Тері абсцессі, шиқан, көршиқан

H-S-001

РЦРЗ (Республиканский центр развития здравоохранения МЗ РК)
Версия: Архив - Аурулардың диагностикасы және емдеу хаттамалары (Приказ №764, 2007, №165, 2012)

Абсцесс кожи, фурункул и карбункул других локализаций (L02.8)

Анықтамасы

Анықтамасы


Анықтамасы:
 
Абсцесс дегеніміз - Жіті жəне созылмалы ошақты инфекцияларда пайда болатын жəне сол ошақта тіндердің қалыпты құрылымының бұзылуына əкелетін (көбіне перифокалді ісікпен бірге жүретін), қапшықпен шектелген іріңдік.
Тері мен тері асты шелмайының абсцестері: сыздауық, көршиқан. Қоздырушысы: Staphylococcus aureus.

Сыздауық (фурункул) - түкті фолликулдың жəне оны қоршаған тіндердің Жіті іріңді-некроздық қабынуы. Одан əрі қабыну май бездеріне жəне қоршаған дəнекер тіндерге ауысады. Көбінесе терінің ластануға (білек, қол ұшының сырты) жəне үйкеліске (мойынның артқы беті, бел, бөксе аймағы, сан) жиі ұшырайтын аймақтарында байқалады.
Қоздырушысы көбінесе Staphylococcus aureus, сирек Staphylococcus pyogenes albus.

Фурункулез - көп сыздауықпен зақымдану.

Көршиқан (карбункул) - тері мен тері асты клетчаткасының ауқымды некрозы пайда болуына əкелетін бірнеше түкті фолликулдар мен май бездерінің Жіті іріңді-некроздық қабынуы. Көршиқан көбінесе мойынның артқы бетінде, жауырын аралық жəне жауырын аймағында, белде, бөкседе, сирек қол, аяқта дамиды.
Қоздырушылары - Staphylococcus aureus немесе стафилострептококктық инфекция, сирек стрептококк.

Хаттама коды: H-S-001"Тері абсцессі, шиқан, көршиқан"
Хирургиялық саладағы стационарлар үшін
АХЖ-10 бойынша коды (кодтары): L02 Тері абсцесі, сыздауық жəне көршиқан
 

Диагностикасы

 
Диагностика критерилері

Шағымдар мен анамнез: дене температурасының көтерілуі, жүректің айнуы жəне құсу, тəбеттің жоғалуы, бастың қатты ауруы, ұйқысыздық, кейде сандырақтау жəне санасын жоғалту жағдайлары.

Физикалық тексеру 
Сыздауық (фурункул) кезінде - ірің өзегі пайда бола бастаған ауырсыну сезімін туғызатын конус тəрізді инфильтрат, инфильтрат ұшында немесе ортасында қара нүктесі бар (некроз) аздаған іріңдік байқалады. Іріңді бөртпе (пустула) көбінесе жарылады жəне кебеді, ал 3-7 тəулікте инфильтрат іріңі жайылып некрозданған тіндер өзек түрінде түктің қалған бөлігімен бірге іріңмен бөлініп шығады.

Көршиқан (карбункул) кезінде - алдымен беткей пустуласы бар кішкентай қабыну инфильтраты пайда болады, кейін оның көлемі тез үлкейе бастайды. Тіндердің керілуі пальпация кезінде қатты ауырсынуға, кесіп, тартып, өздігінен ауырсынуға əкеледі. Инфильтрат аймағындағы тері ісініп, керіліп тұрады. Некроз ошағының үстіндегі эпидермис бірнеше жерден тесіледі, бірнеше тесік ("сито") пайда болады жəне олардан қою жасыл-сұр түсті ірің шығады. Тесіктерде некрозданған тіндер көрінеді. Басқа тесіктер бір-бірімен қосылып, теріде үлкен кемістік пайда болады, бұл жерден көп мөлшерде ірің шығып, некрозданған тіндерді бірге шығарады. Температура 40 градусқа дейін көтеріледі, айқын интоксикация байқалады (жүрек айну жəне құсу, тəбеттің жоғалуы, бастың қатты ауруы, ұйқысыздық, кейде сандырақтау жəне санасын жоғалту жағдайлары байқалады).

