Полиостеартроз (артроз ауру)

P-T-029

Версия: Архив - Аурулардың диагностикасы және емдеу хаттамалары (Приказ №764, 2007, №165, 2012)

Полиартроз неуточненный (M15.9)

Анықтамасы

Анықтамасы

 
Анықтамасы

Полиостеоартроз (артроздық ауру) – перифериялық жəне омыртқааралық буындардың көптеген зақымданулары. Оның негізінде генерализациялы хондропатия жатады. Омыртқааралық шеміршектің механикалық төзімділігінің өзгерісі 
дископагия мен сіңірлердің сүйекке бекітілетін жеріндегі көптеген зақымдануларға алып келеді.

 
Хаттама коды: Р-Т-029 "Полиостеартроз (артроз ауру)"
Терапевтикалық саладағы поликлиникалар үшін
АХЖ-10 бойынша коды (кодтары):
М 15 Полиартроз
М 16 Коксоартроз
М 17 Гоноартроз
М 18 Бірінші білезік-алақан буынының артрозы
М 19 Басқа буындар

Жіктемесі


Жіктемесі
 
Біріншілік (идиопатиялық)
 
Орналасқан (3 буыннан аз зақымданулар):
қол ұшы буындары;
- аяқ ұшы буындары;
- тізе буындары;
- мықын-сан буындары;
- омыртқа;
- басқа буындар.
 
Жайылған (3 жəне одан көп буындардың зақымдалуы):
- дисталдық жəне проксималдық бунақтар аралық буындардың зақымдалуымен;
ірі буындардың зақымдалуымен;
- жалақ жаралы.
 
Екіншілік:
1. Жарақаттан кейінгі.
2. Туа біткен, жүре пайда болған, эндемиялық аурулар.
3. Метаболикалық аурулар:
- охроноз;
- гемохроматоз;
- Уилсон ауруы;
- Гоше ауруы.
4. Эндокринопатиялар:
- акромегалия;
- гиперпаратиреоз;
қант диабеті;
- гипотиреоз.
5. Кальций жианлу ауруы (кальций фосфаты, гидроксиапатит).
6. Невропатиялар.
7. Басқа аурулар (аваскулярлы некроз, ревматоидтық артрит, Педжет ауруы жəне басқалар).
 
Деформацияланған остеоартроздың клиникалық жіктемесі

Клиникалық формасы: деформацияланған полиостеартроз.
 
Ағымы:
- баяу үдемелі;
- тез үдемелі.
 
III Рентгенологиялық стадия
 
Реактивті синовииттің болуы:
- реактивті синовиитпен;
- жиі рецидив беретін синовиитпен.
 
Функциялардың бұзылу дəрежелері:
- 2;
- 3.

Қауіп-қатерлі факторлар


Қауіп-қатерлі факторлар:
- жасы;
- дене салмағының артуы; 
- генетикалық бейімділік;
- фондық аурулар (əйелдердегі менопаузадан кейінгі эстрогендер тапшылығы, буын жарақаттары, буындарға жасалған операциялар).

Диагностикасы


Диагностикалық критерилер
 
Диагноз қою кезінде, ревматологтардың Американдық алқасымен əзірленген диагностикалық критерийлермен жетекшілік ету қажет (1990).

Клиникалық критерийлер
Клиникалық, лабораторлық, 
рентгенологиялық критерийлер
Тізе буындары
- Ауыру сезім, сықырлау, 30 минуттан аз уақыт таңертеңгілік
құрысулар жəне 38 жастан үлкен жас немесе
- Ауыру сезім, 30 минуттан аз уақыт таңертеңгілік құрысулар жəне буын көлемінің ұлғаюы немесе
- Ауыру сезім жəне буын көлемінің ұлғаюы.
Тізе буындары
- Ауыру сезім мен остеофиттер немесе
- Ауыру сезімдер мен синовиалды сұйықтық остеопороз үшін мінезді, жəне таңертеңгілік құрысулық 30 минуттан аз ұзақтықтағы, жəне сықырлау немесе
- Ауыру сезім, жəне 40 жастан жас, жəне 30 минуттан кем
созылмайтын таңертеңгілік құрысулар, жəне сықырлар.
Сезімталдылық 89%,
Өзіндік ерекшелік 88%
Сезімталдылық 94%,
Өзіндік ерекшелік 88%
Қол ұштары
- Ауыру сезім, жəне қол ұштарындағы құрысулар, қол ұшының
таңдап алынған 10 буынынан 2 жəне одан көп буындар көлемінің ұлғаюы, жəне 3 ПФС аз ісінулер, жəне 2 жəне одан көп ДМФС көлемінің ұлғаюы немесе
- Ауыру сезім, жəне қол ұшындағы құрысулар, қол ұшының
таңдап алынған 10 буынынан 2 буын көлемінің ұлғаюы, жəне 3 ПФС аз ісінулер, қол ұшының таңдап алынған 10 буынынан 2 жəне одан көп буындар деформациясы.
Ұршық буына
- Ауыру сезімдер мен остеофиттер немесе
- Ауыру сезімдер, жəне эритроциттердің тұну жылдамдығы
20 мм/сағ аз, жəне буындық саңылаулардың тарылуы.
Сезімталдылық 92% Сезімталдылық 91%:
Өзіндік ерекшелік 98% Өзіндік ерекшелік 89%

