Органикалық психосиндром

H-T-009

Версия: Архив - Аурулардың диагностикасы және емдеу хаттамалары (Приказ №764, 2007, №165, 2012)

Психическое расстройство, обусловленное повреждением и дисфункцией головного мозга или соматической болезнью, неуточненное (F06.9)

Анықтамасы

Анықтамасы

 
Анықтамасы:

Органикалық психосиндром (психоорганикалық синдром, энцефалопатиялық синдром) – мидың органикалық зақымдануының салдарынан дамитын əр-түрлі синдромдар. Бұл синдромдардың əйгіліністері сан қилы.
Клиникалық əйгіленіс түрлерінің басымдылығына байланысты АХЖ-10 бойынша 2 топқа бөлінеді:
- когнитивтік (танымдық) функциялар (жад, еске сақтау, интеллект, үйрену, назар аудару жəне т.б.) бұзылуы;
- қабылдау, ой мазмұндылығы, эмоция, мінез бұзылуы.

 
Хаттама коды: H-T-009 "Органикалық психосиндром"
Терапевтиялық саладағы стационарлар үшін
АХЖ-10 бойынша коды (кодтары):
F-04 Органикалық амнезиялы синдром (алкогольдің немесе басқа да психоактивті заттектердің əсерінен болмаған)
F-05 Делирий (алкогольмен немесе басқа да психоактивті заттектермен байланысы жоқ ес ауысу)
F-05.0 Деменция фонында дамымайтын делирий
F-05.1 Деменция фонында дамитын делирий
F-05.8 Басқа делирий
F-05.9 Нақтыланбаған делирий
F-06 Ми зақымдануының жəне функциясы бұзылуының əсерінен, немесе аурулардың салдарынан болған басқа психикалық бұзылыстар
F-06.0 Органикалық галлюциноз (елестеу)
F-06.1 Органикалық катотониялы бұзылыс
F-06.2 Органикалық сандырақты (шизофрения тəрізді) бұзылыс
F-06.3 Органикалық (аффектілі) бұзылыстар
F-06.4 Органикалық үрейлі бұзылыс
F-06.5 Органикалық диссоциативті бұзылыстар
F-06.6 Органикалық өзгермелі эмоциялық бұзылыстар
F-06.8 Ми зақымдануы мен дисфункциясы əсерінен жəне тəндік аурулардың салдарынан дамыған басқа нақтыланған психикалық бұзылыстар
F-06.9 Ми зақымдануы мен дисфункциясы əсерінен жəне тəндік аурулардың салдарынан дамыған нақтыланбаған психикалық бұзылыстар

Жіктемесі


Жіктемесі: АХЖ-10 бойынша.

Қауіп-қатерлі факторлар

 
Қауіп-қатерлі факторлар:
1. Тікелей мидың зардапталуымен байланысты факторлар: эпилепсия (қояншық ауру), бассүйек-ми жарақаттары, жұқпалы аурулар (менингиттер, энцефалиттер), анамнезінде ми инсульті болу.
2. Организмдегі жүйелердің бірі ретінде миды зардаптайтын жалпыжүйелік, аурулармен байланысты факторлар:
- жүрек-қантамыр жүйесінің аурулары;
- бауыр аурулары (мыс: бауырлық энцефалопатиялар);
- зəршығарғыш жүйенің аурулары (мыс: уремиялық энцефалопатия);
- эндокриндік (ішкісекрециялық) жүйе бұзылыстары.
3. Электролиттер алмасу бұзылыстары, дене қызбаларына шалдықтыратын инфекциялармен жиі ауыру.
4. Дəрі-дəрмектерден, əртүрлі улардан, газдардан улану.
5. Атрофиялы, демиелинизациялағыш жəне дегенеративті процестер (Пик, Альцгеймер, Паркинсон, Вильсон аурулары жəне т.б. аурулар).
6. Аутоиммундық аурулар.
7. Ісікті процестер (мида жəне мидан тыс орналасқан).
8. Асфиксия (тұншығу).

