Тілме
P-T-016
Версия: Архив - Аурулардың диагностикасы және емдеу хаттамалары (Приказ №764, 2007, №165, 2012)
Рожа (A46)
Анықтамасы
Анықтамасы
Анықтамасы
Тілме – үстіртін лимфа жүйесін зақымдайтын, терінің жергілікті қабынуымен, уыттанумен жəне қызбамен мінезделетін, жіті инфекциялық-аллергиялық ауру.
Хаттама коды: P-T-016 "Тілме"
Терапевтикалық саладағы поликлиникалар үшін
Терапевтикалық саладағы поликлиникалар үшін
АХЖ-10 бойынша коды (кодтары): А46 Тілме
Облачная МИС "МедЭлемент"

Автоматизация клиники: быстро и недорого!
- Подключено 300 клиник из 4 стран
- 800 RUB / 5500 KZT / 27 BYN - 1 рабочее место в месяц
+7 938 489 44 83 / +7 707 707 07 16 /Жіктемесі
Жіктемесі:
1. Жергілікті көріністер мінезі бойынша:
- эритематоздық;
- эритематозды-буллезді;
- эритематозды-геморрагиялық;
- буллезді-геморрагиялық.
2. Уыттану дəрежесі бойынша:
- жеңіл (1 дəрежедегі уыттану);
- орташаауыр (2 дəрежедегі уыттану);
- тяжелая (3 дəрежедегі уыттану).
3. Жергілікті процесстердің таралуы бойынша:
- орналасқан;
- таралған;
- адасқан (қоныстанғыш немесе жорғалағыш);
- метастатикалық.
4. Дүркіндік бойынша:
- біріншілік;
- рецидивті;
- қайталамалы.
5. Тілмелік қабынулардың орналасуы бойынша:
- аяқ;
- бет;
- қол.
6. Басқа орналасу (шап, құйрық, іш, сүт бездері)
Қауіп-қатерлі факторлар
Қауіп-қатерлі факторлар: ауру қоздырғышы – А тобының B-гемолитикалық стрептококктары.
Біріншілік тілме (экзогендік) – тырналу, сызат, үйкелулер, микрожарақаттар жəне басқа кездегі терінің біріншілік инфекциялануы; əсер ететін баспа немесе басқа ЛОР ағзаларының жіті бактериалды процессі.
Рецидивтік тілме (эндогенді) – мұздау, шаршау, переинсоляция, психо-эмоционалды стресс. Сонымен қатар: лимфа ағуының жəне лимфостаздың бұзылуы, табан микозы, аяқ саусақтарының арасындағы терінің жарылуы, созылмалы веналық жеткіліксіздік жəне аяқтың трофикалық ойықжарасы, ЛОР-ағзаларының созылмалы патологиясы, құрғақ тері мен өкшенің терең сызаттары.
Диагностикасы
Диагностикалық критерилер
Шағымдар мен анамнез
Ауру жіті басталады: қалтырау болады, дене температурасы 39-40º С дейін жоғарылайды. Ауыр жағдайларда құсу, құрысу болуы мүмкін. Бірнеше сағаттардан кейін жиірек бет, аяқ-қол терісінде, сирек – денеде жəне одан да сирек – сілемейлі қабатта тілмелік қабынба дамиды.
Физикалық тексеру
Жүрек тондарының тұйықталуы байқалады. Гипотензия дамиды. Дəреттің бөгелуі болады.
Инструменталдық зерттеулер: тəн емес.
Мамандар консультациясы үшін көрсетімдер: инфекционист консультациясы.
Негізгі жəне қосымша диагностикалық шаралар тізімі
Негізгі диагностикалық шаралар тізімі:
1. Қанның жалпы анализі.
2. Зəрдің жалпы анализі.
3. Инфекционист консультациясы.
Қосымша диагностикалық шаралар тізімі:
1. Микрореакция.
2. Электрокардиография.
3. Қантқа қан тапсыру.
Дифференциалды диагноз
Дифференциалды диагноз: эритемамен, дерматитпен, тромбофлебитпен жəне вена тромбозымен жүргізеді.
Емдеу тактикасы
Емдеу тактикасы
Ем мақсаты: Этиотроптық, қатаң көрсетімдер бойынша дезинтоксикациялық терапия; клиникалық көріністерді басу.
Дəрі-дəрмексіз ем: төсек режимі.
Дəрі-дəрмектік ем:
Біріншілік, қайталама тілме: парентералды антибиотиктер.