Лабораториялық тексеру: ЖҚА, лейкоцитоз, ЭТЖ артуы.

Инструменталдық зерттеулер: жоқ.

Мамандардың консультациясы үшін көрсеткіштер: эндокринолог консультациясы - қантты диабетті алып тастау үшін.

Дифференциалды диагноз: жоқ.
 
Негізгі диагностикалық шаралар тізімі:
- бөлінген іріңді тазалау;
- жағындының (мазок) микроскопиясы;
- қандағы қант мөлшерін анықтау.

Қосымша диагностикалық шаралар тізімі:
- эндокринолог консультациясы.
Онлайн-консультация врача

Посоветоваться с опытным специалистом, не выходя из дома!

        Консультация по вопросам здоровья от 2500 тг / 430 руб

        Интерпретация результатов анализов, исследований

        Второе мнение относительно диагноза, лечения

        Выбрать врача

        Емдеу тактикасы

         
        Емдеу тактикасы

        Ем мақсаты: жараны тазалау, жараның тыртықсыз жазылуы.

        Дəрі-дəрмексіз ем 
        Сыздауық кезінде операция сирек жасалады. Бірақ іріңді-некроздық өзектің дұрыс шықпауына байланысты теріні өткір скальпельмен кеседі.

        Сыздауықты кесуге болмайды, себебі іріңді инфекция қоршаған тіндерге жайылып кетуі мүмкін. Сыздауықтың ішіндегісін сығып шығаруға мүлдем болмайды жəне қабыну ошағының айналасына массаж жасауға тиым салынады.

        Егер көршиқанды емдеуде консервативті ем нəтижесін бермесе, операция жасауға көрсеткіш - интоксикацияның өршуі болып табылады. Операция наркозбен жасалады, көршиқанды крест тəрізді тіледі, тілік бүкіл некрозданған тіндер арқылы өтіп, өміршең тіндерге дейін жүргізіледі, іспектер кесіліп жарылады. Натрий хлоридінің гипертониялық ерітіндісі, Вишневский немесе басқа антисептикалық жақпа майы бар таңғыштар қолданылынады.

        Іріңді ісікті (абсцесті) ашу үшін анатомиялық құрылымдарды есепке ала отырып, ең қысқа жолды таңдайды.

        Алдымен іріңді ісікті тесуге болады, сосын ине бойымен тінді тілеміз. Іріңді алып тастағаннан кейін тілікті кеңейтіп, некрозданған тіндерді кесіп алып тастаймыз. Пайда болған қуысты антисептикалық ерітінділермен өңдеп, антисептиктері, протеолитикалық ферменттері бар дəке тампондармен дренаж жасайды, сонымен қатар резина дренаж да жасауға болады. Дренаж дұрыс жасалмағанда негізгі тіліктен қосымша тілік (контрапертура) жасайды.

        Алғашқы 2-3 күнде жараны күн сайын қайта таңады, кейін жара ірің мен некрозданған тіндерден тазарғаннан кейін сирек жақпамен таңуға көшеді. Кейбір жағдайда іріңді ісікті қасындағы сау тіндер арқылы кесіп алып тастап, жарадан белсенді түрде сұйықты сорып ала отырып (аспирация) бірінші тігіс салуға болады, бұл жараның тез жазылуына жəне  косметикалық жақсы нəтижеге қол жеткізуге мүмкіндік береді.

        Дəрі-дəрмекті ем 
        Қабынуға қарсы жəне иммунитетті ретке келтіретін, зат алмасуды жақсартатын əсері бар витаминдер беру ұсынылады: аскорбин қышқылы 5% -2,0 б/і №10-15, поливит 1 др. х 3 рет күніне, 10 күн.

