Сексуалды зорлық

Версия: ҚР ДСМ клиникалық хаттамалар - 2014 (Қазақстан)

Обследование и наблюдение при заявлении об изнасиловании или совращении (Z04.4)

Анықтамасы

Анықтамасы

Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау министрлiгi
Денсаулық сақтауды дамыту
мәселелері жөніндегі
сараптау комиссиясында
2014 жылғы «12» желтоқсандағы
№ 9 хаттамасымен
бекітілген

Сексуалды зорлық - кез келген адамның құрбанымен ара қатынасына,  жасау орнына байланыссыз  адамның сексуалдығына бағытталған мүжбүрлеп жасалған кез келген сексуалды акті, зорлық жасау амалдары және басқа әрекеттері:

СЗ мыналардан тұрады:
• қынапқа, ішінен анусқа ж/е ауыз қуысына пенисті қолдана отырып, дененің бөліктерін немесе заттарды қолдана отырып енуі деп анықталатын қинап немесе мәжбүрлеп зорлау;
• жанасу, қаламаған сексуалды түсініктемелер немесе тиісу;
• адам сатуға немесе өзге де адам сексуалдығына қарсы бағытталған әрекеттер.
 
Зорлау және (немесе) өзге де сексуалды сипаттағы қинау әрекеттерінің белгісі болғанда, СЗҰТ туралы мәліметті ҚР Ішкі істер министрлігінің аумақтық органдарына беруді қамтуы тиіс.  Мәліметті бергенде мына ақпаратты көрсету  қажет:
- тегі, аты, әкесінің аты.
- Мекенжайы (тұратын жері) (осы деректер бар болғанда);
- медициналық ұйымға түскен/жүгінген  күні және сағаты.

Медициналық құжаттамада мәліметтер берілген күн мен сағат туралы, мәліметтерді беріп ескертуді қабылдап алған тұлғалар туралы жазба жасалады. 
"Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" Қазақстан Республикасының 18.09.2009ж. Кодексіне сәйкес кеңестің барлық аспектілеріне қатысты СЗҰТ-ң ақпараттық келісімін   алу қажет. Пациент медициналық көмек  алуға ақпараттық келісімге қол қояды (1-қосымша )  [1]. Пациентке байқау нәтижелері мен өткізіліп жатқан ем туралы толық ақпарат ұсынылады. 
СЗҰТ кәмелет жасына толмаған болса, келісім әке/шешесінен, қамқоршыларынан/жанашырынан немесе баланынң өзг заңды өкілдерінен (асырап алушысынан, патронатты тәрбиешілерінен) алынуы тиіс. 
СЗҰТ әрекетке қабілетсіз деп танылған жағдайда келісімін қамқоршысынан алу керек. 
СЗҰТ өз еркін білдіруге қабілетсіз - шок, кома (есінен айырылған) жағдайында түскен болса, келісім алудың қажеті жоқ. 
СЗҰТ барлық қажеттілігін қамтамасыз ету мақсатында, сондай-ақ қызметтерді көрсетуде бірізділікті сақтау үшін, медициналық ұйымдар құқық қорғау органдарымен, әлеуметтік қызметтермен, зорлаудың құрбаны болғандарға арналған  кризистік орталықтармен, беймемлекеттік ұйымдармен (БМҰ) және басқа да мекемелермен әрекеттесуі қажет [10].

Хаттама атауы: Сексуалды зорлық
 
ХАЖ-10 бойынша кодтар:
Т 74.2 Сексуалды зорлық
У 05 Физикалық күш көрсетумен сексуалды шабуыл,
Z 04.4 Зорлау немесе аздырушылық туралы шағым түскенде байқап, қадағалау
Z61.4 Алғашқы қолдау тобына жататын адамның баланы ықтимал зорлауымен байланысты мәселелер
Z61.5 Бөтен адамның баланы ықтимал зорлауымен байланысты мәселелер
 
Хаттамада қолданылатын қысқартулар:
АРВД – Антиретровирусты дәрілер
АЛаТ -    Аланинаминотрансфераза
АСаТ  -  Аспаратаминотрансфераза
Ас-анатоксин – Адсорбленген анатоксин
аМБҚСА – аз мөлшерлі байланыстырылған құл-сіреспелік анатоксин
ВГВ – В вирусты гепатиті
АИТВ – адам иммун тапшылық вирусы
ДДҰ – дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы
ЖЖБИ – жыныстық жолмен берілетін инфекциялар
ИФТ – иммуноферментті талдау
СЗҰЖ – сексуалды зорлыққа ұшыраған жандар
ҚР ДСӘДМ – Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі
МҰ – медициналық ұйым
ХАЖ – халықаралық аурулар жіктеуі
КЕҰ – коммерциялық емес ұйым
ҚКА – қатынастан кейінгі алдын алу
МСАК - медициналық санитариялық алғашқы көмек
СҚТ – сіреспеге қарсы терапия
СҚАИГ - Сіреспеге қарсы адам иннуноглобулині
ПТР – Полимеразды тізбекті реакция
ҚР - Қазақстан Республикасы
СЗ - Сексуалды зорлық
ЖИТС – Жүре пайда болған иммунотапшылық синдромы
СӨСҚО – Салауатты өмір салтын құрау орталығы
СӨСҚО – Салауатты өмір салтын құрау орталығы
АХГ - Адамның хорионикалық гонадотропині
УДЗ – Ультрадыбыстық зерттеу
ЭКГ – Электрокардиография
 
Хаттаманы дайындау күні: 2014 ж.
 
Пациенттер санаты: ересектер, балалар
 
Хаттаманы қолданушылар: травматолог – ортопедтер, хирургтар, акушер–гинекологтар, терапевтер, педиатрлар, жалпы тәжірибе дәрігерлері, жедел медициналық жәрдем дәрігерлері/фельдшерлер, инфекционистер, дерматовенерологтар, фельдшерлер, акушерлер, мейірбикелер, стоматологтар, психологтар мен әлеуметтік қызметкерлер.