Таңдау препараты – бензилпенициллин, тəуліктік дозасы ауырлық ағымына байланысты. Жеңіл ағым кезінде тəулігіне 4-6 млн. Емнен тиімділік болмаған кезде (қызбаның сақталуы, уыттану, жергілікті қабыну процессі регрессінің болмауы) –1 немесе 2 буындағы цефалоспориндер. Пенициллинді көтере алмаған кезде, линкозамидтер (клиндамицин 1,8-2,4 г/тəулігіне). Терапия курсы 7 тəулік.
Таңдау препараты – бензилпенициллин, тəуліктік дозасы ауырлық ағымына байланысты. Жеңіл ағым кезінде тəулігіне 4-6 млн. Емнен тиімділік болмаған кезде (қызбаның сақталуы, уыттану, жергілікті қабыну процессі регрессінің болмауы) –1 немесе 2 буындағы цефалоспориндер. Пенициллинді көтере алмаған кезде, линкозамидтер (клиндамицин 1,8-2,4 г/тəулігіне). Терапия курсы 7 тəулік.
Рецидивтік тілме, асқыну стадиясы: аминогликозидтермен қосылған бензилпенициллин (гентамицин 240 мг/тəулігіне) немесе фторхинолондармен (ципрофлоксацин 1 г/тəулігіне). Терапия курсы 7 тəулік.
Негізгі дəрі дəрмектер тізімі: *Бензилпенициллин, құтыдағы инъекция үшін ұнтақ 500 000 БІРЛІК, 1 000 000 БІРЛІК.
Қосымша дəрі-дəрмектер тізімі:
1. *Линкомицин, инъекция үшін ерітінді 30% 1 мл, 2 мл.
2. Клиндамицин.
3. Гентамицин.
4. *Ципрофлоксацин 250, 500 мг, табл.
Қосымша дəрі-дəрмектер тізімі:
1. Индометацин.
2. *Хлоропирамин 25 мг, табл.
* – Негізгі (өмірге маңызды) дəрілік заттар тізіміне кіретін препараттар
Ауруханаға жатқызу
Госпитализациялауға көрсетімдер: шұғыл консервативтік терапия немесе хирургиялық араласуларды талап ететін асқынған жəне ауыр формалардың болуы, стационарлық емге жолдауды қажет етеді.
Алдын алуы
Біріншілік профилактика: гигиена ережелерін сақтау, тері жабындыларының бүтіндігін қорғау, созылмалы стрептококкты инфекция ошақтарын санациялау, мұздау жəне жарақаттануға жол бермейтін толық еңбек жағдайын жасау.
Әрі қарай жүргізу, диспансерлеу принциптері: тілменің тұрақты рецидив беретін формаларында бициллином-5 пен 2 жыл бойы үздіксіз профилактика.
Ақпарат
Пайдаланған әдебиеттің тізбесі
-
Аурулардың диагностикасы және емдеу хаттамалары (Приказы №764 - 2007, №165 - 2012)
- Хаттаманы дайындау барысында пайдаланылған əдебиеттер: 1.Клинические рекомендации для практикующих врачей. Доказательная медицина. “Гэотар- Медицина”,2003г., 2.Черкасов В. Л. Рожа.1986г.
Ақпарат
Əзірлеушілер тізімі: Сүлейменова З.И., АМДБЖИ ересектер инфекциялық ауруы кафедрасының меңгерушісі
Қазықтаулы файлдар
Мобильное приложение "MedElement"
Мобильное приложение "MedElement"
Назар аударыңыз!
- Занимаясь самолечением, вы можете нанести непоправимый вред своему здоровью.
- Информация, размещенная на сайте MedElement и в мобильных приложениях "MedElement (МедЭлемент)", "Lekar Pro", "Dariger Pro", "Заболевания: справочник терапевта", не может и не должна заменять очную консультацию врача. Обязательно обращайтесь в медицинские учреждения при наличии каких-либо заболеваний или беспокоящих вас симптомов.
- Выбор лекарственных средств и их дозировки, должен быть оговорен со специалистом. Только врач может назначить нужное лекарство и его дозировку с учетом заболевания и состояния организма больного.
- Сайт MedElement и мобильные приложения "MedElement (МедЭлемент)", "Lekar Pro", "Dariger Pro", "Заболевания: справочник терапевта" являются исключительно информационно-справочными ресурсами. Информация, размещенная на данном сайте, не должна использоваться для самовольного изменения предписаний врача.
- Редакция MedElement не несет ответственности за какой-либо ущерб здоровью или материальный ущерб, возникший в результате использования данного сайта.