Войти

Телімсіз (спецификалық емес) ойық жаралы колит. Крон ауруы

H-T-008

РЦРЗ (Республиканский центр развития здравоохранения МЗ РК)
Версия: Архив - Аурулардың диагностикасы және емдеу хаттамалары (Приказ №764, 2007, №165, 2012)

Язвенный колит неуточненный (K51.9)
Мобильное приложение "MedElement"

- Профессиональные медицинские справочники. Стандарты лечения 

- Коммуникация с пациентами: вопросы, отзывы, запись на прием

Скачать приложение для ANDROID 

Мобильное приложение "MedElement"

- Профессиональные медицинские справочники

- Коммуникация с пациентами: вопросы, отзывы, запись на прием

Скачать приложение для ANDROID 

Анықтамасы

Анықтамасы

 
Анықтамасы:

Телімсіз ойық жаралы колит (ТОК) – ішектің дисталды бөлімдерінде орналасқан сілемейлі қабығының ойық жаралы некрозды өзгерістерімен сипатталатын тоқ ішектің созылмалы қабынбасы. Алғашқыда өзгерістер тік ішекте басталады, кейіннен төменге қарай жылжиды жəне шамамен 10% жағдайда барлық тоқ ішекті жайлап алады.

Крон ауруы (КА) – ішектің қабырғаларының барлық қабаттары процесске қамтылуымен қатар жүретін асқазан-ішек жолдарының əртүрлі бөлімдерінің үзілмелі (сегментарлық) зақымдануымен сипатталатын телімсіз біріншілікті-созылмалы, гранулематозды қабынбалы ауруы. Тесіктер (свищи - жыланкөз) мен абсцесстердің пайда болуы трансмуралды қабынудың нəтижесі болып табылады.
 
Хаттама коды: H-T-008 "Телімсіз (спецификалық емес) ойық жаралы колит. Крон ауруы"
Терапевтиялық саладғы стационарлар үшін
АХЖ-10 бойынша коды (кодтары):
К59.0 Аш ішектің Крон ауруы
К50.1 Тоқ ішектің Крон ауруы
К50.8 Крон ауруының басқа түрлері
К51 Ойық жаралы колит
К51.0 Ойық жаралы (созылмалы) энтероколит
К51.2 Ойық жаралы (созылмалы) проктит
К51.3 Ойық жаралы (созылмалы ректосигмоидит
 

Жіктемесі


Жіктемесі

I. Орналасуы бойынша
1. Дисьальді колит (проктит, проктосигмоидит)
2. Сол жақтық колит
3. Тотальді колит
II. Формасы бойынша
1. Жедел (1 шабуыл)
2. Найзағай тəрізді
3. Созылмалы рецидивті
4. Созылмалы үдемелі
III. Фазасы бойынша
 1. Өршуі
2. Ремиссиясы
IV. Ағымы бойынша
(ауырлық дəрежесі)1
1. жеңіл
2. Орташа ауырлықта
3. Ауыр
V. Белсенділік дəрежесі бойынша2
1. I (минимальді)
2. II (аздаған)
3. III (тез айқындалған)
VI. Асқынуы
1. Тоқ ішектің жедел токсикалық дилятациясы (мегаколон)
2. Ішектік қан кету, постгеморрагиялық анемия
3. Ішек түйілуі
4. Перфорация
5. Перитонит
6. Тыртықты стриктура
7. Малигнизация
8. Парапроктит
9. ДВС-синдромы
10. Мықын жəне аяқ веналарының тромбофлебиті
VII. Ішектен тыс көріністері
1. Асқазан ішек жолдарының жоғарғы бөлігінен: афтозды / жаралық стоматит, глоссит, гингивит, эзофагит
2. Тері жəне тері асты май клетчаткасы жағынан: түйінді эритема, гангренозды пиодермия, аяқтың ойық жаралары, анальді қышыну, дерматит, абсцесстер, флегмоналар
3. Көру органдары бойынша: ирит, эписклерит, кератит, коньюнктивит, блефарит, увеит
4. Буындар бойынша: полиартрит, анкилозирующий спондилит
5. Бауыр жəне өт жолдары бойынша: біріншілік склероздаушы холангит, холангиокарцинома, перихолангит, майлы гепатоз, созылмалы гепатит
6. Бүйрек бойынша: пиелонефрит, нефролитиаз
7. Қан жағы бойынша: аутоиммунды гемолитикалық анемия, темір жəне
В12-дефицитті анемия
8. Басқалары
1 Спецификалық емес жаралы колиттің ауырлық дəрежесі


