Войти

"Сүйемелдеуші оңалту" емдік әсерді ұстап тұратын оңалту. "Кардиология және кардиохирургия" бейіні (ересектер)

РЦРЗ (Республиканский центр развития здравоохранения МЗ РК)
Версия: ҚР ДСӘДМ клиникалық хаттамалар - 2014

Повторный инфаркт миокарда неуточненной локализации (I22.9)
Медицинская выставка в Астане

Выставочный центр "Көрме"

31 октября-2 ноября 2018

Ваш промокодAZD18MEDE 

Бесплатный билет по промокоду!

Медицинская выставка Astana Zdorovie 2018

Астана, выставочный центр "Көрме"

31 октября - 2 ноября

Ваш промокодAZD18MEDE 

Получить бесплатный билет по промокоду!

Анықтамасы

Анықтамасы

Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау және
әлеуметтік даму министрлігінің
«Денсаулық сақтауды дамыту
республикалық орталығы» ШЖҚ РМК
Сараптамалық кеңесінің
2014 жылғы «12» желтоқсандағы
№ 9 хаттамасымен ұсынылған
 
Хаттама атауы: «Сүйемелдеуші оңалту» емдік әсерді ұстап тұратын оңалту, «Кардиология және кардиохирургия» бейіні (ересектер).
 
Хаттама коды:
 
АХЖ-10 код(тар)ы
I10 Эссенциалдық [ілкі] гипертензия
I11.0 Жүрек (іркілістік) кемістігімен жүректі басым зақымдайтын гипертензиялық [гипертониялық] сырқат
I11.9 Жүрек (іркілістік) кемістігінсіз жүректі басым зақымдайтын гипертензиялық [гипертониялық] сырқат
I12 Бүйректі басым зақымдайтын гипертензиялық [гипертониялық] сырқат
I12.0 Бүйрек функциясының жеткіліксіздігімен бүйректі басым зақымдайтын гипертензиялық [гипертониялық] сырқат
I12.9 Бүйрек функциясының жеткіліксіздігінсіз бүйректі басым зақымдайтын гипертензиялық [гипертониялық] сырқат
I13 Ілкі (біріншілік) артериялық гипертензия және бүйрек гипертензиясы
I13.0 Жүрек (іркілістік) жеткіліксіздігімен жүрек пен бүйректі басым зақымдайтын гипертензиялық [гипертониялық] сырқат
I13.1 Бүйрек функциясының жеткіліксіздігімен бүйректі басым зақымдайтын гипертензиялық [гипертониялық] сырқат
I13.2 Жүрек (іркілістік) кемістігімен және бүйрек функциясының жеткіліксіздігімен жүрек пен бүйректі басым зақымдайтын гипертензиялық [гипертониялық] сырқат
I13.9 Жүрек пен бүйректі басым зақымдайтын нақтыланбаған гипертензиялық [гипертониялық] сырқат
I05 Қос жармалы (митралды) қақпақшаның ревматизмдік сырқаттары
I05.0 Митралды стеноз
I05.1 Қос жармалы (митралды) қақпақшаның ревматизмдік кемістігі
I05.2 Жеткіліксіздікпен митралды стеноз
I05.8 Қос жармалы (митралды) қақпақшаның басқа да аурулары
I05.9 Митралды қақпақшаның нақтыланбаған ауруы
I06 Қолқа қақпақшасының басқа да ревматизмдік сырқаттары
I06.0 Қолқаның ревматизмдік стенозы
I06.1 Қолқа қақпақшасының ревматизмдік кемістігі
I06.2 Жеткіліксіздікпен қолқаның ревматизмдік стенозы
I06.8 Қолқа қақпақшасының басқа да ревматизмдік сырқаттары
I06.9 Қолқа қақпақшасының нақтыланбаған ревматизмдік сырқаты
I07 Үш жармалы қақпақшаның ревматизмдік сырқаттары
I07.0 Трикуспидалды стеноз
I07.1 Трикуспидалды жеткіліксіздік
I07.2 Жеткіліксіздікпен трикуспидалды стеноз
I07.8 Үш жармалы қақпақшаның басқа да сырқаттары
I07.9 Үш жармалы қақпақшаның нақтыланбаған сырқаты
I08 Бірнеше қақпақшалардың зақымдануы
I08.0 Қос жармалы (митралды) және қолқа қақпақшаларының қосыла зақымдануы
I08.1 Митралды және үш жармалы қақпақшалардың қосыла зақымдануы
I08.2 Қолқа қақпақшасы мен үш жармалы қақпақшаның қосыла зақымдануы
I08.3 Митралды, қолқалық және үш жармалы қақпақшалардың қосыла зақымдануы
I08.8 Қақпақшалардың басқа да көптеген сырқаттары
I08.9 Қақпақшалардың нақтыланбаған көптік зақымдануы
I21 Миокардтың жіті инфарктынан кейін
I20.0 Тұрақсыз стенокардия
I20.1 Құжаттық расталған спазмы бар стенокардия
I20.8 II–II функционалдық кластағы стенокардия (стационарлық емнен кейін)
I22 Миокардтың қайталанған инфаркты
I42.0 Кеңеюлік (дилатациялық) кардиомиопатия
I42.1 Обструктивті гипертрофиялық кардиомиопатия
I42.2 Басқа да гипертрофиялық кардиомиопатия
I42.3 Эндомиокардиалды (эозинофильдік) сырқат
I42.4 Эндокардиалды фиброэластоз
I42.5 Басқа да рестриктивті кардиомиопатия
I42.7 Кардиомиопатиялар
Q21.0 Миокард алдыңғы қабырғасының жіті трансмуралды инфаркты
Q21.1 Миокард төменгі қабырғасының жіті трансмуралды инфаркты
Q25.0 Ашық артериялық түтік
Q25.8 Ірі артериялардың басқа да туа біткен ауытқулары
Q21.2 Өкпенің ілкі (біріншілік) гипертензиясы / Өкпенің салдарлық гипертензиясы
Q20-28 Жүрек қақпақшаларының ревматизмдік емес кемістіктері
Z95 Жүрек операцияларынан (қолқа-тәждік шунттаудан, тәждік ангиопластикадан және
стенттеуден) кейін  
 
