Терінің және шырышты қабықшалардың қайталама мерезі

Версия: ҚР ДСМ клиникалық хаттамалар - 2014 (Қазақстан)

Вторичный сифилис кожи и слизистых оболочек (A51.3)
Дерматовенерология

Анықтамасы

Анықтамасы


Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау министрлiгi
Денсаулық сақтауды дамыту
мәселелері жөніндегі
сараптау комиссиясында
2014 жылғы «4» шілдедегі
№ 10 хаттамасымен
бекітілген

 
 
Мерез [1, 2, 3] – көбінесе жыныстық жолмен жұғатын бозарған трепонемадан болатын жұқпалы ауру, оған созылмалы прогредиентті (кезеңдік), қайталанатын ағым тән.
Терінің және шырышты қабықшалардың қайталама мерезі инфекцияның гематогенді таралуы нәтижесінде, жұқтырып алғаннан кейін орта есеппен 9 - 10 аптадан кейін пайда болады.
Терінің және шырышты қабықшалардың қайталама мерезі – бұл мерездің бір түрі, оған өзіне тән бөртпе - теріде және/немесе шырышты қабықшаларда дақты, папулалы, пустулалы және везикулалы сифилидтер (диффузды және локальды розеолезді және папулалы сифилидтер); лейкодермалар (дақты, торлы, ақ); алопеция (ұсақ ошақты, диффузды, аралас) сипатты.
Қайталама тері көріністері аясында алғашқы висцеральды зақымданулар дамуы мүмкін – кардиоваскулярлы сифилис, гепатит, гастрит және т. б., тірек-қозғалыс аппаратының зақымдалуы (аяқ-қолдарының ұзын түтік тәрізді сүйектерінде түнгі ауыруы, синовиттер, остеоартриттер).

Хаттаманың атауы: Терінің және шырышты қабықшалардың қайталама мерезі
 
Хаттаманың коды:
 
Код (кодтар) ХАЖ Х
А51.3 Терінің және шырышты қабықшалардың қайталама мерезі
 
Хаттамада қолданылатын қысқартулар:
МҚП - микробқа қарсы препараттар
б/е – бұлшықет ішілік
г - грамм
ӘБ - әрекет бірлігі
ИФТ - иммуноферментті талдау
СРЖ - серологиялық реакциялардың жиынтығы
ХПЕА - халықаралық патенттелмеген аталымы
мл - миллилитр
мг - миллиграмм
ПТР - полимеразды тізбекті реакция
ТИФ - тікелей иммунофлюоресценция
БТИР - бозарған трепонемдер иммобилизациялау реакциясы
ИФР - иммунофлюоресценцияның реакциясы
МПР - микропреципитацияның реакциясы
КБР - комплементаның байланыстыру реакциясы
СГАР - селқос гемагглютинацияның реакциясы
е-і - ерітінді
RW - Вассерман реакциясы
 
Хаттаманы дайындау күні: 2014 жыл.
 
Пациенттердің санаты: ересектер, балалар.
 
Хаттаманы пайдаланушылар: дерматовенерологтар, гинекологтар, урологтар, жалпы тәжірибие дәрігерлері, терапевтер, педиатрлар

Жіктемесі

Клиникалық жіктелуі:

Терінің және шырышты қабықшалардың қайталама мерезінің клиникалық жіктелуі [1, 2, 3]:

Ағымның кезеңі бойынша:
·            қайталама жаңа мерез;
·             қайталанбалы рецидивті мерез;
·            жасырын мерез.
Пішіні бойынша:
·            розеолезді сифилид;
·            папулалы сифилид;
·            сифилитикалық алопеция;
·            сифилитикалық лейкодерма;
·            шырышты қабықшаларда зақымдану ошағы;
·            кең кондилома;
·            пустулалы сифилид.

 

Диагностикасы

 
Диагностикалық іс-шаралардың негізгі және қосымша тізімі
 
Амбулаториялық деңгейде жүргізілетін негізгі (міндетті) диагностикалық тексерулер:
 
Жалпы клиникалық әдістер: қараңғы өрісте микроскопия көмегімен жыныстық мүшелердің бөлінділерінен алынатын бозарған трепонеманы табу
Серологиялық: қан сарысуында Вессерман реакциясының қойылуы
Қан сарысуында бозарған трепонеманың антигенімен СГАР қойылуы
ПТР: ПТР әдісімен биологиялық материалда Treponema pallidum табу
ИФТ: ИФТ - әдісімен қан сарысуында Treponema pallidum-ге Jg M, Jg G анықтау
ИФ: иммунофлюоресценциялау реакциясында биологиялық материалда Treponema pallidum-ге антиденелерді анықтау
Қан сарысуында кардиолипинды антигенмен микропреципитация реакциясы
Өзге ЖЖБИ (терапия басталғанға дейін) урогениталдық сүртіндіні жалпы клиникалық зерттеу (метиленді көк және/немесе Грам бойынша бояу).
 