        Антибиотиктер микрофлораның сезімталдығына байланысты:
        1. Феноксиметилпенициллин - 0,25 г 4 рет/тəул. (стрептококктық инфекция кезінде).
        2. Амоксициллин/клавуланат - 0,375-0,625 г 3 рет/тəул.
        3. Цефалексин 0,5-1,0 г 4 рет/тəул.
        4. Цефуроксим аксетил - 0,5 г 2 рет/тəул. тамақ ішу кезінде.
        5. Эритромицин 0,5 г 4 рет/тəул.
        6. Оксациллин 1-2 г 4-6 рет/тəул. в/і, б/і.
        6. Цефазолин 1-2 г 3 рет/тəул. в/і, б/і.
        7. Фузиди қышқылы 0,5-1 г 3 рет/тəул. ішке.
        8. Цефтриаксон 1, 0 г 1 рет/тəул. б/і.
        9. Итраконазол ауыз арқылы берілетін ерітінді 400 мг\тəул. - 7 күн (кандидоздың алдын алу үшін).

        Жергілікті - негізінде мупироцин бар 2% жақпа май немесе крем, негізінде фузиди қышқылының натрий тұзы бар 2% жақпа май немесе крем.

        Аурудың қайтпайтын ағымын, дермадағы қабыну процесінің дамуын жəне организмнің сезімталдығын ескере отырып, сезімталдыққа қарсы заттар тағайындалады: натрий тиосульфаты 30% - 10,0 в/і күн сайын №10-15.

        Іріңді бөртпелі ауруларда шеткі қан айналымның жəне зат алмасудың бұзылатынын ескере отырып, никотин қышқылы 1% 1,0 б/і №10-15 тағайындалады (көмірсу алмасуын, микроциркуляцияны жақсартады, тамыр кеңейткіш əсері бар жəне тіннің қалпына келу қасиетін жақсартады).
         
        Токсиндерді сорып алатын препараттар тағайындалады: активті көмір - 6 таб. таңертең аш қарынға 10 күн.

        ОНЖ қозғыштығын азайту үшін тыныштандыратын заттар тағайындалады: тау жалбызының (пустырник) тұнбасы 20 там. х 3 рет күніне бір ай бойы.
         
        Аурудың патогенезінде иммундік жетіспеушілік жағдай маңызды орын алатынын ескере отырып, организмнің қарсы тұру қабілетін қалпына келтіру үшін иммуномодуляторлар тағайындайды: метилурацил 500 мг х 3 рет күніне, 10 күн; метронидазол 250 мг х 3 рет күніне -10 күн. Ұйқы безінің, бауырдың, өт шығару жолдарының зақымдалуын қалпына келтіру үшін, арнайы емес қорғаныш факторларының бұзылуын реттеу үшін жəне қосымша патологиялардың болуына байланысты - панкреатин 1 капс. х 4 рет күніне, 10 күн тағайындайды.

        Қанның реологиялық қасиетін жəне микроциркуляцияны жақсарту үшін - декстран 400 мл в/і 1 рет күніне, курстық мөлшері 800 мл. тағайындайды. Сыртынан жағуға бактерицидтік, антисептикалық препараттар - антибиотик жақпа майлар, анилин бояушыларының ерітінділері (метилен көгі, калий перманганаты, сутегі тотығы), қабынуға қарсы, терінің қоректенуін жақсартатын препараттар тағайындайды.

        Профилактикалық шаралар: тазалық ережелерін сақтау, теріге дұрыс күтім жасау, толық тамақтану.

        Əрі қарай жүргізу: жоқ.
         
