Туа болған пневмония

H-P-002

РЦРЗ (Республиканский центр развития здравоохранения МЗ РК)
Версия: Архив - Аурулардың диагностикасы және емдеу хаттамалары (Приказ №764, 2007, №165, 2012)

Врожденная пневмония (P23)

Анықтамасы

Анықтамасы


Анықтамасы

Туа (құрсақ ішіндегі) болған пневмония - антенатальдық немесе 
интранатальдық кезеңде инфекцияланған ұрықтың дамуы нəтижесінде, өкпе паренхимасында туа біткен пневмония.

 
Хаттама коды: H-P-002 "Туа болған пневмония"
Педиатрия саладағы стационарлар үшін
АХЖ-10 бойынша коды (кодтары):
Р23    Туа біткен пневмония
Р23.0 Вирусты туа біткен пневмония
Р23.1 Хламидия тудыратын туа біткен пневмония
Р23.2 Стафилококк тудыратын туа біткен пневмония
Р23.3 Стрептококктың В тобы тудыратын туа біткен пневмония
Р23.4 Ішек таяқшалары тудыратын туа біткен пневмония
Р23.5 Pseudomonas тудыратын туа біткен пневмония
Р23.6 Басқа да бактериалды агенттер тудыратын туа біткен пневмония
Р23.7 Əртүрлі қоздырғыштар тудыратын туа біткен пневмония
Р23.8 Нақтылынбаған туа біткен пневмония
Р23.9 Анықталмаған туа болған пневмония

Облачная МИС "МедЭлемент"

Автоматизация клиники: быстро и недорого!

  • Подключено 290 клиник из 4 стран 
  • 1 место - 800 руб / 4500 тг в мес.
  • Регистратура + Касса - 15 800 руб / 79 000 тг в год

Узнать больше
+7 938 489 44 83 / +7 707 707 07 16
office@medelement.com

Облачная МИС "МедЭлемент"

Автоматизация клиники: быстро и недорого!

  • С нами работают 290 клиник из 4 стран 
  • Подключение 1 рабочего места - 800 руб / 4500 тг в месяц
  • Регистратура + Касса - 15 800 руб / 79 000 тг в год

Узнать больше / +7 938 489 44 83 / +7 707 707 07 16 / office@medelement.com

Как удобнее связаться с вами?

Жіктемесі


Жіктемесі
 
Инфекцияланған пневмония уақытына байланысты бөлшектенуі:
1. Туа біткен трансплацентарлық пневмония (ұрық ананың ішінде жатқанда қағанақ арқылы қоздырғыштың енуі); ол кəдімгі бір инфекцияның білінуі.
 
2. Туа біткен интернатальды пневмония, ол қоздырғыштың туатын нəрестенің өкпесіне туу процессінде шарана суынан ,немесе туу жолында ұрыққа инфекцияның енуінен. Туа біткен интернатальды пневмония амнионитпен эндометритпен жиі ұласып гениталды микоплазмамен (Mycoplasma hominis, Ureaplazma urealycum) анаэробты бактериямен, оның ішінде В жəне Д стрептококк тобымен, т.б. микробтармен-жасылды стрептококк, гемофильді жəне туберкулез таяқшалармен, листериямен қоздыралады.
 
Туу кезіндегі интернатальды пневмония В стрептококк, хламидия, цитомегаловирусты генитальды микоплазма, листерия, ІІ типті қарапайым ұшық вирусы, Candida туысына жататын саңырауқұлақ, сирегірек жасылды стрептококк, эщерихия, энтерококк, гемофильді таяқша, мүмкін трихомонадалармен де қозады.

Диагностика


Диагностикалық критерилері
 
Шағымдар мен анамнез: жоқ.
 
Физикалық тексерулер:
- тынысының минутына >60 жиілеуі;
- кеуде қуысының 
бөліктерінің төмен тартуы;
- мұрын танаудың делденуі;
- уһілеп тыныс алу;
- тыныстық 
дистрес кезінде емізудің қиындығы;
- дене қызуы (>370 С) немесе төмендеуі (<360 С);
- бозару, сарғыштану немесе көгеру;
- тырыспа селкілдену;
- тежелу (летаргия) (ұзақ 
ұйқышылдық);
- пневмонияның аускультациялық жəне перкуссиялық белгілері.

 
Лабораторлық зерттеулер: тəн емес.
 
Инструменталдық зерттеулер: рентгенограммада инфильтративті өзгерістер.
 
Мамандар консультациясы үшін көрсетімдер: қосарланған патологияларға байланысты.

Дифференциалды диагноз: жоқ.
 
