Тыныс ағзаларының балалық шақтағы жиі кездесетін аурулары

P-P-015

Версия: Архив - Аурулардың диагностикасы және емдеу хаттамалары (Приказ №764, 2007, №165, 2012)

В личном анамнезе медицинское лечение неуточненное (Z92.9)

Анықтамасы

Анықтамасы


Анықтамасы: тыныс алу ағзаларының ауруы бойынша жылына 5 реттен артық дəрігерге шағымдануы.


Хаттама коды: P-P-015
Педиатрия саладағы поликлиникалар үшін.
АХЖ-10 бойынша коды (кодтары):
Z91    Басқа айдарларда жіктелмейтін қауіп-қатерлі факторларның жеке анамнезде болуы.
Z92    Жеке анамнезде емделу.
Z92.5 Жеке анамнезде реабилитациялық емшаралар.
Z92.8 Жеке анамнезде емдеудің басқа түрлері.
Z92.9 Жеке анамнезде медициналық анықталмаған ем.

Жіктемесі


Жіктемесі:
- 3 жас – тыныс алу ағзаларының ауруына қатысты, жылына 6 жəне одан да көп рет дəрігерге шағымдануы;
- 4-5 жас – жылына 5 жəне одан артық рет дəрігерге шағымдануы;
- 5 жастан жоғары – жылына 4 жəне одан да көп рет дəрігерге шағымдануы.

Қауіп-қатерлі факторлар


Қауіп-қатерлі факторлар:
1. Қоршаған орта ауасының ластануы.
2. Шала туылу, перинаталды энцефалопатия.
3. Тамақтанудың айқын бұзылысы.
4. Фондық аурулардың болуы (аллергиялық диатез, рахит).
5. Иммунды тапшылықты жағдайлар.
6. Тұқым қуалайтын бейімділік.

Диагностикасы


Диагностика критерилері

Шағымдар мен анамнез:  ауру анамнезі (жіктемесіне қараңыз).

Физикальное обследование:
- физикалық дамуды бағалау (салмақ/жас, салмақ/бой, бой/жас);
- тамақтану стаусын бағалау;
- тыныс алу ағзалары ауруларының клиникалық көріністері.
 
Инструменталдық зерттеулер: пневмония кезінде өкпелік асқынуларға күдік болған кезде рентгенологиялық зерттеу.
 
Мамандар консультациясы үшін көрсетімдер:
- пульмонолог (ішкі тыныс алу функциясын зерттеу);
- отоларинголог (созылмалы инфекция ошағын санациялау);
- стоматолог (созылмалы инфекция ошағын санациялау).
 
Негізгі жəне қосымша диагностикалық шаралар тізімі
 
Негізгі диагностикалық шаралар тізімі:
1. Жалпы қан анализі;
2. Ішек құрттың болуына нəжісті зерттеу;
3. Отоларинголог консультациясы.
 
Қосымша диагностикалық шаралар тізімі:
1. Кеуде клеткасы ағзаларының рентгенографиясы;
2. Пикфлоуметрия;
3. Сыртқы тыныс алу қызметін зерттеу;
4. Аллерголог консультациясы;
5. Иммунограмма.

Лабораторлық зерттеулер


Лабораторные исследования:  қанның жалпы анализі (лейкопения, лейкоцитоз солға қарай нейтрофильді жылжумен, ЭТЖ жоғарылауы).

Дифференциалды диагноз


Дифференциалды диагноз

Диагноз немесе ауру себебі
Диагноз пайдасына
ЖРВИ, жіті бронхит
- тыныс алу жиіленуінсіз жөтел;
- мұрын бітелу;
- температураның жоғарылауы, қызба;
Пневмония
- жөтел жəне жиілеген тыныс:
                                                         жасы < 2 ай > 60/мин
                                                         жасы 2 – 11 ай > 50/мин
                                                         жас 1 – 5 жас > 40/мин
- көкірек клеткасы төменгі бөлігінің ішке тартылуы;
- қызба;
- аускультациялық белгілер – əлсіздеген тыныс, ылғалды сырылдар;
- мұрын қанатының кебуі;
- уһілеген тыныс (ерте жастағы нəрестелерде).
Стеноздаушы ларинготрахеит
(жалған бітелу)
- үрмелі жөтел;
- тыныс жеткіліксіздігі;
- бəсеңсіген дауыс;
- егер қызалша салдарынан болса – қызылша белгілері.
Көкжөтел
- дірілді өзіне тəн ысқырмалы тыныспен, құсумен, цианоз немесе апноэмен қатар жүретін пароксизмальді жөтел;
- жөтел ұстамалары арасында өзін-өзі жақсы сезіну;
- қызбаның болмауы;
- анамнезінде АКДС вакцинасының болмауы.
Обструктивті бронхит
- анамнезде демікпелік тынысе салқындаумен байланысты;
- нəрестеде жəне жанұя мүшелерінде демікпенің/экземаның/поллиноздың болмауы;
- үзарған тыныс шығару;
- аускультативті – құрғақ сырылдар, əлсіздеген тыныс (егер анық болса – тыныс жолдарының түйілуін алып тастау);
- бронхолитиктерге жақсы реакция;
- демікпе кезіндегіден көріністер аз екені айқын.
Туберкулез
- созылмалы жөтел (> 30 күн);
- салмақтың нашар дамуы/қалып қоюы немесе салмақ жоғалту;
- оң Манту реакциясы;
- анамнезде туберкулез науқсымен жанасу;
- рентгенологиялық белгілер: біріншілік кешен немесе милиарлы туберкулез;
- үлкен жастағы балаларда қақырықты зерттеу кезінде туберкулез микобактерияларының табылуы.
Демікпе
- анамнездегі қайталамалы демікпелік тыныс, кейбір жағдайда ЖРВИ байланыссыз;
- көкірек клеткасының кеңеюі;
- ұзарған тыныс;
- аускультацияда – əлсіздеген тыныс (егер айқын болса – тыныс жолдарының түйілуін алып тастау);
- бронхолитиктерге жақсы реакция.
Бөгде дене
- тыныс жолдарының механикалық обструкциясының кенеттен дамуы (нəресте «түйілді») немесе стридор;
- кейде демікпелік тыныс немесе кеуде клеткасының бір жағынан патологиялық кеңеюі;
- перкуторлық дыбыстың күшеюімен жəне аралықтың ығысуымен ауаның тыныс жолдарында бөгеліп қалуы.
- өкпе коллапсының белгілері: əлсіздеген тыныс жəне перкуторлық дыбыстың тұйықталуы;
- бронхолиттік заттарға реакцияның болмауы.
 

