Войти

Простатаның қабынбалы аурулары

P-S-006

РЦРЗ (Республиканский центр развития здравоохранения МЗ РК)
Версия: Архив - Аурулардың диагностикасы және емдеу хаттамалары (Приказ №764, 2007, №165, 2012)

Хронический простатит (N41.1)

Анықтамасы

Анықтамасы


Анықтамасы

Созылмалы простатит – қуықасты безінің инфекциялық немесе 
іркілістік сипаттағы қабынуы.

 
Хаттама коды: P-S-006 "Простатаның қабынбалы аурулары"
Хирургия саладағы поликлиникалар үшін
АХЖ-10 бойынша коды (кодтары): N41.1  Созылмалы простатит

Мобильное приложение "MedElement"

- Профессиональные медицинские справочники. Стандарты лечения 

- Коммуникация с пациентами: вопросы, отзывы, запись на прием

Скачать приложение для ANDROID / для iOS

Мобильное приложение "MedElement"

- Профессиональные медицинские справочники

- Коммуникация с пациентами: вопросы, отзывы, запись на прием

Скачать приложение для ANDROID / для iOS

Жіктемесі


Жіктемесі (Ұлттық Денсаулық Институты, АҚШ):
- Созылмалы бактериялық простатит;
- Созылмалы абактериялық простатит (жамбасастаулық созылмалы ауыру сезімінін синдромы);
А түрі – қуықастыбездік бөлінді құрамында лейкоциттер санының өседі;
Б түрі – қуықастыбездік бөлінді құрамында лейкоциттер саны өзгермейді.
- Қуықасты безінің симптомсыз қабынуы.
- Катаралдық, фолликулярлық.

Қауіп-қатерлі факторлар


Қауіп-қатерлі факторлар: жыныстық жолмен берілетін аурулар, гормондық бұзылыстар, несепшығару жолдарының инфекциялары.

Диагностика

 
Диагностика критерилері
 
Шағымдар мен анамнез:
1. Кіші дəреттің жиілеуі, іштің төменгі бөлігінде күйдіріп - ашу сезімі.
2. Кіші дəреттің қиындауы, кіші дəрет кезінде ауыру сезімінің дамуы.
3. Несепқуықтың толық босамау сезімі.
4. Шатқа, артқы өтіске жəне оның алдыңғы аймағына қысым түсу сезімі.
5. Ен немесе еркек жыныс мүшесі басының ауыруы.
6. Гематоспермия, эякуляция кезінде ауыру сезімі, тез эякуляция.
7. Жыныстық құмартуының төмендеу, аурудың ұзақ ағымы кезінде жартылай эрекциялық белсіздік.
8. Қызба жəне жалпы жағдайының нашарлауы.
 
Физикалық тексеру:
1. Іштің төменгі жағын пальпациялағанда ауырсынудың болуы.
2. Қуықасты безінің пальпациясы кезінде айқын ауыру сезімінің болуы.
 
Инструменталдық зерттеулер: УДЗ - созылмалы простатит көрінісі.
 
Мамандар консультациясы үшін көрсетімдер: PSA жоғарылауы кезінде онколог консультациясы, СБФЖ дамуында – нефролог.
 
Негізгі жəне қосымша диагностикалық шаралар тізімі
 
Негізгі диагностикалық шаралар тізімі:
1. Қанның жалпы талдауы (6 көрсеткіш).
2. Несептің жалпы анализі.
3. Несепқуықты УДЗ.
4. Саусақтық тікішектік тексеру.
5. Қуықасты безінің бұліндісін талдау.
6. Несептің қуықасты безін уқалаудан (массаж) кейінгі порциясын талдау.
7. 2-стакандық сынақ: лейкоциттерді санау.
8. Несептің қуықасты безін уқалаудан (массаж) кейінгі порциясын бактериологиялық талдау.
9. ПСАг концентрациясы.
10. ПЦР.
11. ИФА.
 
Қосымша диагностикалық шаралар тізімі:
1. Трансректалдық УДЗ.
2. Цистоскопия.
3. Компьютерлік томография.
4. Қуықасты безінің биопсиясы.
5. Жағындыларды гонореяға зерттеу.
6. Трихомониаз жəне ашытқы саңырауқұлақтарды анықтауға талдау.
7. Микроорганизмдердің антибиотиктерге сезімталдығын анықтау.
8. Қуықты УДЗ.

