Түсіктен, жатырдан тыс және молярлы жүктіліктен пайда болған асқынулар

Версия: ҚР ДСМ клиникалық хаттамалар - 2014 (Қазақстан)

Осложнение, вызванное абортом, внематочной и молярной беременностью, неуточненное (O08.9)

Анықтамасы

Анықтамасы

Денсаулық сақтау министрлігі
Денсаулық сақтауды дамыту
мәселелері жөніндегі
сараптау комиссиясының
2014 жылғы «4» шілдедегі
№ 10 хаттамасымен
бекітілген

Түсіктен кейінгі асқынулар (ДДҰ анықтамасы бойынша) - бұл жүктіліктің 22 аптасына дейін/ұрық салмағының 500 г жеткенге дейін кезеңдегі түсікпен/жүктілікті үзумен (эмбрионның немесе ұрықтың өздігінен шығарылуы немесе алынуы) байланысты асқынулар [1]

Хаттаманың атауы: Түсіктен, жатырдан тыс және молярлы жүктіліктен пайда болған асқынулар

ХАЖ-10 коды:
О08. Түсіктен, жатырдан тыс және молярлы жүктіліктен пайда болған асқынулар
О08. Түсіктен, жатырдан тыс және молярлы жүктіліктен пайда болған жыныс жолдарының және жамбас органдарының инфекциясы
О08.1 Түсіктен, жатырдан тыс және молярлы жүктіліктен пайда болған ұзақ немесе жаппай қан кету
О08.2. Түсіктен, жатырдан тыс және молярлы жүктіліктен пайда болған эмболия.
О08.3 Түсіктен, жатырдан тыс және молярлы жүктіліктен пайда болған шок.
О08.4 Түсіктен, жатырдан тыс және молярлы жүктіліктен пайда болған бүйрек тапшылығы
О08.5 Түсіктен, жатырдан тыс және молярлы жүктіліктен пайда болған зат алмасуының бұзылуы
О08.6 Түсіктен, жатырдан тыс және молярлы жүктіліктен пайда болған жамбас ағзалары мен тіндердің зақымдануы
О08.7 Түсіктен, жатырдан тыс және молярлы жүктіліктен пайда болған басқа тамыр асқынулары
О08.8 Түсіктен, жатырдан тыс және молярлы жүктіліктен пайда болған басқа асқынулар
О08.9. Түсіктен, жатырдан тыс және молярлы жүктіліктен пайда болған асқынулар.

Хаттамада  қолданылатын қысқартулар:
АҚ – артериалды қысым;
АлАТ - аланинаминотрансфераза;
АсАТ - аспартатаминотрансфераза;
БІТУ - белсендірілген ішінара тромбопластиндік уақыт;
АИТВ – адамның иммунитеттапшылығы вирусы;
ДДҰ – Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы;
ХҚҚ – халықаралық  қалыптандырылған қатынас;
ПТИ - протромбиндік индекс;
УДЗ – ультрадыбыстық зерттеу;
ЖжЖ – жүрек жиырылу жиілігі;
ЭКГ - электрокардиограмма.

Хаттаманы дайындау күні: 2014 жыл.

Пациенттер санаты: түсіктен кейінгі ахуалдағы әйелдер.

Хаттаманы пайдаланушылар: акушер-гинекологтар, жалпы тәжірибе дәрігерлері, терапевтер, анестезиолог-реаниматологтар, жедел көмек дәрігерлері, акушерлер, фельдшерлер.

Жіктемесі


Клиникалық жіктелуі [2].

Асқынулар:
-ерте: қан кету, жатыр мойнағының жарақаттары, жатыр перфорациясы, қабыну аурулары;
-кеш: етеккір қызметінің бұзылуы, жатыр ішіндегі синехиялар, жүктілікті көтере алмау, бедеулік, резус-сенсибилизация.

Диагностикасы


Диагностикалық іс-шаралардың негізгі және қосымша тізімі [1,3].

Амбулаториялық деңгейде жүргізілетін негізгі (міндетті) диагностикалық тексерулер:
-соматикалық және гинекологиялық анамнезді жинау;
-физикалды тексеру;
-айнамен тексеру, бимануалды зерттеу.

