Терең жегі (педиатрия)

Версия: ҚР ДСМ клиникалық хаттамалар - 2014 (Қазақстан)

Кариес цемента (K02.2)
Педиатрия, Стоматология детская

Анықтамасы

Анықтамасы

Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау және әлеуметтік
даму министрлігінің
«Денсаулық сақтауды дамыту
республикалық орталығы» ШЖҚ РМК
Сараптама кеңесі ұсынған
2014 жылғы 12 желтоқсандағы
№ 9 хаттама
 
Жегі – бұл эмальді ошақты минералсызданумен сипатталатын патологиялық процесс. Терең жегі - бұл патологиялық процесс, бұл ретте, пульпалы дентин маңында ақау болады. Дентиннің терең қабаттарын бұза отырып жегі қуысын қалыптастырумен сипатталатын қалыптастырылған түптері бар тұрақты тістерде ғана терең жегі кездеседі, ол онда жіңішкерген және жұмсарған [1].
 
Атауы:
Терең жегі
 
Хаттама коды:
 
АХЖ-10 кодтары:
К02.2 Цемент жегісі
 
Хаттамада пайдаланылатын қысқартулар:мкА
 
Хаттаманың әзірленген күні: 2014 жыл
 
Пациенттер санаты: балалар
 
Хаттаманы пайдаланушылар: балалар стоматологтері.

Жіктемесі


Жегінің клиникалық жіктемесі [1]:

Туындау кезеңділігі бойынша
Бастапқы
Екінші/қайталанған

Орналасуы бойынша
Фиссурлы
Апроксималды
Мойын маңы

Жегінің тереңдігі бойынша
Бастапқы
Беткі
Орташа
Терең

Белсенділік дәрежесі бойынша:
Компенсацияланған пішіні
Субкомпенсацияланған пішіні
Декомпенсацияланған пішіні

Патоморфологиялық өзгерістері бойынша
Дақ сатысындағы жегі
Эмаль жегісі
Орташа жегі
Орташа тереңдеген жегі
Терең перфорациялық

Диагностикасы


Негізгі және қосымша диагностикалық іс-шаралардың тізбесі:

Амбулаториялық деңгейде жүргізілетін негізгі (міндетті) диагностикалық тексеріп-қарау:
шағымдар мен анамнездерді жинау;
физикалық тексеріп-қарау.
 
Амбулаториялық деңгейде жүргізілетін қосымша диагностикалық тексеріп-қарау:
электроодонтометрия;
тісті зондтау.
 
Жоспарлы емдеуге жатқызуға жолдау кезінде жүргізілуі қажет тексеріп-қараудың ең аз тізбесі: Жүргізілмейді.
 
 
Диагностикалық критерийлер:

Шағымдар: тісте жегілі қуыстың болуына, термиялық және механикалық тітіркендіргіштерден болатын ауру байқалады, ол оларды жұлғаннан кейін тез басылады.
Анамнез: балансталмаған тамақ, көміртегілі тамақтың басым болуы, ауыз қуысы  гигиенасын сақтамау.
 
Физикалық тексеріп-қарау:
ұсақталған дентитпен толтырылған терең жегілі қуыс;
температуралық тітіркендіргішке реакция оң.
 
Зертханалық зерттеулер:
 
Аспаптық зерттеулер.
Тісті зондтау:
жегілі (кариозды) ауыз қуыстың түбін бір нүктеде ауыртып зондтау.
Электроодонтометрия: электрооднометрия көрсеткіштерінің деңгейі 2,0 – 6,0 мкА.
 
Арнаулы мамандардың консультациясы үшін көрсетімдер. Жүргізілмейді.

Дифференциалды диагноз


1-кесте. Орташа жегі, созылмалы пульпит, созылмалы периодонтит бар сараланған диагноз
 

Диагноз Шағымдар Анамнез Объективті дәрежесі
Терең жегі тісте жегілі қуыстың болуына, термиялық тітіркендіргіштер
ден тез басылатын ауру
Баланс

талмаған тамақ;

көміртегілі тамақтың басым болуы;
ауыз қуысының нашар ггигиенасы.
ұсақталған, пигменттелген дентитпен толтырылған терең жегілі қуыс, жегілі қуыстың барлық түбі бойынша ауыртып зондтау
Орташа жегі Қышқыл, тәтті және тұзды тағамнан болатын ауырсынуға, тітіркендіргіштерді жойғаннан кейін тез басылатын ауруға. Баланс

талмаған тамақ;

көміртегілі тамақтың басым болуы;
ауыз қуысының нашар гигиенасы.
ұсақталған, пигменттелген дентитпен толтырылған орташа өлшемдегі жегілі қуыс,            
эмальді-дентинді біріктіргішті ауыртып зондтау.
 