Хаттамада пайдаланылатын қысқартулар:
АГ – артериялық гипертония
АлАТ – аланинаминотрансфераза
АсАТ – аспартатаминотрансфераза
МЖИ – миокардтың жіті инфаркты
ЖК – жүрек кемістігі
СРВА – С-реактивті ақуыз
ТТГ – тиреотроптық гормон
ФК – функционалдық класс
ЭКГ – электрокардиография
ЭхоКГ – эхокардиография
PROBNP – В-типті натрий-уретикалық пептид
 
Хаттаманың әзірленген күні: 2014 жыл.
 
Пациенттер санаты: ересектер.
 
Хаттаманы пайдаланушылар:
-терапевттер, кардиологтар, үйлестіруші–дәрігерлер;
-реабилитолог-дәрігерлер («Медициналық реабилитология, қалпына келтіру емі (физиотерапия, емдік дене шынықтыру)» мамандығы бойынша медициналық жоғары білімі бар) (ересектер);
-психология саласындағы маман (медициналық жоғары білімі бар);
-емдік шынықтыру бойынша нұсқаушы-маман (медициналық жоғары білімі бар);
-емдік дене шынықтыру бөлмесінің емдік шынықтыру бойынша нұсқаушы-маманы (мейіргері) (медициналық/медициналық емес (педагогикалық) орта білімі бар);  
-физиотерапия бөлмесінің мейіргері.