Амбулаториялық деңгейде жүргізілетін қосымша диагностикалық тексерулер:
Шартты-патогенді микроағзаларды сәйкестендіру үшін культуральды зерттеу (аэробты, факультативтік және міндетті-анаэробты, оның ішінде бактериальды вагинезбен байланыстырылған);
Кіші жамбас мүшелерінің УДЗ.
 
Жоспарлы госпитальдауға жіберудегі жүргізуге қажетті тексерулердің минимальды тізімі:
қараңғы өрістегі микроскопия немесе тікелей иммунофлюоресценция (ТИФ) немесе полимеразды тізбекті реакция (ПТР);
Тікелей детекцияны жүргізу мүмкіндігі жоқ, болса серологиялық тестерді пайдаланған жөн:
 
Трепонемді емес тестер – тізімнен біреуі: плазмасымен және инактивтелген сарысуымен ПМР (преципитацияның микрореакциясы) немесе оның аналогтары: RPR (Rapid Plasma Reagins) – шапшаң плазмалы реагиндердің тесті; VDRL (Venereal Diseases Research Laboratory – Мерез ауруларын зерттейтін зертхананың тесті);
KБР – кардиолипинді және трепонемді антигендері бар Комплементаның Байланыстыру Реакциясы.
және/немесе
Трепонемді – тізімнен біреуі: Селқос Гемагглютинацияның Реакциясы (СГАР); Jg M, Jg G классты антиденелердің иммуноферментті талдауы (ИФТ) мен жиынтығы; иммунофлюоресценция реакциясы (ИФР немесе FTA), Бозарған трепонемдер иммобилизациялау реакциясы (ТИР); ПТР.
Қанның жалпы талдауы; 
Несептің жалпы талдауы;
Қанның биохимиялық талдаулары (АсАт, АлАТ, жалпы билирубин, глюкоза);
АИТВ-ға тест;
Ішек құртына нәжіс (14 жасқа дейінгі балаларда);
В, С гепатитіне тест.

 

Стационарлық деңгейде жүргізілетін негізгі (міндетті) диагностикалық тексерулер:

Қанның жапы талдауы (терапияның соңында);

Несептің жалпы талдауы (терапияның соңында);
Терапия басталғанға дейін өзге ЖЖБИ-ға (бірінші кезекте C. Trachomatis сәйкестендіру) МАНК (ПТР);
Жағынның микроскопиясы (N. Gonorrhoeae және T. vaginalis сәйкестендіру үшін метиленді көк және/немесе Грам бойынша бояу) – емдеуге дейін;
Терапияның тиімділігін бақылау үшін терапияның соңына қарай – трепонемді емес тестері – тізімнің біреуі: плазмасымен және инактивтелген сарысуымен ПМР (преципитацияның микрореакциясы) немесе оның аналогтары: RPR (Rapid Plasma Reagins) – шапшаң плазмалы реагиндердің тесті; VDRL (Venereal Diseases Research Laboratory – Мерез ауруларын зерттеу бойынша зертхананың тесті).
 

Стационарлық деңгейде жүргізілетін қосымша диагностикалық тексерулер:

шартты-патогенді микроағзаларды сәйкестендіру үшін культуральды зерттеу (аэробты, факультативтік - және облигаттық-анаэробты, оның ішінде бактериальды вагинезбен байланыстырылған);

Кіші жамбас мүшелерінің УДЗ.
 
Жедел шұғыл жәрдем көрсету кезеңінде жүргізілетін диагностикалық іс-шаралар : жүргізілмейді.
 
Диагностикалық критерийлер:

Шағымдар мен анамнез:

Шағымдар:
·терінің және шырышты қабықшалардың, жыныстық мүшелердің зақымдануы,
·шаштың түсуі,
·бөрту тұсында субъективті түйсінулер;
·лимфалық түйіндердің ұлғаюы.

Анамнез:
Міндетті түрде келесі мәліметтер айқындалады:
·теріде/шырышты қабықшаларда бөртулердің пайда болу ескілігі;
·болжалды жұқтыру көзімен жыныстық байланыс сәтінен бастап теріде және/немесе шырышты қабықшаларда бөртулердің пайда болуына дейін өткен уақыт;
·тері және/немесе шырышты қабықшалар зақымдалуының қайталамалығы;
·осыдан бұрын мерез деген диагноз қойылды ма және қашан емделді;
·жыныс мүшелерінің тері және/немесе шырышты қабықшалар зақымдалулары болды ма;
·жыныстық серіктес венерологпен тексерілді ме және аурудың кезеңінде көрсетумен мерез деген диагноз қойылды ма;
·отбасында кәмелеттік жасқа толмаған балалар бар ма.
 
