Сальпингит жəне оофорит

Р-О-029

Версия: Архив - Аурулардың диагностикасы және емдеу хаттамалары (Приказ №764, 2007, №165, 2012)

Хронический сальпингит и оофорит (N70.1)

Анықтамасы

Анықтамасы


Анықтамасы
Сальпингит жəне оофорит – жатыр қосалқыларының қабыну аурулары (түтіктер, анабездер).


Хаттама коды: Р-О-029  "Сальпингит жəне оофорит"
Акушерлік-гинекологиялық саладағы поликлиникалар үшін.
АХЖ–10 бойынша коды (кодтары):
N70      Сальпингит жəне оофорит.
N70.0  Өткір сальпингит жəне оофорит.
N70.1  Созылмалы сальпингит жəне оофорит.
N70.9  Анықталмаған сальпингит жəне оофорит.

Жіктемесі


Жіктемесі
 
Клиникалық ағымы бойынша:
- жіті;
- жіті емес;
- созылмалы.
 
Этиологиясы бойынша:
- өзіне тəн;
- тəн емес.

Қауіп-қатерлі факторлар


Қауіп-қатерлі факторлар:
· Жастық шақ;
· Əлеуметтік-экономикалық өмір жағдайының нашарлауы;
· Білім деңгейінің төмендеуі;
· Жыныстық сыңарының жаңадан ауысуы;
· Жыныстық сыңарын жаңдан ауыстыру;
· Ұрықтануға қарсы кедергісіз əдістермен ойнас (секс);
· Іншекті дəрімен жуу жұқпаның өрлеу жолымен жайылу қауіптілігін арттырады;
· Жатыр мойнын құралмен тексеру жұқпаның өрлеу жолы мен жайылуының тəуекелін арттырады;
· Əйелдердің жыныс мүшелернің бұрын өткерген қабыну аурулары (бұрынғы “жасырын” жұқпалардың табылмауында созылмалы қабыну үрдісінің
  сақталу жəне іншек 
дисбактериозының даму ықтималдығы қалады).

Диагностикасы


Диагностикалық критерилер

Шағымдар мен анамнез:
- іштің төменгі жағында екі жақтық ауыру сезімі;
- жыныс жолдарының патологиялық шығарымдары;
- етеккір функциясының бұзылуы;
- қызба (фебриль жəне гиперпирет);
- əртүрлі науқастарда аурудың клиникалық білінулері əртүрлі жəне ауру белгісіз өтуі мүмкін.
 
Физикалық тексеру:
- жатыр мойнынының жəне денесінің ауыру сезімі болуы;
- анабез өлшемдерінің үлкеюі түтікжұмыртқалық түзілісті жəне ауыру сезімін анықтау;
- перигепатит дамуында іштің оң жақ жоғары бөлігінде ауыру сезімі анықталады;
- жыныс жолдарынан сілемейлі – іріңді шығындылар.

Инструменталдық зерттеулер:
- жатырды қосалқыларымен трансабдоминал (іш арқылы) немесе трансвагинал (іншек арқылы) ультрадыбыспен зерттеу:
УДЗ деркетері бойынша аурудың динамикасы жəне жүргізілген терапияның тиімділігі туралы айтуға болады.
УДЗ көрінісі: жамбастың кіші қуысында бос сұйықтық немесе онсыз жуандаған, сұйықтық толтырылған жатыр түтіктері немесе тубоовариалдық (түтіктік-жұмыртқалық) түзіліс;
- компьютерлік томография (əдіс ақиқаттығы 95,6 %);
- лапароскопия;
- реография жамбастың кіші қуысындағы гемодинамиканы тұтастай бағалауға мүмкіндік беретін, жамбастың кіші қуысындағы мүшелердің қан айналымын тіркейтін - жарып кірмейтін əдіс.

