Созылмалы тонзиллит (бадамша бездің қабынуы)

P-P-029

Версия: Архив - Аурулардың диагностикасы және емдеу хаттамалары (Приказ №764, 2007, №165, 2012)

Хронический тонзиллит (J35.0)

Анықтамасы

Анықтамасы


Анықтамасы

Тонзиллит
- бұл ауру, жұтқыншақ сақинасында (жиі таңдай 
миндалинасы) бір немесе бірнеше түзілген лимфоидтар түйіндерінің қағынуы мен сипатталады, кең таралған жоғарғы тыныс жолдарынын  инфекциясы.  

 
Хаттама коды: P-P-029 "Созылмалы тонзиллит (бадамша бездің қабынуы)"
Педиатрия саладағы поликлиникалар үшін
АХЖ-10 бойынша коды (кодтары):  J35.0  Созылмалы тонзиллит.

Жіктемесі


Жіктемесі
 
1. Өтуіне қарай:
- жіті (ангина);
- созылмалы;
 
2. Түріне қарай:
- кəдімгі - икемделген, шала икемделген, икемсіз;
- кəдімгіге қарама-қарсы: созылмалы гипертрофикалық тонзиллит.
 
3. Асқынған жəне орайласқан ауру:
- перитонзилитті (бадамша бездің сыртқы қабынуы) ірің;
- жұтқыншақ артқы жəне жұтқыншақ алды іріңі;
- мойын лимфа түйінінің қабынуы;
- медиастенит (көкірек орталығының қабынуы);
- ортаңғы құлақтың қабынуы;
- дамудың тоқырауы;
- бадамша бездің сепсисі (микроптың қанға шабуы);
- бадамша-без жүрек синдромы;
- ревматизм (құздама), жүрек, зəр шығару жүйесінің, буындардың жəне басқа мүшелердің ауруы мен инфекциялы - аллергиялық табиғаты бар жүйелер.

Қауіп-қатерлі факторлар


Қауіп-қатерлі факторлар:
1. Патогенді жəне шартты патогенді микро-организмдер мен көбінде жиі А топты бета-гемолитикалық стрептококк қоздырғышы.
2. Жиі баспа.
3. Тамақтанудың айқын бұзылысы.
4. Иммундық тапшылық күйі.
5. Туа біткен ақаулықтың дамуы.
6. Тістің жəне ауыз қуысы шырынының жұқпалануы.
7. Аллергиялық икемділік.
8. Созылмалы мұрынның қосалқы қуыстарының қабынуы.
9. Төменгі əлеуметтік - экономикалық жағдайы.

Диагностикасы


Диагностикалық критерилер
 
Баспаға жиі өтініш, тамақтың ауруы, ауыздан жағымсыз иіс шығуы, жақ асты аймағының ауыруы, əлсіздік, артралгия( буын сырқырауы), мезгіл-мезгіл шамалы қызулық.
 
Физикалық тексеру:
 
1. Жергілікті белгілері:
- Сұйық ірің немесе қуыстағы іртікті тығын;
- Гизе белгісі – алдыңғы доғаның гиперемиялық шеттері;
- Зак белгісі - таңдайдың үстіңгі доғасының шеттерінің ісінуі;
- Преображенский белгісі - алдыңғы доға шетттерінің сіңбеленуі;
- Доғамен бадамша бездің жабысуы мен бірігуі;
- Лимфа түйіндерінің өңірлік ұлғаюы;
- Қол ұшымен тексерудең өңірлік аурушаңдығы.
 
2. Жалпы белгілері:
- Шамалы қызулық температура (мезгіл-мезгіл);
- Бадамша бездің уыттануы (əлсіздік, шаршаушылық жəне т.б.);
- Буындардың мезгіл-мезгіл ауыруы;
- Мойын лимфа түйінінің қабынуы;
- Ауру сияқты жүрек қызметінің бұзылуы.