Физикалды тексеру:

Терідегі өзгерулердің патоморфологиялық көрінісі клиникалық түріне байланысты:

· қайталама жаңа мерез кезінде:
сифилидттер ұсақтау, жойқын аса жарқын түсті. Әсіресе дененің терісінде симметриялы орналасқан, топтасу мен қосылуға үрдістері жоқ, әдеттегідей, қабыршақтанбайды. Полисклероаденит (ұлғайтылған, тығыз иілімді консистенциялы жылжымалы ауыртпайтын қолтық асты, жақ асты, мойын, кубитальды лимфалық түйіндер және т. б.) айқынырақ көрінген.

· Қайталама рецидив мерез кезінде:
элементтері ірірек, аса жойқын емес, көптеген жағдайларда симметриялы емес, топтасуға бейімді фигуралардың, гирляндалардың, доғалардың пайда болуы), аса ағарған түсті. Олар денеде, бастың шашты бөлігінде, бетте, аяқ-қолдарда, алақандар мен табандарда, бұтарада, шап қатпарларында жиі орналасады. Жыныс мүшелердің шырышты қабықшаларында, ернеулерінде, яғни, тітіркенуге жататын орындарда. Папулалы бөртпе жиі сипатты, тығыз иілімді консистенциялы жылжымалы ауыртпайтын (қолтық асты, жақ асты, мойын, кубитальды) ұлғайтылған лимфалық түйіндер байқалады. Бастапқы мерездің қалдықты құбылыстары, ішкі мүшелердің және жүйелердің зақымдалуы мүмкін.
 
Зертханалық зерттеулер:
·Ерекше антидене әдісімен қан сарысуында ИФТ анықтау: Jg M, Jg G: Treponema Pallidum-ге АД табу;
·ПТР әдісімен биологиялық материалда: Treponema Pallidum ДНҚ табу;
·Иммунофлюоресценция реакциясында биологиялық материалда Treponema Pallidum анықтау: Treponema Pallidum-ге антиденелерді анықтау;
·Қан сарысуында кардиолипинды антигенмен микропреципитация реакциясы: комплемент байланыстыруының оң реакциясы;

Серологиялық: қан сарысуында Вессерман реакциясының қойылуы: оң  нәтижелер;

Қан сарысуында бозарған трепонеманың антигенімен СГАР қойылуы: оң нәтижелер.
 
Аспаптық зерттеулер: жүргізілмейді.
 
Мамандардың кеңесіне арналған көрсетімдер
· терапевтің кеңесі– ішкі ағзалардың ерекше зақымданулары болса;
· невропатологтың кеңесі;
· офтальмологтың кеңесі.

Дифференциалды диагноз

Клиникалық көріністер негізінде мерездің дифференциалды диагностикалау түріне байланысты аурулармен жүргізіледі (1, 2, 3, 4, 5-кесте):
 
1-кесте. Қайталама мерез дақты бөртулерінің дифференциалды диагностикасы:
 

Атауы Негізгі белгілері
Қызамық Әдеттегідей, дененің аса жоғары температурасымен және жалпы күйдің бұзылуымен бірге болады. Бөртпе алдымен бетте, содан кейін мойында пайда болады және денеге таралады. Бөртулер ағарған-қызғылт түсті, өлшемі 2-3 мм дейін, дөңгелек немесе сопақ пішіні бар, қосылуға бейімді емес, жиі тері деңгейінен біраз жоғары тұрады, 2-3 күн бар болады және ізсіз жоғалады; бір уақытта жұтқыншақтың шырышты қабықшасында ұқсас бөртулер болады; кейде қышытып мазаны алады.
Қызылша Әдеттегідей, дененің аса жоғары температурасымен және жалпы күйдің бұзылуымен бірге болады. Бөртпе жойқын, ірі, қосылған. Алдымен бетте, мойында денеде, аяқ-қолдарда, оның ішінде қолдың буыны мен табанның арт жағында пайда болады; бөртпенің қозуы кезінде қабыршақтану пайда болады. Мойынның шырышты қабықшасында, кейде ерінде, қызыл иекте Филатов-Копликтің нүктелі ақшылттау дақтары пайда болады.
Іш (бөртпе) сүзегі Іш және бөртпе сүзегі кезінде бөртулер әрқашан ауыр жалпы құбылыстармен бірге болады, сүзек кезінде розеолалар онша жойқын емес, жиі петехиальды болады; одан басқа, бұл жағдайларда бастапқы склероз, склераденит, полиаденит болмайды.
Токсикодермия Басталуы мен ағымы жіті, бөртпе элементтерінің жарқын бояуы, қабыршақтануға тез қосылуы, перифериялық өсуге және қосылуға бейімді, жиі күйдірумен және қышумен бірге болады.

Жибердің қызғылт теміреткісі

Бастапқыда өлшемдері шамамен 1,5-3,0 см және жұмсақ күлән қағаз тәрізді тыржиған, аса жіңішке қатпарлы сарғылт қабыршағы бар сопақ, қызғылт-қызыл дақ балып табылатын аналық түйіндік көрінеді. 1-2 аптадан соң төмен мөлшерлі көптеген ұқсас элементтер көрінеді, олар метамералар бойынша ұзын диаметрмен орналасады.
 
