Созылмалы холецистит

P-T-019

Версия: Архив - Аурулардың диагностикасы және емдеу хаттамалары (Приказ №764, 2007, №165, 2012)

Хронический холецистит (K81.1)

Анықтамасы

Анықтамасы


Анықтамасы

Созылмалы холецистит - өт қабының алты айдан астам ұзақтықта созылатын полиэтиологиялық қабынбалы ауруы, өт шығару жолдарының моторлы тондық бұзылуларымен жəне өттің физикалық химиялық қасиеттерінің өзгерістерімен қоса жүретін, өт қабында тастың пайда болуымен, билиарлы жүйенің моторлы тондық бұзылуларымен бірге жүруі мүмкін.

Қабынбалық процесс таспен, қап аномалиясының дамуымен, соңғысының дискинезиясымен жүреді. Холангиттің дамуымен жəне холангиогепатиттің дамуымен бауырдың өзі зақымдалуымен, өт жолдары бойынша инфекция кіруі мүмкін.
 
Өт тас ауруы - сипмтомкешені, тас түзілуімен ғана емес, типтік өттік шаншулармен қоса.


Хаттама коды: Р-Т-019 "Созылмалы холецистит"
Терапевтикалық саладағы поликлиникалар үшін
АХЖ-10 бойынша коды (кодтары):
K80  Өт тас ауруы (холелитиаз)
K81  Холецистит
K82  Өт қабының басқа аурулары
K83  Өт шығару жолдарының басқа аурулары
К83.4  Одди сфинктерінің спазмы
K87 Басқа бөлімдерде жіктелген аурулар кезінде өт қабының, өт шығару жолдары мен ұйқы безінің зақымдануы 

Жіктемесі


Жіктемесі
 
Созылмалы холецистит жіктемесі (С. Циммерман, 1992):
 
I. Этиология жəне патогенез бойынша:
- бактериалды;
- вирусты;
- паразитарлы;
- микробты 
емес (асептикалық, иммуногендік);
- аллергиялық;
- "ферментативтік";
- себебі анықталмаған.

 
II. Форма бойынша:
- калькулезды емес;
- калькулезды.

 
III. Дискинезия типі бойынша:
- өт қабының гиперкинезі;
- өт қабының гиперкинезі (нормотониямен, гипотониямен);
- одди сфинктерінің гипертонусы;
- люткенс сфинктерінің гипертонусы;
- екі сфинктердің де гипертонусы.
 
IV. Ағым мінезі бойынша:
- сирек рецидивтік;
- жиі рецидивтік;
- тұрақты ағымды (монотондық);
- жасырын (атиптік ағым).
 
V. Фаза бойынша:
- асқыну;
- басылып бара жатқан асқыну;
- ремиссия (тұрақты, тұрақсыз).

 
VI. Негізгі клиникалық синдромдар:
- ауру сезімдік;
- диспепсиялық;
- вегетативтік дистония;
- оң жақтық реактивті (ирритативті);
- етеккір алдындағы ширығу;
- солярлық;
- кардиалогиялық (холецистті-кардиалдық);
- невротикалық-неврозтəрізді.
 
VII. Ауырлық дəрежесі:
- жеңіл;
- орташа ауырлық;
- ауыр.

 
VIII. Асқынулар:
- реактивті панкреатит;
- спецификалық емес реактивті гепатит;
- перихолецистит;
- созылмалы дуоденит и перидуоденит;
- дуоденалды стаз;
- басқалар.
 
Созылмалы холециститтің жіктемесі (Ногаллер А.М., 1979, Дəулетбақова М.И., 1995):
 
I. Клиникалық тип бойынша: калькулезды емес, калькулезды.
 
II. Ағым бойынша: рецидивтік, жиі рецидивтік
 
III. Фаза бойынша: асқыну, ремиссия.
 
IV. Дискинезия, немесе асқынған калкулездық холециститтің болуы бойынша:
- өт қабының дискинезиясымен (гипертониялық, гипотониялық);
- перихолециститпен, холангитпен, реактивті гепатитпен, панкреатитпен жəне басқа аурулармен асқынған.
 
V. Ауырлық дəрежесі бойынша:
- жеңіл;
- орташа ауыр;
- ауыр.

 
Созылмалы холециститтің ауырлық дəрежелері
 
Жеңіл – асқынулар жылына 1-2 рет, клиникалық көріністер аздап айқын, аздап өттік шаншу ұстамалары мүмкін. Асқынудан тыс – айқын емес диспепсия, оң қабырға астындағы аздаған ауыру сезім. Жұмысқа қабілеттілік сақталған.
 
Орташа ауырлық – асқынулар жылына 3-4 рет, кейде өттік шаншу ұстамаларымен, клиникалық көріністер айқын. Асқынудан тыс кезде диспепсия, оң қабырға астындағы айтарлықтай ауыру сезім мен өт шығарушы жолдардағы функционалдық бұзылыстар сақталады.
Асқынулар мүмкін: холангит, реактивті панкреатит, өзіндік ерекшеліксіз реактивті гепатит, дуоденит, ішек дискинезиясы. Жұмысқа қабілеттілік сақталған немесе төмендеген.
 