Шағымдар мен анамнез
Остеопороздың жетекші клиникалық белгілері – зақымдалған буын (буындар) аумағындағы ауыру сезім. Ауырулардың мінезі түрлі, бірақ «механикалық», яғни ауыру сезім физикалық белсенділік кезінде күшейеді жəне тыныштықта бəсеңдейді.
Қабынулық компоненттің болуы туралы олардың яқ астынан себепсіз күшеюі, түнгі ауыру сезімдерінің, таңертеңгілік құрысулардың (зақымдалған буындағы гель тұтқырлығының сезімі), буындар ісінуінің (екіншілік синовит белгілері) пайда болуы. Кейде ауыру сезімінің күшеюі, буын қуысындағы қысымға əсер ететін, ауа райының (жылдың суық мезгілінде жəне жоғары дымқылдық кезінде күшейеді) жəне атмосфералық қысымның жағдайына байланысты өзгереді.
 
Физикаллық тексерулер:
Сықырлау – буын бетінің конгруэнттігі бұзылыстарының, буын қозғалысының шектелуі немесе «буындық тышқан» (буын қуысында бос жатқан, буындық шеміршек фрагменті) бөгетінің салдарынан туындайтын қозғалыс кезінде буындардағы сытыр, сызат немесе шиқылмен көрініс табатын, остеоартроз үшін мінезді симптом.

Буындар көлемінің ұлғаюы, жиірек пролиферативтік өзгерістер есебінен болады (остеофиттер), бірақ буын айналасы тіндерінің ісінуі салдарынан болуы мүмкін. Əсіресе түйіндердің түзілуі дисталдық (Геберден түйіндері) жəне проксималдық (Бушар түйіндері) бунақтар аралық буындарда мінезді. Буын үстіндегі айқын ісінулер мен локалды қызудың көтерілуі сирек туындайды, бірақ екіншілік синовит кезінде пайда болуы мүмкін.

Буынның қабынулық ауруларынын ерекшелігі, остеоартроз кезінде буыннан тыс көріністер байқалмайды.

Инструменталдық зерттеулер
Остеоартроздың рентгенологиялық белгілері:
- буындық саңылаудың тарылуы;
- сүйектің буындық шеміршегіне жататын склероз;
- буындық беткейлердің шеттері бойынша жəне байламдардың бекітілу орындарындағы остеофиттер;
- эпифиздардағы жылауықтар;
- эпифиз формасының өзгеруі.
 
Мамандар консультациясы үшін көрсетімдер:
- омыртқа аралық буындардың зақымдануы кезінде Бехтерев ауруын, псориаз, Рейтер синдромын, ревматоидтық артритті алып тастау үшін - ревматолог;
ісік аурулары, омыртқа мен жамбас сүйегіне метастаз алып тастау үшін (көптеген миелома, қуық асты безінің ісіктері, гипернефрома жəне т.б.) - онколог.
 
Негізгі жəне қосымша диагностикалық шаралар тізімі
 
Негізгі диагностикалық шаралар тізімі:
1. Қанның жалпы анализі.
2. Зəрдің жалпы анализі.
3. Зəр қышқылы деңгейін анықтау.
4. Буындар рентгенографиясы.
 
Қосымша диагностикалық шаралар тізімі: буын пункциясы, синовиалды сұйықтықты зерттеу.

Лабораторлық зерттеулер


Лабораторлық зерттеулер
Біріншілік (идиопатиялық) остеоартроз кезінде қалыпты лабораторлық көрсеткіштердің патологиялық өзгерістерінің байқалуы тəн емес. Егде жастағы науқастарда (көптеген остеоартрозбен науқастар) эритроциттердің тұну жылдамдығының жəне ревматоидтық факторлар титрлерінің артуы жасқа байланысты екендігін есте сақтаған жөн жəне остеопороз диагнозын алып тастау үшін негіз болып табылмайды.
Синовиалды сұйықтықты зерттеу кезінде, аздап ластануы, тұтқырлығының артуы байқалады, лейкоциттердің саны 1 мм3 2000-нан аз, нейтрофилдер 25% аз.