Икемді-икемсіз дəрежелері Сипаттамалар
Икемді созылмалы тонзиллит
Ауыз жұтқыншағындағы бадамша бездің жергілікті қабынудағы басымдылық процесіне организмнің жалпы реакциясы.
Икемсіз созылмалы тонзиллит
Ауыз жұтқышағының бадамша бездің айқын білінетін қабыну процесінің көрінісінде бадамша бездің уыттануының баяу білінуі, жеке жүйелердің (жалпы əлсіздік, жүйелік қан айналымдық дистония, буын сырқырауы) қызметтік ауытқуы түрінде. Тонзилиттің
жиі асқынуы мен ОРЗ, бала денсаулығының өте нашарлануының маңызына себепкер қызмет атқарады.
Созылмалы тонзиллиттің икемсіздігі
Ауыз жұтқыншақтағы созылмалы қабыну процесі бұл жергілікті иммунитеттің толым жетіспеушілік жүйесі бадамша бездің уыттануының айқындық белгісі жəне иммунитет жүйесіне иммундық патологиялық реакция. Аурудың сабақтасып дамуы (құздама, гломерулонефрит, артрит (буын қабынуы), васкулит (қан тамырының қабынуы) немесе түбегейлі асқыну (паратонзиалдық ірің созылмалы лимфаденит т.б.).

 
Инструменталдық зерттеу:
Фарингоскопия: жергілікті белгілердің бар болуы – сұйық ірің немесе қуыстағы іріткі тығын Гизе белгісі – алдынғы доғаның шеткі гиперемиясы;
Зак білгісі - таңдай алды доғасы бөлімінің шеткі ісігі;
Преображенский белгісі - алдың доға шетінің сіңбеленуі, бадамша бездің доғасымен жабысуы мен бірігуі;
 
Мамандар консультациясы үшін көрсетімдер:
- Аурудың сабақтасын даму белгілері бар болса кардиалог, нефролог, аллергалогтарға көрсету;
- Көкірек орталығының қабынуының дамуында - хирург консультациясы;
 
Негізгі диагностикалық шаралар тізімі:
1. Қанның жалпы анализі (6 параметрі бойынша).
2. Зəрдің жалпы анализі.
3. Бадамша бездің қуыс ішіндегілердің бактериологиялық зерттелуі.
 
Қосымша диагностикалық шаралар тізімі:
1. Қанның биохимиялық анализі( СРБ-ревмопробы стрептолизин).
2. ЭКГ.

Лабораторлық зерттеулер


Лаборториялық зерттеу:
-  Қанның жалпы анализі – ЭТЖ-ң баяу жоғарлауы;
- Қуыс ішіндегілерге бактериалогиялық зерттеу – патогенді шартты патогенді микроорганизмдерді жəне көбінде жай болатын А топты бета-гемолитикалық стрептококк қоздырғышын зерттеп табу.

Дифференциалды диагноз


Дифференциалды диагноз

Белгілері Созылмалы тонзиллит
Созылмалы фарингит
(жұтқыншақ қабынуы)
 Жергілікті
1. Сұйық ірің немесе қуыстағы іріткі тығын
 Гизе білгісі – алдынғы доғаның шеткері
 гиперемиясы;
2. Зак белгісі - таңдай алды доға бөлімінің
 шеткері ісігі;
3. Преображенский белгісі - алдынғы доға
 шеттерінің сіңбеленуі;
4. Бадамша бездің доғасының жабысуы
 мен бірігуі.    
- Гиперамия жəне жұтқыншақ артқы
қабырғасының қалыңдауы (гипертрофикалық
фарингитте)  жұтқыншақтың артқы
қабырғасындағы дəнді  бөліктер түрінде

лимфоидтық фолликуланың
гиперплаздануымен
 анықталады
(түйіршікті фарангитте);
- Жұтқыншақтың  артқы қабырғасы жұқа, 
қою кепкен шырын  бөлінген кебу жабынды 
1 атрофиялық  фарингитте -  жұтқыншақтың
қабынуы).

