Тізе буынының жабық жарақаттары, балтыр,тобық буыны сүйектерінің сынуы

E-006

Версия: Архив - Аурулардың диагностикасы және емдеу хаттамалары (Приказ №764, 2007, №165, 2012)

Другие и неуточненные травмы голени (S89)

Анықтамасы

Анықтамасы


Анықтамасы

Тізе буынының жабық жарақаты
 - сүйектің буынға кіретін ұштарының сынықтары. 
Травмалық орнынан таюына кіретін зақымданулар.
 
Балтыр сүйектерінің сынықтары -  жарақат жəне патологиялық үрдіс нəтижесінде үлкен жəне кіші жіліншік сүйек тінінің бүтіндігінің бұзылуы.

 
Хаттама коды: Е-006 "Тізе буынының жабық жарақаттары, балтыр,тобық буыны сүйектерінің сынуы"
Жедел медициналық көмек
Кезеңдік ем мақсаты: тізе буынының жабық жарақаттарын, балтыр сүйектерінің сынуын уақтында диагностикалау, тактиканы анықтау, мүмкін асқынулардың алдын алу.
АХЖ-10 бойынша коды (кодтары):
Тізе жəне балтыр жарақаттары (S80-S89)
Іске қосылды: балтыр табан буынының жəне тобықтың сынуы.
Алып тасталынды:
Тізенің жəне балтырдың екі жақты жарақаты (T00-T07)
Үсуі (T33-T35)
Термиялық жəне химиялық күйіктер (T20-T32)
Жарақаттар:
- балтыр табан буынының жəне табанның, тобықтың сынуынан басқа (S90-S99)
- аяқ анықталмаған деңгейде (T12-T13)
Улы жəндік шағуы (T63.4)
S80 балтырдың беткей жарақаты
Алынып тасталды: балтыр табан буынының жəне өкшенің беткей жарақаты (S90.-)
S80.0 Тізе буынының жаншылуы
S80.1 Балтырдың басқа жəне белгісіз аймағының жаншылуы
S80.7 Балтырдың көптеген беткей жарақаты
S80.8 Балтырдың басқа да көптеген беткей жарақаты
S80.9 анықталмаған балтырдың беткей жарақаты
S81 Балтырдың ашық жарақаты
Алынып тасталды:
Балтыр табан буынының жəне өкшенің ашық жарақаты (S91.-)
Балтырдың травмалық ампутациясы (S88.-)
S81.0 Тізе буынының ашық жарақаты
S81.7 Балтырдың көптеген ашық жарақаты
S81.8 Балтырдан басқа аймақтардың ашық жарақаты
S81.9 Балтырдың анық емес орналасуының ашық жарақаты
S82 Балтыр сүйектерінің сынуы. Балтыр табан буынымен қоса.
Іске қосылды: тобықтың сынуы.
S82.0 Тізе үсті сүйектің сынуы
S82.5 Ішкі тобықтың сынуы [медиальді]
S82.6 Сыртқы тобықтың сынуы [латеральды]
S82.7 Балтырдың көптеген сынықтары
Алынып тасталды: Үлкен жəне кіші жіліншік сүйектерінің бірлескен сынықтары :
- жоғарғы ұшының (S82.1)
- төменгі ұшының (S82.3)
- денесін [диафиз] (S82.2)
S82.8 Балтырдың басқа бөлімдерінің сынықтары
S82.9 Балтырдың анықталмаған аймағының сынықтары
S83 Тізе буынының капсулалық – байламдық аппаратының орнынан таюы, созылуы жəне зақымдануы.
Алынып тасталды:
Тізе буынының орнынан таюы:
- көне (M24.3)
- патологиялық (M24.3)
- қайталамалы [əдеттегі] (M24.4)
Зақымдалу :
- ішкі тізе буынының байламдарының (M23.-)
- тізе үсті сүйегінің (M22.0-M22.3)
S83.0 Тізе үсті сүйегінің орнынан таюы
S83.1 Буынның шығуы
S83.2 менисктің жыртылуы
Алынып тасталды: мениск мүйізінің ескі жыртылуыа (M23.2)
S83.3 тізе буынының буындық шеміршегінің жаңа зақымдануы
S83.4 тізе буынының (ішкі) (сыртқы) бүйір байламдарының созылуы жəне жыртылуы
S83.5 Тізе буынының (артқы) (алдыңғы) крест тəрізді байламының созылуы жəне жыртылуы
S83.6 Тізе буынының басқа жəне анықталмаған элементтерінің созылуы жəне жыртылуы
S83.7 Тізе буынының бірнеше құрылымының жарақаты
Балтыр - табан жəне табан аймақтарының жарақаты (S90-S99)
Алынып тасталынды:
Балтыр-табан буынының жəне табанының екі жақты жарақаты (T00-T07)
Үсуі (T33-T35)
Балтыр – табан буынының жəне тобықтың сынықтары (S82.-)
Термиялық жəне химиялық күйіктер жəне и коррозиялар (T20-T32)
Таяқтың төменгі анықталмаған деңгейде жарақаттануы (T12-T13)
Улы жəндіктің шағуы (T63.4)
S90 Балтыр-табан буынының жəне табанының беткей жарақаты
S90.0 балтыр-табан буынының жаншылуы
S93.0 Балтыр-табан буынының орнынан таюы
S93.4 Балтыр-табан буынының байламдарының созылуы жəне зақмдануы
Алынып тасталынды: шыбық сіңірінің [ахилл] жарақаты (S86.0)