Кебек тәрізді теміреткі Ісіп қызармауға, қабыршақтануға, қосылуға бейімді сүт қосқан кофе түсті дақтар, жиі дененің үстіңгі бөлігінде. Мұндай дақтарды йод тұнбасымен майлау кезінде олар қоршаған теріге қарағанда күңгірттеу түске боялады.
Педикулез Жабысқақтардың тістеулерінен болатын дақтар мерездік розеолладан сұрғылт-күлгін түспен ерекшеленеді, кейбір дақтардың ортасында зорға байқалатын геморрагиялы нүкте бар; бұл дақтар сыққан кезде кетпейді.

2-кесте. Қайталама мерез кезінде папулалды бөртулердің дифференциалды  диагностикасы:
Атауы Негізгі белгілері
Қызыл жалпақ теміреткі Жалпақ, жылтыр, полигональды папулалар, ливид түсті папуланың ортасында кіндік тәрізді сығуы бар. Біркелкі емес гранулездің кесірінен папулалардың беттерінде сұрғылт-ақшылдау торапшасы анықталады. (Уикхемдің торабы). Әдетте, процесс қатты қышынумен бірге болады.
Парапсориаз Тамшы тәрізді парапсориаз кезінде тек қана бұл ауруға тән симптомдардың триадасы бар. Бөртулерді қырнау кезінде жасырын қабыршақтану, «қабық» симптомы айқындалады, яғни қабыршақтанудың коллоидті қабықша түрі және папула төңірегінде геморрагилері бар. Одан басқа, псориаз кезіндегі бөртулер мерездік түйіндермен салыстырғанда аз инфильтратқа ие және ауыздың шырышты қабықшасында өте сирек көрінеді.
Псориаз Псориазформды папулалды сифилидтен ерекшелігі псориаз үшін стеаринды дақтың, псориатттық қабықшаның және нүктелі қан ағу феномендері, перифериялық өсуімен және түйіндіктердің пайда болуымен қосылуларға бейімділігімен, жиі қайталанбалы созылмалы ағымымен сипатталады. Одан басқа, псориатттық бөртулерге қызғылт түс тән.
Ұшы өткiр кондиломалар Ұшы өткiр кондиломалар кең кондиломалардан жіңішке сабағы бар түсті қырыққабатты елестететін жарнақты құрылымымен ерекшеленеді. Ұшы өткiр кондиломалардың жұмсақ консистенциясы бар, оның ішінде сабағының негізінде, 1 см және одан аса диаметрге жететін әртүрлі мөлшері, түсі қалыпты терінікі немесе қызғылт-қызыл, жиі олар оңай қансырайды.

Геморройдық түйіндер

Теріде бүкіл негіздерімен орналасқан кең кондиломаларға қарағанда, геморройдық түйіндердің тым болмаса бір беті тік ішектің шырышты қабықшасымен қапталған. Одан басқа, геморройдық түйіндердің жұмсақ консистенциясы бар, жиі қан ағады, тығыз иілімді инфильтраты жоқ. Геморройдың ұзақ уақыт болуын, сондай-ақ, геморройдық түйіндерде мерездік бөртулердің пайда болу мүмкіндігін ескерген жөн.
Лихеноидты туберкулез Туберкулез элементтерінің жұмсақ консистенциясы бар, сарғылт-қызыл түсті, топтасуға бейімді, бөртулердің бетінде нәзік қабыршақтар пайда болады, процесс көбінесе балалық жаста басталады, туберкулинды реакциялар оң, мерездің өзге көрсеткіштері жоқ және серологиялық реакциялары теріс.

3-кесте. Қайталама мерез пустулалды бөртулердің дифференциалды диагностикасы: безеу тәрізді (акнеге ұқсас), шешек тәрізді, иметигинозды,   эктиматозды және рупеоидтіні қоса):
Атауы Негізгі белгілері
Тұрпайы безеулер Жіті қабынуы, ауырулығы, көрінетін себорея және комедондардың болуы сипатты. Жиі қайталанбалы созылмалы ағымы, аурулардың жасы.
Терінің папуланекротомия-
лық туберкулезі
Аяқ-қолдардың жазылатын беттерінде тоқтатылады, ұзақ уақыт бар болады, орталық бөліктің некрозына ұшырап, мерез кезінде ешқашан болмайтын «таңбаланған» ұсақ жолдар қалдыратын элементтері түйінді бөртулердің орнында торпидті дамып орналасады.
Табиғи және жел шешектері Дененің жоғарғы температурасымен, аурудың жалпы ауыр күйімен жіті басталуы, пустула негізінде тығыз инфильтраттың болмау, бөртулердің алдымен бетте пайда болуы, теріс серологиялық реакциялар.
Тұрпайы импетиго Жіті басталуы, тез таралуы, негізде тығыздаусыз фликтен басынан, алтын немесе күңгірт-сұр қабықтарымен пайда болу, оларды алып тастаған кезде тегіс ылғалды жарқын-қызыл түсті эрозиялы беткей жалақтатылады. Периферия бойынша дұрыс емес кескіндердің үлкен ошақтарына бөртулердің қосылуымен «елеулер» байқалады. Негізінен балалар ауырады.
Тұрпайы эктима

Бастапқыда айналасындағы терінің жіті ісіп қызару реакциясы мен негізде инфильтрациясыз стрептококтік пустула пайда болады.