Негізгі диагностикалық шаралар тізімі:
- қанның жалпы анализі;
- қанның С-реактивті белоктың концентрациясын анықтау;
- жалпы зəр анализі;
- іншектен, цервикалдық (мойнақтық) өзектен, жатыр қуысынан алынған материалдық  микробиологиялық диагностикасы.
 
Қосымша диагностикалық шаралар тізімі:
- коагулограмма;
- ВХГЧ анықтау;
- папаниколау бойынша жағынды;
- қан биохимиясы;
- мойынақтық өзектен антибиотиктерге сезімталдыққа бак.себінді;
- жатырды қосалқыларымен іш арқылы немесе іншек арқылы ультрадыбыстық зерттеу;
- компьютерлік томография;
- лапароскопия;
- реография.

Лабораторлық зерттеулер


Лабораторлық зерттеулер:
- қанның жалпы анализі (ЭСШ өсуі, лейкоцитоз, таяқшаөзектің солға ығысуы);
- қанның С-реактивтілік белоктың концентрациясын анықтау (жоғарылаған);
- жалпы зəр анализі (зəр шығару жүйесінің ауруларымен ажырату диагностикасы үшін);
- іншектен, цервикалдық өзектен, жатыр қуысынан алынған материалдық микробиологиялық диагностикасы;
- қан биохимиясы (альбумин жетіспеушілігімен диспротеинемия, белоктың глобулиндік бөлігі көбеюі, нормада 1,6 аз емес жағдайда,
  альбумин/глобулин коэффициентінің күрт 
төмендеуі);
- цервикальдық өзектен антибиотиктерге сезімталдыққа бак себінді;
- ВХГЧ анықтау (эктопиялық жүктілік диагностикасын арттыру үшін);
- папаниколау бойынша жағынды.

Дифференциалды диагноз


Дифференциалды диагностика:
- жіті аппендицит;
- эктопиялық жүктілік;
- анабез жылауығы (жарылу немесе оралып қалу);
- эндометриоз;
- зəр жолдарының жұқпасы;
- овуляторлық ауыруды сезінулер;
- ішек патологиясы.

Емдеу тактикасы


Емдеу тактикасы
Диагностикалық критерилерді шығару эмпирикалық терапия басталуы қажеттілігін меңзейді (берілген тактика, ВЗОМТ гиподиагностикасы туындайтын қиын асқынулардың алдын алу тұрғысынан ақталады): сексуалдық белсенді жұқпалану қауіптілігіне ұшырайтын əйелдерді, барынша аз диагностикалық критерийлер табылғанда емдеуді бастайды.
 
Диагностиканың (БДҰ) барынша аз критерилері:
· Іштің төменгі жағын саусақпен басқанда ауыру сезімі;
· Жатыр қосалқылары маңайындағы ауыру сезімі;
· Жатыр мойынының ауыру сезімі реакциялары.
 
Диагностиканың (БДҰ) барынша қосымша критерийлері:
· Фебрилдік немесе гиперпиреттік қызба;
· Жатыр мойны мен жатырдан немесе іншектен патологиялық шығынды;
· Лейкоцитоз, ЭСШ жоғарылауы;
· Оң С-реактивті белок;
· Мойындық жұқпаны зертханалық растау.
 
Диагностиканың нақты критерилері (БДҰ):
· УДЗ  іншек арқылы скандалған деректер пайдалануымен;
· ОМТ қабыну процессіне сəйкес, лапароскопиядан байқалған паталогия.
 
Ем мақсаттары:  қабыну процессін қайтару.

Дəрі-дəрмексіз ем:
- инерефлекстерапия;
- психотерапия;
- емдеу гимнастикасы;
- физиоемдеу: сантиметр немесе дециметрлік диапазондағы микротолқындар (жиі асқынулар болғанда), диадинамикалық немесе синусоидаль модулдік ағымдар (токтар), ультрадыбыс (тұрақты ауыру синдромында), протеолитикалық ферменттер электрофорезі (дəнекерлік процесс);
- дірілдік жəне гинекологиялық уқалау (массаж).
 
