Сүт безінің қатерсіз және дисгормондық аурулары

Версия: ҚР ДСМ клиникалық хаттамалар - 2017 (Қазақстан)

Воспалительные болезни молочной железы (N61), Гипертрофия молочной железы (N62), Доброкачественная дисплазия молочной железы (N60), Доброкачественное новообразование молочной железы (D24), Другие болезни молочной железы (N64), Образование в молочной железе неуточненное (N63)
Онкология

Анықтамасы

Анықтамасы


Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің
Медициналық қызметтер сапасы бойынша біріккен комиссиясының
2017 жылғы «10» қарашадағы
№ 32 хаттамасымен мақұлданған

Сүт безінің қатерсіз дисплазиясы – эпителийлік және байланыстырушы компоненттердің дұрыс емес ара қатынастарының түзілуімен бірге сүт бездері тіндерінің өсіп-өнушілік және шегінбе өзгерулерінің кең спектрымен, және сүт безінде фиброздық, кисталық, жиі, бірақ міндетті түрде емес қатар өмір сүретін өсіп-өнушілік сипатты өзгерістердің туындауымен  сипатталатын үдерістер кешені.   (ДДСҰ анықтамасы, 1984).

КІРІСПЕ  БӨЛІМ

АХЖ-10 коды (тары):

АХЖ-10
Коды Атауы
D24 Сүт безінің қатерсіз өскіндері 
N60.0 Сүт безінің жеке үлкен кистасы. Сүт безінің кистасы 
N60.1 Диффузиялы кисталы емшектің созылмалы ауруы   
N60.2 Сүт безінің фиброаденозы
N60.3 Сүт безінің фибросклерозы
N60.4 Сүт безі өзегінің эктазиясы
N60.8 Сүт безінің басқа да қатерсіз дисплазиялары 
N60.9 Сүт безінің нақтыланбаған қатерсіз дисплазиясы
N61 Сүт безінің қабыну аурулары
N62 Сүт безінің гипертрофиясы
N63 Сүт безіндегі нақтыланбаған өскіндер
N64 Сүт безінің басқа аурулары
N64.0 Емізіктің сызаты және жыланкөзі
N64.1 Сүт безінің майлы некрозы
N64.2 Сүт безінің атрофиясы
N64.3 Бала туумен байланысты емес галакторея  
N64.4 Мастодиния
N64.5 Сүт безі жағынан басқа да белгілер және симптомдар 
N64.8 Басқа да сүт безінің нақтыланған аурулары 
N64.9 Нақтыланбаған сүт безінің ауруы 
 
Хаттаманы әзірлеу/қайта қарау күні: 2017 жыл.
 
Хаттамада пайдаланылатын қысқартулар:

ЖПД жалпы практика дәрігері
СБДГ сүт безінің дисгормоналды  гиперплазиясы
СБҚД сүт безінің қатерсіз дисплазиясы
ИФА иммуноферментті анализ
ДД дәрі-дәрмек
ХПА халықаралық патенттелмеген атауы
ЖҚА жалпы қан анализы
ЖЗА жалпы зәр анализы
СБҚІ сүт безінің қатерлі ісігі
УДЗ ультрадыбыстық диагностика
МРТ магнитті-резонансты  томография
 
Хаттаманы пайдаланушылар: маммолог дәрігерлер, гинекологтар, онкологтар, ЖПД. 
 
Пациенттер санаты: әйелдер.
 
Дәлелділік деңгейінің шкаласы:

А Жоғары сапалы мета-талдау, РБЗ-ны жүйелік шолу немесе жүйелік қатенің өте төмен ықтималдығы (++) бар ірі РБЗ, олардың нәтижелері тиісті популяцияға қолданылуы мүмкін.
В Когортты немесе жағдай-бақылау зерттеулерін жоғары сапалы (++) жүйелік шолу немесе жүйелік қатеніңөте төмен тәуекелі бар жоғары сапалы (++) когортты немесе жағдай-бақылау зерттеулері немесе жүйелік қатенің жоғары емес (+) тәуекелі бар РБЗ, олардың нәтижелері тиісті популяцияға қолданылуы мүмкін. 
С Когортты немесе жағдай-бақылау зерттеуі немесе жүйелік қатенің жоғары емес тәуекелі бар рандомизациясыз бақыланатын зерттеу, олардың нәтижелері тиісті популяцияға қолданылуы мүмкін немесе жүйелік қатенің өте төмен немесе жоғары емес тәуекелі бар (++ немесе +) РБЗ, олардың нәтижелері тиісті популяцияға тікелей қолданыла алмайды.
D Жағдайлар сериясының сипаттамасы немесе бақыланбайтын зерттеу не сарапшылардың пікірі.
GPP Үздік клиникалық практика.

Жіктемесі


Жіктеме [1]: 
Сүт безінің қатерсіз ісіктерінің гистологиялық жіктемесі   (ДДСҰ, 2012)
I. Эпителиальды ісіктер: 1. интрадуктальды папиллома
2. емшек аденомасы
3. аденома:
а) тубулярлы;
б) лактациялаушы.
4. басқалары
II. Аралас байланыстырушы-тіндік және эпителиальды ісіктер:
 
1. фиброаденома:
а) периканакулярлы (өзекайналасындағы) фиброаденома;
 б) интраканакулярлы (өзекішкілік) фиброаденома;
2. жапырақтәрізді ісік (кисталы филлоидты карцинома).
III. Ісіктің басқа типтері:
 
1. жұмсақ тіндердің ісіктері;
2. тері ісіктері.
IV. Жіктелмейтін ісіктер.
 
V. Сүт безінің дисплазиясы (фиброзды-кисталық ауру)
 
VI. Ісіктәріздес үдерістер:
 
1. өзек эктазиясы;
2. қабынушы жалған ісіктер;
3. гамартома;
4. гинекомастия;
5. басқалары.
 
