Плацентаның және ұрық қабының қан кетусіз түспей қалуы

H-O-005

Версия: Архив - Аурулардың диагностикасы және емдеу хаттамалары (Приказ №764, 2007, №165, 2012)

Задержка плаценты без кровотечения (O73.0)

Анықтамасы

Анықтамасы


Анықтамасы:
Бала жолдасы мен бала жолдасы қабының жатыр қуысында қансыраусыз кідіріп қалуы - босанудың III кезеңіндегі қан кету болмайтын, бірақ дереу көмек көрсетуді қажет ететін асқыну. Бұл асқынудың жиілігі 10% шамасында.


Хаттама коды: H-O-005 "Плацентаның және ұрық қабының қан кетусіз түспей қалуы"
Акушерлік-гинекологиялық саладағы стационарлар үшін
АХЖ-10 бойынша коды (кодтары):
О73 Плацентаның және ұрық қабаның қан кетусіз түспей қалуы
О73.0. Плацентаның қан кетусіз түспей қалуы
О73.1. Плацентаның бөлшектерінің немесе ұрық қабаның қан кетусіз түспей қалуы

Жіктемесі


 Жіктемесі: 
1.Бала жолдасы тіні мен оның қосымша бөлшектерінің ақуалары.
2. Жатыр қуысында бала жолдасы қабының шықпай қалуы.
3 Бала жолдасының мықты бекуі - іштегі нәресте туғаннан кейін 30 минут ішінде бала жолдасының бөлінгенінің және қан кетудің байқалмауы.
4. Бала жолдасы нағыз бекуі - бала жолдасы тіндерінің жатырдың бұлшық етті қабатына қарай өсуі, оған диагноз қою бала жолдасын қолмен алуға тырысқанда және бала жолдасы бөлінгеннен кейін болуы мүмкін.
 

Қауіп-қатерлі факторлар


Қауіп-қатерлі факторлар:

1. Бала жолдасының босану кезіндегі ақауы.
2. Бала жолдасының нағыз бекуі.
3. Бала жолдасының мықты бекуі.
4. Алдында жасалған кесар тілігі немесе жатырға жасалған басқа да хирургиялық араласу.
5. Көп босану.
6. Бала жолдасының дамуындағы ауытқу.
7.  Босанудың III кезеңінде кіндікке, әсіресе оның жатыр түбінде бекіп тұрған кезде кіндікті шектен тыс тарту.
8. Босану кезіндегі гипертермия.
9. Ұзақ уақыт сусыз кезең (24 сағаттан аса).

Диагностикасы


Диагностика критерилері

Шағымдар мен анамнез: жоқ

Физикалық тексеру:
1. Босанған бала жолдасы тексерген кезде бала жолдасы тіні мен бала жолдасы қабының ақауы байқалады.
2. Іштегі нәресте туғаннан кейін 30 минут ішінде бала жолдасының бөлінгені байқалмауы.
3. Сыртқы және ішкі қан кету белгілері байқалмауы.

Лабораторлық зерттеулер: тән емес.
Инструменталдық зерттеулер: тән емес.
Мамандар консультациясы үшін көрсетімдер: көрсетімдер бойынша.
Дифференциалды диагноз: жоқ.

Негізгі диагностикалық шаралар тізімі:
1. Босанушы әйелдің қан тобы, Rh - факторы.
2. Қанның жалпы анализі (гемоглобин, гематокрит, тромбоциттер концентрациясы).
3. Мерезге сергологилық тексеру.
4. Хирургиялық ем жасау қажет болған кезде (бала жолдасы немесе оның кейбір бөлшектерін қолмен ажыратқанда, құрсақ қуысы қабырғасын қырған кезде, лапаротомияда) және қан кеті қаупі ұлғайған кезде қосымша мынадай зерттеулер жасалады: қан тобын, Rh - факторын, гемоглабин, гематокрит, тромбоцит концентрацияларын анықтау, коагулограмма (протомб түзілген, тромб түзілмеген уақыт, протомб түзілген индекс, фибриноген концентрациясы, фибриногеннің ұсақталған өнімдері), қанның ұю уақыты, құрсақ қуысы ағзаларын, жүрек соғысы жиілігін ультрадыбыстық зерттеу, қан қысымының деңгейін зертеу, электрлікардиография (ЭКГ), Фолейдің тұрақты катерімен диурезді бағалау.