Амбулаториялық деңгейде жүргізілетін қосымша диагностикалық тексерулер:
-УДЗ:
жатырдан тыс жүктілікке күдіктену;
гидросальпинкске, пиооварға, пиосальпинкске күдіктену;
ұрықжолдас ұлпасының қалдығына күдіктену;
молярлы жүктілікке күдіктену.
-кіші жамбастың қабыну үдерісіне ЖҚТ (6 параметр) (эндометрит, сальпингоофорит);
-НЖТ
-қан сарысуындағы ХГЧ (молярлы жүктілік).
 
Жоспарлы госпитализацияға жіберу  кезінде жүргізуге қажетті тексерулердің минимальды тізімі:
-жатыр ішіндегі синехияларда, ұрықжолдас түймешігінде – «Жаппай жатырдан қан кету» КХ бойынша;
-бедеулік кезінде «Бедеулік» КХ бойынша.

Стационарлық деңгейде жүргізілетін негізгі (міндетті) диагностикалық тексерулер:
-шағымдар мен анамнезді жинау
-физикалды тексеру
-қанды жалпы талдау (6 параметр)
-коагулограмма (ТИ, фибриноген, ХҚҚ, БІТУ)
-қанды биохимиялық талдау (жалпы ақуыз, билирубин, АлАТ, АсАТ, креатинин, қалған азот, несепнәр)
-несепті жалпы талдау
-қан сарысуындағы Вассерман реакциясы
-ИФТ-әдісімен қан сарысуындағы С гепатитінің вирусына қарсы жалпы антиденелерді анықтау

Стационарлық деңгейде жүргізілетін қосымша диагностикалық тексерулер:
-цервикальды жолдан алынған шығындыларды бактериологиялық зерттеу (жатырдың үстеме өсінділерінің қабынуы, эндометрит);
-кіші жамбас ағзаларының УДЗ (ұрықтық анабездің қалдықтары, молярлы жүктілік, жатырдан тыс жүктілік, пиоовар, пиосальпинкс, гематома);
-ИФТ-әдісімен қан сарысуындағы АИТВ р24 антигенін анықтау;
-ИФТ-әдісімен қан сарысуындағы В гепатиті вирусының HbeAg анықтау;
-қынап қуысының артқы күмбез пункциясы (жатырдан тыс жүктілік);
-жатыр қуысынын аспаптық тексеру (ұрықтық анабез бөліктерінің кешігуіне күдік) ;
-қанның ХГЧ (молярлы жүктілік);
-өкпе рентгенографиясы (молярлы жүктілік).

Жедел шұғыл көмек көрсетуде  жүргізілетін диагностикалық іс-шаралар:
-шағымдар мен анамнезді жинау: анамнезде түсікпен байланысты көрініс тапқан (1-5 аптадан артық емес) ;
-АҚ, пульс, тыныс жиілігі;
-ЭКГ.
 
Диагностикалық критерийлер:

Шағымдар [3,4,10]:

-іштің төменгі жағының ауыруы (эндометрит,   сальпингит, жатырдан тыс жүктілік, жатырдың тесілуі);
-қынап шығындылары жүзім тәрізді;
-жыныс ағзаларынан шырышты-іріңді шығындылар (эндометрит, сальпингооофорит);
-қынаптан қан кету (ұрықтық анабездің қалдықтары, жатырдан тыс және молярлы жүктілік);
-әлсіздік, бас айналу (қан кету, эндометрит, сальпингоофорит);
-дене қызуының көтерілуі (эндометрит, сальпингоофорит);
-болар-болмас етеккір (синехиялар).
 
Анамнез:
-етеккірдің кешігуі;
-жүктіліктің мерзімін көрсете отырып, оны тоқтату  мақсатында араласудың болуы;
-түсіктен кейін 1-5 апта ішінде барлық симптомдардың ұзақтығы.
 