NB! Эпидемиология: СБҚД — әйелдердегі ең көп таралған ауруларың бірі:   популяцияда ауру 30–40% құрайды, ал әр түрлі гинекологиялық аурулармен ауыратын әйелдер арасында  — 58%. Мастопатия жиілігі ең жоғарғы көрсеткіштке 45 жасқа дейін жетеді және етеккір үзілісі кезеңіне дейінгі жас мөлшерінде тоқтайды.  
Патогенез: Эстрогендер альвеола эпителийлерінің, бездердің байланыстырушы тіндерінің, өзектердің өсіп-өнуін туындатады, фибробласттардың белсенділігін күшейтеді. Мастопатиямен ауыратын әйелдердің гинекологиялық ауыруға шалдығуы   115% құрайды, яғни әр әйел пациентке 1,1  ауру.  Мастопатия көбею жүйесі ағзаларында гиперпластикалық үдерістермен неғұрлым жиірек үйлеседі:   эндометрий гиперплазиясы, аденомиоз, жатыр миомасы. Бұл көбею жүйесінің барлық ағзаларының ауруларының патогенезінің ортақтығын дәлелдейді және сүт безінің қатерсіз ісігі бар барлық науқастарға, ешқайсысын қалдырмай гинеколог маманымен өткізілу керек патогенетикалық терапияны негіздейді. 


Диагностикасы


ДИАГНОСТИКАНЫҢ ӘДІСТЕРІ, ТӘСІЛДЕРІ ЖӘНЕ ЕМШАРАЛАРЫ [2]

Диагностикалық өлшемшарттар

Шағымдар және анамнез: сүт безіндегі ісікті өскінге, жауырынға және жоғарғы жаққа берілетін ауырсыну синдромының бар болуы, эстетикалық қолайсыздық, омыраудан бөлінулер. 

Анамнез: 
·               бала көтере алатын жастағы әйелдерге  (етеккір үзілісіне дейін): ерте менархе, ұрпақ жаңғырту және гинекологиялық анамнездің қолайсыз факторлары   (түсіктер,  прогестеронтапшылық жағдайлары, көтере алмаушылық, жатырдың дисфункциялық қан кетулері, ұзақ мерзімді бедеулік);   
·               етеккір үзілісінен кейінгі кезеңдегі әйелдер үшін: семіздік,   инсулинрезистенттілігі, орын толтырушы гиперинсулинемия, 2 типті қант диабеті, сондай-ақ өмір салтының ерекшеліктері   (құрамында  майлары көп тағамдарды қабылдау, төмен физикалық белсенділік).  АК немесе ГАТ бақылаусыз қабылдау, гинекологиялық аурулар   (жатыр миомасы, эндометриоз, эндометрит және т.б.), қалқанша безінің патологиясы сүт безі өскіндерінің пайда болу қаупін ұлғайтады. 

Физикалық деректер: 
Қаралу кезінде анықталады:
·               сүт безінің пішіні және симметриялық орналасуы; 
·               омырау емізігінің орналасу деңгейі және оның түрі (ішке кіріп тұру, бір жаққа қарай ауытқу);   
·               тері жағдайы (гиперемия, ісіну, әжімділік, ішке кіріп тұру немесе керілуі, ареолярлы жазықтың қысылуы және т.б.);   
·               омыраудан патологиялық бөлінулер (мөлшері, түсі, ұзақтығы);  
·               зақымдану жағында қолдың ісінуінің бар болуы. 
Бала туатын жастағы әйелдерде сүт безінің ФКА диагностикалау үшін екі шарттың болуы өте маңызды: 
·               етеккір циклының бірінші жартысында сүт бездерін қарау және пальпациялау; 
·               науқас әйелдің сүт бездерін екі жағдайда пальпациялау – тұрып және жатып.  Пальпацияны сүт безінің барлық аймағында және омыраулы-ареолярлы аймақта дәйекті түрде өткізеді. Пальпациялау әдістері әр түрлі болуы мүмкін (радиальды, спираль бойынша, жылжушы), алайда әдіснаманың өзі маңызды болып табылмайды, ал оның өте мұқият жасалуы және барлық сүт безді қамтуы маңыздырақ.  Бездердің мөлшері үлкен болған жағдайда пальпацияны екі қолмен жүргізген жөн, онда зерттеушінің қолдарының біреуі бездің астына салынады да, ал екіншісі пальпацияны жоғарыдан жүзеге асырады, екі қолдың ортасындағыдай.  Сүт бездерін пальпациялау кезінде олардың консистенциясына, ауырлықтың бар немесе жоқ болуына, тығыздалуларға, көлемді өскіндерге назар аударылады, олардың көлемі, сыртының сипаты, тығыздығы, қозғалғыштығы, терімен біріктірілуі және т.б.  бағаланады. Міндетті түрде қолтықастылық, бұғана астыңғы және бұғана үстіңгі лимфалық түйіндер пальпацияланады, соған орай қолтықастылық түйіндер пальпацияға пациенттің дәрігерге бетімен қарап тұрған уақытында әлдеқайа қолжетімірек, бұғана астыңғы – жату жағдайында, ал бұғана үстіңгі – науқас әйел отырып, ал дәрігер артында тұрған кезде. 

