Войти

Тоқпан жіліктің диафиз тұсынан сынықтары жылжып кетіп сынуы

H-S-020

РЦРЗ (Республиканский центр развития здравоохранения МЗ РК)
Версия: Архив - Аурулардың диагностикасы және емдеу хаттамалары (Приказ №764, 2007, №165, 2012)

Перелом тела [диафиза] плечевой кости (S42.3)

Анықтамасы

Анықтамасы


Анықтамасы:
 

Тоқпан жілік денесінің (диафизінің) жылжып кеткен сынығы - жарақат немесе патологиялық процесс салдарынан тоқпан жіліктің сүйек тінінің бүтіндігінің бұзылуы.

 

Хаттама коды: H-S-020 "Тоқпан жіліктің диафиз тұсынан сынықтары жылжып кетіп сынуы"
Хирургиялық саладағы стационарлар үшін

АХЖ-10 бойынша коды (кодтары):

S42.3 Тоқпан жілік денесінің (диафизінің) сынығы

Мобильное приложение "MedElement"

- Профессиональные медицинские справочники. Стандарты лечения 

- Коммуникация с пациентами: онлайн-консультация, отзывы, запись на прием

Скачать приложение для ANDROID / для iOS

Мобильное приложение "MedElement"

- Профессиональные медицинские справочники

- Коммуникация с пациентами: онлайн-консультация, отзывы, запись на прием

Скачать приложение для ANDROID / для iOS

Жіктемесі


Жіктемесі 

Бұл хаттамада тоқпан жілік денесінің сынықтары АО Жіктемесі бойынша қарастырылады:

1. Ашық (инфекцияланған сынық).

2. Жабық сынық.


Сыну жазықтығы бойынша:

- көлденең;

- қиғаш;

- бұранда тəрізді;

- бойлық;

- жарықшақтық (сегменттік).


Бөлшектерінің орын ауыстыру түрі бойынша:

- ені бойымен;

- ұзындығы бойымен;

- бұрыш жасай отырып;

- ротациялық.

Қауіп-қатерлі факторлар


Қауіп-қатерлі факторлар:
- шынықпағандық;
- байқамай оқыс қимылдар жасау;
- кəрілік.

Диагностика

 

Диагностика критерилері:

1. Жарақат болған иықтағы ауыру синдромы.

2. Қолдағы қозғалыстың шектелуі немесе мүлдем болмауы.

3. Сынған жердегі жұмсақ тіндердің өзгеруі (ісіну, гематома, деформация жəне т.б.).

4. Тоқпан жіліктің жарақат болуы мүмкін деген жерінде пальпация кезіндегі патологиялық қозғалғыштық, сүйек сынықтарының сықырлауы.

5. Тоқпан жілік диафизінің жылжып кеткен сынығының рентгендік белгілері.

 

Негізгі диагностикалық шаралар тізімі:

1. Жарақат болған иықты 2 проекцияда рентгендік тексеру.

2. Электрокадиография.

3. Жалпы қан анализі.

4. Жалпы несеп анализі.

5. Коагулограмма.

6. Қанның биохимиялық анализі.

7. Мерезді анықтау үшін серологиялық тексеру.

8. ВИЧ.

9. HbsAg, Anti-HCV.


Қосымша патологиялар болған кезде мамандар ұсынған қосымша тексеру шаралары өткізіледі.

Қосымша диагностикалық шаралар тізімі: жоқ.

Емдеу тактикасы

 

Емдеу тактикасы


Ем мақсаты: тоқпан жілік диафизінің жылжып кеткен сынығын дер кезінде анықтап, емдеу əдісін белгілеу (консервативтік, операциялық), мүмкін болатын асқынулардың алдын алу, қалпына келтіру шараларын жүргізу, аяқтың қызметін қалпына келтіру.


Емі: кез-келген емдеу əдісі сəйкес жансыздандыру қолдану арқылы жүргізіледі.


Консервативтік ем:

1. Репозицияны отырғызып немесе жатқызып жүргізеді. Тоқпан жілік денесінің сынығына мүмкін болатын репозициялардың критерилері:

- сынық беттерінің өзара жанасуы;

- 10º-тан аз бұрыштық жылжу.


2. Гипстік жəне мойын арқылы өтіп білекке іліп қойылатын таңғыштармен жасалатын иммобилизация 6 аптаға дейін тағайындалады, əкеткіш ЦИТО шендеуішіндегі (шинасындағы) қаңқа тартқышы немесе кереуеттегі қаңқа тартқышы.


3. Тұрақсыз сынық кезінде иммобилизация уақытын ұзартуы мүмкін. Шендеуішті ортопедиялық аппаратпен алмастыруға болады.


4. 2-3 аптадан кейін пассивті əкету жəне тербету қимылдарын жасауға болады. 6 аптадан соң қолға белсенді қимылдар жасай беру керек.


5. Рентгендік бақылау репозициядан кейінгі бір аптадан соң.


Операциялық ем тұрақсыз сынықта тағайындалады:

1. Пластинка жəне бұранда немесе интрамедуллярлық штифт қолдана отырып остеосинтез жасау, сүйекішілік тежеуші остеосинтез.

2. Сыртқы бекіткіш аппараттармен сүйек сынықтарына жабық репозиция жасау.


Ашық сынықтарға операция жасар алдында міндетті түрде сіреспеге қарсы анатоксин енгізу қажет [2].


Көптеген зерттеулер нəтижесі көрсеткендей, ашық сынығы бар науқастарға антибиотикпен алдын алу шараларын жүргізсе, іріңді-қабынулық асқынулар болу қаупінің барынша азаятыны анықталған. 