4-кесте. Қайталама мерез кезінде мерездік лейкодерманың және мерездік алопецияның сараланған диагностикасы:
Атауы Негізгі белгілері
Витилиго Витилиго кезінде зақымданған ошақтарда пигменттің толық жоқ болуы, перифериялық өсу мен қосылуға бейімділігі бар, қайта боялу ошақтарының аса ірі өлшемдері белгіленеді.
Қайталама лейкодерма (кебек тәрізді теміреткімен шартталған) Кебек тәрізді теміреткінің орнында пайда болған қайталама лейкодерма кезінде қайта боялған дақтардың әр түрлі пішіні мен  мөлшері бар, фестонды кескіні бар ошақтардың пайда болуымен қосылуға бейімделген.
Ұялы алопеция

Саралау жиі өте ауыр болады. Алайда, мерез кезіне қарағанда ұялы алопеция кезінде жылтыр тегіс бетімен және шаштардың толық болмауымен, сондай-ақ, шеттері бойынша жұқарған шаштардың аумағымен кенет шектелген, қасқабастанудың бірыңғай айтарлықтай аса ірі ошақтары пайда болады.

Үстіртін трихофития

Зақымдану ошақтарында қабыршақтану бар, бұл ошақтарда шаштар түспейді, сынады. Зақымдалған шаштарда саңырауқұлақтардың спорасы табылады.


5-кесте. Қайталама мерез кезінде ауыздың және көмейдің шырышты қабықшалар зақымдануларының сараланған диагностикасы:
Атауы Негізгі белгілері
Қабынба ангина Қабынба баспа кезінде аурулар, дене температурасының жоғарылауы, бадамша бездің іскендігі, жарқын-қызыл эритема.
Дерілік бөртулер (токсикодермия) Ауыздың шырышты қабықшаларда дәрілік бөртулер дақты сифилидтен зақымдалудың аумақты болғанымен ерекшеленеді, олар әдетте тек қана бадамша бездері мен доғаларды қамтымайды, ал жақтарды, тілді және т. б. қамтиды, мұнда, әшейінде ауыздың шырышты қабықшасының гиперемирияланып іскендігінде ауыратын эрозияға тез айналатын қабыршықтар пайда болады. Одан басқа, шырышты қабықшасында дәрілік бөртулер күйдірумен бірге болады. Оларға әкелген емдік дәрі-дәрмектерді қабылдауды тоқтатқаннан кейін бұл бөртулер тез жоғалады.
Плаут-Венсанның жаралы-некроздық баспасы Процесс бір жақты. Ауыратын жаралар күңгірт-сұр түсі бар некроздалған қоспалармен жабылған, зақымдалған бадамша безі үлкейген, регионарлы лимфаденит және қызу көтерілуі байқалады. Бөлінділерде ауруды қоздырғыштар оңай табылады.
Ауыздың шырышты қабықшасының кандидозы Зақымдалу ошағынан сұрғылт-ақ жұқа қабатын жойғаннан кейін, эрозияға ұшырамаған, қызыл барқыттай беткей жалақтатылады; кандидоз кезінде жұқа қабатында микроскопия кезінде ашытқы жасушалардың үлкен мөлшері табылады.
Десквамативті глоссит Десквамация учаскелерінің жарқын-қызыл түсі, олардың шеттері бойынша ақ әдіп, фестонды кескін, негізде тығыздаудың болмауы, бөртулердің жиі миграциясы, аурулардың созылмалы ағымы.

Афтілер

Жіті басталуы, кенет аурушаңдығы, некроз учаскесінің айналасында гиперемияның жарқын әдіп, инфильтрацияның болмауы, қоршаушы тіндердің біраз іскендігі, қысқа мерзімді бар болуы, жиі қайталануы.

Көп формалы экссудативті эритема (КЭЭ), буллезді пемфигоид, нағыз күлдіреуік

Бұл процесстер кезінде эрозия негізінде инфильтрация жоқ, бөртулер жиі ауыр субъективті түйсінулермен бірге болады. Эрозия айналасындағы гиперемияның (КЭЭ, ұшық) жарқын-қызыл түсі мен бұлдыр көріністері бар. Ұшық кезіндегі эрозиялар полициклдік көрініске ие. Мұнда, КЭЭ буллезді пемфигоид және күлдіреуік кезінде эрозияның шеті бойынша эпителий қиындысын жиі көруге болады – қабыршақ қақпақтарының қалдықтары. Күлдіреуік  кезінде – Никольскийдің оң симптомдары мен эрозия беткейлерінен таңбалардың сүртінділерінде акантолитикалық торлар, ал КЭЭ мен буллезді пемфигоид кезінде эрозия алдыңғы қабыршақтарды көруге болады.