Аспаптық диагностика:
·               сүт бездерінің, жоғарғы лимфа түйіндерінің ультрадыбыстық зерттеуі (лимфалық қайту аймақтарын) – түйіндер және сүт безі тіндеріндегі тартпалар, ұсақ және ірі түрдегі тіннің жаңа өскіндерінің өсіп кетуі, ішінде сұйықтығы бар кисталық қуыстардың бар болуы;    
·               көрсетілім бойынша маммография (4 кескін)   –   сүт бездерінде фиброзды өзгерулердің бар болуы тығыз, тек бөлек аумақтарда ошақтала алатын, немесе барлық без аймағына таралатын, анық контурланған тартпа түріндегі көлеңкелермен сипатталады.  Бұл жағдайда бездік үшбұрыштың сыртқы контуры фиброзданған Купер байламдары үшін анық  және тегіс емес.  Фиброзды тартпалар без бөлікшелерінің проекциясы бойынша және өзектерінің қозғалысы бойынша радиалды орналасқан.   
Маммографиялық зерттеу кезінде кисталық өзгерістердің басым болуы шеңберленген, сопақ, өзара құйылып тұратын көлеңкелері бар, ірітүйінді суреттің деформациясы сияқты анықталады.  Бездің жалпы суреті түсініксіз, тегіс емес тығыздық аумақтарымен, толған кисталардың аясында гомогенді тығыздықтағы шеңбер-сопақталған өскіндер дифференцияланады.  
Бездік компоненттің гиперплазиясы (аденоз) көпшілік, өзара құйылып тұратын дұрыс емес пішінді ұсақошақты  тегіс емес нысанды, бұдырлары бар, әртүрлі тығыздықты шұбар аймақтар түзейтін анық емес контурлары бар сияқты көрінеді.  Бұл көлеңкелер сыртқы жоғарғы квадранттарда топталуы мүмкін немесе барлық без бойынша тарап кеткен. Кейбір жағдайларда көлеңкелер барлық бездік үшбұрыштың делік гомогенді тығыздығын беріп құйылып тұрады.   Сонымен қатар бездің үшбұрыштың контуры толқынды, полициклды.   Айқын майлы компоненттер кезінде бездің бөлікшелердің гиперплазия аумақтары ұсақ торлы шілтерлі суретті құрайды. 
Көбінесе сүт безінде аралас сипаттағы өзгерулер жиі кездеседі.  Маммографияда айқын тығыз ауырлығы бар, анық сызылмаған ошақтық тығыздықтар аумақтарымен көрсетілген түсініксіз өрнекті сурет анықталады.     
·               Дуктография (сүт тектес түтіктерді қарсы қою) – көрсетілімдер бойынша.   Бұл әдіс көбінесе қатерсіз сипатты алып жүретін өзектердегі көбеюлердің бар болуынан күмәнданған кезде қолданылады.  Алайда практикада обыр алдылық өзгерулер және  қатерлі ісіктер болған жағдайлар кездескенін айта кеткен жөн.  Сүт безінің дуктографиясы омыраудан бөлінулер бар болған кезде көрсетілген. Сүт безінің дуктографиясы алдында міндетті түрде цитологиялық талдау жүргізіледі.   Сүт безінің дуктографиясы ісіктің орналасқан жерін жоғары дәлділік деңгейінде анықтауға мүмкіндік береді, ол келесіде ота жасау үшін қажет.  Сүт безінің дуктографиясы өзекішілік папиллома диагностикасы үшін ең маңызды әдістердің бірі болып табылады. Зерттеуді өткізген кезде атипиясы бар жасушалардың бар болуы зор құндылыққа  ие болып табылады, ол өз алдына өзекішілік папиллома диагнозын растауы мүмкін.  Сүт безінің дуктографиясы сүт безі ауруларының диагностикасының қауіпсіз әдістеріне жатады;    
·               өкпенің рентгенологиялық зерттеулері, 2 проекцияда – көрсетілімдер бойынша;     
·               гинекологиялық УДЗ (трансабдоминалды немесе трансқынапты) – көрсетілімдер бойынша; 
·               бас миының, түрік ертоқымының магнитті-резонансты томографиясы  (гипофиз ісіктерін тудырушы гармондарды жоққа шығару үшін) – көрсетілімдер бойынша.

Морфологиялық диагностика:
·               биологиялық материалдың цитологиялық зерттеуі (жіңішкеинелік аспирациялы биопсия УДЗ бақылауымен және/немесе УДЗ бақылауынсыз); 
·               материалдың цитологиялық зерттеуі (ісіктердің бетінен жұғынды-іздер);
·               стереотоксиндік бақылаудың қадағалануымен пункциялық/аспирациялық биопсия; 
·               трепан-биопсия немесе секторлық резекциядан кейін 3 дәрежелі күрделілік деңгейінің оталы-биопсиялы материалының 1 блок-препаратын гистологиялық талдау; 
·               электронды микроскопия әдісі арқылы сүт безінің материалын гистологиялық/цитологиялық зерттеу. 

Зертханалық диагностика:   
·               ИФА-әдісі арқылы қан сарысуында ісіктік антигенді (СА 15-3) анықтау; 
·               ИФА-әдісі арқылы қан сарысуында пролактинді анықтау – зерттеудің қосымша әдісі, себебі пролактин гипоталамус және гипофиз ісіктерінің және ауруларының кезінде, қалқанша безінің функциялары төмендегенде, бүйректердің, бауырдың және бүйрекбез қыртыстарының ауыр аурулары, және осы ағзалардың функцияларының төмендеуі, поликисталы аналық бездер синдромы, әйел жыныс мүшелерінің және сүт бездерінің ісіктері кезінде  жоғарылауы мүмкін. 
 