Науқастарды 3 қауіп-қатер тобына бөлуге болады [3]:

1. Терісі мен жұмсақ тіндерінің зақымдалуы 1 см-ден кем, жарасы таза ашық сынық.

2. Жақын жатқан тіндердің зақымдалуы жəне орнынан таюы айқын емес, терісінің зақымдалуы 1 см-ден жоғары ашық сынық.

3. Кез-келген сегменттік сынық, жақын жатқан тіндері айқын зақымдалған немесе жарақаттық ампутациясы бар ашық сынықтар.


1-2 қауіп-қатер тобындағы науқастарға негізінен грамоң микроорганизмдерге əсер ететін антибиотиктердің операцияға дайындық дозасын енгізеді (жарақаттан кейін барынша ертерек). 3 қауіп-қатер тобындағы науқастарға қосымша грамтеріс микроорганизмдерге əсер ететін антибиотиктер де тағайындалады.


Антибиотикпен алдын-алу кестесі:

1. 1-2 топтағы науқастарға - 3-4 буындағы цефалоспориндер б\і 1,0-2,0.

2. 3 топтағы науқастарға - 3-4 буындағы цефалоспориндер б\і 1,0-2,0 12 сағаттан кейін (тəулігіне 2 рет), 7 күн + метронидазол 100 мл. в/і 8 сағаттан кейін (тəулігіне 3 рет), 3-5 күн.

 

Негізгі дəрі-дəрмектер тізімі:

1. *Метронидазол таблетка 250 мг инфузияға арналған ерітінді 0,5 флаконда 100 мл

2. *Цефтриаксон инъекциялық ерітінді дайындауға арналған ұнтақ 250 мг, 500 мг, 1000 мг флаконда

3. *Цефуроксим 750 мг, 1.5 гр флаконда иньекциялық ертіндіні дайындауға арналған ұнтақ

4. *Цефтазидим 500 мг, 1 гр, 2г флаконда иньекциялық ертіндіні дайындауға арналған ұнтақ

5. *Цефазолин инъекциялық ерітінді дайындауға арналған ұнтақ 1000 мг

6. *Надропарин кальция - иньекциялық ерітіндісі 2850 МЕ анти-Ха/0,3 мл; 3800 МЕ анти-Ха/0,4 мл; 5700 МЕ анти-Ха/0,6 мл; 7600 МЕ анти-Ха/0,8 мл, 9500 МЕ анти-Ха/1,0 мл


Қосымша дəрі-дəрмектер тізімі: жоқ.


Ем тиімділігінің индикаторлары:

- 1 аптадан кейін рентгендік көрсеткіштер бойынша сыныққа дұрыс репозиция жасау;

- 2 ай бойы сынықтың тұрақты болуы;

- репозициядан кейін пассивті əкету жəне қолды тербету қимылдарын жасай алу;

- репозициядан кейінгі 6 аптадан соң белсенді қимылдар жасай алу;

- қолдың қызметін қалпына келтіру;

- емнен кейін асқынулардың болмауы.


* – Негізгі (өмірге маңызды) дəрілік заттар тізіміне кіретін препараттар.

Ақпарат

Пайдаланған әдебиеттің тізбесі

  1. Аурулардың диагностикасы және емдеу хаттамалары (Приказы №764 - 2007, №165 - 2012)
    1. 1. Work Loss Data Institute. Shoulder.- 2005.- 137 p. 2. Доказательная медицина. КЛИНИЧЕСКИЕ РЕКОМЕНДАЦИИ для практикующих врачей.- Москва, «Геотар-Мед».- 2002.- с.523-524 3. National Guideline Clearinghouse. Practice Managment for Prophylactic Antibiotic Use in Open Fracture: Eastern Association for the Surgery of Trauma.- 2000.- p.28 4. Хирургия. Руководство для врачей и студентов.- Москва, «Геотар-Мед».- 2002.- с.576- 577 5. National Guideline Clearinghouse. Preoperative Test: the Use of Routine Preoperative Tests for Elective Surgery: Evidence, Methods&Guidance. London.-NICE.- 2003. 108p.

Ақпарат


Əзірлеушілер тізімі: Мəлік Б.К., ҚР ДСМ Травматология жəне ортопедия ҒЗИ.

Қазықтаулы файлдар

Назар аударыңыз!

  • Занимаясь самолечением, вы можете нанести непоправимый вред своему здоровью.  
  • Информация, размещенная на сайте MedElement и в мобильных приложениях "MedElement (МедЭлемент)", "Lekar Pro", "Dariger Pro", "Заболевания: справочник терапевта", не может и не должна заменять очную консультацию врача. Обязательно обращайтесь в медицинские учреждения при наличии каких-либо заболеваний или беспокоящих вас симптомов.  
  • Выбор лекарственных средств и их дозировки, должен быть оговорен со специалистом. Только врач может назначить нужное лекарство и его дозировку с учетом заболевания и состояния организма больного.  
  • Сайт MedElement и мобильные приложения "MedElement (МедЭлемент)", "Lekar Pro", "Dariger Pro", "Заболевания: справочник терапевта" являются исключительно информационно-справочными ресурсами. Информация, размещенная на данном сайте, не должна использоваться для самовольного изменения предписаний врача.  
  • Редакция MedElement не несет ответственности за какой-либо ущерб здоровью или материальный ущерб, возникший в результате использования данного сайта.
На главную
Наверх