Диагностикасы

 
Диагностика критерийлері
Церебральдық дисфункция туындатушы этиологиялық себептер (ми аурулары, бассүйек-ми жарақаты жəне мидың басқа да зақымданулары немесе дисфункциялары) жəне солардың фонында дамыған психопатологиялық əйгіленістер болуы шарт.

Психопатологиялық əйгіленістерді екі топқа бөліп қарастыруға болады:
- когнитивтік функциялардың (танып білу қабілеттілігі) бұзылуы;
- қабылдау, ойлау, көңіл-күй мен эмоция жəне жеке тұлғалық болмысы мен мінезі бұзылу.

Бұл хаттамаға психоактивті заттектердің əсерінен пайда болған психикалық бұзылыстар енгізілмеген.

Негізгі диагностикалық шаралардың тізімі:
1. Қанның жалпы анализі (6 көрсеткіш бойынша).
2. Несептің жалпы анализі.
3. АЛТ, АСТ деңгейін анықтау.
4. Билирубин деңгейін анықтау.
5. Невропатолог консультациясы.
6. Эксперименттік-психологиялық тексеру (алғашқы тексеру). 

Қосымша диагностикалық шаралардың тізімі:
1. Эксперименттік-психологиялық тексеру (екінші рет тексеру).
2. Миды компьютерлік томография əдісімен тексеру (мидың компьютерлік томографиясы).
3. Бассүйекті рентгенмен тексеру.
4. Өкпені флюорография əдісімен тексеру (өкпе флюорографиясы).
5. Микрореакция жасау.
6. Нəжісте дизентерия қоздырғыштарын анықтау.
7. Нəжісте ішекқұрттардың жұмыртқасын анықтау.
8. Электрокардиография.
9. Электроэнцефалография.
10. Ультрадыбыстық доплерография.
11. Терапевт консультациясы.

Емдеу тактикасы

 
Емдеу тактикасы

Ем мақсаты: психопродуктивті, психотəрізді симптоматиканы басу. Басқа симптоматикаларды басу клиникалық көріністерге, өмір сапасына байланысты.

Дəрі-дəрмексіз ем: жоқ

Дəрі-дəрмектік ем
Мидың органикалық ауру диагнозы расталған жағдайда этиотроптық ем жүргізіледі. Онда антибиотиктер немесе вирусқа қарсы дəрілер немесе гормондық препараттар қолданылуы, иммунотерапия жүргізілуі мүмкін.

Патогенездік ем: детоксикация (уытсыздандыру), дегидратация (сусыздандыру) шаралары жүргізіледі, мидың қанайналымын жəне метаболизмін (заттек алмасымын) түзейтін препараттар тағайындалады.

Симптоматикалық ем: құрысқаққа қарсы препараттар, қайтарғы емшаралар, тамырға əсерлі жəне басқа да дəрі-дəрмектер, психотропты препараттар тағайындалады.

Төменде тағайындалатын əртүрлі дəрі-дəрмектің тізімі жəне олардың мөлшері, емдік тиімділігі, жанама əсерлері жөнінде мағлұмат берілген. Оларды қандай жағдайда кімге қалай жəне қанша беруді психиатр дəрігер анықтайды.

Пирацетам – 20% ерітінді түрінде 10-20 мл-ден 10 күн бойы венаға жіберіледі, кейін ауыз арқылы берілетін түріне ауыстырады, тəуліктік дозасы 1,2-4,8 г, үш рет бөліп қабылданады. Емдік қасиеті – мидың қан айналымына, заттек алмасуына, организмдегі энергетикалық потенциал күшеюіне оң əсер етеді.