Жіктемесі


Жіктемесі:
1. Жабық сынық.
2. Ашық сынық.

Қауіп-қатерлі факторлар


Қауіп – қатерлі факторлар
 
Детренирленген, абайсыз шұғыл болған қозғалыстар, егде жас.

Диагностикасы


Диагностика критерилері
 
Тізе буынының жабық жарақаты:
1. Ауру сезімі, ісіну, қозғалыстардың шектелуі, тізе үсті сүйектің қозғалу симптомы.
2. Жарақат кезінде дыбыс сезілуі, крест тəрізді байламның жыртылуы, буынның алдыңғы артқы бағытта патологиялық қозғалуы, оның бүтіндігінің бұзылуын көрсетеді.
3.Мениск зақымдануы қозғалыстың кенеттен шектелуі тəн.
4. Тізе буынының орнынан таюы кезінде мениск жəне буын капсуласы зақымдалады, артқы дислокация кезінде тізе асты қан тамырларының кіші жіліншік нервтің зақымдалуы болуы мүмкін.
5. Тізе үсіті сүйегінің сынығы кезінде бүйір байламдарының жыртылуы байқалады. Нəтижесінде тізе үсті сүйектің жоғарғы сынығы жоғарыға ығысады. Тізе буынының көлемі ұлғаяды, буынның алдыңғы бөліміне ауру сезімі байқалады. Сондай-ақ бұл жерде сырылулур мен гематома байқалады, пальпация кезінде тізе үсті сүйегінің сынықтарының əсері байқалуы болады.

Балтыр-табан буынының орнынан таюы:
- тізе буынында ауру сезімі аяққа күш түскенде белсенді жəне пассивті қозғалыстар жасау күшейеді;
- буында бұралмалы қарсыласу;
- буын жазылған, деформацияланған;
- Зақымдалған аяқтың қысқаруы .
 
Тізе үсті сүйектің сынуы:
- аяқты жазған мəжбүрлі күйде тізе буынының көлемі ұлғаюы (гемартроз);
- пальпация кезінде – локальды ауру сезімі жəне сынықтар ығысқан кезде олардың арасындағы қуыс анықталады;
- бүгу жəне белсенді жазу қатты ауру сезімімен аяғын жазған кезде науқас кейде жүре алады.

Балтыр сүйектің сынуы
 
Сынықтың абсолютті (тікелей) белгілері:
- сүйек деформациясы;
- сүйек крепитациясы;
- патологиялық қозғалу;
- аяқтың қысқаруы.
 