Лейкоплакия, қызыл жалпақ теміреткінің папулалары, қызыл жегінің ошақтары

Көрсетілген патологиялық жағдайлар кезінде қырнау кезінде жұқа қабат зорға алынады. Лейкоплакия ошақтары ірі, әрқашан дөңгелек пішінді емес, инфильтрацияға ұшырамаған, олардың беткейі құрғақ, ошақ шеттері бойынша ісіп қызару бадамшабез жоқ. Олар көпке дейін сақталады, әдетте, жұмсақ таңдай және бадамша бездерінде орналаспайды. Қызыл жалпақ теміреткі кезінде папулалар сұрғылт-ақ түске ие, бір-бірімен қосылып, мерезге тән емес торлы зақымдануды құрайды. Қызыл жегі кезінде қабыршақтанулар бір-біріне тығыз қосылған сызықтар мен нүктелер (шарбақ) болып табылады, ол жарқын эритема аясында қалыптасады және мерез кезінде болмайтын күлдіреуікпен бірге болады. Одан басқа, қызыл жегі жекеленген шырышты қабықшаны ешқашан зақымдамайды, әрқашан теріде немесе еріннің қызыл сүрмесінде қызыл жегінің үлгілі ошақтары бар.



Емдеу тактикасы


Емдеу мақсаттары:
·T. pallidum эрадикациясы:
·клиникалық жазылу;
·асқынулардың дамуын болдырмау;
·өзге тұлғаларға індет жұқтырудан алдын ала сақтандыру.
 
Емдеу тәсілі
Дәрі-дәрмексіз емдеу:
2-ші режим.
№15 үстел (жалпы).
 
Дәрі-дәрмектермен емдеу
Амбулаториялық деңгейдегі дәрі-дәрмекпен емдеу
Негізі дәрілік заттардың тізімі (100% тағайындау мүмкіндігіне ие)
 
Фарма-коло-гиялық топ Препар-аттың ХПА Шы-ғару фор-масы Мөлшерлеу Қолдану еселігі Ескерту
Бактерияға қарсы препараттар (таңдау препараттары) Бензатинбензилпенициллин [1, 2, 3, 4] Фла
кон
       ӘБ
2,4 млн.
7 күнде 1 рет
курс ішінде
3 б/і инъекциялар
Таңдау препараты.
Суда еритін пенициллин және оның бұрындағы туындылары
қазіргі уақытта жүргізілуі міндетті, қандай да бір қос көмескі, плацебо-бақыланбалы зерттеулерсіз, мерезді емдеу үшін мақұлданған. Сонымен бірге, әдебиетте кейбір РКС мәліметтері бар.
  Бензилпеницил
линді
натрий (немесе калий) тұзы
ның және
бензилпеницил
линді
новокаин тұзы
ның,
бензатинбензилпеницил
линнің қоспасы
Фла
кон
ӘБ
1,8 млн.
ӘБ
1,8 млн. мөлшерінде аптасына 2 рет
егіледі
курсқа 10 б/і инъекциялар
 
  Бензил пеницил
линді
новока ин тұзы
ның
және бензатинбензилпеницил
линнің қоспасы
Фла
кон
ӘБ
1,5 млн.
ӘБ
1,5 млн.  мөлшерінде аптасына 2 рет
егіледі
курсқа 10 б/і инъекциялар
 
Бактерияға қарсы препараттар (бала малы препараттар) Доксициклин Дәрі лер, капсу лалар 100 мг. 30 күн ішінде күніне 2 рет
100 мг - нан
Пенициллиндік қатарлы препараттарды көтере алмаушылық кезінде
  Цефтри
аксон,
тәулігіне 1 рет
№ 20
б/і 1,0 г
флакон 1,0 гр. 20 күн ішінде күніне 1 рет
б/і 1,0 гр-нан
Пенициллиндік қатарлы препараттарды көтере алмаушылық кезінде
 
 
 
 
Қосымша емдік дәрі-дәрмектердің тізімі (қолдану мүмкіншілігі 100 % кем)
Фарма-коло-гиялық топ Препар-аттың ХПА Шы-ғару фор-масы Мөлшерлеу Қол-дану еселігі Ескерту
Кандидоздозға қарсы  заттар Флуконазол капсу лалар 50 мг. күніне 1 рет 14 күн Кандидозд профилактикасы үшін
Дәрумендер Аскор
бин қышқы
лы
ампулалар 5 % 2,0 мл. күніне 1 рет 15 күн Зат алмасу процестерін жақсарту үшін
Пиридоксин ампулалар 5 % 1,0 мл. күніне 1 рет 15 күн
Тиамин ампулалар 5 % 1,0 мл. күніне 1 рет 15 күн
Цианокобаламин ампулалар 500 мкг.
1,0 мл.
күніне 1 рет 15 күн