Винпоцетин – 2 мл 0,5% ерітіндіні 200-400 мл физиологиялық ерітіндіге қосып венаға тамшылатып құяды, 10 мг-нан 20 мг-ға дейін. Кейін ауыз арқылы 5-10 мг-нан тəулігіне 2-3 рет беріледі. Таблетка түрінде кавинтон-форте беруге ауыстыру болады. Емдік əсері – қантамырларды кеңейтеді, қанағымды күшейтеді, мидың оттекпен қамтамасыз етілуін жақсартады, оттектің пайдаланылуына оң ықпал жасайды.

Циннаризин – күніне 0,25 х 3 рет тамақтан кейін ішіледі. Емдік əсері – ми тамырларындағы қан айналымға жəне перифериялық қан айналымға оң əсер етеді, микроциркуляцияны жақсартады, тіндердің гипоксияға төзімділігін арттырады, сонымен қатар антигистаминдік белсенділігі бар.

Фуросемид – зəрайдатқы дəрі, үш күн қабылдап екі күн үзіліс жасалатын, 3-5 циклден тұратын схема бойынша тағайындалады. Аспаркам қоса беріледі.
 
Вальпрой қышқылы 300 мг-нан 1200 мг-ға дейін, нормотимик (көңіл-күйді жақсартатын) жəне құрысқаққа қарсы дəрі ретінде тағайындалады.

Карбамазепин – тəулігіне 300 мг-нан 900 мг-ға дейін, нормотимик жəне құрысқаққа қарсы дəрі ретінде тағайындалады.

Ламотриджин – тəулігіне 200 мг, нормотимик жəне құрысқаққа қарсы дəрі ретінде тағайындалады.

Хлорпромазин – 2,5% ерітінді. Тəулігіне 2,0 х 3 рет, 10 күн бойы беріледі. Бірреттік ең жоғары дозасы 150 мг, тəуліктік дозасы 1000 мг. Психомоторлық еліруді тыю үшін қолданылады, кейін толық емдік нəтижеге жеткенге дейін 25-50 мг амнизин ішкізуге ауыстырады (бірреттік ең жоғары дозасы 300 мг, тəуліктік дозасы 1500 мг). Мінез ауытқуларын реттеу, психомоторлық еліруді тыю үшін тағайындалады. Препаратты венаға жіберген жағдайда артериялық қысымды өлшеп отыру керек, егер қан қысымы түсіп кетсе кофеин немесе кордиамин салынады.

Левомепромазин – психомоторлық еліруді тыю үшін 0,025-0,075 г (2,5% ерітінді 1-3 мл) препаратты парентеральдық жолмен береді. Қажеттілік туындап бұлшықетке жіберу керек болса тəуліктік дозасын 0,2-0,25 г-ға (кейде 0,35-0,5 г-ға) дейін көбейтеді, егер венаға жіберу керек болса – 0,075-0,1 г. Емдік нəтиже біліне бастағаннан кейін біртіндеп препаратты парентеральдық беруден ішкізу арқылы беруге көшеді. Ішілетін тəуліктік дозасы 0,05-0,1 г (кейде 0,3-0,4 г). Емдеу курсын тəулігіне 0,1-0,3 г ішкізуден бастап емдік нəтижеге жеткенге дейін жалғастырады. Ауруханада емдеудің соңына қарай препарат дозасын біртіндеп азайтады да емнің нəтижесін сақтау үшін демеуші доза ретінде тəулігіне 0,025-0,1 г қабылдауды қалдырады.

Емдік əсері:
- жалпы антипсихоздық əсер;
- айқын седативті (тыныштандыратын) əсер;
- психомоторлық еліруді басады;
- үрейді азайтады (үрейбасқы əсер). 

Препаратты венаға жіберген жағдайда қан қысымын қадағалап өлшеп отыру керек, егер артериялық қысым төмендеп кетсе кофеин немесе кордиамин салу керек.