Физикалды тексерулер: [1,2,3,4,7,8,12]                                                                 
-тері жабынының боз болуы (қаназдылық), цианоз (эмболия);
-АҚ төмендеу (қан кету, септикалық шок);
-тахикардия (қан кету, эндометрит, сальпингит, септикалық шок);
-тыныстың жиілеуі (эмболия);
-дене тқызыуының артуы (эндометрит, сальпингит, эндометрит);
-диурездің төмендеуі (сепсис, септикалық шок);
-қынаптық тексеру (жатыр бимануальды зерттеу кезінде жұмсақ, ұлғайған, саусақпен басқанда ауырса – эндометрит; жатырдың қосалқысында түзілімдердің болуы – жатырдың перфорациясындағы гематома, пиоовар, пиосальпинкс, гидросальпинкс, жатырдан тыс жүктілік; дөңес аймағында инфильтрациялану - параметрит; жатыр көлемі жүктілік мерзімінен үлкен – молярлы жүктілік);
-жыныс жолдарынан қарқыны мен ұзақтығы түрлі болып келетін қан бөліну (ұрықжолдас ұлпасының қалдықтары);
-жүзім тәрізді қынап шығындылары (молярлы жүктілік);
-жыныс жолдарынан іріңді шығындылар (эндометрит, сальпингооофорит).
 
Зертханалық зерттеулер:
-лейкоцитоз > 10 х 109/л (эндометрит, сальпингооофорит, сепсис);
-эритроциттердің тұну жылдамдығын жылдату (сағатына 15мм астам);
-цервикалды канал шығындыларын бактериологиялық зерттеу (эндометрит, сальпингит);
-молярлы жүктілік кезінде ХГЧ-нің жоғары көрсеткіштері;
-гемоглобиннің азаюы (қан кету, септикалық шок);
-гемостаз көрсеткіштерінің бұзылуы (септикалық шок, сепсис);
-жалпы ақуыздың төмендеуі; биллирубиннің, АлАТ, АсАТ, креатининнің, қалдық азоттың артуы;  сепсис және септикалық шок кезінде қандағы несепнәрдің артуы;
-несептің үлестік салмағының өзгеруі, сепсис және септикалық шок кезінде несептің тұнуы.

 
Аспаптық зерттеулер:
Кіші жамбас органдарының УДЗ: жатыр қуысында ұрық анабез қалдықтарының, ұрықжолдас түймешігінің ультрадыбыстық белгілері, гематометрлер,  кіші жамбас ағзаларында қабыну үдерісінің, кіші жамбаста бос сұйықтықтың болуы, гематомалар, молярды жүктіліктің белгілері;
Жатыр қуысын эндометрий қырындысын гистологиялық зерттеумен аспаптық тексеру: ұрықтық анабез қалдықтарының болуы, гематометрлер, молярлы жүктіліктің элементтері;
Өкпе рентгенографиясы (молярлы жүктіліктегі метастазалар).
Арнайы мамандардың кеңесі үшін көрсетімдер:

-хирургтің кеңесі – кіші жамбас ағзаларының зақымдануына күдік туғанда;
-анестезиолог-реаниматологтың кеңесі – эмболия, шок. Бүйрек тапшылығы, көп қан жоғалту белгілері кезінде;
-нефрологтың кеңесі – бүйрек қызметі бұзылғанда;
-онкологтың кеңесі – молярды жүктілік кезінде.

Дифференциалды диагноз


Сараланған диагноз [1,3,5,6,7,8]
 

Жетекші симптом Нозология Шағымдар Гинекологиялық зерттеудің деректері Зертханалық және аспаптық тексерулердің деректейрі Жүргізу тәсілі мен емдеу
Іштің ауруы Жіті
аппендицит
Ауру
Эпигастральды салада, қарқынды түрде күшейеді, оң жақ мықын тұсына – құрт тәрізді өсіндінінің орналасқан аймағына жылжиды.
 