Емдеу тактикасы


Емдеу тактикасы
 
Ем мақсаты:
1. Бадамша бездің қабыну процессін тоқтату.
2. Аурудың ушығуын жəне асқыну мүмкіндігінің алдын алу.
3. Өзін сезіну мен тəбетін жақсарту.
 
Дəрі-дəрмексіз ем: жалпы ржим; диета - №15 үстел.
 
Дəрі-дəрмектік ем
 
Консервативтік ем:
Созылмалы процесс кезінде антибактериалды препараттармен емдеу ұсынылмайды, жітілік кезеңде қажетіне қарай қолданылады.

Антибактериялық препараттар:
Ауыз 
арқылы, көбінде көз жеткендіктің артықшылығы антибиотиктерді белгілеу. Іріктелген дəрілік антибиотиктер мен in vitro флораға сезімталдығымен тиімсіз емдеуді
мойындағанда ғана емдейді. Препараттарды таңдағанда-жартылай синтетикалық пенициллин, макролидтер, екінің бірінде - I, III ұрпақтық цефалоспориндер.
Амоксициллин **25 мг/кгх 5 күн ішінде күніне 2 рет немесе қорғағыштық пенициллин (амоксициллин + клавулон қышқылы **20-40 мг/кг күніне 3 рет).
Азитромицин* 1 күн 10 мг/кг, 4 күнде ауыз арқылы, күніне 5 мг/кг немесе кларитромицин*- бөлшектен ауыз арқылы 10-14 күн бөлшектеп 40мг/кг.
Цефуроксим тəулігіне 40 мг-кг, 2 бөлшектеп, қабылдау 10-14 күн ауыз арқылы.
Цефуроксим дозасы балаларға 1,5г.
Мұнан басқада қызуын басатын препараттарды қолдануға болады (мысалы, парацетамол 200 мг, 500 мг таб.; 2,4% флакондағы сироп; 80 мг суппозиториилер).
 
Созылмалы тонзиллитте ем-доммен емдеу сызбасы
 
І. Кəдімгі созылмалы тонзиллит
 
1. Икемделген созылмалы тонзиллит
а) Таңдай бадамша безді сауықтандыру. Суарып, шаю терапиясы (дəрілік ерітінділерді қолдану əдісі, мысалы,1% эвкалипт, инфекциясызданғыш ерітінділері) бадамша без қуысын өңдеу;
б) Физиоемдеу - жақ асты маңайының лимфалық түйіндерін ультрадыбыс №10,  УФО №10, ауыз немесе мұрын арқылы таңдай жəне жұтқыншақ бадамша безін лазермен сəулелендіру жарық түсірумен, ИК - лазерлі сəулендіру (10-30 мвт, əрбір бадамша безге 30 секундтан).
Ушығу кезінде емді жалғастыру, көрсеткішке қарай парацетомол белгіленеді, календула, ромашка тұндырмасы, ингаляциялық сульфениламид (күніне 2-3 рет) жиі шаю. Антибиотиктерді белгілемесе де болады.
 
2 Шала икемделген созылмалы тонзиллит:
а) Таңдай бадамша безді өңдеу жəне шаю (ирригациялық терапия);
б) Физиоемдеу – жақ асты маңайының лимфа түйіндерін ультрадыбыс №10, УФО №10, алыс немесе мұрын арқылы таңдай жəне жұтқыншақ бадамша безін лазермен сəулелендіру жарық түсірумен. ИК-лазерлі сəулендіру (10-30 мвт, əрбір бадамша безге 30 секундтан);
в) Иммунномодулдық терапия, (эхинацея жəне т.б.).
Ушығуда емдеу үзілмейді, парацетомол эвкалипт препаратымен ингаляция, егер тиімділігі болмағанда антибиотиктер қолданылады.
 
