Терінің жəне теріасты шелді тіндерінің қабынбалы жəне жарақаттық аурулары

P-S-007

Версия: Архив - Аурулардың диагностикасы және емдеу хаттамалары (Приказ №764, 2007, №165, 2012)

Местная инфекция кожи и подкожной клетчатки неуточненная (L08.9)

Анықтамасы

Анықтамасы


Анықтамасы

Абсцесс дегеніміз – жедел жəне созылмалы ошақты инфекцияларда 
пайда болатын жəне сол ошақта тіндердің қалыпты құрылымының бұзылуына əкелетін қапшықпен шектелген іріңдік.

Сыздауық (фурункул) – түкті фолликулдың жəне оны қоршаған тіндердің жедел іріңді- некроздық қабынуы. Одан əрі қабыну май бездеріне жəне қоршаған дəнекер тіндерге ауысады.
 
Көршиқан (карбункул) – тері мен тері асты клетчаткасының ауқымды некрозы пайда болуына əкелетін бірнеше түкті фолликулдар мен май бездерінің жедел іріңді-некроздық қабынуы.
 
Флегмона – дерма мен оның астындағы тіндердің бактериялық инфекция болуына байланысты дамитын жайылмалы қабынуы. Қабынудың жергілікті белгілерімен (тері қызуының жоғарылауы, қызару, ауыру сезімі, лимфангит болуы) қатар жүйелік клиникалық белгілер (қызба, лейкоцитоз) жиі көрініс табады.
 
Инфекциялық фолликулит – папула, пустула, эрозия немесе шаштық өзектегі қабықпен сипатталатын шаштық түйіншіктің жоғарғы бөлігінің инфекциясы, кейде түйіншіктің ұзына бойы таралуы мүмкін.
 
Гангреноздық пиодермия – терінің өте тез таралатын, идиопатиялық, ағымы ауыр созылмалы ауруы. Көп жағдайда жүйелік аурулармен, əсіресе ойық жаралы созылмалы колитпен қатар жүретін, тұрақсыз, негізі іріңді-өліеттенген, шекаралары айқын емес көк-қызыл борпылдақ жаралардың болуымен сипатталады.

 
Хаттама коды: P-S-007 "Терінің жəне теріасты шелді тіндерінің қабынбалы жəне жарақаттық аурулары"
Хирургия саладағы поликлиникалар үшін
АХЖ-10 бойынша коды (кодтары):
L02    Тері абсцесі, сыздауық жəне көршиқан.
L03    Флегмона.
L04    Жедел лимфаденит.
L72    Тері мен теріастылық шелмайдың фолликулярлық кисталары.
L88    Гангреноздық пиодермия.
N64   Сүт безінің басқа аурулары.
T00    Дененің бірнеше аймақтарын қамтитын беткей жарақаттар.
S01.0 Бастың шашты бөлігінің ашық жарасы.
T01    Дененің бірнеше аймақтарын қамтитын ашық жаралар.
T06    Дененің бірнеше аймақтарын қамтитын басқа тарауларда жіктелмеген басқа жаралар.
T07    Көптік анықталмаған жарақаттар.
T11    Қолдың деңгейі анықталмаған басқа жарақаттары.
T13    Аяқтың деңгейі анықталмаған басқа жарақаттары.
L02.2 Дене терісінің абсцессі, сыздауығы жəне көршиқаны.
L03.0 Саусақтар мен бақайлар флегмонасы.
L08.0 Пиодермия.
L08.9 Тері мен теріастылық шелмайдың жергілікті анықталмаған инфекциясы.

Жіктемесі


Қабыну процессінің жіктемесі:
- Асептикалық;
- Іріңді;
- Геморрагиялық;
- Шіру.
 
Ағымы бойынша жіктемесі: жедел, созылмалы.
 
Этиологияоық фактор бойынша жіктемесі: инъекциядан кейінгі, жарақаттан кейінгі жəне т.б.

Қауіп-қатерлі факторлар


Қауіп-қатерлі факторлар: жеке гигиена ережелерін сақтамау. Генетикалық бейімділік, иммунитеттің төмендеуі.