Жіктемесі


Зорлық түрлері бойынша клиникалық жіктелуі [1]:
1) сексуалды зорлық
2) физикалық
3) эмоционалды ж/е психологиялық
4) қауіпті салттар
5) әлеуметтік-экономикалық зорлық
 
Сексуалды зорлыққа мыналар жатады [2]:
• қинап зорлау, сексуалды қылмыстардың басқа түрлері;
• сексуалды дәмелену немесе сексуалды қорқыту (оның ішінде қызметте жоғыралату немесе мансапты көтеру үшін, не жоғары белгі я бағалау үшін ақы ретінде жыныстық қатынас талап ету);
• сексуалды пайдалану мақсатында адам сату;
• мәжбүрлеген жүктілік, түсік жасату, ерлерді және әйелдерді ұрықсыздандыру;
• некеге мүжбүрлеу, ерте некелер;
• ерлердің және әйелдердің жыныстық ағзаларында мүгедектікке әкеп соғатын оталар;
• қыздығын тексеру;
• инцест (жақын туыстармен жыныстық қатынас құру).
 

Диагностикасы


Негізгі және қосымша диагностикалау шараларының тізімі:

Амбулаториялық деңгейде өткізілетін негізгі (міндетті)  диагностикалау тексерулер:  
• ИТФ әдісімен қанның АИТВ/талдау экспресс – тесті;
АИТВ-қа қайта тексеру пациент ПКП-дан бас тартса да, 1 және 3 ай өте қайта жүргізіледі;
• ИФТ әдісімен В және С вирусты гепатиттердің маркерлерін анықтау;
• мерезге микрореакция;
• ұрықтың болуына сүртінді микроскопиясы (тері жабындылары, шырышты қабаттар, қынап, тікішек, ауыз қуысы);
• ЖЖБА бактериоскопиялық зерттеулер;
• жүктілікке экспресс–тест;
• іш қуысы ағзаларының, кіші жамбас, ұма УДЗ.
 
Егер СЗҰТ сексуалды зорлықтан кейін 1 аптадан 3 айға дейінгі мерзімде алғаш рет  тексеріліп жатса, онда АИТВ, ЖЖБИ-ға, вирусты гепатиттерге тексеру екі қайтара жүргізілуі тиіс: біріншілікті және зорлықтан 3 ай өткеннен кейін. 
Егер зорлықтан 3 айдан көп уақыт өтсе, немесе СЗҰТ ұзақ уақыт бойы зорланып жатқан болса, онада бір рет мерезге, гонореяға, хламидиозға, трихомонозға және АИТВ инфекциясына тексеріледі.
 
1-кесте. АИТВ, ЖЖБИ және вирусты гепатиттердің диагностикасын жүргізу мерзімдері


Диагностикалық іс-шаралар Диагностикалау жүргізу мерзімдері
Сексуалды зорлықтан 1 аайдан кейін  сексуалды зорлықтан 3* айдан кейін сексуалды зорлықтан 6 айдан кейін
1 Қанның АИТВ-ға талдау + +
2 ЖЖБИ серологиялық зерттеулер - +
3 ИФТ әдісімен  В вирустық гепатит маркерлерін анықтау - +
4 ИФТ әдісімен вирустық 57171699 маркерлерін анықтау + + +
                   
 
Амбулаториялық деңгейде өткізілетін қосымша  диагностикалау тексерулер:
• ПТР әдісімен ЖЖБА-ға зерттеу жүргізу;
• ИФТ әдісімен ЖЖБА-ға зерттеу жүргізу;
• мерезге Вассерман әдісімен серологиялық зерттеу;
• экспресс-әдіспен/тест жүктілікке несептегі ХЧГ анықтау;
• колоноскопия;
• ирригоскопия.
 
Жоспарлы госпитальдауға жіберудегі жүргізілетін тексерулердің минимальды тізімі: 
• қанның жалпы талдау;
• несептің жалпы талдауы;
• қан коагулограммасы (протромбинді индекс, протромбинді уақыт, фибриноген, фибринолитикалық белсенділік, қанның ұюы);
• қанның биохимиялық талдауы (жалпы ақуыз, қан қанты, билирубин, АЛаТ, АСаТ, тимол сынамасы, креатинин);
• қан тобын анықтау;
• резус-факторды анықтау;
• мерезге Вассерман әдісімен серологиялық зерттеу;
• ИФТ әдісімен АИТВ-ға зерттеу; 
• ИФТ әдісімен В вирусты гепатит маркерлерін анықтау;
• электрокардиограмма.
 
Стационарлық деңгейде өткізілетін негізгі (міндетті)диагностикалық зерттеулер өткізу:
• қанның жалпы талдау;
• несептің жалпы талдауы.
 
Стационарлық деңгейде өткізілетін қосымша  диагностикалау тексерулер: 
• қанның биохимиялық талдауы (жалпы ақуыз, қан қанты, билирубин, АЛаТ, АСаТ, тимол сынамасы, креатинин);
• іш қуысы ағзаларын, кіші жамбасү ұма УДЗ;
• колоноскопия;
• ирригоскопия.
 
Шұғыл медициналық көмек кезінде жүргізілетін диагностикалау іс-шаралары:
• шағымдар мен анамнезді жинау;
• физикальды тексеру.
 
Балаларды ЖЖБИ тексеру ерекшеліктері.
Тексеру баданы неғұрлым аз жарақаттандыратындай етіп өткізу қажет. Қынаптан зерттеу материалын  маман-дәрігер алуы қажет, мұнда психологиялық күйзеліс пен физикальды жарақаттандыруды болдырмау керек. 
Баланы ЖЖБИ тексеру туралы шешім әрбір жағдайда жеке қабылдануы тиіс. 18 жасқа дейінгі СЗҰТ-ы ЖЖБИ-ға тексеру ата-анасының немесе баланың басқа заңды өкілдерінің жазбаша келісімімен қабылданады. Ата-анасы немесе баланың басқа заңды өкілі тексеру барысына қатыса алады.Баланың заңды өкілдері болмаған жағдайда, тексеру туралы шешімді консилиум қабылдайды, ал консилиумды жинау мүмкін болмағанда - тікелей емдеуші дәрігер соңынан лауазымды тұлғаларды және заңды өкілдерін ескертумен қабылдайды [3, 7].
 