Дифференциалды диагноз


Дифференциалды диагноз:

  Остеоартороз Артриттер Ауру Бехтерева ДЗСТ Подагра
Жасы 40-60 жас Жастау
Жастық шақ
Жастық шақ
30 жастан үлкен
Жынысы Әйелдер Әйелдер Ерлер
Жиі əйелдер
Ерлер
Процестің мінезді
орналасуы
Бунақтар аралық
Алақан сүйектер-
бунақтар,
Кəріжілік-білезік
буыны
Екі жақтық
сакроилеит,
сирек жағдайда
ұсақ буындардың
зақымдануы
Ұсақ, орташа
буындар
Жиірек I табан
сүйек-бақайшақ
буындарының
моноартриті.
Сирек жағдайда
полиартрит
Буындардағы
ауыру мінезі
Жұмыс күнінің
аяғында, жүргенде,
физикалық
жүктемелерде
(старттық ауыру
сезім) күшейетін
«механикалық»
мінездегі ауыру
сезім
Буындардағы
ауыру сезім түрлі
айқындықта,
Түнде күшейеді,
таңертеңгісін
қозғалыс кезінде
Ауыру сезім
түнде күшейеді.
Жеңіл
 жаттығулардан
кейін, жылулық
емшаралардан
кейін басылады
Артралгиялар,
РА типі бойынша
артриттер
Əсіресе таңғы ерте
уақыттағы бірден
басталатын ауыру
сезім.
Ұстамаға ықпал етеді:
- ішімдік;
- ашығу;
- операция;
- диуретиктер.
 
Қозғалыстың
құрысуы
Мүмкін
Ұйқыдан соң,
ұзақ тыныштықтан
кейін, айқын
таңертеңгілік
құрысу процесстің
белсенділігін
мінездейді
Қозғалыстың
үдемелі шектелуі.
анкилоз, «сұраушы»
позасы
Мүмкін
Тəн емес
Крепитация
Мінезді (қозғалыс
кезіндегі сықыр)
Тəн емес Тəн емес Тəн емес Тəн емес
Буын көлемінің
ұлғаюы
Дисталдық жəне
Бушар түйінінің
проксималдық
бунақаралық
буындар 
аумағындағы
Геберден түйіндері
есебінен
Контрактура,
 анкилоз,
бұлшықет 
атрофиясы,
ульнарлық девиация
(морж жүзгіші),
«үйректің мойны»
бутоньерка – түймелік
арқан, бунақтардың
қысқаруы
 «лорнетпен
қол» дамуымен
симметриялы
деформацияланған
полиартрит
Тұрақсыз артрит,
жиірек симметриялы
емес моно- немесе
олигоартрит
типі бойынша
 
Деформация
мүмкін («айналма
тəрізді саусақтар»)
Тофустар -урат
кристаллдарының
тек қана буындарда
емес, құлақ 
қалқанында жиналу
(жиірек шынтақ
буындарының артқы
беттерінде, сирек
жағдайда қол ұшы
саусақтары мен аяқ
ұштарында).
Жыланкөздер, ашу
кезінде – урат
кристалдарынан
ақ масса болуы мүмкін
Буыннан тыс
көріністер
Болмайды
Характерны 
поражения:
- жүрек;
- өкпе;
- бүйрек;
- қантамырлар;
- көз;
зақымданулары тəн
лимфоаденопатия,
спленомегалия
- көздің
зақымданулары
(ириттер,
иридоциклиттер);
- аортиттер;
- бүйрек
 амилоидозы
Міндетті
- поли-серозиттер
(плеврит, перкардит,
перитонит).
Жүрек, өкпе,
бүйрек, асқазан-
ішек жолдары,
жүйке жүйесі
зақымдалуы мүмкін
Зəр қышқылды
диатез болуы мүмкін
(ураттық).
Созылмалы бүйрек
жеткіліксіздігі
дамуымен нефрит.
Артериалды 
гипертензия
Рентгенологиялық
белгілер
- буындық
саңылаулардың
дамуы;
- сүйектің буындық
шеміршегіне
жататын склероз;
- буын беті мен
байламдардың
бекітілетін
жерлеріндегі
қарлардағы
остеофиттер;
- эпифиздердегі
жылауықтар;
- эпифиз
формаларының
өзгеруі;
- кейде буын
қуысында ірі
шеміршектік
бөлік («буындық
тышқан»).
 