Hегізгі диaгностикалық шаралар тізімі:
1. Тромбоциттер санын санау, жалпы қан анализі.
2. Зəрдің жалпы анализі.
3. Екі проекцияда кеуде қуысы мүшелерін рентгенографиялау.
 
Қосымша диагностикалық шаралар тізімі:
 
1. Вирусологиялық (коньюктив қырындысынан жұқпа, мұрын шырыны жəне езуден вирустарды, иммунофлуоресцентті сарысудың көмегімен хламидияны табу, əрбір 10-14 күннен соң РТНГА, РСК, т.б. жолдармен вирустың антиденешіктерін анықтау) жəне бактериологиялық зерттеу (мұрын шырыны, езу, бронхтан, қаннан, антибиотиктерді қолданғанша, бактериоскоп жүргізіп жəне егу).
 
2. Бронх пен кеңірдектің құрамынан алынған жағындыны грамм əдісімен бояп микроскоппен зерттеу (ол инфекциялық процесстердің тиімділігі үшін-ондағы жасушааралық микробтарды табу).
Онлайн-консультация врача

Посоветоваться с опытным специалистом, не выходя из дома!

        Консультация по вопросам здоровья от 2500 тг / 430 руб

        Интерпретация результатов анализов, исследований

        Второе мнение относительно диагноза, лечения

        Выбрать врача

        Емдеу тактикасы


        Емдеу тактикасы
         
        Ем мақсаты:
        1. Тынысты тоқтату жəне жүрек қантамырының жеткіліксіздігі, жалпы симптомдар, интоксикация.
        2. Өкпедегі қалыпты тындалатын жəне қалыпты тықылдатын аускультация көрінісі.
        3. Қалыпты лабораториялық көрсеткіші.
         
        Дəрі-дəрмексіз ем: жоқ.

        Дəрі-дəрмектік ем:
        А. Пневмония кезінде бактериалды флора тудырған қоздырғышты микробтар сезімталдығына антибактериалды терапия белгіленеді.
        Б. Пневмония кезінде, хламидия тудырғанда, макролидтер (азитомицин*, эритромицин*, ровамицин*) класты антибиотиктер таңдалады.
        В. Пневмония кезінде, цитомегаловирусы тудырғанда антимегаловирусты иммуноглобулин арнайы препарат ретінде таңдалады.
        Г. Кəдімгі қарапайым ұшық вирусы пневмония тудырса, таңдалатын препарат – ацикловир болады.

        Антибактериалды терапия
         
        - Егер клинико-лабораториялық мəліметте пневмонияның себебі белгісіз болса, онда емдеу, стрептококк жəне листерозды пневмонияда тиімді препарат: ампициллин (тіршілігінің алғашқы апталар ішінде 6-8 сағатта 50мг/кг вена ішіне əр 12 сағатта, тері-ет ішіне енгізу немесе əр 12 сағат, жəне гентамицин (əр 12 сағатта 5 мг/кг тері-ет ішіне немесе əр 2 кг салмаққа тіршілігінің алғашқы аптасында 3 мг/кг-ға) енгізіледі;
         
        - 48 сағат ішінде немесе бала жағдайы төмендесе қолданылған ем нəтиже бермесе, ІІІ ұрпақтық цефалоспоринге көшуі қажет.Мысалы, вена ішіне цефотоксим (əр 6-8 сағатта 50 мг/кг) жəне тері-ет ішіне ампициллин (əр 6 сағатта 50 мг/кг) ендіру.

        Микроб дақылы анықталған соң , антибиотик пен емдеу , антибиотикке сезімталдығына байланысты мүмкіндігі реттелуі қажет.
         
        2. Сəбидің кез келген тыныс алу жетімсіздігі оксигенотерапияға бейімделуі керек (орталықтанып көгеру, əр тыныста үһілеуі, тыныстық дистресте емізудің қиындауы, кеуде қуысының төменгі бөлігінің көбірек тартылуы).
         
        3. Тырысып селкілдеуінің тоқталуы: вена ішілік фенобарбитал (20 мг/кг əрқилы дозада ) ендіру . Егер селкілдену тоқталмаса – фенобарбиталды (күніне 1 рет 5 мг/кг) ендіре беруді жалғастыру.
         
        4. Палатадағы бейімділік ауаны ұстау (25оС төмен болмауы).
        Емдік шара ретінде бала 
        құрғақ киімді ( баскиімі ) болуын сақтау жəне қымтау. Баланың жағдайының жақсаруына анасының қасына жақындату («кеңгіру – ана күтімі»). Бір сөткенің ішінде бала анасына жақын жатуы тиімді, ол инкубатор сияқты қолайлы немесе гипотермиялық шара ретінде сыртқы жылуды қамтамасыз етеді.
         