3. Икемсіз созылмалы тонзиллит:
а) Таңдай бадамша безді өңдеу жəне шаю (ирригациялық терапия);
б) Физиоемдеу – жақ асты маңайының лимфа түйіндерін  ультрадыбыс №10, УФО №10, алыс немесе мұрын арқылы таңдай жəне жұтқыншақ бадамша безін лазермен сəулелендіру жарық түсірумен. ИК - лазерлі сəулендіру (10-30 мвт, əрбір бадамша безге 30 секундтан);
в) Иммунномодулдық терапия, (эхинацея жəне т.б.).
Ушығуда емдеу үзілмейді, парацетомол эвкалипт препаратымен ингаляция, егер тиімділігі болмағанда антибиотиктер қолданылады. Тиімсіз болса, антибиотиктерді ішке қолдану қосарланған ауру болса көрсеткішіне қарай - параэнтральді (ауыздан тыс).
Мүмкіндігі болмағанда ең ақырғы ем-тонзиллоэктомия бадамша безді отау емдомдыққа көнбегенде, (аурудың өтуі тұрып алғанда, сомалық аурудардың қосымша дамуы қауіп төндіргенде).

ІІ Гипертрофикалық созылмалы тонзиллитің – шала икемсіз түрі:
 
а) Таңдай бадамша безді өңдеу жəне шаю (ирригациялық терапия);
б) Физиоемдеу – жақ асты маңайының лимфа түйіндерін ультрадыбыс №10, УФО №10, алыс немесе мұрын арқылы таңдай жəне жұтқыншақ бадамша безін лазермен сəулелендіру жарық түсірумен. ИК - лазерлі сəулендіру (10-30 мвт, əрбір бадамша безге 30 секундтан);
В) Иммунномодулдық терапия, (эхинацея жəне т.б.).
Ушығуда емдеу үзілмейді, парацетомол эвкалипт препаратымен ингаляция, егер тиімділігі болмағанда антибиотиктер қолданылады.
Созылмалы емдеу – тек қана түбегейлі тыныс бұзылғанда қолданылады.
 
Негізгі жəне қосымша дəрі-дəрмектер тізімі
 
Негізгі дəрі-дəрмектер тізімі:
1. ** Парацетамол 200 мг, 500 мг табу 2,4% флакондағы сироп, 80 мг суппозотории.
2. **Амоксициллин 500 мг, 1000 мг таб; 250 мг, 500 мг капсула; 250 мг, 500 мг капсула, 250мг/5мл ауыз арқылы берілетін қалқыма(суспензия).
3. * Амоксициллин+клавулан қышқылы табл., оның қабықшасын жабу 500 мг/ 125мг, 875 мг/125 мг; флаконда 500 мл/ 100 мг, 1000 мг/ 200 мг ұнтақ дайындайды, вена ішілік ендіруге.
4. * Цефуроксим 250 мг, 500 мг таб; 750 мг флаконда, иньекциялық ерітіндіге ұнтақ;
 
Қосымша дəрі-дəрмектер тізімі:
1.   Сульфаниламид (ингаляциялық түрі ), 1% эвкалипт.
2. * Азитромицин 125 мг, 500 мг таб.; 250 мг капс; 200 мг/ 100 мл флаконда инфизиялық ерітінді үшін.
3. * Кларитромицин 250 мг, 500 мг табл;
4. **Эритромицин – 250 мг табл; 250 мг/ 5 мл ауыз арқылы берілетін суспензия.
 
Ем тиімділігінің индикаторлары:
- Жиі ушығуды азайту;
- Асқынудың болмауы.

*  -  Негізгі (өмірге маңызды) дəрілік заттар тізіміне кіретін препараттар.
 
** - Аамбулаторлық ем кезіндегі рецепт бойынша дəрілік заттар тегін жəне жеңілдікпен берілетін ауру түрлерінің тізіміне кіреді.

Ауруханаға жатқызу


Госпитализациялауға көрсетімдер (жоспарлы) – хирургиялық:
1. Тыныс алудың айқын бұзылуы.
2. Қосарланған аурулық бар болса.
3. Сыртартқыда – паратозилярлық іріңде.
4. Мойын лимфаденттер.
5. Жиі баспа болуы (жылына 4 ретке дейін).
6. Амбулторлық емнің тиімсізділігінде.

