Войти

Түсік түсірудің (аборттың) басқа түрлері

H-O-003

РЦРЗ (Республиканский центр развития здравоохранения МЗ РК)
Версия: Архив - Аурулардың диагностикасы және емдеу хаттамалары (Приказ №764, 2007, №165, 2012)

Другие виды аборта. Полный или неуточненный аборт без осложнений (O05.9)

Анықтамасы

Анықтамасы


Анықтамасы:
Заңсыз аборт - мұндай араласуға рұқсаты жоқ, көбінесе санитарлық-эпидемиологиялық норманы сақтамайтын мекемелерде жүктілікті үзу.

Хаттама коды: H-O-003 "Түсік түсірудің (аборттың) басқа түрлері"
Акушерлік-гинекологиялық саладағы стационарлар үшін
АХЖ-10 бойынша коды (кодтары): O05 Аборттың басқа түрлері
Мобильное приложение "MedElement"

- Профессиональные медицинские справочники. Стандарты лечения 

- Коммуникация с пациентами: онлайн-консультация, отзывы, запись на прием

Скачать приложение для ANDROID / для iOS

Мобильное приложение "MedElement"

- Профессиональные медицинские справочники

- Коммуникация с пациентами: онлайн-консультация, отзывы, запись на прием

Скачать приложение для ANDROID / для iOS

Жіктемесі


Жіктемесі:  жоқ

Диагностика


Диагностика критерилері:
1. Жүктілікті анықтау (науқастың қанынан немесе зәрінен хороникалық гонадотриннің құрамына зертеу жүргізу).
2. Жатырдың қуысында ұрық жұмыртқасы тіндерінің қалдықтарының бар немесе жоқ екенін анықтау (УДЗ).
3. Жыныс жолдарынан әр түрлі қарқында қанды бөліністер болуы мүмкін.
4. Әр түрлі қарқында іріңді-қабыну үрдістері болуы мүмкін.
5. Заңсыз аборт асқынуының клиникалық көріністері.

Hегізгі диагностикалық шаралар тізімі:
1. Жүктілік мерзімін етеккірдің тоқтауының бірінші күнінен бастап анықтау.
2. Науқастың қан сарысуындағы немесе зәріндегі хороникалық гонадотриннің құрамын анықтау.
3. Науқастың Қан тобы мен Rh - факторын анықтау.
4. Жатыр мен жатыр мойынын іншекішілік қондырғымен УДЗ жасау.
5. Қанның жалпы анализі (гемоглобин, гематокрит, лейкоциттер, лейкоциттік формула).
6. Коагулограмма.
7. АИТВ - на (ВИЧ) қанды зерттеу.
8. Мерезге қанды тексеру.
9. Зәрдің жалпы анализі.
10. Тазалық деңгейіне жағынды алу.

Қосымша диагностикалық шаралар тізімі:
1. ЭКГ.
2. Анестезиологтың консультациясы.
3. HbsAg Анти HCV.

Емдеу тактикасы


Емдеу тактикасы

Емдеу тактикасын қабылдамай тұрып клиникалық мәліметтер негізінде науқастың гестациялық жасын және УДЗ нәтижелерін дәл анықтап алу керек (соңғы етеккірдің тоқтауының бірінші күнінен бастап).

Eм мақсаты: жүргізілген заңсыз аборттың қазіргі заманғы диагностикасы, кешенді зерттеу, терапиялық тактиканы таңдау, аборт асқынуларының профилактикасы, репродуктивтік функцияны сақтау, сенімді контрацепция.

Дәрі-дәрмексіз ем:
Бұл патологияны емдеу - әдісі жатыр қуысында ұрық жұмыртқасының қалдықтары қалып қоюы инфекциялық асқынуы мен қан кету қаупін күшейтендіктен, сәйкесі жансыздандыру арқылы жатыр қуысының қабырғасын қыру. Заңсыз аборт кезінде жатыр қуысының қабырғасын қыру антибактериялық терапиямен бір мезгілде науқастың өмірлік қажетті көрсеткіштеріне зиян келтірмей жүргізілуі керек (қан қысымы, жүрек соғысының жиілігі). Жатыр қуысынан алынған қырынды гистологилық тексеруден өтуі керек.
Жасалған емнің әсері 6 сағаттан кейін болмаса, опеарция жасау қажеттігі туады.