        5. Дене қызуының тоқтауы. Парацетамол сияқты бөбектерді емдеуге қолданатын, дене қызуын төмендетін препараттарды пайдалануға болмайды. Сыртқы орта температурасын үнемі қадағалау керек, егер бала жейдесін шешу керек болса, шешсін.
         
        6. Емшек пен қоректендіруде ана өз қолымен жиі бергізу. Егер бала əлсіз немесе тыныс алу дистресті болса, емшек сүтін сұйылту ( бала салмағына 20 мл/кг, арнаулы зонд, қасықпен сөткесіне 8-12 рет беру).
         
        7. Гипоклемияның адлдын алу шарасы. Гиплоклемияның реттеуіші монинторингі. Егер қандағы глюкозаның деңгейі 2,2 ммоль (<45 м/дл ) онда глюкозанын 10% ертіндісінің 10 мл/кг назогастральды зонд арқылы ендіру жəне гипогликемияның емінің алдын алуда баланы жиі емізуді қайталау.
         
        8. Бөбектің монинторингтық жай күйі. Дəрігерлік мейірбике əр 6 сағат сайын бөбек жай күйін қадағалау (егер бала əлсіз болса əр 3 сағатта ). Ал дəрігер күн сайын көруі керек. Егер бактериялогиялық емдеуге бала организмі қабылдауы нашар болса, онда антибиотикті ауыстыруы қажет.
         
        Әрі қарай жүргізу, диспансерлеу принциптері:
         
        1. Егер нəресте нашарласа, іше алмаса немесе емшек сора алмаса, қызба пайда болса, тыныс жиілесе немесе қиындаса (анасына қандай жағдайда жедел арада дəрігерге келуін түсіндіру) учаскелік дəрігердің 2 күн немесе одан бұрын қайта қарауы.
         
        2. Пневмониямен ауырған балалар диспансерлік бақылауда 1 жыл бойы тұрады (тексеруді 1, 3, 6 жəне 12 айдан соң жүргізеді).
         
        Негізгі дəрі - дəрмектер тізімі:
        1. *Ампициллин 250 мг , табл , 500мг капс , 500-1000 мг ұнтақтан иньекциялық ертінді дайындау, 125 /5 мл флаконды суспензия.
        2. *Амоксициллин+клавулон қышқылы табл, оның қабықшасын жабу 250 мг/ 125 мг, 500 мг/125 мг, вена ішілік ертінді ендіру, флаконда 500 мл/ 100 мг ұнтақ дайындайды, вена ішілік ендіруге 125 мг/ 31 , 25 мг/ 5 мл , 200 мг/28,5 мг/ 5мл ,400 мг/ 57 мг/ 5мл ұнтақтан суспензия дайындайды.
        3. * Гентамицин 40мг/мл , 80 мг/ 2мл амп.
        4. * Цефтриаксон 250мг, 500мг, 1000 мг. Флаконда , иньекция үшін ұнтақ ертіндісі.
        5. * Цефуроксим 250 мг , 500 мг табл , 750 мг флаконда иньекция үшін 1,5 гр ертінді.
        6.   Цефтазидим – флаконда 500мг , 1 гр, 2 г иньекция үшін ұнтақ ертінді дайындайды.
        7. * Цефепим 1000 мг иньекциялық ертінді үшін ұнтақ дайындайды.
        8.   Ацикловир 200 мг , 800 мг табл.
        9. * Сульфаметоксазол+триметоприм 120 мг, 480 мг табл, 480 мг/5 мл, амп ,240 мг/ 5 мл. ауыз арқылы енетін суспензия.
        10. * Клоксациллин 500 мг , табл.
        11 .* Эритромицин 250 мг, 500 мг табл, 250 мг /5 мл ауыздан берілетін суспензия.
        12. * Спирамицин 1,5 млн ЕД , 375 мин ЕД, суспензиядағы түйіршік, 750 мин ЕД 1,5 млн ЕД, инфузия үшін ұнтақ.
        13. * Метронидазол 250 мг , табл 0,5 ,1000 мл флаконда инфузия үшін.
        14. * Прокаинамид 0,25 г табл.
        15. * Флуконазол 50мг ,150 мг, капс ,флакондағы 100 мл ертінді , вена ішілік енгізу үшін.
        16. * Сальбутамол 100 мкг/ доза; 2 мг , 4 мг табл 20 мл ертін үшін небулайзер үшін.
        17.   100 мл аэрозол – ипратропия бромид.
        18. * Фенотерол 5 мг табл , 0,5 мг/ 10 мл иньекциялық ертінді.
        19. * Дексаметазан 4 мг/мл иньекциялық ертінді ,500 мкг табл.
        20. * Дигоксин 62,5 мкг , 250 мкг табл 1 мл 0.025%иньекция үшін ампуладағы ертінді.
         