Диагностикасы

 
Диагностика критерилері
 
Шағымдар мен анамнез: шектелген ісінулер, флуктуация симптомы, тері гиперемиясы, ауырсынулар, дене температурасының жоғарылауы, жүрек айну жəне құсу, тəбеттің жоғалуы, күшті бас ауыру, ұйқысыздық, сирек жағдайда сандырақ жəне естүссіз жағдай – аурудың ауыр ағымы кезінде.

Физикалық тексеру
 
Шиқан кезінде – іріңді діңгек қалыптасымен ауырсынулы конустəрізді инфильтрат, инфильтрат үстінде, ортасында, қара дақты аздаған ірің жиналу байқалады (некроз). Пустула негізінен жарылады жəне кебеді, ал 3-7 тəулікте іріңді инфильтрат ериді жəне діңгек түріндегі некроздалған тіндер шаштың қалдықтарымен бірге іріңмен қоса бөлінеді.
 
Көршиқан кезінде – бастапқысында тез ұлғайатын беткейлік пустуламен кішірек қабынбалық инфильтрат пайда болады. Тіндердің ширығуы пальпация кезіндегі кенеттен ауырсынуларға алып келеді, сонымен қатар кеңейген, өзіндік ауырсынулар. Инфильтрат аумағындағы тері ширыққан жəне ісінген. Некроз ошағының үстіндегі эпидермис бірнеше жерден жарылған, бірнеше тесіктер түзіледі ("сито"), олардан қою жасыл сұр түсті ірің шығарылады. Тесіктерде некроздалған тіндер көрінеді. Жеке тесіктер бірігеді, теріде үлкен ақаулар түзіледі, олардан көптеген ірің жəне некроздық тіндер бөлінеді. Температура 40 С дейін көтеріледі, аздаған уыттану байқалады (жүрек айну жəне құсу, тəбеттің жоғалуы, қатты бас ауырулар, ұйқысыздық, сирек жағдайда сандырақ жəне естүссіз жағдай).
 
Инструменталдық зерттеулер: жоқ.
 
Мамандар консультациясы үшін көрсетімдер: эндокринолог консультациясы – қантты диабетті алып тастау үшін.
 
Дифференциалды диагноз: жоқ.
 
Негізгі жəне қосымша диагностикалық шаралар тізімі
 
Негізгі диагностикалық шаралар тізімі:
1. Іріңді бөліндіні себу.
2. Жағындының микроскопиясы.
 
Негізгі диагностикалық шаралар тізімі: жоқ.

Лабораторлық зерттеулер


Лабораторные исследования: ҚЖА: лейкоцитоз, ЭТЖ жоғарылауы.

Емдеу тактикасы


Емдеу тактикасы

Ем мақсаты: зақымдалған тіндерді кесіп алып тастау. Негізгі клиникалық көрсеткіштердің кері дамуы, операциялық дараның жазылуы, патологияны жою, еңбекке жарамдылықты қалпына келтіру.
 
Дəрі-дəрмексіз ем:
Шиқан кезінде операция сирек жасалады. Бірақ іріңді-некроздық діңгектің нашар шығуы кезінде теріні өткір скальпельмен кеседі. Шиқанды кесуге болмайды, себебі іріңді инфекция өзге қоршаған тіндерге жайылуы мүмкін. Шиқанды қатты басуға жəне қабынба ошағына массаж жасауға қатаң тиым салынады. 

Шиқан кезінде консервативті ем тиімсіз болса, үдемелі уыттану операция жасау үшін көрсетім болып табылады. Операция наркозбен жүргізіледі жəне операцияның мəні шиқанды некроздың барлық қалыңдығы арқылы, өмірге қабілетті тіндерге дейін крест тəрізді кесуде. Натрий хлоридінің гипертониялық ерітіндісімен, Вишневский майымен жəне өзге де антисептиктермен таңу.