Сексуалды золдықтың диагностикалық критерийлері:

Шағымдар мен анамнезі:

Шағымдар: сексуалды зорлыққа байланысты ауыру және жарақат.

Анамнез: сексуалды зорлыққа көрсету (сексуалды түйісудің сипаты мен түрі: қынаптық, анальды, оральды).

Сенксуалды зорлық жағдайында анамнезді жинағанда мына ақпаратты нақтылау қажет:
• зорлау түрі;
• зорлықтан кейін өткен уақыт;
• екі қабат болу қауіпі;
• АИТВ-мен немесе басқа жыныстық жолмен берілетін инфекцияны жұқтыру қауіпі (ЖЖБИ);
• әйелдің психикалық денсаулық жағдайы (ДДҰ, 2013, 11 ұсыныс).
 
СЗҰТ психологиялық жағдайын ескеріп, сұрауды 2-қосымша ережелеріне сәйкес жүргізу қажет.
Алған психологиялық күйзеліс нәтижесінде СЗҰТ оған қатысты сексуалды зорлық жасалғанын мойындай бермейді. Сондықтан медициналық қызметкерлер пациенттердің  мінез-құлқының интимді (жыныстық) серіктестігі жағынан зорлыққа ұшырайтынын көрсететін психологиялық клиникалық симптомдары мен белгілі түріне назар аударуы тиіс.

СЗҰТ ықтимал  жағдайы мен мінез-құлықтары .
Интимді (жыныстық) серіктестігі жағынан зорлыққа ұшыраумен байланысты клиникалық жағдайлардың үлгілері [2]:
• депрессия, үрку, жарақаттан кейінгі стресс симптомдары, ұйқының бұзылуы;
• өзіне қол жұмсау немесе дене мүшелерін бұзу;
• алкогольды тұтыну;асқан-ішек жолының созылмалы ауруларының  түсініксіз симптомдары;
• репродукциялық жүйе жағынан, оның ішінде жамбас аумағында ауыру, сексуалды бұзушылықтар сияқты түсініксіз симптомдар;
•  репродукциялық жүйе жағынан қалаусыз нәтижелер, оның ішінде көптеген жоспараланбаған жүктіліктер және (немесе) түсіктер, жүктілік бойынша тым кеш жүгіну; 
• жүктілік пен босану ағынынығ асқынулары;
• гинекологиялық немесе несеп жүйесі жағынан түсініксіз симптомдар, оның ішінде қуықтың немесе бүйректердің жиі инфекциясы, не басқа симптомдар;
• қынаптан, тікішектен бірнеше қайтара қан кетулер және жыныстық жолмен берілетін инфекциялар;
• созылмалы ауырулар (түсініксіз);
• бірнеше қайтара , нақты түсініксіз немесе күмілжітіп түсіндірілетін жарақаттанып зақымдану;
• орталық жүйке жүйесінің бұзылулары: бас ауыруы, қабылдау қиындықтары, есту қабілетінен  айырылу, көрудің бұзылуы;
• Интимді (жыныстық) серктес жағынан зорлық орын алатынын көрсететін мінез-құлық үлгілері [2].
• пациенттің қорыққан, үрейлі немесе көңілі жабырқау болып көрінеді:  
• нақты диагнозсыз дәрігерге жиі жүгіну;
• жазылуы түрлі деңгейдегі тұрлі жерде оқшауланған жарақаттары бар;
• СЗҰТ сөздеріне сәйкес келмейтін зақымданулар;
• СЗҰТ зақымдануларын жасыруға немесе олардың маңыздылығын азайтуға тырысады; 
• Әлеуетті зорлаушы СЗҰТ-мен әрдайым қажетсіз келіп тұрады;
•  СЗҰТ әлеуетті зорлаушының көзінше сөйлегісі келмейді;
  пациент енжар, әлеуетті зорлаушының көзінше сөйлеуге қорқады;
• әлеуетті зорлаушы шабуылға дайын немесе басым, СЗҰТ үшін сөйлейді немесе кабинеттен шығудан бас тартады;
• дәрігерердің тағайындауларын орындамау;
• дәрігердің қабылдауын жиі тастау;
• медициналық ұйымдарға сирек қатынау/қатынамау;
• ауруханадан өз еркімен ерте шығып кету.
 
Жоғарыда аталған белгілердің біреуі де пациент СЗ ұшырағанын автоматты түрде білдірмейді. Алайда бұл белгілер күдік туғызуы тиіс. Медицина қызметкерлері әйелмен жеке кездесіп, ықтимал зорлық туралы сұрағаны жөн. Бұл жолы пациент зорлық туралы айтып беруге бел бумаса да, дәрігер мәселеден хабаррдар екенін біледі де, оған өзі кешірек жүгіне алады [1].
 
Физикальды тексеру:
• дене зақымдануларының болуы; сырып алу, қанау, жарақат, т.б. (сипатын, оқшаулануын, түсін көрсету қажет);
• сыртқы ыныстық ағзаларынығ аймағында зақымданулардың болууы (бұтарасы, қыздығы, жыныстық мүшесі, ұма):  қанау, үзілулер, жарықтар, сырып алу;
• айналшық пен тікішектің зақымдануларының болуы: қанау, жарықтар, сырып алулар, жарақаттар;
• ауыз қуысының зақымдануларының болуы: қанау, жарықтар, сырып алулар, жарақаттар.
 
Суретте зақымданулардың түрі мен санын қамтуы тиіс, сондай-ақ олардың адам денесінде орналасуын. Медициналық қызметкер міндетті түрде бар жарақаттардың алған жарақаттарға сәйкестілігінің мағынасын  медициналық құжаттамада түсіндіріп жазуы тиіс, өйткені зардап шеккен тұлға сотқа арыз-талаппен жүгінсе, айғақ бола алады.
Медициналық қызметкер 3-қосымшаға сәйкес жалпы қағидаттарды сақтап, толық медициналық тексеру өткізеді («бастан аяқ») (ДДҰ 2013, 11-ұсыныс).
Сот-медициналық сараптама және фототүсірім жасау үшін (СЗҰТ рұқсат берген жағдайда) айғақ үлгілерін жинау үшін сот медицинасы саласында біліктілігі бар маман шақырылады.
Медициналық қызметкермен СЗҰТ-ны қоштау  4-қосымша ережелеріне сәйкес қамтылады.
 