Мамандар консультациясы үшін көрсетілімдер:
·               арнайы мамандардың консультациясы – ілеспелі аурулар бар болған кезде;  

Диагностикалық алгоритм: Пациент қозғалысының  бағыты  

Дифференциалды диагноз


Сүт безінің қатерсіз  жаңа өскіндерінің дифференциалды диагностикасы  
Нозология Клиникалық белгілері Морфологиялық талдау беру
Мастит -  бұл сүт безінің инфекциялық зақымдануы.   Сүт өзектерінің немесе сүт бездеріндегі кисталық кеңейтулерінде қабыну үдерісінің басталуымен сипатталады.  •   ауырсыну;
•   қабыну аймағында ісіну;
•   дене қызуының көтерілуі;
•   флюктуация аумағы бар іріңді қуыстардың болуы; 
•   кеудеде тамыр соғу немесе атпа ауырсынулар; 
•   зақымданған омырауда кернету сезімі;
•   омыраудың зақымданған аймағының үстінің қызаруы. 
•   плазмалық жасушалардың жиналуымен бірге перидукталды фиброзы бар жергілікті қабыну (плазмацитарлы мастит),  гранулёматозды жасушалардың (гранулёматозды мастит) немесе лимфоцитарлы жасушалардың (лимфоцитарлы мастит) ;
•   өзектер айналасында «шыбық» типі бойынша типтік секреторлы кальцинаттар түзіледі (кальций өзекті толтырмайды, қоршайды), маммография кезінде анықталады. 
Сүт безінің фиброаденомасы –сүт безінің қатерсіз ісігі •   көлемі  0,5 тен 5,0 см-ге және одан да көпке дейін өзгереді;
•   пальпация кезінде қозғалмалы және араластырмалы; 
•   көбінесе шеңберленген және сопақ нысанда; 
•   тығыз созылмалы консистенциясы және жатық беті бар; 
•   шекаралары анық;
•   терімен жабыспаған;
•   ауыртпалықсыз.
•   өзектердің ұзаруы және кисталы кеңеюі, кең негізде орналасқан, саңылауларына борпылдақ ісінген немесе миксоматозды байланыстырушы тіндерден көлемді емізіктер шығып тұрады; 
•   өзіне тән хикметті түрдегі сипатқа ие.  
Сүт безінің кистасы – бұл кеңінен таралған, өзектерде түзілетін, сүт бездерінің қуыстарында сұйықтық тәріздес құрамды, бірегейлік немесе көпшілік патологиясы.    •    шеңберлі, сопақ немесе дұрыс емес нысанға ие; 
•    кистаның контурлары анық, түзу;  
•    сүт бездерінің кисталары 1 см-ден көпке ұлғайғанда бірқалыпты ауырсыну байқалады; 
•    бірегейлік немесе көпшілік.  поликистоз тек қана кисталардың қосылуымен ғана анықталмайды, сондай-ақ көпкамералы жиналулардың түзілуімен; 
•    біркамералы немесе көпкамералы кисталар; 
•    қабынуы бар немесе қабынусыз кисталар.
•    жасушалық массаның бар болуын анықтамайды; 
•    егер  гистологиялық зерттеу кистаның құрамында эпителиалды жасушаларды анықтап шығарса, онда ол ісіктік үдерістің бар болуы туралы хабарлауы мүмкін.   
Сүт безінің туберкулезы – зақымдану ошақтары тіндерінің арнайы қабынумен сипатталатын созылмалы инфекциялық ауру.   Қоздырушы – туберкулез микробактериясы. •    ауырсынусыз тығыздалу ;
•    анық контурларсыз;
•    терінің өзгеруі («алаң» синдромы, ішке кіріп тұру); 
•    аймақтық лимфа түйіндерінің ұлғаюы; 
•    жене қызуының 38 C дейін көтерілуі, кейде қалтырау жағдайына дейін барады; 
•    түнгі және таңертеңгі уақытта тер бөлінудің күшеюі.  
 
•    Пирогов-Лангханстың эпителиоидты және алып жасушалар;   
•    арнайы боялған препараттарда лейкоциттерді, эритроциттерді, жалпақ және цилиндрлік эпителийлер жасушаларын, альвеолярлы макрофагтарды, шаңдық, эпителиоидты жасушаларды табады;  
•    алып және ісік жасушалары, холестерин және Шарко-Лейден кристаллдары, өзгермеген, маржан тәріздесізбестенген талшықтары, туберкулез микобактериялары, айрықша емес флорасы, актиномицеттар друздары, аспергиллдар, ашытқы саңырауқұлақтар,  сферулакокцидиоидты микоздың және т.б.

