Семіздік

PN-T-005

РЦРЗ (Республиканский центр развития здравоохранения МЗ РК)
Версия: Архив - Аурулардың диагностикасы және емдеу хаттамалары (Приказ №764, 2007, №165, 2012)

Ожирение неуточненное (E66.9)

Анықтамасы

Анықтамасы

 
Анықтамасы

Семіздік майдың шектен тыс жиналуымен мінезделетін созылмалы жағдай.

 
Хаттама коды: PN-T-005 "Семіздік"
Терапевтикалық саладағы медициналық пункттар үшін
АХЖ-10 бойынша коды (кодтары):
E66 Семіздік
E66.0 Энергиялық ресурстардың шектен тыс түсуінен туындаған семіздік
E66.1 Дəрілік заттарды қабылдаудан туындаған семіздік
E66.2 Альвеолярлы гиповентиляциямен қатар жүретін семіздіктің соңғы дəрежесі
E66.8 Семіздіктің өзге формалары
E66.9 Анықталмаған семіздік
Облачная МИС "МедЭлемент"

Автоматизация клиники: быстро и недорого!

  • Подключено 290 клиник из 4 стран 
  • 1 место - 800 руб / 4500 тг в мес.
  • Регистратура + Касса - 15 800 руб / 79 000 тг в год

Узнать больше
+7 938 489 44 83 / +7 707 707 07 16
office@medelement.com

Облачная МИС "МедЭлемент"

Автоматизация клиники: быстро и недорого!

  • С нами работают 290 клиник из 4 стран 
  • Подключение 1 рабочего места - 800 руб / 4500 тг в месяц
  • Регистратура + Касса - 15 800 руб / 79 000 тг в год

Узнать больше / +7 938 489 44 83 / +7 707 707 07 16 / office@medelement.com

Как удобнее связаться с вами?

Жіктемесі


Жіктемесі
 
Семіздіктің ең кең тараған формалары (этиологиясы бойынша): экзогендік-конституционалдық, гипоталамдық, эндокриндік формалары (ауру кезінде жəне Иценко-Кушинг синдромында, гипотиреозда, гипогонадизмде, анабез поликистозында жəне басқа).
 
Тері асты май қабатына жиналу бойынша: жоғарғы тип (кушингоидты), абдоминальді (оны тағы: андроидты деп тайды, орталықтық, висцеральді, «алма» типі бойынша), төменгі тип (гиноидты, «алмұрт» типі бойынша).

Қауіп-қатерлі факторлар


Қауіп қатерлі факторлар:
- генетикалық бейімділік;
- гиподинамия;
- рационалды емес тамақтану (көп мөлшерде майды жəне жеңіл сіңірілетін көмірсуларды пайдалану);
- кейбір дəрілік заттарды пайдалану (кортикостероидты препараттар жəне басқа);
- нейроэндокриндік аурулар (ауру кезінде жəне Иценко-Кушинг синдромында, гипотиреозда, гипогонадизмде, анабез поликистозында жəне басқа).

Диагностика


Диагностика критерилері

1. Семіздікті анықтау үшін мына көрсеткіш пайдаланылады – дене салмағының индексі 
(ДСИ).
ДСИ = дене салмағы (кг), бойының ұзындығына бөлінеді (метр), квадрат.
ДСИ = дене салмағы (кг) / бойы (м).
 
Анықтамасы: ДСИ 18 ден 65 жасқа дейінгі тұлғаларда қолданады. Балалар мен жасөспірімдерде, жас бойынша бойы мен салмағының сəйкестігін анықтау үшін арнайы перцентильді кестелерді қолданады. ДСИ жүкті əйелдерде, бала емізетін əйелдерде, бұлшықеті дамыған тұлғаларда есептемейді (мысалы атлеттерде).

Дене салмағын медициналық таразы көмегімен таңғы асқа дейін ерте өлшеген дұрыс.
Бойды арнайы бойөлшегішпен өлшейді, емделуші аяқ киімсіз болу қажет, саусақ ұштары қабырғаға сүйеніп тұру қажет.
ДСИ 25 ден 29 дейін – денесе салмағының артықтығы
ДСИ 30 көп – семіздік.
 
