Войти

Тромбофлебиттер жəне флебиттер

P-S-021

РЦРЗ (Республиканский центр развития здравоохранения МЗ РК)
Версия: Архив - Аурулардың диагностикасы және емдеу хаттамалары (Приказ №764, 2007, №165, 2012)

Флебит и тромбофлебит неуточненной локализации (I80.9)

Анықтамасы

Анықтамасы

 
Анықтамасы 

Аяқтың терең тамырларының тромбозы
– аяқтың немесе жамбасастының терең тамырларында бір немесе бірнеше тромбтардың пайда болып, тамыр қабырғасының қабынуымен жүретін ауру. Веналық қанның ағып кетуінің бұзылыстары жəне аяқтың трофикалық бұзылыстарымен асқынуы мүмкін. Орналасуы бойынша аяқ тамырларының тромбозы проксималдық жəне дисталдық болып ажыратылады.Қол тамырларының тромбофлебиті өте сирек кездеседі. Олардың дамуына дəрілікт заттарды енгізу үшін жиі жасалатын пункциялар немесе беткей венада катетердің ұзақ уақыт болуы.

Веналардың варикоздық кеңеюі – тамыр қабырғасының дөрекі патологиялық өзгерістерінің нəтижесінде, сонымен қатар олардың қақпақшалық аппаратының генетикалық ақауына байланысты тамырлардың тұрақты жəне кері қайтпайтын кеңеюі.

 
Хаттама коды: P-S-021 "Тромбофлебиттер жəне флебиттер"
Хирургия саладағы поликлиникалар үшін
АХЖ-10 бойынша коды (кодтары):
I80 Флебит и тромбофлебит
I83 Аяқ тамырларының варикоздық кеңеюі
Мобильное приложение "MedElement"

- Профессиональные медицинские справочники. Стандарты лечения 

- Коммуникация с пациентами: вопросы, отзывы, запись на прием

Скачать приложение для ANDROID / для iOS

Мобильное приложение "MedElement"

- Профессиональные медицинские справочники

- Коммуникация с пациентами: вопросы, отзывы, запись на прием

Скачать приложение для ANDROID / для iOS

Жіктемесі


Жіктемесі
 
Орналасуы бойынша:
- терең тамырлардың тромбофлебиті;
- беткей тамырларлың 
тромбофлебиті.

Қауіп-қатерлі факторлар


Қауіп-қатерлі факторлар:
- жасы 40 жастан асқан адамдар;
- варикоздық кеңейген 
веналардың болуы;
- онкологиялық аурулар;
- жүрек-тамырлық жүйелік ауыр бұзылыстар 
(жүректік декомпенсация, ірі артериялардың окклюзиясы);
- ауыр операциялардан кейінгі 
гиподинамия;
- гемипарез;
- гемиплегия көріністері;
- семіздік;
- сусыздану;
- инфекциялар жəне 
сепсис;
- жүктілік жəне босану;
- ішке қабылдауға арналған жүктілікке қарсы препараттарды 
қабылдау;
- қол-аяқтың жарақаты жəне веналық тамырлардың өту аймағындағы 
оперативтік ем шаралары.

Диагностика


Диагностика критерилері
 
Шағымдар мен анамнез: науқастың жалпы ахуалы қанағаттанарлылық, субфебрилдік дене температурасы.

Физикалық тексеру:
1. Теріастылық вена бойында орналасқан ауыратын тығыз инфильтрат.
2. Инфильтраттың үстіндегі тері гиперемияланып, шелмай тығыздалуы мүмкін.
3. Жүрген кезде ауысыну.
4. Субфебрилдік дене температурасы.
 
Инструменталдық зерттеулер
Венаны дуплексті сканирлеу: тромбтың шынайы 
шекарасын көрсетеді, пальпация кезінде анықталған шекаранын айырмашылығы бар.
Венаның тромбталған учаскесі ригидті болады, саңылауы біркелкі емес, қан келу тіркелмейді.
 
Мамандар консультациясы үшін көрсетімдер: қосарланған патологияларға байланысты.
 
Негізгі жəне қосымша диагностикалық шаралар тізімі
 
Негізгі диагностикалық шаралар тізімі:
1. Қанды жалпы талдау.
2. С-реактивті белок.
3. Коагулограмма 1 (протромбиндік уақыт, фибриноген, тромбиндік уақыт, сарысудың фибринолиздік белсенділігі, гематокрит).
4. Тормбоэластограмма.
5. Протромбиндік индекс.
6. Флебография.
7. Веналардың ультрадыбыстық доплеррографиясы.
8. Веналарды дуплексное сканерлеу.
9. Қылтамырлық қанның ұю уақытын анықтау.
10. Хирург консультациясы.
 
Қосымша диагностикалық шаралар тізімі: жалпы зəр анализі.

Лабораторлық зерттеулер


Лабораторлық зерттеулер: лейкоцитоз.

Дифференциалды диагноз


Дифференциалды диагноз: лимфангитпен жүргізеді.

Емдеу тактикасы


Емдеу тактикасы
 
Ем мақсаты: тромбтардың тұрақтануы мен еруіне қол жеткізу, асқынуларды алдын алу.

Дəрі-дəрмексіз ем: жоқ.
 
Дəрі-дəрмектік ем:
 
Артықшылықтары мен кемшіліктерін сəйкестендіру: терең веналардың тромбозы кезінде антикоагулянттарды, фракцияланбаған жəне төменмолекулярлық гепаринді қабылдау, сирақ тамырларының жеке (изолированном) тромбозында варфарин мен гепаринді жұптастыру, өкпелік артерияның тромбоэмболиясы кезінде антикоагулянттарды, фракцияланбаған жəне төменмолекулалық гепаринді енгізу.