Дифференциалды диагноз және қосымша зерттеулердің негіздемесі: 
Диагноз Дифференциалды диагностикаға арналған негіздеме Зерттеп-қараулар Диагнозды жоққа шығару өлшемшарттары
СБҚІ түйінді нысаны Сүт безінің қатерлі жаңа өскіндерін жоққа шығару мақсатында •      сүт бездерінің және лимфақайтуының аймақтарының УДЗ
•      маммография /контрасттық маммография/
•      цитологиялық зерттеумен бірге пункциялық биопсия   
•         гистологиялық зерттеумен трепан-биопсиясы
УДЗ зерттеулерінің деректері бойынша:  әр түрлі көлемдердегі анық емес контурлары бар гипоэхогенді құрылымды өскіндер;  өңірлік аймақтарының гипоэхогенді құрылымды лимфа түйіндерінің ұлғаюы. 
Маммография: сәулелі контурлы, анық сызылмаған, омырауға жолағы бар/жоқ топталған және шашылған микрокальцинаттары бар.   BI-RADS-IV-VI
Цитологиялық нәтижелер деректері бойынша:    аденокарцинома жасушалары
Гистологиялық тұжырымдама: инвазивті бөліктер/өзекті аденокарцинома G1-3
СБҚІ ісінген-инфильтративті нысан  Сүт безінің қатерлі жаңа өскіндерін жоққа шығару мақсатында  •      сүт бездерінің және лимфақайтуының аймақтарының УДЗ
•   маммография /контрасттық маммография/
•      цитологиялық зерттеумен бірге пункциялық биопсия   
гистологиялық зерттеумен трепан-биопсиясы
УДЗ зерттеулері нәтижелері бойынша: әр түрлі көлемдегі анық емес контурлары бар гипоэхогенді құрылымды өскіндер;   өңірлік аймақтарының гипоэхогенді құрылымды лимфа түйіндерінің ұлғаюы. 
Маммография:  терінің, омырау-ареолярлы кешеннің қалыңдауы, сүт бездері тіндерінің ісінуі және инфильтрациясы, сәулелі контурлы, анық сызылмаған, омырауға жолағы бар/жоқ топталған және шашылған микрокальцинаттары бар.   BI-RADS-IV-VI Цитологиялық нәтижелер деректері бойынша:    аденокарцинома жасушалары
Гистологиялық тұжырымдама: инвазивті бөліктер/өзекті аденокарцинома G1-3
СБҚІ маститтәріздес нысаны Сүт безінің қатерлі жаңа өскіндерін жоққа шығару мақсатында •      сүт бездерінің және лимфақайтуының аймақтарының УДЗ
•      маммография /контрасттық маммография/
•      цитологиялық зерттеумен бірге пункциялық биопсия   
•         гистологиялық зерттеумен трепан-биопсиясы
УДЗ зерттеулері нәтижелері бойынша: әр түрлі көлемдегі анық емес контурлары бар гипоэхогенді құрылымды өскіндер;   өңірлік аймақтарының гипоэхогенді құрылымды лимфа түйіндерінің ұлғаюы. 
Маммография:  терінің, омырау-ареолярлы кешеннің қалыңдауы, сүт бездері тіндерінің ісінуі және инфильтрациясы, сәулелі контурлы, анық сызылмаған, омырауға жолағы бар/жоқ топталған және шашылған микрокальцинаттары бар.   BI-RADS-IV-VI Цитологиялық нәтижелер деректері бойынша:    аденокарцинома жасушалары
Гистологиялық тұжырымдама: инвазивті бөліктер/өзекті аденокарцинома G1-3
 Педжет ауруы Сүт безінің қатерлі жаңа өскіндерін жоққа шығару мақсатында •      сүт бездерінің және лимфақайтуының аймақтарының УДЗ
•      маммография /контрасттық маммография/
•      цитологиялық зерттеумен бірге пункциялық биопсия   
•         гистологиялық зерттеумен трепан-биопсиясы
УДЗ зерттеулері нәтижелері бойынша: әр түрлі көлемдегі анық емес контурлары бар гипоэхогенді құрылымды өскіндер;   өңірлік аймақтарының гипоэхогенді құрылымды лимфа түйіндерінің ұлғаюы. 
Маммография:  терінің, омырау-ареолярлы кешеннің қалыңдауы, сүт бездері тіндерінің ісінуі және инфильтрациясы, сәулелі контурлы, анық сызылмаған, омырауға жолағы бар/жоқ топталған және шашылған микрокальцинаттары бар.   BI-RADS-IV-VI Цитологиялық нәтижелер деректері бойынша:    аденокарцинома жасушалары
Гистологиялық тұжырымдама: инвазивті бөліктер/өзекті аденокарцинома G1-3
СБҚІ жаралы-некротикалық нысаны  Сүт безінің қатерлі жаңа өскіндерін жоққа шығару мақсатында •      сүт бездерінің және лимфақайтуының аймақтарының УДЗ
•      маммография /контрасттық маммография/
•      цитологиялық зерттеумен бірге пункциялық биопсия   
•         гистологиялық зерттеумен трепан-биопсиясы
УДЗ зерттеулері нәтижелері бойынша: әр түрлі көлемдегі анық емес контурлары бар гипоэхогенді құрылымды өскіндер;   өңірлік аймақтарының гипоэхогенді құрылымды лимфа түйіндерінің ұлғаюы. 
Маммография:  терінің, омырау-ареолярлы кешеннің қалыңдауы, сүт бездері тіндерінің ісінуі және инфильтрациясы, сәулелі контурлы, анық сызылмаған, омырауға жолағы бар/жоқ топталған және шашылған микрокальцинаттары бар.   BI-RADS-IV-VI Цитологиялық нәтижелер деректері бойынша:    аденокарцинома жасушалары
Гистологиялық тұжырымдама: инвазивті бөліктер/өзекті аденокарцинома G1-3
 Гипофиз аденомасы Бас миының өскіндерін жоққа шығару мақсатында •   түрік ертоқымының МРТ немесе рентгенографиясы  (гипофиз ісіктерін тудыратын гормондарды жоққа шығару үшін) (көрсетілімдер бойынша)
 
бас миындағы түрік ертоқымын проекциясында ісікті өскіннің бар болуы   
 

Емдеу тактикасы (амбулатория)


АМБУЛАТОРИЯЛЫҚ ДЕҢГЕЙДЕ ЕМДЕУ ТАКТИКАСЫ

Дәрі-дәрмексіз емдеу
Режим–жалпы (IV);
Диета– №15 үстел (ақуызға, дәрумендерге бай тағаммен тамақтану, салауатты өмір салты). 
 
Дәрі-дәрмекпен емдеу
Негізгі дәрілік заттар тізбесі:

р/с Фармакологиялық топ, ДЗ ХПА Қолдану тәсілі ДД
Антиэстрогендер
1. тамоксифен күннің бірінші жартысында ішке 1 таблеткадан А
2. торемифен А
3. ралоксифен А
4. фулвестрант А
5. торемифен А
Гестогендер
6. 1% табиғи прогестерон   сыртқа қолдануға арналған гель, 2,5гр.-нан дозатор-аппликатормен сүт бездерінің терісіне толық сіңіп кеткенге дейін,  күніне 1-2 рет, 3-6 ай ішінде етеккір циклының 2 фазасында    С,D
Қосымша дәрілік заттар тізбесі:
Р/с Фармакологиялық топ, ДЗ ХПА Қолданылу тәсілі ДД
Гомеопатялық заттар
1. Мастодинон/циклодинон аш қарынға 1+2 таблеткадан күніне 2 рет, 3-6 ай ішінде В
 
Хирургиялық араласу: Амбулаторлық деңгейде пациент оталық материалды алып тастау үшін шұғыл гистологиялық зерттеумен бірге ота жасау үшін арнайы мамандандырылған мекемеге жолданады.  
 
