Сальпингит және оофорит

H-O-013

Версия: Архив - Аурулардың диагностикасы және емдеу хаттамалары (Приказ №764, 2007, №165, 2012)

Сальпингит и оофорит неуточненные (N70.9)

Анықтамасы

Анықтамасы


Анықтамасы:

Сальпингит және оофорит - жатыр қосалқыларының (жатыр түтігі, анабез) қабынған аурулары.


Хаттаманың коды: H-O-013 "Сальпингит және оофорит"
Акушерлік-гинекологиялық саладағы стационарлар үшін
АХЖ-10 бойынша коды (кодтары):
N70 Сальпингит және оофорит
N70.0 Жіті сальпингит және оофорит.
N70.1 Созылмалы сальпингит және оофорит
N70.9 Нақтыланбаған сальпингит және оофорит

Жіктемесі


Жіктемесі:
Ағым бойынша:
- жіті;
- жітілеу;
- созылмалы.

Диагностикасы


Диагностика критерилері

Шағымдар мен анамнез: клиникалық көріністердің ауырлығы науқастарда әр түрлі және ауру симптомсыз өтуі мүмкін:
- құрсақ астының екі жақты ауруы;
- жыныс жолдарындағы потологиялық шығарылымдар;
- жатыр дисфункциялық қанауы;
- қызба.

Физикалық тексеру:
- жатыр ернеуі мен жатыр денесінің ауырсынғыштығы;
- анабез көлемінің үлкеюі немесе тубоовариалды ісіктің пайда болуы мен оның ауыратынын анықтау.

Инструменталды зерттеулер: тән емес.
Мамандар консультациясы үшін көрсетімдер: көрсетімдер бойынша.

Негізгі диагностикалық шаралар тізімі:
1. Қанның С-реактивті нәруызының қоюлығын анықтау.
2. Зәрдің жалпы анализі.
3. ХГЧ-ны анықтау.
4. Киім инфекциясы мен соз ауруы жұқпасын зерттеу.
5. Папаникалау бойынша жағынды.
6. Тазалық деңгейіндегі жағынды.
7. Жалпы қанды талдау.
8. Антибиотиктерге сезімтал цирвикалды өзектерден Баксебінді алу.
9. 3-сағаттық термометрия.

Қосымша диагностикалық шаралар тізімі:
1. ЭКГ.
2. Коагулограмма (қан ұюы жазбасы).
3. Қанның биохимиясы.
4. Лапароскопия.
5. Кіші жамбас астауын УДЗ.
6. Hbs Ag.
7. Анти HCV.

Лабораторлық зерттеулер


Лабороторлық зерттеулер:
- қанның С-реактивті белогының қоюлығын анықтау (жоғарылығы);
- жалпы зәрді талдау (диагностика үшін);
- жалпы қанды талдау (ЭТЖ үлкеюі, лейкоцитоз, қанда лейкоциттердің көбеюі).

Дифференциалды диагноз


Дифференциалды диагностика:
- соқырішектің жіті қабынуы.
- эктопиялық жүктілік.
- анабездегі киста
- эндометриоз.
- зәр жолдарындағы жұқпа.

Емдеу тактикасы


Емдеу тактикасы

Ем мақсаты
Қабынулық процесті тоқтату.

Дәрі-дәрмексіз ем: жоқ.

Дәрі-дәрмектік ем:
Антибактериалды терапия.
Кең құрылымды антибиотиктер - тетрациклинмен іліктес 3-4 құрам бөлшекті күшті әсер ететін цефалоспориндер немесе макролидтер мен метранидазол  қолданылады.
Альтернативті дәрі-дәрмектер: Әсері күшті тетрациклинмен және метронидазолмен іліктес фторхинолдар.
Парентералды (ауыздан тыс) енгізу емделудің алдында қолданылады және 48 сағат жалғасады, одан кейін ауыз арқылы қабылдауға ауысады. Ұзақтығы 7 күн, ауыр түрінде 14 күнге дейін созылады.
Десенсибилизациялық терапия.
Инфузиялық терапия.
Микоз профилактикасы және емі.
Жатыр ішілік спиральді алып тастау.
Науқастың барлық жыныстық серіктестерін міндетті түрде тексеру және қажетінше ем тағайындау.
Ұзақ уақыт бойы көп антибиотиктермен емдегенде ғана микоздың пайда болуын алдын алуға және емдеуге болады. Ол үшін ауыз арқылы қабылдайтын интраканазол ерітіндісін 200мг-нан күніне 2 уақыт 7 күндей қолданады.

Профилактикалық шаралар: жоқ.
Әрі қарай жүргізу: жоқ.