Зертханалық тексерулер:
• ұрықтың болуына сүртінді микроскопиясы мен тампонды зерттеу (тері жабындылары, шырықты қабықтар, қынап, тікішек, айыз қуысы).
 
Аспаптық зерттеулер:
• қынапты  айнамен қарау:қыздық перде, қынап зақымдалса, сыртқы қарау жүргізілмейді;
• аспаптық ректальды қарау: тікішектің зақымдануының болуы.
 
Мамандардың кеңесі:
• нейрохирург кеңесі;
• хирург кеңесі;
• травматолог кеңесі;
• уролог кеңесі;
• офтальмолог кеңесі;
• акушер-гинекологтың кеңесі;
• проктолог кеңесі.

Емдеу тактикасы


Емдеу мақсаты:
• бұзылған функциялар мен жүйелерді қалпына келтіру;
• АИТВ инфекциясын, ЖЖБИ, В вирустық гепатитімен жұқтыру, сіреспе  қауіпін төмендету;
• қаламаған жүктілік қауіпін төмендету.
 
Емдеу әдісі:

Дәрі-дәрмексіз емдеу:

Режим:
• жалпы (жағдайы қанағаттандырарлықтай болғанда);
• жартылай төсек (жағдайы орташа ауыр деңгейде);
• төсек (ауыр/аса ауыр жағдайда).
 
Диета:
• Диета: №15 үстел (жалпы).
 
Дәрі-дәрмекпен емдеу:
•Қатынастан кейінгі АИВ инфекциясының алдын алу
•ЖЖБИ арнайы алдын алу
•Вирусты гепатит «В» шұғыл алдын алу
•Сіреспенің шұғыл алдын алу.
• Қалаусыз жүктіліктің алдын алу

Сіреспенің шұғыл алдын алу.
Сіреспенің шұғыл профилактикасы тері жабындысы мен  шырышты қабаттың бузылуымен жарақат пен зақымданулар алғанда жүргізіледі. Шұғыл иммунопрофилактика пациенттің сіреспеге қарсы алдында болған иммундауына байланысты,  АС-анатоксин және АДС-М-анатоксин (шұғыл ревакцинациялау) енгізу жолымен белсенді-пассивті иммундау арқылы сараланған немесе  АС-анатоксин мен сіреспеге қарсы сарысуды (СҚС) бір мезетте немесе иммуноглобулин (СҚАИ) енгізу арқылы  жүргізіледі.
Шұғыл активті–пассивті профилактика алдында егілмеген адамдар үшін сіреспенінің жаппай алдын алуын кепілдік бола алмайды, онымен қоса, бұл табан астында немесе қашықтатқан реакциялармен, оған қоса СҚС енгізуге жауап ретінде асқынулар болуы мүмкін. Активті-пассивті профилактика алып жатқан тұлғаларға СҚС қайта енгізу қауіпін жоққа шығару үшін, міндетті бір реттік АС – анатоксин немесе  АДС-М – анатоксинмен қайта вакциналау арқылы белсенді иммундау курсын аяқтау керек [4].

АИТВ инфекциясының түйісуден кейін профилактикасы (ТКП).
АИТВ инфекциясының түйісуден кейін профилактикасы – АИТВ жұктыру қауіпін төмендету мақсатында антиретровирустық препараттарды қысқа уақыт қабылдау.
 ПКП жүргізуге көрсетімдер: АИТВ жұктыру қауіпі, оның ішінде АИТВ инфекциясы бар серіктеспен немесе жоғары қауіпі бар серіктеспен жыныстық қатынастан кейін,  әсіресе азғырумен немесе зорлықпен байланысты жағдайларды. Зорлаушынынң АИТВ мәртебесін анықтау өте маңызды, егер бұл мүмкін болмаса, зорлаушыны АИТВ инфекцияын жұқтырған деп санайды.
СЗҰТ одан әрі жүргізудің тәсілі зорлаушының АИТЫ мәртебесімен белгіленеді:
• егер зорлаушының АИТВ тестілеудің нәтижесі теріс болса, немесе ол оң болса, онда АРВП жүргізілмейді және ЖИТС орталықтарының мамандарына әрі қарай кеңесу үшін, қажетті көмек алу үшін жолдама береді;
• егер зорлаушы құрбанының АИТВ тестілеудің нәтижесі теріс болса , ал зорлаушының  – оң немесе анықталмаған болса, пациенттің келісімін алған соң толық төрапталық АРВП профилактикасының курсы өткізіледі.
 
ПКП 2-х компонентік сұлбасы қолданылады (1-кесте).

  1. кесте. ПКП негізгі 2-компонентті сұлбасы.
Препараттың атауы Шығару түрі мен мөлшерле
рі
Қабылдау еселігі Профилактика курсының ұзақтығы
1 Зидовудин\ламивудин таблеткалар 300\150 мг Тәулігіне 2 рет 4 апта
2 Абакавир\ламивудин таблеткалар 600\300 мг 1 раз в сутки 4 апта
3 Тенофовир\эмитрицитабин таблеткалар 300\200 мг 1 раз в сутки 4 апта
 
 
Ерекше жағдайларда (АИТВ жұқтырудың жоғары қаупінде) үшкомпонентті профилактика қолданылады. Үшінші препарат ретінде лопинавир\ритиновир препаратын 200\50 мг, 2 таблеткадан күніне  2 рет мөлшерлемеде қолдану мүмкін.
ПКП неғұрлым ерте тағайындаған дұрыс, қатынастан кейін бірінші 2 сағатта, бірақ 72 сағаттан кешіктірмей тағайындаған дұрыс. АРВП 72 сағаттан кейін тағайыдау орынсыз [5, 6].

ПКП өткізгендегі ұсыныстар:
• АИТВ-инфекциясы жөніндегі дәрігердің тұрақты  бақылауында болу және апта сайын дәрігерге қатынау;
• жыныстық қатынастарды болдырмау немесе серіктеске жұқтырмау үшін мүшеқап қолдану;
• контрацепция әдісін қолдану;
• қан мен ағзалар донорлығын жоққа шығару;
• емшекпен емізуді тоқтату.
 