Қосымша диагностикалық шаралар тізімі:  АИТВ (ВИЧ)-зерттеу.

Емдеу тактикасы


Емдеу тактикасы
Бала жолдасы немесе оның бөлшектері шықпай кідіріп қалуы босанудан кейінгі қан ағуға себеп болады. Бұл диагноз іштегі нәресте туғаннан кейін 30 минут ішінде бала жолдасы өздігінен түспегенде қойылады.

Ем мақсаты
Босанудың III кезеңін жүргізудің белсенді тактикасы (кіндікті ерте қысу мен кесуді, кіндікті бақылау тракциясын, окситоцинді профилактикалық енгізуді қамтиды), бөлінген бала жолдасын мұқият қарау. Бала жолдасы тіні мен бала жолдасы қабының ақауы байқалса, іштегі нәресте туғаннан кейін 30 минут ішінде бала жолдасының бөлінгені байқалмаса, босандырудың бұдан кейінгі әдіс-тәсілін дер кезінде шешу керек.
Босанудан кейін болуы мүмкін қан кетудің алдын алу.

Дәрі-дәрмексіз ем: жоқ.

Дәрі-дәрмектік ем
Бала жолдасы немесе оның бөлшектері шықпай қалған кезде қан кету болмаса емдеу қуық зәрден босаған кезде жатырдың жиырылуын ширықтыруға бағытталады. Бала жолдасы тінінін сәйкес жансыздандыруға және физиологиялық ерітінді арқылы жатыр қуысына хирургиялық кюретаж жасауға болады.
Утеретоникалық алдын алу шаралары жасалмаған кезде бала жолдасы түспеген жаңа босанған әйелге босанудан соң көк тамырға 5ӘБ окситоцинді глюкоза ерітіндісімен енгізу керек. Бұл жағдайда эргометринді енгізуге болмайды, себебі препарат жатырдың төменгі сегментінің жиырылуына әкеп соғады, сондықтан бала жолдасчының жатыр қуысынан өздігінен шығуын қиындатады. Егер оксотицин енгізгеннен кейін 30 минут ішінде бала жолдасмының бөлініп шығуы байқалмаса, кіндікке бақылау тракциясы жасалады.
Кіндікке бақылау тракциясы әсерсіз болғанда шықпай қалған бала жолдасы мен оның бөлшектерін жергілікті жансыздандыру және венамен байланыста қолмен ажырату және шықпай қалған бала жолдасын бөліп шығару керек. Бұл хирурниялық араласуды жасамас бұрын гемоглобин концентрациясын, қан тобын, Rh - факторын анықтау керек. Бала жолдасы бөлініп шыққан соң оның ішегі нәресте мен ана жақ беттеріне мұқият тексеру жүргізіледі.
Жатыр қуысын қолмен тексерген кезде бала жолдасының бөлінуі мүмкін болмаса, бала жолдасының нағыз бірігіп өсіп кеткеніне күдік тууы тиіс. Мұндай жадайда лапаратомия, гистерэктоми көлемінде көмек көрсетілуі тиіс.

Емдеу кезеңдері:
1. Босанудың III кезеңінде белсенді енгізу:
- окситоциннің 10 бр-н бала туған соң бірінші минутында б\і енгізу;
- бала туған соң бірінші минутында кіндікті ертерек қысу және кесу;
- бақылаулы кіндіктік тракциясы.
2. Бала жолдасының тінінің немесе іштегі нәрестенің қабының ақау (кемістік) байқалғанда мынадай жағдайда бала жолдасының қалып қойған бөлшектерін қолмен ажыратып, шығару керек:
- сәйкес жансыздандыратын құралдар;
- физиологиялық ерітіндінің ішкі инфузиясы;
- гемоглобинің, гематокриттің, тромбоциттердің құрамына, қанның ұюына, қан тобы мен Rh-факторына лабороториялық анықтау.
3. Іштегі нәресте туғаннан кейін 30 минут ішінде бала жолдасының бөлінбесе және кіндікке жасалған бақылау тракциясы әсерсіз болса, бала жолдасының тығыз бекігені мен табиғи бірігіп өсіп кеткеніне диференциальды диагноз қою үшін бала жолдасының қалып қойған бөліктерін қолмен ажыратып, алып шығу көрсетілген.
4. Бала жолдасының табиғи бірігіп өсіп кеткені байқалғанда лапаратомия, гистерэктоми көлемінде көмек көрсетілуі тиіс.