Әрі қарай емдеу:
·                   жараның толық жазылуына дейін тұрғылықты жеріндегі хирургта күнделікті таңулар (7-10 күннен бастап);  
·                   күзетуші режим, физикалық жүктемені алып тастау,  дұрыс үйлесімді тағам;   
·                   1 айдан кейін маммологтың бақылаулық қарап тексеруі; 
·                   отамен емдеуден кейін 1 айдан соң сүт безінің УДЗ; 
·                   2 жасқа дейінгі маммологтың тұрақты тексеруі (6 айда 1 рет)
 
Емдеу тиімділігінің және диагностика мен емдеу әдістері қауіпсіздігінің индикаторлары:
·               сүт безін  өзіндік тексеру; 
·               уақтылы диагностика;
·               жылына 1 рет маммологта қаралу.  

Емдеу тактикасы (стационар)


СТАЦИОНАРЛЫҚ ДЕҢГЕЙДЕ ЕМДЕУ ТАКТИКАСЫ

Дәрі-дәрмексіз емдеу:
Режим – палаталы (III), жалпы (IV).
Диета –  №15 үстел, ақуызға, дәрумендерге бай тағамдармен тамақтану, салауатты өмір салты. 
 
Дәрі-дәрмекпен емдеу:
Негізгі дәрілік заттар тізбесі:

р/с Фармакологиялық топ, ДЗ ХПА Қолдану тәсілі ДД
Антиэстрогендер
1. тамоксифен күннің бірінші жартысында ішке 1 таблеткадан А
2. торемифен А
3. ралоксифен А
4. фулвестрант А
5. торемифен А
Гестогендер
6. 1% табиғи прогестерон   сыртқа қолдануға арналған гель, 2,5гр.-нан дозатор-аппликатормен сүт бездерінің терісіне толық сіңіп кеткенге дейін,  күніне 1-2 рет, 3-6 ай ішінде етеккір циклының 2 фазасында    С,D
Қосымша дәрілік заттар тізбесі:
р/с Фармакологиялық топ, ДЗ ХПА Қолданылу тәсілі ДД
Гомеопатялық заттар
1. Мастодинон/циклодинон аш қарынға 1+2 таблеткадан күніне 2 рет, 3-6 ай ішінде В
 
Хирургиялық араласу: сүт безінің қатерсіз өскіндерінің негізгі емдеу әдісі хирургиялық емдеу болып табылады. 
Хирургиялық емдеудің мақсаты сүт безінің қатерсіз емес ісіктерін алып тастау болып табылады:   
·               фиброаденома;
·               жапырақ тәріздес ісік;
·               өзектік папиллома;
·               ошақты пролиферативты мастопатия.

Операциялық араласудың негізгі түрлері:   
Лампэктомия.  Әдетте ісікті алып тастау фиброаденома себебі бойынша жүргізіледі.  Теріні дәл ісіктің үстінен немесе ареолалардың шетінен (омырау айналасындағы шеңбер) тіледі, немесе субмаммарлы бүкпеде (сүт безінің астындағы бүкпе).     

Лампэктомия, сүт безінің секторлық резекциясы, сүт безінің орталық резекциясы, омырау емізігінің резекциясы. 

Көрсетілімдер: фиброаденома, жапырақ тәріздес ісік, өзектік папиллома, ошақты пролиферативты мастопатия.

Қарсы көрсетілімдер: цитологиялық зерттеу кезінде атиптік жасушалардың бар болуы, ауырлатылған онкологиялық анамнез, сүт безінің 5 см үлкен қатерсіз ісіктері, омыраулы-ареолярлы кешенге және ретромаммарлы кеңістікке жақын орналасуы, айқын ауырсыну синдромына байланысты.   Ауырлатылған соматикалық анамнез:   жүрек-тамыр қызметінің жеткіліксіздігі, шиеленіс стенокардиясы, миокард инфаркты, декомпенсация кезеңіндегі қант диабеті және т.б. 

Өткізу әдісі ісіктің өзімен, немесе ареоланың шетімен (омырау емізігінің айналасындағы шеңбер), немесе субмаммарлы бүкпенің (сүт безінің астындағы бүкпе).  Ісіктің өзін немесе бездің квадрантын кесіп алып тастау жүзеге асырылады, бұл ретте сүт безінің өзектері жиі зақымданады.  Ісік орналасқан жердегі «шұңқыр» тігіледі, терішілік тігіс салынады.   


Екі соңғы нұсқа әлдеқайда келісімдірек.  Радиарлы емес, жарты ай тәрізді кескін жасау ұсынылады (суретті қараңыз). Әдетте бір жылдан кейін бұндай кескеннен кейінгі тыртықты табу қиын. Ісіктің өзі кесіп алынады да, сүт безінің өзектері зақымданбайды (содан кейін келесіде бала емізуге қатысты мәселелер туындамайды), бездің деформациясы, без көлемінің тапшылығы орын алмайды.   Ісік орналасқан жердегі «шұңқыр» тігіледі. Алынып тастыланған макропрепаратты шұғыл түрде гистологиялық зерттеу көрсетіледі. 

