Түсік қаупі

P-O-016

Версия: Архив - Аурулардың диагностикасы және емдеу хаттамалары (Приказ №764, 2007, №165, 2012)

Угрожающий аборт (O20.0)

Анықтамасы

Анықтамасы


Анықтамасы
Өздігінен түсік тастау (ӨТт) – жүктіліктің 22 аптасына дейін əбден жетілмеген, өмір сүруге қабілетсіз, немесе салмағы 500г дейін нəрестенің тууымен аяқталып, өз бетімен үзілуі.
Эпидемиология: ӨТт жиілігі жүктілігі анықталған 15 пен 44 жас аралығындағы əйелдердің 15-20 пайызын құрайды, ӨТт шынайы жиілігі табиғи сұрыптауды ескергенде, 50 пайызды құрайды.


Хаттама коды: P-O-016  "Түсік қаупі"
Акушерлік-гинекологиялық саладағы поликлиникалар үшін.
АХЖ-10 бойынша коды (кодтары):  020.0 – түсік қаупі

Жіктемесі

 
Жіктемесі
 
1. ӨТт кезеңіне қарай:
-   ӨТт қаупі – түрлі қарқынды ауырсындыру белгілері, жыныс жолдарынан жатыр мойнының құрылымдық өзгерістерінсіз қаншымақ бөлінуі;
-   Басталған ӨТт – ауырсындыру белгілері, жыныс жолдарынан жатыр мойнының құрылымдық өзгерістерімен қоса шамалы қаншымақ бөлінуі;
-  Өздігінен түсік тастау (аборт в ходу) - іш астының толғақ тəрізді ауыруы, жатыр мойнының делатациясы негізінде (фонында) жыныс жолдарынын қаншымақ бөлінуі;
-   Толық өздігінен түсік тастау – жатыр қуысынан ұрық жұмыртқасының толық шығуымен аяқталады;
-   Орындалмаған (болмаған ) ӨТт – жатыр қуысында өмірге қабілетсіз ұрық жұмыртқасының 3 апта жəне одан ұзақ мерзімге қалып қоюы;
-   Жұқпалы ӨТт - жұқпалар белгісімен ілеседі;
-   Дағдылы ӨТт - ӨТт жағдайлары 2 жəне одан көп рет.
 
2. Мерзіміне қарай: ерте ( жүктіліктің 12 аптасына дейін) жəне кешеуілдеген (жүктіліктің 13-22 апталарында).

Эпидемиологиясы


ӨТт жиілігі жүктілігі анықталған 15 пен 44 жас аралығындағы əйелдердің 15-20 пайызын құрайды, ӨТт шынайы жиілігі табиғи сұрыптауды ескергенде, 50 пайызды құрайды.

Диагностикасы


Диагностика критерилері

Анықтау сипат белгілері:

- Жүктіліктің 22 аптасына дейін жыныс жолдарынан қан кету жəне іш астының толғақ тəрізді ауыруы;
- Айнамен қарағанда, жатыр мойнынан қан ағу анықталады;
- Екі қолмен тексергенде, ішкі  аңқа  жабық, жатыр жүктілік мерзіміне сай үлкейген,  жұмсарған,  аздап ауырсындырады.

Негізгі диагностикалық шаралар тізімі:
- Жатырды УДЗ;
- Жағындылерді созға, трихомониазға жəне ашытқы саңырауқұлақшаларға тексеру.
 
Қосымша диагностикалу шаралар тізімі:
- ИФА – хориондық гонадотропин;
- ИФА – ұшық;
- ЦМВ,  хламидиоз, микоплазманы, уреплазманы;
- Зəрдегі 17 - кетостероидтарды анықтау, мойын каналынан өсінді тексеру.