Беткей веналардың тромбофлебиті кезінде: науқастың қозғалуын тек айқын физикалық белсенділігін (жүгіру, ауыр нəрселерді көтеру, қол-аяқ немесе іштің бұлшықеттерінің кернеуін қажет ететін жұмыс) шектеу арқылы азайту. Сыртқы компрессияны қолдану (серпімді таңғыш, шұлықтар) қабынудың жедел сатысында белгілі жайсыздық туғызуы мүмкін, сондықтан бұл шара өте мұқият түрде тағайындалады.
 
Гепаринді қолданудың 3-5 күні науқаста тромбоцитопения туғызуы мүмкін, ал тромбоциттер санының 30%-көп төмендеуі гепаринді қабылдауды тоқтатуды қажет етеді. Яғни, гемостазды қадағалау қиындай түседі, əсіресе амбулатория жағдайында. Сондықтан ең тиімдісі төменмолекулярлық гепаринді - далтепарин 100 ХБ /кг 2 рет/тəул. т/а, надропарин 100 ХБ/кг 2 рет/тəул. т/а тағайындау, себебі олар тромбоцитопенияның дамуына сирек алып келеді. Сонымен қатар қанның ұю жүйесін бақылауды қажет етпейді. Емдеу курсына 10 10 инъекция жеткілікті, одан кейін науқас тікелей емес əсерлі антикоагулянттарға көшеді.

Қабынуға қарсы терапия – ибупрофен 400 мг күніне 3 рет, ацетилсалицил қышқылы 1 г күніне 3 рет, напроксен 250 мг күніне 2 рет, натрий диклофенагы 50 мг күніне 2 рет, парацетамол 1 г күніне 4 рет. Май түріндегі гепарин.
 
Негізгі жəне қосымша дəрі-дəрмектер тізімі
 
Негізгі дəрі-дəрмектер тізімі:
1. *Гепарин инъекцияға арналған ерітінді.
2.  Далтепарин инъекцияға арналған ерітінді 100 ХБ.
3.  Надропарин инъекцияға арналған ерітінді 2850 ХБ, 3800 ХБ, 5700 ХБ, 7600 ХБ.
4. *Ибупрофен 200 мг, 400 мг табл.
5. *Ацетилсалициловая кислота 300-500 мг табл.
6.  Напроксен 250 мг табл.
7. *Натрий диклофенагы 25 мг, 100 мг, 150 мг табл.
8. *Парацетамол 200 мг, 500 мг табл.
 
Қосымша дəрі-дəрмектер тізімі: жоқ.
 
Ем тиімділігінің индикаторлары: тромбтардың тұрақтануы жəне еруі, асқынулардың алдын алу.

* – Негізгі (өмірге маңызды) дəрілік заттар тізіміне кіретін препараттар.

Госпитализация


Госпитализациялауға көрсетімдер: емнің тиімсіздігі, беткей тамырлардың жедел немесе жеделдеу тромбофлебиті, тромбофлебиттің санның деңгейінде орналасуы

Профилактика


Профилактикалық шаралар: физиотерапиялық емшаралар.

Әрі қарай жүргізу, диспансерлеу принциптері  - тромбтардың тұрақтануы мен еруіне қол жеткізу, өкпелік артерияның тромбоэмболиясын алдын алу, үрдісті тұрақтандыру, еңбекке жарамсыздық көрініс таппаса науқас диспансерлік бақылаудың Д II тобына ауыстырылады.

Ақпарат

Пайдаланған әдебиеттің тізбесі

  1. Аурулардың диагностикасы және емдеу хаттамалары (Приказы №764 - 2007, №165 - 2012)
    1. Хаттаманы дайындау барысында пайдаланылған əдебиеттер: 1. Brandjes DPM, Heijboer H, Buller HR, Rijk M, Jagt H, Ten Cate JW. Acenocoumarol and heparin compared with acenocoumarol alone in the initial treatment of proximal-vein thrombosis. N Engl J Med 1992; 327:1485-1489; 2. Lagerstedt C, Olsson C, Fagher B, Oqvist B, Albrechtsson U. Need for long term anticoagulant treatment in symptomatic calf vein thrombosis. Lancet 1985; 334: 515-518; 3. Barrit DW, Jordan SC. Anticoagulant drugs in the treatment of pulmonary embolism: a controlled trial. Lancet 1960; i:1309-1312; 4. Кияшко В.А., Тромбофлебиты поверхностных вен: диагностика и лечение, 2003; 5. Prodigy Guidance – Thromophlebitis, 2005;

Ақпарат


Əзірлеушілер тізімі: Ерманов Е.Ж., ҚР ДСМ Хирургия ҒО

Қазықтаулы файлдар

Назар аударыңыз!

  • Занимаясь самолечением, вы можете нанести непоправимый вред своему здоровью.  
  • Информация, размещенная на сайте MedElement и в мобильных приложениях "MedElement (МедЭлемент)", "Lekar Pro", "Dariger Pro", "Заболевания: справочник терапевта", не может и не должна заменять очную консультацию врача. Обязательно обращайтесь в медицинские учреждения при наличии каких-либо заболеваний или беспокоящих вас симптомов.  
  • Выбор лекарственных средств и их дозировки, должен быть оговорен со специалистом. Только врач может назначить нужное лекарство и его дозировку с учетом заболевания и состояния организма больного.  
  • Сайт MedElement и мобильные приложения "MedElement (МедЭлемент)", "Lekar Pro", "Dariger Pro", "Заболевания: справочник терапевта" являются исключительно информационно-справочными ресурсами. Информация, размещенная на данном сайте, не должна использоваться для самовольного изменения предписаний врача.  
  • Редакция MedElement не несет ответственности за какой-либо ущерб здоровью или материальный ущерб, возникший в результате использования данного сайта.
На главную
Наверх