ЖЖБИ ерекшелендірілген профилактикасы [7].
ЖЖБА-ға болғандағы профилактикалық көмек біріншілікті көмекте көрсетіледі (СЗ кейін 24 сағатқа дейін).

Ерлерде:
• СЗҰТ несеп жібереді, қолын жуыады, сосын жыныстық мүшесін, ұмасын, сандары мен бұтарасын жылы сумен мұқият сабындап жуады;
• майлықпен кептірген соң тұра сол жерлерін 0,05% хлоргексидин, 0,01%  мирамистин ерітінділерімен суландырған мақта тампонымен сүртеді;
 • көзге арналған пиптканың көмегімен протарголдың 2-3% су ертіндісінің    6 – 8 тамшысын үрпінің сыртқы жағын аздап ұқалап жатып үрпіге енгізеді. Ерітінді енгізілген соң 2-3 сағат бойы несеп шығармау ұсынылады;
• СЗҰТ-ға жыныстық мүшелерін ластанған ішкиімнен қорғау үшін зарарсыздандырылған дәке майлығын береді, ал ішкиімді ауыстыру қажет.

Әйелдерде::
• СЗҰТ несеп жібереді, қолын жуыады, сосын жыныстық мүшесін, сандары мен бұтарасын жылы сумен мұқият сабындап жуады;
• майлықпен кептірген соң тұра сол жерлерін 0,05% хлоргексидин, 0,01%  мирамистин ерітінділерімен суландырған мақта тампонымен сүртеді;
 • қынапты бүркіп жууды калий пермангатының  1:6000 ерітіндісімен немесе  0,05% хлоргексидин ерітіндісімен жүргізіп, содан кейін көзге арналғанпипетканың көмегімен  1-2% азотқышқылды күміс ерітіндісінің  8-10 тамшысын үрпіге енгізеді және қынап мойыншағын, қынаптық шырышты қабатын 2% азотқышқылды күміс ерітіндісімен сүртеді (немесе прторголдың 2-3% су ерітіндісімен).
• СЗҰТ-ға жыныстық мүшелерін ластанған ішкиімнен қорғау үшінғ зарарсыздандырылған дәке майлығын береді, ал ішкиімді ауыстыру қажет.
 
ЖЖБИ ерекшелендіріп емдеу [7]:
Ұсынылған сұлба:
• пенициллин тобына жатқызылған антибиотиктер (экстенциллин немесе ретарпен) бір реттік мөлшері 2 400 000 ЕД б/і бір қайтара;
• немесе цефалоспорин қатарынан (цефтриаксон ерітіндісі), бір реттік мөлшері  – 1,0 г, бір қайтара (ЖЖБИ белгілері болғанда 1,0 г б/і – күніне 1рет, емдеу курсы – 5 күн);
• метронидазол таблеткалар 250мг, бір реттік мөлшері 500 мг 3 рет күніне, емдеу курсы –5-7 дней;
• тетрациклин қатарына жатқызылған бактерияға қарсы препараттар: доксициклин 100 мг 2 рт күніне, курсы 7 күн;
• немесе макролидтер: азитромицин 500 мг, 1,0 г бір қайтара (ЖЖБИ белгілері болғанда, бірінші қабылдау – 1,0г, екінші күннен күніне 500 мг 2 рет күніне, емдеу курсы - 3-5 күн);
• зеңге қарсы препарат (флуконазол 150 мг бір қайтара пероральды).

В вирусты гепатіттің шұғыл профилактикасы:
СЗҰТ-ң  В гепатиті маркерлеріне қатысты имммундіқ мәртебесі ИФТ әдісімен зертханалық зерттеу нәтижелері бойынша Егер СЗҰТ иммундалмаған болса, кешіктірмей  (түйісу болған сәттен бастап 24 сағаттан кеш емес) В гепатитіне қарсы иммунопрофилактика жүргізіледі.
Вакциналау сұлбасы:
Бірінші егу – түйісу болған сәттен бастап 24 сағаттан кеш емес;
вторая прививка – біріншіден кейін  1 ай өте;
третья прививка – екіншіден кейіе бе ай өте.
Әр вакцинаға берілген нұсқауға сәйкес жеделдеткен вакциналау(0-1-2 месяца)  сұлбасы пайдаланылуы мүмкін [8].

Қалаусыз жүктіліктің профилактикасы:
СЗҰТ ақпаратты келісімінен кейін шұғыл контрацепция левоноргестрел 1,5 мг бір қайтара ішке тағайындалады (қорлаудан кейін 72 сағаттан көп уақыт өткен жоқ) [9].
 
Емдеудің басқа түрлері:
• психологиялық көмек көрсету;
 
Алғашқы психологиялық көмек мына элементтерден тұрады:
• беймазалықсыз практикалық күтім мен қолдауды пен көмекті қамтамасыз ету;
• алаңдаушылық тудыратын қажеттілік пен сұрақтарды бағалау;
• негізгі қажеттіліктерді (мысалы, тамақтағ суда, ақпаратта) қанағаттандыруда көмек;
• сөйлеуге мәжбүрлеусіз тыңдауға дайындық білдіру;
• СЗҰТ-ны тыныштандыру үшін жұбату және көмек көрсету;
• қажетті ақпарат алуда көмек, қызметтер мен әлеуметтік қолдауға рұқсатқа  қол жеткізуге көмектесу;
•  одан әрі зияннан қорғау (ДДҰ 2011, ДДҰ 2013).
• оказание социальной помощи.
 
Хирургиялық араласу:
СЗҰТ-да жарақаттар мен зақымданулар болса, жарақаттар алғашқы өңделеді.
Хирургиялық араласу көлемін бейінді маман жарақатты зақымданулар мен жарақаттардың сипаты мен ауырлығына қарай анықталады.
 