Алдын алуы


Профилактикалық шаралар:
1. Вирустық жəне бактериалдық аурудың алдын алу;
2. Организмді шынықтыру.

Əрі қарай жүргізу: операциядан соң емдеуде ауру жазылған, ал балалардағы созылмалы тонзиллит диагнозында “Д” есебіне алынады, алдын алу емі жылына 2 рет, ал жалпы клиникалық зерттеу жүргізумен (қанның жалпы анализі, зəрдің жалпы анализі, Ревмасынамысна қан анализі; ЭКГ, кардиолог консультациясы).

Ақпарат

Пайдаланған әдебиеттің тізбесі

  1. Аурулардың диагностикасы және емдеу хаттамалары (Приказы №764 - 2007, №165 - 2012)
    1. Хаттаманы дайындау барысында пайдаланылған əдебиеттер: 1. Brook I, Hirokowa R Treatmtnt of patients with a history of recurrent tonsillitis due to group A beta – hemolytic streptococci. Clin Pediatr 24: 331, 1985 2. Volk MS The effect of preoperative steroids on tonsillectomy patients. Otolaringol Head Nesk Surg 109: 726, 1993. 3. Х.М. Маккаев. «Хронический тонзиллит (аденотонзиллит) у детей как проблема педиатрии и детской отоларингологии»./Лекция для врачей. Москва – 2002. 69с. 4. Секреты отоларингологии: Пер с англ./ Под ред. Ю.М. Овчинникова.- С-П.: Невский диалект, 2001. – 624с. 5. Болезни уха, горла, носа. /В.Т. Пальчун, Н.А. Преображенский. М,1978 6. Детская оториноларингология./ Ю.Б Исхаки, Л.И Кальштейн. Душанбе, 1985 7. Воспаление придаточных пазух у детей./ М.Я. Козлов. М, 1985 8. Неотложная помощь в оториноларингологии./ М.А. Шустер, В.О. Калина, Ф.И. Чумаков. М, 1989 9. Клинические рекомендации для практикующих врачей, основанные на доказательной медицине: Пер с англ./ Под ред. Ю.Л. Шевченко, И.Н. Денисова, В.И. Кулакова, Р.М. Хаитова.- 2-е изд., испр. – М.: ГЭОТАР-МЕД, 2003. – 1248с.

Ақпарат


Əзірлеушілер тізімі:
Педиатрия жəне балалар хирургиясы ҒО
Алданьярова Б. Ж.,  лор – дəрігер.
Чекмезова О.Б.,       м.ғ.к.
Умарова Р.А.,          бірінші санаттағы дəрігер.

Қазықтаулы файлдар

Назар аударыңыз!

  • Занимаясь самолечением, вы можете нанести непоправимый вред своему здоровью.  
  • Информация, размещенная на сайте MedElement и в мобильных приложениях "MedElement (МедЭлемент)", "Lekar Pro", "Dariger Pro", "Заболевания: справочник терапевта", не может и не должна заменять очную консультацию врача. Обязательно обращайтесь в медицинские учреждения при наличии каких-либо заболеваний или беспокоящих вас симптомов.  
  • Выбор лекарственных средств и их дозировки, должен быть оговорен со специалистом. Только врач может назначить нужное лекарство и его дозировку с учетом заболевания и состояния организма больного.  
  • Сайт MedElement и мобильные приложения "MedElement (МедЭлемент)", "Lekar Pro", "Dariger Pro", "Заболевания: справочник терапевта" являются исключительно информационно-справочными ресурсами. Информация, размещенная на данном сайте, не должна использоваться для самовольного изменения предписаний врача.  
  • Редакция MedElement не несет ответственности за какой-либо ущерб здоровью или материальный ущерб, возникший в результате использования данного сайта.
На главную
Наверх