Терінің жəне сілемейлі қабықтың екіншілік мерезі

H-T-003

Версия: Архив - Аурулардың диагностикасы және емдеу хаттамалары (Приказ №764, 2007, №165, 2012)

Вторичный сифилис кожи и слизистых оболочек (A51.3)

Анықтамасы

Анықтамасы

 
Анықтамасы: 

Мерез - көбінесе жыныстық жолдар арқылы енетін бозғылт трепонема əсерінен иммунитет əлсіздігін туындатып бүкіл ағзалар мен жүйелерді зардаптайтын жəне симптомдары өзіне тəн кезеңділікпен білінетін жұқпалы ауру.

Хаттама коды: H-T-003  "Терінің жəне сілемейлі қабықтың екіншілік мерезі"
Терапевтиялық саладағы стационарлар үшін
АХЖ-10 бойынша коды (кодтары):
А51.3 Терінің жəне сілемейқабықтың екіншілік мерезі;
 

Жіктемесі

 
Жіктемесі:
А 51. Бастапқы мерез
А 51.0 Жыныс мүшесіндегі мерездің алғашқы кезеңі
А 51.1 Ағза анал тесігіндегі мерездің алғашқы кезеңі
А 51.2 Басқа мүшелердегі мерездің алғашқы кезеңі
А 51.3 Терідегі және шырышты мүшелердегі мерездің екінші кезеңі
А 51.4 Мерездің екінші кезеңіне тән басқа көрсеткіштері
А 51.5 Бастапқы жасырын мерез 
А 51.9 Бастапқы айқындалмаған мерез 

Диагностикасы

 
Диагностика критерилері: инфекцияның генерализациясымен түсіндіріліп жəне ұзақтығы созылады.

Шағымдар мен анамнез 
Анамнезі мен шағымдарын жинау барысында науқастардан келесі клиникалық мəліметтер ерекшеліктерін анықтайды:
- терідегі эрозияның жəне жарылуының пайда болу ұзақтығы/шырыштың, шаштың түсуі;
- бөртпелер шыққан аймақтардағы субьективті сезімдердің болуы.

Физикалық тексеру:
1. Теріде жəне сілемейқабықтарда жайылған бөртпелер (екіншілік сифилидтер):

1.1 Мерездік розеола - үстінен басқан кезде көрінбей кететін, дөңгелек пішінді, жасамық дəнінің көлемінен шынашақ тырнағының көлеміне дейінгі мөлшерде болатын ашық қызыл дақ; көбінесе адам денесінің жəне қол-аяқтың бүйірлік жағына орналасады.

Түрлері: ісінген, жалғаспалы, өршімелі, сақина тəрізді; сілемейқабықтарда - эритематозды мерездік ангина (баспа).

1.2 Папулалы сифилидтер (түйіншікті сифилидтер) - терінің бетінен бұлтиып көтеріңкі орналасқан жəне маңайындағы сау теріден айқын шекарасы бар түйіншектер.

Түрлері: лентикулалы (жасамық тəрізді), милиарлы (тары тəрізді), нуммулярлы, сақина тəрізді, себореялы, эрозиялы, жалпақ кондиломалар, мүйізгек түйіншікті, псориаз тəрізді түйіншіктер.

1.3 Пустулалы сифилидтер (əлсіреген науқастарда кездеседі).

Түрлері: безеу тəрізді, импетигинозды (бөртпелі), шешек тəрізді, мерездік эктима (ойық жаралы іріңді бөртпе), мерездік рупия (қанды-іріңді қабыршақ).

1.4 Мерездік алопеция: диффузиялы жəне майдаошақты.
 
1.5 Мерездік лейкодерма - көбінесе мойынның артқы жəне бүйірік жағында, кейде кеудеде, арқада, белде, қарын тұсында болатын депигментацияланған дақтар.

2. Полиаденит (көбінесе шап, қолтық, шынтақ, мойын бездерінің қабынуы).

3. Серологиялық реакциясы серопозитивті.

4. Герксгеймер-Яриш реакциясы - антибиотикпен емдей бастағанда дене қызуы көтерілу.