Симптомдары Жеңіл Орташа ауырлықта Ауыр
Үлкен дəреті
Тəулігіне 4 реттен
жиі емес
 Тəулігіне 4-8 рет
Тəулігіне 8
реттен артық
Нəжістің қанмен
араласуы
Бетіндегі
Ұйынды қан, ашық
қызыл қан
> 100 мл
Дене қызуы Қалыпты   < 38о  > 38о
ЖЖЖ Қалыпты < 90 > 90
Hb > 110 г/л   110-105 г/л  < 105 г/л
ЭТЖ < 20 мм/сағ.  20-30 мм/сағ.  > 30 мм/сағ.
Дене салмағын жоғалту  Жоқ Бастапқыдан < 10% 
> 10%
бастапқыдан
Асқынуы  жоқ Тəн емес  Мүмкін
Ішек тыс көріністер
Тəн емес Мүмкін Заңды
Қашықтығы
Негізінен проктит
Негізінен,
проктосигмоидит
немесе сол жақтық
колит
Негізінен, сол
жақтық колит
немесе тотальді
колит
2Телімсіз ойықжаралы колит белсенділік дəрежесі бойынша

I ең төмен белсенділік эндоскопияда – сілемейлі қабықтың ісінуі, қызаруы, грануляциясы, қанаққыштыққа бейімдік.

II орташа эндоскопияда – 1 дəрежедегідей, сондай-ақ эрозия, ішектің ішінде ірің, қан жəне сілемей.

III анық айқындалған эндоскопияда – орташа дəрежедегідей, сондай-ақ микроабсцесстер, жалған полиптер, фибринді өңез.


Крон ауруының жіктелуі (жұмыс)

I. Орналасуы
Илеоцекальді(33%)
Тоқішектік (30%)
Ащы ішектік (30%)
Басқасы(8%)
II. Қашықтық
Шектелген (< 100 см)
Таралған (> 100 см)
III. Клиникалық варианттары
Стеноздалған
Қабынған
Жылангөздердің пайда болуымен
IV. Асқынуы
1. Құрсақ қуысы мен кіші жамбас органдарындағы абсцесстер
2. Жылангөздер: ащы тоқ ішектік, ішек терілік, ішек
қуыстық, ректовагиналды, параректальді
3. Анустың ойық жарасы, стриктурасы, сызаты
4. Амилоидоз
5. Сепсис
6. Ішек түйілуі
7. Тыртықты тарылу
8. Перфорация, перитонит
9. Токсикалық мегаколон (сирек)
10. Ішектік қан кету (сирек)
V. Ішектен тыс көрінулер
1. Ауыз қуысы жағынан: афтозный стоматит
2. Тері, тері асты май клетчаткасы жағынан: түйінді эритема, гангренозды пиодермия, перианальді абсцесстер, псориаз, гиперкератоз
3. Көру органы жағынан: ирит, иридоциклит, эписклерит, увеит
4. Буын жағынан: аяқтың артралгиясы, моноартриті, олигоартриті, сакроилеиті, спондилиті, синовииті, остеопорозы
5. Бауыр жəне өт жолдары жағынан: перихолангит, майлы гепатоз, холелитиаз
6. Бүйрек жағынан: пиелонефрит, нефролитиаз, амилоидоз
7. Қан тамырлар жағынан: васкулит
8. Жүйке жүйесі жағынан: полинейропатия, herpes zoster
9. Өкпе жағынан: эозинофильді инфильтраттар
10. Басқалары
 

Қауіп-қатерлі факторлар

 
Қауіп-қатерлі факторлар: тұқым қуалау бейімділігі, микобактериялар, қызылша вирусы, хламидиялар, Candida текті саңырауқұлақтар, темекі шегу.