 

Диагностика


Диагностикалық іс-шаралар:

Негізгі іс-шаралар:
-жалпы қан анализі;
-жалпы несеп анализі;
-қанның биохимиялық талдауы (АлАТ, АсАТ, билирубин, жалпы ақуыз, электролиттер, несепнәр, креатинин, глюкоза, СРА, коагулограмма, липидограмма,
PROBNP);
-ЭКГ;
-ЭХОКГ;
-алты минуттық жүрістің қашықтығын (дистанциясын) анықтау.

 
Қосымша іс-шаралар:                                         

-ЭКГ тәуліктік мониторлауы (Холтер мониторлауы);
-ИФА әдісімен ТТГ, еркін тироксин, еркін трийодтиронин концентрациясын анықтау;
-Кеуде қуысы ағзаларының рентгенографиясы;
 
Мамандар консультациялары (көрсетімдер және мақсаты)
-аритмологтың консультациясы (жүрек ырғағының бұзылыстары болған кезінде);
-неврологтың консультациясы (ми қанайналымының ілеспелі жіті бұзылуы болған кезінде);
-нефрологтың консультациясы (бүйрек функциясының жеткіліксіздігі болған кезінде);
-пульмонологтың консультациясы (өкпенің ілеспелі патологиясы болған кезінде).
 

Емдеу тактикасы


ОҢАЛТУ ӘДІСТЕРІ МЕН ЕМШАРАЛАРЫ
 
Оңалту мақсаты:
-ықтимал мүгедектіктің алдын алу және дәрежесін төмендету;
-өмір сүру сапасын жақсарту (физикалық және тұрмыстық жүктемелерге төзімділікті арттыру)
-пациенттің еңбекке жарамдылық қабілетін сақтау;
-пациенттің қоғамға әлеуметтік интеграциясы.
 
Оңалту үшін көрсетімдер :
 
1-кесте.  «Сүйемелдеуші оңалту», «Кардиология және кардиохирургия» бейіні, (ересектер), емдік әсерді ұстап тұратын оңалту үшін көрсетімдер
 

Нозологиялық нысаны (АХЖ-Х бойынша коды) Халықаралық критерийлер
(БӘФ  бұзылу дәрежесі және (немесе) аурудың ауырлық дәрежесі)
1 Миокардтың жіті инфарктынан кейін I 21–I 22 I–II ФК(NYHA) ЖК
2 Жүрек операцияларынан (қолқа-тәждік шунттаудан, тәждік ангиопластикадан және
стенттеуден) кейін Z 95
Операциядан соң 2 айдан кешіктірмей
3 II–III функционалдық кластағы стенокардия    (стационарлық емнен кейін)
I 20.0; I 20.1; I 20.8
Зерттеудің аспаптық әдістерімен (ЭКГ, ультрдыбыс, жүктемемен сынамалар, коронарография) расталған
4 Ілкі (біріншілік) артериялық гипертензия және бүйрек гипертензиясы I 10 –I 13 Жоғары немесе өте жоғары жүрек-тамырлық қауіп тобы:
III дәрежелі АГ немесе I, II дәрежелі АГ және > 3 қауіп факторы;
МЖИ, инсультпен және т.б асқынған АГ I, II, III (нысан-ағзалардың зақымдануы);
АГ ағымын асқындыратын ілеспелі аурулар кезіндегі АГ I, II, III
5 Жүрек қақпақшаларының ревматизмдік кемістіктері I 05–I 08 II ФК (NYHA) ЖК
6 Кардиомиопатиялар I 42.0–I 42.5; I 42.7 II-II ФК (NYHA) ЖК
7 Өкпенің ілкі (біріншілік) гипертензиясы I-II ФК (NYHA) ЖК
8 Өкпенің салдарлық гипертензиясы
Q21.0, 21.1, 25.0,25.8., 21.2
I-II ФК (NYHA) ЖК
9 Жүрек қақпақшаларының ревматизмдік емес кемістіктері Q20-28 I-II ФК (NYHA) ЖК
 
