Войти

Түсік түсіруден кейінгі эндометрит

РЦРЗ (Республиканский центр развития здравоохранения МЗ РК)
Версия: Архив - Аурулардың диагностикасы және емдеу хаттамалары (Приказ №764, 2007, №165, 2012)

Другие осложнения, вызванные абортом, внематочной и молярной беременностью (O08.8)

Анықтамасы

Анықтамасы


Анықтамасы:

Жасанды түсіктен кейінгі эндометрит - жатырдың ішкі қызметтік қабатының (эндометрия) қабынуы. Себебі - стафилококктық,стрептококктық немесе колибациллярлық жұқпалар.Әдетте жатырдың түлемелі қабатының қалдықтарына микробтардың түсуі және үрдіске оған жақын жатқан миометрия аймақтарының қамтылуы нәтижесінде дамиды.


Хаттама коды: H-O-011 "Түсік түсіруден кейінгі эндометрит"
Акушерлік-гинекологиялық саладағы стационарлар үшін
АХЖ-10 бойынша коды (кодтары): 
008. Түсік, жатырдан тыс және молярлық жүктілік салдарынан болған асқынулар;
004.0. Жыныс жолдары және жамбас ағзалары инфекциясынан асқынған медициналық түсік,толық немесе нақтыланбаған түсік;
004.8. Басқа немесе нақтыланбаған асқынулары бар медициналық түсік,толық немесе нақтыланбаған түсік.
Мобильное приложение "MedElement"

- Профессиональные медицинские справочники. Стандарты лечения 

- Коммуникация с пациентами: онлайн-консультация, отзывы, запись на прием

Скачать приложение для ANDROID / для iOS

Мобильное приложение "MedElement"

- Профессиональные медицинские справочники

- Коммуникация с пациентами: онлайн-консультация, отзывы, запись на прием

Скачать приложение для ANDROID / для iOS

Жіктемесі


Жіктемесі: жоқ. 

Диагностика


Диагностика критерилері: эндометрит симптомы жасанды түсік процессінде болған жұқпа салдарынан бірнеше күннен кейін пайда болады.
Тиісті терапиясыз ауру созылмалы формаға ауысады.

Шағымдар мен анамнез: дене қызуы 38о С дейін көтеріледі,тамыр соғуы жиілейді, бірақ оның жиілігі дене қызуына сәйкес келеді, бір жолғы қалтырау болады. Жалпы күйі онша бұзылмайды.

Физикалық тексеру
Жіті эндометриттің негізгі белгілері:
· дене қызуының көтерілуі;
· жалпы әлсіздік;
· іштің төменгі жағының ауыруы;
· сұйық ірің тектес бөлінулер (қан аралас болуы мүмкін).

Жергілікті өзгерістер: жатырдың субинволюциясы, "жатыр қабырғаларымен" ауырсындыру - ірі лимфа тамырлары орналасқан жерлер, ірің аралас лохийлер, лохиометр. Ауру 8-10 күн созылады. Пальпацияда жатыр үлкейген, ауырады.

Инструменталды зерттеулер: тән емес.
Мамандар консультациясы үшін көрсетімдер: жоқ.
Дифференциалды диагноз: жоқ.

Негізгі диагностикалық шаралар тізімі:
1. Қанның жалпы анализі (6 параметр).
2. Қыл тамыр қанының ұю уақытын анықтау.
3. Зәрдің жалпы анализі.
4. Коагулограмма (протромбиндік уақыт,фибриноген,тромбиндік уақыт,қан сарысуының фибринолиттік белсенділігі,гематокрит).
5. Креатинин, қалдық азот, жалпы белок, қант, билирубинді анықтау.
6. Флораға баксебінді және антибиотиктерге сезімталдық.
7. Жағындыні соз, трихомониаз және ашытқы саңырауқұлақшаларына тексеру.
8. Жатырды УДЗ.
9. Гистологиялық тексеру.