Клозапин – күніне 2-3 рет тамақтан кейін ішіледі. Бастапқы кезде 25 мг-нан тəулігіне 2-3 рет беріледі, кейін оңтайлы емдік нəтижеге жеткенге дейін препараттың тəуліктік дозасын (ең жоғарғы дозасы 600 мг) орташа алғанда 200-400 мг-ға дейін жоғарылатады. Емдік əсері – жалпы антипсихоздық əсер, айқын седативті (тыныштандыратын, жұбатқы) əсер етеді, бірақ, аминазин жəне басқа да алифатик фенотиазиндер сияқты, науқасты аса күшті мəңгіртіп тастамайды.

Тиоридазин – алғашқы тəуліктік дозасын 50-100 мг-нан бастап біртіндеп көбейте отырып емдік нəтижеге жеткенге дейін береді. Ең жоғарғы тəуліктік дозасы 600 мг.

Диазепам – мазасызданып, еліру симптомы білінген кезде, құрысқақ ұстамасы жиілеп кеткенде тағайындалады. Бастапқы тəуліктік дозасы 10 мг, ең жоғары тəуліктік дозасы 60 мг, бұл мөлшерді күніне 2-3 рет бөліп береді.

Галоперидол – 5% ерітінді түрінде 2,0 мл-ден күніне 3 рет парентеральдық жолмен, 10 күн бойы беріледі, кейін препараттың ішкізу арқылы берілетін түріне ауыстырады, тəулігіне 15-30 мг (кейде 50-60 мг/тəу.) 2-3 рет бөліп қабылданады. Тағайындалған препарат дозасы аурудың динамикасына сай реттеліп беріледі.
Емдік əсері – тікелей галлюцинацияларға (елестеулерге), сандырақты ауытқуларға іріктемелі антипсихоздық əсер етеді, сонымен қатар седативті əсері бар. Еліру жəне т.б. симптомдар күшейген жағдайда препаратты физиологиялық ерітіндіге қосып венаға тамызғы арқылы тамшылатып құюға болады, кейін аурудың қайта өршуін тежеу үшін демеуші доза деңгейіне (5-15 мг/тəу.) дейін азайтып береді.

Трифлуоперазин – бастапқы тəуліктік дозасы 10 мг, кейін бұл мөлшерді біртіндеп көбейте отырып емдік нəтижесі білінгенге дейін береді. Ең жоғарғы тəуліктік дозасы 100-120 мг.
Препараттың психотроптық қасиетінде нейролептиктік əсермен қоса шамалы стимуляциялағыш əсер бар, кең ауқымды іріктемелі антипсихоздық əсері негізінен психопродуктивті симптоматиканы, əсіресе елестеулерді (галлюцинацияларды), сандырақтауды, кататониялық симптоматиканы басуға бағытталған.

Рисперидон – ішуге арналған 30 мл ерітінді (1мл-де – 1 мг), бастапқы тəуліктік дозасы 2 мг, орташа емдік дозасы 4-6 мг, көп жағдайда қосымша корректор дəрілер (циклодол, акинетон) тағайындаудың қажеті жоқ. Препарат продуктивті жəне негативті симптоматикаға, сонымен бірге қосарласқан аффективті ауытқуларға əсер етеді, дофамин-серотонинэргиялық антагонизмі үйлесімді болғандықтан пациенттердің ресоциализациялануын кеңейтуге, аурудың өршу жиілігін жəне ауруханада емделу мерзімін азайтуға, өмір сүру сапасын арттыруға, əлеуметтік адаптациясын жеңілдетуге мүмкіндік береді.

Тригексифенидил – нейролептиктік синдромдардың алдын алуға бағытталған препарат. Тағайындалатын дозасы күніне 0,002 х 2-3 рет.