Оңалту үшін қарсы көрсетімдер:
-шығу тегі әртүрлі, жиі қайталанатын немесе мол қан кетулер, гемоглобин деңгейі 80 г/л-ден кем болатын айқын қаназдық;
-әртүрлі этиологиядағы жайылған, жиі құрысулар;
-жіті инфекциялық аурулар;
-туберкулездің барлық нысандарының белсенді сатысы (A 15.0–1; A 15.5; A 15.7–9);
-қатерлі жаңа өспелер (III-IV сатылары);
-III дәрежеден жоғары тыныс алу функциясының жеткіліксіздігі (пульмонологиялық оңалту бөлімшелерінен басқа);
-шығу тегі белгісіз қызулық (фебрильді) қызба немесе субфебрильді қызба; 
-декомпенсация сатысындағы аурулар, нақты айтқанда, түзетілмейтін метаболизмдік сырқаттар (қант диабеті, микседема, тиреотоксикоз және басқалары), бауырдың, ұйқы безінің III дәрежелі функционалдық кемістігі;
-жыныстық жолмен берілетін аурулар (мерез, соз ауруы, трихомоноз және басқалары);
-терінің іріңді аурулары, терінің жұқпалы аурулары (қышыма, зеңді аурулар және басқалары);
-тұлғаны қоғамнан алшақтатын (әлеуметсіздендіретін) психологиялық аурулар (F 00; F 02; F 03; F 05; F 10–F 29; F 60; F 63; F 65; F 72–F 73);
-жүрек ырғағының асқынған бұзылыстары, NYHA жіктемесі бойынша IV ФК сәйкес ЖК;
-айтарлықтау улану кезіндегі әртүрлі іріңді (өкпенің) аурулар (J 85; J 86);
-кез келген орналасудағы таспақұрт (эхинококк) және басқа да паразиттер (B 67);
-жіті остеомиелит;
-терең веналардың жіті тромбозы;
-оңалту бағдарламасына күніне 2-3 сағат бойына белсенді қатысуға кедергі келтіретін өзге де ілеспелі аурулар болған кезде.
 
Медициналық оңалту көлемдері, 7 жұмыс күні ішінде бір науқасқа ұсынылатын қызметтер:
 
Оңалтудың негізгі әдістері:

Емдік дене шынықтыру:
-мөлшерленген жүріс – 14 емшара;
-велоэргометрде (велотренажер) динамикалы жаттығу – 7 емшара.
-кинезотерапия – 7 емшара

Физиотерапия:
-лазерлік терапия – 7 емшара.
 
Оңалтудың қосымша әдістері:

Физиотерапия:
электромиостимуляция – 7 емшара.

Массаж:
мойын-жаға аймағының – 7 емшара;
 
2- кесте. «Сүйемелдеуші оңалту», «Кардиология және кардиохирургия» бейіні (ересектер), емдік әсерді ұстап тұратын оңалтудың ұзақтығы
 

