Сарпай мен бұтаралықтың қабынбасыз өзге аурулары

P-O-025

Версия: Архив - Аурулардың диагностикасы және емдеу хаттамалары (Приказ №764, 2007, №165, 2012)

Невоспалительная болезнь вульвы и промежности неуточненная (N90.9)

Анықтамасы

Анықтамасы


Анықтамасы

Сарпай ақ дағы дегеніміз
– берімтену, сему құбылыстарына айналатын 
лейкоцитарлық ішке сүзілумен қоса эпителияның гиперпластикалық өзгерістері. Бұл кей жағдайларда тілімделіп кететін ақ қалыңдау түйіндақтың шырышты қабықта пайда болуымен сипатталады. Бұндай жағдай жас əйелдерде де байқалады. Көбінесе 60 жастан асқан кезде байқалуы мүмкін.
Сарпай атрофеясы (дистрофеясы) - ақ дақтардың пайда 
болуына соқтыратын эпителийдің жетілуі мен өсуінің бұзылулары. Нəтижесінде сарпайдың ұлғаюы жəне кемуі өзгерістері дамитын қауіпсіз процесс.

 
Хаттамы коды: P-O-025 "Сарпай мен бұтаралықтың қабынбасыз өзге аурулары"
Акушерлік-гинекологиялық саладағы поликлиникалар үшін.
АХЖ-10 бойынша коды (кодтары):
N 90.    Сарпай мен бұтаралықтың қабынбасыз өзге аурулары.
N 90.0. Сарпайдың əлсіз білінген дисплазиасы.
N 90.1. Сарпайдың қалыпты дисплазиасы.
N 90.2. Басқа бөлімдерде жіктелмеген сарпайдың қатты білінген дисплазиасы.
N 90.3. Анықталмаған сарпай дисплазиасы.
N 90.4. Сарпайдың лейкоплакиасы (сарпай ақ дағы).
N 90.5. Сарпайдың семуі.
N 90.6. Сарпай гипертрофиасы (көлеменің үлкеюі).
N 90.7. Сарпай жылауығы.
N 90.8. Сарпай мен шаттың қабынуға жатпайтын анықталған аурулары.
N 90.9. Сарпай мен шаттың қабынуға жатпайтын анықталмаған аурулары.

Жіктемесі


Жіктемесі
 
Сарпай лейкоплакиясы (ақ дағы)
Гиперкератоздың біліну дəрежесі бойынша:
· жалпақ пішін (сыртқы жыныс мүшелеріне тарап жайылу процесі);
· гипертрофтық пішін (процесс шектеулі);
· сүйелді пішін (процесс шектеулі).
 
Сарпайдың семуі
Гистологиялық жағдай бойынша:
1. Гиперпластикалық дистрофия(сему):
- атипиясыз;
- атипиямен.
2. Беріштенген теміреткі.
3. Аралас дистрофия (гиперпластикалық дистрофияның беріштенген теміреткемен қабаттасуы):
-атипиясыз;
-атипиямен.

Қауіп-қатерлі факторлар


Қауіп – қатерлі факторлар:
- сарпайдың созылмалы қабыну аурулары;
- гормональды бұзылу күйі (анабездер, бүйрек үсті бездері жəне қалқанша бездер қызметінің бұзылуы);
- вирусты инфекциялар (жыныс мүшелеріне шыққан ұшық, адамның түймешік вирусы);
- жыныс мүшелері рецепторлы аппаратының жыныстық стероидтық гормондарға сезімталдығының өзгеруі.

Диагностикасы


Диагностикалық критерилер

Шағымдар мен анамнез
Шағымдар:
Сарпайдың ақ дағы, сарпайдың семуі кезінде:
- Сарпай маңайында қышудың білінуі;
- Түнде, ұйқы кезінде қасыну;
- Жыныстық қатынас кезінде ауырсыну;
- Ауыр эмоциялық – стрессті жай – күй;
- Қабыну процесстерінің қабаттасуынан, соларға қатысты белгілердің жəне ауырсыну сезімдердің болуы мүмкін.