Қосымша  диагностикалық шаралар тізімі:
1. ИФА.
2. HbsAg.
3. Қанды АИТВ-а (ВИЧ) тексеру.
5. Хламидиозға, цитомегаловирусқа, токсоплазмозға тексеру (иммундық ферменттік әдіспен).
6. ЭКГ (көрсетім бойынша).
7. Анестезиолог дәрігердің консультациясы (көрсетім бойынша)
8. Анти НСV.

Лабораторлық зерттеулер


Лабораторлық зерттеулер:
· ЭТЖ (СОЭ) көтерілуі.
Қан анализі нейтрофильдің солға жылжуымен лейкоцитозды көрсетеді.

Емдеу тактикасы


Емдеу тактикасы

Эндометритті емдеуде (әсіресе жітіні) емнің келесі түрлері көзделеді:
·бактерияға қарсы;
·сезімталдықты төмендететін;
·инфуздық;
·жалпы нығайтқыш.

Ем мақсаты: ұрпақ жаңғырту жүйесін қалпына келтіру.

Дәрі-дәрмексіз ем
Созылмалы эндометритті емдеу үшін ағзаның бейарнаулы тұрақтылығын көтеретін кешенді ем қолданылады. Физиотерпиялық ем қолдану маңызды рөл атқарады. Ол эндометрий рецепторларының белсенділігін, кіші жамбас гемодинамикасын көтеруге, анабездің төмендеген қызметін жандандыруға  көмектеседі.

Дәрі-дәрмектік ем
Жалпы ем ретінде қоздырғышқа әсер ететін антибиотиктер қолданылады.
Дәрі қоздырғыштың сезімталдығына байланысты, қаралушы ағзасының ерекшелігін ескере отырып таңдалады. Бактерияларға қарсы ем терапиялық әсер берік бекігенше жүргізіледі.
Тамыр ішіне жіберілетін емшара. Жағдайы тұрақтанбаған қаралушыларға оттегі және Фоллей катетері қолданылады.
Кең әсерлі әрекет етуші антибиотиктермен ертерек ем жүргізу ұсынылады. Дилатация және кюретаж. Жоғарыда айтылған шаралар тиімсіз болғанда, лапаротомия  жасау қажеттігі туады.
Түсіктің жұқпалық асқынуларына бактериға қарсы ем жүргізу.

Таңдалынатын препараттар:
Ингибиторлық қорғалған пенициллиндер (*клавулан қышқылымен амоксициллин 600 мг күніне 3 рет) *доксициклинмен бірге (100 мг күніне 2 рет) немесе макролидтермен  (*эритромицинмен 500 мг күніне 4 рет).
Цефалоспориндер 3-4-сатысы (туындысы) (цефотаксим 1 г күніне 2 рет, цефтриаксон 1 г күніне 2 рет) *доксициклинмен бірге (100 мг күніне 2 рет) немесе макролидтермен  (*эритромицин 500 мг күніне 4 рет) және *метронидазолмен (250 мг күніне 3 рет).

Альтернативті препараттар:
Фторхинолондар (ципрофлоксацин 500мг күніне 2 рет) *метронидазолмен қоса  (250 мг күніне 3 рет) және * доксициклинмен (100 мг күніне 2 рет) немесе макролидтермен ( * гентамицин  80г күніне 3 рет).
* Карбапенемдер (имипенем 500мг күніне 2 рет) доксициклинмен бірге (100 мг күніне 2 рет) немесе макролидтермен (*эритромицин 500 мг күніне 4 рет).

Емнің ұзақтығы: парентералдық жіберу (енгізу) клиникалық жақсаруға дейін жүргізіледі де, одан кейін 48 сағат жалғастырылады. Сонан соң доксициклин (100 мг күніне 2 рет) немесе линкосамидтер ішуге көшуге болады.
Бактерияға қарсы ем ұзақтығы 7 тәуліктен кем болмауы керек, ал ауыр түрлерінде - 14 тәулікке дейін.
Антибиотиктермен ұзақ, қарқынды емдегенде, саңырауқұлақты аурулар пайда болуының алдын алу және емдеу  үшін итраконазол ішетін ерітінді 200 мг 2 рет/тәул. 7 күн.