Лабораториялық зерттеулер: оң серологиялық реакциялар.

Инструментальді зерттеулері: жоқ.

Мамандар консультациясы үшін көрсетілімдер: жоқ.

Салыстырмалы диагностикасы: жоқ.

Негізгі диагностикалық зерттеулер тізімі:
1. Қанның жалпы анализі.
2. Несептің жалпы анализі.
3. Қанда АИТВ анықтау. (ҚРДМ 18.03.1999 ж. №89 бұйрығы, жəне ҚРДМ 11.06.2002 жылғы «Адамдарды АИТВ жұқпасы жөнінде куəландыру ережелерін бекіту туралы» бұйрығы бойынша АИТВ жұқпасы жөнінде куəландыруға мерез, соз, хламидиоз жəне т. б. диагноздары анықталған науқастар жатады, куəландыру науқастың келісімі бойынша.
4. ИФА- НВsAg.
5. Иммуноферменттік анализ (ИФА).
6. Иммунофлюоресценция реакциясы.
7. Нəжісте ішқұрттар жұмыртқасын анықтау.
8. КСР.

Қосымша диагностикалық зерттеулер тізімі:
1. Көрсетілімдер бойынша терапевт консультациясы.
2. Көрсетілімдер бойынша офтальмолог консультациясы.
3. Көрсетілімдер бойынша отоларинголог консультациясы.
4. Сүртінділерден соз, трихомониаз ауруларын жəне ашытқы саңырауқұлақшаларын анықтау.
5. Көрсетілімдер бойынша ИФА əдісімен хламидиозды анықтау.
6. Иммунограмма.

Емдеу тактикасы

 
Емдеу тактикасы

Ем мақсаты: телімді (спецификалы) емнің толық курсын алу; кешеуілдеп қайта өршуін болдырмау; жыныстық жəне тұрмыстық қатынаста болғандарды тексеру, қажет болған жағдайда оларға превентивтік ем жүргізу.

Дəрі-дəрмексіз ем: жоқ.

Дəрі-дəрмектік ем

Этиотроптық ем:
1 - əдіс. Суға еритін пенициллин 1 млн бірлік дозадан əрбір 6 сағат сайын тəулігіне 4 рет, 20 күн бойы.
 
2 - əдіс. Бұл əдіс пенициллин жəне цефалоспорин қатарына жататын антибиотиктерге асасезімталдық реакция бар жағдай қолданылады.
30 күн бойы тəулігіне 3 рет 0,1 г доксициклин беріледі, жалпы емдеу курсына 9 г, немесе 30 күн бойы, əрбір 6 сағат сайын, яғни тəулігіне 4 рет 0,5 г тетрациклин беріледі, жалпы емдеу курсына 60 г, немесе 30 күн бойы, тəулігіне 4 рет, əрбір 6 сағат сайын 0,5 г, эритромицин беріледі, жалпы емдеу курсына 60 г.

3 - əдіс. 28 күн бойы күніне 6 рет əрбір 4 сағат сайын 1,0 г цефазолин тағайындалады.

4 - əдіс. Күніне 1 рет бұлшық етке 1,0 г цефтриаксон салынады, күнара, емдеу курсына 6,0 г препарат.

Организмнің спецификалық емес реактивтілігін күшейту мақсатында аутогемотерапияны кесте бойынша күн ара тағайындаймыз: 2,0-4,0-6,0-8,0-10,0-10,0-8,0-6,0-4,0-2,0.

Профилактикалық шаралар: жыныстық қатынасты, алкогольді қабылдауды шектеу, баня, бассейн, сауна, солярий жəне т.б. антибиотиктерді қабылдау кезінде шектеу.

Ары қарай жүргізу
Барлық науқастар «Д» бақылауда 3 жыл көлемінде болады, арасында анализдер тапсырып тұрады (Вассерман реакциялары) əр 3 ай сайын.
Спецификалық емнен кейін бір жыл көлемінде оң нəтиже болмағанда, қосымша ем тағайындалады.