Профилактикалық іс-шаралар:
СЗ-дың алғашқы профилактикасы: МСАК, СӨСҚО, КЕҰ МҰ мамандары мына шараларды өткізеді: дәрістер, семинарлар, әңгімелер, «дөңелек үстелдер және ақпараттық-түсіндіру жұмыстарының басқа формалары.
СЗ болғанда екіншілік профилактика: АИТВ, ЖЖБИ, В гепатитің  профилактикаы.
 
Хаттамамада сипатталған емдеу тиімділігі мен диагностикалау және емдеу әдістерінің қауіпсіздік индикаторлары:
• жылына медициалық ұйымға жүгінген СЗҰТ саны (абсолютті саны);
• СЗҰТ арасынан ұрықты болуға қабілетті әйелдердің қаламамаған жүктіліктен профилактикалық ем қабылдағандардың үлестік салмағы (100%);
• толық тексеруден өткен және одан әрі байқауға алынғандардың үлестік салмағы (100%);
• сексуалды зорлыққа ұшырау себебінен ЖЖБИ жұқтырған  СЗҰТ үлестік салмығы;
• сексуалды зорлыққа ұшырау нәтижесінде жүкті болған  СЗҰТ үлестік салмығы;
• АИТВ инфекциясының ПКП жататын СЗҰТ қамтылуы (100%);
• В вирусты гепатитінен шұғыл профилактикаға жататын СЗҰТ қамтылуы (100%);
• ЖЖБИ ерекшелендірілген профилактикасына жататын СЗҰТ қамтылуы СЗҰТ қамтылуы (100%);
• сіреспенің ерекшелендірілген профилактикасына жататын СЗҰТ қамтылуы СЗҰТ қамтылуы (100%.
 

Ауруханаға жатқызу


Госпитальдау үшін көрсетімдер

Шұғыл госпитальдау үшін көрсетімдер: сексуалды зорлық салдарынан болған өмірге қауіп төндіретін кез келген оқшаулануымен  жарақаттар мен зақымданулар.

Жоспарлы  госпитальдау үшін көрсетімдер: сексуалды зорлық салдарынан болған жарақаттар мен аурулардың зардабы мен асқынулары.

Ақпарат

Пайдаланған әдебиеттің тізбесі

  1. Протоколы заседаний Экспертной комиссии по вопросам развития здравоохранения МЗ РК, 2014
    1. Қолданылған әдебиеттер: 1) Усиление роли системы здравоохранения в реагировании на гендерное насилие в Восточной Европе и центральной Азии / сборник материалов, 2014. 2) ВОЗ 2002, цитата из материалов ВОЗ 2013. 3) Кодекс РК «О здоровье народа и системе здравоохранения» от 18.09.2009г., статья 94,п.2. 4) Постановление Правительства Республики Казахстан от 12.04.2012 года №448 «Об утверждении Санитарных правил «Санитарно-эпидемиологические требования к организации и проведению санитарно-противоэпидемических (профилактических) мероприятий в отношении больных инфекционными заболеваниями, против которых проводятся профилактические прививки». 5) «Клиническое руководство по диагностике, лечению и предоставлению медицинской помощи при ВИЧ инфекции и СПИД», утверждённого решением Экспертного Совета при МЗ РК по вопросам стандартизации, оценке медицинских технологий и развитию специализированной и высокоспециализированной медицинской помощи от 15.11.2011 года № 21. 6) Постановление Правительства Республики Казахстан от 03.11.2011 года № 1280 «Об утверждении Правил медицинского обследования лиц по клиническим и эпидемиологическим показаниям на наличие ВИЧ-инфекции». 7) Приказ МЗ РК от 23.05.2011 года № 312 «Положение об организациях, оказывающих дерматовенерологическую помощь». 8) Постановление Правительства Республики Казахстан от 12.01.2012 года №33 «Об утверждении Санитарных правил « Санитарно-эпидемиологические требования к организации и проведению санитарно-противоэпидемических (профилактических) мероприятий по предупреждению инфекционных заболеваний». 9) Планирование семьи. Универсальное руководство для поставщиков услуг по планированию семьи, ВОЗ 2008 год, с.396. 10) Руководство по оказанию медико-правовой помощи жертвам сексуального насилия. Всемирная организация здравоохранения 2003.

Ақпарат

Әзірлеушілер тізімі

:
1) Құдайбергенов Т.К. – м.ғ.д., профессор, ҚР ДСМ «Акушерия, гинекология және перинатология ғылыми орталығы» ШЖҚ РМК директоры.
2) Жаппарова А.С. – з.ғ.к.,  ҚазНУМО, «Қоғамдық денсаулық сақтау, медициналық құқық және фармацияны ұйымдастыру» кафедрасының доценті;
3) Кобзарь Н.Н. – м.ғ.к., ҚРМУ, доцент, «Акушерия және гинекология» кафедрасының меңгерушісі;
4) Абдукаримов Р.Х. – м.ғ.к., «Альтернатива» медициналық сараптамалар бюросының директоры;
5) Данбаева Ж.С. – ГКП на ПХВ «Дерматология және жыныстық жолмен берілетін аурулар профилактикасы орталығы» ШЖҚ МКК директоры;
6) Иқсымбаева Д.С. – «Сот медицинасы орталығы» РМҚК ұйымдастыру-әдістемелік бөлімінің меңгерушісі;
7) Бермағамбетова Г.Н. – ҚР ДСМ «Травматология және ортопедия ғылыми-зерттеу институты» ШЖҚ РМК ұйымдастыру-әдістемелік бөлімінің меңгерушісі;
8) Бисалиева Г.Т. – ҚР ДСМ «Акушерия, гинекология және перинатология ғылыми орталығы» ШЖҚ РМК қызметкері;
9) Әбдрасилова Б.И. – ГУ «Алматы қаласының Денсаулық сақтау басқармасы» ММ ана мен бала денсаулығын қорғау бөлімінің бастығы;
10) Жәкешбаев Н.А. – Алматы қаласының жедел медициналық жәрдем тансасы бас дәрігерінің орынбасары;
11) Умаркулова М.К. –  Алматы қаласының ГКП на ПХВ «№1 қалалық емхана» ШЖҚ МКК бас дәрігерінің орынбасары, жоғары біліктілік санаты бар терапевт-дәрігер, жоғары біліктілік санаты бар ұйымдастырушы;
12) Ахметова Г.М. – Алматы қаласының ЖИТС-ке қарсы күрес және профилактикасы орталығы, емдеу-профилактикалық бөлімінің меңгерушісі.
13) Дүйсенова Р.Б. – психолог, жоғары біліктілік санаты бар фтизиатр-дәрігер;
14) Асқарғалиева Н. – әлеуметтік ғылымдар магистрі, Педиатрия және балалар хирургиясының ғылыми орталығы, «№ 2 онкология» бөлімінің психологы. 
 