 

Стационарлық деңгейде көрсетілетін дәрі-дәрмекпен емдеу

Негізі емдік дәрі-дәрмектердің тізімі (тағайындау мүмкіндігі 100 %)

Фарма-коло-гиялық топ Препар-аттың ХПА Шы-ғару фор-масы Мөлшерлеу Қол-дану еселігі Ескерту
Бактерияға қарсы препараттар (таңдау препараттары) Бензил пеницил
линнің
новокаин тұзы
 
Фла
кон
 
600 мың б.
20 күн ішінде күніне 2 рет
б/і 600 мың бір-тен
 
  Бензил пеницил
лин
(кристалдық натрий
тұзы)
Фла
кон
ӘБ
1 млн.
курс 20 күнге
тәулігіне
4 рет
 
Бактерияға қарсы препараттар (бала малы препараттар) Цефтри
аксон,
тәулігіне 1 рет
№ 20
б/і 1,0 г
Фла
кон
1,0 гр. 20 күн ішінде күніне 1 рет
б/і 1,0 гр-нан
Пенициллиндік қатарлы препараттарды көтере алмаушылық кезінде
 
 
 
 

 

Қосымша емдік дәрі-дәрмектердің тізімі (қолдану мүмкіншілігі 100 % кем)
Фарма-коло-гиялық топ Препар-аттың ХПА Шы-ғару фор-масы Мөлшерлеу Қол-дану еселігі Ескерту
Кандидоздозға қарсы заттар Флуконазол капсу лалар 50 мг. күніне 1 рет 14 күн Кандидозд профилактикасы үшін
Дәрумендер Аскор
бин қышқы
лы
ампулалар 5 % 2,0 мл. күніне 1 рет 15 күн Зат алмасу процестерін жақсарту үшін
Пиридоксин ампулалар 5 % 1,0 мл. күніне 1 рет 15 күн
Тиамин ампулалар 5 % 1,0 мл. күніне 1 рет 15 күн
Цианокобаламин ампулалар 500 мкг.
1,0 мл.
күніне 1 рет 15 күн

Ерекше жағдайлар

Балаларда терінің және шырыштың қайталама иеленген мерезін өзгеше емдеу диагнозға сәйкес және бициллиндер 2 жасқа дейінгі балаларға, ал тетрациклиндер - 8 жасқа дейінгі балаларға жарамайтының ескере отырып, антибиотиктердің жастық мөлшерлемесіне қарай ересектерді емдеу әдісі бойынша жүргізіледі.

Балаларды емдеу үшін пенициллин препараттарын есептеу баланың дене массасына сәйкес жүргізіледі:

·            6 айға дейінгі жаста пенициллиннің натрий тұзы 100 мың б/тәулігіне дене массасы кг есебінен қолданылады;

·            6 айдан үлкен жаста 75 мың б/тәулігіне дене массасы кг есебінен;

·            1 жылдан үлкен жаста 50 мың б/тәулігіне дене массасы кг есебінен;

·            пенициллиннің новокаин тұзының тәулік мөлшері мен дюрантты препараттардың бір жолғы мөлшерін 50 мың б/ дене массасы кг есебінен қолданылады;

·            суда еритін пенициллин үшін тәулік мөлшері 6 тең бір жолғы мөлшерлерге және оның новокаин тұзы үшін екі мөлшерлерге бөлінеді.

Жана туғандардың және бір ай өмір сүріп жатқан балалардың несеп шығару жүйесінің анатомиялық-физиологиялық ерекшеліктерін ескере отырып, пенициллинді енгізу еселігі тәулігіне 4 ретке дейін азайтылған. Уыттану реакциясын болдырмау үшін бозарған трепонемдердің жаппай опат болуы салдарынан пенициллинді алғашқы егуден кейін (Герксгеймер-Яриш-Лукашевичтің асқыну реакциясы) емдеудің бірінші тәулігінде пенициллиннің бір жолғы мөлшері инъекцияға 5000 б аспау керек. Әрбір инъекциядан кейін бірінші тәулікте бақыланбалы термометрия және баланың соматикалық жай-күйін бақылау қажет.

Жедел  шұғыл жәрдем көрсету кезеңіндегі дәрі-дәрмекпен емдеу – жүргізілмейді

Емдеудің басқа түрлері: жоқ

 Амбулаториялық деңгейде көрсетілетін емдеудің өзге түрлері:

Стационарлық деңгейде көрсетілетін емдеудің өзге түрлері:

Хирургиялық араласу: жүргізілмейді

Амбулаториялық жағдайларда хирургиялық араласу: жоқ

 

