Терілік көріністермен білінетін балалық шақтағы инфекциялар

PN-P-002

Версия: Архив - Аурулардың диагностикасы және емдеу хаттамалары (Приказ №764, 2007, №165, 2012)

Скарлатина (A38)

Анықтамасы

Анықтамасы


Анықтамасы

Қызылша – қызылша вирусы туындатқан, уыттану жəне тыныс 
жолдарының катарлальді қабынбасымен, ауыз сілемейлі қабатында спецификалық бөртпелермен жəне теріде дақтық-папулездік бөртпелермен мінезделіп, пигментацияға ауысатын жіті жоғары контагиозды инфекциялық ауру.
 
Желшешек – тері жəне сілемейлі қабаттарда везикулалардың болуымен аздаған айқын уыттану жəне өзіне тəн полиморфты бөртпелермен мінезделетін, Herpesviridae туыстығының вирусы туындатқан жоғарыконтагиозды жіті вирустық инфекциялық ауру.
 
Жəншау (скарлатина) – А тобының геолиздік стрептококктары туындатқан, кенеттен басталумен, баспамен, гиперемия фонында ұсақнүктелік бөртпелердің əрі қарай пластина тəрізді қабыршақтанумен мінезделетін жіті инфекциялық ауру.

 
Хаттама коды: PN-P-002  "Терілік көріністермен білінетін балалық шақтағы инфекциялар"
Педиатрия саладағы медециналық пункттар үшін.
АХЖ-10 бойынша коды (кодтары):
B05 Қызылша.
B05.9 Асқынуларсыз қызылша.
B01 Желшешек.
B01.9 Асқынусыз желшешек.
А38 Жəншау (скарлатина).

Жіктемесі


Жіктемесі:
1. Типі бойынша:
- типтік;
- атиптік.
2. Ауырлығы бойынша:
- жеңіл;
- ортша ауыр;
- ауыр.
3. Ағымы бойынша:
- тегіс;
- тегіс емес:
• асқынулармен;
• созылмалы аурулардың асқынуымен;
• екіншілік инфекцияның қабаттануымен.

Қауіп-қатерлі факторлар


Қауіп-қатерлі факторлар:
1. Қызылшаға қарсы вакцинация жəне қайта вакцинация алмағандар.
2. Иммунтапшылықпен балалар.
3. Белдемелік ұшықпен науқсатармен жанасу (желшешек кезінде).
4. Нəрестенің ерте жасында.
5. Бай преморбидті фон.

Диагностикасы


Диагностика критерилері:
1. Аурулармен анықталған жанасу.
2. Қызылша кезінде:
- үдемелі катаральді құбылыстар, ауыз сілемейлі қабығының зақымдануы (Бельский-Филатов-Коплик дағы, энантемалар);
- бөртпенің пайда болу кезеңділігі (қосылуға бейім дақтық-папулезді), пигментацияға ауысатын.
3. Желшешек кезінде:
- бөртпенің жалған полиморфизмі;
- везикулярлық бөртпе (температураның жоғарылауымен бірге жүретін «соққылармен» байқалады, қышымалы, бастың түкті бөлігінде, бетте, денеде, аяқ, қолда, сілемейлі қабаттарда орналасады; алақан жəне өкшеде болмайды).
4. Жəншау (скарлатина) кезінде:
- айқын уыттанумен байланысты кенеттен басталу (40 С дейінгі қызба, құсу, бас ауыру, күшті əлсіздік);
- баспа;
- гиперемия фонындағы ұсақнүктелік бөртпелер (дененің бүйірлік бетіндегі, құрсақтың төмен жағы, табиғи қатпарлардағы орналасулар; мұрынеріндік   үшбұрыш айналасында болмайды);
- тілдегі ақ жабындылар, 2-3-ші күні «малиналық тілге» ауысады;
- терінің пластина тəрізді қабыршақтануы (алақан жəне өкшеде), аурудың 5-7-ші күні.
 
Негізгі диагностикалық шаралар:
1. Қанның жалпы анализі.
2. Зəрдің жалпы анализі (жəншау кезінде).
 
Қосымша диагностикалық шаралар:  жоқ.