Профилактикалық шаралар: жоқ.
Әрі қарай жүргізу: Консервативтік емнің әсері болмаған жағдайда,жатырды қырнау операциясы ұсынылады.

Негізгі дәрі-дәрмектер тізімі:
1. *Цефтриаксон инъекциялық ерітінді дайындауға арналған ұнтақ 250 мг,500 мг,1000 мг флаконда
2. *Доксициклин 100 мг, капс.
3. *Эритромицин 250 мг,500 мг ,табл
4. * Метронидазол инфузияға арналған ерітінді флаконда
5. * Амоксицилин + клавулан қышқылы табл. 500 мг/125 мг, 875 мг/125 мг, вена ішіне енгізу үшін ерітінді дайындау үшін ұнтақ 500 мг/100 мг, 1000 мг/200 мг
6. *Тикарциллин + клавулан қышқылы, лиофилизирленген ұнтақ 3000 мг/200 мг вена ішілік инфузия үшін ерітінді дайындауға
7. * Гентамицин инъекцияға арналған ерітінді 40 мг/мл,80 мг/2 мл амп.
8. * Имипенем+цислатин инъекциялық ерітінді дайындауға арналған ұнтақ 500 мг флаконда
9. * Итраконазол ішетін ерітінді 150 мл - 10 мг/мл

Қосымша дәрі-дәрмектер тізімі: жоқ.

Ем тиімділігінің индикаторлары:
Ауырудың болмауы, дене қызуының қалыпқа түсуі, шығындылардың тоқтауы. 

* - Негізгі (өмірге маңызды) дәрілік заттар тізіміне кіретін препараттар

Госпитализация


Госпитализациялау үшін көрсетімдер: жоспарлы, шұғыл.

Ақпарат

Пайдаланған әдебиеттің тізбесі

  1. Аурулардың диагностикасы және емдеу хаттамалары (Приказы №764 - 2007, №165 - 2012)
    1. Хаттаманы дайындау барысында пайдаланылған әдебиеттер: 1. The Care of Women Requesting Induced Abortion Evidence-based Clinical Guideline Number 7 www.rcog.org.uk 2. MANAGEMENT OF ACUTE PELVIC INFLAMMATORY DISEASE Guideline No. 32 May 2003 www.rcog.org.uk 3. THE INITIAL MANAGEMENT OF CHRONIC PELVIC PAIN Guideline No. 41 April 2005www.rcog.org.uk

Ақпарат


Әзірлеушілер тізімі: Раева Р.М. м.ғ.к., Ана мен баланы қорғау Республикалық Ғылыми-зерттеу институтының аға ғылыми қызметкері.

Қазықтаулы файлдар

Назар аударыңыз!

  • Занимаясь самолечением, вы можете нанести непоправимый вред своему здоровью.  
  • Информация, размещенная на сайте MedElement и в мобильных приложениях "MedElement (МедЭлемент)", "Lekar Pro", "Dariger Pro", "Заболевания: справочник терапевта", не может и не должна заменять очную консультацию врача. Обязательно обращайтесь в медицинские учреждения при наличии каких-либо заболеваний или беспокоящих вас симптомов.  
  • Выбор лекарственных средств и их дозировки, должен быть оговорен со специалистом. Только врач может назначить нужное лекарство и его дозировку с учетом заболевания и состояния организма больного.  
  • Сайт MedElement и мобильные приложения "MedElement (МедЭлемент)", "Lekar Pro", "Dariger Pro", "Заболевания: справочник терапевта" являются исключительно информационно-справочными ресурсами. Информация, размещенная на данном сайте, не должна использоваться для самовольного изменения предписаний врача.  
  • Редакция MedElement не несет ответственности за какой-либо ущерб здоровью или материальный ущерб, возникший в результате использования данного сайта.
На главную
Наверх