2. Мықын мен сан сəйкестігін өлшеу маңызды. Оны өлшеу үшін мықын көлемі (МК) сан көлеміне бөлінеді (СК). МК жəне СК сантиметрлік лентамен өлшейді. Қалыпта МК/СК индексі: əйелдерде 0,85 аз болмауы керек, ерлерде - 0,95. Егер МК/СК индексі аталған нормадан жоғары болса – висцеральді (оны тағы: андроидты деп атайды, орталықтық, абдоминальді, «алма» типі бойынша). Бұл кезде май клетчаткалар іш аумағында жиналады жəне семіздіктің ең ауыр формасы болып табылады, себебі ЖИА туындауына алып келетін атеросклероз дамуын үдетеді, артериалды гипертензияға, қантты диабетке алып келеді, миокард инфарктінен жəне инсульттен өлімшілдікті арттырады.
 
3. Семіздікті анықтағаннан соң науқасты семіздік этиологиясын білу мақсатында, липидтік алмасу көрсеткіштерін, семіздікпен қосарланған ауруларды анықтау үшін дəрігерге жолданады (терапевтке, көрсетімдер бойынша – невропатологқа жəне эндокринологқа).
Бұл үшін емхана жағдайында келесі тексерулер жүргізіледі: қандағы триглицеридтер деңгейін, жалпы холестерин, ЛПВП анықтау, аш қарынға жəне жүктемеден соң гликемия (глюкозаға толерантнтылыққа пероралды тест), көрсетімдер бойынша – бас миының КТ немесе МРТ, бүйрекүстібездің УДЗ жəне КТ, кіші жамбас ағзаларын УДЗ, қандағы гормон деңгейін анықтау (кортизол, ТТГ, ФСГ, ЛГ, эстроген, тестостерон).
 
Негізгі диагностикалық шаралар тізімі:
1. Науқастың бойын, дене салмағын өлшеу, ДАС анықтау.
2. МК жəне СК өлшеу, СК/СК индексін анықтау.
3. Артериалдық қысымды өлшеу.
 
ФАП медициналық персоналы білу қажет:
- өз емделушілерінің салмағын өлшеу, артық дене салмағында тексеруге жіне дəрігер консультацияна жолдау;
- дене салмағын динамикада бақылау, ұсыныстарды дəрігердің дұрыс орындауы;
- емделушілерге тұрақты қолдау көрсету жəне жетісті салмақ тастауға көмектесу;
- тамақтануды өзгертіп, физикалық жүктемелер көмегімен біртіндеп, дене салмағын төмендетуді қолдау;
- салмақты төмендеткеннен соң, салауатты тамақтанудың маңызы зор;
- семіздік туралы тұрғындар арасында түсінік жұмыстарын жүргізу, салауатты өмір салты бойынша нұсқаулар.
 
Қосымша диагностикалық шаралар тізімі: жоқ.
Онлайн-консультация врача

Посоветоваться с опытным специалистом, не выходя из дома!

        Консультация по вопросам здоровья от 2500 тг / 430 руб

        Интерпретация результатов анализов, исследований

        Второе мнение относительно диагноза, лечения

        Выбрать врача

        Емдеу тактикасы


        Емдеу тактикасы - дəрігермен анықталады.
        Семіздік себебі эндокриндік жəне неврологиялық патологиялар 
        болса – негізгі ауруды емдеу. Семіздікті емдеу үшін препараттар (орлистат, сибутрамин, рибонамант жəне басқалар) немесе семіздіктің хирургиялық емі дəрігермен тағайындалады.
         
        Семіздіктің барлық фомасында ұсынылады:
         
        1. Өмір салтын өзгерту:
        - белсенді режим;
        - рационның калориялылығын төмендету: майлы, тəтті, картоп тағамадырн шектеу, жеміс-жидектерді көбейту;
        - тамақтану бөлікті болуы қажет: жиі, аздаған порциялармен (күніне 5-6 рет);
        - өзін өзі бақылау – емделушіні қабылданған тағам құрамын бағалауға, дене салмағының динамикасын бағалауға үйрету (айына 1 рет өлшеу).
         
        2. Емделушіні оқыту:
        - емделушіде дене салмағын төмендетуге мотивацияны қалыптастыру;
        - өмір салтын уақытша емес, тұрақты түрде өзгерту;
        - емделушіні дұрыс тамақтануға үйрету.
         
        Негізгі дəрі дəрмектер тізімі: Семіздікпен байланысты аурулардың қосылуы пайда болса (ЖИА, артериалдық гипертензия, қантты диабет, миокард инфаркты, инсульт жəне т.б.) – тиісті хаттама бойынша жəрдем.
         