Негізгі дəрі-дəрмектер тізімі:
1.* Бензилпенициллин пор. д/и 1000000 бірлік, флаконда
2. *Цефтриаксон 1 г, фл.
3.* Ампициллин 1 г, флаконда

Қосымша дəрі-дəрмектер тізімі:
1. *Доксициклин 100 мг, табл.
2. *Эритромицин 500 мг, табл.
3. *Тетрациклин 100 мг, 200 мг табл.
4. *Итраконазол 100 мг , 100 мг, капс.
5. *Флуканозол 150 мг, табл.
6. *Цефазолин 1 г, фл.
7. *Флуканозол 150 мг, табл.
8. *Витаминдер А, Е, В, С
9. Иммуномодуляторлар: *левамизол 50 мг табл., метилурацил 500 мг табл., циклоферон амп.
10. Аутогемотерапия

Ем тиімділігінің индикаторлары: кеш рецидивтердің алдын алу.


* – Негізгі (өмірге маңызды) дəрілік заттар тізіміне кіретін препараттар.

Ауруханаға жатқызу

 
Госпитализациялау үшін көрсетімдер:
1. Əлеуметтік бейімделмеген адамдар. ҚР Денсаулық сақтау ісі жөніндегі Агенттіктің «Жыныстық жолдар арқылы тарайтын аурулармен күресу шараларын жетілдіру туралы» 2001 жылғы ақпан айындағы №695 бұйрығына сəйкес, кəмелетке жетпегендерді уақытша оқшаулау, бейімдеу, оңалту орталығынан əкелінетін, серопозитивті реакциялары бар кəмелет жасқа толмағандар.
2. Денесінің ашық жерлеріндегі терісінде жəне сілемейқабықтарында жұқпалылықтың белгілері бар адамдар.
3. Серопозитивті реакциясы анықталған жəне ұйымдық ұжымдарда жұмыс істеп жүргендер.

Жоспарлы госпитализация алдында жасалуға тиісті тексерулер тізімі:
1. Қанның жалпы анализі.
2. Несептің жалпы анализі.
3. Нəжісте ішекқұрттар жұмыртқасын анықтау.
4. Флюорография.
5. Вассерман реакциясы.

Ақпарат

Пайдаланған әдебиеттің тізбесі

  1. Аурулардың диагностикасы және емдеу хаттамалары (Приказы №764 - 2007, №165 - 2012)
    1. 1. Syphilis National Guideline Clearighouse www. guideline.gov. 2. 2002 national guidelines on the management of early syphilis. National Guideline Clearighouse www. guideline.gov. 3. Кожные и венерические болезни. Руководство для врачей. В двух томах. Под редакцией Ю.К.Скрипкина, В.Н. Мордовцева.- М., Медицина, 1999. 4. Лечение и профилактика сифилиса (методические рекомендации). Научно- исследовательский кожно-венерологический институт. Астана, 2004 г.

Ақпарат


Əзірлеушілер тізімі: Альменова Л.Т., ҚР ТВҒЗИ.

Қазықтаулы файлдар

Назар аударыңыз!

  • Занимаясь самолечением, вы можете нанести непоправимый вред своему здоровью.  
  • Информация, размещенная на сайте MedElement и в мобильных приложениях "MedElement (МедЭлемент)", "Lekar Pro", "Dariger Pro", "Заболевания: справочник терапевта", не может и не должна заменять очную консультацию врача. Обязательно обращайтесь в медицинские учреждения при наличии каких-либо заболеваний или беспокоящих вас симптомов.  
  • Выбор лекарственных средств и их дозировки, должен быть оговорен со специалистом. Только врач может назначить нужное лекарство и его дозировку с учетом заболевания и состояния организма больного.  
  • Сайт MedElement и мобильные приложения "MedElement (МедЭлемент)", "Lekar Pro", "Dariger Pro", "Заболевания: справочник терапевта" являются исключительно информационно-справочными ресурсами. Информация, размещенная на данном сайте, не должна использоваться для самовольного изменения предписаний врача.  
  • Редакция MedElement не несет ответственности за какой-либо ущерб здоровью или материальный ущерб, возникший в результате использования данного сайта.
На главную
Наверх