Жатыр мойнағы өзгеріссіз. Жатыр қосалқыларында
патологиялық түзілімдердің жоқтығы.
БДҰ оң қосалқыларының ауыруы мүмкін
Көк еттің жаралану симптомдары, дене қызуының 37-­37,5 °С дейін көтерілуі және лейкоцитоз 10-14- 10 9л шегінде Жедел емдеу
-
аппендэктомия.
Қатерлі түсік Етеккірдің кешігуі, іштің төменгі жағындағы тұрақты аурулар, жыныс жолдарынан қанды шығындылар Болар-болмас қанды шығындылар, жатыр мойнағы жабық, жатыр жүктілік мерзіміне сәйкеседі Жүктілікті зертханалық растау. УДЗ бойынша –
ұрықтық анабездің жатыр қуысында
Консервативті емдеу: сақтау терапиясы
Қынаптан қан
 ағу
Эндометрит - жатырдың ішкі қабатының қабынуы Тұрақты түрде іштің төменгі жағының ауыруы, жыныс жолдарынан қанды немесе іріңді шығындылар, дене қызуының артуы Жыныс жолдарынан шығындылар  (қанды немесе іріңді), жатыр жұмсақ, ұлғаймаған, жатыр қозғалысы кезінде ауыру сезімі Жүктілік белгілерінің болмауы, (тест жүктілік үзілгеннен кейін 7-12 күн ішінде оң болып тұруы мүмкін)
Ұрықтық анабез бөліктерінің кешігу белгілеріне УЗИ белгілері – жатырда қанның жиналуы
Консервативті жүргізу: улануға қарсы, антибактериалды, иммунитет ынталандыратын, жиырушы құралдарды енгізу
Толық түсік Етеккірдің кешігуі, жеңіл түйілу/іштің төменгі жағының ауыруы, анамнезде ұрық қалдықтарының бөлінуі Болар-болмас қан кету, жатыр мойнағы жабық, жатыр болжамалы мерзімге тиісті қалыптан кіші, жатыр қалыптан жұмсақ Жүктіліктің аталған мерзіміне қабылданған қалыптан аз да,  қалыпты шекте де болуы мүмкін. Жатыр қуысында ұрықтық ен анықталмайды. Консервативті емдеу: жиыру дәрілерін енгізу
Көпіршікті  ұрықтану Қанды шығындылар, етеккірдің кешігуі, іштің төменгі жағының тарып ауыруы. Тоқтаусыз құсу, преэклампсия және тиретоксикоз қоса болуы мүмкін. Жатыр тиісті болжамалы мерзімдегі қалыптан үлкен, жатыр мойнағы ашық, жүзім сабағы тәрізді ұрық бөліктерінің ішінара бөлінуі УДЗ бойынша жүктіліктің аталған мерзіміне сәйкес қалыптан жатыр үлкен – жатырда көпіршіктен тұратын өзгерген хорион анықталады, эмбрион жоқ. Жатыр қуысын аспаптың көмегімен босату
  Ұрықжолдас түймешігі, ұрықтық еннің қалдықтары Ұзақ былғайтын  қанды шығындылар немесе кенеттен лықылдап қан кету. Анамнезде түсік (2-5 апталық) Жатыр қалыпты көлемде не сәл үлкейген. Ауыр емес, қабыну белгілері жоқ, жатыр қосалқыларында түзілімдер Жатыр қуысында түзілімнің ультрадыбыстық белгілері, жүктілікке арналған тест теріс Жатыр қуысын қырып алу арқылы ұрықтық анабездің қалдықтарын алу, қабынуға қарсы терапияны жүргізу
Іштей қан кету Жатырдан тыс жүктілік Етеккірдің кешігуі, іштің ауруы, бас айналу, болар-болмас қан кету, іштей қан кету белгілері Жыныс жолдарынан шамалы қанды шығындылар, жатыр қалыпты көлемде, жатыр қосалқыларында түзілімдердің болуы, қозғалғанда жатыр мойнағының ауыруы, қынаптың артқы күмбез далбасының  салбырауы. Жүктілікті зертханалық растау (жүктілікке арналған тест). УДЗ белгілері: жатыр қуысында ұрықтық еннің жоқтығы, қосалқылар аймағында түзілімдердің, құрсақ қуысында бос сұйықтықтың болуы. Оперативтік емдеу, тубэктомия немесе туботомия
Жатырдың тесілуі Іштің төменгі жағындағы кенеттен пайда болатын аурулар; жыныс жолдарынан қанды шығындылардың ағуы. Жатыр ішінде жансыздандыру амалдарын жүргізгендегі  клиника көрінісі бұлыңғыр. Жатыр далдаларының ажырауы туралы тек жабдық жатыр далдалары тарапынан кедергі кездестірмей, үлкен тереңдікке кеткенде ғана ойлануға болады. Клиникасы тесіктің орналасуынан және оның қай аспаппен жасалғанына байланысты. Жатыр далдаларына  ауқымды сызат түссе – ауырлық және геморрагиялық есеңгіреудің белгілері. Іш майымен, ішекпен «жасырылған» тесілуі кезінде – іштей қан  кету симптомдары жоқ. Ішектің тұтастығының бұзылуы ауыр перитонитке әкеп соғуы мүмкін. Кең желбезек парақшалары арасындағы жатыр тесілуі кезінде – шектеулі гематома пайда болады УДЗ кезінде – гематома түзілімдердің және/немесе бос сұйықтықтың құрсақ қуысында бар болуы. Қандағы гемоглобин деңгейінің азаюы, қан қоюлануының бұзылуы. Ішек жараланған кезде – қандағы лейкоциттердің, ЭТҚ көбеюі. Жатыр тесілуіне күдік туғанда – жиыратын құралдарды енгізу, ахуалды мониторингілеу. Көк ет ішіндегі қан кету белгілері кезінде – жедел емдеу; тамырлар тобы немесе ішек жарақатталғанда – хирургпен бірге.
 