Нозологиялық нысаны (АХЖ-Х бойынша коды) Халықаралық критерийлер
(БӘФ бұзылу дәрежесі және (немесе) аурудың ауырлық дәрежесі)
Оңалтудың ұзақтығы/
мерзімдері
1 Миокардтың жіті инфарктынан кейін I 21–I 22 I–II ФК(NYHA) ЖК 7
2 Жүрек операцияларынан (қолқа-тәждік шунттаудан, тәждік ангиопластикадан және
стенттеуден) кейін  Z 95
Операциядан соң 2 айдан кешіктірмей 7
3 II–III функционалдық кластағы стенокардия (стационарлық емнен кейін)
I 20.0; I 20.1; I 20.8
Зерттеудің аспаптық әдістерімен (ЭКГ, ультрдыбыс, жүктемемен сынамалар, коронарография) расталған 5
4 Ілкі (біріншілік) артериялық гипертензия және бүйрек гипертензиясы I 10 –I 13 Жоғары немесе өте жоғары жүрек-тамырлық қауіп тобы:
III дәрежелі АГ немесе I, II дәрежелі АГ және > 3 қауіп факторы;
МЖИ, инсультпен және т.б асқынған АГ I, II, III (нысан-ағзалардың зақымдануы);
АГ ағымын асқындыратын ілеспелі аурулар кезіндегі АГ I, II, III
7
5 Жүрек қақпақшаларының ревматизмдік кемістіктері I 05–I 08 II ФК (NYHA) ЖК 7
6 Кардиомиопатиялар
I 42.0–I 42.5; I 42.7
II-II ФК (NYHA) ЖК 10
7 Өкпенің ілкі (біріншілік) гипертензиясы I-II ФК (NYHA) ЖК 10
8 Өкпенің салдарлық гипертензиясы
Q21.0, 21.1, 25.0,25.8., 21.2
I-II ФК (NYHA) ЖК 10
9 Жүрек қақпақшаларының ревматизмдік емес кемістіктері Q20-28 I-II ФК (NYHA) ЖК 7
 
Оңалту іс-шаралары тиімділігінің индикаторлары:
 
3-кесте. Оңалту іс-шаралары тиімділігінің индикаторлары
 

Нозологиялық нысаны (АХЖ-Х бойынша коды) Халықаралық критерийлер
(БӘФ  бұзылу дәрежесі және (немесе) аурудың ауырлық дәрежесі)
1 Миокардтың жіті инфарктынан кейін
I 21–I 22
6 минуттық жүріс тесті
II→I ФК (NYHA) ЖК
2 Жүрек операцияларынан (қолқа-тәждік шунттаудан, тәждік ангиопластикадан және стенттеуден) кейін Z 95 Операциядан соң 2 айдан кешіктірмей
6 минуттық жүріс тесті
III→II ФК (NYHA) ЖК
3 II–III функционалдық кластағы стенокардия (стационарлық емнен кейін) I 20.0; I 20.1; I 20.8 Зерттеудің аспаптық әдістерімен (ЭКГ, ультрдыбыс, жүктемемен сынамалар, коронарография) расталған
6 минуттық жүріс тесті
III →II→I ФК (NYHA) ЖК
4 Ілкі (біріншілік) артериялық гипертензия және бүйрек гипертензиясы I 10 –I 13 Жоғары немесе өте жоғары жүрек-тамырлық қауіп тобы:
III дәрежелі АГ немесе I, II дәрежелі АГ және > 3 қауіп факторы;
МЖИ, инсультпен және т.б асқынған АГ I, II, III (нысан-ағзалардың зақымдануы);
АГ ағымын асқындыратын ілеспелі аурулар кезіндегі АГ I, II, III
 
Артериялық қысымның сандарын тұрақтандыру
(139/89мм.рт.ст.)
5 Жүрек қақпақшаларының ревматизмдік кемістіктері I 05–I 08 II→I →0 ФК (NYHA) ЖК
6 Кардиомиопатиялар I 42.0–I 42.5; I 42.7 6 минуттық жүріс тесті
III→II ФК(NYHA) ЖК
7 Өкпенің ілкі (біріншілік) гипертензиясы  II→I ФК (NYHA) ЖК
РСДЛА 25 мм.рт.ст. (ЭХОКГ)  мөлшерінен кем
8 Өкпенің салдарлық гипертензиясы
Q21.0, 21.1, 25.0,25.8., 21.2
II→I ФК (NYHA) ЖК
РСДЛА 25 мм.рт.ст. (ЭХОКГ) мөлшерінен кем
9 Жүрек қақпақшаларының ревматизмдік емес кемістіктері Q20-28 6 минуттық жүріс тесті
II→I ФК (NYHA) ЖК
 