        Қосымша дəрі - дəрмектер тізімі:
        1. *Азитромицин 125 мг ,500 мг табл . 250 мг капсула , 200 мг/ 100 мл инфузия флакондағы ертінді.
        2. *Допамин 0,5 % , 4% ампуладағы 5 мл иньекциялық ертінді.

        Ем тиімділігінің индикаторлары:
        1. Тыныс жиілігінің қалпына келуі.
        2. Қызбаның жоғалуы.
        3. Оң перкуссиялық жəне аускультациялық динамика.
        4. Уыттанудың жоғалуы.

        * – Негізгі (өмірге маңызды) дəрілік заттар тізіміне кіретін препараттар
         

        Госпитализация


        Госпитализациялау үшін көрсетімдер
        Туғаннан кейінгі клиникалық белгілердің болуы (трансплацентарлық инфекцияда) немесе 4 күннен соң (интернатальдық инфекцияда).

        Жоспарлы түрде ауруханада жатқызу алдында көлемді зерттеу қажет.
         

        Профилактика


        Профилактикалық шаралар:
        1. Науқастармен жəне вирустасымалдаушылармен жанасуды шектеу, əсіресе мезгілдік респираторлық аурушаңдықтың өршуі кезінде.
        2. Бетперде кию жəне ЖРВИ ауруымен жанұя мүшелерінің қол жууы.
        3. Бөлмедегі оптималды ауа режимін ұстау.
        4. Шынығу шараларын жүргізу.

        Ақпарат

        Пайдаланған әдебиеттің тізбесі

        1. Аурулардың диагностикасы және емдеу хаттамалары (Приказы №764 - 2007, №165 - 2012)
          1. Хаттаманы дайындау барысында пайдаланылған əдебиеттер: 1. Guidelines for preventing health-care--associated pneumonia, 2003: recommendations of CDC and the Healthcare Infection Control Practices Advisory Committee. 2. Tice AD, Rehm SJ, Dalovisio JR, Bradley JS, Martinelli LP, Graham DR, Brooks Gainer R, Kunkel MJ, Yancey RW, Williams DN. Practice guidelines for outpatient parenteral antimicrobial therapy. Clin Infect Dis 2004 Jun 15;38(12):1651-72. 3. Клинико-организационное руководство по оказанию помощи новорожденным с респираторным дистресс-синдромом http://www.healthquality.ru/flowcharts/pihrus.pdf 4. Ведение ребенка с серьезной инфекцией или тяжелым нарушением питания. Руководство по уходу в стационарах первого уровня в Казахстане. ВОЗ, МЗ РК, 2003, 197с.

        Ақпарат


        Əзірлеушілер тізімі: Наурызбаева М.С., м.ғ.к. ҚР ДСМ педиатрия жəне балалар хирургиясы Ғылыми орталығы

        Қазықтаулы файлдар

        Мобильное приложение "MedElement"
        • Профессиональные медицинские справочники. Стандарты лечения
        • Коммуникация с пациентами: онлайн-консультация, отзывы, запись на приём

        Скачать приложение для ANDROID / для iOS

        Мобильное приложение "MedElement"
        • Профессиональные медицинские справочники
        • Коммуникация с пациентами: онлайн-консультация, отзывы, запись на приём

        Скачать приложение для ANDROID / для iOS

        Назар аударыңыз!

        • Занимаясь самолечением, вы можете нанести непоправимый вред своему здоровью.  
        • Информация, размещенная на сайте MedElement и в мобильных приложениях "MedElement (МедЭлемент)", "Lekar Pro", "Dariger Pro", "Заболевания: справочник терапевта", не может и не должна заменять очную консультацию врача. Обязательно обращайтесь в медицинские учреждения при наличии каких-либо заболеваний или беспокоящих вас симптомов.  
        • Выбор лекарственных средств и их дозировки, должен быть оговорен со специалистом. Только врач может назначить нужное лекарство и его дозировку с учетом заболевания и состояния организма больного.  
        • Сайт MedElement и мобильные приложения "MedElement (МедЭлемент)", "Lekar Pro", "Dariger Pro", "Заболевания: справочник терапевта" являются исключительно информационно-справочными ресурсами. Информация, размещенная на данном сайте, не должна использоваться для самовольного изменения предписаний врача.  
        • Редакция MedElement не несет ответственности за какой-либо ущерб здоровью или материальный ущерб, возникший в результате использования данного сайта.
        На главную
        Наверх