Емдеу тактикасы

 
 Емдеу мақсаттары:

-түсікпен, жатырдан тыс және молярлы жүктіліктен пайда болған асқынуларды жою;
-қан кетуді тоқтату;
-кіші жамбастың қабыну үдерістерін емдеу;
-сепсис пен септикалық есеңгіреуді емдеу;
-бедеулікті емдеу.


Емдеу тәсілі: (УД-А) [2,3,4,7,11,13]:


Дәрі-дәрмексіз емдеу

жүргізілмейді
 
Дәрі-дәрмекпен емдеу:

Инфузиялық терапия:
-натрий хлорид ерітіндісі 0,9% -400,0 мл ;
-глюкоза 5%-400,0 мл;
-декстран 6% - 400мл (УД-A) [4,5,6,9,10,14,15].

Бактерияға қарсы терапия: (УД-A) [2,3,4,8,14,15];
-цефазолин тәулігіне 2,0-3,0 гр, курсы 7-10 күн;
-метронидазол 100,0мл тамыр ішіне күніне 2-3 рет, курсы 5-7 күн;
-амоксициллин + клавулан қышқыл
-гентамицин күніне 80,0мг т/і 2-3 рет, курсы 7 күн;
-ципрофлоксацин тәуліктік мөлшерде 1,0-2,0 гр, курсы 7 күн;
-ампициллин тәуліктік мөлшерде 2,0-4,0 гр, курсы 7 күн;

Зеңге қарсы терапия:
-итраконазол 7 күн ішінде тәулігіне 200мг 2 рет; (УД-A) [14,15]

Антигендерге сезімталдықты реттейтін терапия:
-мебгидролин;
-клемастил;
-хлоропирамин (УД-B) [6, 7, 9, 14, 15].

Гемостатикалық терапия:
-менадион;
-этамзилат (УД-А) [2, 3, 5, 15].

Жиыратын терапия:
-окситоцин  10-20 бірлік б/і;
-мизопростол 1000 мг. (УД-А) [3,5,15].

Шокқа қарсы терапия («Есеңгіреу» хаттамасын қараңыз)
 
Амбулаториялық деңгейде дәрімен емдеу:
Негізгі дәрілік құралдардың тізімі (қолдану мүмкіншілігі 100%-ды құрайды):
бактерияға қарсы терапия:
-цефазолин инъекцияға арналған ерітіндіні дайындау ұнтағы 1 гр. фл.;
-метронидазол инфузияға арналған ерітінді 0,5%, 100 мл, фл;
-амоксициллин + клавулан қышқылы, 500мг/125мг, 875мг/125 мг, тамыр ішіне енгізу үшін ерітіндіні әзірлеуге арналған ұнтағы 500мг/100мг, 1000мг/200м, фл.;
-гентамицин ;
-ципрофлоксацин концентраты - инфузия үшін ерітіндіні әзірлеу үшін  100 мг/10 мл инфузияға арналған ерітінді 200 мг/100 мл, 100 мл фл.;
-ампициллин;
-тикарциллин/клавуланат инфузия үшін ерітінді әзірлеуге арналған миофизилирленген ұнтақ 3000мг/200 мл,фл.
Зеңге қарсы терапия:
-итраконазол инъекция үшін ерітінді әзірлеуге арналған ұнтақ, 1000мг, фл.