Ауыр – асқынулар жылына 5 рет жəне жиі, ай сайын өттік шаншу ұстамалары болуы мүмкін.
Клиникалық белгілер бірден айқын. Асқынудан тыс кезде перихолециститпен, өт жолдарының моторикасы мен өт қабы концентрациялық функциялары бұзылыстарымен байланысты айтарлықтай көріністер сақталады. Орта дəреже үшін мінезді, сонымен қатар өт жолдарының қабынулық стриктуралары, екіншілік бауыр билиарлы циррозы, обструктивті панкреатит жəне басқа асқынулардың болуы заңды. Жұмысқа қабілеттілік төмендеген немесе жоғалған.

Қауіп-қатерлі факторлар


Қауіп-қатерлі факторлар:
- асқазан ішек жолдары ағзаларының ауруы;
- паразиттердің болуы (лямблилер, аскаридалар);
- өт қабы мен бауыр жарақаттары;
- созылмалы инфекция ошақтарының болуы;
- иммунндық статустың бұзылуы;
- жиі іш қатулар;
- ретсіз тамақтану;
- жиі тойып тамақ жеу;
- аз қимылдық өмір салты;
- жүктілік;
- алкоголь, темекі тарту.

Диагностикасы


Диагностика критерилері

Шағымдар мен анамнез: абдоминалды ауыру сезімдік синдром (диеталық жүктемемен байланысты оң жақ қабырға асты, оң бұғанаға, иық буынына, жауырынға берілумен, диспепсиялық синдром (лоқсу, құсу, ащы кекіру), субфебрильді дене қызуы (сирек).

Физикалық тексеру: кейбір науқастарда нұрлы қабат жəне терінің сарғаюы байқалады. Науқастардың басым көпшілігінде артық дене салмағы анықталады.
Пальпация кезінде өт қабының орналасу айналасында ауырсыну байқалады – іштің оң түзу бұлшықетінің сыртқы шеті оң қабырғалық доғамен қиылысады (Кер симптомы), терең тыныс алу жəне құрсақтың ішке тартылуында өт қабының зонасында ауырсынулар (Мерфи симптомы).

Инструменталдық зерттеулер: УДЗ, КТ (конкременттердің болуы, өт қабы көлемдерінің үлкеюі немесе кішіреюі, қабырғаларының қалыңдауы), рентгенологиялық (пероралды немесе көктамырішілік холецистографияны орындайды).

Негізгі жəне қосымша диагностикалық шаралар тізімі
 
Негізгі диагностикалық шаралар тізімі:
1. Қанның жалпы анализі (6 параметр).
2. Глюкозаны анықтау.
3. Сілтілік фосфатазаны анықтау.
4. Билирубин мен фракцияларды анықтау.
5. Холестеринді анықтау.
6. Құрсақ қуысы ағзаларын УДЗ.
7. Эзофагогастродуоденоскопия.
8. Зəрдің жалпы анализі.
9. Капрологияға нəжісті зерттеу.
10. АЛТ анықтау.
11. АСТ анықтау.
12. С-реактивті ақуызды анықтау.
13. Жалпы ақуызды анықтау.
 
Қосымша диагностикалық шаралар тізімі:
1. Қан диастазасын анықтау.
2. Қандағы ақуыз фракцияларын анықтау.
3. Дуоденалдық заттарды зерттеу (зондтаусыз).
4. Биологиялық сұйықтықтарды колонияларды алып себу.
5. Көктамырішілік холангиохолецистография (көрсетімдер бойынша).
6. Пероралдық холецистография (көрсетім бойынша).
7. Мақсатты пункциондық бауыр биопсиясы (көрсетімдер бойынша).
8. Эндоскоптық ретроградтық панкреатохолангиография (көрсетімдер бойынша).
9. Бауырдың, өт қабының компьютерлік томографиясы (көрсетімдер бойынша).

Лабораторлық зерттеулер


Лабораторлық зерттеулер: дуоденалды зондтау кезінде дискинетикалық бұзылыстарды, сонымен қатар В порциясының микроскопиясы кезінде қабынулық элементтерді жəне паразиттерді, сонымен қатар оны себу кезінде инфекциялық агенттерді анықтау; қанда нейтрофильді лейкоцитоз жəне эритроциттердің тұну жылдамдығының жеделдеуі, олардың реактивті қабынуы кезінде бауыр мен ұйқы безінің функционалды сынамаларының өзгерістері болуы мүмкін.

Емдеу тактикасы


Емдеу тактикасы
Ем диеталық режиммен қатар антибактериалды, қабынуға қарсы, холеретикалық, спазмолитикалық терапия жүргізуді қарастырады жəне негізгі ауруларға, асқынулардың болуына, жағдай ауырлығына тəуелді.
 