        Негізгі дəрі-дəрмектер тізімі:
        1. *Аскорбин қышқылы ерітіндісі инъекция үшін 5%, 10% 2 мл, 5 мл ампулада
        2. Феноксиметилпенициллин 500 мг табл.
        3. *Амоксициллин+клавулонды қышқыл табл., оның қабықшасын жабу 500 мг/125 мг, 875 мг/125 мг; флаконда 500 мл/100 мг ұнтақ дайындайды, вена ішілік ендіруге
        4. *Цефалексин 250 мг, 500 мг табл., капс.; суспензия жəне сироп 125 мг, 250 мг/5 мл
        5. *Цефуроксим 250 мг, 500 мг табл.; инъекциялық ерітінді дайындау үшін ұнтақ 750 мг флаконда
        6. *Эритромицин 250 мг, 500 мг табл.; пероралді берілетін суспензия 250 мг/5 мл
        7. *Цефазолин инъекциялық ерітінді дайындау үшін ұнтақ 1000 мг
        8. *Цефтриаксон инъекциялық ерітінді дайындау үшін ұнтақ 250 мг, 500 мг, 1000 мг флаконда
        9. Тикарциллин+клавулонды қышқыл, иньекциялық ертіндіні дайындауға арналған лиофилиздаған ұнтақ 3000 мг/200 мг
        10. *Итраконазол ауыз арқылы берілетін ерітінді 150 мл - 10 мг\мл
        11. *Натрий тиосульфаты инъекцияға арналған ерітінді 30% 5 мл, 10 мл ампулада
        12. *Никотин қышқылы 50 мг табл.; ампуладағы ерітінді 1% 1 мл
        13. *Активтелген көмір 250 мг табл.
        14. Тау жалбызының (пустырник) тұнбасы 30 мл, 50 мл фл.
        15. *Метилурацил 10% жақпа май
        16. *Метронидазол 250 мг табл.; инфузияға арналған ерітінді 0,5 100 мл флаконда
        17. *Панкреатин таблетка, капсула құрамында липаза 4 500 бірл. кем емес
        18. *Декстран инфузияға арналған ерітінді 200 мл, 400 мл флаконда
        19. *Метилен көгінің спирттегі ерітіндісі 1% 10 мл флаконда
        20. *Калий перманганатының сулы ерітіндісі 1:10 000
        21. *Сутегі тотығы 3% ерітіндісі 25 мл, 40 мл флаконда

        Қосымша дəрі-дəрмектер тізімі: жоқ.

        Ем тиімділігінің индикаторлары: операциялық жараның жазылуы.


        * – Негізгі (өмірге маңызды) дəрілік заттар тізіміне кіретін препараттар. 

        Ауруханаға жатқызу

         
        Госпитализациялау үшін көрсетімдер: асқынулардың дамуы - лимфангит, лимфаденит, үдемелі тромбофлебит, сепсис, іріңді менингит.

        Ақпарат

        Пайдаланған әдебиеттің тізбесі

        1. Аурулардың диагностикасы және емдеу хаттамалары (Приказы №764 - 2007, №165 - 2012)
          1. 1. MedlinePlus. Furuncle and Carbunculosis. 2. Зубков М.Н. Поверхностные и глубокие инфекции кожи.

        Ақпарат


        Ерманов Е.Ж. ҚР ДСМ Хирургия ҒО.

        Қазықтаулы файлдар

        Мобильное приложение "MedElement"
        • Профессиональные медицинские справочники. Стандарты лечения
        • Коммуникация с пациентами: онлайн-консультация, отзывы, запись на приём

        Скачать приложение для ANDROID / для iOS

        Мобильное приложение "MedElement"
        • Профессиональные медицинские справочники
        • Коммуникация с пациентами: онлайн-консультация, отзывы, запись на приём

        Скачать приложение для ANDROID / для iOS

        Назар аударыңыз!

        • Занимаясь самолечением, вы можете нанести непоправимый вред своему здоровью.  
        • Информация, размещенная на сайте MedElement и в мобильных приложениях "MedElement (МедЭлемент)", "Lekar Pro", "Dariger Pro", "Заболевания: справочник терапевта", не может и не должна заменять очную консультацию врача. Обязательно обращайтесь в медицинские учреждения при наличии каких-либо заболеваний или беспокоящих вас симптомов.  
        • Выбор лекарственных средств и их дозировки, должен быть оговорен со специалистом. Только врач может назначить нужное лекарство и его дозировку с учетом заболевания и состояния организма больного.  
        • Сайт MedElement и мобильные приложения "MedElement (МедЭлемент)", "Lekar Pro", "Dariger Pro", "Заболевания: справочник терапевта" являются исключительно информационно-справочными ресурсами. Информация, размещенная на данном сайте, не должна использоваться для самовольного изменения предписаний врача.  
        • Редакция MedElement не несет ответственности за какой-либо ущерб здоровью или материальный ущерб, возникший в результате использования данного сайта.
        На главную
        Наверх