Диагностика

 
Диагностика критерийлері

1. КА үшін диагностика критерилері

Шағымдар мен анамнез: іш өту (диарея), оң мықын ішек тұсының ауырсынуы, дене салмағын жоғалту

Физикалық тексеру: іш өту (диарея), оң мықын ішек тұсының ауырсынуы, тік ішек шығар жерінің асқынуы, қызба, ішектен тыс əйгіленімдер, ішкі тесіктер, дене салмағын жоғалту.

Лабораторлық зерттеулер: ЭТЖ өсуі, лейкоцитоз, тромбоцитоз, қан аздық, гипопротеинемия, гипоальбуминемия, С-реактивті нəруыз, альфа 2-глобулиндердің
көбеюі.
 
Инструменталдық зерттеулер:

1. Эндоскопиялық – көлденең ойық жаралардың, бөртпелердің (афтылар), «географиялық картаға» ұқсас ісіну жəне қызару шектелген жерлерінің, асқазан-ішек жолдарының кез келген бөлігінде орналасқан тесіктердің болуы.

2. Рентгенологиялық – ішек қабырғасының сіреспесі жəне оның шеттерінің шашақтануы, тыртықтары (стриктуралары), іріңді қабынбалары (абсцесстер), ісікке ұқсас конгломераттар, тесік жолдары, ішек саңылауының «бау» симптомына дейін тарылуы.

3. Гистологиялық – сілемей асты қабатының лимфоидты жəне плазмалық жасушалармен толып ісінуі, лимфоидті фолликулалардың жəне пейер түйіндақтарының, гранулемалардың гиперплазиясы. Аурудың үдеуі кезінде лимфодты фолликулалар іріңдейді, ойылады жəне инфильтрация ішектің қабырғаларының барлық қабаттарына таралады, гранулемалар гиалинге айналады.

4. Ультрадыбыстық – қабырғасының қалыңдауы, дыбыс шығару қасиетінің төмендеуі, ішек қабырғасының қалыңдап, дыбыс шығармауы, саңылауының тарылуы, жиырылып қимылдауының əлсіреуі, гаустрлардың сегменттік жойылуы, абсцесстер (іріңдік қабынулар).

Мамандар консультациясы: көрсетімдер бойынша.

2. ТОК диагностикалық критерийлері

Шағымдар мен анамнез: тоқ ішектен қан кетуі, үлкен дəретке жиі баруы, үлкен дəретке үнемі жəне көбінесе түнгі уақытта барғысы келуі.

Физикалық тексеру: іштің сол мықын ішек тұсының ауырсынуы, еріксіз күшенуі. 

Лабораторлық зерттеулер: ЭТЖ өсуі, лейкоцитоз, гемморагиядан кейінгі қан аздық, ретикулоцитоз.

Инструменталдық зерттеулер:

1. Эндоскопиялық – жіктемеге сəйкес.

2. Рентгенологиялық – сілемейлі қабықтың грануляциясы - түйіншектелуі (зернистость), зрозиялар мен ойықтар, шеттерінің иректелуі, семуі.

3. Гистологиялық – лимфа жəне плазма жасушаларының қабынбалы инфильтрациясы, бездердің кеңеюі, бокал түріндегі жасушалардың солуы, криптілердің іріңді қабынбасы (абсцестері), эрозиясы жəне шеттері тереңделген ойықтары.

Мамандар консультациясы үшін көрсетімдер: көрсетімдер бойынша.

Негізгі диагностикалық шаралар тізімі
Зерттеу кезінде ректороманоскопия немесе колоноскопияға басымдық беріледі. Бұл зерттеулер ТОК-ті барлық жағдайларда анықтауға мүмкіндік береді. КА диагностикасы қақымдалудың мүмкіндік орналасуы, сонымен қатар барий əгімен пассажды контрастты рентгенографияға байланысты биопсиялы эндоскопиялық зерттеуге негізделеді. Сонымен қатар, аталған емшараның ішек тесілуі ықтималдылығынан қауіпті екенін ескеру қажет. Осыған байланысты верифицирленген диагнозбен аурудың ерте фазасында ректороманоскопия, колоноскопия жəне ирригоскопияны жүргізугеге болмайды.
Процесстің белсенділігі лабораторлық зерттеулердің деректері негізінде верифицирленеді.