Созылмалы пульпит бұрын жіті немесе қақсайтын аурудың болуы бұрын жіті немесе қақсайтын аурудың болуы терең жегілі қуыс, бір нүктеде тіс қуысын ашу, кенеттен ауыртып зондтау
Созылмалы периодонтит тісті қатты тістеп қалған кезде жайсыздықтың болмауы немесе ол сезілуі мүмкін. бұрын жіті немесе ұзақ уақыт қақсап ауырудың болуы, тісті бұрын асқынбаған жегінің салдарынан емдеу. тамақ қалдықтарымен толған орташа немесе терең өлшемдегі жегілі қуыс, тіс қуысы ашылды, ауыртпай зондтау
 

Емдеу тактикасы


Емдеу мақсаттары:
анатомиялық пішінін және тіс функциясын қалпына келтіру;
асқынулардың дамуының алдын алу;
тіс қатарларының эстетикасын қалпына келтіру.
 
Емдеу тактикасы:

Дәрі-дәрмексіз емдеу:

балансталған және ұтымды тамақтану;
гигиеналық тәрбие, ауыз қуысы гигиенасына оқыту.
 
Дәрі-дәрмекпен емдеу:
Стероидрезистентті жасушалық ауыр ажыратылу терапиясы кезінде таңдалған әдіс – антитимоциттік антиденелерді тағайындау. Жіті ажыратылудың қайталанған эпизоды – поликлоналды антиденелер препараттарын тағайындауды талап ететін ауыр стероидрезистентті жіті жасушалық ажыратылу. Шамамен 50% жағдайда жіті гуморальды ажыратылу белгілері анықталады. Қайталанған ажыратылудың дамуы трансплантаттың келешекте тірі қалу болжамымен қатар жүреді.
Қайта жасалған ГКС пульс-терапиясы жіті ажыратылуды емдеуде нәтижелі болуы мүмкін, бірақ антиденелерді қолдану алдында пульс-терапияны екі курстан артық тағайындамаған жөн. Көптеген хаттамалар қайталанған бүкіл ажыратылулар кезінде ағымы қолайлы немесе кем дегенде бірінші эпизодтан кейін бірнеше апта өткен соң дами бастағандарды есептемегенде, антиденелермен емдеуді ұсынады.
Егер пульс-терапияға тез арада жауап болмаса, антиденелермен емдеуді бірден бастап кеткен жақсы, басқа хаттамалар бірнеше күн тосуды жөн көреді. Пульс-терапияға қарамастан, бүйрек функциясы жылдам нашарлай бастаса, тез арада антитимоцитті иммуноглобулинмен емдеуді бастау керек.
Ажыратылуды емдеуде антитимоцитарлы иммуноглобулиннің дозасы индукциялықпен салыстырғанда жоғары болуы мүмкін, ал емдеу ұзақтығы 5-7 күннен кем болмауы тиіс. Емдеу курсы бойы гематологиялық көрсеткіштерді бақылап, профилактика үшін 2-3 апта ганцикловирді қолдану қажет. Сондай-ақ циклоспориннен такролимусқа ауысу немесе микофенолаттарды қосу, бұған дейін оларды алып көрмеген пациенттерге ажыратылудың қайталанған эпизодтарында да көрсетілуі мүмкін.

Терең жегіні емдеу [1,2]:
Компенсацияланған пішін кезінде терең жегіні емдеу бір рет келумен жүргізіледі:
инфекцияланған дентинді препарациялау, жұлу, антисептикалық өңдеу, құрамында кальций гидроксиді бар, шыныионмерлі цементтен жасалған төсемені және химиялық қатайтудың тұрақты пломбаларын оқшаулайтын емдеу пастасын салу.

Компенсацияланған пішін кезінде тұрақты тістің терең жегісін емдеу 2 рет келумен жүргізіледі:
1-рет келгенде - инфекцияланған дентинді аямай препарациялау, жұлу, антимикробтық әсердің ауқымды спектрына ие препараттармен дәрі-дәрмектік өңдеу, емдік төсемені салу, уақытша пломба;
2-рет келгенде (10-12 күннен кейін) шағым болмаған кезде уақытша пломбаны тұрақты пломбаға ауыстырады.
 
Амбулаториялық деңгейде көрсетілетін дәрі-дәрмектік ем:
негізгі дәрілік заттар тізбесі (100% қолданылу мүмкіндігі бар):
хлоргексидин 0,05%-100мл;
сутегі тотығы 3%-100мл.
Шыныиономерлі цементтер:
Кетак Моляр – ұнтақ -12,5г, сұйықтық - 8,5 мл;
Глассин Рест – ұнтақ -10 г, сұйықтық -8 мл;
цемион – ұнтақ -20г, сұйықтық -10мл, кондиционер -10мл, лак-10мл.
Химиялық қатайту композиттері:
КомпоЛайф Плюс:
базалық паста-14г;
катализациялайтын паста-14г;
бонд-6 мл;
дәрілейтін гель-7 мл. Харизма ППФ:
базалық паста-14г;
катализациялайтын паста-14г;
бонд-6 мл;
дәрілейтін гель-2,5 мл.
Уақытша пломбалайтын материал:
Дентин-паста – 50 г.
Калций гидроксиді негізіндегі төсеме:
Кальципульпин Плюс:
паста А 11г;
паста В 13г.
 