Негізгі дәрі-дәрмектер тізімі:
1. Цефалоспориндер 3-4 деңгейде антибиотиктерге сезімтал есебімен фторхинолдар, макролидтер
2. *Доксициклин 100 мг, флаконда
3. *Метронидазол 100 мл, сауыт ампулада
4. *Метронидазол 250 мг, таблеткада
5. *Азитромицин 500 мг, капсулы
6. *Итраконазол оральді ерітінді 150 мл-10 мг/мл
7. *Итраконазол 100 мг, флаконда
8. *Декстран 60 сұйық енгізуге арналған ампуладағы ерітінді, 200 мл, 400 мл
9. *Инфузияға арналған глюкоза ерітіндісі, ампулада 400 мл
10. Ампуладағы кристалды ерітінді 400 мг
11. *Инемен енгізуге арналған аскорбин қышқылы ерітіндісі 5%, 10% флаконда 2 мл, 5 мл
12. *Флуконазол, 150 мг флконда

Қосымша дәрі-дәрмектер тізімі: жоқ.

Ем тиімділігінің индикаторлары: ауру белгілерінің жойылуы, етеккір айналымы мен дене қызуының қалыпты жағдайға келуі және іншек арқылы зерттеу мен лабораторлық көрсеткіштердің дұрыс нәтиже беруі.

* - Негізгі (өмірге маңызды) дәрілік заттар тізіміне кіретін препараттар 

Ауруханаға жатқызу


Жоспарлы және шұғыл госпитализациялау үшін көрсетімдер:
- бала болмауында өзінің жас болуы;
- диагностикаға күмәндану;
- айқындалған қызба реакциясы;
- тубоовариалды іріңдік;
- емханалық емдеу ұйымының болмауы немесе әсерленгіштің жетіспеушілігі;
- шұғыл жағдайда ауруханаға жатқызу процесі.

Жоспарлы госпитализация алдындағы қажетті тексеру көлемі:
- мерезге серологиялық скрининг;
- жалпы қан анализі (6 параметр);
- жалпы зәр анализі;
- ХГЧ-ны анықтау (анықтайтын диагноз үшін) мойын түтігі, үрпі түтігі, іншек күмбездерінен жағымсыз жағындыны тексеру.
Қалыпты немесе эктопиялық жүктілік әсіресе қатты ауру сезімі кіші жамбас астауы мүшелерін бимонуалдық зерттеуге кедергі болғанда қосалқылардың көлемді түзілісінің диагностикасында абдоминальдық немесе іншек арқылы жатырды қосалқылармен УДЗ-ге көмектеседі.

Ақпарат

Пайдаланған әдебиеттің тізбесі

  1. Аурулардың диагностикасы және емдеу хаттамалары (Приказы №764 - 2007, №165 - 2012)
    1. Хаттаманы дайындау барысында пайдаланылған әдебиеттер: 1. PRODIGY Quick reference guide. Bacterial vaginosis. www.prodigy.nhs.uk/guidance.asp?gt=bacterial vaginosis 2. A randomized trial of ofloxacin versus cefoxitin and doxycycline in the outpatient treatment of acute salpingitis. Department of Obstetrics and Gynecology, University of Texas Southwestern Medical School, Dallas. Am J Obstet Gynecol. 1991 May; 164 (5 Pt 2):1390-6. 3. Клинические рекомендации, основанные на доказательной медицине: Пер. с англ. / Под ред. Ю.Л. Шевченко, И.Н. Денисова, В.И. Кулакова, Р.М. Хаитова. — 2-е изд., испр. — М.: ГЭОТАР-МЕД, 2002. — 1248 с.: ил.

Ақпарат


Әзірлеушілер тізімі: Рослякова А.В., Алматы қаласы Адам репродукциясы қалалық Орталығының дәрігер акушер-гинекологы

Қазықтаулы файлдар

Назар аударыңыз!

  • Занимаясь самолечением, вы можете нанести непоправимый вред своему здоровью.  
  • Информация, размещенная на сайте MedElement и в мобильных приложениях "MedElement (МедЭлемент)", "Lekar Pro", "Dariger Pro", "Заболевания: справочник терапевта", не может и не должна заменять очную консультацию врача. Обязательно обращайтесь в медицинские учреждения при наличии каких-либо заболеваний или беспокоящих вас симптомов.  
  • Выбор лекарственных средств и их дозировки, должен быть оговорен со специалистом. Только врач может назначить нужное лекарство и его дозировку с учетом заболевания и состояния организма больного.  
  • Сайт MedElement и мобильные приложения "MedElement (МедЭлемент)", "Lekar Pro", "Dariger Pro", "Заболевания: справочник терапевта" являются исключительно информационно-справочными ресурсами. Информация, размещенная на данном сайте, не должна использоваться для самовольного изменения предписаний врача.  
  • Редакция MedElement не несет ответственности за какой-либо ущерб здоровью или материальный ущерб, возникший в результате использования данного сайта.
На главную
Наверх