Емдеу тактикасы


Емдеу тактикасы
Жүктіліктің бірінші триместрінен бастап:
1.  Емнің негізін психологиялық қолдау, төсек тəртібін сақтау (көбірек жату), дене еңбегімен зорығуды болдырмау.
2. Ауырланған акушерлік анамнез құбылысында – прогестерон 100 мг күніне 4 рет немесе дидрогистерон 40 мг бірден, соңынан əр 8 сағатта 10 мг-нан, дротаверин 1 таблеткадан (40 мг) күніне 3 рет.
3.  Қаншымақ бөлінуінде – натрий этамзилаты 1 таблеткадан күніне 3 рет, ол тоқтағанша.
4.  Зəр-жыныс жолдары инфекциясы табылғанда – жүктілік мерзімінің 12 аптасынан кейін арнаулы ем.
5.  Гиперандрогенияда – дексаметазон таблеткаланған (мөлшері зəрдегі 17-кетостероидтар деңгейіне байланысты.)
6.  Дағдыға айналған өздігінен түсікте ауруханаға міндетті түрде жатқызу қажет.

Негізгі дəрі-дəрмектер тізімі:
1. * Прогестерон 100 мг капс.
2. * Дротаверин 40 мг., 80 мг. табл.
3.    Этамзилат 250 мг табл .
4. * Дексаметазон 500 мкг табл.

Қосымша дəрі-дəрмектер тізімі:  жоқ

Ем тиімділігінің индикаторлары: симптомдарды басу, өмір сарасын жақсарту, асқынулар жиілігін төмендету.

* – Негізгі (өмірге маңызды) дəрілік заттар тізіміне кіретін препараттар.
 

Ауруханаға жатқызу

 
Госпитализациялауға көрсетімдер:
-  жыныс жолдарынан қан кету қарқынының күшеюі;
-  7 күн емдегенде түсік түсу қаупінің жойылмауы;
-  түспеген түсік;
-  инфекцияланған түсік;
-  дағдыға айналған өздігінен түсік.

Алдын алуы

 
Біріншілік профилактика: ауру дамуына əсер ететін қауіп-қатерлі факторларды жою бойынша профилактикалық шаралар.

Ақпарат

Пайдаланған әдебиеттің тізбесі

  1. Аурулардың диагностикасы және емдеу хаттамалары (Приказы №764 - 2007, №165 - 2012)
    1. Хаттаманы дайындау барысында пайдаланылған əдебиеттер: 1. Ведение раннего выкидыша. Clinical “Green Top” Guidelines. 2. Spontaneous abortion. Medline Plus; 3. Spontaneous abortion. Latest research. www.fertilitysolution.com/spontabor.htm

Ақпарат

 
Əзірлеушілер тізімі:  Раева Р.М. м.ғ.к., Ана мен баланы қорғау Республикалық Ғылыми-зерттеу институтының аға ғылыми қызметкері.

Қазықтаулы файлдар

Назар аударыңыз!

  • Занимаясь самолечением, вы можете нанести непоправимый вред своему здоровью.  
  • Информация, размещенная на сайте MedElement и в мобильных приложениях "MedElement (МедЭлемент)", "Lekar Pro", "Dariger Pro", "Заболевания: справочник терапевта", не может и не должна заменять очную консультацию врача. Обязательно обращайтесь в медицинские учреждения при наличии каких-либо заболеваний или беспокоящих вас симптомов.  
  • Выбор лекарственных средств и их дозировки, должен быть оговорен со специалистом. Только врач может назначить нужное лекарство и его дозировку с учетом заболевания и состояния организма больного.  
  • Сайт MedElement и мобильные приложения "MedElement (МедЭлемент)", "Lekar Pro", "Dariger Pro", "Заболевания: справочник терапевта" являются исключительно информационно-справочными ресурсами. Информация, размещенная на данном сайте, не должна использоваться для самовольного изменения предписаний врача.  
  • Редакция MedElement не несет ответственности за какой-либо ущерб здоровью или материальный ущерб, возникший в результате использования данного сайта.
На главную
Наверх