        Қосымша дəрі дəрмектер тізімі: Семіздікпен байланысты аурулардың қосылуы пайда болса (ЖИА, артериалдық гипертензия, қантты диабет, миокард инфаркты, инсульт жəне т.б.) – тиісті хаттама бойынша жəрдем.
         
        Ем тиімділігінің индикаторлары: Семіздікті анықтау, науқасты семіздік этиологиясын анықтауға жəне семіздікпен қосарланған ауруларды диагностикалау үшін дəрігергер жолдау, дəрігер тағайындауын орындауды бақылау, дене салмағының динамикасы, салауатты өмір салтын насихаттау бойынша санитарлық-ағартушылық жұмыстар жүргізу.

        * – Негізгі (өмірге маңызды) дəрілік заттар тізіміне кіретін препараттар.

        Госпитализация


        Госпитализациялау үшін көрсетімдер

        Емделуші дəрігер консультациясына жолдану 
        қажет:
        1. Бірінші рет анықталған семіздік кезінде семіздік этиологиясын анықтауға жəне семіздікпен қосарланған ауруларды диагностикалау үшін.
        2. Семіздікпен байланысты аурулардың қосылуы пайда болса (ЖИА, артериалдық гипертензия, қантты диабет, миокард инфаркты, инсульт жəне т.б.).
        3. Ем қабылдап жатқан емделушілердің дене салмағының оң динамикасы болмағанда.
        4. Семіздікпен жəне онсыз емделушілерде дене салмақтарының күрт төмендеуі (айына 3 кг аса жəне АДС 18,5 төмен).

        Ақпарат

        Пайдаланған әдебиеттің тізбесі

        1. Аурулардың диагностикасы және емдеу хаттамалары (Приказы №764 - 2007, №165 - 2012)
          1. Хаттаманы дайындау барысында пайдаланылған əдебиеттер: 1. Доказательная медицина. Ежегодный справочник. Выпуск 1. 2002 2. Health care. Institute for clinical systems improvement. Prevention and management of management of Obesity. 2004. 3. Treatment of obesity. EBM guidelines. 2004 4. Obesity Clinical Еvidence. 2004 5. Клинические рекомендации для практикующих врачей, основанные на доказательной медицине, 2002 6. Консенсус по диагностике и лечению сахарного диабета, заболеваний щитовидной железы, метаболического синдрома. Б.Р. Базарбекова, М.Е. Зельцер, Т.Ф. Косенко, Ш.С. Абубакирова. Астана, 2005

        Ақпарат


        Əзірлеушілер тізімі: Абубакирова Ш.С., АМДБЖИ ересектер эндокринологиясы кафедрасы.

        Қазықтаулы файлдар

        Мобильное приложение "MedElement"
        • Профессиональные медицинские справочники. Стандарты лечения
        • Коммуникация с пациентами: онлайн-консультация, отзывы, запись на приём

        Скачать приложение для ANDROID / для iOS

        Мобильное приложение "MedElement"
        • Профессиональные медицинские справочники
        • Коммуникация с пациентами: онлайн-консультация, отзывы, запись на приём

        Скачать приложение для ANDROID / для iOS

        Назар аударыңыз!

        • Занимаясь самолечением, вы можете нанести непоправимый вред своему здоровью.  
        • Информация, размещенная на сайте MedElement и в мобильных приложениях "MedElement (МедЭлемент)", "Lekar Pro", "Dariger Pro", "Заболевания: справочник терапевта", не может и не должна заменять очную консультацию врача. Обязательно обращайтесь в медицинские учреждения при наличии каких-либо заболеваний или беспокоящих вас симптомов.  
        • Выбор лекарственных средств и их дозировки, должен быть оговорен со специалистом. Только врач может назначить нужное лекарство и его дозировку с учетом заболевания и состояния организма больного.  
        • Сайт MedElement и мобильные приложения "MedElement (МедЭлемент)", "Lekar Pro", "Dariger Pro", "Заболевания: справочник терапевта" являются исключительно информационно-справочными ресурсами. Информация, размещенная на данном сайте, не должна использоваться для самовольного изменения предписаний врача.  
        • Редакция MedElement не несет ответственности за какой-либо ущерб здоровью или материальный ущерб, возникший в результате использования данного сайта.
        На главную
        Наверх