Қосымша дәрілік құралдардың тізімі (қолдану мүмкіншілігі 100%-дан аз):
антигендерге сезімталдықты реттейтін терапия:
-мебгидролин;
-клемастил;
-хлоропирамин
жиыру терапиясы:
-окситоцин инъекцияға арналған ерітінді 5БІРЛ/мл 1 мл ампула
-мизопростол 0,2 мг, таблетка.
инфузиялық терапия:
-натрий хлорид инфузияға арналған ерітінді 0,9% 200-400 мл, флакон;
-глюкоза 5%;
-декстран инфузияға арналған ерітінді 6% 200-400 мл, флакон


Стационарлық деңгейде дәрі-дәрмекпен емдеу.
Негізгі дәрілік құралдардың тізімі *(қолдану мүмкіншілігі 100%)

бактерияға қарсы терапия:

-цефазолин инъекция үшін ерітінді әзірлеуге арналған ұнтақ 1 гр. фл.;
-метронидазол инфузияға арналған ерітінді 0,5%, 100 мл, фл;
-амоксициллин + клавуланды қышқыл, 500мг/125мг, 875мг/125 мг, тамыр ішіне енгізуге үшін ерітінді әзірлеуге арналған ұнтақ 500мг/100мг, 1000мг/200м,фл.;
-гентамицин ;
-ципрофлоксацин концентраты, инфузия үшін ерітінді әзірлеуге арналған 100 мг/10 мл, инфузияға арналған ерітінді 200 мг/100 мл, 100 мл фл.;
-ампициллин;
-тикарциллин/клавуланат инфузияға арналған ерітіндіні дайындауға арналған миофизилирленген ұнтақ 3000мг/200 мл,фл.
инфузиялық терапия:
-натрий хлорид инфузияға арналған ерітінді 0,9% 200-400 мл, флакон;
-глюкоза 5%;
-декстран инфузияға арналған ерітінді 6% 200-400 мл, флакон
зеңге қарсы терапия:
-итраконазол инъекцияға арналған ерітіндіні дайындау арналған ұнтақ, 1000мг, фл.

Қосымша дәрілік құралдардың тізімі (қолдану мүмкіншілігі 100%-дан аз):
жансыздандыру терапия:
-папаверин гидрохлорид инъекцияға арналған ерітінді 2%-2 мл, ампула;
-кеторолак б/і инъекциясына арналған ерітінді 30 мг/мл 1 мг, ампула;
-дротаверин 40,80 мг таблеткалар
гемостататикалық терапия:
-менадион;
-этамзилат инъекцияға арналған12,5% 2 мл, ампула.
антигендерге сезімталдықты реттейтін терапия:
-мебгидролин;
-клемастил;
-хлоропирамин
жиыратын терапия:
-окситоцин инъекцияға арналған ерітінді 5 ЕД/мл 1 мл, ампула;
-мизопростол 0,2 мг, таблетка.
 
Жедел көмек көрсету кезінде дәрі-дәрмекпен емдеу
-инфузиялық терапия/есеңгіретуге қарсы іс-шаралар: преднизолон 90-120,0мг, допамин, декстраны шок құбылыстарында («Есеңгіреу» хаттамасы бойынша).
-геморрагиялық шоктың дамуымен байланысты қан кету кезіндегі жиыратын терапия: окситоцин 10,0 бірлік тамыр ішіне натрий хлорид ерітіндісінде 0,9% - 400,0.
 
Емдеудің басқа түрлері: жүргізілмейді.
Амбулаториялық деңгейде емдеудің  басқа түрлері: жүргізілмейді.
Стационарлық деңгейде көрсетілетін басқа түрлер:
-септикалық ахуалда – детоксикацияның экстракорпоралды тәсілдері («Сепсис» КХ қараңыз),
-бүйректің бөлу қызметі бұзылғанда - гемодиализ («Перитонеальды диализ» КХ қараңыз).