Сынықтың салыстырмалы белгілері (жанама):
- ауру сезімі локальды ауру сезімнің пальпация кезіндегі локальды ауру сезімімен сəйкес келуі;
- ісінудің болуы (гематомалар);
- аяқ функциясының бұзылуы (болмауы).
 
Бір абсолюттік белгінің болмауы, сынық диагнозын қоюға негіз бола алады.
 
Үлкен жіліншік сүйектің айдаршығының сынуы кезінде тізе буынының вальгусты деформациясы гемартроз, буын қозғалысының шектелуі пайда болады.
 
Ығысусыз болған сынық кезінде тізе буынының аймағындағы ауру сезімі, əсіресе аяққа күш түскенде балтырдың бүйірлік қозғалысы кезінде байқалады.
 
Үлкен жіліншік сүйектің диафизінің сынуы ( көбінесе ашық):
- науқас жүре алмайды ;
- ісіну (гематома) жəне балтырдың деформациясы (бұрыштық ротациялық ) аяқтың қысқарумен ауру сезіміне жəне күштемеге байланысты қозғалыс көлемдерінің шектелуі;
- патологиялық қозғалыс.
 
Балтыр сүйектерінің қиғаш жəне бұралмалы сынықтары кезінде үлкен тұрақсыздықпен ерекшеленеді.
 
Тобық сынықтары:
- қозғалту кнзіндегі ауру сезімі;
- балтыр-табан буынының ісінуі жəне деформациясы;
- пальпация кезінде ауру сезімі ось бойынша күштеме түсірген кезде табанды бүйірлік қозғалыс жасау кезінде сондай-ақ балтырды фронтальды қысқан кезінде ауру сезімімен сəйкес келеді – «ауру сезімдердің иррадиациясы» симптом.
 
Негізгі жəне қосымша шаралардың тізімі:  жоқ.

Емдеу тактикасы


Медициналық жəрдем көрсету тактикасы
 
Тізе буынының жабық жарақаты кезіндегі жедел жəрдем:
1. Ауру сезімін басу - лорноксикам 8 мг бұлшықетке немесе к\т-ға немесе кеторолак 30 мг бұлшықетке немесе 1 мл 2% тримеперидин гидрохлориді бұлшықетке.
2. Науқасты арқаға жатқызып, тізе астына валик қояды.
3. Травматологиялық бөлімшеге тасымалдау.

Балтыр сүйектің сынуы кезінде жедел жəрдем:
1. Ауру сезімін басу— лорноксикам 8 мг бұлшықетке немесек\т-ға; немесе кеторолак 30 мг бұлшықетке немесе 1 мл 2% тримеперидин гидрохлоридін бұлшықетке.
2. Иммобилизация Крамер шинасымен, үрленетін шиналармен тізе буыннан аяқ ұшына.
3. Травматологиялық бөлімшеге тасымалдау.
 
Балтыр табан буынының жабық жарақаты кезінде жедел жəрдем:
1. Ауру сезімін басу — лорноксикамды 8 мг бұлшықетке немесе к\т-ға немесе кеторолак 30 мг бұлшықетке немесе 1 мл 2% тримеперидин гидрохлорид бұлшықетке.
2.  Науқасты арқасына жатқызып тізе астына валик қояды.
3. Транспортировка в травматологиялық бөлімшеге тасымалдау.
 
Негізгі дəрі-дəрмектер:
1.  Лорноксикам 8 мг, амп.
2. *Кеторолак 30 мг, амп.
3. *Тримепиридина гидрохлорид 2% - 1,0 мл, амп.

Қосымша дəрі-дəрмектер тізімі:
1. *Тримепиридин гидрохлориді 1% - 1,0 мл, амп.

Емнің келесі кезеңіне ауыстыру критерилері: науқас жағдайын тұрақтандыру стабилизация.