 
- сүйек эпифиздердің
остеопорозы;
- буындық
саңылаулардың
тарылуы;
- шеттік қарлар
(эпифиздердің
жалақ жаралануы);
- буын анкилозы.
Екі жақтық 
Сакроилеит
белгілері:
- сүйек қырларының
анықсыздығы;
- шеттік қырлар;
- саңылаулардың
тарылуы;
- анкилоз.
Омыртқааралық
буындар:
- анкилоз;
- синдесмофиттер
(көрші омыртқалар
арасындағы сүйектік
көпірлер - «бамбуктік
таяқша» түрі).
Остеопороз
Шала таюлармен
ұсақ қырлар
(сирек)
- домалақтанған жəне
«штампталған»
эпифиз ақаулары
(жиірек I табан сүйек
бақайшақ 
буындарында;
- «пробойники»;
- жұмсақ тіндердің
кеңеюі;
- буындық 
саңылаулар
аздап тарылған,
деформацияланған,
бірақ анық көрінеді.
Лабораторлық
зерттеулер
Синовиалды 
сұйықтық:
- ластану,
тұтқырлықтың артуы,
Лейкоциттер
1 ммЗ де 2000-нан
аз;
-нейтрофилдер
25% - тен аз.
Синовиалды 
сұйықтық:
- тұтқырлықтың
төмендеуі,
борпылдақ муциндік
қойыртпақ.
Лейкоциттер 6000 көп,
Нейтрофилдер 25%
көп (90% дейін)
Қан:
- анемия;
- эритроциттердің
тұну 
жылдамдығының
артуы;
- СРВ;
- РА;
- АНФ.
- лейкоцитоз;
- солға жылжу;
- ЭТЖ жоғарылауы.
- антинуклеарлық
антиденелер.
анти-ДНК, LE
клеткалар. РА;
- анемия;
- эритроциттердің
тұну  жылдамдығының
артуы.
Синовиалдық
 сұйықтық:
Лейкоциттер 10-60*109
Нейтрофилдер 25% көп
Урат кристаллдары
Қан:
- лейкоцитоз;
- солға жылжу;
- СЧУ артуы);
- зəр қышқылының
артуы (ерлерде
қалыпта 0.24-0,42
ммоль/л.,
əйелдерде 0,16-0.36
ммоль/л).


























































































Емдеу тактикасы


Емдеу тактикасы

Емнің мақсаты:
1 Процесстің үдеуін баяулату.
2. Ауыру сезімінің айқындылығын жəне қабынуды төмендету.
3. Асқынулар қаупі мен жаңа буындардың зақымдануын төмендету.
4. Өмір сапасын жақсарту жəне мүгедектікті болдырмау.
 
Дəрі-дəрмексіз ем
Дене салмағын төмендету (диета, физикалық жаттығулар - аэробтық).
Зақымдалған буындарды «жеңілдету» (ұзақ жүрмеу, тұрмау, ортопедиялық аяқ киім, супинаторлар, корсеттер кию, таяқ ұстау), емдік дене шынықтыру, физиоем.

Дəрі-дəрмектік ем:
1. Орталық əсердегі наркотикалық емес анальгетиктер (парацетамол 4г/тəулігіне).
2. Стероидтық емес қабынуға қарсы препараттар (СЕҚҚП):
- кетопрофен 100 мг/тəулігіне;
- диклофенак 75-100 мг/тəулігіне;
- целикоксиб 100-200 мг/тəулігіне (ойық жаралы анамнез болған кезде, егде жастағы науқастарда гастропатиялар);
3. Орталық əсердегі синтетикалық анальгетиктер - трамадол 50 мг/тəулігіне біртіндеп көбейту 200-300 мг/тəулігіне дейін.
4. Жергілікті əсердегі препараттар, жақпа майлар:
- хондропротекторлар;
- хондроитин сульфат 5%.
 
Негізгі жəне қосымша дəрі-дəрмектер тізімі
 
Негізгі:
Стероидтық емес қабынуға қарсы препараттар (СЕҚҚП):
1. *Диклофенак 25, 50, 100 мг; 2,5% ерітінді 3,0.
2.  Мизопростол - 75 мг – тəулігіне 2-3 рет.
ЦОГ-2 ингибиторлары
3. Целикоксиб 200 мг – тəулігіне 1-2 рет+ СЕҚҚП.
Анальгетиктер
4. Парацетамол* 4 мг/тəулігіне.
Орталық əсердегі синтетикалық анальгетиктер.
5. Трамадол 100 мг/2 мл.
 