Жедел көмек көрсету кезінедегі  емдеудің басқа түрлері: жүргізілмейді.


Хирургиялық араласу:

Амбулаториялық жағдайларда хирургиялық араласу  (стационар алмастырушы):
-қан кету және септикалық асқынулар болмаса, мануальды  вакуум-ұрықжолдас тіндерінің қалдықтарына аспирация.


Стационарлық жағдайларда хирургиялық араласу:
-тубэктомия   - жатырдан тыс жүктілік, тубоовариалды түзілім, пиосальпинкс кезінде;
-перфорациялық тесікті тігу - жатыр перфорациясы кезінде;
-гистерэктомия – жатыр перфорациясы кезінде;
-жатыр қуысын гистероскопияның бақылауында қыру – толық емес түсік, молярлы жүктілік кезінде;
-реконструктивті-пластикалық оталар – бедеулік кезінде;
-жатыр ішіндегі синехиялар кезінде гистерорезектоскопия.
 
Әрі қарай  жүргізу:
-диспансерлік есепке молярлы және жатырдан тыс жүктілік кезінде қою;
-молярды жүктілік кезінде онкологтың кеңесі
-молярлы жүктілігі бар әйелдердің ХГЧ деңгейін 2 аптадан кейін бақылау
-эндометрит, сальпингоофорит, бедеулік кезінде – диспансерлік қадағалау ҚР ДСМ №885 бұйрығына сәйкес.

Ауруханаға жатқызу


Госпитальдау үшін көрсетімдер:

Шұғыл госпитальдау үшін көрсетімдер:

-медициналық түсіктен кейінгі қан кету;
-айқын қызба реакциясы;
-жатыр перфорациясы (тесілуі);
-тубоовариалды түзілім;
-пиовар, пиосальпингс, пельвиоперитонит


Жоспарлы госпитальдау үшін көрсетімдер:
-ұрықжолдас түймешігі;
-жатыр ішіндегі синехиялар;
-бедеулік (бедеуліктің жатыр түріндегісі, түтіктік, перитонеалды, түтіктік-перитонеалды формалары).

Алдын алуы


Профилактикалық іс-шаралар:
-профилактикалық (перитүсік) бактерияға қарсы терапия: ципрофлоксацин, таблеткалармен, тәуліктік мөлшер 1,0г - курсы 5-7 күн;
-ампициллин, таблеткалармен тәуліктік мөлшері 1,0-2,0гр курсы 5-7 күн. (УД-В) [3,14,15].