Лабораторлық зерттеулер


Лабораторлық зерттеулер: Несепте көп мөлшерде лейкоцит, шырыш жəне бактерия болуы.

Дифференциалды диагноз


Дифференциалды диагноз:

Диагностика критерилер
ДГПЖ Рак простаты
Уретра стриктурасы
Қуық мойнағының
патологиясы (рак,
қуық мойнағының
склерозы) 
Уретроцистография
Толу ақауы Толу ақауы
Уретра өтімділігінің
ақауы
«Фонтан» симптомы
Уретроцистоскопия
Простатаның
ұлғаюы
Ұлғайған түйінді бездер
Уретраның тарылуы,
толық облитерация
Көтерілген регидті
мойнақ
Урофлоуметрия
Инфравезикальді
обструкция
Инфравезикальді
обструкция
Инфравезикальді
обструкция
Инфравезикальді
обструкция
PSA Қалыпта Ұлғаю Қалыпта Қалыпта
Ректальді тексеру
п\э, ұлғайған,
б\б ұлғайған,
Біркелкі консистенция,
тасты тығыз
Қалыпта Қалыпта
 

Емдеу тактикасы

 
Емдеу тактикасы
 
Ем мақсаты: симптомдарды азайту, жанама əсерлерді барынша азайтып, инфекцияны жою, асқынулардың даму мүмкіндігін азайту, копулятивтік жəне фертилдік
қызметтерді қаплына келтіру.
 
Дəрі-дəрмексіз ем: қуықасты безіне массаж жасау, отырып ванналар қабылдау, биологиялық кері байланысты түзу əдістері (жамбас астауы түбінің бұлшықеттерін жаттықтыру).
 
Дəрі-дəрмектік ем:
1. Этиологиялық факторды жою ( Микроорганзмдердің антибиотиктерге сезімталдығына сəйкес антибиотикотерапия), фторхинолондар (норфлоксацин 400 мг-нан күніне 2 рет, ципрофлоксацин 250-500 мг-нан күніне 2 рет), 2,3 ұрпақтың цефалоспориндері,  амоксициллин+клавулан қышқылы жəне клиндамицин, макролидтер (кларитромицин, сумамед, азивок, рокситромицин), тетрациклиндер жəне т.б.
 
2. Ұзақ уақыт күшті антибиотиктермен емдегеннен кейін микоз болмау үшін итраконазол ауыз арқылы берілетін ерітінді 400 мг\тəул 7 күн бойы.
 
3. β-блокаторлар (тамсулозин, теразозин 1-2 немесе 2,5, 1 рет тəул. немесе альфузозин 2,5 мг 1-2 рет тəул.) антибактериялық препараттармен бірге беріледі.
 
4. Органотропты препараттар.
 
5. Иммунотерапия (тималин*, тимоген*, циклоферон).
 
Созылмалы бактериялық емес простатит. Нəтижесі бекітілмеген: β-блокаторлар, 5б-редуктаза ингибиторлары, қабынуға қарсы препараттар (пентозан, натрий полисульфаты), трансуретралдық (несепағар арқылы) микротолқынды термотерапия, аллопуринол.
Несепқуықтың қысқышының немесе мойнының босаңсуы бұзылғанда несепқуық мойнын несепағар арқылы кесуге болады.
 
Негізгі жəне қосымша дəрі-дəрмектер тізімі
 
Негізгі дəрі-дəрмектер тізімі:
1. *Гентамицин инъекцияға арналған ерітінді 40 мг/мл, 80 мг/2 мл ампулада.
2. *Амоксициллин+клавулан қышқылы қабықпен қапташлған табл., 500 мг/125 мг, 875 мг/125 мг, тамыр ішіне енгізілетін ерітінді дайындауға арналған флакондағы ұнтақ 500 мг/100 мг, 1000 мг/200 мг.
3. *Цефуроксим 250 мг, 500 мг табл; инъекциялық ерітінді дайындау үшін порошок 750 мг флаконда.
4. *Итраконазол ауыз арқылы берілетін ерітінді 150 мл – 10 мг\мл.
5.  Нитроксолин 200 мг табл.
6.  Кетопрофен тік ішек арқылы берілетін балауыз.
7. *Метронидазол инфузия үшін ерітінді флаконда, 250 мг табл.
8. *Ампициллин таблетка 250 мг; капсула 250 мг, 500 мг; инъекциялық ерітінді дайындау үшін порошок 500 мг, 1000 мг; суспензия 125/5 мл флаконда.
9.  Доксазозин 2 мг, 4 мг, табл.
 
