісін қолданады – жергілікті ауырсынуды басумен коронкалы пульпаны жұлу:
• жергілікті ауырсынуды басу (инфильтрациялық, өткізгіштік, пульпаішілік);
• жегілік (кариозды) ауыз қуысын препараттау
• пульпотомия – коронкалы және ұртты пульпаларды жұлу
• дәрі-дәрмекпен өңдеу
• азу пульпасына калций гидроксиді негізінде мумифициялайтын пастаны және емдік төсемені салу
• оқшаулайтын төсеме
• тұрақты пломба
 
Амбулаториялық деңгейде көрсетілетін дәрі-дәрмектік ем:
негізгі дәрілік заттар тізбесі (100% қолданылу мүмкіндігі бар): 
Анестезиялайтын заттар:
• лидокаин ерітіндісі 2%- 2мл.
• мепивакаин
• лидокаин 10% - аэрозоль;
• анестезиялайтын гелдер-20%.
 
Антисептикалық заттар:
• хлоргексидин 0,05%-100мл,
• сутегі тотығы 3%-100мл.
 
Мумифициялайтын әсер ететін заттар:    
Пульпотек:
• ұнтақ 15г,
• сұйықтық 15 мл.
 
Девитализациялайтын заттар:
• Девитек – паста 6г.
 
Пломбалайтын материалдар:
Оқшаулайтын төсеме –Висцин:
• ұнтақ 50 г,
• сұйықтық 30 мл.
 
Калций гидроксиді негізіндегі төсеме:
Кальципульпин Плюс
• паста А 11г,
• паста В 11г.
Шыныиономерлі цементтер:
• Кетак Моляр - 12,5 г ұнтақ, 8,5 мл сұйықтық,
• Глассин Рест - 10 г ұнтақ, 8 мл сұйықтық,
• Цемион – ұнтақ 20г, сұйықтық 10 мл, кондиционер 10 мл, лак 10 мл.
 
Химиялық қатайту композиттері:
КомпоЛайф Плюс:
• базалық паста-14г,
• катализациялайтын паста-14г,
• бонд-6 мл,
• дәрілейтін гель - 7 мл.
 
Харизма ППФ:
• базалық паста-12г
• катализациялайтын паста12г,
• бонд-6 мл,
• дәрілейтін гель-2,5 мл.
 
Стационарлық деңгейде көрсетілетін дәрі-дәрмектік ем: Жүргізілмейді.

Хирургиялық араласу:
Амбулаториялық жағдайда көрсетілетін хирургиялық араласу:
 
Стационар жағдайында көрсетілетін хирургиялық араласу:
 
Диспансерлік бақылау: тіс жегісінің белсенділігі дәрежесіне қарай жылына 1,2,3 рет тексеріп-қарау.
 
Ем тиімділігінің индикаторлары.
• патологиялық процесті басу,
• тістің анатомиялық түрі мен функциясын қалпына келтіру,
• асқынулардың дамуының алдын алу.
 

Алдын алуы

Профилактикалық іс-шаралар:
• Ұтымды тамақтану – рационда құрамында жеңіл ферменттелетін көміртегілер, бірінші кезекте қант бар өнімдерді азайту; күн сайын ауыз қуысының өз бетінше тазаруына ықпал ететін шикі көкөністер мен жемістерді тұтыну.
• Гигиеналық тәрбие және ауыз қуысы гигиенасына оқыту
• Құрамында фтор бар тіс пасталарын (суда фтор тапшы болған кезде) қолдану;
 

Ақпарат

Пайдаланған әдебиеттің тізбесі

  1. Протоколы заседаний Экспертной комиссии по вопросам развития здравоохранения МЗ РК, 2014
    1. Хаттаманы дайындау кезінде пайдаланылған әдебиеттер: 1. Стоматология детского возраста. авт.Т.Ф.Виноградова г. Москва,1978 г. 2. Лекции по стоматологии детского возраста. авт. проф.Т.К. Супиев г Алматы 2013 г. 3. Терапевтическая стоматология детского возраста Л.А.Хомченко.г.Москва,2007 г. 4. Терапевтическая стоматология детского возраста Н.В.Курякина Новгород,2004 г. 5. Стоматология детского возраста. Л.С.Персин, В.М.Елизарова, С.В.Дьякова, Москва, 2003 г. 6. Терапевтическая стоматология. Е.В. Боровский, Ю.Д. Барышева, Ю.М. Максимовский и др. Москва 1997 г.. 7. Профилактика стоматологических заболеваний. Т.К.Супиев, С.Б.Улитковский, О.М.Мирзабеков, Э.Т.Супиева.гАлматы, 2009г

Ақпарат

Әзірлеушілер:
1. Негаметзянов Нурислам Гарифзянович– м.ғ.д., ҚР ДСӘМ штаттан тыс бас балалар стоматологі. Алматы қаласы ДСБ «Балалар стоматологиялық емханасы» ШЖҚ МҚК бас дәрігері.
2. Сұршанов Ертай Қызырұлы - Алматы қаласы ДСБ «Балалар стоматологиялық емханасы» ШЖҚ МҚК бас дәрігерінің емдеу жұмысы жөніндегі орынбасары.
3. Ахмадьяр Нұржамал Садырқызы - м.ғ.д., «Ана мен бала ұлттық ғылыми орталығы» АҚ клиникалық фармаколог-дәрігері.
 
Мүдделер қақтығысының жоқтығын көрсету: жоқ
 
Рецензенттер:
1. Супиев Тұрған Құрбанұлы - м.ғ.д., «С.Ж.Асфендияров атындағы ҚазҰМУ» ШЖҚ РМК, ДБИ стоматология және ЖБХ кафедрасының профессоры.

Қазықтаулы файлдар

Назар аударыңыз!

  • Занимаясь самолечением, вы можете нанести непоправимый вред своему здоровью.  
  • Информация, размещенная на сайте MedElement и в мобильных приложениях "MedElement (МедЭлемент)", "Lekar Pro", "Dariger Pro", "Заболевания: справочник терапевта", не может и не должна заменять очную консультацию врача. Обязательно обращайтесь в медицинские учреждения при наличии каких-либо заболеваний или беспокоящих вас симптомов.  
  • Выбор лекарственных средств и их дозировки, должен быть оговорен со специалистом. Только врач может назначить нужное лекарство и его дозировку с учетом заболевания и состояния организма больного.  
  • Сайт MedElement и мобильные приложения "MedElement (МедЭлемент)", "Lekar Pro", "Dariger Pro", "Заболевания: справочник терапевта" являются исключительно информационно-справочными ресурсами. Информация, размещенная на данном сайте, не должна использоваться для самовольного изменения предписаний врача.  
  • Редакция MedElement не несет ответственности за какой-либо ущерб здоровью или материальный ущерб, возникший в результате использования данного сайта.
На главную
Наверх