Дəрі-дəрмектік ем:
1. Антибактериалдық терапия.
Антибиотиктерге сезімталдығы ескеріліп кең ауқымды əрекеттегі антибиотиктер қолданылады. Амоксицллин + клавулан қышқылы; 3-4 ұрпақ ауысқан цефалоспориндер кең ауқымды тетрациклиндермен немесе макролидтермен жəне метронидазолмен тіркесте. Балама дəрмектер: фторхинолондар, метронидазолмен жəне кең ауқымды спектрлі əрекетті тетрациклинмен тіркесте.
2. Сезімталсырату терапиясы.
3. Микоздардың алдын алу жəне емдеу.
4. ЖМҚ алып тастау.
5. Пациенттің барлық жыныстық сыңарларын тексеру қажет жəне қажет болса емдеу тағайындау керек.
6. Ұзақ көлемді антибиотикотерапияда емдеу мен туындауының алдын алу үшін – итраконазол 200 мг 2 рет/тəулігіне 7 күн бойы.
 
Негізгі дəрі-дəрмектер тізімі:
1. Амоксициллин + клавулан қышқылы, 500 мг / 125 мг, 875 мг / 125 мг қабықпен жабылған таблеткалар, тамырдан жіберу үшін ерітінді дайындауға арналған флаконда 500 мг / 100 мг, 1000 мг / 200 мг.
2. 3-4 ұрпақ ауысқан цефалоспориндер, макролидтер, фторхиноландар антибиотиктерге сезімталдығы ескерілуімен, амп., табл.
3. Доксициклин 100 мг, капс.
4. Метронидазол 100 мл, фл.
5. Метронидазол 250 мг, табл.
6. Интраконазол аралық ерітінді 150 мл – 10 мг/мл
7. Декстран инфузия үшін ерітінді, флаконда 200 мл, 400 мл
8. Глюкоза инфузия үшін ерітінді, флаконда 400 мл.
9. Кристаллонд ерітінділер фл. 400 мл.
10. Аскорбин қышқылы инъекция үшін 5% , 10% ампулада 2 мл, 5 мл.
11. Флуконазол, капсула 150 мг.
 
Қосымша дəрі-дəрмек тізімі:  жоқ.
 
Ем тиімділігінің критерилері:
- Клиникалық сауығу (жалпы күш жақсаруы, ауыру сезімі синдромының, жатыр қосалқыларында анатомиялық өзгерістер жоғалуы, қан көрінісінің қалпына келуі);
- Жыныстық жүйенің эндокрин функциясының қалпына келуі (қалыпты етеккір айналымы қалпына келуі);
- Əйелдердің бейімделулік – қорғаныстық тетіктерінің жəне өндіру функциясының қалпына келуі.

Ауруханаға жатқызу


Госпитализациялауға көрсетімдер: жедел жəне шұғыл.
- балалары болмаса, сырқаттың жастығы;
- диагноз күмəнділігі;
- көрініңкі қызба реакция;
- түтікжұмыртқалық абсцесс;
- перитонит;
- емханалық емдеуді ұйымдастыру мүмкінсіздігі немесе оның жеткіліксіз тиімділігі (егер пероральдық антибиотиктерді қабылдағаннан бастап 72 сағат өткенде
  жақсару басталмаса);
- өткір процессте шұғыл түрде госпитализация;
- біріншілік қарауында пациентканың күйі ауыр;
- АВЖ (ВИЧ) оң реакция.