Емдеу тактикасы


Емдеу тактикасы:  ЖРВИ кезінде– берлген нозология бойынша хаттаманы қараңыз.
 
Ем мақсаты: жоғарғы тыныс алу жолдарының жəне тыныс алу ағзалары ауруларының дамымауы.
 
Дəрі-дəрмексіз ем: Тамақтану тиімді, теңгерілген, құнарлығы жоғары. Дене салмағының аздығында - тамақтануды түзету.

Дəрі-дəрмектік ем: тиісті хаттамаларға сəйкес клиникалық көріністерге байланысты.
 
Негізгі жəне қосымша дəрі-дəрмектер тізімі
Негізгі дəрі-дəрмектер тізімі:  жоқ.
Қосымша дəрі-дəрмектер тізімі:  жоқ.
 
Ем тиімділігінің индикаторлары: тыныс алу ағзаларының аурулары бойынша жылына 5 реттен кем қаралу.

Ауруханаға жатқызу

 
Госпитализациялауға көрсетімдер:
- тыныс алу жеткіліксіздігінің симптомдары;
- тырыспалар;
- 7 күн бойына қызбаның болуы;
- тамақтан, су ішуден бас тартумен өтетін аурудың өршуі.

Алдын алуы


Біріншілік профилактика:
· Науқастармен жəне вирустасымалдағыштармен қатынасты шектеу;
· Бетперде кию жəне ЖРВИ мен жанұя мүшелерінің қол жууы;
· Бөлмеде оптималды ауа режимін сақтау;
· Шынығу шараларын жүргізу;
· Қауіп тобындағы балаларды тұмауға қарсы вакцинациялау.

Профилактикалық шаралар: тұмауға қарсы вакцинация жасау.
Әрі қарай жүргізу, диспансерлеу принциптері:  жоқ.

Ақпарат

Пайдаланған әдебиеттің тізбесі

  1. Аурулардың диагностикасы және емдеу хаттамалары (Приказы №764 - 2007, №165 - 2012)
    1. Хаттаманы дайындау барысында пайдаланылған əдебиеттер: 1. Finnish Medical Society Duodecim. Prolonged cough in children. In: EBM Guidelines. Evidence-Based Medicine [CD-ROM]. Helsinki, Finland: Duodecim Medical Publications Ltd.; 2004 Jun 15 [various]. 2. Bronchitis. Philadelphia (PA): Intracorp; 2005. Various p. 3. For The Management Of Acute Exacerbation Of Chronic Bronchitis (AECB), Alberta medical Association, 2001 4. К.В. Рахимова, В.Н. Девятко «Организация диспансерного наблюдения за детьми в амбулаторных условиях». Алматы, 2005, стр. 62-63.

Ақпарат


Əзірлеушілер тізімі: Наурызбаева М.С., м.ғ.к., ҚР ДСМ Педиатрия жəне балалар хирургиясы ҒО.

Қазықтаулы файлдар

Назар аударыңыз!

  • Занимаясь самолечением, вы можете нанести непоправимый вред своему здоровью.  
  • Информация, размещенная на сайте MedElement и в мобильных приложениях "MedElement (МедЭлемент)", "Lekar Pro", "Dariger Pro", "Заболевания: справочник терапевта", не может и не должна заменять очную консультацию врача. Обязательно обращайтесь в медицинские учреждения при наличии каких-либо заболеваний или беспокоящих вас симптомов.  
  • Выбор лекарственных средств и их дозировки, должен быть оговорен со специалистом. Только врач может назначить нужное лекарство и его дозировку с учетом заболевания и состояния организма больного.  
  • Сайт MedElement и мобильные приложения "MedElement (МедЭлемент)", "Lekar Pro", "Dariger Pro", "Заболевания: справочник терапевта" являются исключительно информационно-справочными ресурсами. Информация, размещенная на данном сайте, не должна использоваться для самовольного изменения предписаний врача.  
  • Редакция MedElement не несет ответственности за какой-либо ущерб здоровью или материальный ущерб, возникший в результате использования данного сайта.
На главную
Наверх