Войти

Простата аденомасы (Д III)

P-S-002

РЦРЗ (Республиканский центр развития здравоохранения МЗ РК)
Версия: Архив - Аурулардың диагностикасы және емдеу хаттамалары (Приказ №764, 2007, №165, 2012)

Гиперплазия предстательной железы (N40)

Анықтамасы

Анықтамасы


Анықтамасы

Қуықасты безінің қатерсіз гиперплазиясы (ҚБҚГ (ДГПЖ)
– қуықасты 
безінің периуретралық бөлігінің таралып өсуінен қуықасты безінің периуретралық бөлігінің бітісіп кетуі, төменгі несеп жолында обструкция болуымен сипатталатын жастық инволюциялық ауру. ДГПЖ гистологиялық зерттеу нəтижелері негізінде қойылады.
Клиникалық аурулар несеп жолдарының инфравезикалдық обструкция симптомдарымен анықталады (жиі несеп шығару, несеп шығаруға императивтік шақырулар, несеп ағынының əлсіреуі жəне үзік болуы, несеп шығарғанда күшену, несепқуықтың толық босамағаны сияқты əсер алу, никтурия).

 
Хаттама коды: P-S-002 "Простата аденомасы (Д III)"
Хирургия саладағы поликлиникалар үшін
АХЖ-10 бойынша коды (кодтары): N40 Қуықасты безінің гиперплазиясы     

Мобильное приложение "MedElement"

- Профессиональные медицинские справочники. Стандарты лечения 

- Коммуникация с пациентами: онлайн-консультация, отзывы, запись на прием

Скачать приложение для ANDROID / для iOS

Мобильное приложение "MedElement"

- Профессиональные медицинские справочники

- Коммуникация с пациентами: онлайн-консультация, отзывы, запись на прием

Скачать приложение для ANDROID / для iOS

Жіктемесі


Жіктемесі:
I кезең - никтурия, несеп шығаруға қиналу, қалдық несептің болмауы.
II кезең - никтурия, несеп шығаруға қиналу, қалдық несептің болуы.
III кезең - никтурия, несеп шығаруға қиналу, қалдық несептің көлемі үлкеюі, несептің созылмалы іркілісі жəне парадокс иншуриясы.

Қауіп-қатерлі факторлар


Қауіп-қатерлі факторлар: кəрілік, қосымша аурулар (БФСЖ (ХПН)), созылмалы пиелонефрит), атабездердің секреттік қызметінің өшуі.

Диагностика


Диагностика критерилері 
 
Шағымдар мен анамнез: дизурия, никтурия, несеп шығаруға қиналу, несептің əлсіз көлемді ағуы, несепқуықтың толық босамағаны тəрізді сезім, соңында несеп шығарғаннан кейін несеп тамшылап бөлінеді, несептің іркілуі.

Физикалық тексеру: қуықасты безінің гипертрофиясы.
 
Инструменталдық зерттеулер: УДЗ көрінісі – қуықасты безінің гиперплазиясы, рентгенде – толтыру ақауы.
 
Мамандар консультациясы үшін көрсетімдер: онколог, нефролог.
 
Негізгі жəне қосымша диагностикалық шаралар тізімі
 
Негізгі диагностикалық шаралар тізімі:
1.  Саусақпен ректалдық тексеру.
2.  Жалпы қан анализі (6 параметрі).
3.  Жалпы несеп анализі.
4.  Қанның биохимиялық анализі.
5.  Қан сарысуындағы креатинин концентрациясы.
6.  Қуықасты безінің арнайы антигенінің концентрациясы.
7.  Қалдық азотты анықту.
8.  Трансректалды УДЗ.
9.  Рентгенография (экскреторлық немесе цистография).
10. Несептің бак. себуі.
11. Нечипоренко сынағы.
12. Қуықасты безін УДЗ.
 
Қосымша диагностикалық шаралар тізімі:
1. Урофлоуметрия.
2. Цистометрия жəне несеп ағынының қысымын тексеру.
3. Уретроцистография.
4. Урография.
5. Қуықасты безінің биопсиясы.
6. Терапевт консультациясы.
7. Онколог консультациясы.

Лабораторлық зерттеулер


Лабораторлық зерттеулер: лейкоцитурия, гематурия, бактериурия.