Алдын алуы


Профилактикалық іс-шаралар:
·            Емделуден кейін 2 жыл ішінде диспансерлік  бақылау;
·            Жыныстық серіктестерді уақтылы айқындау, тексеру және емдеу;
·            Соңында ретсіз жыныстық қатынастарды жою;
Бұқаралық ақпарат құралдары, жаднамалар тарату және мультимедиялық бағдарламалар көру арқылы ЖЖБИ жеке басты және қоғамдық сақтандыру бойынша жаппай профилактикалық насихаттау;
Тұлғааралық қарым-қатынастар, сексуалды қарым-қатынастар туралы толық ақпарат, жыныстық өмірді ерте бастау зардабы, қаламаған жүктілік мәселелері бойынша ата-аналармен және жоғарғы сынып оқушыларымен жеке консультациялар мен профилактикалық әңгімелер, қауіпсіз секс (мүшеқапты қолдану) ережелерін түсіндіру;
·            дерматовенеролог, акушер-гинеколог, уролог, профилактикалық тексеру кабинеттерінде мерезді және өзге ЖЖБИ жұқтыру қатерін алдын алу мен төмендету тәсілдері бойынша кеңес беру;
·            ЖЖБИ сақтандыру мәселелері бойынша қауіпсіз жүріс-тұрыс туралы әңгімелерді жүргізу мен ақпараттық-білім беретін әдебиеттерді тарату үшін еріктілерді (білім беретін мекемелердің оқушыларын) дайындау.

 

Ақпарат

Пайдаланған әдебиеттің тізбесі

  1. Протоколы заседаний Экспертной комиссии по вопросам развития здравоохранения МЗ РК, 2014
    1. Қолданылған әдебиеттердің тізімі (хаттаманың мәтінінде аталған қайнар көздеріне сілтемелер, шындық зерттеулер қажет) №3ю- 111 с. 2. Клинические рекомендации по ведению больных инфекциями, передаваемыми половым путем и урогенитальными инфекциями.-2011 г.- с.- 109. 3. Sexually Transmitted Diseases Treatment Guidelines, 2010 // Department of health and human services Centers for Disease Control and Prevention. Recommendations and Reports December 17, 2010 / Vol. 59 / No. RR-12./ p. 114. 4. Клинические рекомендации. Дерматовенерология // Под ред. А.Кубановой.- М.: ДЭКС-Пресс.- 2007.- С.21-35. 5. Kingston M, French P, Goh B, Goold P, Higgins S, Sukthankar A, Stott C, Turner A, Tyler C, Young H, Syphilis Guidelines Revision Group 2008, Clinical Effectiveness Group. UK National guidelines on the management of syphilis 2008. Int J STD AIDS 2008 Nov;19 (11):729-40.

Ақпарат

Әзірлеушілердің тізімі.
1. Батпенова Г. Р. - м.ғ.д., ҚР ДСМ бас штаттан тыс дерматовенерологы, профессор, «Астана медицина университеті» АҚ «Дерматовенерология» кафедрасының меңгерушісі.
2. Баев А. И. - м.ғ.к., ҚР ДСМ «Тері-венерология ғылыми-зерттеу институты» ШЖҚ РМК а.ғ.қ.
3. Жетпіспаева З. С. - м.ғ.к., «Астана медицина университеті» АҚ «Дерматовенерология» кафедрасының доценты.
4. Жұлфаева М. Г. - ҚР ДСМ «Тері-венерология ғылыми-зерттеу институты» ШЖҚ РМК бас дәрігері.
5. Ахмадьяр Н. С. - м.ғ.д., «Ұлттық ана мен бала ғылыми орталығы» АҚ клиникалық фармакологы.
 
Мүдделер қақтығысының жоқтығын көрсету: жоқ.
 
Пікір иесі: Нұрышева С. М. - м.ғ.д., «С.Ж. Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университеті» ШЖҚ РМК тері және мерез аурулар кафердрасының меңгерушісі.
 
Хаттаманы қайта қарастырудың шарттарын көрсету: әрбір 3 жылда немесе диагностика мен емдеудің жаңа дәлелденген мәліметтері пайда болған кезде. 

Қазықтаулы файлдар

Назар аударыңыз!

  • Занимаясь самолечением, вы можете нанести непоправимый вред своему здоровью.  
  • Информация, размещенная на сайте MedElement и в мобильных приложениях "MedElement (МедЭлемент)", "Lekar Pro", "Dariger Pro", "Заболевания: справочник терапевта", не может и не должна заменять очную консультацию врача. Обязательно обращайтесь в медицинские учреждения при наличии каких-либо заболеваний или беспокоящих вас симптомов.  
  • Выбор лекарственных средств и их дозировки, должен быть оговорен со специалистом. Только врач может назначить нужное лекарство и его дозировку с учетом заболевания и состояния организма больного.  
  • Сайт MedElement и мобильные приложения "MedElement (МедЭлемент)", "Lekar Pro", "Dariger Pro", "Заболевания: справочник терапевта" являются исключительно информационно-справочными ресурсами. Информация, размещенная на данном сайте, не должна использоваться для самовольного изменения предписаний врача.  
  • Редакция MedElement не несет ответственности за какой-либо ущерб здоровью или материальный ущерб, возникший в результате использования данного сайта.
На главную
Наверх