Физикалық тексеру

Сарпай лейкоплакиясы кезінде:
1.  Шырышты қабық пен терінің жарақаттанғаны, қан аралас сызат, тырнау орындары.
2.  Тері қабатының ағарып, семіп қалғаны.
3.  Лейкоплакиялық түйіндақ ақшылтым сұр немесе көкшіл – ақ түсті болады. Түіндақ өлшемдері əр түрлі бірнеше миллиметрден бірнеше сантиметрге дейінгі аралықта.
4.  Іншек сағасы тарылып, кіші жыныс ернеулерінің, шүртекейдің бүрісуі тексеру кезінде назарға түседі.
 
Сарпайдың семуі (ұлғаюы кезінде):
1. Гиперпластикалық дистрофияда - сарпай аймағында ақ жəне сары түстің қалыңдауы, сарпай қатпарларының ұлғайғаны немесе бүріскені байқалады. Іншек
сағасының тарылуы байқалмайды.
2. Берішті теміреткі ауруында: сарпай маңайының терісі жұқа, тегіс, жылтыр жəне нəзік, оңай тілініп жарылып кетеді. Жарақаттанған жерлерде ақшылтым дақтар бар. Сарпай қатпарлары тығыз; шүртекей тығыз тыртықпен жабылған. Тіннің созылғыштығы, серпімділігі нашар, терең лимфацитарлы сіңбеленулер кездесіп қалады.
 
Инструменталдық зерттеулер:
Сарпай лейкоплакциясы жəне сарпай семуі (ұлғаюы) кезінде:
- кольпоскопия, вульвоскопияға түсіргенде үсті ақшылтым, сарғыштау немесе кірпіш түстес болып мүйізденгенін, кедір-бұдырлы, тамырлар білінбейтінін байқауға болады;
- күдікті бөліктерді биопсия тексеруі жасалады.
 
Мамандар консультациясы үшін көрсетімдер:
Сарпайдың семуі (ұлғаюы) жəне сарпай ақ дағы ауруында: эндокринолог, гепатолог, дерматолог, онколог кеңестері қажет.

Негізгі диагностикалық шаралар тізімі

Сарпай лейкоплаиясы кезінде:
- анамнез;
- шағымдар;
- қарап тексеру;
- цитологиялық зерттеу үшін жағынды-белгілер;
- кольпоскопия, вульвоскопия.
 
Қосымша диагностикалық шаралар тізімі
 
Іншек лейкоплакиясы жəне сарпай атрофиясы кезінде:
- əр түрлі жұқпалы ауруларды анықтау үшін жағынды алу;
- күдікті бөліктерден биопсиялық зерттеу жасау.

Лабораторлық зерттеулер


Лабораторлық зерттеулер:
Сарпай лейкоплакциясы жəне сарпай семуі (ұлғаюы) кезінде:
- Цитологиялық зерттеулер үшін жағындылар алу;
- Жұқпаларды анықтау үшін жағындыларды тексеру.

Дифференциалды диагноз


Дифференциалды диагностика
 
Сарпай лейкоплакиясы жəне сарпай атрофия (дистрофиясы) кезінде:
- қант диабеті;
- бауыр аурулары;
- тері аурулары (теміреткі, ақтаңдақ).

Емдеу тактикасы


Емдеу тактикасы
 
Сарпай лейкоплакиясы кезінде:
Адамның жасын жəне жыныс жүйесінің басқа да бұзылуларын ескере отырып, дəрілік заттарды жəне емдеу əрекет - тəсілін арнайы жеке таңдап алу арқылы ұзақ уақыт бойы емдеу қажет.
- өте қою шай, кофе, өте ащы тағамдар жəне қақталған тағамдарды мүлде пайдаланбай, сүтті-өсімдік ем - дəм ұстану керек;
- анықталған қоздырғышқа байланысты антибиотикотерапия емін жүргізу керек;
- глюкокортикаидты жақпа май клобетазол пропинат күніне 3 рет, 1 айдан кейін күніне 2 рет, кейін -1 айда 1 рет. Емдеу курсы – 3 ай.
- 3 айдан кейін – құрамында вазелин немесе ланомин бар жұмсартатын кремдер қолданады.
- сарпай аймағының ауырсыну кезінде түнге қарай амитриптилин (антидепрасант, психоаналептик) 10 мг мөлшерінде, кейін ауырсыну толық жойылғанша мөлшерін 70 мг-ға дейін көбейтіп немесе 12 аптадан артық емес 20 мг мөлшерінде флуокситин (антидепрасант, психоаналептик).
 