Алдын алуы


Біріншілік профилактика:
- тұрғындар арасында, əсіресе жоғары тəуекелдік топтарда гениталийдің қабыну ауруларына жəне олардың салдарына арналған санитарлық-ағартушылық жəне тəрбиелеу\ жұмысын жүргізу;
- санитарлық-гигиеналық шаралар (медициналық мекемелерде асептика жəне антисептика ережелерін сақтау);
- жыныстық сыңар санын шектеу;
- кедергілік жарақтарды жəне пероральдық контрацептивтерді пайдалану;
- əр түрлі акушер-гинекологиялық қимылдар мен операциялық араласуларда антисептик дəрі-дəрмектерді пайдалану;
- шипалық заттарды (əсіресе антибиотиктерді) дəрігер бақылауымен қабылдау.

Профилактикалық шаралар:
· ОМТ қабыну аурулары диагностикасы мен емдеу сапасын жақсарту;
· Зертханалық зерттеу əдістерінің сапасын жақсарту;
· Емдеу заттарының қол жетулігі мен бағасын төмендету;
· Сыңарларды уақтылы хабарлау жəне емдеу;
· Зəржыныстық жұқпаға скрининг тексеру.

Ақпарат

Пайдаланған әдебиеттің тізбесі

  1. Аурулардың диагностикасы және емдеу хаттамалары (Приказы №764 - 2007, №165 - 2012)
    1. Хаттаманы дайындау барысында пайдаланылған əдебиеттер: 1. PRODIGY Quick reference guide. Bacterial vaginosis. www.prodigy.nhs.uk/guidance.asp?gt=bacterial vaginosis 2. A randomized trial of ofloxacin versus cefoxitin and doxycycline in the outpatient treatment of acute salpingitis. Department of Obstetrics and Gynecology, University of Texas Southwestern Medical School, Dallas. Am J Obstet Gynecol. 1991 May; 164 (5 Pt 2):1390-3. Клинические рекомендации, основанные на доказательной медицине: Пер. с англ. / Под ред. Ю.Л. Шевченко, И.Н. Денисова, В.И. Кулакова, Р.М. Хаитова. —2-е изд., испр. — М.: ГЭОТАР-МЕД, 2002. —1248 с.: ил. * – препараты, входящие в список основных (жизненно важных) лекарственных средств. 4. Salpingitis. Shepherd S, Gracia CR. EMedicine from Web MD. http://www.emedicine.com/MED/topic2059.htm

Ақпарат


Əзірлеушілер тізімі:
Мырзабекова Г.Т.    Алматы қаласы адам репродукциясы қалалық орталығының бас дəрігері.
Шакаралиева Э.М.  Алматы қаласы адам репродукциясы қалалық орталығы бас дəрігерінің орынбасары.
Гребенникова Г.А.  Алматы қаласы адам репродукциясы қалалық орталығының дəрігері.
Баймурзаева Л.Г.   Алматы қаласы адам репродукциясы қалалық орталығының дəрігері.
Рослякова А.Г.        Алматы қаласы адам репродукциясы қалалық орталығының дəрігері.

Қазықтаулы файлдар

Назар аударыңыз!

  • Занимаясь самолечением, вы можете нанести непоправимый вред своему здоровью.  
  • Информация, размещенная на сайте MedElement и в мобильных приложениях "MedElement (МедЭлемент)", "Lekar Pro", "Dariger Pro", "Заболевания: справочник терапевта", не может и не должна заменять очную консультацию врача. Обязательно обращайтесь в медицинские учреждения при наличии каких-либо заболеваний или беспокоящих вас симптомов.  
  • Выбор лекарственных средств и их дозировки, должен быть оговорен со специалистом. Только врач может назначить нужное лекарство и его дозировку с учетом заболевания и состояния организма больного.  
  • Сайт MedElement и мобильные приложения "MedElement (МедЭлемент)", "Lekar Pro", "Dariger Pro", "Заболевания: справочник терапевта" являются исключительно информационно-справочными ресурсами. Информация, размещенная на данном сайте, не должна использоваться для самовольного изменения предписаний врача.  
  • Редакция MedElement не несет ответственности за какой-либо ущерб здоровью или материальный ущерб, возникший в результате использования данного сайта.
На главную
Наверх