Ақпарат

Пайдаланған әдебиеттің тізбесі

  1. Протоколы заседаний Экспертной комиссии по вопросам развития здравоохранения МЗ РК, 2014
    1. Пайдаланылған әдебиеттер тізімі: 1) AACVPR/ACC/AHA2007.Journal of the American College of Cardiology/Journal of American College ofCardiology: Vol.50,N 14:1401-1410. 2)AHA/ACC Guidelines for Secondary Prevention for Patients With Coronary and OtherAtherosclerotic Vascular Disease: 2006 Update. Endorsed by National Heart, Lungand Blood Institute. Sidney C. Smith, Jerilyn Allen, Steven N. Blair et al. //Circulation2006; 113: 2363-2372. 3) Cardiac Rehabilitation (Outpatient): Clinical Guideline (CG-REHAB -02//Empire/Current Effective Date 11/17/2006. Last Review Date: 06/08/2006: Medical Policy &Technology Assessment Committee (MPTAC) review. 2005 AHA/AACVPRguidelineandthe 2005 AHRQTechnologyAssessment).

Ақпарат

Хаттаманы әзірлеушілердің біліктілік деректері көрсетілген тізім:
1) Мырзахметова Гүлжан Шалатайқызы – медицина ғылымдарының кандидаты, «Ұлттық кардиохирургия ғылыми орталығы» АҚ, оңалтудың ересектер бөлімшесінің меңгерушісі,кардиолог дәрігер;
2)  Аймақова  Гүлсім  Тарғынқызы  –  «Ұлттық кардиохирургия ғылыми орталығы» АҚ, қалпына келтіру емі бөлімшесінің меңгерушісі.
 
Мүдделер қақтығысының жоқтығын көрсету: жоқ.
 
Рецензент: Беркінбаев Сәлім Фахатұлы – м.ғ.д., профессор, Қазақстанның  кардиологтары қауымдастығының президенті, «Кардиология және ішкі аурулар ғылыми-зерттеу институты» ШЖҚ РМК, директор.
 
Мобильное приложение "Doctor.kz"

Ищете врача или клинику? "Doctor.kz" поможет!

Бесплатное мобильное приложение "Doctor.kz" поможет вам найти: где принимает нужный врач, где пройти обследование, где сдать анализы, где купить лекарства. Самая полная база клиник, специалистов и аптек по всем городам Казахстана.


Запишитесь на прием через приложение! Быстро и удобно в любое время дня.


Скачать: Google Play Market | AppStore

Қазықтаулы файлдар

Паллиативная помощь в Казахстане

Анкетирование РЦРЗ МЗ РК

Приглашаем специалистов, оказывающих паллиативную помощь, принять участие в опросе с 10 октября по 10 ноября 2018 года

Заполнить анкету

Анкетирование "Паллиативная помощь в РК"

РЦРЗ МЗ РК приглашает специалистов, оказывающих паллиативную помощь, принять участие в опросе с 10 октября по 10 ноября 2018 года

Цель опроса: определение условий работы и возможностей для развития врачей паллиативной помощи в Казахстане. Выскажите свое мнение, замечания и предложения!

Заполнить анкету

Назар аударыңыз!

  • Занимаясь самолечением, вы можете нанести непоправимый вред своему здоровью.  
  • Информация, размещенная на сайте MedElement, не может и не должна заменять очную консультацию врача. Обязательно обращайтесь в медицинские учреждения при наличии каких-либо заболеваний или беспокоящих вас симптомов.  
  • Выбор лекарственных средств и их дозировки, должен быть оговорен со специалистом. Только врач может назначить нужное лекарство и его дозировку с учетом заболевания и состояния организма больного.  
  • Сайт MedElement является исключительно информационно-справочным ресурсом. Информация, размещенная на данном сайте, не должна использоваться для самовольного изменения предписаний врача.  
  • Редакция MedElement не несет ответственности за какой-либо ущерб здоровью или материальный ущерб, возникший в результате использования данного сайта.
На главную
Наверх