Сарпай атрофиясы (дистрофиясы) кезінде:
- сүтті - өсімдік диетасын сақтау қажет. Өте ащы, қақталған тағамдарға шай, кофеге əуестенбеу керек;
- анықталған қоздырғышына байланысты антибиотиктерапия емі (тағайындалады) жасалады;
- қысқа мерзімде кортикостероидтер қабылдау керек;
- андрогендер (тестостерон пропионат 2% ерітіндісі) аз мөлшерде теріге тəулігіне 2-3 рет 6-8 апта бойы жағылады.
- Эстриол 500 мкг/ тəулігі 2-3 апта бойы күнделікті, кейін аптасына 1-2 рет
 
Сарпай (атрофия) семуі қоректенудің (дистрафия) бұзылуы кезінде:
- сүтті өсімдік ем-дəм (ащы тағамдар, қақталған тағамдар, ащы шай жəне кофе рұқсат етілмейді);
- анықталған қоздырғышына байланысты антибиотиктерапия;
- қысқа курспен кортикостероидтер;
- андрогендер (тестостерон пропионат 2% ерітіндісі) аз мөлшерде күніне 2-3 рет 6-8 апта бойы жағылады.
- Эстриол 500 мкг/ тəулігі 2-3 апта бойы күнделікті.
- гормандармен ұзақ уақыт емдегенде сарпай пигментациясына назар аудару керек. Нілді дақтардың пайда болуы қатерлі ісікке айналу процесінің болуы нашар болжам белгісі болып табылады.
- 3 айдан кейін – құрамында вазелин немесе ланомин бар жұмсартқыш кремдер қолданады.
- сарпай аймағының үнемі ауырсынуы кезінде түнге қарай амитриптилин (антидепрессант, психоаналептік) 10 мг мөлшерінде, кейін ауырсыну толық жойылғанша мөлшерін 70 мг-ға дейін көбейтіп немесе 12 аптадан артық емес 20 мг мөлшерінде флуокситин (антидепрессант, психоаналептік)
- физиотерапиялық əдістер:  жоғарғы кернеулі тоқпен солқылдатып емдеу, электрофорез.

Емдеу мақсаттары:
Сарпай атрофиясы жəне сарпай дистрофиясы кезінде:
- белгілердің айқындығын азайту 
(қышу, ашыту, ауырсыну, диспареуния);
- өмір сапасын жақсарту;
- емдеудің жанама 
əсерлерін жоққа шығару.
 
Дəрі-дəрмексіз ем:  жоқ.
Дəрі-дəрмектік ем:  жоқ.

Негізгі дəрі-дəрмектер тізімі

Сарпай лейкоплакиясы кезінде:
- Глюкокортикоидты жақпа май;
 - Клобетазол пропионат.

Сарпай атрафиясы (дистрофиясы) кезінде:
- Андрогендер (тестостерон пропионат 2% ерітіндісі);
- Эстриол;
- Кортикостероидтар;
 
Қосымша дəрі-дəрмектер тізімі
- амитриптилин;
- флуокситин.

Ем тиімділігінің индикаторлары:
Сарпай лейкоплакиясы жəне сарпай атрофиясы (дистрофиясы) кезінде – сарпай лейкоплакиясы белгілерінің болмауы, (қышу, ашу, ауырсыну, диспареуния) өмір сапасының жəне жалпы жай-күйдің жақсаруы, ауырсыну белгісінің жойылуы.

Ауруханаға жатқызу


Госпитализациялауға көрсетімдер: жоспарлы жəне шұғыл.
Сарпай лейкоплакиясы жəне сарпай атрофиясы кезінде: консервативті емдеудің тиімділігі болмаған жағдайда жоспарлы түрде ауруханаға жатқызып, хирургиялық емдеу керек.

Алдын алуы


Біріншілік профилактика

Сарпайдың семуі:
- сарпайдың созылмалы қабыну ауруларын дер кезінде емдеу;
- дисгормонды жағдайларда орнына келтіру;
- вирусты инфекцияларды емдеу (жыныс мүшесіндегі ұшық, адамның түймешік вирусы).