Емдеу тактикасы


Емдеу тактикасы
 
Қызылша:
- бөртпе пайда болғаннан кейін 5 күнге дейін науқсаты оқшаулау, пневмония болған кезде – 10 күнге дейін;
- жанасуда болғандарды 21 күнге оқшаулау;
- ауыз қуысы гигиенасы (таза тұзды сумен шаю, 2% ас содасы ерітіндісімен);
- көзге күтім: іріңді конъюнктивит кезінде тетрациклин көздік мазі* көмегімен емдеу, 7 күн бойы күніне 3 рет;
- витамин А* - күніне 1 рет – 2 күн (6 айға дейін – 50000 ХБ, 6-11 ай – 100000 ХБ, 12 ай жəне одан жоғары – 200000 ХБ);
- жоғары қызба кезінде – парацетамол* 10-15 мг/кг.
 
Желшешек – соңғы бөртпеден кейін 5 күнге дейін науқсаты оқшаулау.
1. Жеңіл форма:
– тері жəне сілемейге күтім, көлемді сұйықтық.
2. Орташа ауырлықтағы форма:
- тері жəне сілемейге күтім, көлемді сұйықтық, жоғары қызба кезінде (38,5 С жоғары) парацетамол* 10-15 мг/кг тағайындалады;
- ацикловир 200-800, мазь 5% - 2,0.
- бөртпе элементтерін 1% жасыл  бриллиант ерітіндісімен өңдеу *.
 
Жəншау (Скарлатина):
- 10 күн науқсаты оқшаулау (егер бала 8 жастан кіші болса, бұған + 12 күн «үйдегі режим»);
- антибактериалдық ем (бензатин бензилпенициллин суспензия* 600 мың 5-7 күн бойы күніне 2 реттен);
- баспаны жергілікті емдеу (аңқаны фурациллин ерітіндісімен шаю);
- жоғары қызба кезінде (38,5 С жоғары) - парацетамол* 10-15 мг/кг.
 
Негізгі дəрі-дəрмектер тізімі:
1. *Парацетамол 500 мг табл.;
2. *жасыл бриллиант ерітіндісі 1%, 2% 10 мл, 20 мл флакондағы спирттік ерітінді;
3. *Тетрациклин көздік мазі;
4. *Витамин А 1 мл амп.; 50 мг майдағы капсуладағы ерітінді;114 мг драже;
5. *Бензатин бензилпенициллин суспензия 1 200 000 БІРЛІК, 2 400 000 БІРЛІК флаконда, инъекция үшін ұнтақ.
 
Қосымша дəрі-дəрмектер тізімі:
1. Ацикловир 200-800 мг табл., мазь 5% - 2,0.
 
Ем тиімділігінің индикаторлары:
1. Сауығу, аурудың эпидемиялық таралуының болмауы.
2. Туындаған асқынуларды уақытылы диагностикалау жəне емдеу.
3. Асқынулардын болдырмау.

* – Негізгі (өмірге маңызды) дəрілік заттар тізіміне кіретін препараттар.

Ауруханаға жатқызу


Госпитализациялау үшін көрсетімдер:
1. Айқын уыттану, геморрагиялық көріністер, нейротоксикоз;
2. Асқынулардың дамуы;
3. Бір жасқа дейінгі балалар;
4. Аурудың ауыр формалары;
5. Көпбалалы отбасынан, балалар үйінен, мектеп-интернаттан шыққан балалар.

Ақпарат

Ақпарат


Əзірлеушілер тізімі:  Джаксон Н.Л.,  республикалық медициналық колледж.

Қазықтаулы файлдар

Назар аударыңыз!

  • Занимаясь самолечением, вы можете нанести непоправимый вред своему здоровью.  
  • Информация, размещенная на сайте MedElement и в мобильных приложениях "MedElement (МедЭлемент)", "Lekar Pro", "Dariger Pro", "Заболевания: справочник терапевта", не может и не должна заменять очную консультацию врача. Обязательно обращайтесь в медицинские учреждения при наличии каких-либо заболеваний или беспокоящих вас симптомов.  
  • Выбор лекарственных средств и их дозировки, должен быть оговорен со специалистом. Только врач может назначить нужное лекарство и его дозировку с учетом заболевания и состояния организма больного.  
  • Сайт MedElement и мобильные приложения "MedElement (МедЭлемент)", "Lekar Pro", "Dariger Pro", "Заболевания: справочник терапевта" являются исключительно информационно-справочными ресурсами. Информация, размещенная на данном сайте, не должна использоваться для самовольного изменения предписаний врача.  
  • Редакция MedElement не несет ответственности за какой-либо ущерб здоровью или материальный ущерб, возникший в результате использования данного сайта.
На главную
Наверх