Қосымша диагностикалық шаралар тізімі
Табиғи контрасттылық жағдайында шолулық рентгенография (тоқ ішектің уытты делитациясына күдік кезінде), УДЗ жəне өзге зерттеулер ішектен тыс көріністер мен асқынулардың мінезіне байланысты. 

Дифференциалды диагноз


Белгілер
Тоқ ішекте орналасумен
Крон ауруы (гранулематозды колит)
Телімсіз ойықжаралы к
колит (ТОК)
Ішек қабырғасының
зақымдалу тереңдігі
Трансмуральді зақымдалу
Қабынулық процесс
сілемейлі қабат пен сілемей
асты қабатта орналасады
Қанды стул
Мүмкін, бірақ ТОК
кезіндегіден сирек
Тəн белгілер
Ішті пальпациялау кезінле
ісік тəрізді түзілісті анықтау
Тəн Тəн емес
Эндоскопиялық деректер:
Афттер
Көлденең ойықжаралар
Үздіксіз зақымдану

Тəн
Тəн
Сирек

Жоқ
Тəн емес
Тəн

 

Емдеу тактикасы

 
Емдеу тактикасы

Ем мақсаты: ремиссияны қалыпты жағдайда ұстау жəне асқынулардың алдын алу (нəжістен патологиялық қоспалардың кетуі, дəреттің қалыпқа келуі, іштегі ауырсынудың басылуы, жүйелік əйгіленімдердің кері дамуы (регрессия) – эритроциттердің тұну жылдамдығы(ЭТЖ) көрсеткішінің түсуі, гемоглобиннің көбеюі жəне т.б.).

Дəрі-дəрмексіз ем: диета №4.

Дəрі-дəрмектік ем
Қайнатылған жəне буға піскен, құрамында белогы көп, клетчаткалар, майлар жəне шектеулі, үгітілген тағам жəне жеке сіңіре алатын өнімдер (негізінен сүт) ұсынылады. Аурудың ауыр ағымында парэнтеральді тамақтану. Сонымен бірге адекватты гидратация жəне электролиттік бұзылыстарды түзету (жиірек гипокалиемия).

Диета сақтау ТОК пен КА-ны табысты емдеудің шарты болып табылады. Талшық, май жəне жекелеген жақпайтын тағамдарды (əдетте, сүтті) шектей отырып, қайнатылған, жəне буға пісірілген үгітілген тағам жеу ұсынылады. ТОК пен КА-ны емдеу үшін 5-аминосалицил қышқылының, глюкокортикоидтер мен цитостатиктердің тиімділігі дəлелденген.

5-аминосалицил қышқылын тағайындау - базистік емдеудің негізі. Тəулігіне 2-4 г мөлшерінде Месалазин (таблетка түрінде) немесе Сульфасалазин (2-8 г/тəу., міндетті түрде фолий қышқылымен бірге, 5 мг/тəу.) қолданады. Уыттылығы жəне жағымсыз əсері аздау Месалазинді басымырақ қолдануға болады. Тік ішек шығар жерінің асқынуы болған кезде емдеу шаралары кешеніне 1,0-1,5 г/тəу. мөлшерінде Метронидазол қосылады.

Қосымша дəрі-дəрмектер (антибиотиктер, пребиотиктер, ферменттер жəне т.б.) көрсетілімдер бойынша тағайындалады.