Профилактикалық шаралар
 
Сарпай лейкоплакиясы жəне сарпай атрофиясы (дистрофиясы) кезінде:
- толық тексерулер өткізу;
- ауруларға бірінші қаралған кездерінде уақытылы жəне дұрыс тəсілдер жүргізу;
- жеке гигиена тəртібін сақтау (шаю, сабын пайдалану ұсынылмайды).
- егде жастағы əйелдердің қасаға аймағын өздері тексеріп тұруы.

Ақпарат

Пайдаланған әдебиеттің тізбесі

  1. Аурулардың диагностикасы және емдеу хаттамалары (Приказы №764 - 2007, №165 - 2012)
    1. Хаттаманы дайындау барысында пайдаланылған əдебиеттер: 1. Ectopic pregnancy Search date April 2003 Salpingostomy (open or laparoscopic). Clinical Evidence is a website owned by BMJ Publishing Group Limited, company registration number 3012371. Their registered office is situated at BMA House, Tavistock Square, London WC1H 9JP. VAT Number 674738491. 2. American College of Obstetricians and Gynecologists (ACOG). Medical management of tubal pregnancy. Washington (DC): American College of Obstetricians and Gynecologists (ACOG); 1998 Dec. 7 p. (ACOG practice bulletin; no. 3). 3. Клинические рекомендации, основанные на доказательной медицине: Пер. с англ. /Под ред. Ю.Л. Шевченко, И.Н. Денисова, В.И. Кулакова, Р.М. Хаитова. — 2-е изд., испр. — М.: ГЭОТАР-МЕД, 2002. — 1248 с.: ил. 4. Ectopic pregnancy Search date April 2003 Salpingostomy (open or laparoscopic). Clinical Evidence is a website owned by BMJ Publishing Group Limited, company registration number 3012371. Their registered office is situated at BMA House, Tavistock Square, London WC1H 9JP. VAT Number 674738491. 5. American College of Obstetricians and Gynecologists (ACOG). Medical management of tubal pregnancy. Washington (DC): American College of Obstetricians and Gynecologists (ACOG); 1998 Dec. 7 p. (ACOG practice bulletin; no. 3). 6. Клинические рекомендации, основанные на доказательной медицине: Пер. с англ. /Под ред. Ю.Л. Шевченко, И.Н. Денисова, В.И. Кулакова, Р.М. Хаитова. — 2-е изд., испр. — М.: ГЭОТАР-МЕД, 2002. — 1248 с.: ил. 7. Клиническая гинекология, И.В. Дуда, В.И.Дуда, 1999 год. 8. Гинекология подростков, Ю.А. Гуркин, 2000 год. 9. Неоперативная гинекология, В.П. Сметник, 2003 год.

Ақпарат


Əзірлеушілер тізімі:
Мырзабекова Г.Т.    Алматы қаласы адам репродукциясы қалалық орталығының бас дəрігері.
Шакаралиева Э.М.  Алматы қаласы адам репродукциясы қалалық орталығы бас дəрігерінің орынбасары.
Гребенникова Г.А.  Алматы қаласы адам репродукциясы қалалық орталығының дəрігері.
Баймурзаева Л.Г.    Алматы қаласы адам репродукциясы қалалық орталығының дəрігері.
Рослякова А.Г.         Алматы қаласы адам репродукциясы қалалық орталығының дəрігері.

Қазықтаулы файлдар

Назар аударыңыз!

  • Занимаясь самолечением, вы можете нанести непоправимый вред своему здоровью.  
  • Информация, размещенная на сайте MedElement и в мобильных приложениях "MedElement (МедЭлемент)", "Lekar Pro", "Dariger Pro", "Заболевания: справочник терапевта", не может и не должна заменять очную консультацию врача. Обязательно обращайтесь в медицинские учреждения при наличии каких-либо заболеваний или беспокоящих вас симптомов.  
  • Выбор лекарственных средств и их дозировки, должен быть оговорен со специалистом. Только врач может назначить нужное лекарство и его дозировку с учетом заболевания и состояния организма больного.  
  • Сайт MedElement и мобильные приложения "MedElement (МедЭлемент)", "Lekar Pro", "Dariger Pro", "Заболевания: справочник терапевта" являются исключительно информационно-справочными ресурсами. Информация, размещенная на данном сайте, не должна использоваться для самовольного изменения предписаний врача.  
  • Редакция MedElement не несет ответственности за какой-либо ущерб здоровью или материальный ущерб, возникший в результате использования данного сайта.
На главную
Наверх