Ақпарат

Пайдаланған әдебиеттің тізбесі

  1. Протоколы заседаний Экспертной комиссии по вопросам развития здравоохранения МЗ РК, 2014
    1. 20. Пайдаланылған әдебиеттер тізімі: 1) Аборт в I триместре беременности Агеева М.И. и др. / Под ред. В.Н. Прилепской, А.А. Куземина.- М. : ГЭОТАР - Медиа, 2010. 2) АйламазянЭ.К. Акушерство: учебник / Э. К. Айламазян. - 2-е изд., испр.; 5-е изд., доп.7-е изд., испр. и доп. - СПб.: Спец. лит, 2010. – 543 3) Акушерство : национальное руководство / Под ред. Э.К. Айламазяна, В.И. Кулакова, В.Е. РАҚзинского, Г.М. Савельевой. - М. : ГЭОТАР-Медиа, 2013. - 1200 с. 4) АбрамченкоВ.В. Гнойно- сеТИческая инфекция в акушерстве и гинекологии / В. В. Абрамченко, Д. Ф. Костючек, Э. Д. ХАҚжиева. - СПб.: Спец. лит, 2005. - 459 с. 5) БоровковаЛ.В. Неотложные состояния в акушерстве и гинекологии: учебное пособие / Л. В. Боровкова, Н. А. Егорова, О. И. Гусева. - Н. Новгород: НГМА, 2008. -144 с. 6) Акушерия: окульщ / ред. А. М. Дощанова. - Алматы: Эверо, 2014. - 640 б 7) БаскеттТ.Ф. Оперативное акушерство Манро Керра: пер. с англ. П.И. Медведевой / Т. Ф. Баскетт, Э. А. Калдер, С. Арулкумаран. - М.: Рид Элсивер, 2010.- 392 с. 8) БейсембаеваР.С.Акушерия :окулык; / Р. С. Бейсембаева, А. Т. Раисова, Р. Г. Нуркасымова. - 2-ini бас. - Алматы :Бшм, 2004, 2008, 2006. - 376 б. 9) ДощановаА.М.Акушериядагышу-гылжагдайлар: окук¥ралы / А. М. Дощанова, Л. А. Сейдуллаева. - Алматы: Эверо, 2014. - 72 б 10) Дуда В.И. Акушерство: учебник / В. И. Дуда. - Ростов н/Д : Феникс, 2011. -708 с. - (Медицина). 11) Лысенков С.П. Неотложные состояния и анестезия в акушерстве. Клиническая патофизиология и фармакотерапия / С. П. Лысенков, В. В. Мясникова, В. В. Пономарев. - 2-е изд. - СПб. : Элби-СПб, 2004. - 600 с. 12) Рейтер К.Л. УДЗ в акушерстве и гинекологии / К. Л. Рейтер, Т. Кеми Бабагбеми ; пер. с англ. А. И. Гуса. - М. : ГЭОТАР - Медиа, 2011. 304 с 13) http://www.thecochranelibrary.com/. Copyright © 2012 The Cochrane Collaboration. Изданный JohnWiley&Sons, Ltd. 14) Рациональная антимикробная фармакотерапия: Compendium / В.П. Яковлев, С.В. Яковлев, И.А. Александрова и др.; Под общ.ред. В.П. Яковлева, С.В. Яковлева. - М.: Литтерра, 2007. - 784 с. 15) Рациональная фармакотерапия в акушерстве и гинекологии: руководство для практических врачей / ред. : В. И. Кулаков, В. Н. Серов. - М.: Литтерра, 2005. - 1152 с 16) Кокрановское руководство: Беременность и роды / Д. Ю. Хофмейр, Д. П. Нейлсон [и др.]; пер. с англ. - М.: Логосфера, 2010. - 440 с. (Шифр 24382)

Ақпарат

Хаттаманы әзірлеушілер тізімі:
  1. Патсаев Т.А. - м.ғ.д.,  «Ұлттық акушерия, гинекология және перинатология орталығы» ШЖҚ  РМК операциялық блогының меңгерушісі.
  2. Шаңғараева А.А. – Марат Оспанов атындағы БҚМУ «Акушерия және гинекология» кафедрасының ассистенті, Ақтөбе облысының Денсаулық сақтау басқармасының бас акушер-гинекологы.
  3. Бақыбаев Дидар Ержомартұлы – «Республикалық нейрохирургия ғылыми орталығы» АҚ клиникалық фармаколог.
Мүдделер  қақтығысының  жоқтығын көрсету: жоқ
 
Пікір иесі:
Досжанова А.М. -м.ғ.д, профессор, «Астана медицина университеті» АҚ «Акушерия және гинекология интернатурасы» кафедрасының меңгерушісі.

Қазықтаулы файлдар

Назар аударыңыз!

  • Занимаясь самолечением, вы можете нанести непоправимый вред своему здоровью.  
  • Информация, размещенная на сайте MedElement и в мобильных приложениях "MedElement (МедЭлемент)", "Lekar Pro", "Dariger Pro", "Заболевания: справочник терапевта", не может и не должна заменять очную консультацию врача. Обязательно обращайтесь в медицинские учреждения при наличии каких-либо заболеваний или беспокоящих вас симптомов.  
  • Выбор лекарственных средств и их дозировки, должен быть оговорен со специалистом. Только врач может назначить нужное лекарство и его дозировку с учетом заболевания и состояния организма больного.  
  • Сайт MedElement и мобильные приложения "MedElement (МедЭлемент)", "Lekar Pro", "Dariger Pro", "Заболевания: справочник терапевта" являются исключительно информационно-справочными ресурсами. Информация, размещенная на данном сайте, не должна использоваться для самовольного изменения предписаний врача.  
  • Редакция MedElement не несет ответственности за какой-либо ущерб здоровью или материальный ущерб, возникший в результате использования данного сайта.
На главную
Наверх