Мүдделер қақтығысының жоқтығын көрсету: жоқ.
 
Пікір иесі: Қалиева Л.Г. – м.ғ.к.ғ., РГП на ПХВ «С.Д. Асфендияров ат. Қазақ Ұлттық медицина университеті» ШЖҚ РМК «№2 акушерия және гинекология» кафедрасының меңгерушісі.

1-қосымша
 
СЗҰТ тексеруге және емдеуге ақпаратты келісім формасы
 
Мекеменің атауы - - - - - - - - - - - - - - - - - - - - - - - - - - - - - - - - - - - - - - - - -
Медқызметкер үшін ескерту:
Тиісті ақпарат ұсынған соң пациентке форманы (немесе оның әке-шешесіне), аталған тармақатардың біреуінен бас тарта алатынын түсіндіріп толық оқып беріңіз. Қолын алыңыз:
Мен, - - - - - - - - - - - - - - - - - - - - - - - - - - - - - - - - - - - - - - - , (СЗ ұшыраған тұлғаның Т.А.Ә. баспа әріптермен жазыңыз)
Жоғарыда аталған медициналық ұйымға мына көрсетілгендерді орындауға рұқсат беремін (тиісті орындарда қанат белгісін қойыңыз)
Ия Жоқ
Медициналық тексеру жүргізуге
Гинекологиялық тексеру жүргізуге
Ағзада шығындарының, киімнен, шаштан, кесінділерден немес тырнақ астынан, қан үлгілерін, суреттер алу.
Менің ісіме қатысты айғақтар мен медициналық құжаттаманы ІІД ұсынуға: бұл ақпарат осы тексеру нәтижелерімен және ұсынылатын өзге де көмек нәтижелерімен шектеледі.
Мен өткім келмейтін тексерудің кез келген аспектісінен бас тарта алатынымды түсінемін.
Қолы:_________________________
Күні:__________________________
Егер зардап шеккен кәмелет жасына толмаса, келісім баланың әке-шешесінен, қамқоршысынан/жанашырынан немесе басқа заңды өкілінен алынуы тиіс. Заңды өкілдері асырап алушылары, патронатты тәрбиешілері  де бола алады.
Зардап шегуші әрекетке қабілетсіз болған жағдайда оның қамқоршысынан алынуы тиіс.
Зардап шегуші өзінің еркін білдіре алмайтындай шок, кома (есінен айырылған) жағдайында түссе, келісімін алу талапты емес.


2- қосымша
Медициналық қызметкерлердің СЗҰТ-мен алғашқы әңгіме өткізу ережелері
 

1. Белсенді тыңдау арқылы мәселені анықтау:
• қатынас орнату үшін дәрігер қалай тыңдағаны маңызды;
• жылы шырай көрсету, эмпатиялық (жанашырлық) түсіністік, сабырлы дауыспен сөйлеу, зардап шеккеннің көзіне қарап сөйлеу (қаншалықты қоғамда мүмкін болса)
• зардап шеккенді эмоциялық қолдап, жалғыз қалдырмау;
• дене еркін, босаңсытып ұстауды ұмытпау (бұл зардап шеккенге сөйлеуге көмек);
• зардап шеккеннің сөзін қажесіз бұзбау;
• нақтылайтын сұрақтарды зардап шеккен әңгімесін аяқтаған соң ғана қою дұрыс;
• дәрігер өзінің жанашырлығымен болған жағдайдың ауырлығын түсінетінін көрсетеді.
 
2. Зардап шеккеннің орнына қазір оған не қажет екенін шешпеңіз (болмысты бақылай алу қабілеті бар екенін сезінуі тиіс).
3. Зардап шеккеннен болған жағдайдың анық-қанығын сұрай бермеңіз. Қандай да болсын жағдайда, болғанға оны кінәламаңыз, айыптамаңыз. Медициналық қызметкерлер алған ақпараттың құпиялығына жауапты.
4. Зардап шеккенге зардап шеккенге медициналық қызметкер дің көмегін ала алатынынын білдіру қажет.
5. Одан әрі қарай психологтың көмегіне жолдау қажет.

3-қосымша
СЗҰТ-ны медициналық тексерудің жалпы қағидаттары (бастан аяқ)

 
• Тексерудің өзі пациент үшін тағы бір жарақат болмау үшін, оған медициналық тексерудің мәні неде, ол неге өткізіледі жіне қалайша өткізілетінін түсіндіру қажет. Сонымен қатар, пациентке сұрақ қою мүмкіндігін беру керек.
• Дәрігерден сұраңыз, ол (ұл, қыз) оны әйел дәрігер тексергенін қалай ма (әсіресе, сексуалды зорлау жағдайларына қатысты) деп сұраңыз.
• Пациентті жалғыз қалдыруға болмайды (мысалы, ол тексеруді күтіп отырғанда).
• Пациент толық шешініп, ауруханалық халат киюін сұраңыз. Осылайша жасырын зақымдануларды көре аласыз.
• Әсіресе киім мен шаштың астындағы жасырын аумақты мұқият қараңыз.
• Дененің тек жыныстық мүшелер мен іш аумағын ғана емес, тұтас қарау қарау қажет.
• Зақымданулардың маңыздысына да, шамалыларына да назар аударыңыз.
• Осымен қатар эмоционалдық және психологиялық симптомдарына да назар аудару қажет.
• Тексеру жүргізіп жатқан уақыттың басынан аяғына дейін әрекеттеріңіз туралы пациентті ақпараттандырып, одан рұқсат сұрап отырыңыз. бен
• Пациентке әрі қарай не істейтініңіз туралы және дененің қай бөлігін қолыңызбен ұстайтыныңызды әрдайым айтып отырыңыз. Аспаптарыңызды көрсетіп, олардың арналуын түсіндіріңіз. 
• Пациенттер тексеру ресімінен толық немесе оның бір бөлігінен бас тарта алады, сондықтан оның шешіміне түсіністікпен қарау қажет. Пациент тексеру ресімін бақылау мүмкіндігі сауығудың маңызды құраушысы болып табылады.
 