Ремиссияға қол жеткізілгеннен кейін пациенттер кемінде 2 жыл Месалазин немесе Сульфасалазин (2 г/тəу.) қабылдап, қалыпты ұстап тұратын емдеу қолдануы қажет. 5 -аминосалицил қышқылының дəрі-дəрмектері жақпаған жағдайда преднизолон (10-30 мг күн ара) қолданылады. Азатиоприн қалыпта ұстап тұратын емдеу ретінде оны қабылдаған (50 мг/тəу.) пациенттерде ремиссияға қол жеткен жағдайда тағайындалады. Ремиссияға қол жеткен жағдайда науқастың динамикалық жағдайын бақылау 8 жыл қатарынан 2 жылда бір рет жүргізілуі керек.

Орташа ауыр формасы кезінде: 5-АСҚ препараттарын жоғарыда аталған дозада кортикостероидтармен қосады (Гидрокортизон немесе Преднизолон). Гидрокортизон тік ішекке енгізеді, тəулігіне екі рет 100-200 мг дозада. Преднизолон клизма түрінде тағайындайды, тəулігіне екі реттен 20 мг немесе тəулігіне ішке 40 мг (тиімділікке қол жеткенше, негізінен алғашқы аптада), 30 мг (келесі аптада), 20 мг (бір ай) əрі қарай дозаны 5 мг/тəулігіне дейін төмендетумен.
Перианальді асқынулар кезінде емдік шаралар кешеніне 1,0-1,5 г/тəулігіне дозада Метронидазол қосады. Қосымша препараттарды (антибиотиктер, пребиотиктер, ферменттер жəне басқа) көрсетімдер бойынша тағайындайды.

Ауыр формасы кезінде: 5-АСҚ препараттарын жоғарыда аталған дозада үлкен дозадағы кортикостероидтармен қосады. Гидрокортизонды 100 мг вена ішіне тəулігіне 6 реттен немесе преднизолонды 30 мг вена ішіне 5-7 күн бойы, тəулігіне 4 реттен тағайындайды.
Кортикостероидтарды вена ішіне енгізуді тік ішекке енгізумен қосады (Гидрокортизон 100 мг клизмада тəулігіне 2 рет). Əрі қарай кортикостероидтарды пероральді тағайындауға көшеді. Жоғарыда көрсетілген көрсетімдер бойынша, вена ішіне Азатиоприн тағайындайды 150 мг/тəулігіне дозада. Əрі қарай ұстап тұрушы терапия ретінде Азатиопринді 50 мг/тəулігіне дозада тағайындайды.

Емделушілерді тексеру күнделікті жүргізіледі, ал ахуалы ауыр науқастарды – тəулігіне 2 рет. Əсіресе дене температурасына, пульс жиілігіне, іштің көлеміне жəне құрсақ қабырғасының ширығуына назар аудару қажет.

ТОК (колэктомия) операциялық еміне шұғыл көрсеткіш болып табылады: уытты дилатация, перфорация, массивті қан кету, 5 күн бойы барабар терапия фонында ауыр ағымы кезінде жақсарудың болмауы (стероидтарды вена ішіне енгізумен қоса); жоспарлы көрсеткіштерге кіреді - консервативті терапиядан тиімділік жоқ кезде, жиі рецидивтермен, өмір сапасының айтарлықтай нашарлауымен, жоғары дəрежелі дисплазия немесе қатерлі кезде. ТОК ауыр ағымы.

КА оперативті емдеудің негізгі көрсетімдері болып табылады: консервативті терапиядан тиімділік болмаған кездегі ауыр формалары, стриктура, жыланкөздер, абсцесстер, перфорация салдарынан ішектік түйілу.

Профилактикалық шаралар: амбулаторлық кезеңде жеңіл ағымдағы ТОК жəне КА асқынуларын емдейді, сонымен қатар стационардан шыққан науқастарға ұстап тұрушы ем жəне рецидивке қарсы ем жүргізеді.

Әрі қарай жүргізу: ремиссияға қол жеткізгеннен кейін динамикалық бақылаудың мəні - кем дегенде 8 жыл бойы, екі жылда бір рет эндоскопиялық зерттеу жүргізуде.

Негізгі дəрі-дəрмектер тізімі:
1. *Месалазин 250 мг, 500 мг табл., суппозиторий, клизма (4 г)
2. *Сульфасалазин 500 мг, табл.
3. *Гидрокортизон, *Преднизолон, табл., амп., фл.
1. *Метронидазол 250 мг, 500 мг, табл., фл.