Сүт безінің секторлық резекциясы:
Бұндай отаны түйінді мастопатия кезінде жасайды (жиынтық диагноз, сүт безіндегі белгісіз туындаған тығыздық бар жағдайда).  Тері тығыздықтың үстінен, немесе ареолалар шетінен, немесе субмаммарлы бүкпеден тілінеді. Тығыздық алынып тасталынады, без тінінің пайда болған дефектісі тігіледі, теріішілік тігіс салынады.  Секторлық резекциясының ерекше техникасы өзекішілік папиллома кезінде қолданылады (әдетте ол өзекте орналасқан және омыраудан бөлінулермен сипатталатын кішігірім ісік).  Өзекке бояғыш зат енгізіледі. Тері ареолалар шетінен тілінеді, омырау емізігінің артынан боялған өзек табылады, сол жерде оны тоқтатады, омырау емізігінен саңылауға дейін бөледі, папилломаны алып тастау мақсатында.  Без тіні және тері теріішілік тігіспен тігіледі. Алынып тасталынған макропреператты шұғыл гистологиялық зерттеуге жіберу көрсетіледі.    

Сүт безінің орталық резекциясы:
Оқшаулау қолдан келмегенде, көпшілік өзекішілік папилломаларн өзектердің орталық бөлімдерінде орналасқан  өзекішілік папиллома кезінде  қолданылады.   Ота омыраумен емізу болжанбайтын уақытта дұрыс болып саналады. Ареоланың шетіндегі тері тілінгеннен кейін омырау емізігінің артындағы барлық өзектер тоқтатылады. Өзектердің орталық бөліктерімен бездің тінін 2-3 см бөліп алады да алып тастайды. Тіннің дефектісі тігіледі, теріішілік тігіс салынады. Алынып тасталынған макропреператты шұғыл гистологиялық зерттеуге жіберу көрсетіледі.     

Омырау емізігінің резекциясы:
Омырау емізігінің аденомасы кезінде пайдаланылады — сирек қатерсіз ісік немесе Педжет қатерлі ісігінің морфологиялық диагностикасы үшін диагностикалық кезең ретінде.  Омырау емізігі сына тәрізді резекцияланады, жіңішке тігіс материалымен түйінделген тігістер жасалынады.  Алынып тасталынған макропреператты шұғыл гистологиялық зерттеуге жіберу көрсетіледі.
   
Әрі қарай емдеу:
·               3 жыл ішінде, әр 3-6 ай сайын маммологтың қарап-зерттеуі; 
·               6 айда бір рет сүт бездерінің УДЗ; 
·               Жылына 1 рет маммография, қатерлі жаңа өскін табылған кезде онкологиялық мекемеде арнайы емделу және диагностика.   

Сүт безінің қатерсіз ісіктері бар науқастардың диспансеризациясын және сауықтыруды ұйымдастыру қағидаттары:  

Атауы
 
Зертханалық және диагностикалық зерттеулердің атауы мен жиілігі  АМЖ медициналық қарап-тексерулері Байқау жиілігі ЖПД медициналық қарап-тексерулері Байқаужиілігі Бейінді мамандардың консультацясы    Байқау жиілігі Негізгі емдеу-сауықтыру іс-шаралары  Фертильді жастағы әйелдердің отбасы жоспарлауы  Диспансеризация тиімділігінің және бір диспансерлік топтан басқа диспансерлік топқа ауысудың тиімділік өлшемшарттары  Бақылау мерзімдері және тіркеуден шешу индикаторлары
1          2         3     4          5        6           7        8         9      10          11       12
Сүт безінің қатерсіз емес жаңа ісіктері
 
 
 
ЖҚА, ЖЗА жылына 4 рет (2-3 күн ішінде), жылына 6 рет қанның биохимиясы (1 апта ішінде), УДЗ, жылына 2 рет МРТ (1 апта ішінде), диагнозды нақтылау кезінде 1 рет тін биопсиясы Зертханалық және басқа да диагностикалық зерттеулердің жиілігінің орындалуын бақылауға жолдама. Пациент бағдары бойынша іс әрекет жасау, зертханалық көрсеткіштердің ілгерілеу белгілері және өзгерістер пайда болған уақытта  ЖПД жолдау. жылына 4 рет
 
Пациент жағдайын қадағалау. 
Қауіп факторлары пайда болған уақытта терапияны түзету. 
Ілгерілеу белгілері пайда болған уақытта сұрақты стационарға жатқызумен шешу. Емдеудің тиімділігі болмаған кезде онкологқа жолдау.
жылына 2 рет жоспарлы, көрсетілімдер бойынша жиілік өзгеріп тұруы мүмкін.
  
 
 Онколог-дәрігер ЖПД жолдамасы бойынша
 
 
Салауатты өмір салты икемдері бойынша ұсынылымдар. Қауіп факторларын түзету Жүктілік қарсы көрсетілмеген Клиникалық көрсеткіштердің жақсаруы. Уақытша жұмысқа жарамсыздықтың жиілігінің және ұзақтық мерзімінің төмендеуі. 3 жыл ішінде қаралу. Қайталану және малигнизация жоқ болған жағдайда тіркеуден шешу. 
D24
N60.0-9
N63 үшін сүт безінің қатерсіз жаңа ісіктері
 (түзетулермен)
жылына 2 рет ЖҚА, ЖЗА (2-3 күн ішінде), жылына 2 рет қан биохимиясы (1 апта ішінде), УДЗ – жылына 2 рет. КТ, МРТ (40 жасқа дейін).  маммография – жылына 1 рет (1 апта ішінде)
Диагнозды нақтылау кзінде тін биопсиясы 1 рет
ˇ 1 жылы 4 рет, 2 дылы 2 рет, 3 жылы 1 рет 
 
 
 
ˇ
 
ˇ Онколог-дәрігер (бар болса маммолог-дәрігер) ˇ ˇ ЭКҰ-ға көрсетілімдер бар болған жағдайда маммологтың қосымша консультациясы  ˇ ˇ

Емдеу тиімділігінің және диагностика мен емдеу әдістері қауіпсіздігінің индикаторлары:
·               Клиникалық зерттеу нәтижелері бойынша сүт безінде қатерсіз жаңа өскіндердің жоқ болуы, сүт бездерінің УДЗ және маммография.  