Абсцессті ашу үшін анатомиялық түзілістерді ескеріп ең қысқа жолды таңдайды. Абсцессті алғашында пункция жасайды, сонан соң тінді инемен кеседі. Іріңді тазартқан соң, тілікті кеңейтеді жəне некроздық тіндерді шығарады. Қуысты антисептиктермен өңделеді жəне антисептиктік дəке тампондармен, антисептиктермен, протеолиздік ферменттермен, антибиотиктермен дренаждайды, сонымен қатар резіңке дренаждармен. Нашар дренаждау кезінде негізгі тілктен контрапертура жасайды. Алғашқы 2-3 күнде жараны күнделікті таңады, ал ол іріңнен жəне некроздық тіндерден тазарғанда, сирек маздік таңуға көшеді. Кейбір жағдайларда абсцессті сау тіндер шеңберінде кесуге болады жəне алғашқы тігістерді салады, ол өз кезегінде жазылуды тездетеді жəне жақсы косметикалық тиімділікке қол жеткізуге болады.
 
Дəрі-дəрмектік ем:
Антибиотиктерді қолданудың тиімділігі болжанады.
 
Тиімділігі анықталмады: антибиотиктерді тамырға енгізгеннен ауыз арқылы қабылдау, антибиотиктермен монотерапияның түрлі үлшілерін қолдану, антибиотикотерапияның ұзақ курстарына қарағанда қысқа курстарын қолдану, қайталанудың қауіп-қатерлі факторларн жою арқылы алдын алу.
 
Сүтқоректілер тістегеннен тиімділігі болжанады: антибиотиктерді алдын алу мақсатымен қолдану, жараны біріншілік хирургиялық өңдеу, инфекциялық асқынулар дамығанда антибиотикотерапия қолдану.
 
Тиімділігі анықталмады: тырыспаға (столбняк) қарсы анатоксинді енгізу, терілік жараларға тігіс салу, сүтқоректілер тістегеннен кейін дамитын инфекциялық асқынуларды түрлі антибиотиктермен емдеу.

1. Іріңнен босату.
2. Микрофлора сезімталдығын есепке ала отырып, антибиотикотерапия жүргізу.
3. Жараның саңырауқұлақтық асқынуын алдын алу немесе емдеу үшін антимикотикалық терапия жүргізу.
4. Жараны, қажет жағдайда, хирургиялық баптаудан өткізіп, емдеу.
5. Көптік микроабсцесстері, іріңдік іркілістер мен өліеттену ошақтары бар іріңдік үрдіске шалдыққан тіндерді кесіп алып тастау.
 
Негізгі жəне қосымша дəрі-дəрмектер тізімі
 
Негізгі дəрі-дəрмектер тізімі:
1. *Аскорбин қышқылы инъекцияға арналған ерітінді 5%, 10% амп. 2 мл, 5 мл.
2.  Феноксиметилпенициллин 500 мг табл.
3. *Амоксициллин+клавулан қышқылы таблетка 625 мг; инъекцияға арналған ерітінді 600 мг флаконда.
4. *Цефалексин 250 мг, 500 мг табл, капс; суспензия жəне сироп 125 мг, 250 мг/5 мл
5. *Цефуроксим 250 мг, 500 мг табл; инъекцияға арналған ерітінді дайындауға арналған ұнтақ флаконда 750 мг.
6. *Эритромицин 250 мг, 500 мг табл; пероралдық суспензия 250 мг/5 мл.
7. *Цефазолин инъекцияға арналған ерітінді дайындауға арналған ұнтақ 1000 мг.
8. *Цефтриаксон инъекцияға арналған ерітінді дайындауға арналған ұнтақ 250 мг, 500 мг, 1000 мг флаконда.
9. *Итраконазол оралдық ерітінді 150 мл – 10 мг\мл.
10.  Мупироцин негізіндегі 2% май немесе крем.
11.  Натрий тұзы мен фузидий қышқылының негізіндегі 2% май немесе крем.
12. *Натрий тиосульфаты инъекцияға арналған ерітінді 30% 5 мл, 10 мл амп.
13. *Никотин қышқылы 50 мг табл; ампуладағы ерітінді 1% 1 мл.
14. *Белсендірілген көмір 250 мг табл.
15.  Пустырник тұндырмасы 30 мл, 50 мл фл.
16. *Метилурацил 10% май.
17. *Метронидазол 250 мг табл; инфузияға арналған ерітінді 0,5 флаконда 100 мл.
18.  Гепабене 500 мг капс.
19.  Панкреатин таблетка, капсула құрамында липаза 4 500 ЕД кем емес.
20. *Декстран инфузияға арналған ерітінді влаконда 200 мл, 400 мл.
21.  Эритромицин май.
22. *Метилен көгі спирттік 1% ерітінді 10 мл флаконда.
23. *Калий перманганаты сулы ерітінді 1: 10 000.
24. *Сутегінің асқын тотығы флакондағы 3% ерітінді 25 мл, 40 мл.
25. 5% Дорохов пастасы.
 