Стационарлық деңгейде көрсетілетін дәрі-дәрмектік ем:
негізгі дәрілік заттар тізбесі (100% қолданылу мүмкіндігі бар): Жүргізілмейді.

 
Хирургиялық араласу (егер мұндай негізгі болып табылмаса, онда оның негіздемесін сипаттау қажет: белгіленген кезең ішінде дәрі-дәрмектік емдеудің тиімсіздігі кезінде, емдеу тиімділігінің негізгі индикаторларының оң динамикасы болмаған кезде және басқалары):
Амбулаториялық жағдайда көрсетілетін хирургиялық араласу:
 
Стационар жағдайында көрсетілетін хирургиялық араласу:
Әрі қарай бақылау, диспансерлеу қағидаттары:
Тіс жегісі белсенділігінің дәрежесіне қарай профилактикалық тексеріп-қарау – жылына 1-3 рет.
 
Ем тиімділігінің индикаторлары.
патологиялық процесті тоқтату (анатомиялық пішінін, тіс функциясы мен тіс қатарының эстетикасын қалпына келтіру);
асқынулардың дамуының болмауы.

Алдын алуы

 
Профилактикалық іс-шаралар:
ұтымды тамақтану – құрамында жеңіл ферменттелетін көміртегілер, бірінші кезекте қант бар өнімдерді рационда азайту;
ауыз қуысының өз бетінше тазаруына ықпал ететін шикі көкөністер мен жемістерді күн сайын тұтыну.
гигиеналық тәрбие және ауыз қуысы гигиенасына оқыту (Қосымша);
 құрамында фтор бар тіс пасталарын (суда фтор тапшы болғанда) қолдану;
 фиссурларды және көрінбейтін шұңқырларды профилактикалық бітеу.
 

Ақпарат

Пайдаланған әдебиеттің тізбесі

  1. Протоколы заседаний Экспертной комиссии по вопросам развития здравоохранения МЗ РК, 2014
    1. Хаттаманың дайындау кезінде пайдаланылған әдебиеттер: 1. Лекции по стоматологии детского возраста. авт. проф.Т.К. Супиев г Алматы 2013 г. 2. Терапевтическая стоматология детского возраста Л.А.Хомченко.г.Москва,2007 г. 3. Терапевтическая стоматология детского возраста Н.В.Курякина Новгород,2004 г. 4. Некариозные поражения твердых тканей зуба. М.Т.Копбаева, гАлматы,2000 г. 5. Профилактика стоматологических заболеваний. Т.К.Супиев, С.Б.Улитковский, О.М.Мирзабеков, Э.Т.Супиева.гАлматы, 2009 г.

Ақпарат

Әзірлеушілер:
1. Негаметзянов Нурислам Гарифзянович – м.ғ.д., ҚР ДСӘМ штаттан тыс бас балалар стоматологы. Алматы қаласы ДСБ «Балалар стоматологиялық емханасы» ШЖҚ МҚК бас дәрігері.
2. Сұршанов Ертай Қызырұлы - Алматы қаласы ДСБ «Балалар стоматологиялық емханасы» ШЖҚ МҚК бас дәрігерінің емдеу жұмысы жөніндегі орынбасары.
3. Ахмадьяр Нұржамал Садырқызы - м.ғ.д. «Ана мен бала ұлттық ғылыми орталығы» АҚ клиникалық фармаколог-дәрігер.
 
Мүдделер қақтығысының жоқтығын көрсету: жоқ
 
Рецензенттер:
1.   Супиев Тұрған Құрбанұлы - м.ғ.д., «С.Ж.Асфендияров атындағы ҚазҰМУ» ШЖҚ РМК, ДБИ стоматология және ЖБХ кафедрасының профессоры.

Қазықтаулы файлдар

Назар аударыңыз!

  • Занимаясь самолечением, вы можете нанести непоправимый вред своему здоровью.  
  • Информация, размещенная на сайте MedElement и в мобильных приложениях "MedElement (МедЭлемент)", "Lekar Pro", "Dariger Pro", "Заболевания: справочник терапевта", не может и не должна заменять очную консультацию врача. Обязательно обращайтесь в медицинские учреждения при наличии каких-либо заболеваний или беспокоящих вас симптомов.  
  • Выбор лекарственных средств и их дозировки, должен быть оговорен со специалистом. Только врач может назначить нужное лекарство и его дозировку с учетом заболевания и состояния организма больного.  
  • Сайт MedElement и мобильные приложения "MedElement (МедЭлемент)", "Lekar Pro", "Dariger Pro", "Заболевания: справочник терапевта" являются исключительно информационно-справочными ресурсами. Информация, размещенная на данном сайте, не должна использоваться для самовольного изменения предписаний врача.  
  • Редакция MedElement не несет ответственности за какой-либо ущерб здоровью или материальный ущерб, возникший в результате использования данного сайта.
На главную
Наверх