Простатаның қатерсіз гиперплазиясы. Аденомэктомия

H-S-005

Версия: Архив - Аурулардың диагностикасы және емдеу хаттамалары (Приказ №764, 2007, №165, 2012)

Другие воспалительные болезни предстательной железы (N41.8)

Анықтамасы

Анықтамасы


Анықтамасы:

Простатаның қатерсіз гиперплазиясы (ПҚГ) - жасқа байланысты инволюциялық ауру, қуықасты безінің периуретралдық бөлігінің өсіп кетуінен төменгі несеп жолдарында обструкция пайда болуымен сипатталады. ПҚГ диагнозы гистологиялық зерттеу нəтижелеріне байланысты қойылады.

Клиникада ауру несеп жолдарының инфравезикалдық обструкциясы симптомдарымен көрінеді (жиі несеп шығару, несеп шығаруға императивті түрде бара бергісі келу, несеп ағысының əлсіз немесе үздікті болуы, несеп шығарудың қиындауы, осы кездерде күшену, несепқуықтың толық босамағаны сияқты сезімдер пайда болуы, никтурия).

 
Хаттама коды: H-S-005 "Простатаның қатерсіз гиперплазиясы. Аденомэктомия"
Хирургиялық саладағы стационарлар үшін
АХЖ-10 бойынша коды (кодтары): N40 Қуықасты безінің гиперплазиясы
 
 

Жіктемесі

 
I кезең - никтурия, несеп шығарудың қиындауы, қалдық несептің болмауы.
II кезең - никтурия, несеп шығарудың қиындауы, қалдық несептің болуы.
III кезең - никтурия, несеп шығарудың қиындауы, қалдық несептің көлемі көбеюі, несептің созылмалы іркілуі жəне парадокс ишуриясы.

Диагностикасы

 
Диагностика критерилері

Шағымдар мен анамнез: кіші дəретке бару жиілеуі.

Физикалық тексеру:
- айқын дəретке бару сезімі;
- зəр шығарудың көлемді жылдамдығының төмендеуі;
- никтурия;
- полиурия;
- простатаның ұлғаюы.

Лабораториялық тексеру: лейкоцитурия, гематурия, бактериурия; PSA.

Инструменталдық зерттеулер: УДЗ - простата көлемінің ұлғаюы, қалдық бездің болуы, жоғарғы зəр жолдарының қуыстық элементтерінің кеңеюі. Ауқымды, экскреторлық урографияда цистографиямен - қуықтың төменгі контуры бойынша толу ақауы.

Мамандар консультациясы үшін көрсетімдер: PSA жоғарылауында онколог консультациясы, СБФЖ - нефролог.

Негізгі диагностикалық шаралар тізімі:
1. Жалпы қан анализі (6 параметрі).
2. Жалпы несеп анализі.
3. Коагулограмма (протромбин уақыты, фибриноген, тромбин уақыты, плазманың фибринолитикалық белсенділігі, гематокрит).
4. Қалдық азотты анықтау.
5. Глюкозаны анықтау
6. Билирубинді анықтау.
7. Тимол сынағы.
8. Қан тобын жəне резус-факторды анықтау.
9. Тінді гистологиялық зерттеу.
10. ЭКГ.
11. Флюорография.
12. Микрореакция.
13. Вассерман реакциясы.
14. Кардиолог консультациясы.
15. Анестезиолог дəрігердің консультациясы.
16. Несепқуықты УДЗ.
17. Бүйректерді УДЗ.
18. Бүйрекүсті бездерін УДЗ.
19. HbsAg, Anti-HCV.

Қосымша диагностикалық шаралар тізімі:
1. Вена ішілік урография.
2. Іш қуысы ағзаларын УДЗ.

Дифференциалды диагноз


Диагностика
критерилері
ДГПЖ
Простата
обыры
Зəрағар
стриктурасы
Қуық мойнағының
патологиясы
(қуық мойнағының
рагі, склерозы)
Зəр шығарудың
бұзылыстары мен
неврологиялық
аурулар
Уретроцисто-
графия
Толу ақауы Толу ақауы
Зəрағар
өтімділігінің
ақауы
«Фонтан»
симптомы
 
Уретроцисто-
скопия
Простатаның
ұлғаюы
Ұлғайған
түйінді без
Зəрағардың
тарылуы,
толық
облитерация
Көтерілген
ригидті мойнақ
 
Урофлоуметрия
Инфравезикальді
обструкция
Инфравезикальді
обструкция
Инфравезикальді
обструкция
Инфравезикальді
обструкция
 
PSA Қалыпта Ұлғаю Қалыпта Қалыпта  
Ректальді тексеру
П\э ұлғайған,
б\б ұлғайған
Біркелкі емес
консистенция,
тасты тығыс
Қалыпта Қалыпта  

 

Емдеу тактикасы

 
Емдеу тактикасы

Ем мақсаты: қуықасты безінің аденомасын алып тастау.