Қосымша дəрі-дəрмектер тізімі:
1. *Азатиоприн 50 мг, табл-да

Ем тиімділігінің индикаторлары: нəжістен патологиялық қоспалардан кетуі, іш ауырсынуының басылуы, дəреттің тұрақталуы, жүйелі əйгіленімдердің азаюы.


* – Негізгі (өмірге маңызды) дəрілік заттар тізіміне кіретін препараттар.

Госпитализация

 
Ауруханаға жатқызу көрсетімдері:
1. ТОК жəне КА-ның алғашқы рет қойылған диагнозы.
2. Аурудың ушығуы (орташа ауыр жəне ауыр ағымы, процесс белсенділігінің зертханалық белгілері, жүйелік əйгіленімдердің бар болуы).
3. Асқынуы жəне процесс белсенділігінің дамуының қауіп-қатері.

Жоспарлы госпитализация алдында жасалуға тиісті тексерулер:
1. Қанның жалпы анализі (ЭШЖ, гемоглобин, гематокрит, лейкоциттер, тромбоциттер).
2. Жалпы нəруыз жəне оның фракциялары, С-реактивті нəруыз.
3. Коагуллограмма.
4. Ректороманоскопия, ирригоскопия немесе колоноскопия.
5. ЭФГДС (КА кезіндегі ұлтабар зақымдануын анықтау үшін).

Ақпарат

Пайдаланған әдебиеттің тізбесі

  1. Аурулардың диагностикасы және емдеу хаттамалары (Приказы №764 - 2007, №165 - 2012)
    1. 1. Гвидо Адлер. Болезнь Крона и язвенный колит. М., «Гэотар – мед», 2001. 2. Managment of ulcerative colitis. Society of Surgery of the alimentay tract. 2001. 3. American college of Radiology. Imaging recommendations for patients with Crohn,s disease. 2001. 4. Клинические рекомендации для практикующих врачей. М, 2002. 5. С.П.Л. Трэвис, Р.Х. Тэйлор., Дж.Дж. Мисевич. Гастроэнтерология. М., Медицинская литература. 2002. 5. David W. Hay. The Little Black Book of Gastroenterology. Second edition. Jones and Bartlett Publishers, Sadbury, Massachusetts, 2006.

Ақпарат


Əзірлеушілер тізімі:
Нерсесов А.В. м.ғ.д., профессор, ішкі аурулар кафедрасы, дəрігерлер білімін жетілдіру факультеті, ҚазММА.
Бектаева Р.Р. м.ғ.д., профессор, ішкі аурулар кафедрасы, дəрігерлер білімін жетілдіру факультеті, ҚазММА.
Жұмашева Б.Б., ҚР ДСМ Кардиология жəне ішкі аурулар ҒЗИ.

Қазықтаулы файлдар

Назар аударыңыз!

  • Занимаясь самолечением, вы можете нанести непоправимый вред своему здоровью.  
  • Информация, размещенная на сайте MedElement и в мобильных приложениях "MedElement (МедЭлемент)", "Lekar Pro", "Dariger Pro", "Заболевания: справочник терапевта", не может и не должна заменять очную консультацию врача. Обязательно обращайтесь в медицинские учреждения при наличии каких-либо заболеваний или беспокоящих вас симптомов.  
  • Выбор лекарственных средств и их дозировки, должен быть оговорен со специалистом. Только врач может назначить нужное лекарство и его дозировку с учетом заболевания и состояния организма больного.  
  • Сайт MedElement и мобильные приложения "MedElement (МедЭлемент)", "Lekar Pro", "Dariger Pro", "Заболевания: справочник терапевта" являются исключительно информационно-справочными ресурсами. Информация, размещенная на данном сайте, не должна использоваться для самовольного изменения предписаний врача.  
  • Редакция MedElement не несет ответственности за какой-либо ущерб здоровью или материальный ущерб, возникший в результате использования данного сайта.
На главную
Наверх