Емдеудің тактикасы диагностикаланған асқынуға байланысты болады:
1. Септикалық жағдай бекітілген стандарттарға сәйкес емделеді.
2. Постгемеммарогиялық қаназдықты емдеу.
3. Жатыр мойны айырылуын тігу.
4. Кіші жамбас абцесін консервативті және операциялық емдеу.
5. Перионтты жатырдың тесілуін хирургиялық жолмен емдеу.
6. Іншек қабырғасының айрылуын тігу.
7. Көбікті-іншек жыланкөзін операция арқылы емдеу.

Дәрі-дәрмектік ем:  Жатыр қуысының қабырғасын қыру кезіндегі антибактериялық емнің кестесі:
- *Метронидазол 1г per rectum операция кезінде 100 мг доксициклинмен бірге күніне 2 рет ішу (жатыр қабырғасын қырғаннан кейін 7 тәулік);
- Метронидазол 1г per rectum операция кезінде азитромицинмен 11г per rectum бірге күніне 1 рет араластырып ішу.

Негізгі дәрі-дәрмектер тізімі:
1. Метронидазол 250 мг табл.
2. Докцицилин 100 мг қапшық.
3. Азитромицин 125 мг, 500 мг, 250 мг қапшық.

Қосымша дәрі-дәрмектер тізімі: міндетті түрде *сіреспеге қарсы анатоксин егу.

Ем тиімділігінің индикаторлары:
- операция жасалған жердің тез жазылуы не немесе асқынудың болмауы;
- науқастың жалпы жағдайының жақсаруы;
- лабораторлық мәліметтердің жақсаруы;
- науқастың дүниеге ұрпақ әкелу қабілетінің сақталуы;
- сенімді контрацепция.

* - Негізгі (өмірге маңызды) дәрілік заттар тізіміне кіретін препараттар 

Госпитализация


Госпитализациялау үшін көрсетімдер:  шұғыл.

Госпитализациялау алдындағы қажетті зерттеулер
Патологияның шұғыл сипатын ескерсек, науқасты алдын ала тексеру қажет емес. Кешенді тексеру тізімге сәйкес стационарда жедел көмекпен қатар бір мезгілде қатар жүргізіледі. 

Ақпарат

Пайдаланған әдебиеттің тізбесі

  1. Аурулардың диагностикасы және емдеу хаттамалары (Приказы №764 - 2007, №165 - 2012)
    1. Хаттаманы дайындау барысында пайдаланылған әдебиеттер: 1. American College of Obstetricians and Gynecologist. Medical Managment of Abortion.- 2001.- apr. 13 p. 2. Royal College of Obstetricians and Gynecologist. Setting Standart to Improve Women’s Health. Managment of Early Pregnancy Loss, 2000 Oct. 9p. 3. Unsafe Abortion. Global and Regional Estimates of the Incidence of Unsafe Abortion and Associated Mortality in 2000. WHO, Geneva, 2004, р.35 4. Royal College of Obstetricians and Gynecologist. Setting Standart to Improve Women’s Health. The Care of Women Requesting Induced Abortion. Evidence-based Clinical Guideline #7, Sept.2004, p.104

Ақпарат


Әзірлеушілер тізімі:  Рослякова А.В., Алматы қаласы Адам репродукциясы Орталығының дәрігер акушер-гинекологы

Қазықтаулы файлдар

Назар аударыңыз!

  • Занимаясь самолечением, вы можете нанести непоправимый вред своему здоровью.  
  • Информация, размещенная на сайте MedElement и в мобильных приложениях "MedElement (МедЭлемент)", "Lekar Pro", "Dariger Pro", "Заболевания: справочник терапевта", не может и не должна заменять очную консультацию врача. Обязательно обращайтесь в медицинские учреждения при наличии каких-либо заболеваний или беспокоящих вас симптомов.  
  • Выбор лекарственных средств и их дозировки, должен быть оговорен со специалистом. Только врач может назначить нужное лекарство и его дозировку с учетом заболевания и состояния организма больного.  
  • Сайт MedElement и мобильные приложения "MedElement (МедЭлемент)", "Lekar Pro", "Dariger Pro", "Заболевания: справочник терапевта" являются исключительно информационно-справочными ресурсами. Информация, размещенная на данном сайте, не должна использоваться для самовольного изменения предписаний врача.  
  • Редакция MedElement не несет ответственности за какой-либо ущерб здоровью или материальный ущерб, возникший в результате использования данного сайта.
На главную
Наверх