Емі
Хирургиялық ем мына жағдайларда қолданылады:
1. Несептің іркілуі немесе қалдық несептің көлемі қайталап өлшеген кезде 300 мл-ден көп болса.
2. Жоғарғы несеп жолдарының кеңеюі.
3. Бүйректер қызметінің бұзылуы.
4. Бірнеше рет макрогематурия тіркелуі.
5. Несеп шығару жолдарының инфекциясы.
6. Несепқуықта тас болуы.
7. Науқасқа басқа ем шаралары əсер етпегенде немесе науқас емнен тез нəтиже алғысы келген жағдайда.

ПҚГ-ні емдеудің операциялық əдісін таңдау: простатаның трансуретралді резекциясы (ПТУР (ТУРПЖ)), простатаны трансуретралді тілу (ПТУТ (ТУИПЖ)), ашық
простатэктомия, лазерлік простатэктомия, радиожиілікпен алып тастау анық көрсеткіштерге сəйкес немесе басқа операция түрлеріне қарсы көрсеткіш болғанда қолданылады, сонымен қатар адекваттық анестизиологиялық құрал таңдалады (3).

Несепті бактериологиялық зерттеуді операциядан кейін 4-6 апта өткен соң бактериурияны анықтау үшін жəне несеп жүйесінің инфекциясына күдік болған барлық жағдайда жасайды (пиурия мен гематурия операциядан кейін 3 айдың ішінде кездесуі мүмкін). Бактериялық өсу байқалған жағдайда антибактериялық ем несеп флорасының антибиотикке сезімталдығына сəйкес жүргізіледі.

Стрестен болатын несеп ұстамау 1 жылдың ішінде кетуі мүмкін: жамбас астау түбінің бұлшықеттерін шынықтыру да өз нəтижесін беруі мүмкін. Несеп ұстамауды жəне никтурияны емдеу үшін оксибутин немесе толтеродин қолдануға болады (4).
 
Негізгі дəрі-дəрмектер тізімі:
1. Промедол 2% инъекцияға арналған ерітінді, ампулада
2. *Дифенгидрамин инъекцияға арналған ерітінді 1% 1 мл
3. *Левофлоксацин 250 мг, 500 мг табл.
4. *Метронидазол инфузияға арналған ерітінді флаконда, 250 мг табл.
5. *Цефуроксим 750 мг, 1.5 гр флаконда иньекциялық ертіндіні дайындауға арналған ұнтақ
6. *Цефтазидим 500 мг, 1 гр, 2 г флаконда иньекциялық ертіндіні дайындауға арналған ұнтақ
7. Тикарциллин + клавулонды қышқыл, иньекциялық ертіндіні дайындауға арналған лиофилиздаған ұнтақ 3000 мг/200 мг
8. Кетопрофен тік ішекке арналған балауыздар
9. *Йод+калий хлориді+глицерин+су ерітіндісі флаконда 25 мл
10. *Этамзилат 250 мг табл.
11. *Диазепам инъекцияға арналған ерітінді 5 мг/мл ампулада 2 мл

Қосымша дəрі-дəрмектер тізімі: жоқ.

Ем тиімділігінің индикаторлары: еркін жəне өздігінен несеп шығару.


* – Негізгі (өмірге маңызды) дəрілік заттар тізіміне кіретін препараттар.

Ауруханаға жатқызу


Госпитализациялау үшін көрсетімдер: ХЗМ, ОЗМ.

Ақпарат

Пайдаланған әдебиеттің тізбесі

  1. Аурулардың диагностикасы және емдеу хаттамалары (Приказы №764 - 2007, №165 - 2012)
    1. 1. Доказательная медицина. Ежегодный справочник. , выпуск 3, с. 229-231 2. http://www.ebm-guidelines.com/ , Benign prostatic hyperplasia; 3. http://www.uriligyhealth.org/ , Surgical Management of BPH, 2001; 4. Prodigy Guidance – Prostate – benign gyperplasia, 2002.

Ақпарат


Хусаинов Т.Э. ҚР ДСМ Урология ҒО.

Қазықтаулы файлдар

Назар аударыңыз!

  • Занимаясь самолечением, вы можете нанести непоправимый вред своему здоровью.  
  • Информация, размещенная на сайте MedElement и в мобильных приложениях "MedElement (МедЭлемент)", "Lekar Pro", "Dariger Pro", "Заболевания: справочник терапевта", не может и не должна заменять очную консультацию врача. Обязательно обращайтесь в медицинские учреждения при наличии каких-либо заболеваний или беспокоящих вас симптомов.  
  • Выбор лекарственных средств и их дозировки, должен быть оговорен со специалистом. Только врач может назначить нужное лекарство и его дозировку с учетом заболевания и состояния организма больного.  
  • Сайт MedElement и мобильные приложения "MedElement (МедЭлемент)", "Lekar Pro", "Dariger Pro", "Заболевания: справочник терапевта" являются исключительно информационно-справочными ресурсами. Информация, размещенная на данном сайте, не должна использоваться для самовольного изменения предписаний врача.  
  • Редакция MedElement не несет ответственности за какой-либо ущерб здоровью или материальный ущерб, возникший в результате использования данного сайта.
На главную
Наверх