Қосымша:
Антидепрессанттар:
1. Амитриптилин.
2. Флюоксетин.
ГКС (локалды) – қысқа əсердегі (ұсақ буындардың зақымдалуы кезінде):
3. Гидрокортизон 25 мг/мл ұсақ буындардың зақымдалуы кезінде.
Ұзақ əсердегі (ірі буындардың зақымдалуы кезінде):
4. Бетаметазон ацетаты 4 мг/мл; метилпреднизолон ацетаты 20,40,80 мг/мл.
Орталық əсердегі миорелаксаттар:
5. Толперизон 50-150 мг – тəулігіне 3 рет, немесе бұлшықет ішіне 100 мг – тəулігіне 2 рет.
6. Тизанидин - 2 - 4 мг – тəулігіне 3-4 рет.
7. Хондроитин сульфаты 5%.
8. Глюкозамин 1500 мг/тəулігіне, 6 ай бойы.
 
Ем тиімділігінің индикаторлары:
1. Жаңа буындар зақымдалуының болмауы.
2. Ауыру сезімдік синдромдардың, қабыну белгілерінің азаюы немесе жоғалуы.
3. Өмір сапасының жақсаруы.

Ауруханаға жатқызу


Госпитализациялауға көрсетімдер (жоспарлы):
- айқын ауыру сезімдік синдром;
- амбулаторлық жағдайдағы емнің тиімсіздігі.

Алдын алуы


Біріншілік профилактика:
Остеопороздың дəрілік профилактика əдісі мүлдем əзірленбеген.
Остеопороз дамуындағы 
эстроген тапшылығының, D гиповитаминозының ролін ескере отырып, эстрогендермен, D витаминімен, ал кей жағдайларда сонымен қатар, антиоксиданттармен алмастырушылық терапия кейбір науқастарда біріншілік остеопороз даму қаупін төмендетеді деуге болады, бірақ қосымша зерттеулерді қажет етеді.

Профилактикалық шаралар:
- дене салмағын бақылау;
- ауыр физикалық жүктемелерді болдырмау (тұрмыстық, спорттық, кəсіби).
 
Әрі қарай жүргізу, диспансерлеу принциптері:
- бақылау;
үдемелі ағым кезінде – хирург консультациясы (хирургиялық түзету қажеттілігін шешу үшін);
- бальнеофизиоем шаралар – жылына 2 рет.

Ақпарат

Пайдаланған әдебиеттің тізбесі

  1. Аурулардың диагностикасы және емдеу хаттамалары (Приказы №764 - 2007, №165 - 2012)
    1. Хаттаманы дайындау барысында пайдаланылған əдебиеттер: 1. В.А.Новицкий, В.В. Пчелин, А.Б. Смолянинов. Дифференциальная диагностика внутренних болезней и типичные диагностические ошибки врача-терапевта. С. - Петербург, 2002, Т.2, с 69. 2. Внутренние болезни (под ред.А.И.Мартынова, Н.А. Мухина, B.C. Моисеева ) М.2005, с 816-822. 3. Диагностика и лечение внутренних болезней (под ред. Е.Е. Гогина). М., 1999, Т.1. с. 543. 4. Рациональная фармакотерапия ревматических заболеваний (под ред. В.А. Насоновой, Е.Л. Насонова). М., 2003. с 143-149.

Ақпарат


Əзірлеушілер тізімі:
Альмухамбетова Р.К. – С.Ж. Асфендияров атындағы Қазақ Ұлттық медициналық университетінің № 2 ішкі аурулар, жедел жəне шұғыл медициналық жəрдем кафедрасының доценті.

Қазықтаулы файлдар

Назар аударыңыз!

  • Занимаясь самолечением, вы можете нанести непоправимый вред своему здоровью.  
  • Информация, размещенная на сайте MedElement и в мобильных приложениях "MedElement (МедЭлемент)", "Lekar Pro", "Dariger Pro", "Заболевания: справочник терапевта", не может и не должна заменять очную консультацию врача. Обязательно обращайтесь в медицинские учреждения при наличии каких-либо заболеваний или беспокоящих вас симптомов.  
  • Выбор лекарственных средств и их дозировки, должен быть оговорен со специалистом. Только врач может назначить нужное лекарство и его дозировку с учетом заболевания и состояния организма больного.  
  • Сайт MedElement и мобильные приложения "MedElement (МедЭлемент)", "Lekar Pro", "Dariger Pro", "Заболевания: справочник терапевта" являются исключительно информационно-справочными ресурсами. Информация, размещенная на данном сайте, не должна использоваться для самовольного изменения предписаний врача.  
  • Редакция MedElement не несет ответственности за какой-либо ущерб здоровью или материальный ущерб, возникший в результате использования данного сайта.
На главную
Наверх