Ауруханаға жатқызу


ЕМДЕУГЕ ЖАТҚЫЗУДЫҢ ТИПІН КӨРСЕТЕ ОТЫРЫП, ЕМДЕУГЕ ЖАТҚЫЗУҒА АРНАЛҒАН КӨРСЕТІЛІМДЕР [2]

Жоспарлы емдеуге жатқызуға арналған көрсетілімдер:
·               сүт бездерінде қатерсіз өскіндердің бар болуы.   

Шұғыл емдеуге жатқызуға арналған көрсетілімдер: жоқ

Ақпарат

Пайдаланған әдебиеттің тізбесі

  1. Протоколы заседаний Объединенной комиссии по качеству медицинских услуг МЗ РК, 2017
    1. 1) Lakhani S.R., Ellis I.O., Schnitt S.J., Tan P.H., van de Vijver M.J., eds. WHO classification of tumours of the breast. IARC/World health organization classification of tumours. Lyon, France: WHO Press; 2012. 2) Доброкачественные заболевания молочных желез: руководство по диагностике и лечению/под ред. О. С. Филиппова. М.: МЕДпресс-информ, 2011. 112 с. 3) Клинические рекомендации NCCN, версия 2.2015. 4) Берг В.А., Блюм Д.Д., Кормак Д.Б., и соавт. Комбинированный скрининг УЗИ и маммографии по сравнению с только лишь маммографией женщин с повышенным риском рака молочной железы. 2013 август, 14; 299(18): 2151 - 63. 5) Institute for Clinical Systems Improvement (ICSI). Diagnosis of breast disease. Bloomington (MN): Institute for Clinical Systems Improvement (ICSI); 2012 Jan. 45 p. 6) Маккаверт М., Одоннел М.Е., Арури С., и соавт. Ультразвуковое исследование является полезным дополнением к маммографии в оценке опухолей молочной железы всех пациентов. Международный журнал клинической практики. 2009 ноябрь; 63(11): 1589 - 94. 7) Гимайр Б., Хан М.И., Бибусал Т., и соавт. Точность тройного тестирования при диагностике пальпируемого уплотнения груди. Журнал Непальской медицинской ассоциации. 2010; 49(111): 132 - 139. 8) Хунг В.К., Чан С.В.В., Суен Д.Т.К., и соавт. Направление в клинику к специалистам маммологам. Хирургический журнал. 2014, май; 70(3): 215-217. 9) Афонсо Н. Женщины с высоким риском развития рака молочной железы – Что необходимо знать врачам первичной медицинской помощи. Американский журнал семейной медицины. 2009; 22: 43 - 50.

Ақпарат


ХАТТАМАНЫҢ ҰЙЫМДАСТЫРУШЫЛЫҚ АСПЕКТІЛЕРІ
 
Хаттаманы әзірлеушілердің тізімі:
1)           Чингисова Жанна Қазбекқызы – медицина ғылымдарының докторы, Қазақ онкология және радиология ҒЗИ директорының клиникалық жұмыс бойынша орынбасары. 
2)           Талаева Шынаргүл Жақсыбайқызы – медицина ғылымдарының докторы, хирург-онколог, Қазақ онкология және радиология ҒЗИ Маммология орталығының жетекшісі.   
3)           Табаров Әділет Берікболұлы – клиникалық фармаколог, «ҚР Президенті Іс басқармасы медициналық орталығының Ауруханасы» ШЖҚ РМК инновациялық менеджмент бөлімінің басшысы.    
 
Мүдделер қақтығысының жоқтығын көрсету:жоқ  
 
Рецензенттер:
1)              Балтабеков Нұрлан Тұрсынұлы – медицина ғылымдарының докторы,  «С.Д. Асфендияров атындағы Қазақ Ұлттық медицина университеті» ШЖҚ РМК онкология кафедрасының меңгерушісі. 
 
Хаттаманы қайта қарау шарттары: жарияланғаннан кейін және қолданысқа енгізілген күнінен бастап 5 жыл өткен соң немесе дәлелділік деңгейі бар жаңа әдістер болған кезде хаттама қайта қаралады.

Қазықтаулы файлдар

Назар аударыңыз!

  • Занимаясь самолечением, вы можете нанести непоправимый вред своему здоровью.  
  • Информация, размещенная на сайте MedElement и в мобильных приложениях "MedElement (МедЭлемент)", "Lekar Pro", "Dariger Pro", "Заболевания: справочник терапевта", не может и не должна заменять очную консультацию врача. Обязательно обращайтесь в медицинские учреждения при наличии каких-либо заболеваний или беспокоящих вас симптомов.  
  • Выбор лекарственных средств и их дозировки, должен быть оговорен со специалистом. Только врач может назначить нужное лекарство и его дозировку с учетом заболевания и состояния организма больного.  
  • Сайт MedElement и мобильные приложения "MedElement (МедЭлемент)", "Lekar Pro", "Dariger Pro", "Заболевания: справочник терапевта" являются исключительно информационно-справочными ресурсами. Информация, размещенная на данном сайте, не должна использоваться для самовольного изменения предписаний врача.  
  • Редакция MedElement не несет ответственности за какой-либо ущерб здоровью или материальный ущерб, возникший в результате использования данного сайта.
На главную
Наверх