Дифференциалды диагноз


Дифференциалды диагноз

Диагностикалық
критерилер
ДГПЖ
Простата рагі
Уретра
стриктурасы
Қуық мойнағының
патологиясы
 
(рак, қуық 

мойнағының 
склерозы)
Зəр шығару
бұзылыстарымен
неврологиялық
аурулар
Уретроцистография
Толу ақауы Толу ақауы
Уретра
өтімділігінің ақауы
«фонтан» симптомы
 
Уретроцистоскопия
Простатаның ұлғаюы
Ұлғайған түйінді без
Уретраның тарылуы
толық облитерация
Көтерілген ригидті мойнақ
 
Урофлоуметрия
Инфравезикальді
обструкция
Инфравезикальді
обструкция
Инфравезикальді
обструкция
Инфравезикальді
обструкция
 
PSA Қалыпта Ұлғаю Қалыпта Қалыпта  
Ректальді тексеру
п\э, ұлғайған,
б\б ұлғайған,
Біркелкі емес
консистенция,
тасты 
тығыз
Қалыпта Қалыпта  

Емдеу тактикасы


Емдеу əдісі
 
Ем мақсаты: симптомдардың азаюы жəне өмір сүру сапасының жақсаруы, емнен ең аз жағымсыз нəтиже алу.

Дəрі-дəрмектік ем:
Дəрілік препаратты таңдау қуықасты безінің үлкею дəрежесіне байланысты:
• Егер қуықасты безі пальпация кезінде айтарлықтай үлкеймеген немесе УДЗ тексергенде көлемі 40 г-нан аз, таңдалған препарат - β1-адреноблокаторлар (тамсулозин 0,8 мг-ға дейін тəул., альфузозин 5 мг 2 рет тəул., теразозин тəулігіне 20 мг, празозин);
• Егер қуықасты безі айтарлықтай үлкейсе, 5 б1 – редуктаза ингибиторларын (финастерид 5 мг/тəул) немесе β1-адреноблокаторлар  қолдануға болады. Кейбір науқастарда термотерапия (микротолқынмен емдеу), сонымен қатар стент немесе спираль қолданылады. Несеп іркілісі бар, хирургиялық емді күтіп отырған науқастарға тері арқылы цистостомия жасайды.
 
Негізгі жəне қосымша дəрі-дəрмектер тізімі
 
Негізгі дəрі-дəрмектер тізімі:
1. Тамсулозин 400 мкг табл.
2. Альфузозин 5 мг табл.
3. Теразозин 5 мг табл.
4. Доксазозин 2 мг, 4 мг, табл.
 
Қосымша дəрі-дəрмектер тізімі: жоқ.
 
Ем тиімділігінің индикаторлары:
1. Ерікті қалыпты зəр шығару.
2. Қалдықты зəрдің болмауы.
3. Урофлоуметрия корсеткіштерінің қалыпқа келуі.
4. УДЗ – бездің қалыпты көлемі.

* – Негізгі (өмірге маңызды) дəрілік заттар тізіміне кіретін препараттар.

Госпитализация


Госпитализациялау үшін көрсетімдер: консервативті емнен əсер болмауы.

Профилактика


Профилактикалық шаралар: 5 - альфаредуктаза - кардур ингибиторларын, пермиксон, таденан, проскаф, альфа- адреноблокаторлар – тирарозин, дриптан қабылдау.
 
Әрі қарай жүргізу, диспансерлеу принциптері: диспансерлеу ( дианмикада УДЗ, PSA).

Ақпарат

Пайдаланған әдебиеттің тізбесі

  1. Аурулардың диагностикасы және емдеу хаттамалары (Приказы №764 - 2007, №165 - 2012)
    1. Хаттаманы дайындау барысында пайдаланылған əдебиеттер: 1. Clifford GM, Farmer RDT. Medical therapy for benign prostatic hyperplasia: a review of the literature. Eur Urol 2000; 38: 2-19; 2. Wilt T, Ishani A, Stark G, MacDonald R, Milrow C, Lau J. Serenoa repena for benign prostatic hyperplasia. In: The cochrane Library, Issue 3, 2001; 3. Prodigy Guidance – Prostate – benign gyperplasia, 2002.

Ақпарат


Əзірлеушілер тізімі: Хусаинов Т.Э.,  Урология ҒО

Қазықтаулы файлдар

Назар аударыңыз!

  • Занимаясь самолечением, вы можете нанести непоправимый вред своему здоровью.  
  • Информация, размещенная на сайте MedElement и в мобильных приложениях "MedElement (МедЭлемент)", "Lekar Pro", "Dariger Pro", "Заболевания: справочник терапевта", не может и не должна заменять очную консультацию врача. Обязательно обращайтесь в медицинские учреждения при наличии каких-либо заболеваний или беспокоящих вас симптомов.  
  • Выбор лекарственных средств и их дозировки, должен быть оговорен со специалистом. Только врач может назначить нужное лекарство и его дозировку с учетом заболевания и состояния организма больного.  
  • Сайт MedElement и мобильные приложения "MedElement (МедЭлемент)", "Lekar Pro", "Dariger Pro", "Заболевания: справочник терапевта" являются исключительно информационно-справочными ресурсами. Информация, размещенная на данном сайте, не должна использоваться для самовольного изменения предписаний врача.  
  • Редакция MedElement не несет ответственности за какой-либо ущерб здоровью или материальный ущерб, возникший в результате использования данного сайта.
На главную
Наверх