Қосымша дəрі-дəрмектер тізімі:
1. *Ацикловир 200 мг табл; порошок флаконда 205 мг.
2.  Алоэнің сұйық сығындысы 1 мл амп.
3. *Левофлоксацин 250 мг, 500 мг табл.
 
Ем тиімділігінің индикаторлары:
-  өз еркімен еркін зəр шығару;
-  қалдықты зəрдің болмауы;
-  урофлоуметрия көрсеткіштерінің қалыпқа келуі;
-  УДЗ – бездің қалыпты көлемі.

* – Негізгі (өмірге маңызды) дəрілік заттар тізіміне кіретін препараттар.

Госпитализация

 
Госпитализациялауға көрсетімдер: жүргізілген терапия тиімсіздігі.

Профилактика


Профилактикалық шаралар: 5 - альфаредуктаза ингибиторларын; альфа - адреноблокаторларды қабылдау.
 
Əрі қарай жүргізу, диспансерлеу принциптері: диспансерлік (УДЗ динамикада, PSA).

Ақпарат

Пайдаланған әдебиеттің тізбесі

  1. Аурулардың диагностикасы және емдеу хаттамалары (Приказы №764 - 2007, №165 - 2012)
    1. Хаттаманы дайындау барысында пайдаланылған əдебиеттер: 1. Chronic prostatitis. Thomas Jang and Anthony Schaeffer. Search date July 2004. BMJ; 2. Barbalias GA, Nikiforidis G, Liatsikos EN. Alpha-blockers for the treatment of chronic prostatitis in combination with antibiotics. J Urol 1998; 159: 883-887; 3. Prodigy Guidance - Prostatitis 4. Hanus PM, Danzinger LH. Treatment of chronic bacterial prostatitis. Clin Pharm 1984; 3: 49-55; 5. McNaughton, C.M. and Wilt, T. (2001) Allopurinol for chronic prostatitis (Cochrane Review). The Cochrane Library (Issue 1). Oxford: Update Software; 6. Collins M, MacDonald R, Wilt T. Diagnosis and treatment of chronic abacterial prostatitis: asystematic review. Ann Intern Med 2000; 133: 367-368; 7. McNaughton Collinns M, MacDonald R, Wilt T. Interventions for chronic abacterial prostatitis. In: The Cochrane Library, Issue 3, 2001.

Ақпарат


Əзірлеушілер тізімі: Хусаинов Т.Э.,  Урология ҒО

Қазықтаулы файлдар

Назар аударыңыз!

  • Занимаясь самолечением, вы можете нанести непоправимый вред своему здоровью.  
  • Информация, размещенная на сайте MedElement и в мобильных приложениях "MedElement (МедЭлемент)", "Lekar Pro", "Dariger Pro", "Заболевания: справочник терапевта", не может и не должна заменять очную консультацию врача. Обязательно обращайтесь в медицинские учреждения при наличии каких-либо заболеваний или беспокоящих вас симптомов.  
  • Выбор лекарственных средств и их дозировки, должен быть оговорен со специалистом. Только врач может назначить нужное лекарство и его дозировку с учетом заболевания и состояния организма больного.  
  • Сайт MedElement и мобильные приложения "MedElement (МедЭлемент)", "Lekar Pro", "Dariger Pro", "Заболевания: справочник терапевта" являются исключительно информационно-справочными ресурсами. Информация, размещенная на данном сайте, не должна использоваться для самовольного изменения предписаний врача.  
  • Редакция MedElement не несет ответственности за какой-либо ущерб здоровью или материальный ущерб, возникший в результате использования данного сайта.
На главную
Наверх