Депрессиялық симптоматика бар жағдайда антидепрессанттар тағайындалады:

Амитриптиллин – күніне 2,0 х 3 рет, біртіндеп дозасын 120 мг-ға дейін жоғарылата отырып, 10 күннен асырмай, бұлшықетке салады. Кейде физиологиялық ерітіндіге араластырып венаға жіберуге болады. Кейін ауыз арқылы берілетін түріне ауыстырады. Алғашқы тəуліктік дозасын 75-100 мг-нан бастап емдік нəтиже білінгенге дейін біртіндеп жоғарылатады. Ең жоғары тəуліктік дозасы 450 мг. Препарат əсіресе үрейлі-депрессиялы жағдайда үрейленуді, ажитацияны жəне тікелей депрессиялық əйгіленістердің өзін азайтады, сонымен қатар седативті (жұбатқы) əсер етеді. Препаратты МАО ингибиторларымен бір мезгілде қатар пайдалануға болмайды.

Флуоксетин – адинамиялық депрессияны емдегенде тағайындалады. Күніне таңертең 20 мг беруден бастайды, біртіндеп 60 мг-ға дейін көбейтуге болады.Бұл препарат амитриптилин мен мелипраминге қарағанда несеп шығаруды қиындатпайды, жүрекке уытты əсер бермейді жəне күніне бір-ақ рет берілетіндіктен қолдануға ыңғайлы.

Милнаципран – капсула 50 мг тəулігіне 2 рет беріледі, емдік нəтиже білінбесе тəуліктік дозасын 200 мг-ға дейін (100 мг х 2 рет) көбейтуге болады (ұсыныстағы тəуліктік емдік дозасы 50-150 мг).
Емдік əсері: əртүрлі ауырлық дəрежедегі депрессиялық жағдайларда үйлесімді əсер етеді, жанама əсерлері өте аз сондықтан қосарласқан соматикалық аурулары бар науқастарға беруге болады. Барлық науқастардың қан қысымын өлшеп бақылап отыру қажет.

Аурудың резистентті түрлерін емдегенде келесі көрсетілген амал-тəсілдерді қолдануға болады: «психотропты препараттарды бір кезеңге бермей қою» тəсілі, «қайшы» тəсілі, «зигзаг» тəсілі.

Ем жүргізу барысында психотерапияның бірнеше түрлері мен формасын қолдану қажет:

1. Топтық психотерапия:
- мінез-құлықтық психотерапия – қазіргі жағдайға пациенттің бейімделуін, дағдылары дамуын, ресоциализациялануын жеңілдету үшін;
- когнитивтік психотерапия – ауырғандығын ұғындыру, өзінің қайғысын, ауырсыну сезімін ұғыну, емделу керек екендігін ұғындыру т.б.;
- қарым-қатынасқа түсетін, қолдаушы топтарға өмір сүру сапасын жақсарту.

2. Отбасылық психотерапия – пациенттің туысқандарымен қатынасып іс жүргізу.
- жүйелі психотерапия – науқастың отбасы мүшелерінің мінез-құлықтарын аурудың клиникалық əйгіленістеріне байланысты тəрбиелеп өзгерту;
- стратегиялық психотерапия – пациенттің келешегі жөнінде жəне жетістіктерге қол жеткізу жөнінде үмітін арттыру амалдарын жасау;
- рационалды психотерапия – ауру (дерт, кесел) туралы, оның ақыры не болуы мүмкін екендігі жөнінде ақпарат беру жəне т.б.

3. Жеке-дара психотерапия (көп жағдайда рационалды психотерапия).

Органикалық психосиндромды емдегенде жағдайға байланысты емдік денешынықтыру (ЕДШ), электроұйықтатқы қолданылуы мүмкін.

Профилактикалық шаралар: жоқ.
 