Дəрі-дəрмектік ем:
1. Келесі антибактериалдық препараттардың бірін тағайындайды:
- синтетикалық 
пенициллиндер (ампицилин* 2 г/тəулігіне - 10 күн);
- макролидтер (эритромицин*  
2 г/тəулігіне, кларитромицин* 1 г/тəулігіне, спирамицин* 6 МЕ/тəулігіне -10 күн);
-  
тетрациклиндер (доксициклин *100-200 мг/тəулігіне -10 күн);
- фторхинолондар 
(ципрофлоксацин* 1г/тəулігіне - 10 күн);
- цефалоспориндер (цефуроксим*750 мг/тəулігіне, 
цефтазидим* 1-6 г/тəулігіне - 10 күн).

Лямблиоз болған кезде келесі препараттардың бірі 
көрсетілген: орнидазол* 1 г/тəулігіне - 5 күн немесе метронидазол * 1 г/тəулігіне – 10 күн.
Таңдау препараттары болып табылады: ко-тримоксазол* - 2 апта, интетрикс.
 
2. Өттің коллоидты қасиетін қалпына келтіру мақсатында, тиімділігі дəлелденген, урсодезоксихол* қышқылын 500 мг/тəулігіне тағайындайды.
 
3. Өт қышқылдарын байланыстыру үшін құрамында алюминий бар антацидтер көрсетілген, күніне 15 мл х 4рет тамақтан соң 1,5-2 сағаттан кейін.
 
4. Өт қабының гипертониялық дискинезиясы кезінде спазмолитиктердің бірін тағайындайды:
- пинавериум бромид* - 100-150 мг/тəулігіне;
- гимекромон 600 мг/тəулігіне;
-
бускопан 10 мг х 3 рет;
- галидор* 2,0 мл х 2-3 рет тəулігіне.

 
5. Гипотониялық дискинезия кезінде холецистокинетиктер көрсетілген:
- домперидон* 
немесе метоклопрамид* 30-40 мг/тəулігіне;
- магния сульфаты* 10-25%, 2 ас қасықпен 
тəулігіне 3 рет;
- сорбит* 10% 050,0 х 2-3 рет тəулігіне.

 
6. Холекинезді күшейтетін препараттар – аллохол* 2 таб. х 3-4 рет тəулігіне, тамақтан соң.
 
7. Полиферменттік терапия:
- панкреатин*;
- фестал*;
- панзинорм*.

 
8. Антибактериалды терапия аяқталғаннан соң: пребиотиктер - хилак форте* 60 тамшы х 3 рет- 1 апта, сонан соң 30 тамшыдан х 3 рет - 2 апта, іш қатуларда - лактулоза* 1 – 2 ас қасық х 1 рет тəулігіне.
 
Негізгі дəрі дəрмектер тізімі:
1. *Ампициллин 0,25 г, табл.
2. *Урсодезоксихол қышқылы 250 мг, табл.
3. *Құрамында алюминий гидрототығы, магний гидрототығы бар қосылған препараттар 15 мл, ішке қабылдау үшін суспензия.
4.  Гимекромон 200 мг, табл.
5.  Аллохол.
6. *Домперидон 10 мг, табл.
7. *Панкреатин, таблетка, құрамында 4 500 ЕД кем емес липаза бар капсула.
 
Қосымша дəрі-дəрмектер тізімі:  *метронидазол 500 мг, табл.
 
Ем тиімділігінің индикаторлары: өт қабы мен ұлтабар функцияларын қалпына келтіріп, аурудың симптомдық көріністерін жою.

* – Негізгі (өмірге маңызды) дəрілік заттар тізіміне кіретін препараттар

Ақпарат

Пайдаланған әдебиеттің тізбесі

  1. Аурулардың диагностикасы және емдеу хаттамалары (Приказы №764 - 2007, №165 - 2012)
    1. Хаттаманы дайындау барысында пайдаланылған əдебиеттер: 1. "Стандарты (протоколы) диагностики и лечения органов пищеварения: www.medlinks.ru/sections.php?op=viewarticle&artid=977 2. Холецистит хронический www.myrobalan.com/5/148.htm

Ақпарат


Əзірлеушілер тізімі: Жұмашева Б.Б., ҚР ДСМ Кардиология жəне ішкі аурулар ҒЗИ

Қазықтаулы файлдар

Назар аударыңыз!

  • Занимаясь самолечением, вы можете нанести непоправимый вред своему здоровью.  
  • Информация, размещенная на сайте MedElement и в мобильных приложениях "MedElement (МедЭлемент)", "Lekar Pro", "Dariger Pro", "Заболевания: справочник терапевта", не может и не должна заменять очную консультацию врача. Обязательно обращайтесь в медицинские учреждения при наличии каких-либо заболеваний или беспокоящих вас симптомов.  
  • Выбор лекарственных средств и их дозировки, должен быть оговорен со специалистом. Только врач может назначить нужное лекарство и его дозировку с учетом заболевания и состояния организма больного.  
  • Сайт MedElement и мобильные приложения "MedElement (МедЭлемент)", "Lekar Pro", "Dariger Pro", "Заболевания: справочник терапевта" являются исключительно информационно-справочными ресурсами. Информация, размещенная на данном сайте, не должна использоваться для самовольного изменения предписаний врача.  
  • Редакция MedElement не несет ответственности за какой-либо ущерб здоровью или материальный ущерб, возникший в результате использования данного сайта.
На главную
Наверх