Әрі қарай жүргізу: жоқ

Негізгі дәрі-дәрмектер тізімі:
1. Инфузия мен иньекцияға арналған бір компонентті және араластырылған ерітінділер.
2. Иньекцияға арналған ампуладағы 5БР/мл окситоцин ерітіндісі.

Қосымша дәрі-дәрмектер тізімі: жоқ.

Ем тиімділігінің индикаторлары:
- қан кетудің болмауы;
- жатыр тонуысының қалпына келуі;
- зертханалық мәліметтер қалыпты.

* - Негізгі (өмірге маңызды) дәрілік заттар тізіміне кіретін препараттар 

Ауруханаға жатқызу


Госпитализациялау үшін көрсетімдер:

Бұл асқынуға босанған соң бірден диагноз қойылады және бірден ем жасалады.

Госпитализациялау алдындағы қажетті зерттеулер:
- аймақтық қандардағы гемоглабин концентрациясы;
- қан тобы, Rh - фактор;
- мерезге сергологилық тексеру.

Алдын алуы


Профилактикалық шаралар:
1. Рутинді алдын алу ПРК окситоциннің 10 бр-н бала туан соң бірден б\і енгізу.
2. Қуықты босату.
3. Босанудан кейінгі кезеңде (кіндікті ертерек қысу және кесу, кіндіктік жолының бақылауда болуы, бөлініп шыққан бала жолдасы мен босану жолдарын мұқият тексеру).  Жатыр қуысын қолмен тексеру.
 

Ақпарат

Пайдаланған әдебиеттің тізбесі

  1. Аурулардың диагностикасы және емдеу хаттамалары (Приказы №764 - 2007, №165 - 2012)
    1. Хаттаманы дайындау барысында пайдаланылған әдебиеттер: 1. Scottish Obstetric Guidelines and Audit Project: The Managment of Postpartum Haemorrhage.- 2000.-p.29 2. Department of Health, NSW: Framework for Prevention, Early Recognition and Managment of Postpartum Haemorrhage.- Policy Directive.- 2005.- www.health.nsw.gov.au 3. SOGC Clinical Practice Guidelines: Prevention and Managment of Postpartum Haemorhage.- #88, 2000, p.11 4. Institute for Clinical Systems Improvement. Health Care Guideline. Rutine Prenatal Care, 2005, p.80 5. National Collaborating Center for Women’s and Children’s Health. Antenatal Care: Rutine Care for the Healthy Pregnant Women. Clinical Guideline, 2003, p.286

Ақпарат


Әзірлеушілер тізімі: Раева Р.М. м.ғ.к., Ана мен баланы қорғау Республикалық Ғылыми-зерттеу институтының аға ғылыми қызметкері

Қазықтаулы файлдар

Назар аударыңыз!

  • Занимаясь самолечением, вы можете нанести непоправимый вред своему здоровью.  
  • Информация, размещенная на сайте MedElement и в мобильных приложениях "MedElement (МедЭлемент)", "Lekar Pro", "Dariger Pro", "Заболевания: справочник терапевта", не может и не должна заменять очную консультацию врача. Обязательно обращайтесь в медицинские учреждения при наличии каких-либо заболеваний или беспокоящих вас симптомов.  
  • Выбор лекарственных средств и их дозировки, должен быть оговорен со специалистом. Только врач может назначить нужное лекарство и его дозировку с учетом заболевания и состояния организма больного.  
  • Сайт MedElement и мобильные приложения "MedElement (МедЭлемент)", "Lekar Pro", "Dariger Pro", "Заболевания: справочник терапевта" являются исключительно информационно-справочными ресурсами. Информация, размещенная на данном сайте, не должна использоваться для самовольного изменения предписаний врача.  
  • Редакция MedElement не несет ответственности за какой-либо ущерб здоровью или материальный ущерб, возникший в результате использования данного сайта.
На главную
Наверх