 
 

4-қосымша
Сексуалды зорлық жағдайында медициналық қызметкерлер мына үш негізгі ережені сақтауы тиіс:

 
1. Зорлық көрінісі орын алған күннен кейін бірінші үш күн ішінде медициналық қызметкері:  
• алғашқы медициналық кқмек көрсетуді жалғастыру (ДДҰ 2013, 21 ұсыныс);
• зардап шегушіге ауыр стрестен аман өту стратегиясы туралы баспа ақпарат ұсыну (егер үйде шабуылға дайын серіктес болса, баспа материалдарды үйге алып келу қауіпті екені туралы тиісті ескертумен) (ДДҰ 2013, 22 ұсыныс);
• қатынас қиындығын жеңілдету үшін, психологиялық дебрифингті қолданбай, психологиялық көмек көрсету қажет. Бұл үшін адамды болған жағдайды өзі қалай ұғатыны туралы қысқа, бірақ бірізділікпен айтып беруін сұрайды (ДДҰ 2013, 23 ұсыныс).
2. Жарақат болғаннан кейін үш ай ішінде медициналық қызметкерлер:
• алғашқы көмек көрсетуді жалғастыруы тиіс (ДҰ 2013, 24 ұсыныс);
• оқиғадан кейін 1-3 ай бойы динамикалық байқауды қамтуы тиіс, (яғни, пациент әйелге уақыт өте оңалатынын түсіндіріп), тағы бір келуін  сұрайды. Бұл үшін үшін оны тұрақты уақыт аралығында қабылдауға жазу қажет. Алайда, әйел депрессияда болып, алкогольды немесе есірткіні асыра тұтынып жүрсе, өзіне қол жұмсау лйында жүрсе немесе күнделікті міндеттерін қиналып орындап жүрсе, динамикалық байқау әдістемесін қолдану ұсынылмайды (ДДҰ 2013, 25 ұсыныс);
• зорлау салдарынан күнделікті істерін орындауға қабілетсіздік танытқанда, көз алмасын қимылдату көмегімен когнитивтік мінез-құлық терапиясын немесе десенсибилизация және ақпараттың өңделуін түзетуді ұйымдастыру (яғни, ол күнделікті өмірде қалыпты әрекет жасай алмаса). Бұл араласуларды  СЗ жағдайы орын алғанда көмек көрсетуге дайындалған медициналық қызметкер жүргізуі қажет (ДДҰ 2013, 26 ұыныс);
• егер пациенттте кез келген психикалық бұзылыстардың, мысалы, депрессия симптомдары, алкогольды немесе есірткіні асыра тұтыну, өзіне өзі қол жұмсау немесе өзіне зиян келтіру ойларының көріністері болса,   психикалық денсаулық бойынша Жаһандық әрекеттер бағдарламасы шеңберіндегі ДДҰ басшылығына сәйкес көмек көрсету (ДДҰ 2013, 27 ұсыныс).
3. Жарақаттан үш ай өткен соң медициналық қызметкерлер:
• психика бұзылыстарын бақылауы (жіті стресс/жарақаттан кейінгі стрестік бұзушылықтар, депрессия, алкоголь/есірткіні асыра тұтыну, өзіне өзі қол жұмсау немесе өзіне зиян келтіру) және депрессияны, психикалық бұзушылықтарды немесе басқа да бұзушылықтарды   психикалық денсаулық бойынша Жаһандық әрекеттер бағдарламасы шеңберіндегі ДДҰ басшылығына сәйкес емдеуді қамтуы тиіс (ДДҰ 2013, 28 ұсыныс);
• егер зардап шегушінің жарақаттан кейінгі стрестік бұзушылығы болса, көз алмасын қимылдату көмегімен когнитивтік мінез-құлық терапиясын немесе десенсибилизация және ақпараттың өңделуін түзетуді ұйымдастыру (яғни, ол күнделікті өмірде қалыпты әрекет жасай алмаса). Бұл араласуларды  СЗ жағдайы орын алғанда көмек көрсетуге дайындалған медициналық қызметкер жүргізуі қажет (ДДҰ 2013, 26 ұсыныс);
көз алмасын қимылдату көмегімен когнитивтік мінез-құлық терапиясын немесе десенсибилизация және ақпараттың өңделуін түзету (яғни, ол күнделікті өмірде қалыпты әрекет жасай алмаса) арқылы емдеуді ұйымдастыруы тиіс (ДДҰ 2013, 29 ұсыныс).
 
 
 
 
 

Қазықтаулы файлдар

Назар аударыңыз!

  • Занимаясь самолечением, вы можете нанести непоправимый вред своему здоровью.  
  • Информация, размещенная на сайте MedElement и в мобильных приложениях "MedElement (МедЭлемент)", "Lekar Pro", "Dariger Pro", "Заболевания: справочник терапевта", не может и не должна заменять очную консультацию врача. Обязательно обращайтесь в медицинские учреждения при наличии каких-либо заболеваний или беспокоящих вас симптомов.  
  • Выбор лекарственных средств и их дозировки, должен быть оговорен со специалистом. Только врач может назначить нужное лекарство и его дозировку с учетом заболевания и состояния организма больного.  
  • Сайт MedElement и мобильные приложения "MedElement (МедЭлемент)", "Lekar Pro", "Dariger Pro", "Заболевания: справочник терапевта" являются исключительно информационно-справочными ресурсами. Информация, размещенная на данном сайте, не должна использоваться для самовольного изменения предписаний врача.  
  • Редакция MedElement не несет ответственности за какой-либо ущерб здоровью или материальный ущерб, возникший в результате использования данного сайта.
На главную
Наверх