Қосымша дəрі-дəрмектер тізімі: жоқ.
 
Ем тиімділігінің индикаторлары: операциялық жараның жазылуы.

* – Негізгі (өмірге маңызды) дəрілік заттар тізіміне кіретін препараттар.

Ауруханаға жатқызу


Госпитализациялауға көрсетімдер: көршиқан, флегмона.

Алдын алуы


Біріншілік профилактика: жеке гигиена ережелерін сақтау, иммунитетті жоғарылату.

Профилактикалық шаралар: сүтқоректілердің тістеуінен кейін антибиотиктерді профилактикалық қолдану, жараны алғашқы хирургиялық емдеу, инфекциялық асқынулардың алдын алу үшін антибиотикотерапия тиімді.

Əрі қарай жүргізу, диспансерлеу принциптері: жоқ.

Ақпарат

Пайдаланған әдебиеттің тізбесі

  1. Аурулардың диагностикасы және емдеу хаттамалары (Приказы №764 - 2007, №165 - 2012)
    1. Хаттаманы дайындау барысында пайдаланылған əдебиеттер: 1. Colour atlas and synopsis of clinical dermatology.User’s Manual. CD-ROM. The VcGraw- Hill Company, Inc. 1997. 2. Jorup-Ronstrom C, Britton A, Gavlevik K, Gunnarsson K, Redman AC. The course, costs and complications of oral versus intravenous penicillin therapy of erysipelas. Infection 1984; 12: 390-394 3. Vinen J, Hudson B, Chan B, Fernandes C. A randomized comparative study of once-daily ceftriaxone and 6-hourly flucloxacillin in the treatment of moderate to severe cellulitis. Clinical efficacy, safety and pharmacoeconomic implications. Clin Drug Invest 1996; 12: 221-225.

Ақпарат


Əзірлеушілер тізімі: Ерманов Е.Ж.,  ҚР ДСМ Хирургия ҒО

Қазықтаулы файлдар

Назар аударыңыз!

  • Занимаясь самолечением, вы можете нанести непоправимый вред своему здоровью.  
  • Информация, размещенная на сайте MedElement и в мобильных приложениях "MedElement (МедЭлемент)", "Lekar Pro", "Dariger Pro", "Заболевания: справочник терапевта", не может и не должна заменять очную консультацию врача. Обязательно обращайтесь в медицинские учреждения при наличии каких-либо заболеваний или беспокоящих вас симптомов.  
  • Выбор лекарственных средств и их дозировки, должен быть оговорен со специалистом. Только врач может назначить нужное лекарство и его дозировку с учетом заболевания и состояния организма больного.  
  • Сайт MedElement и мобильные приложения "MedElement (МедЭлемент)", "Lekar Pro", "Dariger Pro", "Заболевания: справочник терапевта" являются исключительно информационно-справочными ресурсами. Информация, размещенная на данном сайте, не должна использоваться для самовольного изменения предписаний врача.  
  • Редакция MedElement не несет ответственности за какой-либо ущерб здоровью или материальный ущерб, возникший в результате использования данного сайта.
На главную
Наверх