Негізгі дəрі-дəрмектер тізімі:
1. *Диазеапам 0,5% ерітінді – 2 мл; таблеткасы 0,005
2. *Пирацетам 20% - 5, 10 мл (ампулада)
3. *Винпоцетин 0,5% - 2 мл (ампулада)
4. *Фуросемид таблеткасы 0,04
5. *Аспаркам (таблетка )
6. *Карбамазепин (таблетка) 0,1; 0,2 мг
7. *Ламотриджин (таблетка) 0,05; 0,1; 0,2
8. *Хлорпромазин 2,5% ерітінді - 2 мл; драже, таблетка 0,025; 0,05
9. Левопромазин 2,5% ерітінді - 1 мл; таблетка 0,025
10. *Клозапин таб. 0,025, 0,1
11. Тиоридазин таб. 0,01; 0,025; 0,1
12. *Амитриптилин 1% ерітінді - 2 мл; таблеткасы 0,025
13. *Имипрамин 1,25% ерітінді - 2 мл; таблеткасы 0,025
14. *Флуоксетин капсулада 0,02
15. Милнаципран капсулада 0,025, 0,05
16. *Вальпрой қышқылы таблетка 0,3, 0,5
17. *Галоперидол 5% ерітінді - 2 мл; таблеткасы 0,0015; 0,005
18. *Трифлуоперазин 0,2% ерітінді - 1 мл; таблеткасы 0,001; 0,005
19. *Рисперидон ішуге арналған ерітінді 30 мл (1 мл - 1мг)
20. *Тригексифенидил табетка 0,002

Қосымша дəрі-дəрмектердің тізімі: жоқ.

Ем тиімділігінің индикаторлары: емдік ремиссияға жету, демеуші ем таңдап алыну қажеттілігі, сараптамалық мəселелердің, мəжбүрлеп емдеудің аяқталуы, əлеуметтік мəселелерді шешу.


* – Негізгі (өмірге маңызды) дəрілік заттар тізіміне кіретін препараттар.

Ауруханаға жатқызу

 
Госпитализациялау үшін қажет көрсетімдер:
 
1. Психомоторлық еліру, əртүрлі елестеулер, сандырақ, психоавтоматизм синдромы, санасы ауытқу, патологиялық импульсивтілік, депрессиялы жəне маниакальді жағдайлар, өзіне қол жұмсауға бару (суицидтік үрдісі), психопатия тəрізді əйгіленістер, дисфориялар жəне т.б. сол сияқты психопродуктивті симптоматика даму əсерінен бейадекват, оғаш мінез-қылықтар білінуі.

2. Психикалық кемістіктер симптоматикасы əсерінен дамыған дəрменсіз жағдай.

3. Əлеуметтік жағдайлармен байланысты көрсетілімдер.

4. Белгіленген тəртіп бойынша мəжбүрлеп емдеу туралы сот шешімі.

5. Белгіленген тəртіп бойынша соттық-психиатриялық, əскери сараптауды стационарлық жағдайда жүргізу жөніндегі шешім.

6. Белгіленген тəртіп бойынша диагнозды анықтау, еңбекке жарамдылықты сараптау, басқа да сараптамалық мəселелерді шешу үшін берілген жолдама.

7. Емдеу əдісін айқындап тағайындау қажеттілігі.

Ауруханаға мəжбүрлеп жатқызу көрсетілімдері (16.04.1997 ж. №96-1, ҚР Заңының 29 бабы):

1. Өзіне жəне маңайындағыларға тікелей қауіптілігі.

2. Арнайы бағып-қағу, күтім болмаған жағдайда жекебасы өз бетінше тіршілік жасай алмайтын дəрменсіздік.

3. Арнайы психиатриялық жəрдем жасалмаған жағдайда психикалық ахуалы ауырлап жалпы денсаулығына айтарлықтай зиян келу мүмкіндігі.

Ауруханаға шұғыл жатқызу көрсетілімдері (ҚР Білім, Мəдениет жəне Денсаулық сақтау министрлігінің ДСК 13.05.1998 ж. №269 бұйрығына №10 қосымшасы):

1. Психомоторлық қозу, санасы ауытқу синдромдары, жіті психоздық жағдайлармен байланысты патологиялық импульсивтілік, дисфориялар жиі қайталануы.