* – Негізгі (өмірге маңызды) дəрілік заттар тізіміне кіретін препараттар

Ақпарат

Пайдаланған әдебиеттің тізбесі

  1. Аурулардың диагностикасы және емдеу хаттамалары (Приказы №764 - 2007, №165 - 2012)
    1. Хаттаманы дайындау барысында пайдаланылған əдебиеттер: 1. Клинические рекомендации, основанные на доказательной медицине: Пер. с англ. / Под ред. Ю.Л. Шевченко, И.Н. Денисова, В.И. Кулакова, Р.М. Хаитова. — 2-е изд., испр. — М.: ГЭОТАР-МЕД, 2002. —1248 с.: ил. 2. Биртанов Е.А., Новиков С.В., Акшалова Д.З. Разработка клинических руководств и протоколов диагностики и лечения с учетом современных требования. Методические рекомендации. Алматы, 2006, 44 с. 3. Приказ Министра Здравоохранения Республики Казахстан от 22 декабря 2004 года № 883 «Об утверждении Списка основных (жизненно важных) лекарственных средств». 4. Приказ Министра Здравоохранения Республики Казахстан от 30 ноября 2005 года №542 «О внесении изменений и дополнений в приказ МЗ РК от 7 декабря 2004 года № 854 «Об утверждении Инструкции по формированию Списка основных (жизненно важных) лекарственных средств». 5. Stang A., Hense H-W, Jцckel K-H et al. Is It Always Unethical to Use a Placebo in a Clinical Trial? PLoS Med. 2005 March; 2(3): e72. 6. Donald A. Evidence-Based Medicine: Key Concepts. Medscape Psychiatry & Mental Health eJournal 7(2), 2002. http://www.medscape.com/viewarticle/430709 7. Горюшкин И.И. Так ли доказательна "доказательная медицина" или почему статистическая обработка результатов не может заменить необходимости изучения патогенеза? Актуальные проблемы современной науки. 2003; 3:236-237.

Ақпарат


Əзірлеушілер тізімі:
С.Ж. Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университеті «Жедел жəне шұғыл медициналық жəрдем, №2 ішкі аурулар кафедрасының меңгерушісі - м.ғ.д., профессор Тұрланов Қ.М.
С.Ж. Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университеті 
«Жедел жəне шұғыл медициналық жəрдем, №2 ішкі аурулар кафедрасының қызметкерлері: м.ғ.к, доцент Воднев В.П.; м.ғ.к., доцент Дюсембаев Б.К.; м.ғ.к., доцент Ахметова Г.Д.; м.ғ.к., доцент Бедельбаева Г.Г.; Альмухамбетов М.К.; Ложкин А.А.; Маденов Н.Н.
Алматы мемлекеттік дəрігерлер біліміг жетілдіру институтыеың «Шұғыл медицина» кафедрасының меңгерушісі – м.ғ.к., доцент Рахымбаев Р.С. Алматы мемлекеттік дəрігерлер біліміг жетілдіру институтыеың «Шұғыл медицина» кафедрасының қызметкерлері: м.ғ.к., доцент Силачев Ю.Я.; Волкова Н.В.; Хайрулин Р.З.; Седенко В.А.

Қазықтаулы файлдар

Назар аударыңыз!

  • Занимаясь самолечением, вы можете нанести непоправимый вред своему здоровью.  
  • Информация, размещенная на сайте MedElement и в мобильных приложениях "MedElement (МедЭлемент)", "Lekar Pro", "Dariger Pro", "Заболевания: справочник терапевта", не может и не должна заменять очную консультацию врача. Обязательно обращайтесь в медицинские учреждения при наличии каких-либо заболеваний или беспокоящих вас симптомов.  
  • Выбор лекарственных средств и их дозировки, должен быть оговорен со специалистом. Только врач может назначить нужное лекарство и его дозировку с учетом заболевания и состояния организма больного.  
  • Сайт MedElement и мобильные приложения "MedElement (МедЭлемент)", "Lekar Pro", "Dariger Pro", "Заболевания: справочник терапевта" являются исключительно информационно-справочными ресурсами. Информация, размещенная на данном сайте, не должна использоваться для самовольного изменения предписаний врача.  
  • Редакция MedElement не несет ответственности за какой-либо ущерб здоровью или материальный ущерб, возникший в результате использования данного сайта.
На главную
Наверх