2. Жүйелі сандырақты синдромдар, егер олардың салдары қоғамға қауіп туғызатын болса.

3. Суицидтік (өзін-өзі өлтіруге бағытталған) үрдістер байқалуы.

4. Маниакальдық жəне гипоманиакальдық жағдайлар, егер олардың салдарынан маңайындағыларға қауіп төнсе немесе қоғамдық тəртіп бұзылса.

5. Патологиялық елігумен жəне əрекет қылықтардың əсіреленіп кетуімен əйгіленген психопатия тəрізді синдромдар.

6. Гигиеналық жəне əлеуметтік тұрғыдан азып-тозып кету, қаңғыбастық, психикалық дəрменсіздік жағдайға душар еткен ауыр дəрежелі психикалық кемістік.

Бұл аталған аурулы жағдайлардың əсерлерінен сырттай қарағанда тəртіп бұзылмауы мүмкін, бірақ науқастың өз басына жəне қоғамға жанамалы түрде қауіп бар.

Жоспарлы госпитализация алдында жасалуға тиісті тексерулер:
1. Психиатр консультациясы.
2. Өкпе флюорографиясы (немесе көкірек ағзаларының рентгенографиясы).
3. Микрореакция (немесе қанның RW анализі).

Ауруханаға мəжбүрлеп жəне шұғыл түрде жатқызу алдында жасалуға тиісті тексерулер:
1. Психиатр тексеруі, сонымен қатар психиатриялық аурухананың қабылдау бөлімшесінде тексеру керек.

Ақпарат

Пайдаланған әдебиеттің тізбесі

  1. Аурулардың диагностикасы және емдеу хаттамалары (Приказы №764 - 2007, №165 - 2012)
    1. 1. Г.И.Каплан, Б.Дж.Сэдок. Клиническая психиатрия из синопсиса по психиатрии. Т 1. – Москва «Медицина», 1994. 2. Международная классификация болезней (10-й пересмотр). Классификация психических и поведенческих расстройств (Клинические описания и указания по диагностике). ВОЗ, 1994. 3. Клинические рекомендации для практикующих врачей, основанные на доказательной медицине 2 – е издание, 2002. 4. Руководство по психиатрии/Под редакцией А.С.Тиганова, Т 1-2. – Москва «Медицина», 1999. 5. Общая психопатология (Руководство для врачей)/Под руководством Н.Т.Измайловой. 6. Джекобсон Дж., Джекобсон А. Секреты психиатрии. Москва – 2005

Ақпарат

 
Əзірлеушілер тізімі: Негай Н.А. ҚР ДСМ Психиатрия, психотерапия жəне наркология ҒО.

Қазықтаулы файлдар

Назар аударыңыз!

  • Занимаясь самолечением, вы можете нанести непоправимый вред своему здоровью.  
  • Информация, размещенная на сайте MedElement и в мобильных приложениях "MedElement (МедЭлемент)", "Lekar Pro", "Dariger Pro", "Заболевания: справочник терапевта", не может и не должна заменять очную консультацию врача. Обязательно обращайтесь в медицинские учреждения при наличии каких-либо заболеваний или беспокоящих вас симптомов.  
  • Выбор лекарственных средств и их дозировки, должен быть оговорен со специалистом. Только врач может назначить нужное лекарство и его дозировку с учетом заболевания и состояния организма больного.  
  • Сайт MedElement и мобильные приложения "MedElement (МедЭлемент)", "Lekar Pro", "Dariger Pro", "Заболевания: справочник терапевта" являются исключительно информационно-справочными ресурсами. Информация, размещенная на данном сайте, не должна использоваться для самовольного изменения предписаний врача.  
  • Редакция MedElement не несет ответственности за какой-либо ущерб здоровью или материальный ущерб, возникший в результате использования данного сайта.
На главную
Наверх